Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Другие методич. материалы / Тәрбие шарасы "Алтын күз"

Тәрбие шарасы "Алтын күз"

  • Дошкольное образование

Поделитесь материалом с коллегами:

Армысыздар ағайын!

Сәлеметсіздерме, қадірлі қонақтар! Бүгін біз жыл мезгіліндегі ең тамаша –«Береке алды-алтын күз!» ға қош келдіңіздер!

Тәрбиеші: Ал, балалар, балалар

Енді бері қарандар

Бізге қонақ келмекші

Сендерді бір көрмекші

Әуелі жұмбақ жасырам

Қулығымды асырам

Таба алсаңдар шешімін

Қонағымды ортаға шақырамын

«Көк майсалы көрікті, алқаптағы көп егін

Бұл күндері киіпті, сары жібек көйлегін»

Бұл не,балақайлар? (күз)

Күз ханшайымы: Сәлем менің достарым

Жанерке Өмірге көп қосқаным

Күз сыйлығын алыңдар

Сыйлығына қаныңдар

Молшылыққа кенеліп

Шаттық әнге салыңдар

Тәрбиеші:-Ал балалар өнерімізді көрсетіп, мерекені тойлайық

Береке бақ дарыған

Жомарт көңіл жарқын жүз

Ерасыл Сары алтынға малынған

Жетті міне, алтын күз

Алишер Сәлем, өрен достарым

Алақанды тос бәрің

Қымбатты сый алыңдар

Қызығына қаңындар

Ән салыңдар күліндеп

Жайнап гүлдей жүріндер

Кел, күз тойын тойылайық

Би билейік ойнайық

Би: «Барбарики»

Алтын күз мереке

Армысыздар халайық

Бармысыздар халайық

Күзгі тойды жұп жазбай

Шахризат Келіңдер қарсы алайық

Султан Алтын сары, қызыл көк

Алуан-алуан жапырақ

Күзгі бақта күлімдеп

Көз тартады атырап

Асыланбек Жемісі мол теретін

Күз дос екен бізбенен

Бәрін тауып беретін

Жомарт екен күз деген

Би: «Фиксики»

Тәрбиеші: Күзде өздері пісетін, тамаққа кеп түсетін мақтанбақшы сіздерге, жемістер, көкөністер сан түрлі. Ортаға жемістер мен көкөністер,сан түрлі. Ортаға жемістер мен көкөністер, өздері туралы тақпақтар оқиды.

Нұрсәт Асханадан шықпаймын

Атым пияз, бұқпаймын

Көзден жасты шығарам

Тұмаудан бірақ сақтаймын

Гүлжаухар Тал шыбығым бұралып

Бақшаларда қызарып

Тұрған ол мен қызанақ

Күнге қарап ұялып

Диас Картоп біздің атамыз

Жер астында жатырмыз

Бір тамырдан тараған

Ағайнбыз бәріміз

Ерасыл Өсіретін бойынды

Дамытатын ойынды

Қоянға да азықпыз

Сәбіздерміз жазықсыз

Назлы Пісіп тұрған алмамын

Тамсандырар бал дәмім

Жерге сілкіп түсірме

Ісіп кетер маңдайым

Камила Дөп дөнгелек сап сары

Ішінде бар дәні

Қызығасын көріп

Менің атым өрік

Күз ханшайымы: -Бәрекелді, керемет!

Тәрбиеші: Күз ханшайымы, біздің балалар көкөністерді жемістерден қалай тез ажырата алатын білесізбе?

Күз ханшайымы: Білмейді екенмін........

Тәрбиеші: Ендеше тамашаланыз (Ойын: Көкөністерді ажырат)

Тәрбиеші: -Жарайсыңдар балалар! Көрдіңізбе, күз ханшайымы, біздің балалар қандай епті,жылдам.

Би: «Морячка»

Әмина: Күз мереке кешіне

Көтереміз көніл біз

Түсіреміз еске

Ертегілер елін біз

«Саңырауқұлақ аясында» ертегісін тамашалайық

Автор-тәрбиеші

Құмырсқа-Алишер

Көбелек-Жанерке

Тышқан-Султан

Торғай –Ақжан

Қоян-Шахризат

Түлкі-Нурсәт

Бақа-Назлы

Автор

Бір күні құмырсқа жаңбыр астында қалды. Қайда тығылуға болады? Қараса, алқапта кіп-кішкентай саңырауқұлақ өсіп тұр екен.

Құмырсқа

Бұлттар бері жылжыпты, жаңбыр, сірә, төгеді. Мына саңырауқұлақ пана болса, бізге тиер көмегі.

Автор: Құмырсқа жорғалап барып саңырауқұлақтың астына жасырынады. Біз кезде қанаттары суланып, әрең ұшып көбелек келеді.

Көбелек

Күшім кетім әлсіреп, қанатым су боп жабысып, ұша алмадым, құмырсқа!Алшы мені қасыңа, пана берші басыма.

Құмырсқа: Кел, кел, сен кішкентайсың ғой, екеуміз сиярмыз.

Көбелек: Рахмет саған, құмырсқа!

Тәрбиеші:Жаңбыр тіпті қатты жауа бастады. Осы кезде саңырауқұлақтың қасына ентіге жүгіріп тышқан келеді.

Тышқан

-Кіргізіңдерші мені! Үстімнен су сорғалап тұр!

Құмырсқа:-Сені қайда кіргіземіз? Көрмейсің бе, өзімізге де орын жетпей тұр!

Тышқан: -Сығылысып көрейікші



Тәрбиеші:Үшеуі сығылысып, саңырауқұлақтың астын паналайды. Жаңбыр болса, тоқтар емес, шелектеп құып тұр саңырауқұлақтың қасына секіріп торғай келді.

Торғай-Қауырсындарым су болды, қанаттарым шаршады! Жаңбыр біткенше саңырауқұлақтың астына кіруге бола ма?

Құмырсқа:Орын жоқ қой, сені қайда кіргіземіз?

Торғай: Өтінемін, жылжып көріңдерші!

Құмырсқа:-Жарайды, кіре ғой!

Тәрбиеші: Құмырсқа, көбелек, тышқан жылжып саңырауқұлақтың астына торғайды да кіргізеді. Алқапта осы орада ырғып шыққан қоян саңырауқұлақты көріп айқай салады.

Қоян

-Құтқарындар! Менің артымнан түлкі қуып келе жатыр, қай тесікке тығыламын, қай жерге жасырынамын? Көмектесіңдер!

Құмырсқа: Тағы қысылысып көрейікші, қоянның түрі сондай аянышты!

Тәрбиеші: Қоянда тығылып үлгерді, дәл сол кезде Түлкі жүгіріп келеді.

Түлкі:-Қоянды көрдіңдерме?

Бәрі бірге: Жоқ көрмедік?

Түлкі: саңырауқұлаққа жақындап, тұмсығымен түрткілеп иіскей бастады

-Осы жерде Қоян тығылып тұрған жоқпа

Автор:Түлкі сары құйрығымен әрі бері бұландатып кетіп қалды. Жаңбыр осы кезде тоқтап. Саңырауқұлақтың астыңдағылардың бәрі қуана-қуана алқапқа жүгіре шықты.

Құмырсқа ойланып қалды:

Бұл қалай болды? Алғашында саңырауқұлақтың асты менің өзіме тар еді, ал енді бесеумізге де орын табылған.

Бақа:-Бақ-бақ! Саңырауқұлақ өсіп кеттіғой соны да білмедіңдер ме?

Бәрі бірге: Расында саңырауқұлақ өсіп кетіпті ғой.

Тәрбиеші: Бүлдіршінмен бәріміз

Отбасындай бір ұямыз

Береміз ендеше

Бала балаларға

Қошеметтеп қарсы алайық

Би: Қамажай

Күз ханшайымы: Балалар, менің басқа балабақша бүлдіршіндеріне баратын уақытым болыпты мен енді кетейін, сау болып тұрыңдар! Келесі кездескенше аманшылық болсын!

Құрметті қонақтар, ата-аналар бүгінгі «Береке алды- алтын күз!»ертеңгілігімізді аяқтап отырып күз берекелі,астықты болсын демекпіз.«Берекелі бақ дәулет, арта түссін тойланыз»сау болыңдар қонақтар, келгенше жыл айналып.









Автор
Дата добавления 21.12.2015
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров115
Номер материала ДВ-275772
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх