Инфоурок Другое КонспектыТәрбие шарасының жоспары. Ана өмірдің шырағы

Тәрбие шарасының жоспары. Ана өмірдің шырағы

Скачать материал

Тақырыбы:Ана өмірдің шырағы.

 

Мақсаты: Әр адам үшін басты тұлға – Ана туралы түсіндіру.
Балалардың тілдерін, ойлау қабілетін дамыту.
Аналарын сыйлауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Шарлар, қанатты сөздер, плакат, техникалық құрал
.

 

Қымбатты  асыл аналар,оқушы қыздар! Сіздерді көктем айының ең алғашқы мейрамы 8 – наурыз мерекесімен құттықтаймыз.

Сіздерден өскен балалар
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті абзал аналар деп,-бүгінгі 2 а сынып оқушыларының сіздерге арнап дайынған әдеби сазды кешімізге қош келдіңіздер
. Адам бойындағы жақсы қасиет күннің нүрынан, ананың ақ сүтінен жаралған.Сондықтан құрметті асыл аналар бүгінгі шарамыз сіздерге арналады.

Ендеше ортаға оқушылардың аналарына арнаған өлең жолдарын қабыл алыңыздар.

Ортаға Гүлім,Саламатты,Заринаны шақырамыз.

Зарина:

Бал бөбегін баптаған,
Анам үшін мақтанам.
Аялайтын біздерді,
Көп жасасын ақ мамам!
Әр сөзіңді жаттағам,
Жүрегімде сақтағам.
Анашым деп мақтанам,
Айналайын ақ мамам!

 

Гүлім:

Сыйлайыншы гүлімді

Теріп алған даладан

Мейрамыңыз бүгінгі

Құтты болсын анажан

Қадірлі анашым,

Аялар баласын.

Төрт бөлген ұйқысын,

Жас сәби бала үшін.

Саламат:

 

Теңдесі жоқ данасың,

Арқа тұтар панасың,

Еңбегіңді ақтаған,

Аман болшы, анашым.

Айтсаң болды тіл алам,

Әйбат анам, пәк анам,

Сен керексің қайда да,

Айналайын ақ анам.

 

Рахмет оқушылар.

 

Ана-болашақтың демеушісі,ұлттың жебеушісі,балалардың бақыты АНА дейді оқушылар солайма,біз әр кез аналарымызды нестеп журуіміз керек?

 

Дұрыс айтасындар оқушылар аналарынды сыйлап,құрметтеп,көмектесіп жүруіміз керек.

Табаны жерге тимейді

Біздің балалар ғажап билейді,

Би сұлулық ,әсемдік

Сымбаттылық бұл дейді – ендігі кезекті биге берейік.

 

Ендеше ортаға Абдрахим мен Бекзаттың орындауындағы аспазшы биін қарсы алыңыздар.

 

Рахмет оқушылар.

 

Ендігі кезекті үй тапсырмасына беріледі.Оқушыларымыз Ана туралы шыгармаларын оқиды.

Ортаға Альбина,Гүлім, Бекзатты шақырамыз.

 

Аяулысың, аналарым,асылдарым,
Жайнасын көңілдердің жасылбағы.
Сіздер үшін ән менен күй, өлең мен би,
Сіздер үшін мереке шашулары
,- дей келе сіздерге балдарымыз ешкашан жалқау болмасын,аналарының айтқаның әр кез орындап,сіздерді тек қуантып жүрсін деген оймен Жалқаубек әнін оқушыларымыздың орындауында қарсы алыңыздар.

 

Оқушылар Жалқау,еріншек боламызба?Анамыздың тілін аламызба?

 

Жарайды ендеше ортаға Әсел,Анипа,Бекзат,Абдрахимді шақырамыз.Аналарына өлең жолдарын арнайды.

 

Рахмет  оқушылар, ендігі кезекте оқушылар аналарына алғыс жариялайды..

 

 

Әйел-Ана, Әйел-Өмір, Әйел-тіршілік көзі. Өмір бесігін тербетіп, адамзат

баласына ұрпақ сыйлар ұлы құдірет иесінің есімі әрқашанда қастерлі, сөзі-өсиет, тұғыры биік болады. Осы аналарына арнаған Зарина мен Бекзаттың орындауындағы барбарики биін қарсы алыңыздар.

 

Рахмет көп-көп оқушылар.

 

Енді келесі кезекті Өркен,Диана,Альбинаға береміз аналарына деген ризашылығын өлең жолдарымен арнайды.

 

Мама – бұл сөз әр бір халықтың тілінде бар. Барлық тілде мейрімді, жылы естіледі. Ана дегеніміз әлемнің жан дүниесі. Ол тіршілік үлкен тағдыр. Ана сөзі бізді  елең еткізбей жылылық пен шуақты сездірмей қоймайды.

 

Хор:

 

Ендігі кезекте аналарымызға арнаған Гүл сыйлайық әйелге атты бейнеролигімізді ұсынамыз.

 

Демеңіз біз өнерді аяп қалды,

Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.

Қош болып тұрыңыздар көріскенше

Осымен концертіміз аяқталды.

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тәрбие шарасының жоспары. Ана өмірдің шырағы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист органа опеки

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 660 072 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 31.03.2016 834
    • DOCX 16.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Төлегенова Гүлдария Ержанқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Төлегенова Гүлдария Ержанқызы
    Төлегенова Гүлдария Ержанқызы
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 6116
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой