Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Тәрбие жұмысы "Аялайық, ананы!"

Тәрбие жұмысы "Аялайық, ананы!"

Такого ещё не было!
Скидка 70% на курсы повышения квалификации

Количество мест со скидкой ограничено!
Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок"

(Лицензия на осуществление образовательной деятельности № 5201 выдана ООО "Инфоурок" 20 мая 2016 г. бессрочно).


Список курсов, на которые распространяется скидка 70%:

Курсы повышения квалификации (144 часа, 1800 рублей):

Курсы повышения квалификации (108 часов, 1500 рублей):

Курсы повышения квалификации (72 часа, 1200 рублей):
библиотека
материалов

Сабақтың тақырыбы: «Аялайық, ананы!» ертеңгілік.

Сабақтың мақсаты: 1.Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы

аналар мен әжелерді мерекемен құттықтау.

2.Балалардың аналарына, бар адамзат анасына

сүйіспеншілігін ояту.

3.Ананың еңбегін ақтауға, құрметтей білуге тәрбиелеу.


Сабақтың көрнекілігі: Күйтабақта ана туралы әндер, суреттер, мақалдар,

шарлар, гүлдер т.б.


Сабақтың барысы: Қымбатты аналар, ұстаздар, қыздар!

Сіздерге 2 «А» сынып оқушылары дайындаған

мерекелік ертеңгілігімізді ашуға рұқсат етіңіздер!

Келесі кезек оқушыларға беріледі:


1-жүргізуші: Армысыздар! Құрметті ұстаздар мен ата-аналар!


2-жүргізуші: Сәлеметсіздер ме оқушылар!


1-жүргізуші: Қазақ әйел затын ерекше қадірлеген. Міне жыл аралатып

көктемнің алғашқы күндерімен келетін «8 Наурыз» мерекесі

құтты болсын!


2-жүргізуші: Осы жерде отырған барлық аналардың отбасына береке, бірлік

тілейміз.


1-жүргізуші: Ана, ана, ана! Не деген мейірлі, не деген шапағатты сөз еді! Осынау

үш әріптен құралған қасиетті сөздің түп-төркінінде қаншама ұлы-

сезім жатыр десеңші! Сезім мен қасиеті, бар махаббат пен

шапағатты сыйдырып тұрған ұлы ана сезімін қадірлемейтін жан

бар ма екен бұл өмірде?!

Жақсылық атаулының барлығы да күннің нұрынан, ананың

сүтінен таралған.


2-жүргізуші: Сондықтан, құрметті асыл аналар, қадірлі апайлар, қызғалдақ

қыздар бүгінгі «Аялайық, ананы!» атты ертеңгілігімізді сіздердің

құрметтеріңізге арнаймыз.




1-оқушы: Той пердесін ашайық,

Тойға шашу шашайық,

Аналарды құрметтеп,-

Ән маржанын шашайық.


2-оқушы: Құтты болсын, ардақты ана

Асыл анам мерекең.

Құтты болсын теңдік алған –

Қуанышты берекең.


Хор: «Ана туралы жыр».

Өлеңі: Ғ.Қайырбеков

Әні: Ш.Қалдаяқов


3-оқушы: Ана-өмірдің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың

тәрбиешісі.

Ана-ол біздің елде ардақты адам,

Кіші де, үлкен де оны ардақтаған.

Өзінің аяулысы-Отанды да,

Ана деп біздің халық текке айтпаған.


4-оқушы: Ана-ең аяулы жан. Ол іңгалап дүние есігін ашқан сәттен бастап

өмір бойы өз ғұмырын бізге арнайды. Қандай жағдайда болмасын

әрқашан қасымыздан табылатын асыл жан-ол қасиетті аналарымыз!

Ана деген асқақ ән,

Орындайтын әрқашан.

Анадай қымбат сыйлықты,

Таба алмайсың ешқашан!


5-оқушы: Ана деген ақылшың,

Анаң барда батырсың.

Қасыңда кім болса да,

Тек анаңа жақынсың.


6-оқушы: Бүгінгі күн-жер бетіндегі барлық аналардың қуаныш, шаттық мерекесі.

Бар елдің балаларының бақыты-бүкіл әлемдегі бейбітшілікті барлық

аналар жақтап, талап етеді.

Туғаннан құлыным деп аймалаған,

Өзіңнен қымбат адам қайда маған.

Дүние аналармен көрікті ғой,

Онсыз бір құстар да сайрамаған.


7-оқушы: Жасынан сүйіп өскен балапаның,

Бір сенің сенім артқан балапаның.

Бір сәтке ұмытамын қиындықты,

Сипаса маңдайымнан алақаның.


8-оқушы: Еркелесем, күлімдейтін,

Ұрысқаны білінбейтін,

Маңдайымнан иіскеп менің,

«Құлыншағым, күнім»-дейтін.


9-оқушы: Жамандықтан сақтандырып,

Жақсы ісімді мақтан қылып.

Ақ анамды мен әрқашан,

Жүрсем деймін шаттандырып.


10-оқушы: Ақ қабақты анашым,

Күн сәулелі анашым.

Әлпештеген баласын,

Айналайын анашым.


11-оқушы: Бала, бала, бала деп,

Түнде шошып оянған.

Түн ұйқысын төрт бөліп,

Түнде бесік таянған.


12-оқушы: Өмірдің иесі сен, ғазиз Ана,

Келтірген дүниеге нелер дана.

Анасыз батыр да жоқ, ақын да жоқ,

Өмірдің алтын кілті сонда ғана.


13-оқушы: Адамзат қуат алар ақ сүтіңнен,

Мәпелеп, әлдилеген пейілің кең.

Аналық махаббаттың кәусар бұлақ,

Сөнбейтін ақ жүрегің мәңгі шырақ.


14-оқушы: Алтын Анам жасымнан аялаған,

Мен үшін игілікті аямаған.

Сабақтан шаршап үйге келгенімде,

Бал сөзі – жаным деген, сая маған.

15-оқушы: Бал бөбегін баптаған,

Анам үшін мақтанам!

Аялайтын біздерді,

Көп жасасын жақсы адам.


Ән: К.Дүйсекеев «Ана» орындайтын қыздар тобы.


16-оқушы: Шырылдап дүниеге келгенімде,

Әлпештеп, ақ сүт беріп, аялаған.

Анашым, сен екенсің бар бақытым,

Мен үшін бар еңбегін аямаған.

Ана ғой баласымен бірге күлген,

Қиналғанда қасында бірге жүрген.

Ақтаса ана сүтін балалары,

Осы ғой ана үшін бақыт деген.


17-оқушы: Баласы үшін жаралғандай төзімнен,

Күндеріңіз аз тыныштықпен көз ілген.

Ардақты ана, қарыздармын өзіңе,

Жүрегінен күн мейірімі төгілген.


18-оқушы: Сізде сұлу жарасымды сәнділік,

«Болма,-дейсің бізге,-жеңіл, әңгудік».

Бір өзіңе қарыздармын әрқашан

Басымды ием борыштармын мәңгілік.


19-оқушы: Аналарды сүйеміз

Сөзін ойға түйеміз.

Әжені де ардақтап

Әдеппен бас иеміз.

20-оқушы: Әлпештеген баласын

Ана-бақыт, ана-күн

Әркім сүйіп өзінің

Мақтар етер анасын!


21-оқушы: Ерлік, еңбек атқарған

Еңбегімен мақталған

Ел сенімін ақтаған

Айналайын, ақ анам!



22-оқушы: Әр сөзіңді жаттағам

Жүрегімде сақтағам.

Анашым деп мақтанам

Айналайын, ақ анам!

Ана-көркі көгімнің

Ана-нұры жерімнің

Ана-бағы баланың

Мақтанышы елімнің!


23-оқушы: Әрбір ана-өз баласының сүйікті досы, мақтанышы.

Бізге ананың ерлігі мен еңбегі мақтаныш.


24-оқушы: Мақтаныңдар, аналар

Қыздардан батыр, дана бар

Әлем сүйген батырлар

Әлия, Мәншүк, Валялар.


25-оқушы: Менің анам – мұғалім

Менің әжем – шын ғалым.

Одан жас та, кәрі де

Оқып шыққан бәрі де.


26-оқушы: Ана-мақтан, ана-жыр,

Ана-бақыт, жан ашыр.


Хормен: Бәріміз де анамыздай боламыз!


27-оқушы: Менің әжем, гүл әжем,

Алтын әжем, күн әжем.

Апам үшін, мен үшін,

Нағыз ана тілі-әжем.

28-оқушы: «Балапаным» дейді әжем.

«Балақаным» дейді әжем.

Ұзақ күнге бүшкеңдеп,

Біздің қамды жейді әжем.




29-оқушы: Достықты біз ойлаймыз,

Бірге күліп-ойнаймыз.

Қыздарды да құттықтап,

Мерекесін тойлаймыз.


30-оқушы: Пайдаланса уақытты,

Біздің қыздар бақытты!

Арманға жетер балалар!

Аман болса аналар!


31-оқушы: Ана – біздің күніміз,

Ананың біз гүліміз.

Ұландарды қуантып,

Ұзақ өмір сүріңіз!


32-оқушы: Ерлік еткен біз үшін,

Еркелеткен біздерді.

Еркіндеткен біздерді,

Анамызға мың алғыс!



АНА

Дүниенің ең қымбаты ана екен,

Ананың ең тәттісі бала екен.

Түн ұйқысын төрт бөліп тәрбиелеген,

Ананың еңбегі зор дара екен,

Ананың ақ сүтін ақтау парыз деймін,

Еңбегі бізге болар қарыз деймін.

Меккені үш айналса да өтелмеген

Ұрпаққа бұл өсиет аңыз деймін.








Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-362125

Похожие материалы