Инфоурок Другое Другие методич. материалыТәрбие жұмысы бойынша құқықтық білім беру айлығының анықтамасы

Тәрбие жұмысы бойынша құқықтық білім беру айлығының анықтамасы

Скачать материал

«№ 14 орта мектеп»  мемлекеттік коммуналдық мекемесі

2016-2017 оқу жылында тәрбие жұмысының  25 қазан мен 25 қараша  күндері аралығындағы  «Құқықтық жалпы оқыту» айлығының жүргізілгендігі туралы   анықтама

 

         2016-2017 оқу жылына құрылған тәрбие жұмысының жылдық жоспарына сәйкес 25 қазан мен 25 қараша аралығында құқықтық жалпы оқыту айлығын өткізу туралы № 393 бұйрығы шығарылып, іс-шара жоспары бекітілді.

         2016 жылдың 25 қазан күні директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.К.Жетигенова Құқық айлығының ашылуын ұйымдастырды. Оқушыларды жоспармен таныстырды.

         25.10- 25. 11 күндері аралығында сынып жетекшілер құқықтық тақырыптарда сынып сағаттарын, сыныптан тыс іс-шаралар өткізді.

         02 қараша күні құқық пән мұғалімі Жунусова К.К мұғалімдер арасында жалпы құқықтық білім беру мақсатында «Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі. Жұмыскердің құқықтары мен міндеттері» тақырыбында семинар ұйымдастырды.

         07 қараша күні 1-4 сынып оқушылары арасында құқықтық білім беруде 2 «Ә» сыныбының сынып жетекшісі Нурмухаметова К.М, 1 «Г» сыныбының сынып жетекшісі Дмитренко А.Н «Конституция негізгі Заң» тақырыбында семинар өткізді. 6 «Б» сыныбының сынып жетекшісі Сабитова А.М және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.К.жетигенова 5-8 сынып оқушылары арасында «Отан алдындағы борыш сезімі, оны қалай тәрбиелеуге болады?» тақырыбында семинар өткізді.

         Тәрбие жұмысының жылдық жоспарына сәйкес құқық бұзушылықтың алдын алу, балалардың құқығын қорғау  мақсатында 2016 жылдың 10 қараша мен 20 қараша аралығында «Бала құқығын қорғау» онкүндігін өткізу туралы мектепішілік № 394 бұйрығы шығарылып, іс-шара жоспары құрылып бекітілді.

         Құрылған жоспар негізінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.К.Жетигенова «Бала құқығын қорғау» онкүндігінің іс-шара жоспарымен таныстырды. 6 «А» сыныбының сынып жетекшісі «Бала құқығын қорғау» онкүндігінің ашылуын 10 қараша күні үлкен үзілісте ұйымдастырды. Сыныбының оқушылары «Баланың құқықтары» туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

         2016 жылдың 10 қараша күні директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Ш.Иманкулова мен Г.К.Жетигенова және сынып жетекшілер біріге отырып «Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысын өткізді. Ата-аналарға жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың көбейіп бара жатқаны туралы және оны алдын алу жолдары туралы әр түрлі видеороликтар көрсетілді. Тарих пәнінің мұғалімі Калиева Н.К ата-аналарға құқықтық білім беру мақсатында «Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі» тақырыбында баяндама және түсіндіру жұмысы жүргізілді.

         2016 жылдың 11 қараша күні Н.Тілендиев атындағы № 26 орта мектепке 9-11 сынып оқушыларын «Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында ұйымдастырылған аудандық прокурор Сатбаев Сұңғат Абдигапарович  және аудандық ювеналды полиция тобының инспекторы Г.Белгибаевамен кездесуге апарылды.

         12 қараша күні «Түнгі рейд» жұмысына әлеуметтік педагог Шанкеева Б.С, дене шынықтыру пән мұғалімі мамиев У.К, математика пән мұғалімі Бөдек А, бастауыш пән мұғалімі Декембаева Н.К шықты. Кешкі сағ: 21-00 ден 23. 00 ге дейін ауылдағы дүкендер маңын тексерді. «Түнгі рейд» жұмысы кезінде ата-анасыз жүрген оқушылар ұсталған жоқ.  Анықтамаларын жазып өткізді.

         10 «А» сыныбының сынып жетекшісі Тобаева Назерке 9-11 сынып оқушылары арасында 14 қараша күні құқықтық білімдерін арттыру мақсатында «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік салық және міндетті төлемдері» тақырыбында семинар ұйымдастырды. Семинарда оқушыларға салықтың түрлері түсіндірілді.

         14 қараша күні 2 «Б» сыныбының сынып жетекшісі Жумагулова Р.М, 3 «Б» сыныбының сынып жетекшісі Қарсыбаева Т.К, 4 «В» сыныбының сынып жетекшісі Оразқызы Бағжан «Мен және менің құқығым» тақырыбында ашық сынып сағаттарын өткізді. Сабақтың мақсаты оқушылардың құқықтық білімін арттыру.Құқық жайында ой жүйесін дамыту. Өз елінің патриоты болуға тәрбиелеу. Осы мақсатты негізге ала отырып, сынып сағаттарын өткізді.

         6 «Б» сыныбының сынып жетекшісі Сабитова А.М  өз сыныбымен «Знаешь ли ты свои права?», 7 «А» сыныбының сынып жетекшісі Кикаева А.К «Сен өз құқығыңды білесің бе?» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

         10 қараша мен 20 қараша аралығында 5 сынып оқушылары «Қорғаулы балалық шақ» тақырыбында сурет көрмесін ілді, ал 1-4 сынып оқушылары «Бақытты отбасы» тақырыбында ілді.

         Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігінің БҰҰЮНИСЕФ балалар қоры және «Дағдарыс орталықтарының одағы» заңды тұлғалар бірлестігімен бірге әзірлеген жоспары мен хатын негізге ала отырып, 2016 жылдың 2 қараша күні мектепішілік «Қатыгездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» республикалық ақпараттық науқанын 15 қараша мен 30 қараша аралығында  өткізу туралы № 396 бұйрығы шығарылып, жұмыс жоспары бекітілді.

         2016 жылдың 15 қараша күні «Қатыгездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» республикалық ақпараттық науқанының ашылуын 10 «А» сыныбының сынып жетекшісі Тобаева Н ұйымдастырды.

         «Қатыгездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында оқушыларға ақпарат беру мақсатында 9 «А» сыныбының сынып жетекшісі А.А.Нургалиева  өз сыныбымен бірлесе отырып ақпараттық стенд жасап ілді.

         Мектеп психологы Э.Б.Кушимова мен Баязитова А.Р «Зорлық- зомбылықты алдын алу» 5-11 сынып оқушылары арасында жасырын сауалнама жүргізді. Алынған сауалнаманы тексеріп, қоытындысын шығарып, анықтамасын жазды. 

         2016 жылдың 25 қазан  мен 25 қараша аралығындағы  жалпы құқықтық беру айлығы  жоспарға сай өткізіліп, материалдары жинақталды.

 

        

 

                                                                                               Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Г.К.Жетигенова

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тәрбие жұмысы бойынша құқықтық білім беру айлығының анықтамасы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Портной

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 654 929 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 06.12.2016 4272
    • DOCX 50.5 кбайт
    • 47 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жетигенова Гульзихат Курмангазиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 23469
    • Всего материалов: 11

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой