Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Воспитательная работа / Другие методич. материалы / Тәрбие жұмысы бойынша Мемлекеттік тілдер күніне орай «Сөз мәйегі- мақал- мәтел» атты сайыс.

Тәрбие жұмысы бойынша Мемлекеттік тілдер күніне орай «Сөз мәйегі- мақал- мәтел» атты сайыс.


До 7 декабря продлён приём заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)

  • Воспитательная работа

Поделитесь материалом с коллегами:

Сайыс: «Сөз мәйегі- мақал- мәтел»

Мақсаты: мақал-мәтелдер қазақтың қысқа әрі нұсқа даналығы , өмірден түйген қорытындысы , тұрмыс айнасы екеніне көздерін жеткізу, орынды пайдалана білуге үйрету. 
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі мен әдебиет, орыс тілі, сурет. 
Көрнекілігі: мақал-мәтелдер жинағы, суреттер,флипчарт. 
Түрі:сайыс 
Сайыстың барысы: 
Ұйымдастыру кезеңі 
- Бүгінгі сайыстың жақсы өтуіне тілектеспіз.Сайыстың алдында тіл туралы белгілі адамдардың айтқан сөздерін еске түсірейік. 
Шыңғыс Айтматов: «Тіл жоқ жерде, ұлт жоқ.» 
Максим Горький: «Тіл аспап сияқты,оны жақсы білу керек,оны меңгеру керек.» 
Бауыржан Момышұлы: «Тіл дегеніміз-қай халықтың болмасын,кешегі,бүгінгі ғана емес, ертеңгі де тағдыры.» 
Махмұт Қашқари: «Игі істің басы-тіл, тәрбие басы-тіл.» 
Нұрсұлтан Назарбаев: «Тілден артық қазына жоқ,тілден артық қасиет жоқ.» 
Ал енді сайысымызды бастайық. 
І.Үй тапсырмасын тексеру 
Шарты:Топтың атын және ұранын дайындап келу. 
Жүргізуші: Сайысымызды бастамас бұрын , үй тапсырмасын тексерейік.Әр топқа топтың атын , ұранын дайындап келу тапсырылған. 
І топ «Бәйтерек». Ұраны:Биікке қалықтаймыз, 
Ізденуден жалықпаймыз! 
ІІ топ «Бәйге». Ұраны : Бәйгеде алда болу арманымыз, 
Жетуге соған тырысамыз ! 
ІІІ топ «Алғырлар». Ұраны : Алғырлар деп ұрандап, 
Өмірде біз келеміз жарқылдап! 
ІІ. Сұрақ-жауап сайысы. 
Шарты: Қойылған сұрақтарға тез жауап беру. 
- Мақал-мәтелдер деген не? 
- Мақал-мәтелдердің адам тәрбиелеудегі ролі қандай? 
- Мақал-мәтелдердің тақырыптары қандай? 
- Мақал-мәтелдер нені сынайды? 
- Мақал-мәтелдердің көлемі қандай? 
- Мақал-мәтелдер қалай айтылады? 
- Мақал-мәтелдер қалай таралған? 
- Мақал-мәтелдерді кім шығарады? 
ІІІ. Білгіштер сайысы. 
Шарты : Кім қанша мақал айтса , сонша фишка алады. 
ІҮ.Аудармашылар сайысы. 
Шарты: Берілген мақал-мәтелдерді орыс тіліне аудару. (Әр дұрыс жауапқа бір фишка беріледі.) 
Тазалық- денсаулық кепілі . (Чистота –залог здоровья.) 
Еңбек оздырады. (Труд прославляет.) 
Не ексең, соны орасың .( Что посеешь ,то и пожнешь.) 
Отан - оттан да ыстық. (Родина –жарче огня.) 
Оқу –білім бұлағы, білім- өмір шырағы. (Учение- родник знаний,знание - лучик жизни.) 
Отансыз адам ормансыз бұлбұл.(Человек без Родины, что соловей без леса.) 
Ү.Мақалдың жалғасын тап: 
Шарты: Көп нүктенің орнына керекті сөздің баламасын қазақ, орыс және ағылшын тілінде табу. (Әр дұрыс жауапқа екі фишка беріледі.) 
………. – инемен құдық қазғандай. (оқу, учеба,study) 
Оқусыз ……. жоқ , білімсіз күнің жоқ. (білім, знание,knowledge) 
Ашу дұшпан, ақыл - ……… (дос,друг,friend) 
Не имей сто рублей, а имей сто ………(друзей,досың, friends) 
Білекті бірді жығады , білімді ….. жығады. .(мыңды,тысяч,thousand) 
Учение –……. ,а не ученье- тьма. (свет,жарық,light) 
ҮІ. Берілген мақал-мәтелдерді дұрыс құрастыру. 
(Әр дұрыс жауапқа бір фишка беріледі.) 
Бұрысы 
1.Құрмет, тілге ,құрмет-елге. 
2. Жерде, тіл ,жоқ ұлт, жоқ. 
3. Тас жарады,тас, тіл жармаса, бас ж 
1.Тілін біл,жеті түрлі, жеті жұрттың, білім біл. 
2.Ұяда, ұшқанда ,соны іледі, не көрсе 
3. Мектеп, білім- теңіз кеме . 
1.Мыңды жығады ,білекті ,жығады , бірді, білімді. 
2.Ыстық ,отан , оттан да. 
3.Жау алмайды, досы көпті ,ақылы көпті дау алмайды. 
Дұрысы 
1.Тілге құрмет-елге құрмет. 
2.Тіл жоқ жерде – ұлт жоқ. 
3.Тіл тас жарады,тас жармаса, бас жарады. 
1..Жеті жұрттың тілін біл,жеті түрлі білім біл. 
2.Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі. 
3.Білім- теңіз, мектеп- кеме . 
1.Білекті бірді жығады , білімді мыңды жығады 
2.Отан - оттан да ыстық. 
3.Досы көпті жау алмайды,ақылы көпті дау алмайды. 
ҮІІ. Сурет сайысы. 
Шарты : 1.Берілген мақал-мәтелдер бойынша сурет салу. 
2.Сурет бойынша мақал-мәтелдің мазмұнын ашу. 
(Әр дұрыс жауапқа бір фишка беріледі.) 
Адам досымен мықты, ағаш тамырымен мықты. 
Білім-өмір шырағы. 
Білім- теңіз, мектеп- кеме. 
ҮІІІ. Қорытынды. (толғаныс) 
Бүгінгі сабаққа жақсы, белсенді қатыстыңыздар. 
"Біле бер, қанша білсең, тағы тіле, 
Жетерсің мақсатыңа біле-біле"-деп Жүсіп Баласағұн айтқандай бүгін біз өз мақсатымызға жеттік деп ойлаймын. 
Осымен сайысымыз аяқталады.Сөзді қазылар алқасына береміз. 





57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)

Автор
Дата добавления 29.09.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров16
Номер материала ДБ-220665
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх