Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Тәрбие жұмысы "Наурыз тойы"

Тәрбие жұмысы "Наурыз тойы"

Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>

библиотека
материалов

Тақырыбы: «Наурыз тойы»

Мақсаты:

Наурыз мерекесі жайлы түсінік бере отырып, салт-дәстүрімізді қадірлеуге үйрету;

Әр мереке-мейрамдарды құрметтеп, қастерлеу сезімін ояту.

Ата- аналарының өлшеусіз еңбегін бағалай білу, еңбекқор болуға баулу, шығармашылыққа жетелеу.

Әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, әңгіме, сахналау, диалог.

Көрнекілігі: бәйшешек гүлдері, буфер, флешка, тақырыптық суреттер, қанатты сөздер, салт- дәстүрге байланысты құрал-жабдықтар, дөңгелек үстел, наурыз көже.


БАРЫСЫ:

Ұйымдастыру кезеңі.

Наурыз туралы ән орындалып тұрады. Тәрбие сағатының тақырыбы мен мақсатын хабарлау.


Негізгі бөлім

Бастаушы: Армысыздар қонақтар, ақ пейілді әжелер, ақ жаулықты аналар!

Мейірімді балалар, құтты болсын мереке!

Бастаушы: Қыс өтіп, қар кетіп,

Шырайлы жаз жетіп,

Шаруаның кенелген

Мейрамы ежелден

Құтты болсын, Наурыз!!


1-оқушы: Көгімде күн өрлетіп,

Төрт түлігін төлдетіп,

Қаймақ сүтін көлдетіп,

Ырыздық-құтын селдетіп,

Келді наурыз-Ұлы күн!

2-оқушы: Наурыз келді тағы да,

Жасыл-желек тағына,

Құтты болсын мереке,

Жаңа жылға береке!


3- оқушы: Көктем келді күлімдеп,

Жаңбыр жауар сіркіреп.

Бәйшешектер гүлдейді,

Жайнап дала, қыр түлеп! –дегендей, көктем жаршысы бәйшешек гүлін теру арқылы білімдерімізді байқайық:

Көктем айларын ата.

Көктем мерекелерін ата.

Жыл басы қандай жануар?

Қай жылды шығарып саламыз?

Қай жылды қарсы аламыз?

Бұл жыл туралы не білесің?

Жылдардан не күтеміз? Жылнама 12 айға байланысты.

Қоян жылын шығарып салу:

-1-сыныпты 11-оқу озаты, 10-екпінді болып, 25 оқушы ойдағыдай аяқтап, екінші сыныпты аяқтауға жақын қалдық. Егемендігіміздің 20 жылдығын тойлап, қарыштаған техника заманына қадам бастық. Мектебіміздің түлектері білім жарысында оқ бойы оза шауып аймақтық байқауда 1-орынға ие болып бізге үлгі болды.

-Жыл иесі Қоян, бақыт әкелдің еліме,

Құт-береке, молшылық дари түсті жеріме.

Тарылмады, табиғаттың тынысы,

Тазалықты тарту еттің жеріме.

-Барлығыңа дән риза көңілмен,

Қош айтысам халқым, енді өзіңмен- деп Қоян кетеді....


Ақырын жылжып жылыстап,

Ескі жыл кетіп кетіп барады.

Ырыс-құт сыйын уыстап,

Ел-жұртым қимай қарады.


Ескі жыл қайтып келмейді,

Берерін берді, аларын алды уақыт.

Арманшыл жандар өрлейді,

Жүрмейді арын құлатып.


Жетпесе кеше жеңіске,

Жеткізер келген жаңа жыл.

Өмірдің жолы тегіс пе,

Талпынып түрен сала біл.




Негізгі бөлім

Қыдыр атаны қарсы алу

Сот қызметкері, қоғам қайраткері, ақын Төленов Жақсылық ата ауылына «Шілдехана» тойына бару

Соғыс ардагері Жүнісов Рымбай ақсақалдың ауылына «Бесік тойына» бару

Әнші Әміре Қашаубаев атамыздың ауылына «Тұсау кесер» тойына бару

Социалистік Еңбек Ері Айтмолда Жақсыбаев ауылына «Тоқымқағар» тойына бару

Бастаушы:

-Ал, халайық, Қыдыр атаны қарсы алайық!

Қыдыр ата: - Уа, әлеумет, жарандар,

Төңірекке қараңдар.

Жылы-жылы жел есті

Мұз еріді, қар көшті,

Күн мен түн теңелді,

Төл туылып ақ шықты,

Тоң қуылып көк шықты.

Бұл сыйларды ортаңа екі сұлу ап шықты.

Айсұлуым ажарлы, түннің сәнін ашады.

Күнсұлуым көрікті, жерге нұрын шашады.

Ал, халайық, оң жағыңнан Ай туып,

Сол жағыңнан Күн туды.

Айсұлу мен Күнсұлу ортаға шығып, бас иеді, сәлем береді.

Айсұлу: Түнде қойған сүтіңе,

Қаймақ болып тұнғанмын.

Ұйтқы салсаң қосылып,

Айран болып ұйығанмын.

Кілегей болып берілдім,

Құрт-май болып төгілдім.

Нәрі болып тіршілік пен тыныстың,

Тоқшылық пен ырыстың,

Ақ төгейін, ақты болсын,

Бақты болсын, ұлысым!

Күнсұлу: Уа, көгеріп, өсіп-өнсін қазағым,

Нұрға бөлеп құшағыма орадым.

Көк белгісі бақ пенен берекенің,

Мамыражай думан мен мерекенің,

Сый етейін гүлжазира көгіңе,

Шаттаныңдар, көтеріңдер көңілді!


Әр ауылдың таныстырулары: Төленов Жақсылық ауылы:

Ат тұяғы жетер төңірекке «Төленнің төртеуі» деген атақпен дараланған, «дала философы» атанған сөзге шешен, ескі өмірдің хикаяттарын майын тамыза айта білетін шежіреші, әмбе төкпе ақын, жауырыны жерге тимеген балуан, латынша, арабша сауатты Жақсылық Төленұлы алғашқы Кеңес өкіметі Семей өңіріне келген кезде етік тігетін кооператив артель ашып, әлеуметтік жұмыстарға белсене қатысқан. Сөйтіп жүріп губком мен губисполкомның мүшесі болған. Бөрілі, Шыңғыстау елдері-мекендерінде сот қызметтерін атқарып, Кеңес үкіметінің саясатын ауылда жүргізуші болады. Данышпан Абайдың перзенті Тұрағұлмен дәмдес, пікірлес болған. Қазақ автономиясының бір жылдық тойы Қарқаралы қаласында өткенде ұлы Мұхтар Әуезовпен осы тойды өткізуге басшылық жасаған, ел ортасында «Төленнің төртеуі» атанғандардың үлкені. Туған еліне оралып, соғыстан бергі жылдары Халық ақыны атанып, облыс, аудан аралық өнер сайыстарына қатысады. Өзінен туған бала болмаса да болмаса да ұрпақтары Мәдени Сүйіндіков осы мектепте өмірінің соңына дейін сабақ берген ұстаз. Әке таяғын ұстаған қызы Сүйіндікова Ғайныйкамал апайларың ұстаз болып зейнеткерлікке шыққан, ұлы Нұрлан өздеріңе «Бейнелеу өнері» пәнінен сабақ береді. Осы мектебіміздің директоры Муканова Бақытгүл Қойшыбайқызы мен кітапханашы Алмагүл апайларың сол шаңырақтың келіндері. Ізбасарларының бірі Мәуленқызы Сара өз араларыңда оқып отыр.

Шілдехана: - Биыл көшемізде шілдеханалар көп болды. Сондықтан да сіздерге осынау салт-дәстүрімізді ұсынбақпыз.

Айзада 4. Ердәулет

Аманкелді 5. Дилназ

Алмат 6.

Жүнісов Рымбай ауылы: Елімізді 4 жыл 9 ай 1446 күн қорғап, Ұлы Жеңісті жақындатуға өз үлесін қосқан Жүнісов Рымбай аталарың. Сұрапыл соғыстан аяғынан айырылып, ортамызға оралып, жастардың ақылшысы болған кешегі өздеріңмен бірге оқып кеткен Маратов Еркебұлан, бүгін де оқып отырған достарың Қайратбеков Шыңғыс, Төлеубеков Думандардың атасының атымен аталған ауылға кезек береміз.

Бесікке салу- өмірге келіп жатқан көшеміздегі Берікбол немересін бесікке салу рәсімін тамашалауға шақырамыз:

Аружан 4. Аяулым

Еркежан 5. Сара

Мирас 6. Асылан

Әнші Әміре Қашаубаев ауылы: Әнімен 1925 жылдары Парижды таңғалдырған,әндері арқылы өз халқының болмысы, кең даласын, асқар таулары мен шалқар көлдерін Европаға танытқан әнші Әміре туралы Француз ақыны Ромен Роллан: «Мен Шығыста әншіні неге бұлбұл құсқа теңейтінін енді түсіндім, онда әншілік қабілет өте керемет екен»,-деп қайран қалса, енді біреулері «Әміредей әншіні сирек кездестірдім»-деген екен. Балалық шағын Семейдің Дегелең тауының етегі, Тоқырауын өзенінің жағасында өткізген. Әміре аталарың тек әнші емес, аса дарынды актер де болған.

Тұсау кесу-Тұсау кесу рәсіміне шақырамыз:

Жүріңіздер, ауылға басып аяқ,

Қалыс адам қалмасын, некен-саяқ.

Тұсауын кесіп немереміздің,

Жолын ашып берейік, бүгінгі күн.

-Әже, қолыңыз жеңіл болсын! Сіз сияқты шауып кетсін. «Орамал тон болмайды, жол болады демекші, жолыңыз болсын! » (сый ұсыну)

Би «Домбыра»

Социалистік Еңбек Ері Айтмолда Жақсыбаев ауылы: «Адам үшін ең асыл қазына-еңбек ете білу», «Даңққа бастайтын даңғыл жол-еңбек», «Еңбек-рахаттың атасы» деп тектен тек айтпаса керек халық даналығы. Алғабас өңірі төрт түлік мал өсіруде алдына жан салмаған. Мұның куәгері қой жайып, ел байлығын еселеп арттыруда мол еңбек сіңірген Социалистік Еңбек Ері, атақты шопан - Айтмолда Жақсыбаев атай. Табиғатынан момын, қақ-соқпен ісі жоқ, ағайынға қайырымды, дастарханы ашық жан болған. Ол кісі тарихымыздың төрінен орын алған ерлігі мен еңбегі бүкіл ғұмыры атадан балаға, немере-шөбереге тәлім-тәрбие болған қасиетті шопан ата жайлы ауылымыздың ақыны, Асқар Быхинның әкесі Ахметбек атай:


Күш қосқан ауылымның еңбеккері,

Бал тамған саусағынан соның бәрі.

Қарт шопан Айтмолданы мақтан етем,

Атанған Социалистік Еңбек Ері.

Ауданға аты шыққан табысымен,

Майталман еңбеккері шабысымен

Жүзінен жүз отыздан қозы алып,

Атаққа ие болды намысымен.

Еңбегі ерлерімнің мерей болған,

Жыл сайын оза шауып көңіл қонған.

Әрқашан әруағына бас иеміз,

Айтмолда бізден шығып Герой болған.


Айым 4. Думан

Асыл 5. Тұрар

Аяла 6. Нұрболсын

Тоқымқағар-

Би «Киіз басу»

Хор «Шілдехана, бесік той»

Сабақты қорыту:

Тамырын тереңге жайған, дәстүрі жаңарған мерекенің біздер үшін маңызы зор. Игіліктің, жаңару мен жақсылықтың бастауы болып саналатын халықтық мереке Ұлу жылын қарсы алып отыр. Ұлу суда өсетіндіктен егін бітік шығып, мол астыққа кенелетін, жайылымда шөп қалың болып, мал қоңды, ақ мол болатын жыл.


Бастаушы: -Есеп бер өткен жылыңа,

Өкіндің қандай ісіңе?

Пейілің, жүзің жылы ма?

Сендің бе жігер, күшіңе.


Сенбесең өзің-өзіңе,

Жаңа жыл не сый береді?

Қарсы алшы нұр боп төгіле,

Жаңа жыл кіріп келеді!

(Қымбат Әбділдәқызы)

Ұлу жылын қарсы алу:

- Ұлыс бақты болсын,

Әр күніміз жақсы болсын!

Достығымыз берік болсын,

Білім-өнер серік болсын!

Жыр сыйлаған, нұр сыйлаған тірлікке,

Қастерледік қадіріңді білдік те.

Құтты болсын Ұлыс күні жұмылдырған,

Бәрімізді ынтымақ пен бірлікке!

4- оқушы: Туған жылың құтты болсын,

Көсегең көгеріп көрпесі ұлғайсын.

Аттаған адымың сәтті болсын!

Бейбітшілік жылы болсын!

Қадамыңа құт оралсын, шашу, шашу!

5- оқушы: Қашан да құт береке орнасын деп,

Тойларда шашу шашу салты еліміздің.

Уа, халайық, теріп ал, мәмпәсиді!

Қабыл қылсын халқымның ақ тілеуін!

Уа, жамағат, жинап ал, несібеңді,

Ризығың болсын көл-көсір!

6-оқушы: Ата-баба аруағы қолдасын,

Елбасының Алла жолын оңдасын.

Ақ тілеумен нұр жолдауды қолдайық,

Қас ойлаған Отаныма оңбасын!

7- оқушы: Болашаққа таза ауа, су қалсын,

Желкілдеген жасыл құрақ ну қалсын.

Жарылыстар ешуақытта болмасын,

Мезгіл жетпей бәйшешектер солмасын!

БАТА СҰРАУ:


Бастаушы: - Қыдыр ата, «илә-әмин» батаңды бер,

«Көгерсін-көгергенде» еңбекші ел.

Бір малын келер жылы екеу қылып,

Кәсіпке жұмсалмаған қалмасын ер!

Қонақтар тілегі.



Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 22 ноября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Общая информация

Номер материала: ДВ-494390
Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>