Инфоурок Другое Другие методич. материалыТәрбие жұмысы "Наурыз - жыл басы"

Тәрбие жұмысы "Наурыз - жыл басы"

Скачать материал

Наурыз мейрамы

            Мақсаты:  Оқушылар бойына халқымыздың байлығын сіңіру, ұлтымыздың дәстүрін үлгі етуге дағдыландыру. Наурыз мерекесі туралы түсінік беру. Мерекелік көңілін көтеру, елге деген сүйіспеншілігін арттыру, салт- дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу.

              Көрнекілігі: наурыз мерекесіне арналған сөздер, суреттер.

I.                 Бөлім :  Әдеби монтаж

II.             Бөлім :  Ұлттық дәстүр туралы мағлұмат беру

III.         Бөлім:  Ұлттық ойындар

     Наурыз мерекесі. Наурыз парсы сөзі. Мұның қазақша мағынасы «Жаңа күн»-деген ұғымды білдіреді. Қазақтар Наурыз мерекесін «Ұлыстың ұлы күні»деп қастерлейді. Бүкіл халықтық мереке.Наурыз мерекесінің мағынасы өте көп. Ол-жылдың басы күн мен түн теңгелген 22-наурыз күні,көктемгі мереке, халықтар, ұлттар, ағайындардың ынтымағын нығайтатын күн. Орта Азиялық көшпелі және өтірікті Ислам дініндегі халықтар  «Бұл күні Самарқанның көк тасы жібінген күн»деп те атайды. Көшпелі қазақтар Наурыз мейрамы кезінде өздері таза киініп, қора-қопсыны тазалап, үй-ішін аластайды.  Ақ дәмнен тағамдар дайындайды. Наурыз күні «Ақ мол болсын», «Ұлыс құтты болсын», «Төрт түлік түгел болсын», «Ауыл-аймақ аман болсын» деген сияқты көптеген баталар айтылып, Наурыз тойына ұласып, Наурыз көже ішіледі. Наурыз мерекесінің бір мәні тепе теңдік,  игілік,  жақсылық, тазару, жаңару деген шарттарға сай жүргізіледі. Ертеде қазақтар Наурыз мерекекесін 3-9 күнге дейін тойлап келген. Бұл күнді «Жаңа жыл мерекесі»деп те санауға болады.  Бұл мерекеде көшпелілердің дәсүрлі ойын –сауықтары қатар жүргізіледі. Оған бәйге, көкпар,  теңге күміс, жүзік ілу, жамбы ату, түйе , өгіз көтеру, қыз, жігіт қуыстары, айтыс, шешендік сынасу, ұлттық ойындар да ұласып жатады.

1.     Тыңдаңыздар!Тыңдаңыздар!

Той дабылын қағып тұрған

Мұнда біз бар!

Естімеген,естіңіздер!

Тыңдамаған, тыңдаңыздар!

Наурыз тойы басталды

Бір орында тұрмаңдар

2.Жүріңіздер Наурызға басып аяқ

Қалыс адам болмасын некен-саяқ

Ән шырқап, би билейтін қауым болып,

Тұрмайтын уақыт келді өнерді аяп.

 

Амысыңдар, халайық!

Наурыз тойын жұп жазбай

Жылды қарсы алайық

Еліміздің несібесі көп болсын!

Жауын жауып, жер бетіне көп тамсын!

Даламызға бұл жаңа жыл құт болсын!

Мереке Наурыз жыл басы

Наурыз тойы құтты болсын!

Дендеріңіз сау, мықты болсын!

Аман-есен болайық!

Аманбысың , армысың , халқым менің,

Ақтарған кең даламның алтын кенін

Ардақты Наурыз тойы , салтың елім,

Наурыз тойы құтты болсын Халқым менің!

Күн мен Айға әлемнің

Берем ыстық сәлемін

Қарттарыма сүйініп

Сәлем берем иіліп

Наурыз-мейрам жүректерге нұр сепкен,

Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем

Жарығыңмен , шуағыңмен Жер-Ана

Алып келдің жер бетіне гүл көктем!

 Жер-ана сыйлығын береді.

Жер-ана!

Жарқырап тұр күніміз,

Жайқалсын жас гүліміз

Бақта бұлбұл сайрасын

Сәнді көктем нұрымен.

Наурыз тойы жырымен,

Көңіл гүлдей жайнасын.

Ата бабам тойлаған,

Наурызым, армысың?!

Қызығына тоймаған

Дархан дала,  қарлы шың.

Мерекесі байырғы

Алды халқым қабылдап,

Ақ дастархан жайылды

Ошақта от жалындап.

Ұлы күні Ұлыстың

Дастарханда барымыз

Құтты болсын, Наурыз

Сарқылмасын сары уыз.

Басталды, міне тойымыз

Ұнады ән мен ойымыз

Наурыз бақыт әкеліп

Тойға ұлассын тойымыз

Наурыз айы келді міне,

Мерекесі қазақтың

Барыс жылы болсын және

Берекесі халықымның.

Наурыз көже пісіріліп

Таратылды халқыма

Міне, біздің бәріміздің

Бірлігіміз осында

Ұлы күні ұлыстың

Күн мен түнді теңелген

Тәтті дәмін ырыстың

Таттың наурыз көжеден.

Жас қосатын жасыңа

Жыл басы бұл Наурыз

Әр кіргізген асыққа

Бал татыған сары уыз.

Наурыз көже

      Наурыз мейрамын көпеген,  сан түрлі жүргізілеін құрмет,  қызмеерінің бірі - Наурыз көже. Наурыз көженің түпкі тегі сонау Түркі,  Ғұн дәуірлеріне де тіреледі. Сол кездегі аспан ғарыштарын, ата бабаны қастерлеу, атап айтсақ, жеті қарақшы, жеті қа көк, жеті қа жер, жеті  күн, жеті ата, жеті қазына тағы басқаларға сай қазақ жеті санын қасиетті сан деп көріп, наурыз көжеге жеті түрлі азық түрін қосады.

        Наурыз көжеге: бидай, күріш, тары, ет, тұз, сүт, су тағы басқадан істейді. Наурыз көженің қатып қалған жеті құрамы сақтала бермейді. Наурыз көже көптің асы. Үйде кісі жоқ блса,   дайындап кеткен Наурыз көжеден ішіп жүре беретін салт бар.

Аластау

       Наурыз мейрамында жүрілеін сан салалы салттардың бірі аластау дәстүрі болмақ. Отпен қарапайым тұрмыста да аластау қазақтарда етек алған. Шощынғандарды «отпен» аластаса, баланың  аласау дәстүрі  Наурыз мейрамы кезінде де жүргізіледі, Кеш бата екі жерге от жағылады. Адамдар таяқтың басына майлы шүберек орап алып, оны отқа ұстап жандырып, бәрі «алас, алас пәледен қалас» - деп ұшықтап әндетеді. Бұл дәстүр ел - жұртты пәле - жаладан сақтауға саяды.

Белбеу тастау ойыны

        Қазақ халқының ұлттық ойыны көбіне ауыл жастары, қыз, жігіттер, ауыл балалары ойнайды. Дөңгелене оырған, немесе айнала тұрған топ ойыншылардың ту сыртына оларды айналып жүрген, қасында домалақтана ұстаған белбеуі бар ойыншы, оларға білдірмей белбеуді тастап кетеді. Егер артындағы белбеуді біліп тастаған ойыншыны қуып жетсе белбеумен оны ұрады. Ұрылған ойыншы ұтылады.

Дауыста, атыңды айтам

         Балалар көп айнайтын ойынның түрі. Ойыншылар дөңгелене тұрысады. Ортаға шыққан ойыншының көзін шүберекпен байлап қояды. Ол қасындағы таяғын бір ойыншыға нұсқап, «Дауысыңды шығар, сенің атыңды айтамын» - дейді. Таяқ нұсқаған ойыншы дауысын өзгертіп, жауап қатады. Ортадағы ойын жүргізуші дауысынан таяқ нұсқаған ойыншының атын дұрыс тапса, онымен орын ауысады.

Жануарлар қалай үндейді?

        Қазақтың дәстүрлі тапқырлық ойын түрі. Ойынға екі бала қатысады. Олардың біреуі екіншісіне: - сен тышқанның қалай дыбыс шығаратыннын білесін бе?- дейді. Ол: -шиық, -шиық, -шиіп, -шиіп.  Ал-Жарайды, жігіт екенсің! Ал, енді иттің қалай үндейтінін айтып көрші дейді. Ол:- әу, әу, үреді, ырылдайды, арсылдайды.

 

Кім көп ұпай жинайды (Асық ойыны)

      Қазақтың асық ойынының бір түрі .Ұпайға байланысты жаңарған түрі.Ойын басталар алдында ойыншылар , асықтарды иірген кезде әрбір түскен асықты жеке-жеке бағалап ұпай береді.

       Мысалы алшы түссе 15 ұпай , бүге мен шіге түссе әрбірнеуіне 8 ұпайдан, тәйкі түссе 10 ұпай, ал егер төрт асығы төрт түрлі,яғни төрт түлік мал түссе, онда 20 ұпай алады. Көбінде төрт асық иіреді.

      Осындай жүйемен ойнаса:алшы 15,т әйкі 10 бүк, 8шік  төртеуі бірдей түссе 20 ұпай.

      Ұпайларын қосып, біреуі: көп ұпаймен ұтады. Бұл ойынның негізі бақ сынасу болмақ. Жеңуді асықтың түсуі шешеді.

      Осымен наурыз мерекесіне арналған әдеби монтажымызды аяқтаймыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тәрбие жұмысы "Наурыз - жыл басы""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Социальный педагог

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 654 997 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.02.2016 825
    • DOCX 21.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Муханова Маржан Карахановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Муханова Маржан Карахановна
    Муханова Маржан Карахановна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 4881
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой