Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Воспитательная работа / Другие методич. материалы / Тәрбие жұмысы "Отбасым - бақыт мекенім" (4-сынып)

Тәрбие жұмысы "Отбасым - бақыт мекенім" (4-сынып)

  • Воспитательная работа

Поделитесь материалом с коллегами:

Ембі қалалық мектептен тыс №2 Аула клубы ММ














«Отбасым - бақыт мекенім»


Тәрбие сағаты









«Жас математик» үйірме жетекшісі

Ахметова М.М.















18-қараша, 2016 жыл

«Отбасы күніне» орай өткізілгелі отырған тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Отбасым - бақыт мекенім»
Мақсаты: оқушылардың отбасы, жанұя туралы білімдерін шыңдай түсе, отбасы құндылықтарының маңызын дәріптеу.

Оқушылардың  есте сақтау, ойлау қабілеттерін, тіл байлығын, өз беттерінше жұмыс істеу дағдыларын дамыту.

    Оқушыларды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, ептілікке, өз ойын жеткізе білуге, отбасы  құндылықтарын сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақ түрі: тәрбие сағаты        

Әдісі:әңгімелеу, сұрақ-жауап .

Көрнекі құралдар: отбасы туралы мақал-мәтелдер, нақылсөздер.


Отбасы-мемлекеттің негізгі буыны. Тәрбие – отбасынан басталады, болашақ ұрпақтың еліне, Отанына деген сүйіспеншілігі алдымен ата-ананың ықпалымен қалыптасады. «Дәулет есіктен, ақыл бесіктен кіреді» демекші білім бесігі мектептен, тәрбие бесігі отбасынан бастау алады. Отбасының екі тірегі - әлпештеген әке мен аялаған ана. Ата-анаға, үлкенге қызмет етіп, әкеңнің еңбегін, анаңның ақ сүтін өтеу - біздің борышымыз. Отбасы-адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Адам баласы шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап сол ортаның ыстық-суығына бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер  жетеді.

Ата - ана - отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Әке туралы айтсақ, әке отбасының асыраушысы, қамқоршысы. Ана - отбасының ұйтқысы, жылуы, шуағы.

Отбасы – шағын мемлекет. Ол – тәлім мен тәрбиенің, үлгі мен өнегенің, мейрімділік пен адамгершіліктің ордасы. Адам баласының өмірге келгеннен кейінгі бар тіршілігі осы отбасында өтеді. Отбасы алтын ұя, киелі шаңырақ болса, сол шаңырақтың мұрагері, ұрпақ жалғасы балалар болып табылады. Отбасында балалар негізгі тәрбиені ата-анадан алады. Олай болса баланың бас ұстазы – ата-ана. Ұлы Абай бұл туралы

« Ата-анаға көз  қуаныш –

Алдына алған еркесі.

Көкірегіне көп жұбаныш,

Гүлденіп ой өлкесі» деп жыр еткен екен.

Әке мен ана – шаңырақтың тірегі. Ата-ананың отбасы тәрбиесіндегі негізгі міндетін айқындайтын нақыл сөздерді де көп кездестіруге болады. Дана халқымыз «Әке – асқар тау, ана – бұлақ, бала – жағасында өскен  құрақ», «Әкеге қарап ұл өседі, шешеге қарап қыз өседі» деген екен.

Енді осы тақырыптағы мақал-мәтелдерге кезек берейік.

1-оқушы: Бала тәрбиесі бесіктен.

2-оқушы:Баланың жақсысы – қызық, Жаманы күйік.

3-оқушы: Әке көрген оқ жонар, Шеше көрген тон пішер.

4-оқушы: Бала-көңілдің гүлі, көздің нұры.

5-оқушы: Құс балапаны үшін тозаққа түседі, Адам баласы үшін азапқа түседі.

6-оқушы: Ата-бәйтерек, бала –жапырақ.

7-оқушы: Атадан жақсы ұл туса,

Елінің қамын жейді.

Атадан жаман ұл туса,

Елінің малын жейді.

8-оқушы: Жақсы әке – жаман балаға қырық жылдық ризық.

9-оқушы: Әкең өлсе де, әкеңді көрген өлмесін.

10-оқушы: Әкесін сыйламаған кісіні баласы сыйламайды.

11-оқушы: Ананың көңілі балада, Баланың көңілі далада.

12-оқушы: Ағайын – алтау, ана – біреу.

13-оқушы: Ағайынның алтын сарайынан, Ананың жыртық лашығы артық.

14-оқушы: Анаңды Меккеге үш арқалап барсаң да қарызынан құтыла алмайсың.

Отбасы тәрбиесі туралы түркі ойшылы Жүсіп Баласұғын былай дейді:

«Қатты тәртіп көрсе бала күнінде,

Өнерімен қуантады түбінде.

Бала нені білсе жастан ұядан –

Өле-өлгенше соны таныр қиядан.

Өнер-білім берем десең басынан,

Бер оқуға балаларды жасынан.

Ата-анадан өсіп ұрпақ тараған,

Жақсы, жаман болса, бала- солардан».

Бүгінгі ұл – ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз – ертеңгі ана, ол шеешсіне қарап бой түзейді. Ата-ана балалрына  үлгі-өнеге көрсете алмаса, онда тәрбиелі бала өсіруі екіталай. Өйткені бала ересектерге, әсіресе ата-анасына, тәрбиешілерге өте еліктегіш келеді. Жақсыны да, жаманды да солардан үйренеді, көргенін қайталайды. Қазақтың дауылпаз ақыны Ілияс Жансүгірұлы «Жаста берілген, басқа сіңген тәлімің өзің өлмей сүйегіңнен қала алмас» деп бүлдіршінге жастайынан берілген тәрбиенің жемісті екенін айтады. Жас балаға өз ата-анасы – асқар-тау. Әке-шешенің ауызынан шыққан сөз бала үшін заң болып есептеледі.

Оқушыларға тапсырмалар: мақалды аяқтау керек
Әдепті бала ата - анасын мақтатар… (әдепсіз бала ата - анасын қақсатар).
Әкесі тұрып ұл сөйлегеннен без…(шешесі тұрып қыз сөйлегеннен без).
Қарағайға қарап тал өсер… (қатарына қарап бала өсер).
Үйінде ұлы - қызы бардың…(көгінде сөнбес жұлдызы бар).
Ана сүтін ақтамағанды …(ешкім жақтамайды).
Жығылып жатып…(сүрінгенге күлме).
Күлме досыңа…(келер басыңа).
Әдепті бала арлы бала…(әдепсіз бала сорлы бала).
Ауру қалса да… (әдет қалмайды).
Ұяда нені көрсең … (ұшқанда соны ілесің).

Балаларға сұрақ:
1. Әкеңіздің туған күні, айы, жылы
2. Әкеңіздің сізді қатты қуантқаны, әлде ренжіткені есіңізде ме?
3. Әкенің ізгі қасиеттері
4. Әкенің пікірі сен үшін?

1. Анаңыздың туған күні, айы, жылы
2. Анаңыздың сізді қатты қуантқаны, әлде ренжіткені есіңізде ме?
3. Ананың ізгі қасиеттері
4. Ананың пікірі сен үшін?
Ойын « Менің балам(қызым) балдай!» (Көзді байлап өз баласын көптің ішінен табу)

Сұрақ-жауап:

Балдан тәтті не? (бала)

Шаңырақ иесі кім? (кенже ұл)

Балаға кім сыншы? (ата-ана)

Әкеден балаға беріледі (мұра)
Үйде кім, елде кім қадірлі (үйде қонақ, қарт, бала қадірлі; елде әкім, ұстаз
қадірлі.)

Үйдегі алтын қазық кім? (ана)
«Ұл атадан көрмейінше сапар шекпес» кімнің нақыл сөзі? (Қорқыт ата)
Қаз да емес, үйрек те емес,
Дастарханда болмайды
Бірақ барлық адам дәм татқан (ана сүті)


Келе ғой ботақаным өзіме деп,
Анам кеп сипағанда шашымды жәй.
Күйімді кешсеңдер - ау сол кездегі
Әкемнің маңдайымнан өпкен кезі - ай.
Тұрғандай ана сөзі тербеп мені,
Өмірім өнеріммен өрнектелді.
Тілейді әр ізіме ақ жол менің,
Әрқашан әке үні жебеп мені.


Қорытындылау
Біз бүгін өзімізге ең жақын, ең қымбат анамыз, қамқор әкеміз, қайырымды ата - әжеміз, аға - әпкеміз, іні - қарындасымыз туралы айттық. Отбасы – ол ең жақын адамдардың ошағы. Әрқашан отбасы мүшелерін сыйлап, құрметтеу керек.
Отбасы мүшелерін құрметтеп, сыйлай білуі керек. Отбасында әдепті, сыйлы болуы керек.

Сіздердің отбасыларыңызға үйірмеміздің атынан тек жақсылық тілеймін!
Қыздарыңыз қызғалдақтай құлпыра берсін, ұлдарыңыз ізгі армандарыңызды орындай берсін деген тілекпен бүгінгі тәрбие сағатын тәмамдаймын!





1-оқушы: Бала тәрбиесі бесіктен.


2-оқушы:Баланың жақсысы – қызық, Жаманы күйік.


3-оқушы: Әке көрген оқ жонар, Шеше көрген тон пішер.


4-оқушы: Бала-көңілдің гүлі, көздің нұры.


5-оқушы: Құс балапаны үшін тозаққа түседі, Адам баласы үшін азапқа түседі.


6-оқушы: Ата-бәйтерек, бала –жапырақ.


7-оқушы: Атадан жақсы ұл туса,

Елінің қамын жейді.

Атадан жаман ұл туса,

Елінің малын жейді.


8-оқушы: Жақсы әке – жаман балаға қырық жылдық ризық.


9-оқушы: Әкең өлсе де, әкеңді көрген өлмесін.


10-оқушы: Әкесін сыйламаған кісіні баласы сыйламайды.


11-оқушы: Ананың көңілі балада, Баланың көңілі далада.


12-оқушы: Ағайын – алтау, ана – біреу.


13-оқушы: Ағайынның алтын сарайынан, Ананың жыртық лашығы артық.


14-оқушы: Анаңды Меккеге үш арқалап барсаң да қарызынан құтыла алмайсың.



Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 19.11.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров94
Номер материала ДБ-367535
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх