Инфоурок / Другое / Конспекты / Тәрбие жқұмысы "Рахмет, саған Әліппе!"
Обращаем Ваше внимание, что в соответствии с Федеральным законом N 273-ФЗ «Об образовании в Российской Федерации» в организациях, осуществляющих образовательную деятельность, организовывается обучение и воспитание обучающихся с ОВЗ как совместно с другими обучающимися, так и в отдельных классах или группах.

Педагогическая деятельность в соответствии с новым ФГОС требует от учителя наличия системы специальных знаний в области анатомии, физиологии, специальной психологии, дефектологии и социальной работы.

Только сейчас Вы можете пройти дистанционное обучение прямо на сайте "Инфоурок" со скидкой 40% по курсу повышения квалификации "Организация работы с обучающимися с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ) в соответствии с ФГОС" (72 часа). По окончании курса Вы получите печатное удостоверение о повышении квалификации установленного образца (доставка удостоверения бесплатна).

Автор курса: Логинова Наталья Геннадьевна, кандидат педагогических наук, учитель высшей категории. Начало обучения новой группы: 27 сентября.

Подать заявку на этот курс    Смотреть список всех 224 курсов со скидкой 40%

Тәрбие жқұмысы "Рахмет, саған Әліппе!"

библиотека
материалов

Рахмет саған, Әліппе!

( ертеңгілік)

Оқушылардың білімдерін бекіту, олардың алған білім, білік дағдыларын көрсету; тілін дамыту, сөздік қорын молайту, ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу бүгінгі өтілетін шараның мақсатын көздеді.

Көрнекілігі: «Қош бол, сүйікті Әліппем!«Әліппем - білім бастауы» сөздері жазылған плакаттар, суреттер, әріптер, сөздер.

Барысы: (Мызыка ойналып,оқушылар кіреді. (Әнұран айтылады)

Мұғалім: -Армысыздар, құрметті ата-аналар, ұстаздар, қонақтар! Бүгін сіздер 1 сынып оқушыларының әзірлеген «Рахмет саған, Әліппе!» атты ертеңгілігін тамашалағалы отырсыздар. Шәкірттердің тұңғыш рет қолдарына ұстап, бетін ашқан оқулығы - Әліппе. Бұл кітап бүкіл ғылым дүниесінің алғашқы соқпағы, білімге бастайтын алғашқы жолы. Әліппе 42 әріпті танытып, оқуға, жазуға үйретіп сауаттылықтарын арттырды. Сондай жағдайға жеткізген, сүйікті Әліппемен бүгін қоштасқалы отыр. Ендеше, 1 сынып оқушыларының «Рахмет саған, Әліппе!» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер

Мұғалім: - Бала деген шіркін-ай балдай екен,

Тәттілігі жая мен жалдай екен

Арып-ашып даладан келгеніңде

Бал иісін таттырып алдайды екен, - деп Кенен атамыз айтқандай, кішкене бүлдіршіндердің бал тіліне кезек берейік (Балалар өздерін таныстырады.)

1. - Ай мен күні анамның

Ақылдысы атамның,

Сәулелі де сымбатты,

Сөйлегені тым тәтті.

Айсана деген қыздарың,

Сіздерге арнап тіл қатты.

2.- Бармағынан бал тамған,

Балдай тәтті баламын.

Жақсылықты жақтайтын,

Бәрін біліп жаттайтын,

Мен Саяжан боламын!

3.- Таудай биік талабы

Жақсы оқып сабақты,

Білімді боп өсетін,

Келешегі қазақтың,

Манас деген баламын!

Мұғалім:- Балалар, мына сұраққа жауап беріңдерші. Іші толған әріпке, Білімдегі жарық не?

Оқушылар: - Болашаққа жол ашқан, Ол сүйікті Әліппе.

Мұғалім: - Олай болса, бәрімізге қымбатты дос «Әліппені» ортаға шақырайық.

Оқушылар:- Әліппе, әліппе, әліппе! (Ортаға әліппе шығады.)

Әліппе: Таудай болса талабың, Айтары көп әріптің

Қуанышы баланың Қуанышы халықтың.

Жақсы білім көрімдік, Болсын бізге халайық

Не үйреніп, не білдік Қане ортаға салайық.

Мұғалім: Сөзімізге құлақ салыңыз, Бір серпіліп қалыңыз.

Әліппеге арналмақ, Бүгінгі жыр әніміз.

1 Келгенімде алдыңа,

Қызыл арай гүл алып.

Жақын тарттың жаныңа,

Шәкіртім деп қуанып.

2.Сипадың да басымнан,

Әліппені ұсындың.

Бақытымның осыдан

Басталғанын түсіндім.

3. Келгенде алғаш мектепке,

Білмеуші едік әріп те.

Оқимыз қазір ертекті,

Үйреткен оны Әліппе.

1.Бар кітапқа бас болған,

Әліппе – ғылым анасы.

Әліппеден басталған,

Даналықтың данасы.

3.Мектебің мынау класың,

Осында он жыл тұрасың.

Тарыдай болып кіресің,

Таудай болып шығасың.

Бәрі хормен: Енді біз жаза білеміз,

Әріпті қосып әріпке.

Риза боп саған жүреміз,

Сүйікті біздің Әліппе. Хор: «Әліппе» әні

1 «Әліппемен» қош айтысып қаламыз,

Енді қолға басқа кітап аламыз.

Ата-ана қуанышқа ортақ бол,

Сауатты боп шықты міне балаңыз.

2..Қош бол құтты «Әліппем!»

Көп нәрсені үйреттің.

Таныстырып әріппен,

Тақылдатып сөйлеттің.

3..Әліппем менің, Әліппем,

Сені қолға алып мен.

Есігін аштым білімнің,

Ертеңгі сәуле жарықпен.

Мұғалім: - Біз екі тоқсан бойы көп еңбек еттік. 42 әріпті түгел жаттап алдық. Оқуды, жазуды, санауды үйрендік. Осының бәрін үйреткен кім?

Бәрі: Мектеп, мұғалім, әліппе, ата-ана.

Жүргізуші: Ендеше, әріптер шежіресін О Т А Н

1. Т - Торғайдың суреті

Мен торғаймын, торғаймын,

Суыққа да тоңбаймын.

Құрт-құмырсқа шіркейден,

Бау-бақшаны қорғаймын.

2. А – Астанамыз - Астана, А- алмұрттың суреті

Алматымыз - бас қала. Мен алмұртпын, алмұртпын

3. Т - тиіннің суреті Аузындамын бар жұрттың

Мен тиінмін, тиінмін,

Қысқа жылы киіндім.

Қоймам толы жаңғаққа,

Іші жылы үйімнің.

4. Б - Бағдаршамның суреті

Ашса кезек үш көзін,

Айтты деп ұқ үш сөзін:

«Тоқта! Сақтан! Жол ашық!»

Жүрме жолға таласып.

Қызыл көзін ашқанда,

Сынық сүйем баспа алға!

Сары көзін ашқанда,

Қарап қалма аспанға!

Жасыл көзін ашқанда,

Өте бергін жасқанба!

5. Ө - өріктің суреті

Мен өрікпін, өрікпін,

Табиғатқа көрікпін.

6. Ш – шиенің суреті

Мен шиемін, шиемін,

Күннің көзін сүйемін.

7. Ж – жүзімнің суреті

Мен жүзіммін, жүзіммін,

Моншақ болып тізілдім.

8. Қ- қоянның суреті

Ақ қоян-ау, ақ қоян, Ұзын құлақ сұр қоян,

Үркек қоян, ақ қоян Естіп қалып сыбдырды,

Дыбыс шықса қашасың, Ойлы, қырлы жерлермен,

Белден бірақ асасың. Ытқып, ытқып жүгірді

Қарап еді артына

Қиығын сап көзінің

Келе жатқан томпаңдап,

Көжегі екен өзінің.

9. Л – лақтың суреті

Жалт-жұлт етіп лақ,

Жағалайсың бұлақ.

Секірем деп бірақ,

Қала көрме құлап.

10. Д – Дельфиннің суреті

Дельфин сенер адамға,

Тимейді оған адам да.

Ақ тістері күріштей,

Ақ кеудесі күмістей.

Үні нәзәк бөлекше,

Уілдейді бөлекше.

Торығуды білмейді,

Сальдо жасап билейді.

Жатырқамас досыңдай,

Дельфин міне осындай.

11. С - Сараның суреті

Сара келіп сабақтан,

Сан шаруаны тындырды

Самауырға салатын,

Сексеуілді сындырды.

Сазан балық қуырды,

Сауды сары сиырды

12. Ы – ыдыстардың суреті

Кесе, шыны, пияла,

Оларсыз шай құя ма?

Қасықсыз тамақ жемейміз,

Бәрінің атын не дейміз?

13. Б – ботаның суреті

Айналайын, ботам,

Қандай күлте жотаң.

Табандарың жалпақ,

Иіліп тұр мойының,

Қанбайды екен ойының. Тостағандай көзің

Әдемісің өзің.

14. Қ – құлынның суреті

Құлын, құлын, құлыншақ,

Желкілдейді тұлымшақ. Құйрығында құндызы,

Маңдайында жұлдызы.

15. О - сақинаның суреті

Сақинаға қарайық,

Ұқсайды оған қай әріп? (О)



















1. Санамақ.

Бір дегенің – білеу,

Екі дегенің – егеу,

Үш дегенің – үскі,

Төрт дегенің – төсек,

Бес дегенің – бесік,

Алты дегенің – асық, .

Жеті дегенің – желке,

Сегіз дегенің – серке,

Тоғыз дегенің – торқа,

Он дегенің – оймақ,

Он бір ғана жұмбақ.


Жаңылтпаш

Олар Оралдан оралды,

Омар Аралдан оралды.

Жаңылтпаш

Шаңғышы Сатыш шаңғы алды,

Жарысқа Сатыш қамданды.

Жаңылтпаш

Тау дәу,

Дәу тау.

Жаңылтпаш

Шалшық –

Балшық,

Балшық –

Шалшық,

Балшықты аттап шық.

Жаңылтпаш

Жағажай,

Жағажайда Қамажай

Жағажайды жағалай,

Жүгіреді Қамажай.


Жаңылтпаш

Қыс қыспаса, қыс па?

Құс ұшпаса, құс па?

Жаңылтпаш

Шеше!

Неше кесе

Сынды кеше?




Жүргізуші: Әріптерді қатар қойып, Алфавитті құраған.Оқу, білім өнерді,

Шамшыраққа балаға, Кім екен ол данышпан?

Бәрі: Ұстаздардың ұстазы Ыбырай Алтынсарин атамыз.

Мұғалім: -Ал балалар, қонақтарға оқу сауатымызды көрсетейік!

( Оқушылар кезекпен кітап оқып береді )

Мұғалім: - Балалар сендер әліппемен бірге қандай негізгі пәндерді оқыдыңдар?

Бәрі: Математика, Дүниетану, Ән, Бейнелеу.

Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан,

Математикаға орын берсең басыңнан.

Барлық ғылым саған үйір болады,

Досың солар табылатын қасыңнан.

/Ауызша есептер шығару/

Бәрі: – Біздер санай білеміз, Білмегенге күлеміз. Кезек-кезек санамақ айтылады.

Мұғалім: Біздің әліппені жақсы меңгеріп, сауатты оқып, жазуымызға ата-аналардың қосқан үлесі мол. Қане, бәріміз ұстаздарға, ата-аналарға рахмет айтайық.

Бәрі:– Рахмет сіздерге ұстаздар! Рахмет саған ата-ана!

Ән: «Ата-анамды тыңдаймын»

Мұғалім: Әліппені оқып,білім алдыңдар. Көп нәрсені үйрендіңдер. Қазақстанның болашағы сендерсіңдер. Әр баланың қиял-арманы бар. Солар орындала берсін. (Ақырын музыка ойналып тұрады)

Мен есепші боламын.

Мен барлық жұмысшыларға,зейнеткерлерге дер кезінде, жеткілікті етіп айлық табыстарын беруді қарастырар едім.

Мен әкім боламын.

Барлық ауыл, қалалардағы балалар бақшасын тегін қылар едім.

Мен білім министрі боламын.

Мектептегі бастауыш сыныптарға компьютер әперген болар едім.

Мен дәрігер боламын.

Кез- келген аурудың алдын алып, балалардың денсаулығына көп көңіл бөлер едім.

Мен мұғалім боламын.

Жас ұрпаққа білім мен тәрбие беруге өз үлесімді қосар едім.

Мен полиция қызметкері боламын.

Еліме адал қызмет етемін.

Мен кәсіпкер боламын.

Ауылдағы ағайынды азық-түлікпен қамтамасыз етер едім.

Мен Біліммін.

Мұғалім: Сендердің айтқандарыңның бәріне жан-жақты оқу, білім, мол тәжірибе қажет. Ендеше, осы әліппеден алған білімдеріңді болашақта толықтырып, армандарыңа жетіңдер.

1.Таныстырған 42 әріппен,

Қош бол, менің қасиетті Әліппем!

Сенің арқаң оқи, жаза білгенім,

Сауатты адам санатына кіргенім.

2.Біз енді Әліппемен қоштасамыз,

Жолына гүлмен қоса жыр шашамыз.

Білімнің бұлағынан сусындауға,

Көптеген кітаптармен достасамыз.

3.Әліппем,менің әліппем,

Өмірді келем танып мен.

Қайталап айтам 1000 рет

Өзіңе көп-көп рахмет

«Рахмет саған, Әліппе!» әні

Әліппе: Балалар, мен сендерге ризамын. Енді сендер ана тілін де жақсы оқитын болыңдар.

Ана тілі: Туған елдің тілімін,

Ақылыммен танылам.

Түсіндірер бәріңе,

Ана тілі пәнімін.

Ана тілім-елдігім,

Ана тілім-ерлігім.

Ана тілім болмаса,

Бүтінділмес кемдігім.

Бүгіннен бастап білімдеріңді әрі қарай мына менің арқамда дамытып, тереңдете түсесіңдер.

Әліппе: Ал балалар, сендер кішкентай болсаңдар да мен үшін кіші емессіңдер. Мен сендерді кіші деп аямадым. Бар білімнің басы болғандықтан бойымдағы бар білімді сендер білсін деп сендерге қатал қарадым. Қазақта айтады «Басы қатты болса, аяғы тәтті болады» деп. Енді осы білімдеріңді ары қарай жалғастырыңдар. Білім іздеу жолында ешқашан шаршамаңдар. «Білекті бірді, білімді мыңды жығар» деген. Мен сендерге сенемін. Қош сау болыңдар!

Бәрі: Қош сау болыңыз.

Мұғалім: Әліппені бітірді балаларым,.

Әліппеден нәр алған даналарым.

Өзі жазып – оқитын халге жетті,

Құтты болсын қадамы балалардың!

Балалардың білімі құтты болсын,

Денсаулығы әрқашан мықты болсын.

Білімдерін әрі қарай дамытатын,

Ерінбейбін еңбекқор мықты болсын.

Хор: «Әрқашан күн сөнбесін»




Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 27 сентября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-551808

Похожие материалы

2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации. Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии.

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

Конкурс "Законы экологии"