Инфоурок Другое Другие методич. материалыТәрбие жұмысы "Сыйынар ем ана деген тәңірге"

Тәрбие жұмысы "Сыйынар ем ана деген тәңірге"

Скачать материал

Сыйынар ем Ана деген тәңірге

Мақсаты: Аналар мерекесі қарсаңында асыл аналарды құттықтау, студенттердің бойына анаға деген адамгершілік асыл қасиетті сіңіру.

Көрнекілігі: интерактивтік тақтаұлағатты сөздер, суреттер.

 

( МДБ -21 тобының студенті Бастыбаева Жемісгүл өлең шумақ оқиды)

 

Жүрсін Ерман  «Әйелге ода»

 

Қай жерде, мейлі, қай елде,
Әлемнің мәні - әйелде.
Мықтымын десең ойыңды,
Әйелге барып дәлелде.

Әйелсіз айтпан әнді мен,
Әйелмен дәмді әңгімем.
Сүйкімді болсаң шынымен,
Әйелің сүйсін алдымен.

Әйелге мәлім көп сырың,
Сүрінсең - әйел деп сүрін.
Халыққа сыйлы болмайсың,
Әйелге болсаң жексұрын.

Әйелсіз қонды бақ қашан,
Әйел деп түстік отқа сан.
Әлемнің тілін таппайсың,
Әйелдің тілін таппасаң!

Болмасын әйел назалы,
Болмасын әйел жазалы.
Кеудесін қаққан талайдың,
Әйелден болған ажалы!

Әйелмен құның өлшенер,
Құдайдан кейін сол - шебер.
Бақытты сен де болмайсың,
Әйелің сорлы болса егер.

Сырыңды соған ашасың,
Шөліңді содан басасың.
Адамның күні - Әйелмен,
Әйелдер мәңгі жасасын!

Топ жетекшісі Козыбакова А.П. ата-аналарды құттықтайды. («Сыйынар ем Ана деген тәңірге» атты тәрбие сағаты туралы айтады).

Асем: Армысыздар, аяулы аналар, гүлдей құлпырған қыздар! Барлығымыз асыға күткен көктемнің алғашқы күндерімен бірге 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Бұл - бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен аналар мен нәзік жанды қыздар қауымының төл мерекесі.

Қазына: Құрметті аяулы аналар мен студенттер! Сіздерді бүгінгі төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтап денсаулық, сұлулық, бақыт, қуаныш тілейміз! Әрқашан мына өмірге сән беріп, жылу тартып, мейірім төгіп, шуақ шашып тұрғандарыңыз үшін, сіздер қашанда өздеріңіздің сыйлы, сүйікті, қадірлі екендеріңізді, сіздерсіз мына дүние бос екенін ұмытпайық!

Асем:

Ана десем шешек ашып жанары,

Өмірімнің бастау алар ажары,

Ана деген тіршілікке пана боп,

Әрбір үйде жұлдыз болып жанады.- дей келе кешімізді бастайық Қазына?

Қазына: Әрине бастайық. Ендеше бүгінгі кеш қонақтарымен таныстырып өтсек: (келген қонақтарды алдымен жазып алғанымыз бойынша таныстырамыз)

Асем:

8-наурыз мерекесінің шығу тарихына шолу жасай кетсек (слайдтан көрсету)

Қазына:

Барша ана құтты болсын мерекеңіз,

Әрқашан ана сізбен берекеміз.

Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам,

Сонда біз кісілікке теңесеміз

                                                                     Көрініс "Ата мен бала"
Автор: Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөртеде, көденің көгерген жасыл кезінде, жерден қар кетіп, жердің түрі түрленіп тұрған уақытта, күннің сәулесі көктен қыздырып, жер – ананың денесі бусанған шақта, көңілді «Көктем» атты патшалық болыпты.
Бұл патшалыққа да жадырап «Наурыз» айы келді. Дүние жаңарды. Көк жетіліп, әлем құлпырды.
Осы құлпырған, көңілді патшалықты еліне сыйлы, ақылды хан басқарыпты. Ол ханның ай десе аузы, күн десе көзі бар 30 қызы болыпты.
«Көктем» патшалығы қандай үлкен болса, сол зәулім ғимараттың іші мейірім мен шапағатқа толы үлкен махаббаттан тұрады екен. Сол патшалықты басқарған хан өз қыздарының ішінен мұрагерін іздейді. Сөйтіп оларды сынамаққа бел буды.
Хан: Алтын қыздарым, менің! Мен қартайдым, сендерге қояр талабым бар. Соны орындағандарың менің мұрагерім боласыңдар. Кімнің өнері мен ақылы көркіне сай болса, сол менің мұрагерім болып, осы патшалықты басқарады.
Автор: Хан
қыздарын қасына жинады.
Хан:
Үлкен қызым, үйдегі алтын қазық кім?
Қызы: Үйдегі алтын қазық – бала. Ол – мен.
Хан: Жоқ балам, үйдегі алтын қазық сен емес, ол – ана. Ана ақылды болса, бала дана болады. Ана тәрбиесі – қызға үлгі. Ана сыйламағанның ақылы кем. Ананың мейірімі – көзінде, ақылы – сөзінде.
(Патшаға абыз қария келеді).
Қария: Дат, тақсыр!
Хан: Датың болса, айт!
Қария: Менің айтпағым
қыздарыңда. Қызым, жоқты бар, ашты тоқ ететін кім?
Қызы: Ата ашты тоқ, жоқты бар ететін мейірімді әке.
Қария: Жоқ,
қызым! Әке қанша мейірімді болса да, ананың жөні бөлек. Жоқты бар, ашты тоқ ететін – ол ана. Анасыз бала ұйықтамайды. Қатықсыз айран ұйымайды.
Хан: Жоқ, сендердің жауаптарыңа менің көңілім толмады.
Кіші қызын шақырыңдар!
Қызы: Алдияр әке, не бұйырасыз?
Хан: Өнеріңді көрсет.
Қызы: Ана! Ана! Не деген қастерлі, қасиетті сөз едің. Осынау үш әріптен тұратын ұлы сөздің түбірінде қаншама ұлы сезім, ұлы құдірет жатыр десеңізші. Ананың ыстық алақаны жүрекке жылы тиіп, әр сөзі адамзат баласына өшпес нәр береді. Дүниеде ана қадірлі.
Автор: Осы патшалықтағы аяулы ана алыста тұратын бауырының үйінде болатын. Үйге бір аптадан кейін оралды. Үйге кірісімен қыздары бірінен соң бірі аналарын қалай сағынғандарын айта бастады.
1 - қыз: Анашым, мен сені күн сәулесін күткен көкнәр гүліндей сағындым.
2 - қыз: Анашым, мен сені бір тамшы суды аңсаған шөл даладай күттім.
3 - қыз: Мен енесін сағынып шырылдаған кішкентай балапандай болып жыладым.
4 - қыз: Мен сенсіз гүл таппаған ара сияқтымын.
5 - қыз: С
із менің түсімде раушан гүлінің түсіне енген шық тамшыларындай болып көріндіңіз.
6 - қыз: Шие бағын іздеген бұлбұлдай мен с
іздің жолыңызды қараумен болдым.
Автор:
Кенже қызы үндеген жоқ. Ол анасының қолын жуу үшін су әкеліп берді. Анасының асын даярлап, алдына ас қойып, шәй құйып берді.
Ана: Қыз – қызғалдақтарым менің! Бәрінен де мені ең кіші қызым қатты сағыныпты.
Саби
ра: Бізге осы жарық дүниені сыйлаған кім?
Бәрі:- Ана.
Саби
ра: Түн ұйқысын төрт бөліп, бөбегін бөлеген кім?
Бәрі: – Ол – мейірімді ана.
Саби
ра: Құрметті де ардақты, аналар! адамға өмір нәрін себуші құдірет иесі сіздер! Біз мәңгілік сіздердің алдарыңызда борыштармыз. Бүгінгідей мерекеде балапандарыңыздың қызметін, құрметін қабыл алыңыздар! Бүгінгі ән, би, бәрі де сіздер үшін.

Асем:

Ендеше  тобымыздың белсенді студенті, жас ақындар сайысының жүлдегері Бергентоева Сабираны өз туындысымен қарсы алыңыздар (Қазына мен Асем бірге)

 Қазына: Осындай тамаша туындыдан кейін неге әсем әуен тыңдамасқа?

Келесі кезекті тобымыздың белсенді, әрі әсем дауысты әншісі Жайлыбай Таншолпанның орындауында «Аяулы Ана» әнін тыңдаңыздар.

Асем:

Анасыздар, әр үйге панасыздар,

Бала десе от болып жанасыздар.

Сәтті басса ұрпағың,- мерей тасып,

Қыз күлкісін сусын қып қанасыздар.

Қазына: Асем

Менде бір керемет ұсыныс  бар!

Асем: қандай?

Айтсаңшы білгім кеп тұрғаны?

Қазына: осындай бір керемет күні аналарымызбен бірге неге бір ойын ойнамасқа?             

Асем: қандай ойын?

Қазына: бұл ойын «Ана махабаты» деп аталады. Ортаға аналарды шақырамыз. (4-5 ана мен оның қыздары шығады)

Ойын шарты - аналардың көзін байлаймыз, әр ана өз қызын табуы қажет. Егерде таба алмаған жағдайда сол ана өз өнерін барлығымызға паш етеді.

Қазына: әрине

Сіздер — Күнсіз, аспанда жарқыраған,

Сіздер — өзен, тау суы сарқыраған,

Сіздер — ана, сіздер — жар, сіздер — қыздар,

Сіздер —  жаңбыр, ақ нөсер сарқыраған.

Қазына:

Құлақтан кіріп, бойды алар,

Әсем ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең, менше сүй, – деп, Абай атамыз айтқандай тобымыздың мың бұралған бишісі әрі күміс көмей әншісі Жайлыбай Таншолпанның орындауында «            » әнін қабыл алыңыздар.

Асем:

Үкілі кәмшат, бүрмелі көйлек.

Тұрғандай өзі, қимылсыз билеп,

Иықтан шашып, төгіліп жерге,

Күмісті шашбау, жарасып белге,- деп ақын ағаларымыз жырлағандай келесі кезекті мың бұралған бишілерге береміз.

Қазына: Мұхаммед пайғамбар айтқан: «Жәннәт - аналардың аяғының астында» деп. Ислам діні әйелдерді ерекше құрметтейді. Егер де бір үйде қыз бала дүниеге келсе, береке, молшылық, бейбітшілік болады, ата-анасына қуаныш әкеледі деген.

Асем:

 «Отбасы - шағын мемлекет» деген сөз бар. Ынтымағы келіскен, түтіні түзу ұшқан әрбір шаңырақ мемлекеттің құт берекесі. Әйел-ана отбасы жылуын сақтаушы, қоғамның ертеңі болашақ балаларды тәрбиелеуші.

Қазына:

Әлемдегі жақсылық көзі, адамдық қасиет, ақ тілек мейірбандықтың бәрі Ана деген сөзбен астасып жатыр. Ендеше жас журналистеріміздің сұрақтарына жауап беріп көрсеңіздер.

 Қыздар кезек-кезек аналарға  сұрақ қояды:

1.      8 наурыз мерекесіне қандай сыйлық алғыңыз келеді?

2.      Жарыңыздың осы мерекеде сыйлаған ең алғашқы сыйлығы есіңізде ме?

3.      Өлең айтып бере аласыз ба?

4.      Қызыңызды  құттықтап 4 жол өлең шығара аласыз ба?

5.      Осы мерекеде сізді кім ең бірінші құттықтады?

6.      8 наурыз мерекесі қайдан шықты?

7.      Бұл мереке біздің елімізде қай жылдан бастап атап өтіліп келе жатқанын білесіз бе?

8.      Осы мерекеде анаңызға қандай сыйлық жасадыңыз?

Асем: хор «Ана туралы»

Қазына:

Ана әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін емізіп, аялаған, жанын да аямаған ардақтысы. Мен ана деген сөзді қанша айтсам да жалықпаймын. Өйткені ол дүниедегі ең ардақты жан. Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана қоймайды, оны көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп аяғынан тік тұрғызады.

Асем:

            Өмір есігін жаңа ашқан баланың бойына елінің рухын сіңіретін, жылауын қойғызатын ана. Ана баланың амандығын, бақытты, абыройлы болуын тілейді. Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Қайран Ана, өз перзентін әдемі не ұсқынсыз, ақылды не ақымақ, мейірімді не рақымсыз, кесір-қырсық болса да бәрібір шексіз сүйеді. Дүниеде ананың көз жасынан салмақты, одан ауыр таразы басын басатын ештеңе жоқ. Өйткені ананың көз жасы өзінің киесімен ауыр. Алайда «Ананың көңілі - балада, баланың көңілі - далада» демекші, өзінің перзенттік борышын ұмытқан, сөйтіп ата-анасын сыйламайтын адамдарды да өмірден кездестіруге болады. Ана-тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. Анасы жоқ балалар да аз емес. Олар ананың мейірімін, аялағанын ешқашан сезген емес. Ендеше, анамызды сыйлап, құрметтейікші! (қыздар ай секілді дөңгеленіп тұрып, алдын ала аналарына арнап шығарылған 4 жол өлеңдері жазылған ашық хатты оқып, шоқ гүл немесе сыйлықтар ұсынады).

Қазына: Өміріміздің әрбір сәтін есімізде сақтап қалу мүмкін емес. Десе де, оны жүзеге асыруға болады. Назарларыңызға естеліктерді ұсынамыз. (суреттерден слайд көрсету).

Асем: ренжітсек те, еркелігімізді көтеріп, туған анамыздай маңдайымыздан сипай білген тобымыздың жетекшісі Алтын Панзабекқызына айтар алғысымыз шексіз (гүл ұсынылады).

Қазына:  флешмоп тамашалайық.

Қазына:

Демеңіз біз өнерді аяп қалды,

Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.

Қош болып тұрыңыздар, көріскенше,

Осымен кешіміз де тамамдалды.

Келесі жүздескенше аман-сау болыңыздар!!! (Қазына мен Асем бірге)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                     

 

 

 

МКҚК «Маңғыстау гуманитарлық колледжі»

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                                                      «Бекітемін»

                                                                                                      Директордың тәрбие ісі жөніндегі                   

                                                                                                     орынбасары              Сармалаева С.К.

                                                                                                             «____»   ________ 2016жыл

 

 

 

 

 

 

 

 

Сыйынар ем Ана деген тәңірге

(Топ студенттерінің аналарын шақырып, кеш ұйымдастыру)

 

 

 

 

                                                                     Топ: МДБ-21
                                                                                                    Топ жетекшісі: Козыбакова А.П.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                      Ақтау қаласы

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тәрбие жұмысы "Сыйынар ем ана деген тәңірге""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по студенческому спорту

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 760 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 27.06.2016 681
    • DOCX 31 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Козыбакова Алтын Панзабековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Козыбакова Алтын Панзабековна
    Козыбакова Алтын Панзабековна
    • На сайте: 7 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 50369
    • Всего материалов: 13

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой