Инфоурок Другое Другие методич. материалыТәрбие жұмысы "Соңғы қоңырау"

Тәрбие жұмысы "Соңғы қоңырау"

Скачать материал

Құлақтан үнің кетпестей, Сыңғырла, соңғы қоңырау!

 

1-жүргізуші: Қадылова Балжан

2-жүргізуші: Секербаева Гүлім

 

1-жүргізуші:  Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар!

2-жүргізуші: Қайырлы күн, қадірлі ата-аналар мен қонақтар!

1-жүргізуші: Өзіңменен өлшеусіз нарқым менің,

  Асқар тау, арқа тұтар алтын белім.

  Ұядан ұрпағыңды ұшырмаққа,

  Қош келдің, айналайын, халқым менің!

2-жүргізуші: Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп, мектеп қабырғасын имене аттаған ұл-қыздарымыз ойы толып, бойы өсіп, алтын ұя мектебімен қоштасқалы отыр.

1-жүргізуші: Жас жүректің өмірлік құштары гүл,

Бағбан ұстаз баулыған құстары бұл.

Қоштасып бүгінгі күн ұясынан,

Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр,-деп алтын ұя мектебінің табалдырығынан үлкен өмірге ұшқалы отырған мектеп бітіруші түлектерімізді кұрметтеп ортаға шақырамыз. Қарсы алыңыздар!

2-жүргізуші: Алдарыңызда 11сынып оқушылары. Сынып жетекшісі Шакерманова Маржан Зармұхамедқызы. Сыныпта 17 оқушы.

1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата-аналар және қонақтар!

Бүгінгі  салтанатты жиынымызға 1994 жылы бітірген мектеп түлектері ортамызда.

20жыл бұрын нұрға толды жанымыз,

Арман қуып кеткен едік бәріміз.

Сағынышпен сан жылдар өтіп арада,

20жыл бұрынғы түлегің  бүгін ортада

Осыдан 20 жыл бұрын мектеп табалдырығын аттап, үлкен өмірге қадам басқан 1994 жылы бітірген 11сынып түлектерін ортаға шақырымыз.

Сынып жетекшісі: Рашида Нағымжанқызы

2-жүргізуші: 50 жыл

(Қазақстан Республикасының Әнұраны ойналып, Ту әкелу рәсімі)

1-жүргізуші: 2013-2014 оқу жылының аяқталу құрметіне арналған

 «Құлақтан үнің кетпестей,

Сыңғырла, соңғы қоңырау» атты салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз.

Арман ойлар жеткізбеген аңсаған,

Қайрат-күшін қажыта алмас қарсы ағын

Өмір теңіз толқындарын көргенде

Асыл аға тілегіңді аңсармын,- демекші бүгінгі салтанатты жиынымыздың құрметті қонағы ауыл әкімі Шегебай Нұрмұханұлына сөз береміз.

2-жүргізуші:Ажырамай мектептен бір елі сіз,

Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.

Сөз берелік құрметпен өзіңізге

Шәкірттерге арналсын тілегіңіз,- дей отырып, соңғы қоңырау салтанатының құттықтау сөзі мектеп басшысы Төлеген Нұрғазыұлына беріледі.

1-жүргізуші: Ұшырса да өмірдің сан түлегін

Ұстаз-ғалым, толастамас мәңгі сын

Тыншымайтын асыл жандар аяулы

Тыңдаңыздар шәкірттердің алғысын

11 сыныптың әдеби-әуендік монтажы

Мектеп аманатын тапсыру салтанаты 11 сыныптың түлектері атынан Әсірхан Жәнібек,Құлжанбек Наркес, 10 сынып оқушылары атынан Мадениятов Абзал, Жаймина Айданаға тапсырылады.

2-жүргізуші: Абзал жандар биік тұлға байсалды,

Құшақ жайып төл мерекең қарсы алды.

Түлектерге жарқын тілек білдіріп,

Құттықтайды бүлдіршіндер баршаңды,-деп, құттықтау кезегі 1 сынып бүлдіршіндеріне беріледі.

1-жүргізуші: Алдарыңнан арман жолы ашылады,

Түлектерге бақыт гүлі шашылады.

Қимастықпен 11-дің кілтін

Ізін басар сыныпқа тапсырады.

Білімнің алтын кілтін тапсыру салтанаты 11 сынып оқушылары Әбиятов Нұрдәулет, Толықбаева Айжан, 1 сынып оқушылары Орынбасаров Диас, Аязбаева Гүлімге тапсырылады.

2-жүргізуші: Әлі есімде әліппені ашқаным,

Есіміңді есте меңгі сақтадым.

Жүрегіме нұрын құйған жылылық.

Көрген емес ешқашанда суынып, - деп, түлектердің алғашқы ұстазы Гүлсім Нығыметжанқызы сөз береміз.

1-жүргізуші: Бірге өткізген күндерін, қыс-жазында,

Жазып шықты қаншама іс-қазына.

Балапанын ұшырған ұясынан,

Сөз берейік жетекші ұстазына,- деп, сөз кезегі түлектердің сынып жетекшісі Маржан Зармұхамедқызына беріледі.

2-жүргізуші: Жақсы шәкірт азамат атанады,

Халқынан ата-анадан бата алады.

Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,

Ортаға шақырайық ата-ананы.

Сөз кезегі құрметті де қадірлі ата-аналарымыз атынан Оспанқұлов Қайнарбек, Әбиятов Қайрат ағаларды ортаға шақырамыз.

1-жүргізуші: Балалық шақ - бәрі ыстық, ортақ бәрі,

20 жыл болды жапқалы сол қақпаны.

20 жыл болды мектептен түлеп ұшып,

Әрқайсысы сан тарау жол тапқалы.

Осыдан 20жыл бұрынғы мектеп түлектерінің сынып жетекшісі Рашида Нағымжанқызына  сөз береміз.

Ендігі құттықтау сөз кезегі 1994 жылы «Быхин атындағы жалпы орта мектепті» бітірген 20 жылдық түлектердің атынан Тұңғат Тайтөлеуұлына беріледі.

2-жүргізуші: 50 жыл

1-жүргізуші: Ташмағанбетов Ержанның орындауында ән «Мектепке сағыныш».

2-жүргізуші: Мектеп маңы толыпты жарасымға,

Ізгілік те, мейірім бәрі осында.

Өмірге қанат қақты жас өрендер,

Асыл арман гүл атып санасында,- деп жүректері лүпіл қаққан, қимастық пен қуаныш, аңсау мен арман сезімдері араласқан, осынау сәтте шәкірттік сәттің соңғы, өмір жолының алғашқы қадамында тұрған жас түлек ендігі кезекті 11сынып оқушыларының қоштасу вальсіне береміз.

2-жүргізуші: 2013-2014 оқу жылының  қортындысымен таныстыру үшін сөз мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Алмагул Әсетқызына беріледі.

1-жүргізуші: Мектеп оқушыларын марапаттау үшін сөз мектеп директоры Төлеген Нұрғазыұлына беріледі.

2-жүргізуші: Ауылымыздың ардагері XVI съез делегаты, Еңбек қызыл ту және құрмет белгісі ордені иегері Әзімхан Исабаев есімі Жас Ұландар ұйымына қабылданған мектеп бітіруші түлектерге 2009 жылдан бастап берілген еді.

Түлектердің қанаттары талмасын,

Көк аспанда қыран болып самғасын.

Ақ жол тілеп, барша мына ұл-қызға,

Ақсақалды қария ақ батасын арнасын-дей келе Әзімхан ата ақ батасын түлектерге арнасын.

1-жүргізуші: Бәрі - сын, араласың, өмір аулың,

Бәрі - шын,қоштасарда қоңырау мұң.

Мәнісін ұғасыңдар өткен күннің,

Дауысын естігенде қоңыраудың.

Алғаш қолыңа гүл шоғын алып, мектеп табалдырығын аттағаннан бері 20 мыңнан аса қоңырау үнін естідіңдер. Ал бүгінгі қоңырау үні ерекше. Ол мектеппен қоштасар соңғы қоңырау. Ол балалық шақтың өмір белесіне асыратын қоңырау.

Соңғы қоңырау соғу салтанаты 11 сынып оқушылары Ахметбек Асылбек, Нұрланова Балауса  мен 1сынып оқушылары Марат Наркес, Сағынбекова Толғанайға тапсырылады.

2-жүргізуші: Қоштасады алтын ұя мектебің,

Маңдайыңнан сипап өтер көкте күн.

«Сәт – сапар» деп қол бұлғаймыз бәріміз,

Тілейміз біз армандарға жеткенін – дей келе, Ұлттық біріңғай тестті табысты тапсыруларыңызға тілектеспіз. Жаңа өмірлеріңізге ақ жол, сәт сапар тілейміз!

1-жүргізуші: Осымен 2013-2014 оқу жылының салтанатты соңғы қоңырау жиынын жабық деп жариялай отырып, жазғы демалысты жақсы өткізіп, келесі оқу жылында амандықпен жолыққанша сау-саламатта  болыңыздар!

(Қазақстан Республикасының Әнұраны ойналып, Ту әкету рәсімі)

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тәрбие жұмысы "Соңғы қоңырау""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по экологии

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 848 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 23.02.2016 759
    • DOCX 19.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Каримова Анар Жанабаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Каримова Анар Жанабаевна
    Каримова Анар Жанабаевна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 11230
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой