Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Воспитательная работа / Другие методич. материалы / Тәрбие жұмысының әзірлемесі "Жүрек жылуы" 1-сынып

Тәрбие жұмысының әзірлемесі "Жүрек жылуы" 1-сынып

  • Воспитательная работа

Поделитесь материалом с коллегами:

Жүрек жылуы

Құндылық : Сүйіспеншілік

Қасиеттер : татулық , қамқорлық, достық

Сабақтың мақсаты : оқушылардың достық ,қайырымдылық , мейірімділік туралы қасиеттерді дамыту.

Сабақтың міндеттері:

  • Татулық, қайырымдылық туралы білімдерін жетілдіру;

  • Қамқорлық жасауға жетелеу;

  • Достыққа, мейірімділікке тәрбиелеу;

Сабақтың барысы : Ұйымдастыру кезеңі, оқушылардың назарын сабаққа аудару .

Тыныштық сәті : «Орманға саяхат»

Үй тапсырмасын тексеру: «Жүрек жылуы» өлеңді жаттау. Әр топтан оқушылар орындайды.

1-топ: Үлкендер еркелеткенде қандай күйде боласыңдар ?

2-топ: Жақсы көретін адамдарға қандай тілек айтқың келеді?

3-топ: Басқаларға жақсылық жасаған кездерің болды ма ?

Әңгімелеу. Мұғалімнің сыйы

М.Сүндетов «Қайырымдылық»

-Апасы неліктен Мұхтарға риза болды?

-Сол жағдайда сендер өздеріңді қалай сезіндіңдер ?

Жағдаят : Үш топқа үш жағдаят беріледі.Әр топ жағдаяттан шығу жолдарын қарастырады.

1-топ: Сен бір құшақ газет –журнал көтеріп, келе жатқан хат тасушыға кездестің..

2-топ: Сен аулаға ролик тебуге шықтың ал досыңның ролигі жоқ..

3-топ: Анаң ас пісіріп жатыр, ал інің мазасызданып кетті...

Дәптермен жұмыс : 3-тапсырма : Берілген үш қасиетті қосып тілек жазу.

Мәтінмен жұмыс : «Жай ғана әжей» В.Осеева .

-Сендердің осындай оқиғаға кездесулерің мүмкін бе ?

-Бұл оқиғадан не үйрендің?

-Абзал мен Айнұрдың ой –пікірлері туралы не айтасыңдар?

Сабақтың дәйексөзі: «Табиғаттағы барлық жылу-күннен. Өмірдегі барлық жылу –адамнан» М.Пришвин.

-Дәйексөзден қандай ой түюге болады?

-Табиғат жылуын қалай сезінуге болады ?

-Адам жылулығы қандай әсерге бөлейді?

Үйге тапсырма : «Маржан мен жауқазын» мәтінін оқу, талдау.

Топпен ән айту: «Дос болайық , бәріміз» әні.

Сабақ соңындағы тыныштық сәті : Енді, бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік,қандай жақсы нәрселерді үйрендік,өзімізге нені алдық,сол жөнінде ойланайық. Осыны барлығын жүрегімізге салып, көкейімізге түйіп алайық. Жайлап көздеріңізді ашуға болады.





Абикеева Назигуль Кайркеновна

Тәрбиеші

«Дамуы шектелген балаларға арналған

облыстық №3 арнаиы мектеп –интернаты» КММ

Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 18.11.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров24
Номер материала ДБ-364726
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх