Тәрбие басы тал бесік сынып сағаты
Предпросмотр материала:
Тақырыбы: Тәрбие басы — тал бесік
Мақсаты:А) Бала тәрбиесінде ата-ана мен ұстаздың жауапкершілігін арттыру.ә) Қоғамда қиын бала болдырмау үшін ата-ана мен мұғалім арасында үйлесімді жұмысты жолға қою.
Міндеттері :- Ата – аналардың бала тәрбиесіндегі ролі және негізгі психологиялық себептері туралы түсініктерін кеңейту.-Ата — аналар бір-бірімен тәжірбие алмасу арқылы баланы тәрбиелеу .
Жүргізу орны: Сынып іші
Әдістер: топтық пікірталас, ойын әдістері , медитациялық техникалар
Көрнекілігі: Интерактивті тақта,түрлі-түсті бояулар, доп ,жұмсақ ойыншық , 4 ватман қағаз, фломастерлер, үлестірмелі қағаздар, плакаттар, Нақыл сөздер. Жағдаяттар
Ұйымдастыру кезеңі Ата- аналар 3- топқа бөлінеді . (Мұғалім, Ата-ана, Оқушы ).
І.Психологиялық дайындық
Сәлемдесу жоралғысы. «Тілек».Сәлемдесу мақсаты: Топта қалыпты жағдай қалыптастыру үшін жағымды климат тудыру. Қатысушылар бір-біріне тілек айтуды ұсынады. Ол бір қатысушыға допты лақтырады да бір нәрсе тілейді.
Мысалы: «Жанар саған көтерінкі көңіл-күй тілеймін!»Алған адам өзінің тілегін кімге айтқысы келсе, соған допты лақтырады тілек әрбір қатысушыға айтылады. Осындай жаттығулар қатысушылардың көңіл-күйін көтеріп,бір-бірін сергітіп тастайды.
Кіріспе бөлім:Адамзаттың өміріндегі ең қымбаттысы, көз қуанышы — бала. Бала — дербес тұлға. Оның бойындағы табиғи қасиеттер, адамгершілік құндылықтары отбасында, мектепте, әлеуметтік ортада нәрленеді, толысып, әрленеді. «Бала нені білсе жастан, ұядан — өле-өлгенше соны таныр қиядан» деген нақылдың астарында қаншама мән-мағына жатыр. «Бала істеген жауыздықтың жазасын тәрбиешісі көрсін» деген Иран мәтелі де соны меңзейді. Бұл орайда мектептің де атқаратын рөлі зор. Өйткені, отбасы тәрбиесі мен мектептегі тәрбие бір-бірімен тығыз байланысты. Баланың басты ұстазы - ата-анасы. Бала ата-анасын, ата-ана баласын танымайынша, іс алға баспайды. Ата-ана мұғалімге көмекші. Сенімді тірек болса, мұғалімде сондай болуы керек. Екі жақты байланыс нығайғанда ғана барлық күрделі мәселелердің түйіні шешіледі.
Негізгі бөлім:Отбасындағы,мектептегі бала тәрбиесі қандай?Келіңіздер, осы тақырып төңірегінде салиқалы пікір алысайық.
І.Ой қозғау.
Ата-аналарға сұрақ:
Ұстаздарға сұрақ:
Оқушыларға сұрақ:
1. Білім алуда саған жауапты кім деп ойлайсың?
2. Осы сұрақтарға жауап алынып, қорытынды жасалады.
3. ІІ. Кездейсоқ жағдайдан шығу.
Ата-аналарға:
Ұстаздарға:
Оқушыға:
Ү. Рефлексия / шығу парағын толдыру/ «Ой түйін» (бағалау).
Енді ең соңғы бөлім ой түйін деп аталады. Бұл жерде алдарыңызға берілген шығу параққа ой – пікірлеріңізді және бүгінгі өткен психолог сағаты жайында өзіңізге қажетті не білдіңіз соны жазып шығасыздар.
Қорытынды.
Қадірлі ата-ана «Отбасында берілген тәрбие жігеріңді құм қылып, жерге қаратпасын десең, балаға жастайынан түзу тәрбие бер » деп, ата-бабамыз айтқандай, бала тәрбиесіне уақытында көңіл бөліп, еліміздің инабатты, адамгершілігі мол, білімді, саналы ұрпағын тәрбиелейік. Егер ата-ана мен мектеп өзара тығыз байланыста болса, балаларға бірдей талап қойып отырса, тәуелсіз еліміздің ұл-қыздары жан-жақты дамыған азамат болып шығары сөзсіз.
Мен, Нұрқалиева Алмагул Ниязбаевна 2000 жылдан бері Мәди Бегенов атындағы орта мектепте жұмыс жасап келемін. Еңбек стажым 14 жыл.Қазір 4 - сыныпқа сабақ беріп жүрмін.Сыныбымда 14 оқушы бар.Аптасына сынып сағаттары 4 - күні өткізіп тұрамын. сынып сағаттарының бір үлгісін ұсынып отырмын. Тәрбие басы тал бесік атты сынып сағатында оқушыларға тәрбие түрлері, әдептілік туралы түрлі жағдаяттар берілген.Оқушыларға өлеңдер оқытылып, мазмұны талданады.Түрлі сұрақтар қойылып, оқушылардың пікірлері тыңдатылды.Сынып сағатында оқушылар көптеген мағлұматтар алды деп ойлаймын.Оқушылар өз деңгейлерінде жауаптар қайтарып отырды.
Что Вы хотите изменить?
Например: обновить оформление, добавить задания, изменить класс, сократить текст или адаптировать материал.

Профессия: Учитель информатики в начальной школе
В каталоге 7 709 курсов по разным направлениям