Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Рабочие программы / Тәрбие бағыттарын бойынша жүргізілген сынып сағаттары жинағы
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Классному руководителю

Тәрбие бағыттарын бойынша жүргізілген сынып сағаттары жинағы

библиотека
материалов

hello_html_476ce501.gifhello_html_476ce501.gifТақырыбы: Мемлекеттік рәміздер тарихы

Мақсаты: І.Елтаңба, Ту, Әнұран туралы түсініктерін нығайту.Рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерді дамыту.

ІІ. Оқушының есте сақтауын дамыту, өз ойын дұрыс жеткізуге ынталандыру.

ІІІ.Оқушыларды Отансүйгіштікке,адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.

Түрі: Сынып сағаты

Көрнекілігі:Рәміздерге байланысты түрлі-түстісуреттер,буклеттер,карта,мақал-мәтелдер, Отан,жер туралы нақыл сөздер.

Барысы:Кіріспе

Мұғалім:

«Қазақстан-2050» Стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр».

Неге біз бұлай айта аламыз?Өйткені, «бір халық» – бұл барлығымыз үшін ортақ ұлттық мүдделер.

«Бір ел» – бұл барлығымыз үшін ортақ Отан.«Бір тағдыр» – бұл біз бірге жүріп өткен қиындықтар мен жеңістер!Бұл біздің ортақ келешегіміз – игілікті және өсіп-өркендеген Қазақстан!

Осының барлығын қоса алғанда, Стратегияны табысты жүзеге асыру үшін қоғамның бірлігі қажет дегенді білдіреді.

Біздер тәуелсіз қазақ елінің ең жас ұландарымыз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді әкелер мен аталарымыз сияқты қадірлеуге,сүюге қорғауға тиіс екенімізді естен шығармайық.

Отан дегеніміз не?

-Туып өскен жерімі, егемен еліміз.

- Табиғатымыз, қазба балықтарымыз, өзен-көліміз, ұлан байтақ жеріміз,  Мемлекеттік тіліміз және басшымыз.

Жақсы балалар, олай болса, «Отан» жайлы мақал-мәтелдер айтып көрейік:

1.Отан оттан да ыстық 2. Отан отбасынан басталады3. Отан үшін отқа түс, күймейсің

«Отан» жайлы тақпақтар білеміз бе?

Нұрдәулет: Отан менің ата-анам

Отан досым бауырым

Отан өлкем Астанам

Отан аудан ауылым

 АйданаОтаным алтын бесігім

Тербеттің мені төсіңде

Жүреді сенің есімің

Ер жеткен кезде есімде

  Ернар:Отан, отан бәрінен биік екен

Мен сені мәңгілікке, сүйіп өтем

Жарайсыңдар балапандар! Отан жайлы көпбіледі екенсіңдер.

Мұғалім:Отан –жерім,Отан-суым,

Отан қуат, нәр береді..

Отан-ұран, Отан-туым

Отан мәңгі гүлденеді-демекші, тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, еліміздің символы –мемлекеттік рәміздерді қастерлеп, құрметтеу бәріміздің міндетті парызымыз болып саналады.

«Мемлекттік рәміздер –еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар. Бұл рәміздер біздің мемлектіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі.

Мемлекеттік рәміздер- халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. Желбіреген аспан түстес байрағымыз халқымыздың арманын асқақтатып, қыран бүркіттей елімізді аспан әлемінде қалықтап тұр.

1-Бөлім:Тұңғыш Президент.

1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіз республика болып жарияланды.

1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстанның елбасшысы- Президенттің сайлауы болды. Тұңғыш Президент болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.

Ата Заңымыз бойынша мемлекет басқарушысы –Президент. Латын тілінен аударғанда «президент» сөзі «алдында отырған» деген мағынаны білдіреді. 2005 жылы 4 желтоқсанда бүкіл халықтық сайлау қорытындысында Н.Ә. Назарбаев қайта Президент болып сайланды.

Мемлекеттік нышандарымыз: Ту, Елтаңба, Әнұранның авторларымен таныс боламыз.

.2-бөлім:Еңселі Елтаңба.

Мемлекеттік елтаңбаның авторлары танымал суретшілер Жандарбек Мәлібеков пен  Шота Аман Уәлиханов.

Қазақта «Шаңырағың биік,керегең кең, босағаң берік болсын» деген тілек сөз бар.Елтаңба авторлары осы сөздерді басшылыққа алған.Қазақстан Республикасының Елтаңбасы көгілдір түстің үстіне салынған шаңырақ  бейнесінен тұрады.Одан жан-жаққа күн сәулесі тәрізді уықтар тарайды. Шаңырақ пен уықтар біздің Отанымызда тыныштықта жарасымды өмір сүріп жатқан көптеген халықтардың бірлігін көрсетеді. Қазақстан Республикасының Елтаңбасының бір бөлігі ертедегі қанатты тұлпар. Елтаңбаның жоғарғы жағындағы бес бұрыш – бақытты өмірге жол сілтейтін жарық жұлдыздың белгісі. Төменгі жағындағы «Қазақстан» деген жазу республиканың атын көрсетеді. Масақ Отанымыздың байлығы іспеттес.

Қатар шапқан  қос тұлпар,

Ай астында қазақ үй

Қалықтаған  жас сұңқар,

Шарықтаған таза күй.

Бұл таңбасы елімнің,

Елдігімнің белгісі.

Бейнелеп сан ғасырды

Елтаңбасы елімнің,

Таратады хас үлгі

Киесіндей жерімнің.

Бабам тұлпар жаратты,

Құлынында танып-ақ.

Тұлпар барда қанатты,

Шайқалмайды шаңырақ.

Тәуелсіздік көркі ол да,

Өркениет өрінде.

Нұр төгеді елтаңба

Ақ орданың төрінде.

3-бөлім:Тұғырлы туымыз.

Егер де Туға тұтас зер салсаң, автордың оны жасағанда үлкен мазмұнды ойластырғаны байқалады. Ол жер жүзінде әлемге нұрын шашқан Күн сәулесі астында қияға қанат қаққан қыран- тыныштық пен баянды өмірдің белгісі, ал ою-өрнек тудың қай елдікі екенін аңғартады.

Тудың авторы – Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков белгілі  монументші-суретші. Біздің туымыз – көгілдір түсті, тік төртбұрышты мата. Ол бірлік пен аман- есендікті көрсетеді. Оның қақ ортасындағы сәулесін шашқан алтын Күн – тыныштық пен байлықтың белгісі.

Қазақ халқы  сонау ерте заманнан бері қыранды киелі, қасиетті құс деп есептеген. Туда қыранның орын алуы тәуелсіздік алған Қазақстан қыран сияқты биікте болсын, қыран сияқты ғұмыры  ұзақ болсын деген ойдан туған.

Тудың сабын бойлай ұлттық ою-өрнек салынған тік жолақ қазақ елінің өзіндік сипатын, танымдық бейнесін көрсетеді.

 Ән:Көк тудың желбірегені

4- бөлім:Асқақтаған Әнұран.

Мұғалім:Кез келген мемлекеттік рәміздердің ең маңыздысы –Әнұран. Әнұран мемлекеттің салтанатты әні. Ол халықты әйгілі етеді. Оның сөздерінде халықтың мыңдаған жылғы тарихы,бүгінгі өмірі мен келешек арманы айтылған.Әнұранды түрегеліп ,жүректің тұсына қолдарын қойып айтады. Бұл өз мемлекетіңе деген құрметті көрсетеді.Халық өмір салтын бүгінгі тіршілігі мен келешек армандарын, мың жылғы тарихын осы әнге сыйғызған.

1986 жылы «Менің Қазақстаным» бостандық аңсаған қазақ жастарының бейресми әнұраны болған еді.

2006 жылғы 7 қаңтардағы Конституциялық заңға сәйкес ҚР-ның Мемлекеттік Әнұранының музыкалық редакциясы мен мәтіні жаңа редакцияда жазылды. Мемлекеттік Әнұранның авторы Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазғандар Жұмекен Нәжмеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.

Алғашқы рет Қазақстан Республикасының Әнұраны ретінде

«Менің Қазақстаным»  әні 10 қаңтарда 2006 жылы,  Елбасын  ұлықтау рәсімінде орындалды.

Бұл Әнұранның сөзі республикамыздың барлық халықтарының жүрегіне жақын, жұрттың бәрінің көңілінен шыққан, терең отаншылдық сезімдегі ән.

Әнұран

Әнұраным –жан ұраным

Айтар әнім, сөйлер сөзім

Туған жерім сағынарым

Бақыт-бірлік күн талабы.

Тоқтамайды дабыр әні

Мәңгі бақи шырқалады

Республикам Әнұраны!

Барша халық таныған

Біздің үміт, тілекті.

Шырқалғанда әнұран

Шаттық кернер жүректі

Жеңіс туын көтерген

Жарыстарда сан қилы,

Жетіп бізге шетелден

Көкке әнұран шалқиды.

Шәмші атаның сазды үні

Жігер беріп қайратты,

Бәрімізді мәз қылып,

Жаңғыртады аймақты.

 

Ойындар мен тапсырмалар

1.Мына сөздерден басқа сөздер жазыңдар:

Елтаңба                                 Байрақ                           Әнұран

Ел                                           Бай                                       Ән

Таңба                                      ай                                        Ұра

Таң                                          қар                                      Ұн

Аң                                           ар                                         нан

 Қорытынды: Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы. Мемлекеттік  рәміздерді құрметтеу – елді, халықты, тарихты, әдет- ғұрыпты, салт- дәстүрді қастерлеу болып табылады.

Қазақстан: Туымен-Тұғырлы,

Елтаңбасымен- Еңселі

Әнұранымен айбатты ел!































Тақырыбы: «Көктем аруы» сайысы


Мақсаты: 1) Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт - дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу.2) Балалардың барлық аналарға деген сүйіспеншілік сезімін ояту, ана еңбегін ардақтап, құрметтеуге, адамгершілікке тәрбиелеу.
3) Оқушының бойындағы өнері мен дарындылығын дамыту.


Көрнекілігі: «Қыз елдің көркі» (ұлттық киімді қыздардың суреттері), «Өнер таусылмас азық» (қолөнер түрлерінің фотосуреттері), қыздар мен аналар жайлы мақал - мәтелдер, қанатты сөздер, шармен, гүлмен безендірілген бөлме, қатысушы қыздардың фотосуреттерінен
І. Қыздар сайысы


1. Ұлттық киім үлгісін бағалау
2. Өзін - өзі таныстыру.
3. Өнер көрсету
4. Сұрақ - жауап.
Жүргізуші: – Сіздерді алда келе жатқан көктемнің алғашқы мерекесі 8 - наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтаймыз. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілейміз. Осы мереке қарсаңында өткізіліп отырған «Көктем аруы» атты қыз сыны байқауына қош келдіңіздер!
Мың бұралған арулар билей басып,
Келеді міне ортаға толқып тасып,
Аруларын сыйлаған халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық!
(
Арулар сахна төріне М. Ералиеваның «Қыз сыны» әніне билеп шығады)
Жүргізуші: – Сайысымыздың шарты бойынша қыздар гүлді таңдап, оның ішіндегі нөмерін алып, сол ретпен өнерін көрсетеді. Сайысымыздың кезеңдерімен таныс болыңыздар.
1. Өзін - өзі таныстыру.
2. Өнер көрсету
3. Сұрақ - жауап..
Әділдік пен шындықты арқа тұтқан,
Әділқазы алқасымен танысайық.-----------------------------------------------------
Алдарыңызда 20 30 40 50 сандары жазылған ұпайлар жатыр. Сайыстың шарты бойынша әр сайыс аяқталған соң аруларымызға ұпай беріп қорытынды жасап отырасыз.
Көп сөйлеп жөн - жобадан аспайық біз,
Қандай сайыс болса да, қашпайық біз.
Ал, енді, халқым, рұқсат етсеңіздер.
“Көктем аруы” сайысын бастайық біз.
- Нұрын төккен көктемде алғашқы көрінген жауқазын бейнелі көрікті мейрам, әсемдік пен сұлулыққа, әдемілік пен нәзіктік қуатына табынтар сәт – әйелдер мерекесі тағы да құтты болсын деп сайысымызға қатысқалы тұрған аруларымызды таныстырамыз. Нөмір таңдап ретін анықтау. 1 - сайыс:
Өнер қуып арулар өтер деймін
Бір басына өнері жетер деймін.
Бәсекеге түскен төрт ару кезектесіп
Таныстырып өздерін өтер деймін.
Өзін - өзі таныстыру
2 - сайыс:Біреулер сынға түсер өнерімен,
Біреулер жырға түсер өлеңімен.
Ал біздің қыздар шығып ортамызға
Дарынын танытады кезегімен.
- Өнер сайысы




3 - сайыс:

- Қыз сұлу көрінеді білімімен, демекші аруларымызға
Әдет - ғұрып, салт – дәстүрі қазақтың,
Жарасымды үйлесімді ғажап шын.
Ұмыт болған дәстүрлерді сақтайық,
Насихаттап, жаңартудан қашпайық..
(Сұрақтарға жауап: Слайдтағы ұлттық нақыштағы суретті таңдап, артындағы сұраққа жауап береді.)
ЖАУАПТАР:
Қазақтың музыкалық он аспабы: домбыра, қобыз, сазсырнай, жетіген, дауылпаз, шаңқобыз, асатаяқ, сыбызғы, тастауық, тұяқ
Қазақтың ет тағамдары: қазы қарта, қуырдақ, қазақша ет, жал жая, шұжық, әсіп,
Ерулік. Ауылға жаңа көшіп келген отбасын құрметтеп қонаққа шақыру. Олар жаңа ортаға тез үйреніп кетулері үшін, жаңа келген қоныстанушыларға қажеттеріне қарай көмек көрсетеді: отын, су, т. б. Бұл адамдардың достығын күшейтеді, қоғамға белсенділігін, бірліктерін, қарым - қатынастарын жақсартады. Бұлда қазақ халқының көп дәстүрлерінің бірі.
Шілдехана – сәби дүниеге келген соң бір жеті бойы ана мен баланы күтіп, оның көңілін көтеріп, оның қасына дастархан жаю әдеті. Қазақ елінің әр түкпірінде бұл рәсім әр қалай өтеді. Сол күні баланы шілде суына шомылдырып, сыңғырлаған тиындар салады, балаға денсаулықпен бірге байлық та тілейді. Шілдехана өткізілетін күні ана әбден сорпаланып өзінің шілде терін шығаруы тиіс.
Шарғы ұзатылған қыз өзіне таяу сіңлісіне басына тартатын орамалын береді. Бұл ендігі кезек сенікі деген сөз.
Қазақша жыл қайыру: тышқан, сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз

Әділқазылар «Көктем аруы 2013», «Өнерлі ару», «Көрермен көзайымы», «Білімді ару» атағымен марапаттап, сыйлықтар ұсынылады.
Жүргізуші:
Өнер - білім серігің, адам - атың,
Болашаққа сеніммен бара алатын.
Осыменен сайыс та тамам болды,
Бәрін аман болыңдар, жамағатым!

































Тақырыбы: Құстар-біздің досымыз.
Мақсаты:
Оқушыларға жалпы құстар туралы білімдерін тереңдету, толықтыру;Құстарға деген қызығушылығын, белсенділігін, білім деңгейі, ой-өрісін дамыту;Туған жер табиғатын аялауға, құстарды қорғауға, қамқоршы болуға тәрбиелеу.

Түрі: сынып сағаты
Әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап ойын.
Көрнекілігі: Құстар суреті, «Құстар біздің досымыз» атты бұрыш, құстар

туралы буклет.
Барысы:
Ұйымдастыру бөлімі:
Амандасу ,оқушыларды түгелдеу.Оқушылар назарын аудару.
Ой шақыру :
1.Қандай құстарды білесіңдер?
2.Жабайы құстарды білесің бе?
3.Үй құстарын атап бер?
4.Құстар көктемде қандай келеді?
5.Ең алдымен қандай құс келеді?
Мұғалім :
Құстардың түрі өте көп. Олардың біз үлкен екі топқа бөлеміз?

Құстар


Жабайы құстар Үй құстары.

Жабайы құстар –табиғатта өз алдына тіршілік етеді.Құстардың пайдасы өте көп. Олар табиғаттың байлығы ағаштарды, өсімдіктерді зиянкес жәндіктерден құтқарады.Құстар бір орныда тұрмайды.Олардың бір жерден екінші жерге ұшып –қонып жүреді.Барлық құстарға ортақ қасиет :ұшады,қанаттары , мамықтары, тұмсықтары болады.Олар жұмыртқалайды ,балапан басады.
Құстардың тұмсығы қоректену ерекшелігіне қарай түрліше болады.

Мысалы :бүркіттің тұмсығы өткір,қатты болады. Себебі, олар түрлі тышқандар мен ұсақ жануарлармен қоректенеді.Өсімдік дәндерімен, жемістермен қоректенетін құстардың тұмсығы үшкір, жерден іліп алуға икемді болады. Құстар өте пайдалы. Олардың етін, жүнін, мамығын, жұмыртқасын адамдар керегіне пайдаланады. Кейбір құстарды құсбегі аталарымыз аң аулауға пайдаланған.

Құстар көктемде жылы жақтан келеді. Жылы жақ Африка, Оңтүстік. Ең алдымен тырна келеді. Сосын су құстары, қарлығаш. Оларды жыл құстары дейміз. Бұлардың көктемгі тіршілігіндегі ерекшелігі туған жерге оралуы, ұрпақ қамы, ұя салуы, жұмыртқа салып, балапан шығаруы.
Үй құстары – тауық, күрке тауық, үйрек, қаз. Бұлардың бәрі де қорегін тұмсығымен шоқып жүріп жейді.
1. Жұмбақ шешу ойыны.
1.Үй маңына үйір, адамға жақын, ел тыныштығының белгісі қандай құс?
(Ақ көгершін)
2.Тоқылдатып манағы ап,
Ағаштарды тазалап.
Ормандарды емдейді,
Зиян кесте жазалап.(Тоқылдақ)
3.Қызығып әр адам,
Ұстап ап даладан.
Жүнімді жұлып ап,
Бесікке қадаған.
Бұл қандай құс? (Үкі)
1. «Қанатты достарға қамқорлық» ойыны.
2. Құстардың дыбыстауы ойыны.
Кім тапқыр.
А) кө-кек
Б) ку-ка-ре-ку
В) чик-чик
Ойын «Қанатты достарымыз»
Тақтаға аққу, үкі, қарға, торғай, қарлығаш, көгершін, суреті ілінеді. Балалар таңдаған құсы туралы әңгіме құрастырады.
Қорыту.
Құс адамға қуаныш сыйлайды. Құс адамды аспанда қалықтау сезіміне бөлейді.
Қазақ халқы шебер әншіні «бұлбұлға», ардақты ер азаматын «лашынға», «сұңқарға», керемет сұлуын «аққуға», кішкентай баласын «балапанға» теңеген.
Құссыз әлем бос қаңырап қалар еді.
Сауысқан мен көкек ертегісі.
Жоспары:
1.Сауысқан мен көкектің әңгімесі.
2.Құстар ұясы.
1.Көкектің әлі күнге дейін өзімдігі дейтін ұясы жоқ.
2.Сауысқан қандай құс?
3.Көкек қандай құс?
Жұмбақ
Қайталап атымды,
Ән салып аламын,
Кез-келген ұяға,
Жұмыртқа саламын (Көкек)
(Көкектің ұясыз қалуына еріншектік, жалқаулығы әсер етті.)
Тиым сөздер
1.Құстың ұясын бұзба,
Жұмыртқасын жарма.
2.Жұмыртқасы мен балапаны бар ұяны бұзба.
3.Аққуды атпа.

Қорытынды.

Оқушылар өздерінің құстар туралы білімдерін толықтырып, сабаққа белсенен ат салысып, жұмбақтар шешіп, ойын ойнап, тиым сөздерді оқып, құстарға қамқор болу керектігін ұқты.




Мақсаты: Білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру. Кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру. Кітапқа деген қызығушылығын арттыру. Оқулықтарды күтіп ұстауға үйрету.
Көрнекілігі: Кітап жайлы жазылған плакаттар, суреттер.

Түрі: әңгіме



Барысы:
1 - бөлім. Ұйымдастыру кезеңі.

Кітап та алма ағашы,
Жемісін біздер теретін.
Тәтті алмаға балашы,
Кітабыңның әр бетін,- деп Мұзафар Әлімбаев атамыз жырлағандай әдеби кітаптар мен оқулықтар сендерге білім көзі, рухани қазына. Біз кітап арқылы бастауыш мектептің өзінде - ақ бүкіл адамзат өмірімен танысамыз. Кітап білімімізді молайтады, кітаптан көп өнеге мен тәрбие аламыз. Оқығаның, тоқығаның көп болса жеңбейтін жау, алынбайтын қамал жоқ. Дана халқымыз «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деп бекер айтпаса керек деп бүгінгі сынып сағатымыз «Білім көзі кітапта» атты әңгіме , пікір алмасу, ақпарат алмасу сіздердің білімдерінізді толықтыру мен білімге деген ынталарыңыздың артуын мақсат етеді..

2 - бөлім. Кіріспе.
Кітап туралы не білеміз?

Кітап – араб сөзі, “жазба”, ал түрікше “дәптер”, мерзімді баспасөз басылымы” деген сөз. Кітап өмір айнасы, замана сыры, тарих шежіресі, оқу, тәрбие құрал

“Папирус” кітабы

Мысырда жазуға папирус қолданыла бастады. Кітап “Папирус”деп аталатын су өсімдігінен дайындалған материалға жазылып, жұмыр таяқшаларға шиыршықтап оралды.
Жұмбақ шешу.

Мұғалім: Балалар бүгін бізге қонаққа Кітап келіп отыр. Кітапты ортаға шақырайық. Кітап: Балалар, мен білім көзі - кітаппын. Мені жасау үшін көп адам еңбек сіңірді. Балалар кітап қайдан шығатынын білесіңдер ме? Балалар: Ағаштан

Мұғалім: Кітап шығару үшін көп еңбек сіңіреміз. Кітап сен бізге қонақ болып, балалардың білімін тамашала. Оқушылардың кітаптың жасалу жолы туралы тақпақтары:
Мағынаны таны. Алғашқы кітап баспасы ағаштан жасалды. Қазақ кітап баспасы Ресейге қосылған соң қалыптасты. Тұңғыш қазақ кітаптары 1800 жылы шығарыла бастады.
3 - бөлім. Топтық сайыс.
1. Жалғастыр Ойын: Кітап нені сүйеді?
2. Көркем сөз оқу Даналық сөз
3. Ойлан, тап.

Мұғалім: Балалар, кітап туралы жазған ұлы ғұлама ақын, жазушыларымыздың қандай нақыл сөздерін білесіңдер. Кітап маған тақтан да қымбат. Шекспир.
Артық ғылым кітапта, Ерінбе оқып көруге. Абай.

Мұғалім: Балалар, кітаптарда ауырады екен. Сол зиянды болдырмау үшін мынандай ережелер бар екен Есіңе сақта!
1. Кітапты ұқыпты, таза ұстау керек. Өздеріңнен кейін оны көптеген балалар оқитынын есіңнен шығарма. 2. Кітапты төсекте жатып, ас ішіп отырып оқыма, кітап оқуды үлкен ой еңбегімен оқу керек.
3. Кітапты қалай болса солай оқыма.
4. Кітапты жыртуға, сызуға болмайды.
5. Кітапханада шулауға болмайды, өйткені басқаларға кедергі келтіресің.
6. Кітап бетіне сурет салма!

Мұғалім: Балалар, кітап туралы жазған ұлы ғұлама ақын, жазушыларымыздың қандай нақыл сөздерін білесіңдер.

Жалғастыр
1. Кітап - таусылмайтын байлық.
2. Кітап - білім бұлағы,
Білім - өмір шырағы.
3. Кітап – алтын қазына.
4. Өнерліге нұр жауар.
5. Өнер - ағып жатқан бұлақ,
Білім - жанып жатқан шырақ.

1. Оқусыз білім жоқ,
Білімсіз күнің жоқ.
2. Білім тозбайды,
Ақыл азбайды.
3. Еңбектің наны тәтті,
Жалқаудың жаны тәтті.
4. Білекті бірді жығады,..................
5. Оқу білім бұлағы,....................

Мұғалім: Ұлы адамдарымыз кітапты жоғары бағалаған. Алғаш қазақ балаларына арнап «Әліппе» оқулығын жазған кім?

Оның балаларға арнап жазған өлеңін кім біледі?

Ы. Алтынсарин Кел, Балалар оқылық (тақпақ)
Мұғалім: Балалар бүгінгі сынып сағатымыздан көп нәрсені үйрендік. Кітап балаларға білім беруде, жан - жақты тәрбие беруде әр түрлі әдеби шығармалармен таныстырады. Сондықтан «Кітап - білім бұлағы» деп бекер айтылмаған.
Қорытынды.

Оқушылар өз ойын ортаға сала отырып, білімдерін көрсетті және ақпарат алмаса отырып,өз білімдерін толықтырды. Сөздік қорлары молайып, кітапқа деген жаңа жағымды көзқарас пайда болып, пікірлерін ортаға салып, білімнің бастар көзі кітапқа деген құрметті өздерімен қатар достарының тарапынан көруді қалайтындарын жеткізді.


























































Тақрыбы: Отбасы бюджеті және мен

Мақсаты: оқушыларға үй экономикасы жайлы түсінік беру.Отбасы бюджетін дұрыс ұйымдастыруды,кіріс және шығыс көзін есептеуді үйрену.

Білімділік мақсаты:оқушыларға үй экономикасы оның маңызы мен мақсаты жөнінде түсінік беру;

Дамытушылық мақсаты: логикалық ойлау,жүйелі жоспар құру, іскерлік қабілетін дамыту;

Тәрбиелік мақсаты:үй бюджетін жоспарлауға,шеберлікпен атқаруға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі:бүктемелер,плакат,оқулық,интерактивті тақта,кестелер,тест карточкалары

Пәнаралық байланыс:экономика,математика,тарих,қазақ тілі.

Барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

«Ақшаны сыйласаң ол да сені жақсы көреді»немесе «Тиынан сом құралады»-деген мақалдар біздің бүгінгі пікір алмасумызға қатысты айтылғандай.

Себебі.Біздің барлығымыздың отбасымыз бар.Біз онда тәрбиеленеміз,демаламыз,еңбек етеміз,барлық қуаныш пен қиыншылықты бірге бөлісеміз.Олай болса, отбасы экономикасы біздің экономикамыз.

Мақсатымыз:табысты құрастыра отырып,кіріс,шығыс көзін есептеу,үнемдеуді үйрену.

Үй бюджеті деген не?

«Бюджет»- сөзі ақша салатын әмиян деп аударылады екен. Біз әр күнімізді,мерекені,жұмыстың барін жоспарлаймыз.Сол секілді ақшаны да санап,жоспарлы жұмсаған дұрыс.Үй бюджеті дегеніміз үйге кіретін барлық табыстарды және шығындарды тиімді құрастырып,есептеп отыру.

Бюджет қалай тиімді болады?Ол үшін отбасылық кірістерді және шығыстарды дұрыс құрастыру қажет.

Кірістер дегеніміз барлық  ақшаларыңыз.Шығыстар дегеніміз барлық жаратылып жатқан ақша.Кірістерге шәкртақы,зейнетақы,айлық жалақы,құнды қағаздар,жәрдемақы,т.б жатады.

Шығыстарға- салық,азық-түлікке жұмсалатын қаржы,киім-кешек,жиһазға жететін қаржы, т.б

Тест сұрақтары,дәптерге орындау.

1.Отбасылық бюджет ол-

А)белгілі бір уақыт мерзгіліндегі кіріс және шығыс көзі;

ә)ақшалай немесе заттай құндылықтар;

б)отбасылық кіріс және барлық бағалы заттар,қыздар,кірістер,шығыстар жәнет.б қажеттіліктер жазатын журнал.

2.Табыс дегеніміз-

А)шығыс қажеттілігі үшін жұмсалатын қаржылар;

ә)тепе-теңдікті сақтау үшін берілетін мүмкіндіктер;

б)өндірістен ,жеке адамнан ақшалай заттай бағалы қағаздай алатын құндылықтар;

3.Болжам жасалынбаған шығыстар:

А)тамаққа;

ә)коммуналдық қызмет;

б)тұрмыстық мәдени шығын;

4.Негізгі сатып алу ережесі-

А)кездейсоқ сауда жасау;

ә)заттың сапасын,кепілдік мерзімін көру;

б)ыңғайлылығы,қолайлылығы;

в)сапасы,ерекшелігі;

5.Зат қандай талаптарға жауап береді?

А)құны,бағалы

ә)ыңғайлы,қолайлы;

б)ерекше,сапалы;

6.Отбасылық қажеттіліктің қайсысы материалдық шығынға жатпайды?

А)тамақ пен киімге жұмсалған қаржы;

ә)білімге,қоғаммен араласуға;

б)үйге,жиһазға,тұрмыстық заттар жұмсалған қаржы;

«Отбасы бюджеті» ойынын ойнаймыз, кімнің  отбасында таразы басы қалай тартады екен?



Тақтада тексереміз.

1.Отбасының айлық жалақысы

2.Көлік үшін жұмсалатын қаржы

3.Тамаққа жұмсалатын қаржы

4.Шәкіртақы,зейнетақы,жәрдемақы

5.Құнды қағаздар

6.Жалданған пәтер үшін ақы алу

7.Үйірме,сексия,репетиторлық қызмет көрсету

8.Сыйақы

9.Әртүрлі салықтар,коммуналдық қызмет пен несие.

10.Киімге,жиһазға жүмсалатын қаржы.

11.Жеке шаруа қожалығынан түсетін қаржы.

12.Тұрмыстық мәдени қызметтер (кино,театр,музей,туған күн,той)

13.Үнемдеу,жинақ соммалары.

14.Жоспарланбаған шығындар.

Жауабы: 1,4,5,6,8,11,13-кірістер

2,3,7,9,10,12,14-шығыстар

Егер тең болса,тепе-теңдік жағдайда біреуі басым болуы да мүмкін

Жаңа тақырып бойынша тапсырма:

Отбасылық бюджетті есептеу.

Екі топқа бөлініп оқушылар ойларын ортаға сала отырып, бірінің пікірін бірі жалғап немесе толықтырса басқа оқушы оған кері пікірін қоса алады.

1.Үй бюджеті дегеніміз не?

2.Кірістер дегеніміз не?

3.Шығыстар дегеніміз не?

4.Тепе-теңдік жағдай дегеніміз не?

5.Ал егер біреуі басым болса ше?

Қорытынды:

Оқушылар отбасы бюджеті туралы түсінік ала отырып, үйге келтін кірістер мен шығыстардың орны мен оның орындалуы жайында өзінің қосқан үлесі мен шығыстарын есептеруге үйренді.Ақшың жұмысалу жолын түсінді.















































Тақырыбы: Ән-жұмбақ

Мақсаты: Оқушылардың бойына өнерге деген сүйіспеншілікті дарыту, музыкаға деген қызығушылықтарын арттыру, есте сақтау қабілеттерін нығайту, сөздік қорларын, жүйелі сөйлеуге дағдыландыру. Достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Түрі: Сайыс.
Көрнекілігі: Слайд, нақыл сөздер.
(Фанфар үні естіледі)
Жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар оқушылар және қонақтар! Сәлем достар! Бүгінгі «Ән жұмбақ» музыкалық сайысына баршаңызда қош келдіңіздер!
Әнді жанындай сүйген, әнді әлдилей білген халықтың бірі – қазақ елі десек, артық айтқандығымыз емес шығар. «Музыка — жүрек тілі, ол — сезімдер мен көңіл - күй әлемі. Ол дыбыстар арқылы бейнеленген жан сарайы. Егер сен музыканы түсініп сүйгің келсе — оны ыждағаттықпен тыңдай біл! Кейін сен оны міндетті түрде ұнататын боласың, бірте - бірте өзің белгісіз мезетте қалай үйренгеніңді де сезбей қаласың, жақсыны жаманнан айыра алатын боласың. Осылай етсең сенде тамаша талғам пайда болады» деп ғұлама Дмитрий Шостакович айтқандай ән өнері барлығымызға жақын өнер.
Жүргізуші: Бүгінгі сайысымызға қатысушы3«А»және 4 «А»класс оқушыларын ортаға шақырайық!
I - топ(4 бала)
II - топ(4 бала)
Сайысымызды бастамас бұрын сайыскерлерімізге әділ төрелігін айтар әділқазылар алқасымен таныс болайық!
1. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М. Халидуллина
2. Музыка пәнінің мұғалімі Н. Қарабалина
Жүргізуші: Олай болса құрметті сайыскерлер алғашқы айналымды бастаймыз. Бүгінгі сайыскерлеріміз алдымен өз топтарын таныстырады.
1.....2.....
І. Айналым:
Ережесі:
Мұнда бес тақырып беріледі. Тақырыптарды таңдап, сол тақырыптар бойынша берілген әндерді табу керек. Бұл жерде әннің музыкасын тапса - 1ұпай, авторын тапса - 2ұпай беріледі. Әнді тапса бірге шырқайды.
І айналым тақырыптары:
1. Би билейік дөңгелеп.(Айгөлек)
2Қиял әлемі.(Ертегілер әні)
3. Қонақжайлы халықпыз!(Дастархан)
4. Ән мен күйдің тірегі.(Домбырасыз сән қайда?)
5. Анашыма арнаймын!(Құттықтаймын мама туған күніңмен!)
Жүргізуші: Алғашқы айналым өз мәресіне жетті. Осы айналымның бағаларын білсек.
2- АЙНАЛЫМ!
ҚЫЗЫЛ - ДОМБЫРА - 2ҰПАЙ
ЖАСЫЛ - БАЯН - 1ҰПАЙ
1. Қошақаным қайда екен?
2. Жалқаубек.
3. Бала тілегі.(қосылып орындайды)
Жүргізуші: Құрметті достар, келесі айналымда сіздердің сөйлеу мәдениеттеріңіз, сөздік қорларыңның молдығы, жылдамдықтарыңыз сарапқа салынады. Келесі айналымға өтеміз.
Ережесі: Көріп тұрсаңыздар менің қолымдағы асықтарда әріп жасырылған. Алдымен екі топқа да 2 - әріп беріледі. Сол әріптен басталып, аяқталатын сөздерді айтуларыңыз керек. Екі топқа да берілетін әріп (Уақыты 1минут) қай топ көп сөз айтады сол топ жеңімпаз болып табылады.
Жүргізуші: Осы айналымда барлықтарыңызда өздеріңіздің жылдамдықтарыңыз бен және топпен ұйымшылдықтарыңызды көрсеттіңіздер. Рахмет. Олай болса осы бөлімнің бағаларын сұраймыз
СӨЗ ЖАРЫС НӘТИЖЕСІ.
Жүргізуші: Оқушылар, әуен мен сөздің байланысы бір - бірімен өте жақын, тығыз байланысып жатырғанын білеміз. Әннің қазақ өмірінде алатын зор маңызды басқа халықтан кездестіру екі талай. Қазақтар тіпті жай сабақты да балаларға ән көмегімен оқытады. Келесі бөлімде сіздер қазақ тілі пәнінен білімдеріңізді ортаға саласыздар. Үшінші айналым ережесіне құлақ түріңіздер!

ІІІ айналым.
Жүргізуші: Қазақ халқы ән мен жырға бай халық. Сонымен қатар, атадан балаға жетіп мұра болып келе жатырған қанатты сөздеріміз бен мақал - мәтелдерімізде баршылық.
Ережесі: Келесі бөлімде ән сөзі беріледі. Сол өлеңдегі асты сызылған сөздерге мақал құрастырып айтасыздар.
Атамекен
1. Жасыл жайлау - түкті кілем, көк кілем,
Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.
Айдарымнан сипап өткен самалды
Қазағымның алақаны деп білем.
Қ - сы
Қайда жүрсең, атамекен,
Көкейіңде жатады екен.
Күннің өзі қимай оны,
Ұясына батады екен.
2. Жасыл жайлау - түкті кілем, көк кілем,
Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.
Асқар тауың аспаныммен астасқан,
Қазағымның мәртебесі деп білем.
Қ - сы
3. Жасыл жайлау - түкті кілем, көк кілем,
Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.
Күннің нұрын, айдың аппақ сәулесін
Қазағымның махаббаты деп білем.
Жүргізуші: Балалар, сіздер осы кезеңге дейінгі бөлімдердің барлығынан да сүрінбей өтіп келе жатырсыздар. Бәрекелді!
Үшінші айналымда өздерін қалай таныта білді екен сайыскерлеріміз? Оны әділқазылар алқасының бағаларынан білейік
ІV. Айналым.
Жүргізуші:
Құр айқай бақырған
Құлаққа ән бе екен?
Өнерсіз шатылған,
Кісіге сән бе екен?- деп Ұлы ойшыл ақын бен музыкалық есту қабілеттеріңіз сынға түседі.
- Ақтық мәреге аяқ басайық!
Ақтық мәре. Екі топ бірге үнтаспадағы әуенге назар аударады, бірге тыңдайды, әндердің сөздері орындарын ауыстырып айтылады.
Ал 2 топ командасы сол әнді тауып алу керек.(Өз елім. Н. Тлендиев)
Қорытынды: Сөз кезегі әділқазылар алқасында.
Марапаттау:
Қорытынды.

Жүргізуші: Сайысқа қатысқан сайыскерлер сіздерге көп рахмет айта отырып, ұстаздар және келіп тамашалап, өз командаларыңызға жанкүйер болып келген көрермендер сіздерге де алғысымды білдіргім келеді.
Ән аманат сіздер үшін, бар болыңыздар, сау болыңыздар!















Тақырыбы: Жемқорлықтың жолын кес

Мақсаты: сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу ,олардың жолын кесу және мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың риясыз адалдығы үшін жағдайлар жасауға бағытталған заңдарға бағынудың маңызын түсіндіру, оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыра отырып, дүниетанымын кеңейту.

Түрі: сынып сағаты

Көрнекілігі: интерактивті тақта

Барысы

Мұғалім

Еліміздегі заңнамалық актілердің мақсаты – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кінәлілерді жауапқа тарту арқылы мемлекеттік органдардың, мемлекеттік міндеттерді атқаратын лауазымды және басқа да адамдардың, сондай-ақ, оларға теңестірілген адамдардың тиімді қызметін қамтамасыз етуге бағытталған.
Сонымен қатар, олар демократиялық негіздері, мемлекетті басқарудағы жариялылық пен бақылауды кеңейтуге халықтың мемлекет пен оның құрылымдарына деген сенімін нығайтуға, білікті мамандарды мемлекеттік қызметке кіруге ынталандыруға, мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың риясыз адалдығы үшін жағдайлар жасауға бағытталған.

Интерактивті тақтадан көрсетіп, 3 оқушыға оқыту.

1- оқушы

Сыбайлас-жемқорлық” деген түсінік мағнасына этимологиялық қарау мұны “параға сатып алу”, “пара” ретінде, "corruptio" деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді. Рим құқығында сондай-ақ "corrumpire" түсінік болған, ол жалпы сөзбен айтқанда “сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу” деген түсінік берген де, құқыққа қарсы іс-әрекетті білдірген.
2-оқушы

Орыс тілінің түсіндірме сөздігі сыбайлас-жемқорлықты пара беріп сатып алу, лауазымды адамдардың, саяси қайраткерлердің сатқындығы ретінде сипаттайды. ҚР “Сыбайлас-жемқорлықпен күрес туралы” Заңы сыбайлас-жемқорлыққа келесідей анықтама береді. Ол: “...мемлекеттік міндеттерді орындайтын адамдар, сондай-ақ соларға теңелген адамдар, тікелей өзі немесе делдал арқылы өздерінің лауазымды құзыреттерін және онымен байланысты мүмкіншілікті немесе өз құзыреттерін басқаша пайдаланып мүліктік пайда алу үшін заңмен қарастырылмаған мүліктік жайлылықты және артықшылықты қабылдау, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалармен аталмыш жайлылықты және артықшылықты оларға заңсыз беруге осы адамдарды парамен сатып алу”.
3-оқушы Сыбайлас-жемқорлықпен күрестің негізгі қағидаларына келесі жатады:
Баршаның заң және сот алдында теңдігі.
Бұл қағиданы сақтау және жүзеге асыру сыбайлас-жемқорлықпен күресте өте маңызды. Өкінішке қарай, заңнаманы таңдап қолдану өте жиі кездеседі, ондайда заң біреу үшін бар, басқалар үшін жоқ. Жеке соттар, мемлекеттік қызметшілер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері сондай-ақ сыбайлас-жемқорлыққа беттелген.
Бұл қағиданың сақталуының кепілі азаматтардың өздерінің белсенділігі болып табылады—сыбайлас-жемқорлық үдерістерді БАҚ-та жариялау, оның ішінде БАҚ, бұқара өкілдерінің сот үдерістерінде болуы; өтініштерді прокуратураға, экономикалық және сыбайлас-жемқорлық қылмыспен күрес жөніндегі Агенттікке және басқа құқық қорғау органдарына беру.

Мұғалім

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы Қазақстан Республикасының Заңы 1998 жылы 2 шілдеде қабылданған. Осы заң бойынша біраз жұмыстар атқарылуда бірақ соған қарамастан сыбайлас жемқорлықтың жасалуына жол беріліп, кінәлі адамдардың жауапкершілігін шешу бойынша сотқа істер келіп заң талаптарына сай жазаларын алуда. Сыбайлас жемқорлық ел экономикасының көтерілуіне үлкен кедергі келтіріп отырған
қоғамымыздың ең басты қауіп - қатерлерінің бірі болып табылады. Сондықтанда оны
болдырмау, алдын-алу мақсатында елімізде көптеген іс-шаралар жоспарланып,
жүзеге асырылуда. Алайда, жемқорлықпен күрес барысы күн сайын қарқын алып
келеді дегенімізбен, жегі құртқа айналған осы бір қатерлі дерттен бойын аулақ
ұстағысы келмейтіндердің қатары да уақыт өткен сайын көбейе түсуде. Жемқорлықпен күресуді бүкіл халық болып қолға алсақ қана тоқтатуға болады.

Интерактивті тақтадан Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын көрсету.

2012 жылдың 27 қаңтарында Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт кошбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Жолдауда Елбасымыз Қазақстан тәуелсіздіктің үшінші онжылдығына батыл қадам басқанын атап  өтті. Маңызды мәселе – құқық қорғау және арнаулы органдарды сапалы кадрлық жаңарту. Жаңғыртудың ең маңызды мәселелерінің бірі – сыбайлас жемқорлықпен кесімді күрес.

Біздің бұл бағыттағы іс-әрекеттеріміз мемлкееттік аппараттағы сыбайлас жемқорлық деңгейін едәуір төмендетті.

Бекіту

Заң алдында барлық адамдар .... (тең)

Заң барлығымызға....(ортақ)

Қорытынды

Оқушылар құқтық сауаттарын арттыра отырып, сыбайлас жемқорлықтың зиянын, ел болашағына қауіпті екенін түсінді және заңдарға бағыну мен заң шеңберінде қызмет істеу міндеттерін түсінді















Тақырыбы: Біздің толағайлар

Сабақтын мақсаты:

 Білімділік: Оқушылардың салауатты өмір салты жайлы білімдерін тереңдету,  адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екендігін түсіндіру , денсаулық сақтауға, тазалыққа, ұқыптылыққа, әдептілікке баулу, салауатты өмір салтын сақтауға тәрбиелеу. Лондон олимпиадасының жеңімпаздары туралы мағлұматтар беру

 Дамытушылық: Өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарауға , шығармашылық қабілеттерін дамыту, сөйлеу шеберлігін жетілдіру.

Тәрбиелік: Денсаулық сақтауға, тазалыққа, ұқыптылыққа, әдептілікке баулу, білімді, тәрбиелі, мейірімді, ұстамды, өзін-өзі тәрбиелей алатын жеке тұлға етіп қалыптастыруға тәрбиелеу.

Түрі : сынып сағаты

 Сабақтың көрнекілігі: интерактив такта, суреттер, бейне көрініс,жеңімпаздар туралы слайдтар

 Сабақтың барысы: Денсаулық – зор байлық және  адам  денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек .Отанымыздың келешегі, көркеюі, оқушылар, сендердің қолдарыңда. Сондықтан сендердің таңдауларың – салауатты өмір салтын сақтау!  Денсаулық – баға жетпейтін жалғыз ғана асыл дүние. Ол жақсы болу үшін не уақытты, не күш – жігерді, не еңбекті, тіпті барлық дүниені аямай жұмсау керек. Денсаулық үшін өмірдің бір бөлімінде қиюға болады. Денсаулық – адам өміріндегі ең жоғары бағалы дүние болғандықтан, әр адам баласы өз денсаулығына көңіл бөле қарау қажет, оны орынсыз ысырап етпеу керек, үнемі денсаулықтың қорын көбейтіп отыру керек .Біз денсаулығымызға немқұрайлы қарап, оған үлкен зиян келтіреміз. Әркім өзінің денсаулығының нашарлануына өзі кінәлі. Ауруды ағзаларға жолатпау, адамдардың өз қолында. Сол себепті, әр адам салауатты өмір салтын қалыптастыру керек. Салауатты өмір салтын ынталандыру әрқайсысымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, зиянды әрекеттерден аулақ болып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымыз қажет.

Олай болса бүгін біз Лондон олимпиадасының жеңімпаздарына тоқталайық                      

Лондондағы ХХХ Олимпиада ойындарының жүлдегерлері.2012 жыл

Лондонда өткен олимпиадалық ойындарда біздің құрама: 7 алтын,1күміс,5 қола жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте12 орынға шықты және алтын медальдар саны бойынша алғашқы ондыққа кірді.Бұл біздің еліміздің мақтанышы.

1-слайд: Александр Винокуров 

Александр Николаевич Винокуров 1973 жылы 16 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысының Бескөл кентінде туды.

2006 жылы «Вино» маңызды рөл атқарған Liberty Seguros-Würth тарағаннан кейін, оның негізінде «Астана» жаңа командасы құрылды.

Тур де Франс 2011жарысында  Винокуров 9-кезеңде күрделі жарақат алды. Жамбас сүйегі сынған деген диагноз қойылды.

Лондон қаласында 2012 жылы өткен Олимпиада Александр Қазақстанға алғашқы алтын медаль әкелді.

2-слайд:Зульфия Чиншанло

Зульфия Салахаровна Чиншанло 1993 жылы 25 шілдеде Алматы қаласында туды.

Чиангмэеда 2009 жылы өткен жасөспірімдердің әлем чемпионатында қола медаль алды.

Сингапурде 2010 жылы өткен жасөспірімдердің әлем чемпионатында күміс жүлде алды.

ҚР еңбегі сіңген спорт шебері. «Құрмет» орденімен марапатталған.

2012 жылғы 29 шілдеде Зульфия Лондонда өткен Олимпиада ойындарында алтын медаль ұтты, бұл арқылы ол өзінің әлемдік рекордын жақсартты.

 3слайд:Майя Манеза

Майя Салахаровна Манеза 1985 жылғы 1 қарашада Бішкекте туды. Майя ұзақ уақыт бойы Қытайда жаттықты. Қазақстанға ҚР ауыр атлетика бойынша бас жаттықтырушысы Алексей Нидің шақыруы бойынша келді.

63 кг-ге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді. Екі рет әлем чемпионатында жеңіске жетті  (2009, 2010).

Шынтақ жарақатына байланысты Майя 2008 жылғы Олимпиадаға қатыса алмады.

2011 жылы өткен әлем чемпионатында Майя Манеза күміс медальға ие болып, алтын медаль ресейлік ауыр атлет Светлана Царукаеваға бұйырды.

2012 жылғы Олимпиадада Манеза ресейліктен өз есесін қайтарды.110 кг жұлқа көтерумен және 135 итеруде әлем рекордын орнатып, Қазақстан құрамасының тағы бір алтын медаль сыйлады

4-слайд:Светлана Подобедова

 Светлана Николаевна Подобедова РКФСР Иркутск облысы Зиминск ауданының Зима станциясында туды. Ауыр атлетикамен 11 жастан бері айналысады.

2007 жылдан бері Қазақстанда тұрады және жаттығады.

Светлана Подобедова екі рет Әлем чемпионатында және Еуропа чемпионатында екі рет жеңіске жетті.

2010 жылы Подобедова планетаның үздік штангашысы деп танылды.

Подобедова сондай-ақ Қазақстанның ү дүркін жеңімпазы (2010, 2011 және 2012 жж), Азия жеңімпазы (2009 ж.) және Азия ойындарының (2010 ж.) жеңімпазы, 2011 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері болды.

XXX жазғы Олимпиада ойындарында екісайыс қорытындысы бойынша 291 кг көтеріп, Қазақстан құрамасының қоржынына тағы бір алтын әкелді.

Подобедова екісайыс қорытындысы бойынша әлем рекордын жаңартты (295 кг).

 5слайд:Илья Ильин

Илья Александрович Ильин. Қызыл Орда қаласында (Қазақстан) 1988 жылғы 24 мамырда туды, қазақстандық ауыр атлет.

2009 жылы Ильин жаттығуларын қайта бастайды және 2010 жылы Қазақстанның жеңімпазы және Азия ойындарының жеңімпазы атанады.

Қазақстанның 2011 жылғы жеңімпазы.

2011 жылғы Әлем чемпионатында Парижде жалпы сомасы 407 кг-мен (181+226) әлемнің үш дүркін жеңімпазы атанады.

2012 жылы Лондонда өткен Олимпиада ойындарында 94 кг-ге дейінгі салмақта әлем жеңімпаы атағын тағы бір рет ұтып алды, ол екі дүркін олимпиада жеңімпазы атанған бірінші қазақстандық болып табылады.

6-слайд:Ольга Рыпакова

 Ольга Сергеевна Рыпакова 1984 жылы 30 қарашада Өскемен қаласында туды.

2007 жылы Ольга Рыпакова Бүкіл әлемдік универсиадада жеңіске жетті. 2010 жылы үш рет қарғып секіруден әлем жеңімпазы болды.

Бейжіңде өткен Олимпиада ойындарында 4-орынға ие болды.

2012 жылы XXX жазғы Олимпиада ойындарында үш рет қарғып секіруден алтын медаль ұтып алды.

7-слайд :Даниял Гаджиев

Гаджиев Даниял Дағыстанда туды. Кизилюрт қаласында № 1 БЖСМ еркін күреспен айналысты.

Бірінші жаттықтырушысы – Н. Б.Курбанов. 

2001 жылдан бері Тверь қаласында грек-рим күресімен айналысты.

Ресейдің 23 жасқа дейінгі жастар жеңімпазы.

2011 жылдан бері Қазақстан құрамасында өнер көрсетеді.

Д.Тұрлыханов атындағы спорт мектебінде жаттығады (жаттықтырушысы — Тұрлыханов Марат Болатоұлы).Азияның лицензияланған Олимпиада турнирінің жеңімпазы.

2012 жылы 2 место на МТ Гран-при «Вэхби Эмре» Гран-при ХТ-да 2 орын (Түркия).

2012 жылы академик М.Сапарбаевты есепке алу ХТ-ның жеңімпазы.

Батыс Қазақстан облысының атынан өнер көрсетеді, Орал қаласында тұрады.


«Чемпиондар әні » (бейне көрініс)

Ән: «Көк тудың желбірегені»

Жаны сұлу, тәні сау ұрпақ саған аманат еткен тәуелсіз мемлекетіміздің алтын кілтін жоғалтпай, көк туын көкке қарай биік көтер! Сонымен ден сау болу үшін мына шарттарды орындап жүрейік.
1.Ерте тұру.
2.Орта тазалығын сақта
3.Үнемі денені таза ұстау.
4.Сергек жүру.
5.Артық тамақ ішпеу.
6.Спортпен шұғылдану.
7.Салауатты өмір салтын сақтау.
8.Зиянды нәрселерден аулақ болу.

Салауатты өмір салтын біздер сақтаймыз,

Жас ұландар ерініп бос жатпаймыз.

Болашақтың жарқын тұрған төріне

Дені сау ұрпақ салтанатпен аттаймыз

Қорытынды: Осымен бүгінгі өткізілген «Біздің толағайлар» атты сынып сағатымыз аяқталды.Біз жеңімпаздарымызды әрқашан мақтан тұтамыз.



















Тақырыбы : Күз аруы – 2013



Мақсаты : Қыз баланы ақылды да ибалы, сұлу да әдепті, мейірімді де қайырымды етіп, адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу. Жан – жақты қабілеттерін байқау.

Түрі : сайыс

Барысы

1.Сәлеметсіздер ме!

2.Біздің аса қадірлі ұстаздарымыз!

1.Сұлу да сымбатты қыздар!

2.Қонақтар.

1.Жанкүйерлер.

2. Қазақ қай заманда да қызының басынан құс ұшырмаған халық. Қыз - намыс. Қыз – ар - ұят. Қыз - ұлттың қызғалдағы.

1.Алаштың аспанын бұлт торлаған кезеңдер де алдаспандай жарқылдаған қазақтың асыл текті арулары. Алаштың ары - арулары.

2.Арулар асыл жандар

Шуақ боп шашылғандар,

Құшақ боп ашылғандар.

Арулар асыл жандардеп Мұқағали Мұқатаев өткен ғасырда қыз сұлулығы мен қылығы, ақылы мен көркін бейнелеп, жырын төгіп кеткен.

Бүгінгі өткізгелі отырған «Күз аруы» байқауының мақсаты: эстетикалық талғам мен адамгершілік танымдылықты қалыпастыру.

Олай болса арулармен таныс болайық. Алдарыңызда 2 сынып арулары.

Қошеметтеп қойыңыздар.

Аруларға ду қол шапалақ.

Енді құрметті қөрермендер, арулар қазылармен таныстырып өтейін.

Директордың оқу-тәрбие ісінің орынбасарлары: – Салықбаева Г.С

.Бүгінгі сайыс 4 кезеңнен тұрады.Олардың бағалануы:;

.Ерекше қабілеттілігін көрсете білу.

1.Сөйлеу мәнері.

2.Сахналық мәдениеттілігі.

1.Шаш үлгісі.

2.Киім үйлесімділігі.

1.Ізденісі мен шығармашылдығы.

2.Көрегендідігі.

Сонымен қатар:

Арулардың дайындығы мен көрсеткен өнерлеріне сәйкесті номинациялар беріледі.

Күз аруы атағы жеңімпаз қатысушыға беріледі.

1.Биязы ару, Көркем ару, Шығармашыл ару, Ізденімпаз ару, Мың бүралған биші, Сахна саңлағы, Сөз шебері, Күміс көмей әнші, Сахна шебері,

 Бірінші кезең – Таныстыру

Екінші кезең – менің арманым шығармашылық кезеңі





Үшінші кезең – сән үлгісі

Және соңғы кезең – ол өнер байқауы.

Олай болса бастайық.

 І Ендеше бірінші болып Айнұр,Рахмет.

ІІ.Келесі кезең өздерінің армандарымен таныстыру. қыздарға 3-4 минут уақыт беріледі.

Ендеше бірінші болып Қарақат.Көп рахмет. Өте қызықты кезең болды.

 ІІІ.   Келесі кезеңге қатысушылардың барлығын сахна төріне шақырамыз.

Сән үлгісімен таныс болайық.(музыка қосылады, қыздар жүреді)

І V.Бүгінгі байқаудың соңғы кезеңінеде жеттік өз өнерлерін аруларымыз көрсетеді

Ендеше бірінші болып Альфия

Рахмет. Қазыларды әділ қазылық жасап, қорытынды шығарғанша музыкалық үзіліс жасайық.

Қорытынды. Қыз балалардың ақылдылығы мен талғамына баға бере отырып, олардың жан-жақты жақтарын саралай келе қазылар алқасы барлық қыздарды номенациямен марапаттап оқуда сәттілік тіледі. 

 

 

 

 





























Тақырыбы: Мектеп ережесімен таныстыру

Мақсаты : Мектепте оқу – тәрбие үрдісінде жағымды жағдай жасау, мектеп маңы мен мектеп өмірінде оқушылардың өмір қауіпсіздігін сақтау, адами құндылықтарды сыйлауға, қоғамда өздерін таныта білуге дағдыландыратын мектеп оқушыларының тәртіп ережелерін таныстыру.

Түрі : сынып сағаты

Барысы

Мұғалім:

   Білім адамзаттың сарқылмас қазынасы. Адамзат тарихында ұлт болсын, ұлыс болсын, жеке адам болсын тек білім арқылы ғана өзінің көздеген мақсатына жетеді. Біліммен ғана басқалардан озады. Ұлы суреткер жазушымыз М. Әуезов: «Ұлт пен ұлтты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе білім» деп тегін айтпаған. Біз үнемі айтып жүретін, ойшылдық, көрегендік, адамгершілік, парасаттылық деген ұғымдардың –бәрі де біліммен тікелей байланысты. Адам бойында болатын тапқырлық, шығармашылық қасиеттері біліммен ғана кемелденеді. Білімсіз адамның бойынан бұл қасиеттердің бірін де табуға болмайды, болған күнде де жартыкеш, жансар күйде кездеседі.

Олай болса білім ордасы мектепте әр оқушының құқығықорғалып, негізіг ереже қабылданған болатын. Сіздердің назарларыңызға ұсынылады. Бұл ережемен таныса отырып оны сақтау сіздердің тараптарыңыздан сұралады.

1.Жалпы тәртіп ережелері.

·Оқушылар мектепке мектеп формасын киіп, таза күйінде сабақ басталар алдында 10 минут қалғанда кешікпей келулері керек.

·Мектепке кіргеннен кейін оқушылар сыртқы киімдерін және аяқ киімдерін шешіп екінші аяқ киімдерін киеді, шаштарын әдемілеп, киімдерін дұрыстап, сыныпқа кіріп оқу құралдарын дайындап мұғалімді күтіп отырады.

·Өртқауіпсіздігі, Жол ережелерін оқып, біліп және сол Ережелерді сақтауға міндетті.

·Оқушылар бір- бірімен достық, әдептілік, қайырымдылық қарым- қатынаста болу керек. Жаман әдеттерден аулақ болуы тиіс.

·Оқушылар, үлкен адамдарды сыйлауға, кішіге ізет көрсетуге оларға керек болғанда көмектесуге; мектептің, өзінің және басқаның мүлігін сақтап, ұқыптылықпен қарауға: мұғалімдердің және мектептің басқа жұмыскерлердің талаптарын орындауға міндетті.

·Оқушылар бір-бірін атымен атап, үлкен адамдардың тегін атап «сіз» деп және бөтен адамдарға да «сіз» деп сөйлеседі.

·Оқушылар үлкен адамдарға жол беріп; кішкентай оқушыларды алдымен жіберулеріп және де ұлдар қыздарға жол берулері керек.

·Бір-бірімен сөйлескенде бұзақы, бейбастақ сөздерді қолданбай, тіл мәдениетін сақтап сөйлесуі керек. Күш қолдану адамның ар-намысын қорлайды, сондықтан мектепте төбелесуге қатаң түрде тыйым салынады.

·Оқушыларға: сабақ кезінде мұғалімнің немесе оқу меңгерушісінің рұқсатынсыз мектептен және оның маңайынан, өз бетінше спорттық, мәдени және сыныптан тыс шаралардан кетуге болмайды; мектепте және оның маңайына жарылғыш, жанғыш, сұйық заттарды, пиротехникалық бұйымдарды, газ баллондарын, шылым мен спирттік ішімдіктерді, есеңгірететін және уландыратын заттарды әкеліп пайдалануға қатаң тыйым салынады.

Мектепте: оқушылардың өміріне және денсаулығына қауіпті болғандықтан, терезенің алдына мінуге, шкафтардың үстіне шығуға, баспалдақтың таянышымен сырғанақ тебуге, басқа оқушыларды итеруге; мектептегі шаруашылық бөлмелерінің есігін ашып-кіруге; электрлік шкафтарды ашуға ҚАТАҢ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ;

2.Сабақ кезінде.

Мұғалім сыныпқа кіргенде оқушылар орындарынан тұрулары керек. Олар амандасқаннан соң және мұғалімнің рұқсатынан кейін орындарына отырады. Осылай оқушылар сабақ кезінде сыныпқа кіріп келген әрбір кісімен амандасып қарсы алулары керек. Мұғалім немесе басқа адам сыныптан шыққаннан кейін де оқушылар орындарынан тұрулары керек.

Сабақ кезінде мұғалім сабақтағы тәртіп ережесін өзі орнатады.

Сабақ үстінде шулауға, өзі басқа нәрсеге алаңдап және де жолдастарын да сөзге тартып, ойынмен алаңдатуға болмайды.

Егер оқушы бірдеңе айтқысы, сұрақ қойғысы келсе, ол қолын көтеріп, мұғалім рұқсат берген соң сөйлеуі керек. Мұғалім басқа да тәртіп ережелерін қоя алады.

Сабақ аяқталған туралы қоңырау мұғалім үшін соғылады. Ол сабақ аяқталуының дәл уақытын белгілеп оқушыларға оның аяқталғаны туралы хабарлайды.

Егер оқушы мектептегі сабақты қалдырса, ол сынып жетекшісіне медициналық анықтаманы немесе ата-анасынан қысқаша хат әкелуі керек. Сабақты дәлелді себепсіз қалдыруға немесе сабаққа кешігіп келуге рұқсат етілмейді.

3.Үзілісте және сабақ аяқталғаннан соң.

Үзіліс кезінде оқушылар: өздерінің жұмыс орнын қалпына келтіріп қоюға; сыныптан шығуға; кезекші мұғалімдердің және де басқа жұмыскерлердің талаптарына бағынуға міндетті.

Үзілісте: терезе ойығы, шыны витрина немесе басқа да ойнауға арналмаған жерлерде жақын, бір-бірін итеріп, заттарды лақтыруға және күш көрсетіп жаман, былапыт сөздерді айтып қол сермеп, басқа қылықтар жасап шулауға, басқаларға демалуға, жұмыс істеуге кедергі жасауға болмайды.

Асханада болғанда оқушылар: ыстық және сұйық тамақ алып жатқан кезде жан-жағына назар аударып абай болулары керек; асханадан алған немесе үйлерінен алып келген тамақты асхананың ішінде ғана жеулері керек; мұғалімдердің немесе асхана жұмыскерлерінің талаптарына бағынады: тамақты кезекпен алады:

4. Мектеп маңайындағы тәртіп.

Мектеп маңайы мектептің бөлігі болып есептеледі (мектеп учаскесі).

Мектеп учаскесінде оқушылар: оның алаңының шегінен шықпай; жалпы тәртіп ережелерін сақтап жүрулері керек.

5.Соңғы ереже.

Осы Ережені және мектеп Жарғысын бұзғаны үшін, оқушыларға мектеп Жарғысында қарастырылған тәртіп және тәрбиелеу шаралары қолданылады.

Қорытынды

Оқушылар мектеп ережесімен таныса отырып оны сақтау өздеріне және мектеп оқушыларына қауіпсіз екенін түсінді және оны сақтауға келісіп өз ұсыныстарын да білдіріп, қанағаттанатындықтарын көрсете білді.

























































Тақырыбы: Аулақ бол, жаман әдеттен.

Мақсаты:

Оқушыларды жаман әдеттен аулақ болуға, үлкенді сыйлауға, кішіге
қамқор болуға үйрету.Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру.
Әдептілікке, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Көрністерге қажетті құралдар, макеттер, интерактивті тақта.
Түрі: Сынып сағаты
Барысы:
І Кіріспе.
Адам бойында жақсы-жаман қасиеттер болады. Бізге адалдықты, кішіпейілділікті, инабаттылықты, шыншылдықты ата-аналарымыз, ата-бабаларымыз, ұстаздарымыз үйретеді. Алдымен бұл қасиеттер біздің бойымызға ананың ақ сүтімен дариды.
Сондай-ақ адам бойында жаман, жат, теріс қасиеттер де болады.
Ол қандай қасиеттер, одан қалай сақтанамыз, оны бүгінгі «Аулақ бол , жаман әдеттен» атты сабағымыздың барысында білетін боламыз.

ІІ Негізгі бөлім.
1.Атасына келді де,
Сұрады сәби немере.
Жақсы деген немене ?,
Жаман деген немене ?.
(Тақтада жазылған адам бойында болатын қасиеттерді «жақсы», «жаман» деп бөледі.)

2.Абай атамыздың «Адам болам десеңіз» өлеңі жатқа оқылып, бес асыл іс пен бес дұшпанды ажыратады.
Үш артық: адалдық, еңбексүйгіштік, өнерпаздық.
Үш кемдік: надандық, еріншектік, зұлымдық. (Абай)

3.Көрініс «Үш ұл»
Талдау жүргізіледі.
Екі баланың осындай болуына не әсер етті деп ойлайсыңдар?
Үшінші балаға мінездеме беріңдер.(Үлкенді сыйлайтын, еңбекқор, адамгершілігі мол бала)
«Жалқаубек» әні орындалады.

4.Айтыс. «Не жақсы?» , «Не жаман?»
5.Сурет бойынша әңгіме «Екі дос»
6.Жұмбақ шешу.

Дәптеріне әріпті
Қаздай тізіп жазатын,
Үйді таза сақтайтын,
Кітаптарды шашпайтын баланы кім дейміз? (ұқыпты)
Түймесін де қадайтын,
Сабақтан да қалмайтын,
Еденді де жуатын
Еңбекті қатты сүйетін баланы кім дейміз? (еңбекқор)
Қол ұшын беріп,
Көмегін де аямайтын.
Қызығына қуанып,
Ренжи қалса , жұбататын адамды кім дейміз? (дос)
Ән де айта алатын,
Би де билеп беретін,
Домбырада күй ойнап,
Сурет сала білетін баланы кім дейміз? (өнерлі)
Жаны үнемі жадырап,
Күлімсіреп қарайтын,
Жылы сөздер айтатын,
Жүрегі жұмсақ адамды кім дейміз? (мейірімді)
Үлкеннің жолын кеспейтін,
Сәлем беріп жүретін,
Кішіге ізет білдіріп,
Қамқоршы бола білетін баланы кім дейміз? (әдепті)

7. «Мен қандаймын?»
Балалар күннің суреті салынған параққа өздерінің бойында қандай қасиеттер барын
жазады.

8. «Ыстық орындық»
Ортадағы орындықта бір оқушы отырады. Басқа оқушылар сол баланың бойында бар
қасиеттерді айтады.
Ол баланың өзі жазған пікірімен салыстырылады.

9. «Халық тағылымы»
Тыйым сөздерді оқушылар кезектесіп айтады.

10. Көрініс «Бақша ағаштары»
Талдау жүргізіледі.

ІІІ Қорытынды.
Интерактивті тақтада жаман -жақсы қасиеттер суреттер арқылы салыстырылып берілген.
Адам бойында болатын қасиеттердің ұнамды, ұнамсызын ажырата білейік.
Ата –анамыздың, ата-әжелеріміздің және ұстаздарымыздың айтқан ақыл кеңесін ойымызға тоқып, жаман әдеттерден аулақ болсақ, болашағы жарқын, адамгершілігі мол адам болып өсеміз.

































Мақсаты: Әр ұлттың тарихи дамуында ерте заманнан қалыптасып,бірге жасап келе жатқан рухани асыл мұрасы,әдет-ғұрпы,салт-дәстүрі бар. Халқымыздың әдет-ғұрып,салт дәстүрі жеткіншек ұрпақты адалдыққа,адамгершілікке, жақсылыққа үндеп,олардың сан-сезімін,дүниетанымдық қабілетін дамытуды көздейді.

Мұғалім: сабағымызда ата-бабамыздың ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып,кейінгі ұрпаққа жеткен мұрасымен тереңнен танысамыз. Атамыз қазақ бір ауыз сөзбен қуантып,бір ауыз сөзбен жауын орнынан тұрғызбай тастаған шешен,қайсар,кеңпейіл,дархан халық болған Бүгін көптеген аталы сөздермен,ақылдың кені бабалар өсиетімен танысамыз.

Өлеңді мәнерлеп оқу

1оқушы: Ата-бабам ардақты,

Жамандыққа бармапты.

Ардақ тұтып үлкенді;

Ата жолын жалғапты.

Кең даланың ежелгі,

Қазақ деген халқымыз

Өзге ұлттай біздің де,

Бар дәстүр мен салтымыз.

  2оқушы: Тілім бар да, қазағым бар,халқым бар

Дәстүрім бар,ата жолы ,салтым бар

Кең даладай жиналмаған шалғайы,

Аңқау,ашық мінезім бар аңқылдақ

Көк байрағым,ар-намысым,жігерім,

Әнұраным-қайрат күшім,тірегім

Елтаңбамда-бүкіл елдің тарихы,

Тұрмыс-салтым,тағы сонда білемін.

  Мұғалім:

Ақылды да,дана халқымыздан бізгі не қалған?

1.Шешендік сөз нәрі 2.Салт-дәстүр нәрі 3.Ескірмейтін ескі сөз 4. Мақал-мәтел 5. Дастарқан дәмі

І бөлім.

Шешендік сөз нәрі деп аталады. Осы бөлімінің негізін бастамас бұрын мынадай сауалдарға жауап берейік.

1.Шешендік сөздермен ғасырлар бойы аңыз болған ауыз әдебиетінің қандай кейіпкерін білесіңдер?

Жиренше шешен,Аязби,Алдар көсе,Тазша бала

2.Қазақ халқында «тілдің майын тамызып,сөздің балын ағызып» сөйлейтін талай мықтылар болған. Олар білесің бе ?

Төле би,Әйтеке би,Қазыбек би,Бұхар жырау, батырлар.

Ортаға шешен шығып,оқушыларға сұрақ қояды.

Шешен:

1сұрақ: Дүниеде не қымбат?

Алтын ұяң –Отан қымбат,

Құт берекең-атаң қымбат.

Аймалайтын анаң қымбат

Кіндік кескен жерің қымбат

2сұрақ: Балдан тәтті небар?қылыштан өткір не? Удан ащы не?

Балдан тәтті-бала

Қылыштан өткір-тіл

Удан ащы-бейадеп ауыздан шыққан сөз.

II бөлім салт-дәстүр нәрі- «жарасып тұр дәстүрім» атты көрініс.

 1. Сүйінші! Ауылдан әжем келді! 

 Сүйінші сұрау шын қуанғандықтын белгісі. Қатты қуанып тұр екенсің . Мә, сыйынды ала ғой.

2. Айзат, артыңа жасырып тұрған не нәрсе?

Байғазы берсең, көрсетем.

Байғазы балалардың жаңа киімі шін берілетін сыйы. Байғазы сұрағанның артықшылығы жоқ. Міне, саған жаңа асығымды берейін, көрсетші.

III бөлім - «Ескірмейтін ескі сөз»

Мұғалім: бұл бөлімге даярлану өздеріңе тапсырылған. Күнделікті өмірде ата-әжелерің, ата-аналарың айтып отыратын тыйым сөздер айтамыз.

1.    Отқа түкірме, су құйма.

2.    Мал сүйегін отқа жақпа, ақты төкпе

3.    Пышақтың жүзін жалама, пышақты кезенбе. Себебі пышақтың ұшы ұзарып кетеді

4.    Үйге қарай, үйді айнала жүгірме.

5.    Дастарқанды баспа.

6.    Малды теппе.

7.    Суды сапырма, түкірме.

8.    Көкті жұлма.

9.    Босағаны керме.

10.          Табалдырықты баспа, отырма.

11.          Түнде үй сыпырма, тырнақ алма.

12.          Бетіңді баспа.

13.          Тізеңді құшақтама.

14.          Өтірік жылама.

15.          Сыпырғышты тік қойма.

Мұғалім: Тыйым сөздерінің мәні неде?

Оқушы: Қазақ халқы осындай ырымдар мен тыйымдар арқылы ұл-қыздарының оғаш та осал қылықтарын сынап,тыйым,тәртіпке салып тәрбиелеген.

Мұғалім: Енді осы тыйым сөздерді топтастырып,реттейік.

Мәдени гигиеналық машығын қалыптастыратын тыйымдар:

-         Шелектегі суға аузынды салма

-         Саусағынды аузына салма

-         Баскиіммен ойнама

-         Таңдайынды қақпа

-         Басынды шайқама

-         Жағыңды таянба

Экологиялық тәрбие беретін тыйымдар:

-жалғыз ағашты кеспе

-көкті жұлма

-малды теппе

-сұға дәрет сындырма

-құстың ұясын бұзба

  Баланы қауіптен сақтандыратын тыйымдар:

  -       Отпен ойнама

-         Оттан аттама

-         Пышақты шалқасынан қойма

-         Пышақтың жүзін жалама

-         Түнде сүға барма

-         Аяқ-қолынды жіппен байлама

  ІV бөлім мақал-мәтелдер:

  Оқушыларға таратпа материалдар таратылып,мақалдың басы жазылған оны аяқтау қажет.

1.Жақсыдан үйрен (жаманнан жирен)

2.Жақсы туса-ел ырысы

(Жаңбыр жауса –жер ырысы)

3.қызым саған айтам

(келінім сен тында)

4. дария жанынан

(құдық қазба)

5.Сумен ойнама батарсың

(отпен ойнама жанарсың)

6.Жасында қылжың болсаң

(қартайғанда мылжың боласың)

7.Анаң болса,аялай сөйле

(балаң болса,абайлап сөйле)

8.Ақылды кария (ағып жатқан дария)

9.Әке –асқар тауың(ана-шалқар көлің)

10.Ағасы бардың –жағасы бар

(інісі бардың –тынысы бар)

11.Үлкенді сыйласаң-қадірлі боларсың (кішіні сыйласаң-құрметті боларсың)

12. Іздеген (мұратына жетер)

13.Жылы-жылы сөйлесең (жылын інінен шығады)

14.Атаның баласы болма(адамның баласы бол)

15.Туған жердей жер болмас(туған елдей ел болмас)

Мұғалім:

Құрметті оқушылар,бүгінгі тәрбие сағатымызда ата-баба дәстүрі бойынша білімдеріне көрсете білдіңдер

Сайлаубек : Іс тыңдырсаң аптықпа,

Өлшеп пішіп,асықпа!

Даналардың сөзі-ақыл,

Зер салсаң зердеңе қонар.

Басыңа түссе қара түн

Нар түйеше көтергін

Тағдырына тап болса

Қиындыққа қарсы түр.

Мұғалім:

Жомарттық-жүрек қуанышының шыңы,

Қайырымдылық-адам көркі,ал білім-оның байлығы дей келе халқымыздың әдет-ғұрып,салт дәстүрі жеткіншек ұрпақты адалдыққа,адамгершілікке, жақсылыққа үндеп, сан-сезімін,дүниетанымдық қабілеттеріңізді дамытып, түсініктеріңіз толықты деп ойлаймын.Бүгінгі әдеп сабағымыз аяқтайық! Сау болыңыздар!

































Тақырыбы: Білім көзі- кітапта

Мақсаты: Кітап –сарқылмас рухани қазына дей келе,білімнң кітап арқылы берілетінін ұғындыру.Кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру.Кітапқа деген қызығушылығын арттыру.Оқулықтарды күтіп ұстауға үйрету.
Көрнекілігі: Кітап жайлы жазылған нақыл сөздер плакаттар,суреттер.

Түрі: әңгіме

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Мұғалім:

Кітап та алма ағашы,

Жемісін біздер теретін.
Тәтті алмаға балашы,

Кітабыңның әр бетін,-деп Мұзафар Әлімбаев атамыз жырлағандай әдеби кітаптар мен оқулықтар сендерге білім көзі,рихани қазына.Біз кітап арқылы бастауыш мекиептің өзінде-ақ бүкіл адамзат өмірімен танысамыз.Кітап білімімізді молайтады,кітаптан көп өнеге мен тәрбие аламыз.Оқығаның,тоқығаның көп болса жеңбейтін жау,алынбайтын қамал жоқ.Дана халқымыз «Білекті бірді жығады,білімді мыңды жығады» деп бекер айтпаса керек деп бүгінгі 2-сынып оқушылары дайындаған «Білім көзі –кітапта » тақырыбында әңгіме өрбітеміз

Құдайберген:

Кітап-рухани азық.Кітап адамның дүниетанымын кеңейтеді.Біз кітап-пен күн сайын кездесеміз.Ертегі,әңгімелермен сыр шертетін кітаптар  біздің ең жақын ақылшымыз.

Динар:

Кітап шығару үшін көптеген адамдар еңбек етеді.Біз кітапты қалай ұстауымыз қажет?

Альфия

Кітапты жыртпай,кірлетпей,бүлдірмей таза ұстап,оқыған кезде мәнерлеп оқу керек.

Мұғалім:Балалар бүгін бізге қонаққа Кітап келіп отыр.Кітапты ортаға шақырайық. 

Кітап: Балалар, мен білім көзі-Кітаппын.Мені жасау үшін көп адам еңбек сіңірді.Балалар кітап қайдан шығатынын білесіңдер ме?

Балалар: Ағаштан

Мұғалім:Кітап шығару үшін көп еңбек сіңіреміз.Кітап сен бізге қонақ болып ,балалардың білімін тамашала.

2. «Науқас кітап» көрініс

Оқушы:Сәлеметсіз бе,дәрігер?

Дәрігер:Сәлеметсіз бе?

Оқушы:Дәрігер,мен сізге кітабымды әкелдім.Ол қатты науқас.

Дәрігер:Жарайды алдымен диагнозын анықтап алайық.

Оқушы:Мен үйде жоқта кішкене балалар ұстап осындай күйге жеткізіпті

Дәрігер:Мұңайма,кітабыңды емдеп жазамыз.Кітабыңа су тиген,беттері жыртылған.

Кітабыңды түптеймін,жыртылмасын.

Мұқабасын бүкпеймін,қырқылмасын.

Таза болсын беттері ,кірлемесін.

Көрген адам кітабың кір демесін.

Мен мынандай кеңестер жазып беремін,үнемі есіңе сақтап жүр.

Оқушы:Жарайды дәрігер кеңестеріңізді үнемі есте сақтаймын.

Дәрігер:Жазылып кетіңіздер!Сау болыңыздар!

Оқушы:Сізге көп рахмет!Сау болыңызІ

Мұғалім:Балалар,дәрігер апайымыз айтқандай,кітаптарда ауырады екен.Сол зиянды болдырмау үшін мынандай ережелер бар екен

1.Кітаптың бетін шимайлама.

2.Кітапты бүлдірмей,жыртпай таза ұстау керек.

3.Кітаптың беттерін бүктеме!

4.Кітаптың мұқабасын тыстып қой!

5.Кітапханадан алған кітапты уақытымен қайтар!

6.Кітап бетіне сурет салма!

Мұғалім:Балалар,кітап туралы жазған ұлы ғұлама ақын,жазушыларымыздың қандай нақыл сөздерін білесіңдер.

Қарақат:Кітап маған тақтан да қымбат.Шекспир.

Гүлден :Артық ғылым кітапта,

Ерінбе оқып көруге.Абай.

Айару :Жақсы кітап-ақылды адамның әңгімесімен  бірдей.Толстой

Нұрдәулет:Кітап-мұхит,сол мұхиттан не терең?

Мен біліммен ылғи дос боп өтер ем!

Ернар: Мен бай болсам,тек қана кітап сатып алар ем.

Абылай :Кітап-әлемдегі құпиялы ұлы ғажайыптардың бірі.Горький.

Сайлаубек:Кітап-асып-таспайтын асыл досымыз.Гюго

 Мұғалім:Рахмет,балалар.Енді мен  сендерге жұмбақ жасырайын.

Ұсынған қойнынан,

Білімнің үлесін.

Шықпайды ойыңнан,

Досың ғой білесің.

Бұл не?
Кітап

Бірінші әрпі-көзде бар,мұрында жоқ,

Екінші әрпі- тісте бар,бұрымда жоқ.

Үшінші әрпі-бетте бар,білекте жоқ,

Төртінші әрпі-құлақта бар,жүректе жоқ.

Бесіншісі- «П»әрпі ақырғысы

Жұмбақ шешкен баланың ақылдысы.

Кітап

Бір қойым бар,қаны жоқ.

Қанатының саны жоқ.

Адамменен сөйлесер,

Ақылы бар,жаны жоқ.

Тілі бар да үні жоқ.

Өзін адам түсінген,

Жүрегі бар қаны жоқ.

Сөйлей туған ішінен.

Кітап

Мұғалім:Ұлы адамдарымыз  кітапты жоғары бағалаған.Алғаш қазақ балаларына арнап «Әліппе» оқулығын жазған кім?Оның балаларға арнап жазған өлеңін кім біледі?

Би «Қара жорға» (Гүлден, Құдайберген, Айару )

Хор: «Әліппе»

Мұғалім:Балалар бүгінгі әңгімемізден көп нәрсені үйрендік.Кітап балаларға білім беруде,жан-жақты тәрбие беруде әр түрлі әдеби шығармалармен таныстырады.Сондықтан «Кітап-білім бұлағы» деп бекер айтылмаған.

-Біз кітапты қалай ұстаймыз?

Бөбектерім оқы,ойна,

Оқу білім саған пайда.

Кітабыңның шетін жыртып,

Сияменен бояп қойма-дей келе Асыл қазына -кітапқа арнаған, осы тақырып та әңгіме қозғап, ой бөліскен оқушыларға алғысымзды білдіре отырып, өзіміз түйген ойымызды өмірде пайдаға асырып, іні-қарындастырмызға айта жүреңіздер, оқулықтарыңызды күтіп, таза ұстаңыздар дей келе бүгінгі сынып сағатымызды аяқтаймыз!


















Тақырыбы: Қазақ халқының қасиетті қағидасы

Мақсаты:

Оқушыларға қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпының тәрбиелік мәнін ұғындыру,баланың бойына адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру,халық өнегесін үйрету;

Көрнекілігі:суреттер,ұлағатты сөздер жазылған плакаттар,ұлттық бұйым көрмелері.

Түрі : әңгіме

1-оқушы :

Ата салтым –асыл мұрам, ардағым,

Бабалардың жалғастырар арманын.

Сан ғасырда қалпын бұзбас қадірім,

Өткенімді бүгінменен жалғадым.

2-оқушы:

Қазағымның салт-дәстүрі жаңғырған,

Тәлімді ой сынағы, тәрбие көзі қалдырған.

Салт-дәстүрді ардақтайық, ағайын.

Қазақ атты үлкен, кіші, балдырған.

3-оқушы:

Жиналыппыз,сәтті күні бәріміз де,

Үлкен, кіші, жасымыз,кәріміз де.

Төрлетіңіз,қадірменді қонақтар,

Гүл-гүл жайнап мына біздің төріміз.

 Мұғалім:Өнерлі халық- өміршең халық,қазақтың әдет-ғұрпына,салт-дәстүрлеріне бағытталған «Қазақ халқының қасиетті қағидас»атты сынып сағатын бастаймыз.

Сынып сағатымызда салт-дәстүрлер туралы қысқаша мәлімет беріп кетсек. Салт-дәстүрлерінің ішіндегі бала тәрбиесіне байланысты тәрбие дәстүріне тоқталсақ.

Тәрбие дәстүрі.

Салт-әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс-тіршілігіне,ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып,өмірдің өзі туғызған ғұрыптар тұғырының негізі.Қазақтың бірнеше салттарын атап өтсек.

Оқушыларға интерактивті тақтадан суретті көрсете отырпы, оның қандай дәстүр екенін айтқызу

1.Шілдехана(салт).жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын ойын-сауық, той.

2.Кіндік кесер(салт). Нәресте туған сәтте оның кіндігін әйелдер(кіндік шешесі) дайын тұрады.Кіндік кесу-мәртебелі, абыройлы іс.

3.Бесікке салу(салт). Жаңа туған баланы бесікке салу. Бесік қасиетті,киелі, құтты мүлік, сәбидің алтын ұясы болып есептеледі.

4. Қырқынан шығару(салт). Баланың туғанына қырық күн толған соң оны ыдысқа қырық қасық су құйып шомылдырады.ол сәбидің жан-жүйесінің қалыптасып дені сау болып өсуіне деген ақ тілектен шыққан.

5.Тұсау кесер(салт).Сәби қаз тұрғаннанкейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып.

Ғұрып.Қазақтың өмір салты, өрен салты т.б. қолдану мен дәріптеуді ғұрып дейміз.

Қазақ халқында қалыптасқан бірнеше ғұрыптар:

1)Ат қою(ғұрып). Қазақ халқы жаңа туған сәбиге жақсы есімдер мен әйгілі адамдардың атын қойған.Сонымен бірге бала есімін беделді кісілерге қойғызып батасын алған.

2)Айдар(ғұрып). Балалардың төбе шашын ұзартып өсіріп қояды.

Бұл ғұрып ер балаға жасалады. Сәбилерге шаш орнына кекіл, тұлым да қойылады.

3)Кекіл (ғұрып). Жас балалардың шашын ұстарамен алып тастайды да маңдайына бір шөкім шаш қалдырып, оның жиегін тегістеп қиып қояды. Оны «кекіл»дейді.

2) Базарлық(дәстүр) -алыс сапарға шыққан адамдардың жақындарына (жерлес,көрші-көлем,жас

балалар, сыйлас адамдарына) әкелген сыйлығы.

3)Тілашар(дәстүр).Баласы 7 жасқа толған соң балаға жаңа киім кигізіп,оқу жабдықтарын дайындап,шағын той өткізеді.Мұны «тілашар»тойы деп атайды.

Бала: Сүйінші,сүйінші.дүниеге сәби келді.

Әжелер: Ой айналайын балам, бұл қуанышты хабар ғой. Сүйінші сұрау-шын қуаныштың белгісі.Қазақ сүйіншіден нені аяған.Мінеки сүйіншіңді ала ғой.Оқушы:Балаға қандай ат қойсақ болады екен?

Қане қазақтың ғұрыптарының бірі «Ат қою»рәсіміне кезек берейік

( «Балаға ат қою» рәсімі жасалады.)

Оқушы

Ата дәстүр абырой көтергенде,

О, бұл сөздер сүйектен өтер демде!

Тоқталамыз енді біз, ал халайық,

Қанатты сөз, мақал мен мәтелдерге.

«Сөздің көркі –мақал»деген ұғым бар.Біздің ойынымыз қыза түскен тәрізді. Мақалдап сөйлеу жарысына да кезек берейік. Қане екі жақтан жарысқа кім шығады?

1. -Ассалаумағалейкүм, қарсыласым. «АРыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы шал сәлем береді» деген, сәлем беруге келдім.

2. -Амансың ба, достым? «қуыс үйден құр шықпа» деген, тізеңді бүгіп дәм ауыз ти.

3. — «Сыйлап берген су, сатып алған балдан артық»дегендей жайғассақ жайғасайық.

4. – «Сыйға сый, сыраға бал» демекші өткенде өздеріңеде риза болып қайттық қой.

5. –«Аз да бітер, көп те бітер, татулыққа жетер» демекші татулық пен ауызбіршілікке не жетсін.

6. -«Төртеу түгел болса алар, алтау ала болса алдырар» деген ғой, о не дегеніңіз.

7. -«Бірлік түбі – тірлік» деген ғой бабаларымыз, бірлік болсын.

8. -«Биік төбеге шықсаң, көзің ашылады, жақсымен сөйлессең, көңілің ашылады» дегендей көңіліміз марқайып қалды ғой.

9. — «Әңгіме әңгіме дегізер, әңгіме бұзай емізер» демекші қой қайтатын, мал келетін уақыт болды.

10. — “Тау тауға косылмас, адамға адам косылар” деген, элі кездесерміз, cay бол!

 Мұғалім Қарап отырсақ казактың мақалдап сөйлеген сөзінің өзі бір шырайлы, тәрбиелік мэні зор, астарлы. Бұған осы көріністен-ак көз жеткізген боларсыздар.

 Мұғаліміздерге де көңіл сергіту сэтімізде сізгерге кояр тапсырмамыз: мына үзік-үзік сөздерден макал құрастыру керек.

  1. Ұяда… ұшқанда …

(Үяда не көрсең, үшцанда соны ілерсің)

  1. Ата… бала…

(Ата — бэйтерек, бала жапырақ)

  1. Ер … ез …

(Ер бір өледі, езмыц өледі)

  1. Өле… бөле…

(Өле жегенше бөле же)

  1. Таяқ… сөз…

(Таяқ ештен өтеді, сөз сүйектен өтеді.)

  1. Мал… жер…

(Мал бащандікі, жер жыртқандікі)

  1. Тентек… акыл…

(Тентектің ацылы түстен кейін кіреді)

  1. Сүйіндіреді… күйіндіреді…

(Жақсы сөз сүйіндіреді, жаман сөз күйіндіреді)

  1. Мысык… тышқан…

(Мысыцца ойын керек, тышцанга өлім керек)

  1. Мектеп… білім…

(Мектепкеме, білім — теціз)

Қорытынды “Мұра” деген үғымға Манаш Қозыбаев ағамыз былайша түсініктеме береді: “Байтақ қазақ жері Отанымыз, көшпелі өркениет, мемлекеттік дәстүріміз, салт-санамыз, таңғаларлық қонакжай, кең пейіл, ата сыйлаған, ана сыйлаған мейірбандылығымыз, бір өзі талай Гомерлерді тудырған ұлылар галереясы, сайын даланың сақшысы, жерінің құтын, тәуелсіздігін қорғаған қайраткерлер, дамыған әдебиетіміз, қүлашын әлемге сермеген мэдениетіміз, тіліміз, дініміз — осының бәрі халық мұрасы.Бір ғажап қазына — азаматтық парасат, тарих алдында адал болу, ата рухын сақтау, туған жердің алдындағы парызын ақтау ата өсиеті болып танылған.

Ары таза, Отан деп шырылдап, жанын шүберекке түйіп шейіт болып кеткен халық перзенттерінің істері1-халық мүрасының асылы, үлттық мақтанышы. Біз осындай есімі даңқты ата-бабаларымыздың осы күнгі мұрагеріміз. Сондықтан қазақ халқының қағидаларын сақтап ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отыруымыз қажет.





Тақырыбы : Біз ұлдар мен қыздармыз

Мақсаты: Өмірлік дағдыларды меңгерту, бір-бірімен жағымды қарым-қатынаста болу, адами іс-әрекет жасау тәжіребиесін қалыптастыру. Оқушылар бойында әдептілік қасиеттерді дамыту, ұлттық салт –дәстүр, әдеп -ғұрыптармен байланыстыра отырып қазақ қызы мен ер баланың бойына өнерлік, тәлімдік қасиеттерді сіңіру.

Көрнекілік: Слайд нақыл сөздер, қол өнер көрмесі,алтын теңге, қыран құс.

Түрі: тренинг

І Ұйымдастыру.

Мұғалім:

Қыз бала мен ер баланы тәрбиелеуге халқымыз ерте заманнан бері ерекше мән беріп келеді. Қыз бен ер құрметтеп, олардың алдында дөрекі сөйлемей ізетті болуды ,ер тұрман әшекейленген сұлу жорғаларды , қыздарына қарындастарына мінгізуді, киімнің сәндісін, алтынды бұйымдардың жақсысын қыздарына тарту етуді дәстүрге айналдырады.

Қыз өссе-елдің көркі, гүл өссе жердің көркі дей отырып осы қызғалдақтай өсіп келе жатқан гүлдің мезгілсіз солып қалмауына қамқорлық жасаған.

Біздің ата-бабаларымыз осындай тәрбиелік зор әдеп-ғұрыптарды атадан балаға мұра етіп қалдырып келеді. Қыз бен ер баланың тәрбиесіне бүкіл ел болып сонымен бірге ата-анасыда үлкен мән береді. Олар қыздарын тұрмыстық мүліктерді даярлауға үйретіп, жүн түту, жіп иіру,кілем тоқу, көрпе көктеу, киім тігу т.б өнерді ойлап бөгде босаға бармай тұрып-ақ үйреткен.

Ертеде қыз жеті жасқа толысымен аналары қызының белін белбеумен буып қоятын. Он екіге келгенде қызының төсегіне дәл жауырынының астына келетіндей етіп, қос арқан керіп, соған жатқызған. Сондықтан ежелден қазақ қыздары аршын төс,сымға тартқан күмістей сымбатты болып өскен.

Нұрдәулет:

Нағыз адамға (ұл мен қызға) тән қасиеттер.

1. Ұғымды,ойлы ететін зерде- зейінің.2. Сені өрге сүйрейтін -өнер- өрісің.3. Тек ілгері бастайтын-талабың.4. Ешқашан алдамайтын- тапқырлығың.5. Қиындықта саналатын-қайратың.

6. Бәріненде күшті –білімің.

 Альфия:

Жігіттің жолын кесіп, аяғына тұсау болатын жаулары:

1. жалқаулық 2. Аңқаулық 3. Жасқаншақтық 4. Пасықтық 5. су жұқпас суайтық 6. өсекшілдік

7. мылжыңдық

Осы қысқа өмірде орын толмас үш нәрсе бар. Ол- ата,ана, бала. Бір ұрпақ келіп, бір ұрпақ кетеді.

Бірақ жер бетінде өмір өлмейді.

Ата-ана асқар тауың, айналып өтсең жаман, асып түссең жақсы.

Есенжан :

Қыз емес,қыздың аты қызыл алтын,

Көрінер туған айдай жүзі жарқын.

Үлкеннің алдын сөз сөйлемес,

Халқымның сақтай білген ізгі салтын-дегендей біздің халқымызда қыз деген сөздің өзі әдеміліктің, әдептіліктің,жан-жақты сұлулықтың рәмізі ретінде қолданыла.

Айнұр:«Қыздың жиған жүгіндей», «Қыздың тіккен кестесіндей »деген сияқты теңеулер қыз баланың ұқыптылығын шеберлігін көрсетеді. Халқымыз қыз баланы ардақтап ұстайды оған қатты сөз айтпай мәпелеп өсірген.

Қарақат :Нәзіктік,сұлулық,ұяңдық, ибалық, сыпайылық, әдемілік, мығымдық, өнерпаздық, іскерлік, шеберлік, рухани байлық,ақниет сүйіспеншілік,махаббат мұратына жетудің талабы, намысы, қайрат-жігері,осындай қасиеттермен де қазақ қыздары зор тағылым иесі.

Гүлден :Қыз бала тәрбиесінде ананың орны ерекше. Ана қыз бала тәрбиесінде, әкеге қарағанда ерекше қызмет етеді. Қыз бала анаға біртабан жақын. Қыз баланы жастайынан үйді таза ұстауға,ас пісіруге,шай құю,кесте тігу т.б үй жұмысына үйретуді анасы мен әжесі өз міндеттеріне алған.

Ернар :Қазақ отбасында ер баланы тәрбиелеуде әкенің рөлі зор. Сондықтан өз ұлына бар өнерін естіген-білгенін түгел үйретуге тырысады. Ал әр ұл өз тарапына әкеге,ағаға еліктейді.

Сайлаубек :Өткенімізді қарап отырсақ ел бастаған көсем де, ділмар шешен де, ақиық ақын да, ел қорғаған батыр да осы жігіттерден шыққан.

Айару :

Бабаларым қыздарды қадірлеген ,

Қыз баладан басталар өмір терең.

Ауыл көркі қыз болып, ән айттылып

Күн болмаған сазды күй төгілмеген

Әрине, кемшілікте сыналады.

Қыздарым өкпелемей ұғар оны

Ұлдарға да тағатын мініміз бар.

Көңіліне ап жүрмесінші ұлдар оны.

Абылай :Біз қыз бойынан нені көргіміз келеді?. Нәзіктік пен сұлулықты,ұяңдықты, әдемілік пен ұялшақтықты,өнерлік пен іскерлікті, шеберлікпен ақкөңіл қасиеттерді көргіміз келеді.

Ағатай :Ия, жақынды бауыр тұтқан,алысты жақын тұтқан, туыстық желіні үзбеген, береке-бірлікті бұзбаған қыздың жолы жіңішке деп қарындасын хан көтеріп сыйлап білген де қазақтың қара даналық ұлдары.

Құдайберген:Ұлдарымыз қырандай алғыр, сұңқардай өр, арыстандай айбатты,жолбарыстай қайратты, қасқырдай өжет, қабыландай сұсты,нардай төзімді,құландай сүйікті,жылқы мінезді жігіт болуы керек.

ІІ-Қыз бала мен ұл балаға теңеу.

Халық арасында қыз бала ажарына қарай алтыға бөлген.

1.Әдемі қыз-баппен сөйлеп,биязы күліп, жақсы жаманның жөнін бөліп тұрады.

2.Көрікті қыз-істі үйіріп, сөйлесе бұйырып баурап алатын бірден көзге түсе қоймайтын.

3. Әсем қыз- жүзі жылы, өзі ұяң, тәні нәзік.

4. Ажарлы қыз- дене бітімі жинақы сөзі салмақты, ісі тиянақты.

5.Шырайлы қыз- көз жанары өткір, бет әлпеті бал-бұл жанған, тәні шымыр.

6.Ару қыз- бет пішіні, дене мүсіні келіскен, сөзі сыпайы, өзі әдепті сұңғақ бойлы терең ойлы.

Айдана:

Ер жігіт бес түрлі болады.

  1. Көсем жігіт: ел басқаратын жігіт.Шешен жігіт: дау шешетін тұлға.

  2. Батыр жігіт: еліне қамқор, жауына алаберен жігіт.Өнерлі жігіт: мың құбылта ән салып,күмбірлеген күй тартатын жігіт.Сері жігіт: аттың жүйрігін мінеді.

ІІІ Сенің негізгі қажеттіліктерің…

Бір парақ қағаз алып, оның төбесіне тақырыпты жаз. Бес минут ішінде осы қағазға бір –біріңізге негізгі қажеттіліктерді жазыңыздар.Қасыңыздағы адамға не қажет сіздің пікіріңізше, ал ол сізге не қажет соны жазады. Осы бес минут ішінде сөйлеуге, одан не қажет деп сұрауға болмайды. Ол туралы кішкене ойланыңыз. Не қажет екені мейлінше нақты болсын. Мысалы: ол жеміс жегісі келеді (банан,алма, жүзім т.б) Екінші кезекте балалар жазғандары мен алмасады, мұхият оқып жазылғанды қазіргі уақытта керек емесін сызып тастайды.

І V Қол алысу

Қатысушылар шеңбер бойымен тұрады. Ортада көзі байланған жүргізуші.Қатысушы балалар қолдарын бері созады. Жүргізуші амандасады да, алдында кім тұрғанын(ұл ма,қыз ба) анықтайды. Осыған байланысты: «Сәлеметпе Айгүл, сәлеметпе Қанат »деп айтуға болады.Көзін ашып дұрыс тапты ма анықтайды..

V. Баба өсиеті.

(Ж. Баласағұн)

Балаларға өнер білім берілсін

Сұлу мінез әр өнермен өрілсін.

Туа біте сана болса өзінде

Жайлап білім үйренер жас кезінде.

VІ Жеті атасын білген ұл, жеті рулы елді білер.

Оқушылар кезекпен жеті атасын айтып шығады

Қортынды.

Мұғалім Біз өмірде өз орнымызды біліп, ата-баларымыздың сенімі мен үміттеріне лайық болуды ойлауымыз қажет. Елімізді, жерімізді отбасын қорғай алатын ер азамат пен инабатты, тәрбиелі қыз болып, бір-біріңізге деген құрмет пен адамгаршілік мінездеріңізді көрсетеді деп сенемін.









Сауалнама

Менің таңдаған мамандығым

1. Өзіңнің болашақ мамандағыңды таңдадың ба ?

Кім болғың келеді, қандай мамандықты таңдайсың



2. Сен өз мамандығың туралы не білесің ?



3. Өзің ұнаған маман иесі болу үшін қандай болу керек деп ойлайсын ?



4. Сенің мамандық таңдауыңа  кім әсер етті ?



5. Қай жақта оқығанды ұнатасың ?

6. Болашақ мамандығы жайлы кіммен ақылдастың?

7. Сенің арманың не?

8. «Армансыз адам – қанатсыз құспен тең» деген сөздің мағынасын  қалай түсінесің ?



Сауалнама

Менің таңдаған мамандығым

1. Өзіңнің болашақ мамандағыңды таңдадың ба ?

Кім болғың келеді, қандай мамандықты таңдайсың



2. Сен өз мамандығың туралы не білесің ?



3. Өзің ұнаған маман иесі болу үшін қандай болу керек деп ойлайсын ?



4. Сенің мамандық таңдауыңа  кім әсер етті ?



5. Қай жақта оқығанды ұнатасың ?

6. Болашақ мамандығы жайлы кіммен ақылдастың?

7. Сенің арманың не?

8. «Армансыз адам – қанатсыз құспен тең» деген сөздің мағынасын  қалай түсінесің ?








































Аластан сәлем берер, әдепті елдің баласы


Мақсаты:Оқушыларды адамгершілікке, қарапайымдылыққа, кішіпейілділікке, әдептілікке, еңбексүйгіштікке, өз халқының салт- дәстүрін үйрене отырып, жаман әдеттерден аулақ болуды түсіндіру.Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру сыпайылыққа, жаманнан жиренуге, жақсыны үйренуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Суреттер, нақыл сөздер, мақал- мәтелдер,плакат.т.б
Сабақтың барысы:

Түрі: сынып сағаты

1.Ұйымдастыру кезеңі
2.Кіріспе
.
-Балалар, бүгінгі біздің сынып сағатымыздың тақырыбы « Алыстан сәлем берер, әдпті елдің баласы» деп аталады.
-Олай болса, әдептілік деген не?
-Әдептілік неден басталады?( сәлемдесуден)
Оқушы: «Білер қазақ баласы,
Сәлем-сөздің анасы»
Алдымыздан кезіккен,
Көп танысты көреміз.
Бәріне де ізетпен
Біздер сәлем береміз.
-Сәлеметсіз бе, ағай! – деп
-Сәлеметсіз бе, апай!- деп
- Есенсіз бе, әжей! – деп
- Амансыз ба, атай!- деп
-Ұл-қыз сәлем береміз,
Өнегелі өренбіз.
-Қазір балалар, сәлемдесу рәсімін көрсетіп жіберейік.
-Адам бойында жақсы, жаман қасиеттер болады екен.Бізге ақылдылықты, адалдықты, қарапайым-кішіпейілділікті, инабаттылықты, шыншылдықты біздің ата-аналарымыз, ақ сүтін бере отырып, ана тілімен үйретеді.Біз оны түсініп, ата-баба салтын, әдеттерін бойымызға сіңіреміз.Адам болатын бала барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез, әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысуы керек.Әдепті, ақылды балалар қандай болуы керек екенін өздерің айтыңдаршы.
3.Ақыл әліппесі.
1-бала:
Ата-ананың тілегі,
Адам болып өскенің.
Адамдықтың тілегі,
Адал болып өскенің.
Әдептілік дегенің,
Әрқашанда кергің.
Әсемпаздық дегенің,
Әуре салсаң әлегің.
2-бала:
Спортпен айналыс,
Сұлулық сыйлаған.
Сол саған пайдалы іс,
Саулық пен кинодан.
3-бала:
Тәртіпті бала сүйеніш,
Төбең бір көкке жетеді.
Тәртіпсіз бала күйініш,
Төмендеп басың кетеді.
Кішіпейілділік
6-бала
Су құйдым да құманмен,
Қолына мен әкемнің.
Содан кейін оған мен,
Орамалды әпердім.
Үлгілі бала
Әдептілік әлемі
4.Әдептілік туралы мақал-мәтелдер айту.
1.Ұқыптының тоны тозбас,
Ұқыпсыздың ісі оңбас.
2.Өзек қуа ағады
Өзен судың саласы.
Алыстан сәлем береді
Әдепті елдің баласы.
3.Аға әдепті болса,
Іні әдепті.
Әпке әдепті болса,
Сіңлі әдепті....
5.Автобустағы оқиға(суретпен жұмыс)
-Екі суреттің айырмашылығын айт.
-Ол дұрыс істеді ме?
-Үлкен кісілер не деп айтты? Қалай ойлайсың?
-Қай суретте бала қылығы дұрыс?Неге?

(Балаларға сурет бойынша өз ойларын айтқызу, суретке қорытынды жасату.)
Дұрыс, автобуста орын беру керек, көшеде жүгін көтерісуге,жолдың екінші бетіне өтіп кетуге көмектесу керек,жұмсаса тілін алу керек.
6.Әдептілік сөздерін оқу.
Оқушылар дайындап келген әдептілік туралы материалдарын оқиды
7.Топтық жұмыс
1 топ:

5 жолды өлең құрастыру.
2 топ:

«Әдепті» сөзіне сөздер құрастыру.
3-топ:

1.Қоғамдық көліктегі әдептілік
2.Үстел басындағы мәдениет
3.Мәдени көпшілік орындағы әдептілік ережелері
4.Кітапханадағы әдеп мәдениеті тақырыпты таңдап ережелер жазады.
Келесі тапсырма«Не деу керек?»деп аталады.

Шашыратылған әріптерден сөздерді тапқызу

Рақмет, рұқсат етіңіз, мүмкін болса, егер сіз қарсы болмасаңыз, өтінемін, мазалағаныма кешіріңіз
Бекіту.Жақсы, жаман баланың қандай болатынын Венн диаграмасы арқылы салыстырып көрсету.


Жаман бала

Жақсы бала











-Әдептілік деген не?
Қорытынды.

-Адам әрқашанда бет сұлулығымен емес ішкі жан дүниесімен, әдептілігімен, мәдениеттілігімен әдемі.Сендердің де әдепті оқушы болып өсіп, мәдениетті адам болатындарыңа сенмін. Оқушылар адамгершілік қасиеттер мен олардың маңызы туралы мағұлмат алып қана қоймай, қолданылу аясын түсінді, қолданылу жолын білді.
























Тақырыбы : Ерлік ұрпаққа ұран

Мақсаты:

Ұлы Жеңісті дәріптеу, өз Отанын, туған елін қорғай білуге тәрбиелеу. Ұлы Отан соғысында  ерлік  көрсеткен ата-бабаларымыздың ерлік істерін қастерлеп, рухын көтеруге, үлгі-өнеге тұту.

Көрнекілігі: «Ұлы Отан соғысының батырлары» фотомантажы. Соғысқа қатысқан ардагерлердің суреттері жапсырылған «Ешкім де, еш нәрсе де ұмытылмайды» стенді. Ұлы Отан соғысы жылдарына арналған фотомантаж, слайд. Кітап көрмесі.

«Жаңашыл ұлдан Отаншыл ұл артық» Мұхтар Шаханов.

«Батырлық – тәуекел мен ақылдың есебінен шығуы тиіс.Тәуекел кейде ақылды да ақтап алады.

Ал ақылсыз тәуекел ешкімді де ақтай алмайды» Бауыржан Момышұлы.

«Ерлік – саналы әскери тәрбиенің жемісі. Өзіңді саналы түрде қауіп қатерге бас тігуге мәжбүр етудің нәтижесі» Б. Момышұлы.

«Ерлік – басыңа төнген қауіп қатерді жеңу деген сөз. Ол тек қасарысқан қажырлы күресте ғана туады». Б. Момышұлы.

Түрі : сынып сағаты

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Сынып сағатының тақырыбы мен жүргізілу жоспарымен таныстыру.

2. Сынып сағатының қонағы, соғыс ардагерлерімен таныстыру.

 ІІ. Кіріспе бөлім.

Мұғалім: Бүгінгі сынып сағатымыз « Ерлік  –  ұрпаққа   ұран » деген атпен –өткелі отыр.

Қан майдан жүректе жарасы бар,

Қайғысы бар, зілі бар, наласы бар.

Арамызда жүресіңдер алшаң басып,

Ардагерлер төрден орын аласыздар.

Сіздеріңіз назарларыңызға Монтаж ұсынып отырмын

Армысың! От жалыннан оралғандар,

Аттарың аңыз болып таралғандар.

Тірлікте жаны жарқын алау жандар,

Тойымсыз ажалға тосқауыл боп,

Топ жарып тайсалмай-ақ бара алғандар,

Армысың!

От жалыннан оралғандар!

Жер үшін, Отан үшін лаулағандар,

Азамат, айтқан серттен аумағандар,

Шекара шебіндегі ну ормандар,

Халқына қалқан болып қаулағандар.

Ерлігің аңыздар мен шежірелер,

Ойлардан, өлең болып саулағандар,

Азамат!

Айтқан серттен аумағандар!

Мұғалім: Сынып сағатымызды бастамас бұрын сендерді бірнеше сұрағыма жауап беруіңізді сұраймын, балалар:

1. Ұлы Отан соғысы қай жылы басталды?

2. Жерімізге кімдер шапқыншылық жасады?

3. Ұлы Отан Соғысы қай жылы аяқталды?

4. 9 Мамыр неліктен Жеңіс күні деп аталады?

5. Қазақстан мен қазақстандықтардың бұл соғысқа қандай қатысы бар?

Мұғалім: Балалар біз бүгінгі сабағымызды ерекшелетіп өткіземіз. Барлығымыз үш топқа алдын ала бөлінгенбіз.

«Бір айналым сөз» стратегиясы бойынша әр топ өз батырлары туралы қысқаша мағлұмат береді.

І топ: «Мәншүк Мәметова» тобы.

Дауылмен тербеп, оның жас бесігін,

Мәншүк деп елі атаған ерке есімін.

Адамша ақтау үшін ана сүтін,

Майданның «Максименен» ашты есігін.

Ай өтпек, жылдар өтпек, ғасыр өтпек,

Жеңіспен майдан бітіп, жас ержетпек.

Ерлігі  ел жүрегін тебірентіп,

Ұрпаққа  үлгі болып Мәншүк кетпек.


ІІ топ: «Әлия Молдағұлова» тобы.

Тверьдің орманы жас, жері кәрі,

Ата қоныс санайды елдің бәрі.

Сол жерде Әлияның қаны сіңді,

Соғып тұр мерген қыздың жүрегі әлі.

Шаттансаң қыз тудым деп қазақ шаттан,

Әлия Отанына болған мақтан.

Казачиха дөңінде тұлғасы тұр

Дегендей ерлікке аттан, жеңіске аттан!

ІІІ топ: «Бауыржан Момышұлы» тобы.

Бір дауыл сыпырды кеп өрт тіңізін,

Теңселтіп темір топан дүние жүзін.

Бетіне туған жердің өшпестей ғып,

Ер жазды өз қолымен жүрген ізін.

«Батырым – Бауыржаным» дейді халқым.

Алып ұл, ақын жүрек ердің даңқын

Келешек келе жатқан көремін деп,

Тік басып туған жерде тұрды қалқып.

Мұғалім Олай болса мына монтажға көңіл көлейік ( оқушылар майдан туралы түсірілген видео көреді)

-Осы қан майданда мерт болған ерлердің рухына басымызды иіп тағзым етейік. Олардың ерлік істерін ешкім де, ешқашан да ұмытпауы тиіс.

Біз қашаннан ер қаһарман халықпыз,

Біз тарихта теңдесі жоқ алыппыз.

Біз күштіміз күштілердің бәрінен,

Біз сөнбейтін күн тәрізді жарықпыз.

Біздер нағыз құдіретті елденбіз,

Ғасыр көшін бастау үшін келгенбіз!

-Ән хор « Сарбаздар әні»

Көрініс

Немересі: Әже, әже! Мен бүгін «бестік» баға алдым. Мен сондай бақыттымын!

Әжесі: Талабыңа нұр жаусын, тамағыңды іше ғой, балам!

Немересі: Қазір тамағымды ішіп, қозыларыммен ойнап, атқа мініп келемн.

Радио: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Кеше біздің ұлан байтақ жерімізге неміс фашисттері тұтқиылдан басып кірді. Герман елшісі соғыс басталғанын таңғы7-де ресми түрде мәлімдеді. Тыңдаңыздар,тыңдаңыздар! Отанымызды жау қапыда басты. Ел үшін, жер үшін барлық ер азаматтар Отан қорғауға аттаныңыздар!

Қорытынды

Мұғалім: Жеңіс! Осы бір сөз әрбір адам үшін қасиетті де құдіретті! Жеңіс деген сөзді халқымыз 4 жыл бойы күтті емес пе? От пен жалынға оранған 1418 күн мен түн кімнің есінен шығар дейсің? 1418 күннің әрбір сағаты, әр минуты қауіп қатерге толы болғанын қолынан қару алып, соғысқа аттанған аталарымыз жақсы біледі. Жеңіс оңай келген жоқ. Бүкіл еліміз жұдырықтай жұмылып жауға қарсы тұра білудің арқасында ғана мүмкін болды. Ер азаматтар майдан даласында су кешіп, жаумен бетпе-бет соғысса, тылда қалған қарт адамдар, аналар, жас балалар, ер азаматтардың орнын басып еңбек етті.

Біз соғысты көрген жоқпыз, бірақ сол соғыс ауыртпалығын көзімен көріп, басынан кешірген майдангер аталарымыздың еңбегін бағалап оларға құрмет көрсетуге тиістіміз, оқушылар!

Шынында да бұл оралған мыңнан бірің,

Бақ нұрына жүзіңді жуған күнің.

Жеңіс күні өзіңдей көзі тірі

Майдангерлер бәріңнің туған күнің!



 

 

 

 













































Тақырыбы:Өмір теңіз жүзем онда демеңіз күні:
Ізгіліктен жасалмаса кемеңіз
Мақсаты: Өмірге деген құштарлықтарын,қызығушылықтарын ояту,Өмірдің мәні туралы ой пікірлерін ортаға салдыру,өмірге жақсы көзқараспен қарауға,қадірлей,бағалай білуге тәрбиелеу өмірден өз орындарын таба біліп, айналасына қуаныш сыйлай білуге үйрету
Өтілу түрі: ойталқы.
Көрнекіліктер: өмір туралы қанатты сөздер, суицид туралы суреттер.
Сабақтың барысы:
І ұйымдастыру;
ІІ қызығушылықты ояту.
Шаттық шеңбері
Кіріспе сөз
Ойланайық,пікірлесейік,өнерді ортаға салайық
Жағдаяттар
«Мен өмірге ғашықпын» оқушы шығармашылығы
Жүректен –жүрекке
Өмір, өмір! Өмірдің мәні қандай?
Қайратыңды жігерге жанығандай.
Жүріңдер бұл өмірде қол ұстасып
Достықтарың жарасып дәл осылай.
Шыдамдыны мына өмір ұнатады,
Бірде қуантып, бірде жылатады,
Сүріндіріп кейде сені құлатады.
Жылатып тұрып жұбатады.
Дұшпандарға кейде сені сынатады,
Қатал тағдар бірақта шыдатады,
Мына өмір бірақта қымбат әлі,- демекші өмір жолы сан тарау, қия шатқал, қия шың.
Сол жолдан адаспаудың ең бірінші жолы ол – өзіңді өзің тану, өзіңді өзің сыйлау, өзіңді өзің қадірлеу.
Өмір деген –алланың берген сыйы.Өмірдің ащы да, тәтті кезеңдері болады.Бұл кезеңдерді жеңе білу керек. Адамзат өмірге келген соң өмірін қалай болса солай өткізбеуі тиіс. Яғни адам саналы ,жарқын өмір сүруі тиіс. "Өмірдің мәні туралы ойланбайтын адам бар ма?" деген сұраққа кім болса да: "Жоқ, өз өмірінің мәні туралы ойланбайтын, толғанбайтын, мағыналы өмір сүруге әрекет етуге тырыспайтын адам болмайды", — деп жауап беретін болар. Олай болса, біз де бір уақыт өз өміріміздің мәні туралы ойларымызды ортаға салып көрейікші.
Ұлы Абайдың жас ұрпаққа: "Атаның ұлы болма, адамның ұлы бол" деп өсиет калдырғаны белгілі.
Әрине, бұл жерде өз атына лайық, ізгі, мейірімді, өзгелерді қадірлейтін, өз мүддесін қоғам мүддесімен ұштастыра алатын, өзі үшін де, өзгелер үшін де еңбек ете білетін, өз құқығын қорғап, өзгелердің кұқығын сыйлайтын, өмірден кеткен соң артына жақсы сөзі мен ісін қалдыратын адам туралы әңгіме болып отырғаны анық.
Көркем сөз А.Балабатырұлы «Өмір деген...» оқитын Төлеуғали Балнұр
Өмір дегеніміз не?
Оның қандай құндылықтары бар.
Жауабы:Өмір дегеніміз-баға жетпес асыл зат. Өмірді дүниеде еш нәрсемен салыстыруға болмайды. Өмір әрқашан өз бағытымен енеді. Өмірді қалай өткізуімізді өзіміз білеміз, өз еркіміз. Өмір өзен болса, ағысқа қарсы емес. Өмір дегеніміз-баға жетпес бақыт. Өмірге келген әрбір адам соны лайықты өткізу керек. Өмір дегеніміз-адамның шыр етіп дүниеге келгенінен о дүниеге өткенге дейінгі аралық. Сол аралықта пенденің қуаныш-қайғысы, демалып, тіршілік етуі, жақсылығы мен жамандығы, яғни бір сөзбен айтқанда сол ортаға қалыптасуы. Өмірдің өзі өзен бір ағынмен жүріп отырады. Бірде асу-толқындар кездессе, бірде жайшуақ күндер болады.

Өмір дегеніміз-Алла тағаланың бізге берген сыйы, бір мүмкіндігі. Өмір кейде жұмсақ, кейде қатал болады. Бірақ адам өмірге қайталап келмейді. Әрбір қиындықтармен күресе білу керек. Өмір дегеніміз-адамға бір-ақ рет берілетін баға жетпес тәңірдің сыйы. Осы өмірін әркім әрқилы өткізіп алады. Өмірдің әрбәр сәтін мәнді де, сәнді де өткізу керек.
Көркем сөз «Үш өлшем»
Өмір деген тұрмайды: қап - қарадан.
Өмір деген тұрады:ақ - қарадан,
Ақ - Қара,екі арасын ашып өтіп,
Арымен өз бақытын тапқан Адам!
Ақын «АҚ»және «ҚАРА»деп нені меңзеп отыр?
Қай уақытта адам өмірі «аққа»толы болады?
Адам өз бақытын табу үшін не істеу керек?
Адам баласы не үшін өмір сүреді?
Өмір деген несімен қымбат?
Сенің өмірдегі мақсатың қандай?
Өмірдің мәнін түсінуге ұмтылу қаншалықты қажет?
VІ. Төменде берілген жағдаяттарды сен қалай шешер едің. Осы баланың қабылдаған шешімі дұрыс деп ойлайсын ба? Дәлелде.
Жағдаяттар:1-топ. Ата-анасы ішімдікке салынған. Үйінде өмір сүрүге жағдай жоқ, қара нан мен қара шайдың өзі сирек кездеседі. 2. Ата-анасынан айырылған. Отбасында жетекшілері жоқ. Өмір сүрудің жолын білмейді. Өлімнен басқа жол жоқ деп ойлайды. 3. Тірлігі басқалардан төмен. Жұртпен бірдей киініп, ойнап күле алмайды. Достарымен бірге жүрмейді. Осыны өзінің кемшілігі деп санайды. Досы жоқ жалғыз қалады. Шешімі қоштасу болады.
Жауабы: 1 Осы балаға берер кеңесіміз өмірден түңілмеуі керек, әке-шешесінің жолына түспеу керек. Осы өмірдің бір қадамы болуы керек. Өзінің бар өмірі алда екенін түсініп, өзінің әке-шешесіне ермей, өзінің жақсы өмір сүруіне талпыну керек. Егер әр адам басына түскен қиыншылықты жене алмай, өз-өзіне қол жұмсаса, адамзат әуелі құрып кетер еді. 2 Ата-анасынан айырылған адамдар қазіргі заманда өте көп. «Жетім көрсең, жебей жүр» деген сөз бар. Ол өзін ешқашан жетім деп санамауы тиіс. Бұл да өмірдің бір сынағы. Басыңды тік көтеріп, тек қана алға қара. Қиындықтың бәрін өліммен шешуге болмайды. Өзіне жақын адамдарды таба аласың, сондықтан еңбек етіп, өмірде өз орныңды тап. А
бай атамыз айтқандай «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар қалан!»

-Біздің ойымызша бұл жалғыздық. Жалғыздық тек құдайға тән қасиет. Ол бала өмірдің қызығы тек киініп, ішіп-жеу деп ойлайды. Біз оған өзіне жақын дос табуына тілектеспіз және өзін-өзі бағалай білу керек. Өмір үшін қандай ма болса да қиындыққа тәуелді болмай күресуі керек.
Суреттер бойынша ойтолға Берілген суреттер бойынша оқушының өзіндік ой пікірі тыңдалады.
Өмір – сенің жарқылдайтын аспаның,
Өмір – сенің сарқылмайтын дастаның.
Қиыншылық түскен кезде басыңа,
Дәл бүгінгі қорған болсын қалқаның.
Қорытынды:
Өмір деген тұрады:таң мен кештен,
Ғұмырлы екі араны жанмен кешкен.
Құпия,жұмбақ,сырлы дүниеге,
Адамдар Армен келіп,Армен көшкен.
Өмір деген екі өзен: Мұң - қуаныш,
Толқыны: Шындық - Жалған, Күлкі - Намыс.
Бір таяздап өмірде,бір тереңдеп,
Бір лайланып,өмірде бір тұнамыз.
Күн десең де,тірлікті түн десең де,
Өмірде өсімдіктей бүрлесеңдер,
Жолында жолығатын қос тағдыр бар:
Жусан - Жантақ, гүл - Тікен,гүл мен Шеңгел.
Өмір дәмі,екі дәм: Ащы - Тәтті,
Таңдайыңа тиеді: Жұмсақ - Қатты.
Жолында жолығатын екі тағдыр,
Күтеді Адам үшін сын сағатты.
Өмір дәмі - екі дәм: улы – усыз,
Тірлік татып жатады шулы - шусыз.
Кез келіп тағдырына келеді Адам,
Жұмыр Жер құрлығында сулы - сусыз.
Қолға түспес дүние жұрт таласқан,
Кітап - Өмір парағын құнттап ашқан.
Сезінер жүрегімен,жаныменен,
Өмір әр кез ашық Күн,Бұлт та басқан.
Қорытынды





Тақырыбы: Аталар мұрасы – халық қазынасы.


Мақсаты:

а. Білімділік: Аталардан қалған ұлағатты ғибрат аларлық сөздерді балаларға ұғындыру;

ә. Тәрбиелілігі: Сол сөздерден өнеге алуға баулу.

б. Дамытушылығы: Ойын нақты дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге, ақылды, салмақты ой айтуға үйрету.

Жоспар:

Аталар сөзі – ақылдың көзі.

Ата өсиеті.

Баталы құл – арымас.

Жарасып тұрдәстүрім.

1 – жүргізуші: «Сәлем сөздің анасы» демекші, армысыздар ағайын!


2 – жүргізуші: Қадірменді көпшілік. Бүгінгі «Аталар мұрасы – халық қазынасы» атты тәрбие сағатымызға қош келіпсіздер!


1 – жүргізуші: Ата бабаларымыздан бізге жеткен көптеген ұлағатты ғибрат аларлық, тамаша тәлім – тәрбие берерлік өсиет сөздер өте көп.


2 – жүргізуші: Ендеше, күнделікті өмірде ата - әжелеріміздің, ата – аналарымыздың айтып отыратын, «Аталар сөзі – ақылдың көзі» бөліміне сөз кезегін берейік.


Жігіт:


Ата! Қол бастау қиын ба,


Жол бастау қиын ба,


Сөз бастау қиын ба?


Қарт:Е, балам!


Қол бастау қиын емес,


Көк найзалы ерің болса,


Жол бастау қиын емес,


Соныңнан ерген елің болса,


Бәрінен де сөз бастау қиын.


Тауып айтсаң, мереке қылады.


Таппай айтсаң, келеке қылады.


Жігіт:Дұрыс айтасыз, дұрыс айтасыз.


Қарт: Е,балам!


Таза мінсіз асыл сөз,


Ой түбінде жатады.


Таза мінсіз асыл тас,


Су түбінде жатады.


Су түбінде жатқан тас,


Жел толқытса шығады.


Ой түбінде жатқан сөз,


Шер толқытса шығады.


Қарт: Сөз туралы ұлағатты сөздер өте көп


Әділ төре ел бастар,


Батыр жігіт жау бастар.


Аға жігіт қол бастар,


Шешен адам сөз бастар.


Құсты жисаң,бүркіт жи.


Қыс тоныңды түлкі етер.


Бір жақсымен дос болсаң,


Азбас – тозбас мүлк етер.


Бір жаманмен дос болсаң,


Бүкіл алаңға күлкі етер.




Қарт:Иә, балаларым, сөз кезегін түйіндейтін болсақ


Ақыл – адамды аздырмайтын ем.


Білім – таусылмайтын кен.


Адамның басшысы - ақыл.


Жетекшісі – талап.


Шолғыншысы – ой.


Жолдасы – кәсіп.


Қорғаны – сабыр.


Қорғаушысы – мінез болуы керек.


1 – жүр: Аталар мұрасы – халық қазынасының бірі домбыра.




2 – жүр: Халық әні. «Еркем - ай»




1 – жүр: Әй, тәкапар, дүние!


Маған да бір қарашы!


Танимысың сен мені,


Мен қазақтың баласы.




2 – жүргізуші:


Ізетіңді ине етіп


Иманыңды түйме етіп


Инабатты күйме етіп,


Жүрші балам жамандықты күйретіп, - дегендей біз, яғни еліміздің ертеңі, бабаларымыздың мұрасын, халқымыздың жақсы дәстүрлерін бойымызға сіңіріп, жалғастырып, жамандықтан аулақ, жаны таза елжанды ұрпақ болып өсейік.


1 – жүргізуші: Көрініс «Ата өсиеті.» ертегісі.


Жігіт: Ассалаумағалеукум, ата!


Қарт: Аманбысың, балам!


Балам,бақытты болу оңай ма?


Жігіт:Ата,жары жақсы болса, бақыты жанында


Қарт:Жоқ, балам! Ақыл басыңда болса, бақыт жаныңда болады.


Ақыл адамды азаттанда мазақтан да құтқарады. Өмірде шын бақытты болам десең ақылдықты үйрен, не ақылды қызыңа үйлең.


Қарт: Дұрыс айтасыз, дұрыс айтасыз!


Балам, үйде кім, елде кім қадірлі?


Жігіт: Ата, үйде ана, елде бастық қадірлі.


Қарт: Жоқ, балам үйде қонақ, қарт, бала қадірлі. Елде хан, әкім, ұстаз қадірлі. Қонақты қадірлеуді бәрі біледі. Бала – үйдің патшасы, балалы үй базар, баласыз үй мазар деген халқым.

Қарт: Балам, үйдегі алтын қазық кім?

Жігіт: Ата, үйдегі алтын қазық бала.

Қарт: Жоқ, үйдегі алтын қазық – ана. Ана ақылды болса, бала дана болады. Ана тәрбиесі қызға, әке тәрбиесі ұлға үлгі. Ана – ақылшың, әке – қамқоршың, ағаң – қорғаушың, інің – сүйенішің, қарындасың – қанатың екенін ұмытпа. Ананы сыйламағнның ақылы кем, әкені сыйламағанның жақыны кем. Ананың мейрімі көзінде, ықыласы көңілінде, ақылы сөзінде болады балам.


Қарт: Ой, қандай керемет сөздер!


Балам, достықты нығайтатын не?


Жігіт: Ата, достық пен жолдастықты ынтымақ, бірлік, теңдік, туыстық, бауырмалдық нығайтады.


Қарт: Дұрыс, балам сенің айтқаның достық пен жолдастықты дамытады. Есіңде болсын, шын достық ақылдыға тән. Өмірде дос болуды ойласаң «Сәлеметсіз бе?», «Кешіріңіз», «Рахмет», «Сау болыңыз», «Сәлем айтыңыз», «Рұқсат па» - деген сөздерді шын көңілмен айтуға үйрен.


Сәлемдесуді білген кешіре де біледі. Жөн сөз – көңілді өсіреді, жөнсіз сөз – үмітіңді өшіреді.


Жігіт: Рахмет, ата, сіздің ғибрат аларлық сөздеріңізді есте сақтаймын!


- Иә барлығымыз сақтаймыз.


2 – жүрг: Домбыра. Халық әні «Еркем - ай»

1 – жүрг: Салт – дәстүр халық педагогикасының бастауы. Елдігіміздің, егемендігіміздің арқасында қайтып оралған салт –дәстүрімізді тұрмыстық негізде қолданып жүрміз. Соның ішінде, бата туралы түсінік бермекшіміз.

Баталы құл – арымас,

Батасыз құл – жарымас.

Батаменен ел көгереді

Жауынменен жер көгереді – дейді дана халқымыз.

2 – жүрг: Бата халықтың рухани күш алатын құдіретті сенім күші. Ол ел сенімін ақтайтын абзал азаматтарға, таланты жастарға, көптің жүгін көтерген, адамдарға, жас сәбиге, немесе үлкендер жақсы ісіне риза болған жағдайларда берілетін ұлы адамдар мен ақсақалдардың ақ тілегі, әрі өмірлік жолдамасы.

Батаның түрлері көп.

Жасұланға бата беру.

Жігіт: Әумин!

Қарт:

Ата сөзі дарып мол,


Ақ уызға арып бол,

Абылайдай алып бол,

Шоқан сынды жарық бол,

Абайға ұқсап милы бол,

Құрманғазыдай күйші бол,

Ақандайын сері бол,

Қажымұқандай ері бол,

Сәкен сынды сұңқар бол,

Бағың жанып әрдайым,

Жақсыларға жақын бол,

Осы айтқаным періште, құлағыңа шалынсын.

Бәрінен де құлыным,

Аман бол, қалқам, аман бол!

Әумин!

1 – жүрг:

Кең даланың ежелгі,

Қазақ деген халқымыз.

Өзге ұлттай біздің де,

Бар дәстүр мен салтымыз.

2 – жүрг:

Ата салты ардақты,

Әрбір сөзі салмақты.

Сол сөздерді ұқпасаң

Тістерсің бір күн бармақты.

1 –жүрг:

Тілім бар да, қазағым бар, халқым бар,

Дәстүрім бар, ата жолы салтым бар.

Кең даладай жиналмаған шалғайы,

Аңқау ашық мінезім бар аңқылдақ – деп ендеше «Жарасып тұр дәстүрім» көрінісін тамашалаңыздар.

Жарасып тұр дәстүрім!

А: Сүйінші, сүйінші! Ауылдан әжем келді.


Е: Сүйінші сұрау шын қуанғандықтың белгісі, қатты қуанып тұр екенсің, мә, сыйлығыңды ала қой.

А: Айбота, артыңа жасырып тұрғаның не нәрсе?

А: Байғазы берсең, көрсетем.

А: Байғазы балалардың жаңа киімі үшін берілетін сыйы.

Байғазы сұрағанның артықшылығы жоқ. Мә, ала ғой, саған моншағымды берейін, көрсетші.

А: (Басына бас киімін киіп) Міне, әжем тігіп берген бас киім. Ал, атам маған жаңа қошақан сыйлады. Қозымды көргілерің келсе, көрімдігін даярлаңдар.

А: Байғазы жансыз дүниеге, ал көрімдік жандыға беріледі.

М: Әйгерім, білесің бе? Менің ағам Түркияға қыдырып кетті.


А: Онда сенің әжең тоқымқағар жасайды екен ғой.

М: Ол не?

А: Жас жігіт алғаш рет жолға шыққанда жасалатын бас қосу. Мал сойылып, ойын – сауық, өлең – жыр айтылады.

М: Егер, ағам маған сыйлық әкелсе, ең жақсысын саған беремін. өйткені сен менің нағыз досымсың ғой.

А: Алыс сапарға шыққан адамдар туыстарына, балаларға, ірілі – ұсақты сыйлықтар әкеледі. Оны «Базарлық» деп атайды. Бұл жақсы көрудің, сыйластықтың белгісі.

М: Жұлдызай, бағанадан үндемей тұрған мына досың кім?

Ж: Бұл – Арайлым. Жақын да көшіп келген көршіміз.

М: Басқа жақтан көшіп келген көршілерге тұрғындар «Ерулік» береді деген әжем. Ендеше, Арайлымды бәріміз қонаққа шақырады екенбіз ғой. Жүріңдер біздің үйге Арайлым мен бірге. (Бәрі шығып кетеді.)


Қорытындылау: Балалар бүгінгі тәрбие сағатынан қандай әсер алдыңдар, ой түйдіңдер, қандай өнеге алдыңдар. өз ойларымызбен бөлісіп бүгінгі тәрбие сағатын қорытындылайық.


Мұғалім: Кешеге күнсіз келешек жоқ. Бүгінгі жас ұрпақты сонау замандардан жинақталған ата – бабаларымыздың мол мұрасы мен сусындату біздің міндетіміз. Ұлдың батыр, қыздың әдепті болып қалыптасуы, бабалар мұрасына байланысты. Демек, бабаларымыздың өнеге өсиетін пайдалана отырып тәрбиелеу ұлттық тұлғаны қалыптастырады.

1 – жүрг: Аталар сөзімен үсіп өнген,


2 – жүрг: Бабалар бұлағынан нәр алған,


1 – жүрг: Даналар өсиетінен тәрбие алған,


2 – жүрг: Ұлылар тәрбиесіне тағзым еткен


1 – жүрг: Ұрпағымыз халықтың ғибрат еткен.


2 – жүрг: Кешіміздің қадірменді қонақтарын ортаға сөз кезегіне шақырамыз.

C:\Users\7\Desktop\мой документ\Video Converter\насипа олен\01012010252.jpg


C:\Users\7\Desktop\мой документ\Video Converter\насипа олен\01012010257.jpg



D:\Фото\Тур и корей\фотки\Nazerke924.jpg


D:\Фото\Тур и корей\жас улан\Nazerke1138.jpg



D:\Фото\Тур и корей\4класс\Фото0680.jpg











D:\Фото\Тур и корей\4класс\Фото0684.jpg






D:\Фото\Тур и корей\4класс\Фото0708.jpg











Тақырыбы: «Ана тілің еркіндігің,теңдігің »

Мақсаты:

1. Оқушыларды өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету.

2.Тіл әуезділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер арқылы оқушы дүниетанымын, ой өрісін дамыту.

3. Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, шешендік өнерді оқушы бойына сіңіре отыра, ана тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге атсалысуға шақыру.

Көрнекіліктері: Тақырып жазылған сөз, қанатты сөздер, шарлар, үнтаспа, 20-жылға арналған суреттер.

Жүргізуші: -Қайырлы күн, құрметті Ана тіліміздің меркесіне жиналған қауым. Тіл мерекесіне орай өткізгелі отырған1 сынып оқушыларының «Туған тілім айбыным».атты мерекелік ертеңгілігін бастауға рұқсат етіңіздер. Бұл мерекеміз елбасымыз «Н.Ә.Назарбаевтың 22 қыркүйек Тіл мерекесі күні болып атап өтілсін деген бастауын қолдап,мерекеге жиналып отырсыздар. Яғни 1997жылы 22 қыркүйек күні қабылданған Қазақстанның тіл туралы Заңында Республика халықтарының тілдерін қолдау мен дамыту құқығының негізі бекітілген.

1-Альфия: Балалар құтты болсын тілің бүгін

Ашатын жан сарайын білімдерінің

Кешегі анаң айтқан, бабаң айтқан

Тіліңе зер салыңдар бұрынғының.

2-жүргізуші: Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,

Ана тілін білмеу қандай заңдылық.

Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда.

Қазақ тілі жасау керек мәңгілік.

1-Есенжан

Қазақ тілім өз тілім, ана тілім

Абай , Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені

Болашағым, бақытым дара тілім.

2-Айару

Ана тілің біліп қой,

Еркіндігің, теңдігің.

Ана тілің біліп қой,

Мақтанышы елімнің.

3-Айдана

Ана тілің арың бұл

Ұятың боп тұр бетте

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте.

4-Құдайберген

Бұл гүлденіп жайнаған

Гүлстандар Отаны!

Бірін-бірі сыйлаған

Туысқандар Отаны!

Бұл ғажайып мұратты

Халықтардың Отаны!

Алтын заман құратын

Алыптардың Отаны!

Сол алыптың бірімін-

Отанымның ұлымын!

Тілім, дінім, самғаған, шарықтасын

Самғаудан еш уақыт жалықпасын

Өз алдында өмірден теңдік алған

Ана тілім көгімде қалықтасын.

-жүргізуші: Қазақ халқының салт-дәстүрінен хабар беретін кішкене сахналық көрінісімізді назарларыңызға ұсынамыз. Ол Бата беру рәсімі.

-жүргізуші: Халқымызда батаны әдетте жасы үлкен, көпті көрген ақсақал қариялар береді. Ақсақалдың біз бойжеткен қыз бен балалы келіншекке бата беру сәтін бейнеледік.

Бата беру.

Қатысушылар:

Ақсақал - Қария - Бойжеткен - Балалы келіншек - Күйеуі –

Бірінші көрініс- алыс жолдан шаршап келген қарияға алдынан сусын ұсынған бойжеткенге берген батасы:

Талдай бой берсін,

Жақсы ой берсін,

Қардай жанар берсін!

Анаға шуақ болсын,

Ағаға қуат болсын.

Нәзік жаны болсын,

Елінің ары болсын.

Басыңа өнердің бағы қонсын,

Ақ Орданың шамы болсын!

Әумин!

Келесі көрініс - жас балалы келіншек ауыл ақсақалынан нәрестеге бата сұрай келеді. Келіншек:

- Армысыз, ата! Мына нәрестеге бата сұрай келдік.

- Ақсақал:

- Қолыңды жай, балам!

Нәрестенің бауы берік болсын.

Азамат болып ер жетсін.

Ақсақал болып төрлетсін.

Мінері болсын салмақты

Өнері болсын жан-жақты

Осы айтқанның бәрі кеп,

Алла берсін зор бақты!

Әумин!

Би: «Қазақ биі» «қыздар» тобы

1-Айнұр

Сүйесің өз тіліңді]

Боласың білімді

Өз тілің үйретер

Өнерді ғылымды

Ардақта тіліңді

2-Қарақат

Тілім барда мақтанам

Тілім менің аппақ ән.

Бірлігімді бүгінгі

Ана тілім сақтаған.

Ақыл-ойын дананың

Ана тілден аламын.

Ана тілі ардақты,

Ақ сүтіндей ананың.

-Балалар, қане көңілімізді бір сергітіп алайық! Ойын ойнағыларың келе ме?

Ойынның аты: Арқан тарту.

Мақал-мәтелдер сайысы:

1 топ

1. Тіл тас жарады, тас жармаса ... (бас жарады).

2. Дәлелсіз сөз ... (желмен тең).

3. Ине көзінен сынады, ... (шешен сөзінен сынады).

4. Піл көтермегенді, ... (тіл көтереді).

5. Сөз тапқанға ... (қолқа жоқ).

6. Жеті жұрттың тілін біл, (Жеті түрлі ілім біл).

7. Шебердің қолы ортақ, ... (шешеннің қолы ортақ).

8. Қаһарлы сөз ... (қамал бұзар).

9. Бас кеспек болса да, ... (тілкеспек жоқ).

10. Айтылған сөз, атылған ... (оқпен тең).

2-топ

1. Бал тамған тілден ... (у тамған).

2. Тауды, тасты жел бұзар, ... (адамзатты сөз бұзар).

3. Жақсы сөз ... (жарым ырыс).

4. Жақсы байқап сөйлер, ... (жаман шайқап сөйлер).

5. Тіл қылыштан ... (өткір).

6. Ана сүті бой өсіреді, ана тілі ... (ой өсіреді).

7. Жыланның уы тісінде, адамның уы ... (тілінді).

8. Көре-көре көсем боларсың, сөйлей-сөйлей ... (шешен боларсың).

9. Тілден артық ... (қазына жоқ).

10. Сүңгі жарасы бітер, ... (тіл жарасы бітпес).

4-Гүлден Там где сладко пахнет смородиной

Там где дом и родная земля.

Это все называется Родина

Дорогая, родная Земля!

5-Динар Какое веселое доброе слово

И солнышка светит так сладко

Мы скажем все вместе

Пусть слышит по всюду

Хормен: Да здравствует дружба Казахстанских ребят!

Long live the friendship of Kazakhstan!

Хай живе дружба Казахстану!

Қазақстан елінің достығы жасасын!

Би: «Орыс биі» Құдайберген, Гүлден, Айнұр, Ернар

Жүргізуші: Келесі кезекті балаларымыздың тақпақтарына берейік.

1-бала.

Жанымнан қымбат

Ана тілім маған

Ана сөзден тыңдап

Үлгі өнеге алам.

2-бала.

Ана тілім – анам,

Аппақ қардай арым

Мұра еткен бабам

Жарқыраған жаным.

3-бала.

Ана тілім –елдігім

Ана тілім-ерлігім.

Тілді биік құрметтеп

Тойлап жатыр ел бүгін

4-бала.

Ана тілім-тірегім

Ана тілім – жүрегім.

Қасиетті елімнің

Тек өзің деп білемін.

Жүргізуші: Бізге өзбек халқының ұлт өкілдері өз өнерлерін алып келіпті. Қошеметпен ортаға шақырайык!

Би: «Өзбек биі» Бердіғалиева Айару

1-жүргізуші:

Тілмен ғана қызық менің тірлігім

Тату еткен ел мен елдің бірлігін.

Туған тілмен асқақ шығып ізгі үнім,

Туған тілде алып жүрміз біз білім.

2-жүргізуші:

Тілсіз жұртым шөптей қурап азады-ау

Туған тілді қорғап бақшы қазақ-ау

Сарқылмайтын қуатпенен күш берген.

Туған тілдің қасиеті ғажап-ау!

Осымен құрметті қонақтар, балалар бүгінгі тіл мерекесіне арналған ертеңгілігіміз аяқталды. Зейін қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет!























D:\Фото\Тур и корей\4класс\19092011172.jpgD:\Фото\Тур и корей\4класс\19092011174.jpgD:\Фото\Тур и корей\4класс\19092011173.jpg










р/с

Оқушының

аты-жөні

Туған жылы,

айы,күні

1

Арен Е

21.06.2001

2

Әлжанов Е

25.05.2001

3

Батырханов Д

13.02.2001

4

Берікова А

17.01.2002

5

Бердіғалиева А

18.07.2002

6

Билаш Ж

3.11.2001

7

Кенжеғалиева А

29.07.2002

8

Қанат Д

10.05.2001

9

Қуанышқалиева

11.05.2002

10

Мусина А

19.06.2002

11

Нұржанов Е

02.03.2002

12

Саламатов Қ

13.11.2001

13

Серікова Г

15.12.2001

Қатынасушылар тізімі



Краткое описание документа:

Тақырыбы: Мемлекеттік рәміздер тарихы

Мақсаты: І.Елтаңба, Ту, Әнұран туралы түсініктерін нығайту.Рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерді дамыту.

 

ІІ. Оқушының есте сақтауын дамыту, өз ойын дұрыс жеткізуге ынталандыру.

 

ІІІ

Оқушыларды Отансүйгіштікке, адамгершілікке,  Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.

Тақырыбы: «Көктем аруы»  сайысы

 

 Мақсаты:

1) Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт - дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу.2) Балалардың барлық аналарға деген сүйіспеншілік сезімін ояту, ана еңбегін ардақтап, құрметтеуге, адамгершілікке тәрбиелеу. 3) Оқушының бойындағы өнері мен дарындылығын дамыту.

Тақырыбы

:  Құстар-біздің досымыз.
Мақсаты:
Оқушыларға жалпы  құстар туралы білімдерін тереңдету, толықтыру;Құстарға деген қызығушылығын, белсенділігін, білім деңгейі, ой-өрісін дамыту;Туған жер табиғатын аялауға, құстарды қорғауға, қамқоршы болуға тәрбиелеу.

Тақырыбы : Білім көзі кітапта

 

Мақсаты: Білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру. Кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру. Кітапқа деген қызығушылығын арттыру. Оқулықтарды күтіп ұстауға үйрету.
Көрнекілігі: Кітап жайлы жазылған плакаттар, суреттер. т.б сынып сағаттары

 

 

 

 

 

 

 

Автор
Дата добавления 09.02.2015
Раздел Классному руководителю
Подраздел Рабочие программы
Просмотров7034
Номер материала 376114
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх