Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалы"Тәрбие көзі - отбасы" (ата-аналар жиналысының әзірлемесі)

"Тәрбие көзі - отбасы" (ата-аналар жиналысының әзірлемесі)

Скачать материал

Тәрбие көзі – отбасы

(ата-аналармен жүргізілетін жиналыс)

Мақсаты: Отбасындағы тәрбие өте маңызды рөл атқаратындығын көрсете білу, мектеп пен ата-ана байланысын нығайту, ата-ананың оқу-тәрбиеге қатысты жауапкершілігін арттыру.

Іс-шара жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Кіріспе сөз.

ІІІ. Оқушылардың тәртіптері мен оқулары туралы мәлімет. «Сауал – менен, жауап - сізден».

ІҮ. І жартыжылдықтың қорытындысы. «Көрнекілік насихат»: өткізілген іс-шаралар, оқушылардың шығармашылығы.

Ү. Жылдамдық ойыны.

ҮІ. Оқушылардың жетістіктері үшін ата-аналарды марапаттау.

ҮІІ. Кофе-брейк.

ҮІІІ. Ата-аналарға жаднамалар тарату.

ІХ. Қорытынды.

Барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Ата-аналармен амандасып, орындарына жайғайстырып отырғызу. Іс-шараның тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.

ІІ. Кіріспе сөз. Адамның бақыты балада. Адамға нағыз бақытты ұрпағы ғана сыйлай алады. «Адам ұрпағымен мың жасайды» деген сөз тегін айтылмаса керек. Олай болса адам өмірінің мәні – өз ұрпағы. Ата-ана алдында нәзік те, қиын, қоғамдық міндет тұр. Ол – бала тәрбиесі, бала тәрбиесінде алғашқы ұстаз – ата-ана. «Әкеге қарап ұл өсер, анаға қарап қыз өсер» деген сөз тегін айтылмаса керек. Ал бақытты бала толыққанды, сүйіспеншілікке толы, бақытты отбасында өседі. Бұл – заңдылық. Себебі отбасы игілігінің кепілі отбасы мүшелерінің мейірімінде, шынайылығы мен ықыласында, ой-армандарының бірлігінде жатқан жоқ па! Осындай ортадан шыққан балалар мектеп ілімін жеңіл игеріп, бойындағы қабілеттерін ашық көрсете алады,  олардың көкжиектері әлдеқайда кең. Өйткені олардың тәрбиесімен күллі отбасы айналысады. Әрі бұл үлкен еңбек, оны қоя тұруға, одан қол үзуге, уақытша тоқтатуға немесе демалыс алуға болмайды... Сонысына қарай марапаты да зор – дені сау, табысты әрі бақытты бала!

ІІІ. Оқушылардың тәртіптері мен оқулары туралы мәлімет.  «Сауал – менен, жауап - сізден».

1.     Әке-шеше баланың мінез-құлқындағы ерекшелікті жақсы байқай ала ма?

2.     Балаңызбен қаншалықты ашық сөйлесе аласыз?

3.     Отбасындағы жан-жал, біреудің сыртынан өсек айту, бала көзінше көрініс тауып жатады, бұған сіз қалай қарайсыз?

4.     Балаға арақ пен темекенің зиянын қалай ұқтырамыз?

5.     Балаңыздың бос уақытында немен айналысатынын білеміз бе?

6.     Кейде сабақтан жиі қалдыруға әртүрлі сылтауларды үлкендердің өзі үйретіп отырады. Бұл дұрыс па?

7.     Балаңыздың оқуын қадағалап отырасыз ба?

8.     Балаңыз сабақты «4-5»-ке оқиды. Бір күні сабақтан «2» алып қалды. Екілік алған күнделік бетін жыртып тастаған. Сіз көрдіңіз, не істейсіз?

ІҮ. І жартыжылдықтың қорытындысы. «Көрнекілік насихат»: өткізілген іс-шаралар, оқушылардың шығармашылығы.

Ү. Жылдамдық ойыны.

1.     Үй ішінде,

Отыз екі батыр,

Кіргендерді отап, турап жатыр. (Тіс).

«Отыз тістен шыққан сөз, отыз рулы елге тарар» дегендей үйде балаға қандай өсиет өнегелі әңгімелер айтасыз?

2.     Бетіңді тырыстырады,

Арқанды құрыстырады.

Ыңғайына көне берсең,

Досыңмен де ұрыстырады. (Ашу).

«Ашу – дұшпан, ақыл – дос» дегендей бар ашуымызды баладан аламыз, осы дұрыс па?

3.     Дүниеде бір құдық бар, беті қатқан.

Бетінде бетегесі шығып жатқан,

Қараса сол құдыққа көз жетпейді,

Құр қалмас сол құдықтың дәмін татқан.

Ол не? (Оқу, білім).

«Оқу – білім бұлағы» дегендей балаңыздың біліміне көңіліңіз тола ма? Қандай пәндерді сүйіп оқиды?

4.     Қабат-қабат қаттама,

Ақылың болса аттама.

Ақылын оның ала бер,

Айтқан сөзін жатта да. (Кітап).

«Кітап оқысан жаның жадырайды» демекші, өзіңіз қандай әдеби кітаптарды оқисыз? Балаңызды басылымдарға жаздырып, қалаған газет-журналын оқуға көмектесесіз бе? Үйде балаңыздың сабаққа дайындығын қадағалап отырасыз ба?

ҮІ. Оқушылардың жетістіктері үшін ата-аналарды марапаттау.

ҮІІ. Кофе-брейк.

ҮІІІ. Ата-аналарға жаднамалар тарату.

Түйінді ой. Ата-аналарға «Ата-аналардың назарына!» деген жаднамалар таратылады. Бала тәрбиесінен кеш қалмаңыз!

1.     Балаңызбен ашық сөйлесіңіз,баламен сөйлесуге тіпті арнайы уақыт бөліңіз.

2.     Орынсыз ұрысу, зеку, сұрақтарына дөрекі жауап беруден аулақ болыңыз.

3.     Адал еңбек етуге тәрбиелеңіз.

4.     Өтіріктен аулақ болуға баулыңыз.

5.     Мектептегі іс-шаралармен ата-аналарға арналған жиналыстарға үнемі қатысуға уақыт табуға тырысыңыз.

6.     Үнемі бала тәрбиесімен қатар оның жақсы білім алуына жағдай жасаңыз.

7.     Балаға деген жүрек жылуыңызды аямаңыз.

ІХ. Қорытындылау.

1.     Отбасы тәрбиесіне түрлеріне не жатады?

2.     Бала деген кім?

3.     Қазіргі таңда балаға білім керек пе?

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Тәрбие көзі - отбасы" (ата-аналар жиналысының әзірлемесі)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Директор детского оздоровительного лагеря

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Тәрбие көзі – отбасы

(ата-аналармен жүргізілетін жиналыс)

Мақсаты: Отбасындағы тәрбие өте маңызды рөл атқаратындығын көрсете білу, мектеп пен ата-ана байланысын нығайту, ата-ананың оқу-тәрбиеге қатысты жауапкершілігін арттыру.

Іс-шара жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Кіріспе сөз.

ІІІ. Оқушылардың тәртіптері мен оқулары туралы мәлімет. «Сауал – менен, жауап - сізден».

ІҮ. І жартыжылдықтың қорытындысы. «Көрнекілік насихат»: өткізілген іс-шаралар, оқушылардың шығармашылығы.

Ү. Жылдамдық ойыны.

ҮІ. Оқушылардың жетістіктері үшін ата-аналарды марапаттау.

ҮІІ. Кофе-брейк.

ҮІІІ. Ата-аналарға жаднамалар тарату.

ІХ. Қорытынды.

Барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Ата-аналармен амандасып, орындарына жайғайстырып отырғызу. Іс-шараның тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.

 

ІІ. Кіріспе сөз. Адамның бақыты балада. Адамға нағыз бақытты ұрпағы ғана сыйлай алады. «Адам ұрпағымен мың жасайды» деген сөз тегін айтылмаса керек. Олай болса адам өмірінің мәні – өз ұрпағы. Ата-ана алдында нәзік те, қиын, қоғамдық міндет тұр. Ол – бала тәрбиесі, бала тәрбиесінде алғашқы ұстаз – ата-ана. «Әкеге қарап ұл өсер, анаға қарап қыз өсер» деген сөз тегін айтылмаса керек.Ал бақытты бала толыққанды, сүйіспеншілікке толы, бақытты отбасында өседі. Бұл – заңдылық. Себебі отбасы игілігінің кепілі отбасы мүшелерінің мейірімінде, шынайылығы мен ықыласында, ой-армандарының бірлігінде жатқан жоқ па! Осындай ортадан шыққан балалар мектеп ілімін жеңіл игеріп, бойындағы қабілеттерін ашық көрсете алады,  олардың көкжиектері әлдеқайда кең. Өйткені олардың тәрбиесімен күллі отбасы айналысады. Әрі бұл үлкен еңбек, оны қоя тұруға, одан қол үзуге, уақытша тоқтатуға немесе демалыс алуға болмайды... Сонысына қарай марапаты да зор – дені сау, табысты әрі бақытты бала!

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 273 материала в базе

Скачать материал

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 07.04.2015 2167
    • DOCX 17.8 кбайт
    • 20 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жылкыбаева Айгуль Толкынбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 9
    • Всего просмотров: 58867
    • Всего материалов: 19

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Уверенность, уверенное поведение, воспитание волевых привычек, развитие учебной мотивации у детей и подростков

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 82 человека из 32 регионов
  • Этот курс уже прошли 247 человек

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы профориентационной работы в деятельности педагога

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 93 человека из 35 регионов
  • Этот курс уже прошли 120 человек

Курс повышения квалификации

Особенности реализации Федеральной рабочей программы воспитания в школе

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 90 человек из 33 регионов
  • Этот курс уже прошли 249 человек

Мини-курс

Принципы эффективного использования аграрных ландшафтов

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Налог на прибыль и учет доходов/расходов

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Специальная реабилитация: помощь детям с особыми потребностями

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе