Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / Тәрбие процесін жергіліктендіру. «Таза орман» акциясы.
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Классному руководителю

Тәрбие процесін жергіліктендіру. «Таза орман» акциясы.

библиотека
материалов

«Тәрбие процесін жергіліктендіру арқылы іскерлік қызметтің әр саласында қоршаған ортаға деген жауапкершілікті тәрбиелеу» жобасы негізінде өткізілген

«Таза орман» акциясы




Дайындаған оқытушы:

Гайсина Б.С.






Эпиграф: Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ,

Табиғаттың оны айтуға тілі жоқ.



Ертіс өзенінің экологиялық жағдайы.

Ертіс өзені - Қазақстандық Алтайдың ең басты су күретамыры болып табылады. Өзен бастауын Монғол Алтайының оңтүстік батыс беткейіндегі 2500 м биіктікте орналасқан мұздықтан алады. Зайсан көліне келіп құйғанға дейінгі ұзындығы 672 км-ге жетеді. Бұл тұста өзен Қара Ертіс деген атқа ие болады. Көлден ағып шығып, Ресей мемлекеті аумағындағы Обь өзеніне барып құяды. Ертіс транс шекаралық өзендер қатарына жатады.

Ертіс өзенінің Прапорщикова аулы маңындағы су сапасының сипаттамасы: 2003ж-2,16 (орташа ластанған), 2004ж-1,46 (орташа ластанған), 2005ж-1,45 (орташа ластанған),2006ж-1,15 (орташа ластанған) ,2007ж-2,04 (орташа ластанған) .

Соңғы он жыл ішіндегі өзен суын әртүрлі қажеттіліктер үшін пайдалану мүмкіншіліктерін талдайтын болсақ :

  • өнеркәсіп өндірісінің артуына байланысты суды пайдалану көлемі де артып отыр;

  • жүйелі суландыруға қолданылатын су суарылатын ауданға тәуелді болып келеді;

  • лимандық суаруға қолданылатын су суармалы аудандардың азаюына байланысты төмендеп отыр;

  • ауыл шаруашылығы сумен қамтамасыз ету бойынша пайдаланатын сулар мөлшері өзгеріссіз қалып отырады;

  • Жайылмаларды суландыруға пайдаланатын су мөлшері мал санының артуына байланысты өсіп жатыр;

  • Тоған-балық шаруашылығына қолданылатын сулар біртіндеп азаюда.

Бүгінгі таңда Ертіс өзені суларына түсетін улы заттардың көлемін азайту мақсатында кәсіпорындарда ағын суларда биологиялық тазалайтын қуатты тазалау қондырғылары орнатылуда. Өнеркәсіпте суды тұйық цикл бойынша пайдалану қолданылуда. Қазіргі кезде кері және қайта пайдаланатын сулардың көлемі жалпы су тұтынудың 48 пайызын құрап отыр. Сонымен қатар, өнеркәсіп орындары аз және қалдықсыз технологияларды, қалдықтарды екінші реттік өңдеуге көшуде.

Қалалық «Химия, биология, экология» әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыруымен және колледжішілік «Тәрбие процесін жергіліктендіру арқылы іскерлік қызметтің әр саласында қоршаған ортаға деген жауапкершілікті тәрбиелеу» жобасы негізінде экологиялық комитетпен бірлесе отырып, Ертіс өзені жағалауын тазалауға шықтық. Тазалық жүргізуге колледжіміздің химия пәні оқытушысы Гайсина Б.С., 11 бухгалтер тобы барды. Бұл акцияға қаламыздың геология-бақылау және бизнес-құқық колледждері де қатысты. Акция барысында Ертіс жағалауындағы ластанған жерлерді қоқыстардан тазарттық. Біздің аталған акцияға қатысуымыздың мақсаты болашақ жастарымыздың санасында табиғатқа деген сүйіспеншілікті, қамқорлықты, қоршаған ортаға деген махаббатты қалыптастыру. Осындай іс-шаралар арқылы біз табиғатымызды, қоршаған өлкемізді қоқыстардан тазартып, басқа да оқушылар мен жас ұрпаққа үлгі көрсетсек, келешекте ол жастарымызда орынсыз табиғатты ластамай табиғатты қорғау, аялау акцияларына бізбен бірлесіп ат салысады- деген ойдамыз.



Краткое описание документа:

«Тәрбие процесін жергіліктендіру арқылы іскерлік қызметтің әр саласында

қоршаған ортаға деген жауапкершілікті тәрбиелеу» жобасы негізінде 

өткізілген «Таза орман» акциясына колледжіміздің оқушылары қатысты.

Акцияның мақсаты қалалық «Химия, биология, экология» әдістемелік

бірлестігінің ұйымдастыруымен және колледжішілік  «Тәрбие процесін

жергіліктендіру арқылы іскерлік қызметтің әр саласында қоршаған ортаға

деген жауапкершілікті тәрбиелеу» жобасы негізінде экологиялық

комитетпен бірлесе отырып, Ертіс өзені жағалауын қоқыстардан, ескі

өсімдіктер мен жапырақтардан тазарту.

 

 

Автор
Дата добавления 20.02.2015
Раздел Классному руководителю
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров499
Номер материала 401301
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх