Инфоурок Классному руководителю КонспектыТәрбие сағаты. «Армысың, әз Наурыз!»

Тәрбие сағаты. «Армысың, әз Наурыз!»

Скачать материал

Маңғыстау облысы

 Түпқараған ауданы 

С Шапағатов селосы

Бесімбаева Раскүл

Бастауыш сынып мұғалімі.

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Армысың әз Наурыз»!

Мақсаты:

1.Қазақ халқының ежелден сақталып, атадан балаға мұра етіп қалдырған салт-дәстүрін, наурыз мейрамының мәнін түсіндіру, әрі дамыту және көркейту.

2.Оқушылардың ойлауын дамыта отыра, ой қиялын, өрісін, іздену негіздерін дамыту.

3.Оқушыларды ұлтжандылыққа, имандылыққа, инабаттылыққа, халқымыздың салт-дәстүрін қастерлеуге, сақтауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі:

Буклет, кестелер, шарлар, қанатты сөздер, үнтаспа.

Ұйымдастыру.

1-жүргізуші.

Бағыма көктемменен еніп едің

Іздедім шуағыңнан көңіл емін.

Бір мезгіл жоғалғаным табылғандай

Шаттанды шашуыңнан төңірегім

Көркейтсін баспасын да даланы мұң

Тербетсін табиғатты дана жырың

Қош келдің төрімізге төрлетбүгін!

2-жүргізуші:

Құрметті ұстаздар, оқушылар, қонақтар! Бәріміздің көптен күткен Наурызымыз да келді!

Наурыз тойларыңыз құтты болсын! Ұлыстың Ұлы күні аталған Наурызда еңбектеріңіз өнімді боп, тілектеріңіз қабыл боп, аман-есен тойдан тойға жетіп, ескі ауыртпалықтарыңыз ескі жылда кетіп, жаңа жылда, жаңа үміт, жаңа тіршілікпен, осы ұлыстың ұлы күнінде елімізге, жерімізге Наурызымыз есігін қуанышпен ашсын. Барлық жақсы ниет-тілектеріңіз қабыл болсын оқушылар 3А сыныбы дайындаған «Армысың Әз Наурыз» атты мерекелік кешіне қош келдіңіздер!

1-жүргізуші:

Жүріңдер Наурызға басып аяқ,

Қалыс қауым болмасын некен саяқ.

Ән шырқап, би билейтін қауым болып,

Тұрмайық, уақыт келді өнерді аяп.

Қазақ биі

2-жүргізуші:

Уа жараңдар, жараңдар!

Көңілің баро алаңдар

Ата менен анаң бар

Үлкен кіші ағаң бар

Наурыз тойы басталды

Бәрің бері қараңдар!

 

1-жүргізуші:

Ән: Наурыз-думан.

1-жүргізуші:

Құт береке, Наурыз айым келді деп,

Жер түледі, жасыл желек желбіреп,

Айналайын ата мекен кең далам.

Толықсиды нұрға балқып, елжіреп.

Айдос:

Аспанымда ақша бұлттар аунайды,

Наурыз тойы көңілімді баурайды.

Тебіренген табиғат та мәз мейрам,

Аңқылдаған қазағымнан аумайды.

Бәрі көріседі

2-жүргізуші: Түрлі-түрлі ұлттық ойындарды ойнауы.

 Қазақтың көптеген ұлттық ойындары бар. Солардың бірі «Сақина салу» ойыны. Қане бастайық.

(Жастар жиналады. Сабина сақина салып жүреді.)

 

Қане менің сақинам кімде екен, ортаға шық. 1-2 рет ойнату керек.

 (Нұрлан ұсталып қалу керек.)

Нұрлан: Наурызда ән айтпай, би билемей кету айып болар. Қазақтың ұлттық биіне айналып жүрген «Қаражорға» биін билеп берейін.

(Бәрі билейді.)

 

1-жүргізуші: Өздеріңіз тамашалағандай, көрісу,

2-жүргізуші: бесікке салу, ұлттық ойындар жыл сайынғы наурыз мерекесі сайын аталып өтіледі.

Нұрасыл: Наурыздың нағыз сәні ол наурыз көже. Наурыз көже жеті түрлі дәмнен жасалады. Соғымнан қалған сұр ет, қойдың басы, сүт, езілген малта құрт, бидай немесе тары, күріш сияқты дақылдардан жасалады.

2-жүргізуші: Наурыз көже неге жеті түрлі дәмнен жасалған?

Айзерім: Жеті деген киелі санға құрылған. Қазақ киелілікке, ырымшылдыққа аса мән берген. Наурыз көжеге су қосқаны – өмір өзен, ұрпақ – өріс судай асып – тасысын дегені болса керек. Абайша айтсақ:

Дүние – үлкен көл

Заман – соққан жел.

1-жүргізуші: «Алдыңғы толқын ағалардың», «кейінгі толқын інілерге» ықпалы тарихының айғағы. «Сылдырап өңкей келісім, тас бұлақтың суындай болайық» дегені.

Тұз қосқаны: Қазақтың мәдениеті – сөз. Қашаннан сөзді қадірлеген қазақ ешқашан дәмсіз сөз сөйлемеген. Сондықтан да «Тұз – астың дәмін келтірер, мақал – сөздің мәнін келтірер» деп мағыналы мақал айтқан. «Құр бос жүре бермей нәтиженің дәмін білейік, бір-бірімізге дәмді сөздер айтысып жүрейік» деген мағынада ырымдалған болса керек

Айида: Сүт немесе ақ құйғаны – сүттей ұйып отырайық, ақ мол болса денсаулыққа да кепіл дегені. Көңіліміз де ақ болсын деген таза ниет. «Ағы бардың – бағы бар» деп түсінетін қазақ халқы сүт тағамын бақыт несібесі деп білген. Қазақтың ұлттық тарихында ертеден пайдаланып келе жатқан ұлттық тағамдардың түрлері сүттен жасалады. «Қазақ» сөзінің тіркесіндегі «ақ» сөзі де осымен жалғасып тұрғаны көп мағынаны түсіндіреді.

 

2-жүргізуші: Сондықтан да Наурыз көжені наурыз айында кедейлерге тарататын тағам түрінде емес, арнайы ырымдап жасайтын болған. Дәнді-дақыл пайдалы, сабағынан дәні мәуелеп, төгіліп тұратын құтты, ырысты өсімдік. Наурыз пайдалы да құтты, ырысты болсын, өскін мол болсын деген қазақ тілегінің, ырымының басты көзі Наурыз көже болса керек.

 

1-жургізуші: Көжені ыдысқа толтырып құяды, бұл - «жаңа келген жылдан несібесі ортаймасын» дегендік. Әрі сол құйылған көжені тауысып ішу керек, әйтпесе ырыздығы кем болады дейді.

 

Әлихан:

Көже істеген келіңдер,

Көпке жаққан елшіл бол!

Бата беру

Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!

Қайда барсаң жол болсын!

Ұлыс бақты болсын!

Төрт түлік ақты болсын.

Ұлыс береке берсін

Пәле-жәле жерге енсін

Ұлыс күні кәрі-жас,

Құшақтасып кәрі-жас,

Жаңа ағытқан қозыдай,

Жұмырасып өріскен,

Шалдар бата беріскен

Ұлыс күні қазан толса

Ол жылы ақ мол болар

Менің берген бұл батам

Алланың құлағына шалынсын! Әумин!

Әділет:

Жарқырасын Атыраудай жеріміз!

Асып-тасысын байлығымыз, кеніміз

Ел сүйсініп дәулетіне елімнің,

Малға толып жатсын барқыт беліміз!

 

Руслан:

Тойла бүгін тауларым мен боз далам,

Тойла бүгін қарттарым мен бозбалам.

Мереке боп келген бүгін Наурызым!

Береке бол ешқашанда тозбаған!

 

1-жүргізуші:

Осымен оқушылар ұйымы дайындаған «Армысың, Әз Наурыз» атты мерекелік кешіміз аяқталды.

 

2-жүргізуші:

Наурыздан – наурызға аман есен жете берейік.

Осымен 3А сыныбы дайындаған «Армысың Әз,Наурыз» атты тәрбие сағатымыз аяқталды,зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет,келесі наурызда кездескенше қош сау болыңыздар!

 

                                     №1 Жалпы орта білім беретін-лицейі.

 

 

 

 

                                                 

                                            АШЫҚ ТӘРБИЕ САҒАТЫ

 

ТАҚЫРЫБЫ:  Армысың, Әз Наурыз

 

 

                                                                  

 

 

                                                                 Дайындаған: Бесімбаева Р

 

 

 

 

 

 

                            

                               Сайын Шапағатов елді мекені.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тәрбие сағаты. «Армысың, әз Наурыз!»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист в области обращения с отходами

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Қазақтың Жаңа жылы қарсаңында өткізген «Армысың, әз Наурыз!» тақырыбындағы тәрбие сабағымның мақсаты:

1.Қазақ халқының ежелден сақталып, атадан балаға мұра етіп қалдырған салт-дәстүрін, наурыз мейрамының мәнін түсіндіру, әрі дамыту және көркейту.

2.Оқушылардың ойлауын дамыта отыра, ой қиялын, өрісін, іздену негіздерін дамыту.

3.Оқушыларды ұлтжандылыққа, имандылыққа, инабаттылыққа, халқымыздың салт-дәстүрін қастерлеуге, сақтауға тәрбиелеу.

Сабақта пайдаланған көрнекілігім:

 

Буклет, кестелер, шарлар, қанатты сөздер, үнтаспа. 

Сабақты ұлттық киім киген 2 жүргізуші жүргізді.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 719 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 21.04.2015 5539
    • DOCX 18.2 кбайт
    • 50 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Бесімбаева Раскул Сабиткызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Бесімбаева Раскул Сабиткызы
    Бесімбаева Раскул Сабиткызы
    • На сайте: 9 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 19192
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Уверенность, уверенное поведение, воспитание волевых привычек, развитие учебной мотивации у детей и подростков

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 82 человека из 32 регионов
  • Этот курс уже прошли 247 человек

Курс повышения квалификации

Современные технологии профилактики зависимого поведения среди подростков и молодежи

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 112 человек

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы взаимодействия образовательной организации с семьями обучающихся

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 87 человек

Мини-курс

Политическое проектирование и международные отношения"

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы налогообложения и формирования налогооблагаемых показателей

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Формирование здоровых детско-родительских отношений: влияние и преодоление сепарации

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 159 человек из 46 регионов
  • Этот курс уже прошли 85 человек