Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Конспекты / Тәрбие сағаты "Біз ертегілер еліненбіз" (2 сынып)

Тәрбие сағаты "Біз ертегілер еліненбіз" (2 сынып)

Международный конкурс по математике «Поверь в себя»

для учеников 1-11 классов и дошкольников с ЛЮБЫМ уровнем знаний

Задания конкурса по математике «Поверь в себя» разработаны таким образом, чтобы каждый ученик вне зависимости от уровня подготовки смог проявить себя.

К ОПЛАТЕ ЗА ОДНОГО УЧЕНИКА: ВСЕГО 28 РУБ.

Конкурс проходит полностью дистанционно. Это значит, что ребенок сам решает задания, сидя за своим домашним компьютером (по желанию учителя дети могут решать задания и организованно в компьютерном классе).

Подробнее о конкурсе - https://urokimatematiki.ru/


Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

  • Классному руководителю

Поделитесь материалом с коллегами:

Күні: 4 ақпан, 2015 жыл Бекітемін: А.Нұртаева


Тақырыбы: Ертегі еліне саяхат

Мақсаты:

1) Оқушыларды халық ауыз әдебиетіндегі ертегілермен, ертегі кейіпкерлерімен таныстырып, ұлттық рухани біліммен қаруландыру;

2) Оқушының тілін, қиялын, сөздік қорын халық мұрасы арқылы дамыту; балалардың логикалық қабілетін, танымын дамыту. Зейінін, ақыл - ой белсенділігін арттыру, тез ойлауға машықтандыру.

3. Еліміздің болашақ ұрпағын біліммен сусындаған, тапқырлығымен тамсандыратын салауатты, саналы етіп тәрбиелеу, ертегіні сүйіп оқуға, адамгершілікке, шындыққа, елжандылыққа тәрбиелеу.

Әдіс - тәсілдері: түсіндіру - көрсету, сұрақ - жауап, баяндау, бақылау, дидактикалық, логикалық ойындар.

Көрнекіліктер: ертегі кейіпкерлерінің суреттерімен, шармен безендірілген сахна, «Кітап қалай жасалды?», «Ертеге кейіпкерлері» тақырыбындағы слайд презентация, суреттер, «Ертегілер елінде» көрме, тапсырмалар берілген карточкалар, бейнетаспа.

Амандасу. Шаттық шеңбер:

Дөңгеленіп тұрайық

шеңберді біз құрайық

Қол ұстасып бәріміз

Ақ тілекті жолдайық

Әлемде нұр тыныштық

Әрбір бейбіт күн ыстық

Қайырлы таң балабақша

Қайырлы күн достарым

Достарымды көргенде

Қуана қарсы аламын

Сәлем! Сәлем! Сәлем!

Кітапханашы : Ата -аналар, қонақтар, оқушылар! Бүгінгі «Ертегілер еліне саяхатқа» қош келдіңіздер. Бүгін біз ертегілер еліне саяхатқа шығамыз.

«Кітап оқисың ба, жас дос?» сауалнама жүргіземіз.

1. Өзің сүйіп оқитын кітап?

2. Сенің жақсы көретін ертегің?

3. Ең алғаш оқыған кітабың?

4. Қай кітапты, ертегіні қайтадан оқыр едің?

5. Сенің сүйікті әдеби кейіпкерің?

6. Қазір қандай кітап оқып жатырсың?

7. Кітапханашы апайлардың аты кім?

«Кітап қалай жасалды?» тарихқа саяхат. Экранға назар аударыңыздар.

Әдеби монтаж «Ертегі сиқыры»

1-оқушы: Өткен күн таңтамаша ертегі ғой,

Айтады ертегі сыр, ертегі ой.

Ертегі айтса еліктіріп балалар,

Қиялға қызықтырып ертеді ғой.

2-оқушы: Ертегіде халықтың мұң-зары бар,

Орман, тау, өрмелейтін кұздары бар.

Жамандықпен алысып, жауын жеңген

Халқымның ұлдары мен қыздары бар!

3-оқушы: Жауларымен алысып жекелеген,

Батыр ма ел намысын өтемеген.

Ертегімен халқымыз ертеңіне

Ұрпағын қызықтырып жетелеген.

4-оқушы: Кел онда, ертегіні шертейік біз,

Қауымды мына келген ертейік біз.

"Ертегі еліне" бір саяхаттап,

Келгендерді соңымыздан ертейік біз.

Өте жақсы, балалар! Ендеше ертегілер елінің қақпасын ашайық! Бізді қандай ертегілер күтіп тұр екен.

Сайыс шарттары:

1. Миға шабуыл

2. Ерте, ерте, ертеде ертегілерден үзінді

3. Кейіпкерлерді қорғау

4. Үй тапсырмасы

5. Ертегі мен мультфильм

6. Суретпен жұмыс

7. Кімнің заты?

8. «Кітап ненеі сүйеді?»

1-тапсырма.

«Миға шабуыл» сұрақтар беріледі.

1. Ертегілер туралы кім не біледі?

2. Ертегілерде кімдер туралы, нелер туралы айтылады екен?

3. Ертегінің қандай түрлері бар,?

4. Ертегі басталғанда қалай басталады?

Балалар, ертегілер — бұл қиял-ғажайып оқиғалар туралы әңгімелер. Ертегілердің түрлері көп. Хайуанаттар туралы, қиял-ғажайып, шыншыл ертегілер, аңыз-ертегілер болып бөлінеді. Сендер өздерің қандай ертегілер білесіндер? Әжелерің ертегі айтады ма? Сендерге қандай ертегілер айтты? Қане, кім айтар екен?

"Ерте, ерте, ертеде Ешкі жүні бөртеде Қырғауыл жүні қызыл екен, құйрық жүні ұзын екен".

2-тапсырма: "Ерте, ерте, ертеде..." деп ертегілерден үзінді оқылады. Бұл тапсырмада ертігінің аты, кейіпкерлері, ертегіде не туралы айтылады? Осы сұрақка жауап берсек "Ертегілер елінің" қақпасы ашылады.

3-тапсырма: Балалар ертегілердің жағымды, жағымсыз кейіпкерлері болады. Жағымды кейіпкерлерді атайықшы, өте жақсы. Енді жағымсыз кейіпкерлерді атаймыз? Келесі тапсырмада топ басшылары мына суреттердегі ертегі кейіпкерлері болып өзін-өзі қорғайды..

"Мақта қыз бен мысық "

Мақта қыз: Мен Мақта қыз үйімді тазаладым,

Сен, мысық, кайта-қайта мазамды алдың.

Қатық төктің, еңбекті қадірлемей,

Құйрығынды жұлып ап жазаладым.

Мысық: Көзіме көрінбей тышқан,

Мен мысықпын іші пысқан.

Қатығынды қайтардым төккен,

Қайырымды алдым көптен.

Біздің ортамызда мыстан кемпір отыр. Ертегіде мыстан кемпірдің істері сендерге жағымды болады ма, әлде жағымсыз ба? Өзі не дер екен?

Мыстан: Мен мыстанмын, мыстанмын,

Жақсылыққа дұшпанмын.

Су астынан шыға кеп,

Алақаныннан қысқанмын.

Тісімді жұлып лақтырып,

Сыпырғышқа мініп ұшқанмын.

Жас емеспін, кәрімін,

Ертегінің сәнімін.

Көркейтуге келгенмін

Ертегілер ауылын.

Дәу қай ертегінің кейіпкері? Ол туралы не айта аласындар, балалар?

Дәу: Мен жалғыз көзді Дәумін,

Балаларға, батырларға жаумын.

Тауыңды да, тасыңды да лақтырамын,

Тек жамандық жолында шапқыладым.

Талай жерде ақылмен алдап кетті,

Қаңбак шал ма, қылғаны- ай, қап мынаның.

(Кақпадағы қаңбак шалды тұра қуады).

Қанбақ шал: Мен Қаңбақ шалмын, қаңбақтаймын,

Жел соқса ағаштан түскен жаңғақтаймын.

Алып дәуді алдадым ақыры мен,

Қу түлкіден құтылдым ақыры мен.

Ешқашан жамаңдыққа жоламаймын,

Мен қаңбақ шал, жел соқса домалайтын.

"Қырық өтірік" ертегісіндегі Тазша бала өзінің шешендігімен хандарды сөзден ұтқан. Сөйтіп өзінің мұратына жеткен кейіпкер солай ма балалар?

Біздің ортамызда тағы қонактар бар. Олар Керқұла атты Кендебай, Меңдіқыз, Толағай

Тазша бала: Мен Тазша баламын,

Кіп-кішкентай ғанамын.

Қысылғанда сөз табамын,

Қырық өтірік пе кедергі,

Жаңылмай айтып беремін.

Ақылыма тәнті боп,

Алтын үйді басыма,

Той жасады хан қызын

Отырғызып қасыма.

Керқұла атты Кендебай: Алмас қылыш жарқылдап қасымдағы,

Жамандықты жайраттым жолымдағы.

Азу тісін қағыпап арыстанның,

Жеті басты аждаһармен алысқанмын.

Міне Дәудің жалғыз көзін ойып алдым,

Әйтпесе батыр деп мені мойындар кім?

Мен батыр, Керқұла атты Кендебаймын,

Кәнеки, тұра алады жолымда кім?

Меңді қыз: Мен Менді қыз ақыл мен көркі қонған,

Жақсылыққа әрдайым серік болған.

Ертегіде хан, қара батырлар да

Жүреді мендей қыздың ақылымен.

Толағай: Аптап ыстық кең даланы қуартқан,

Егін күйіп, бұлақтарды суалтқан,

Мен Толағай тау көтеріп ел үшін,

Жаңбыр әкеп, Отанымды қуантқам.

4 –тапсырма. Үй тапсырмасы.

Мәнеріне, дауыс ырғағына, актерлік шеберлікке назар аударылады.

5 тапсырма. Ертегілер елінен және мултьфильмдерден суреттер көрсетіледі.

6-тапсырма. Суреттер таңдап алады. Соған сәйкес ертегі құрастыру керек.

Көрермен көзайымы.

5 есекте неше құйрық бар?

2 иттің неше тұмсығы бар?

үстел үстінде 3 алма мен 2 алмұрт тұр, барлығы қанша жеміс тұр екен?

үйректің 2 балапаны мен қаздың 2 балапаны суда жүзіп, шулап жүр. барлығы қанша балапан жүзіп жүр?

Жарайсыңдар балалар, Машаның есептерін тамаша шештіңдер.

1. «Кімнің заты?» ойыны

1. Өзі тамақ пісіретін қазан- «Ұр, тоқпақ!»

2. Алдайтын таяқ- «Алдар көсе»

3. Бағалы сақа- Алтын сақа

4. Ұшатын кебіс –«Маленький Мук»

5. Көк есек пен, ескі шапан –«Қожанасыр»

6. Гауһар айна- «Ұйқыдағы ару»

Кітап нені сүйеді?

Ойын шартында мен сіздерге бірнеше нұсқаны айтам, келіссеңіздер шапалақ ұрасыздар, келіспесеңіздер ұрмайсыздар.

-Қаптағанды

-лас қолмен ұстағанды

-қар мен жаңбырға тастағанды

- Аялап ұстағанды

-кітап сөрелерінде тұрғанды

-кітапқұмарларды

-еденде жатқанды

-құрметтегенді

-Жұмыртқа жаққанды

-төбелескенді

Қорытынды.

-Ертегі еліне саяхат жасау сендерге ұнады ма?

Ертегі біздің қиялымызға қанат бітіреді екен, ертегі сендерді жамандықтан аулақ жүруге, жақсылық жасауға, адалдыққа үйретеді екен, олар керек кезде бір - біріне көмекке келеді; біріккеннің арқасында; достығының арқасында барлығында жеңіп шығады екен.

Олай болса әділқазылар мүшелерінің қорытындысын тыңдайық.

Жарайсыңдар балалар! Сендер жарадыңдар, барлық тасырманы да орындап, сайыс межесіне жетіп, жеңіп алған орындарыңыз құтты болсын!

Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy



Краткое описание документа:

Күні: 4 ақпан, 2015 жыл                Бекітемін:                      А.Нұртаева

 

Тақырыбы: Біз ертегілер еліненбіз

Мақсаты:

1) Оқушыларды халық ауыз әдебиетіндегі ертегілермен, ертегі  кейіпкерлерімен таныстырып, ұлттық рухани біліммен қаруландыру;

2) Оқушының тілін, қиялын, сөздік қорын халық мұрасы арқылы дамыту; балалардың логикалық қабілетін, танымын дамыту. Зейінін, ақыл - ой белсенділігін арттыру, тез ойлауға машықтандыру.

3. Еліміздің болашақ ұрпағын біліммен сусындаған, тапқырлығымен тамсандыратын салауатты, саналы етіп тәрбиелеу, ертегіні сүйіп оқуға, адамгершілікке, шындыққа, елжандылыққа тәрбиелеу.

        Әдіс - тәсілдері: түсіндіру - көрсету, сұрақ - жауап, баяндау, бақылау, дидактикалық, логикалық ойындар.

Көрнекіліктер: ертегі кейіпкерлерінің суреттерімен, шармен безендірілген сахна, «Кітап қалай жасалды?», «Ертеге кейіпкерлері» тақырыбындағы слайд презентация,  суреттер,  «Ертегілер елінде» көрме, тапсырмалар берілген карточкалар, бейнетаспа.

Амандасу. Шаттық шеңбер:

Дөңгеленіп тұрайық

шеңберді біз құрайық

Қол ұстасып бәріміз

Ақ тілекті жолдайық

Әлемде нұр тыныштық

Әрбір бейбіт күн ыстық

Қайырлы таң балабақша

Қайырлы күн достарым

Достарымды көргенде

Қуана қарсы аламын

Сәлем! Сәлем! Сәлем!

Кітапханашы : Ата -аналар, қонақтар, оқушылар! Бүгінгі «Ертегілер еліне саяхатқа» қош келдіңіздер. Бүгін біз ертегілер еліне саяхатқа шығамыз.

«Кітап оқисың ба, жас дос?» сауалнама  жүргіземіз.

1. Өзің сүйіп оқитын кітап?

2. Сенің жақсы көретін ертегің?

3. Ең алғаш оқыған кітабың?

4. Қай кітапты, ертегіні  қайтадан оқыр едің?

5. Сенің сүйікті әдеби кейіпкерің?

6. Қазір қандай кітап оқып жатырсың?

7. Кітапханашы апайлардың аты кім?

«Кітап қалай жасалды?» тарихқа саяхат. Экранға назар аударыңыздар.

Әдеби монтаж «Ертегі сиқыры»

1-оқушы: Өткен күн таңтамаша ертегі ғой,

Айтады ертегі сыр, ертегі ой.

Ертегі айтса еліктіріп балалар,

Қиялға қызықтырып ертеді ғой.

2-оқушы: Ертегіде халықтың мұң-зары бар,

Орман, тау, өрмелейтін кұздары бар.

Жамандықпен алысып, жауын жеңген

Халқымның ұлдары мен қыздары бар!

3-оқушы: Жауларымен алысып жекелеген,

Батыр ма ел намысын өтемеген.

Ертегімен халқымыз ертеңіне

Ұрпағын қызықтырып жетелеген.

4-оқушы: Кел онда, ертегіні шертейік біз,

Қауымды мына келген ертейік біз.

"Ертегі еліне" бір саяхаттап,

Келгендерді соңымыздан ертейік біз.

Өте жақсы, балалар! Ендеше ертегілер елінің қақпасын ашайық! Бізді қандай ертегілер күтіп тұр екен.

Сайыс шарттары:

1. Миға шабуыл

2. Ерте, ерте, ертеде ертегілерден үзінді

3. Кейіпкерлерді қорғау

4. Үй тапсырмасы

5. Ертегі мен мультфильм

6. Суретпен жұмыс

7. Кімнің заты?

8. «Кітап ненеі сүйеді?»

1-тапсырма.

«Миға шабуыл» сұрақтар беріледі.

1. Ертегілер туралы кім не біледі?

2. Ертегілерде кімдер туралы, нелер туралы айтылады екен?

3. Ертегінің  қандай түрлері бар,?

4. Ертегі басталғанда қалай басталады?

    Балалар, ертегілер — бұл қиял-ғажайып оқиғалар туралы әңгімелер. Ертегілердің түрлері көп. Хайуанаттар туралы, қиял-ғажайып, шыншыл ертегілер, аңыз-ертегілер болып бөлінеді. Сендер өздерің қандай ертегілер білесіндер? Әжелерің ертегі айтады ма? Сендерге қандай ертегілер айтты? Қане, кім айтар екен?

"Ерте, ерте, ертеде Ешкі жүні бөртеде Қырғауыл жүні қызыл екен, құйрық жүні ұзын екен".

     2-тапсырма: "Ерте, ерте, ертеде..." деп  ертегілерден үзінді оқылады. Бұл тапсырмада ертігінің аты, кейіпкерлері, ертегіде не туралы айтылады? Осы сұрақка жауап берсек "Ертегілер елінің" қақпасы ашылады.

 

3-тапсырма:  Балалар ертегілердің жағымды, жағымсыз кейіпкерлері болады. Жағымды кейіпкерлерді атайықшы, өте жақсы. Енді жағымсыз кейіпкерлерді атаймыз? Келесі тапсырмада топ басшылары мына суреттердегі ертегі кейіпкерлері болып өзін-өзі қорғайды..

"Мақта қыз бен мысық "

Мақта қыз: Мен Мақта қыз үйімді тазаладым,

Сен, мысық, кайта-қайта мазамды алдың.

Қатық төктің, еңбекті қадірлемей, 

Құйрығынды жұлып ап жазаладым.

Мысық: Көзіме көрінбей тышқан,

Мен мысықпын іші пысқан.

Қатығынды қайтардым төккен,

Қайырымды алдым көптен.

Біздің ортамызда мыстан кемпір отыр. Ертегіде мыстан кемпірдің істері сендерге жағымды болады ма, әлде жағымсыз ба? Өзі не дер екен?

Мыстан: Мен мыстанмын, мыстанмын,

Жақсылыққа дұшпанмын.

Су астынан шыға кеп,

Алақаныннан қысқанмын.

Тісімді жұлып лақтырып,

Сыпырғышқа мініп ұшқанмын.

Жас емеспін, кәрімін,

Ертегінің сәнімін.

Көркейтуге келгенмін

Ертегілер ауылын.

Дәу қай ертегінің кейіпкері? Ол туралы не айта аласындар, балалар?

Дәу: Мен жалғыз көзді Дәумін,

Балаларға, батырларға жаумын.

Тауыңды да, тасыңды да лақтырамын,

Тек жамандық жолында шапқыладым.

Талай жерде ақылмен алдап кетті,

Қаңбак шал ма, қылғаны- ай, қап мынаның.

(Кақпадағы қаңбак шалды тұра қуады).

Қанбақ шал: Мен Қаңбақ шалмын, қаңбақтаймын,

Жел соқса ағаштан түскен жаңғақтаймын.

Алып дәуді алдадым ақыры мен,

Қу түлкіден құтылдым ақыры мен.

Ешқашан жамаңдыққа жоламаймын,

Мен қаңбақ шал, жел соқса домалайтын.

"Қырық өтірік" ертегісіндегі Тазша бала өзінің шешендігімен хандарды сөзден ұтқан. Сөйтіп өзінің мұратына жеткен кейіпкер солай ма балалар?

Біздің ортамызда тағы қонактар бар. Олар Керқұла атты Кендебай, Меңдіқыз, Толағай

Тазша бала: Мен Тазша баламын,

Кіп-кішкентай ғанамын.

Қысылғанда сөз табамын,

Қырық өтірік пе кедергі,

Жаңылмай айтып беремін.

Ақылыма тәнті боп,

Алтын үйді басыма,

Той жасады хан қызын

Отырғызып қасыма.

Керқұла атты Кендебай:  Алмас қылыш жарқылдап қасымдағы,

Жамандықты жайраттым жолымдағы.

Азу тісін қағыпап арыстанның,

Жеті басты аждаһармен алысқанмын.

Міне Дәудің жалғыз көзін ойып алдым,

Әйтпесе батыр деп мені мойындар кім?

Мен батыр, Керқұла атты Кендебаймын,

Кәнеки, тұра алады жолымда кім?

Меңді қыз: Мен Менді қыз ақыл мен көркі қонған,

Жақсылыққа әрдайым серік болған.

Ертегіде хан, қара батырлар да

Жүреді мендей қыздың ақылымен.

Толағай: Аптап ыстық кең даланы қуартқан,

Егін күйіп, бұлақтарды суалтқан,

Мен Толағай тау көтеріп ел үшін,

Жаңбыр әкеп,Отанымды қуантқам.

4 –тапсырма. Үй тапсырмасы.

 Мәнеріне, дауыс ырғағына, актерлік шеберлікке  назар аударылады.

5 тапсырма. Ертегілер елінен және мултьфильмдерден суреттер көрсетіледі.

6-тапсырма. Суреттер таңдап алады. Соған сәйкес ертегі құрастыру керек.

Көрермен көзайымы.

 5 есекте неше құйрық бар?

∙ 2 иттің неше тұмсығы бар?

∙ үстел үстінде 3 алма мен 2 алмұрт тұр, барлығы қанша жеміс тұр екен?

∙ үйректің 2 балапаны мен қаздың 2 балапаны суда жүзіп, шулап жүр. барлығы қанша балапан жүзіп жүр?

Жарайсыңдар балалар,  Машаның есептерін тамаша шештіңдер.

1. «Кімнің заты?» ойыны

1. Өзі тамақ пісіретін  қазан- «Ұр, тоқпақ!»

2. Алдайтын таяқ- «Алдар көсе»

3. Бағалы сақа- Алтын сақа

4. Ұшатын кебіс –«Маленький Мук»

5. Көк есек пен, ескі шапан –«Қожанасыр»

6. Гауһар айна- «Ұйқыдағы ару»

 

Кітап нені сүйеді?

Ойын шартында мен сіздерге бірнеше нұсқаны айтам, келіссеңіздер  шапалақ ұрасыздар, келіспесеңіздер ұрмайсыздар.

-Қаптағанды

-лас қолмен ұстағанды

-қар мен жаңбырға тастағанды

- Аялап ұстағанды

-кітап сөрелерінде тұрғанды

-кітапқұмарларды

-еденде жатқанды

-құрметтегенді

-Жұмыртқа жаққанды

-төбелескенді

Қорытынды.

-Ертегі еліне саяхат жасау сендерге ұнады ма?

Ертегі біздің қиялымызға қанат бітіреді екен, ертегі сендерді жамандықтан аулақ жүруге, жақсылық жасауға, адалдыққа үйретеді екен, олар керек кезде бір - біріне көмекке келеді; біріккеннің арқасында; достығының арқасында барлығында жеңіп шығады екен.

Олай болса әділқазылар мүшелерінің қорытындысын тыңдайық.

Жарайсыңдар балалар! Сендер  жарадыңдар, барлық тасырманы да орындап, сайыс межесіне жетіп, жеңіп   алған орындарыңыз құтты болсын!

Автор
Дата добавления 20.05.2015
Раздел Классному руководителю
Подраздел Конспекты
Просмотров368
Номер материала 539621
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх