Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Иностранные языки / Презентации / Тәрбие сағаты: Әлемнің жарығын сыйладың

Тәрбие сағаты: Әлемнің жарығын сыйладың

  • Иностранные языки

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Әлемнің жарығын сыйладың
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларды ананың еңбегін ақтауға, анаға деген сүйіспеншілікке, ананы құрметтеп, сыйлауға тәрбиелеу.

Балалардың ойлау өрісін,тіл байлығын,сөздік қорын дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: нақыл сөздер,гүлдер,ленталар,шарлар,үнтаспа.
Сабақтың барысы:


Мұғалім сөзі:
Ана-өмір қолдаушысы әлемнің
Шаңырақтың шаттығы мен шуағы
Сейілмесін жанарынан ананың
Тіршілікке төккен нұрлы шуағы


Аялайық аналарды әрдайым
Қуанышқа бөлейікші өздерін
Әжелердің,аналардың,қыздардың
Мұң шалмасын күлім қаққан көздерін-деп «Әлемнің жарығын сыйладың»атты концеттік бағдарламамызға қош келдіңіздер демекпін.



1-Жүргізуші: 
Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар 
Аналардан туған небір даналар. 
Ана деген тіршіліктің тірегі, 
Армысыздар, қасиетті аналар!

 
2-жүргізуші
Қош, келдіңіздер! Аяулы аналар, қызғалдақ қыздар, қадірлі ұстаздар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 8 – наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар - өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналар мен ажарлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі «Әлемнің жарығын сыйладың» - атты сабағымыз сіздерге арналады.



1-жүргізуші 
Олай болса,енді балаларымыздың өнерін тамашалаңыздар. Қошеметпен балаларды ортаға шақырайық. Аналар, әжелер ,ару жандар сіздерге арналады.

Оқушылар орындауында вальс(сыныптың ұл-қыздары)
 
2-жүргізуші.
Ана- барлық өмірдің бастауы. Ол адамды өмірге әкеледі, оны тәрбиелейді,өсіреді. Адам бойындағы барлық асыл қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен дариды. Ана -ұлы адам, Ана-құдіретті жан.

1-жүргізуші

Алғашқы көктем мерекесі Жер бетіне өмір сыйлаушы нәзік, ақылды, сымбатты, мейірімді жандарға арналған қандай тамаша мереке !
АНА.Осы бір «АНА» деген үш әріптің аясында адамзат баласын қуаныш сыйлар қаншалықты қасиет бар десеңші! Ару-ана, Ару-асыл жар, Ару – көңілдің гүлі.
2-жүргізуші
Ару - өмірдің жыры, тіпті айта берсең сөз жетпейді. Әйел бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді деген екен бір ғұлама. Қандай нақты айтылған ой десеңізші! Расында бар әйел қауымынсыз мына әлемді елестету мүмкін емес! Иә, Құдайдан кейін құдірет иесі – ана. Мына жарық дүниеге әкелген Ана алдында бәріміздің де бас иетініміз сондықтан . Аналар өмірдің барлық саласын меңгергеніне шүбә жоқ бас иеміз.
 

Хормен 
Үлкенге де сіз, кішіге де сіз, 
Құрметпенен сіздерге, бас иеміз біз! 


1-жүргізуші:
Той пердесін ашайық
Аналарды құрметтеп

Ән маржанын шашайық

Құтты болсын ардақты анам
Асыл анам мерекең
Құтты болсын ұстаздарым
Қуанышты берекең еттеп

Арайлымдардың,Әбдіғапур мен Нүргүлдің орындауында «Анашым қартайташы жалынамын»әні



1-оқушы:
Өзіңе еліктеп өсермін
Борышты өтермін қалайда
Тым нәзік, жұтаңдау жырымды
Жүректе жылытшы, жарай ма? (Арсен)

2-оқушы

Азамат қуат алар ақ сүтіңнен,
Мәпелеп әлдилеген пейілі кең.
Аналық махаббатың кәусәр-бұлақ,
Сөнбейтін ақ жүрегің мәңгі шырақ.(Гүлсая)


1 жүргізуші:
-Нұрболат, менің таң қалатыным, анам үйде барлық тірлікті істеп, одан қала берсе жұмысқа да барып үлгереді ғой.
2- жүргізуші:
-Иә, мен мектептен келсем, тамағым да дайын , үй де жинаулы мұның бәрін қалай үлгереді екен?
1-жүргізуші:
-Біздің аналарымыз бәрін өз қамқорлығына алады , олар барлық шаруаны бітіреді,сонымен қатар олар біздің әр ойымызды айтқызбай табады, біздің бар сырымыз оларға әрқашан да белгілі.

2-жүргізуші:
- Олай болса аяулы аналарымызды бір сынап көрелік.
-Аялы алақан ойыны
Аналардың көзін байлап, баласын тапқызу
1-жүргізуші:
Ән де шырқап, ойын да ойнап жатырмыз
Асыл ана бәрі осының сіздің ғана арқаңыз.

«Мама»әні Нұрболат,Жанбота,Қабыл

2жүрг: Сіздер ер – азаматтардың қолқанаты, тірегі мен жүрегі болып табыласыздар.
1 жүрг. Қыз өссе - елдің көркі, гүл өссе – жердің көркі демекші - 8 наурыз мерекесі, қыздарымыздың да, мерекесі.


Қыз емес қыздың аты қызыл алтын
Көрінер толған айдай жүзі жарқын
Үлкеннің алдын орап, сөз сөйлемес
Халқының сақтай білген, ізгі салтын – демекші, сүйкімді қыздарымызды құттықтап, ұлдардың орындауында би. Қабыл алыңыздар.

(Би ұлдардың орындауында)

1-жүргізуші
Дүниенің жарық күні анамыз
Дана болсақ анаменен данамыз
Тыңдаңыздар, көңіл қойып ағайын
Анаға арнап тағы бір ән саламыз

«Аяулы анашым»әнін орындайтын Аружан Гүлсая

2- жүргізуші:
-Ерте заманның бірінде қазақ даласына шабуыл жасаған дұшпанның қалың қолы бір қаланы қоршап алады. Қалаға келетін ауыз суды тоқтатып қорғаннан өте алмаған жау халықтың берілуін күтіпті. Бірнеше күн өтсе де, қала берілмепті.
Сонда дұшпанның әскер басы мынадай бұйрық шығарыпты.
- Қаладан көтергенше жүк алып, әйелдердің кетуіне рұқсат етемін,- дейді
Әйелдер бір-бір қапшық арқалап қаладан шығып кетеді.
Дұшпан қалаға кіріп қараса, бір де бір еркек жоқ.
Әйелдер ер азаматтарын қапқа салып көтеріп кетіпті.
Кішкене қыздар ұл балаларды,кемпірлер шалдарды көтеріп қаладан шығып кетіпті.
1-жүргізуші:
-Осылай бір халықты әйелдер аман алып қалған екен ғой.Аналарымыз өнерлі де болған екен .


2-жүргізуші
Алтын анам жасымнан аялаған,
Мен үшін игілікті аямаған.
Сабақтан шаршап үйге келгенімде,
Бал сөзі жаным деген сая маған.


1- жүргізуші:
-Мұсылман қауымы анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да парызынан құтылмайсың деген екен.
І жүргізуші:
-Бәріміз де ана алдында борыштармыз.(хормен) Сол борышты өтеу бізге міндет.

Ақерке,Аяулым,Индираның орындауында қазақ биі, Қабыл алыңыздар!


2-жүргізуші
Дүниедегі құдіреттің бәрі, ананың тілегі, ананың жүрегінің мықтылығы арқасында жүзеге аспақ. Ал, ақ самайлы, аяулы да, ардақты әжелеріміз болмаса, аналарымызға да, бұл жарық дүние есігін ашпас еді. Ендеше, әжелерімізді де мерекемен құттықтаймыз.
Менің әжем, бұл әже
Айтқан сөзі дәл әжем
Аман болса көреді
Қызығымды әлі әже

Ойын: «Кімнің даусы табайық» (аналармен)
5бала шығады да, теріс қарап тұрады. Мен қолыммен кімді көрсетем, сол адам бір сөз айтады. Мыс: ботақаным – дейді.
5баланың біреуі, менің мамамның даусы деп айту керек. Дұрыс тапқан бала орнына отырады.


1-жүргізуші

Барлық ана баласымен бақытты, барлық бала ата – анасымен бақытты – деп, ортаға балаларды шақырайық.(7-оқушы шығады)

Би Испан биі Аружан-Жансерік,Гүлсая-Арсен
2-жүргізуші

Ана деген сөзді де
Апа деген сөзді де
Әке деген сөзді де
Аға деген сөзді
хормен: Ойлап тапқан балалар!
Күнім, жаным дегенді
Құлыншағым дегенді
Ботақаным дегенді
Айналайын дегенді
Толған айым дегенді
хормен: Ойлап тапқан аналар!

Ендеше аналарға еш ауырмашы,еш қартаймашы деп әркім өз тілектерін айтып,аналарға сыйлықтарын берсін.(оқушылар сыйлықтарын аналарына береді)

Мұғалім сөзі:

(Тақтадағы көрнекілікпен таныстыру).

«Әлемнің жарығын сыйладың»атты концерттік бағдарламамызды аяқтаймыз.













Краткое описание документа:

Сабақтың мақсаты:
Оқушыларды ананың еңбегін ақтауға, анаға деген сүйіспеншілікке, ананы құрметтеп, сыйлауға тәрбиелеу
.

Балалардың ойлау өрісін,тіл байлығын,сөздік қорын дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: нақыл сөздер,гүлдер,ленталар,шарлар,үнтаспа.
Сабақтың барысы:


Мұғалім сөзі:
Ана-өмір қолдаушысы әлемнің
Шаңырақтың шаттығы мен шуағы
Сейілмесін жанарынан ананың
Тіршілікке төккен нұрлы шуағы

 
Аялайық аналарды әрдайым
Қуанышқа бөлейікші өздерін
Әжелердің,аналардың,қыздардың
Мұң шалмасын күлім қаққан көздерін-деп «Әлемнің жарығын сыйладың»атты концеттік бағдарламамызға қош келдіңіздер демекпін.

 

1-Жүргізуші: 
Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар 
Аналардан туған небір даналар. 
Ана деген тіршіліктің тірегі, 
Армысыздар, қасиетті аналар!

 
2-жүргізуші
Қош, келдіңіздер! Аяулы аналар, қызғалдақ қыздар, қадірлі ұстаздар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 8 – наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар - өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналар мен ажарлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі «Әлемнің жарығын сыйладың» - атты сабағымыз  сіздерге арналады.

 

1-жүргізуші 
Олай болса,енді балаларымыздың өнерін тамашалаңыздар. Қошеметпен 

Автор
Дата добавления 15.04.2015
Раздел Иностранные языки
Подраздел Презентации
Просмотров327
Номер материала 484783
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх