Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыТәрбие сағаты "Қош бол, Әліппе" 1-сынып

Тәрбие сағаты "Қош бол, Әліппе" 1-сынып

Скачать материал

Әліппемен қоштасу ертеңгілігі.
Мақсаты:
Оқу тілін дамытып, сөздік қорын молайту. Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау.
Әр оқушының іс- әрекеттері арқылы икемділігін, қабілеттерін көрсету,шығармашылық мүмкіндіктерін ашу;
Оқушылардың елін, Отанын сүюге,оны қорғай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақ әліпбиі,суреттер, нақыл сөздер, «Әліппе», «Ана тілі», «Матем» оқулықтарының мұқабасы, ауызша есепке көрнекілік, шарлар.

Барысы:
Мұғалім:
.
Армысыздар құрметті қонақтар, оқушылар! Шәкірттердің қолдарына тұңғыш рет ұстап, бетін ашқан оқулығы «Әліппе». Барлық ғылымның атасы, болашағымыздың негізі- әліппені бітіру тойына хош келіпсіздер дей отырып, ертеңгілігімізді бастайық.
 Ортаға бүгінгі той иелерін шақырайық. 1 «ә» сынып оқушылары.  Қарсы алыңыздар

Әліппені бітірді балаларым
Әліппеден нәр алған даналарым
Өзі оқып жазатын халге жетті
Құтты болсын білімі балалардың

Алғашқы құттықтау сөзін оқу ісінің меңгерушісі Асыржанова С.С. беріледі.

Бауыржан:

Қайырлы күн, уа, халайық!


Аяжан:

Армысыздар достар

Бауыржан:
Көз салып қараңызшы бойымызға
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.
Хош келіпсіз, ұстаздар, ата-аналар,
Әліппемен қоштасу тойымызға

Аяжан:
Өсті міне бойымыз,
Өсті ақыл- ойымыз.
Қуанышқа ортақпыз,
Құтты болсын тойымыз!
Балалар мен сендерге сұрақ қоюдан бастайын. Сендер оған жауап айтыңдаршы.
Іші толы әріпке,
Білімдегі жарық не?
Хормен:
Болашаққа жол ашар-
Ол сүйікті- Әліппе!
Ол сүйікті -Әліппе!

Бауыржан:

-Олай болса, бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық.
Хормен: Әліппе! Әліппе! Әліппе!

 

Октябрьұлы Естай «Менің атым әліппе» би
Армысыздар жас достар!
Армысыздар, ата-ана!

Нұрайдын:
Әліппем менің Әліппем,
Сені қолға алып мен.
Есігін аштым мектептің,
Ертеңгі сәуле жарықпен.

Ильяс:


Дильназ:

Келгенде алғаш мектепке,
Білмеуші едік әріпте,
Оқимыз қазір ертекте,
Үйреткен оны Әліппе!

Аңсар:

Әліппе деген алтын жол
Апарар сені алысқа.
Жеңіл емес ауыр жол
Тырысып бақ намысқа.

Аяжан:

Рахмет балалар, Білмесбек болмай, Білгішбек болыңдар!
( сахнаға кір-қожалақ Білмесбек келеді)

Білмесбек: (мызыка незнайки)
-Мыналар не жиналған -әй. Менің атымды атаған қайсың?
Бауыржан:
-Сәлеметсің бе Білмесбек! Сені атаған мен ғой. Бүгін бізде «Әліппемен қоштасу» мерекесі.
Білмесбек:
-Әліппемен қош-та-су. Қоштасыңдар, қоштасыңдар! Қой мен кетейін. Чао!
( кетіп бара жатып, бір баланың шарына ұмтылады)
Бала:
-Тиіспе, бұл шар  менікі . Мұнда әріп жазылған.
Білмесбек:
-Әріп дейді. Қайдағы әріп, мынау доңғалақтың суреті, ал мынау есіктің суретін салып қойыпты-ей. Бұлардың бәрін мен Әліппені оқымай-ақ білемін.
Аяжан:  Ол не дегенің Білмесбек. Бұлар О,П әріптері. Дегенмен балалар Білмесбектің сөзінің жаны бар. Әрбір әріп бір нәрсеге ұқсас.
Кәне, енді сөз құрастырып, оқу сауатымызды көрсетейік. Сөзді
дұрыс оқу үшін сандарды өсу ретімен орналастыру керек. Содан соң шыққан сөзді оқимыз.Білмесбек бірнеше рет ұмтылып, балалармен бірге жауап бергісі келеді де, әріпті білмейтіні есіне түсіп, желкесін қасиды.
Аяжан:  Міне Білмесбек , көрдің бе? Балалар әріпті қалай жақсы біледі.
Білмесбек: Онда мен де кітап оқығым келеді.
Аяжан: Бұның дұрыс болды. Тек алдымен үсті –басыңды тазалап, жөнге сал. «Әліппені» таза, ұқыпты балалар ғана ұстайды.

Білмеісбек: Әріптерге байланысты тақпақ білесіңдер ме?

Мақал білесіңдер ме?
Білмесбек: Жарайды  мен де үйренейін, деп шығып кетеді
Бауыржан:Балалар , әріптерді танып қана қоймай, олардың басын қосып осылайша оқи білулерін ата-ана үшін де , мұғалім үшін үлкен қуаныш.

Аяжан:  
Иә, бүгін біздің қуанышымызда да шек жоқ. Өйткені біз тұңғыш сауатымызды ашқан «Әліппені» бітірдік. Рахмет саған «Әліппе».(хормен)
Бауыржан:

Сағыныш сазы толқытқан

Арнамақ сөздің мәйегін

Шәкірттерін оқытқан

Келіп тұр жолдап сәлемін

Құттықтау сөзі 1 «а» сынып оқушыларына беріледі «Украин» биі. Қарсы алыңыздар.

Бауыржан:
Бізді осындай күнге жеткізіп, бірге қуанып, бірге ренжіп жүрген әкелеріміз бен әжелеріміз, аналарымызға мың алғыс айтамыз. Ендігі ән- шашуымыз сіздерге арналады.
«Ақ мамам» әні.  (хор)

Әліппе:- Ал достар, бүгін сендер енді менің жолымды әрі қарай жалғастыратын ана тілі пәнімен танысасыңдар.
Ана тілін ортаға шақырайық.
Ана тілі:
-Сәлеметсіңдер ме, балалар?
Туған елдің тілімін,
Ақылымен танылам.
Түсіндірер бәріне
Ана тілі мен болам.
Балалар мен сендердің келешекте сауатты азамат болатындарына сенемін.
Әліппе: Ал, енді мен сендермен қоштасамын. Қош болыңдар, балалар! Сабақты жақсы оқыңдар!
«5» болсын алар бағамыз,
Біліммен бақыт табамыз,
Өнер-білім көп тоқып,
Өсе берсін санамыз! ( 5-тіктер тарату)
Хормен: Қош бол,қош бол , құтты Әліппе!

Аяжан: Біздер өзімізді бақытты балдырғанбыз деп санаймыз. Өйткені біздің сүйікті отанымыз, қасиетті ана тіліміз, ардақты да аяулы ата-анамыз бар. Келесі тындайтын әндеріңіз «Жас дәуірдің түлегіміз». Қабыл алыңыздар!

Аяжан:

Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға ана тілін аламыз.
Ата-ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты міне балаңыз!

Бауыржан:

Қара сөздің дауылы

Құрмет еткен ауылы

Бірге:

Сыйымызға риза бол,

Ата-ана қауымы!


Мұғалім:

Мектебімізде баланы өмірге бейімдеуде  мұғалім және ата-ананың орны бөлек. Бірлесіп жасалатын жұмыс нәтижелі болады.Бәрімізде бір мақсат ата-ана, ұстаз болып бірігіп, сапалы білімді, саналы тәрбиелі, салауатты ұрпақ тәрбиелеу,-дей келе барлық ата-аналарға рахмет айтқым келеді, әсіресе біздің сынбымыздағы ең белсенді ата-аналарды марапаттап, атап өткім келеді. Окенова Аяжанның әжесі – Алтын әже. Каракенов Бауыржанның анасы – Гүлден ана.


 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тәрбие сағаты "Қош бол, Әліппе" 1-сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Агроном

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Әліппемен қоштасу ертеңгілігі.
Мақсаты:
Оқу тілін дамытып, сөздік қорын молайту. Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау.
Әр оқушының іс- әрекеттері арқылы икемділігін, қабілеттерін көрсету,шығармашылық мүмкіндіктерін ашу;
Оқушылардың елін, Отанын сүюге,оны қорғай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақ әліпбиі,суреттер, нақыл сөздер, «Әліппе», «Ана тілі», «Матем» оқулықтарының мұқабасы, ауызша есепке көрнекілік, шарлар.

Барысы:
Мұғалім:
.
Армысыздар құрметті қонақтар, оқушылар! Шәкірттердің қолдарына тұңғыш рет ұстап, бетін ашқан оқулығы «Әліппе». Барлық ғылымның атасы, болашағымыздың негізі- әліппені бітіру тойына хош келіпсіздер дей отырып, ертеңгілігімізді бастайық.
 Ортаға бүгінгі той иелерін шақырайық. 1 «ә» сынып оқушылары.  Қарсы алыңыздар

Әліппені бітірді балаларым
Әліппеден нәр алған даналарым
Өзі оқып жазатын халге жетті
Құтты болсын білімі балалардың

Алғашқы құттықтау сөзін оқу ісінің меңгерушісі Асыржанова С.С. беріледі.

Бауыржан:

Қайырлы күн, уа, халайық!


Аяжан:

Армысыздар достар

Бауыржан:
Көз салып қараңызшы бойымызға
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.
Хош келіпсіз, ұстаздар, ата-аналар,
Әліппемен қоштасу тойымызға

Аяжан:
Өсті міне бойымыз,
Өсті ақыл- ойымыз.
Қуанышқа ортақпыз,
Құтты болсын тойымыз!
Балалар мен сендерге сұрақ қоюдан бастайын. Сендер оған жауап айтыңдаршы.
Іші толы әріпке,

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 479 материалов в базе

Скачать материал

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 06.02.2015 751
    • DOCX 20.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Серикова Бибигуль Тулегеновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Серикова Бибигуль Тулегеновна
    Серикова Бибигуль Тулегеновна
    • На сайте: 9 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 5920
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 123 человека из 43 регионов

Курс повышения квалификации

Организация системы внутришкольного контроля качества образования на уровне начального общего образования

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 251 человек

Курс повышения квалификации

Новые методы и технологии преподавания в начальной школе по ФГОС

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 953 человека из 81 региона
  • Этот курс уже прошли 7 684 человека

Курс повышения квалификации

Организация рабочего времени учителя начальных классов с учетом требований ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 335 человек

Мини-курс

Инновационные технологии для бизнеса

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Электронный архив: нормативно-правовые требования и основы оцифровки

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Предпринимательские риски

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе