Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалыТәрбие сағаты: «Тәуелсіздік таңы

Тәрбие сағаты: «Тәуелсіздік таңы

Скачать материал

   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тәуелсіздік таңы

 

 

Ашық тәрбие сағаты

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ашық тәрбие сағаты

Тақырыбы: Тәуелсіздік таңы

Мақсаты:

v  Еліміздің тәуелсіздік  алу жолындағы

ата-бабаларымыздың  ерлігін  паш ету, оқушыларғажелтоқсан құрбандарымен, желтоқсан  оқиғасына қатысқан аға-апалардың  ерлігін  үлгі етіп  көрсету.

v  Оқушылардың  туған өлкемізге деген  сүйіспеншілігін, сезімдерін ояту.

v  Елін, жерін сүюге, Отанын  қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілік: Интербелсенді  тақта, шарлар, түрлі жайма қағаздар.

Кіріспе

-Қазақстан Республикасының  гимні. Хор.

(Боран, дауысы).

Мұғалім сөзі

Тәуелсіздік бізге оңай келмеді.

Жұртым менің не қиындық көрмеді?

Жылап тұрып аналарым бұл жолда ,

Сан перзентін қара жерге жерледі.

-Тәуелсіздік   таңы атты, тәуелсіздік  күніне  арналған  ашық  тәрбие  сағатымызға  қош келдіңіздер!

Тәуелсіздік бізге оңай келмеді.

Асау аттай  өз тізгінін бермеді.

Қазағымның алтын басын иілтіп,

Талай дұшпан  төрімізге  төрледі.

Мұғалім сөзі

1986жылы 16-желтоқсанда таңертең, Алматыда жаппай  толқу  басталды. Жастар алаңға  жинала бастады. Алаңда  «Біз  қазақ, ежелден  еркіндік аңсаған»,  «Әрбір ұлтты  өз көсемі  басқарсын», «Тәуелсіздік керек»,-деген ұрандар  айтылды.

Алматы гарнизонын  жауынгерлік  дайындыққа  келтіріп, көп  күшпен  алаңдағы  жастарды  қоршап алды.  Алматыға  әр  аймақтардан әскердің  арнайы бөлімдері  жіберілді. Өз елінің  тәуелсіздігін талап етіп, шеруге шыққан жастарға«Бұзақылар», «Ұлтшылдар», «Нашақорлар»,-деген кінә тағылды.

 Көптеген  студент жастар түрмеге  қамалды, оқу  орнынан  шығарылды. Тәуелсіздік жолында  Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат  Асанова, Ербол Сыпатаев, Сәбира  тағы  басқалары  сияқты  қазақ жастары  желтоқсан  оқиғасы кезінде  қайсарлықпен  ерлік  көрсетіп құрбан  болды.

1-оқушы Ернар

Сол бір сәтте бұлт торлады аспанды,

Алатаудың көзінен де жас тамды.

Тәуелсіздік  желтоқсанмен бітпейді.

Тәуелсіздік күресі енді басталды.

2-оқушы

Қатыгездік жұдырығы  түйіліп,

Қамшы үйірді жасқап, жекіп  бұйырып,

Желтоқсанда  шықты үлкен  алаңға

Ата-баба аруағына  сыйынып.

3-оқушы. 

«Нашақор»-деп, «ұлтшыл»-деп,

Қазаққа күйе жаққан күн,

Базары кетіп, бір түнде

Қайғыға  халық батқан күн.

4-оқушы.

Намыс үшін күрессең  мазақтар кім?

Құлға айналу азабы азаптардың.

Қаны төгілді желтоқсан  алаңында,

Бодандыққа көнбеген қазақтардың.

Көрініс

-Қайрат пен тергеуші

Тергеуші:

-Сен 13-желтоқсан күні, сағат 10-да қайда болдың?

Қайрат

-Жолдастарымен бірге  Фурманов  көшесінде

Тергеуші

-Жоқ сен Сәтпаев пен Мир  көшесінің  қиылысында  Совецкийді  соққыға жықтың. Соның  нәтижесінде  ол қайтыс болды. Сен оны өлтірген.

Қайрат

-Мен оны көргенім жоқ

Тергеуші

-Ақымақ, сен оны өлтірген! Әкетіңдер, атыңдар, көзін құртыңдар.

Қайрат

Күнәдан таза  басым бар,

Жиырма бірде жасым бар.

Қасқалдақтай қаным бар,

Бозторғайдай  жаным бар.

Алам десең  алыңдар,

Қайрат деген затым бар.

Қазақ деген  атым бар.

Еркек тоқты құрбандық

Атам десең атыңдар... (сүйреп әкетеді).

-Желтоқсан желі өлеңі орындайтын,

__________________________________________________________

5-оқушы

Озбырлық күшпен тұншығып,

Үміттің  оты ұшқан күн.

Жанына таппай бір шындық

Ер Қайрат қыршын  кеткен күн.

Мұғалім сөзі

-Дүниені дүр сілкіндірген  1986 желтоқсан оқиғасының  қаһарманы Қайрат Рысқұлбеков 22-ақ жыл ғұмыр кешті. Елінің болашағы , бостандығы  егемендігі үшін күресті.

-Мың рет естігенше  бір рет көр демекші  назарымызды интнрбелсенді тақтаға бұрайық.

6-оқушы 

Өктем билік қаралады, даттады,

Бірақ Алла  ақиқатты жақтады.

Назарбаев  атамды жұрт  қалады.

Түсті амалсыз Колбин деген  атақты.

7-оқушы

Алаңға шығып, ойын  айтты жастарым,

Қиындық пен қатерге  тігіп  бастарын.

Содан барып, тоңды еріді кеңестің

Содан кейін еркіндікті  бастадым,

8-оқушы

Сол желтоқсан  оқиғасы қанша ызғарлы естілсе де, жанымызға нұр септі. Мәңгілік егемендікті алып келгеннің арқасында, дүние жүзіне танымал ел болдық.

9-оқушы

Желтоқсандық ерлерді есте сақтаймыз,

Ерлік ісін, аманатын сақтаймыз.

Отан үшін отқа  түссең күймейсің,

Ізбасары болмай елге жақпаймыз.

10-оқушы

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жарлығымен 1996жылы 9-желтоқсан Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековке «Халық қаһарманы»  атағы  беріліп, айрықша  ерекшелік белгісі мен «Алтын  жұлдыз» тапсырылды. Сәбира, Ләззат, Ерболға тағы басқа  желтоқсанға  қатысқан  жастарға «Желтоқсан қаһарманы» атағы  берілді.

 

Желтоқсан құрбандарын еске  алайық (1-минут  үнсіздік)

Хор  Атамекен.

11-оқушы Үміт

Астана біздің  сәніміз,

Білім біздің  нәріміз

Азат елдің  тірегі

Болайықшы  бәріміз.

Нұр атаның жолдауы

Халықтың оны қолдауы

Бақыты үшін елінің,

Болмайды еш сөз дауы!

 

Тәуелсіздіктің шыңы

1.      1991ж.  16-желтоқсанда  Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін алды.

2.      1992ж. Қазақстан Біріккен  Ұлттар Ұйымына  мүше болып кірді.

3.      1993ж. 15-қарашада –Ұлттық  Валюта  теңгенің  енгізілуі.

4.      1995ж. 30-тамызда  Жаңа  конституция  қабылданды.

5.      1997ж. 10-қазанда «Қазақстан -2030». Ел Президентінің Қазақстан  халқына  Жолдауынығ  жарыққа шығуы.

6.      1998ж. Халықтар тұтастығы  мен  ұлттық  тарих жылы.

7.      1999ж.  Ұлттық тұрғындар  санағы.

8.      2000ж. Мәдениет  жылы.

9.      2002ж. Денсаулық жылы.

10.2003ж. Ауылды дамыту жылы.

11.2004ж. Парламент  мәжілісінің  кезекті саййлауы.

12.2005ж.  4-желтоқсанда  Бүкіл халықтық Қазақстан  Республикасының  Президентін сайлауы.

13.2006ж. «Қазақ елі» монументінің  ашылуы.

14.2007ж. Қазақстанның 2010жылға Еуропа Қауымдастығы мен  Ынтымақтастық  Ұйымына  төрағалық  етуі туралы шешім қабылданды.

15. 2008ж. Астананың 10 жылдық мерейтойы.

16.  2009ж.  25-ақпанда ҚР. Халықтық санақ жүргізілді.

17.  2011ж. Қаңтар –ақпан айларында  ҚР.  Халықаралық Азияда  ойындары өтті.

18.  2012ж. 1-желтоқсан  алғаш Президент күні болып  жарияланды.

Хормен  Қазақстан Туымен тұғырлы,

                  Елтаңбасы мен Еңселі.

 

12-оқушы Мейіржан

Бақтың құсы  әр адамға қонып бір,

О тәңірім бізді баққа жолықтыр.

Бүгін міне  тәуелсіздік ағайын,

Әр қазақтың  жүрегі боп соғып, тұр.

13-оқушы  Ернар

Желдей  еркін, түздей кең  қандай азат,

Мен  қазақпын деген де қандай ғажап.

Мақтан етсін  халықтар  халықтығын

Жетер сан жыл шеккені  азап.

14-оқушы Темірлан

16-желтоқсан

Тәуелсіздік алған күн,

Ерекше боп мәңгілік

Ел жадында қалған күн.

Жасай берсін ұлы күн,

Үміті боп  елінің.

15-оқушы 

Жарқырап атар таңы бар,

Жарқылдап  айтар әні бар.

Әні бар, теңіз  дәні бар,

Айналдым сенен Отаным!

16-оқушы

Жүрегі толы отпенен

Арманмен өсіп көктеген

Ертеңге  нұрлы беттеген

Айналдым сенен Отаным!

17-оқушы

Қуанбас ем күлмес ем,

Отан снеі сүймесем

Сенің арқаң гүлденсем

Анам да сен, үй де сен.

18-оқушы

О, Отаным сен маған,

Өмір бердің шуақты,

Білек бердің  талмаған

Жүрек бердің қуатты.

Сол қуатпен от қоссам,
Өзіңнің бір шоғың боп,

Керек етіп оқтасаң

Атылам бір оғың боп.

19-оқушы

Біздің қазақ мықты ғой,

Тәуелсіз ел атанған.

Желтоқсан деген көтеріліс

Жан аямау Отаннан.

Сескенді бүкіл өктемдік,

Жеңіске сол ғой  жеткендік.

Орыс боп кете жаздаған

Кеңестік  кезді  жек көрдік.

20-оқушы 

Елім барда еңсем биік менің де,

Өйткені мен  жүрмін  туған жерімде.

Тілім, дінім досым, барлық  бауырым

Бәрі менің жүрегімнің төрінде.

21-оқушы

Елім барда, мен де  бармын өмірде,

Жұлдызың боп  жарқырармын көгінде

Отан үшін, елім үшін от кешем,

Батырлық бар, қорқақтық жоқ тегімде.

22-оқушы

Елім бар да мен бақытты  ұланмын.

Елім сүйсе, сенімінен шығармын.

Елім менің көтермесе елдігін

Намысымның биігінен құлармын.

Мұғалім сөзі

Халқымыздың  егемендік жолында  құрбан болғандарын дәлелдеп желтоқсан қаһармандарын ақтау үшін  барынша  күрескен қайсар азаматтарымыз Мұхтар  Шаханов, Хасен Қожа Ахмет  сынды  ағаларымыз  көп  еңбек  етті.

Әділдікті  қолдаймыз    

Жазықсызды қорғаймыз

Құрбандарды  ақтауға

Жаратылған жандаймыз.

 

Ашылмаған  шындықтың,  

Іздеп жүрсіз жауабын,

Неше түрлі  сұмдықтың

Біліп обал  сауабын.

 

Қайратты жан екенсіз      

Ақтатқан батыр Қайратты

Желтоқсанда қазақ та,

Сіздей  ермен  ардақты.

Көрініс       Күй   «Детство»

«Мейіржанның  хаты»

-Мейіржан сен  не жазып отырсың?

-Мен Нұрсұлтан Әбішұлы  Назарбаев атама  хат жазып отырмын.

-М-м-м.

Құрметті Нұрсұлтан ата!

Сізді  бүкіл еліміз жақсы көреді. Елге  сіңірген  еңбегіңізді

 ата-аналарымыз ауыздарынан тастамай  үлгі етіп айтып отырады.

Біз онсыз да сіздің  ерлік істеріңізді  жақсы білеміз. Сіздің  өміріңіз қашанда  бізге үлгі. Өскен соң біз де  сіз сияқты «Халықтың ұлы болғымыз келеді». Сіздің ел алдындағы беделіңіз,  дүние  жүзіндегі абыройыңыз біз үшін  мақтаныш. Өміріңіз ұзақ болсын, ата! «Бала

болашағымыз»  деп өзіңіз  айтқандай,  жыл сайын бізге  жақсылық  жасап ортамызда  жүре беріңіз. Сіз ортамызда  жүрсеңіз, біз де сондай  бақыттымыз. Келешекке сеніміміз мол. «Тәуелсіздігіміздің 22жылы құтты  болсын»!

Мұғалім сөзі

-Иә төрткүл дүниені дүр сілкіндірген әйгілі желтоқсанның арман тілегі орындалып, елімізде  «Тәуелсіздік таңы» атты. Ендеше  Тәуелсіздігіміздің  тұғыры биік, халқымыздың  еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды  болсын, деп тілейік.

Хор Егемен Қазақстан 3 а сынып оқушылары

Желтоқсанға қатысқан  «Желтоқсан қаһармандарына» сөз кезегі  беріледі.

Мектеп әкімшілігіне сөз беріледі.

                               Егемен-Қазақстан.

 Көз жетпес далам, ел жетпес елім

Арнайды әнін жауынгер ұлың

Жау шапса саған, жас жаным құрбан

Отаным менің, О, елім менің.

 

Қайырмасы 2 рет:

Қазақтың елі, қазақтың жері

Береке қонған ұлы Отан.

Асқар тауларың, өзен көлдерің

Жаныма қымбат Ұлы Отан.

 

Сұңқары биік самғаған елім,

Қанатын көкке қомдаған елім

Кел достар, қане, шырқайық бірге

Бостандық әнін,

 

Қайырмасы. 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тәрбие сағаты: «Тәуелсіздік таңы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Системный администратор

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тәрбие сағаты: «Тәуелсіздік таңы »

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                2014-2015о.ж.

 

Мақсаты:  1. Оқушыларды өз ана тілінде  таза сөйлеуге үйрету, ұлы ғалымдар ілімін  дәріптеуге дағдыландыру. 2. Оқушылардың сөйлеу тілін дамыту арқылы сөздік қорларын молайту, ой - өрісін кеңейту, дамыту.3.Жас ұрпақты  елін, жерін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекіліктер: Карточкалар,суреттер, тірек – сызба нұсқалар, кеспе қағаздар, нақыл сөздер, ұлы адамдар айтқан ұлағатты сөздер, кітап көрмесі.

 Сабақтың эпиграфы:  Тілі жоғалған халықтың өзі де жоғалады.

(А. Байтұрсынов)

                                                                                                                                               Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:  

Музыка ойнап тұрады.

Мұғалім: Тіл-ұлттың аса игілігі, әрі оның ажырағысыз белгісі. Ұлттық мәдениеттің гүлденуі мен адамдардың тарихи қалыптасқан тұрақты қауымдастығы ретінде ұлттың өзінің болашағы тілдің дамуына, оның қоғамдық қызметінің кеңеюіне тығыз байланысты. Тіл- ұлттың жаны, тіл- ұлттың асыл қазынасы.

   Құрметті оқушылар! Бүгін біз дүниені дүр сілкіндірген, тәуелсіздік туын ең алғаш көтерген әйгілі 1986 жылдың желтоқсанына арналған «Тәуелсіздік таңы» атты сынып сағатын өткізбекпіз.

1986 жылы 16 желтоқсанда қазақ елінің азаттық көктемі үшін, солақай саясатқа қарсы алғаш рет бас көтеріп, құрбан болған ұлдарымыз жайлы сыр шертпекпіз. Ол оқиғаны ешбір қазақ азаматы ұмытуға тиіс емес.

Балалар, 1986 жылы 16 желтоқсанда Брежнев атындағы алаңға жастар мен студенттер не үшін жиналып еді?

Оқушылар: үкімет басына Колбиннің келуіне наразылық білдіру үшін.

Мұғалім:

v Колбинге неге қарсы шықты?

Ø Қазақстанда қазақ мектептері мен бала бақшалары азая бастады. Қазақтар өз ана тілін ұмыта бастады.

v Колбин қайдан келген?

Ø Колбин Ресейден келген болатын.

v Тәуелсіздік дегенді қалай түсінесіздер?

Ø Өз алдына дербес, еркін мемлекет, яғни ешкімге тәуелді болмай, ішкі – сыртқы мәселелерді өздерінің шеше алатын мүмкіндігі болуды – тәуелсіз мемлекет дейміз.

v Сонымен біз тәуелсіздігімізді алдық па?

Ø Иә, қазір біз тәуелсіз мемлекетпіз.

v Тәуелсіз мемлекет атануымызға кімдердің еңбегі сіңді?

Ø Қайрат Рысқұлбеков, Ербол сыпатаев, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова сияқты үлкен азаматтардың.

v Дұрыс балалар! Бүгін бір сәт осы аты аталған азаматтарды еске ала отырып, олардың ерлігін, не үшін алаңға шыққандығын көпшілік алдында айта кетсек артық болмас.

 (Оқушылар қолдарында «Қазақстан – қазақтардікі!», «Дербестік талап етеміз!», «Ресейге қайт!», «Долой, Колбина!» деп жазылған транспаранттар.)

 Оқушылар 1:                                                                     

Желтоқсан айы естесің,                          

Дауыл боп бұрқап ескенсің.

Азаттық күйі қашаннан,      

Көкейін елдің тескенсің.

 Оқушылар 2:

Шектеліп ана тіліміз,

Оқылмай өлең – жырымыз.

Жабылып жатса мектептер

Жадырар қалай күніміз?

 Оқушылар 3:

Тарылып жатса даламыз,

Қайтып біз тыныс аламыз?

Қақымыз да жоқ айтуға

әділет қайдан табамыз?

 

Оқушылар 4:

Жібердік еркін ат басын,

Қиянат жанға батпасын.

Тоқырау таңын күйреттік,

Деп: «Теңдік күні батпасын!»

(Музыка әуені: «Желтоқсан желі»)

 Мен қазақпын, биікпін байтақ елмін,

Қайта тудым, өмірге қайта келдім.

Мен мыңда бір тірілдім мәңгі өлмеске,

Айта бергім келеді, айта бергім.

 (Көрініс)

 Екі – үш милиция, жасақшылар ортаға шығып жастарды ұрып соға бастады. «Ұлтшылдар!», «Бұзақылар!», «Тәртіпсіздер!» деп ортадан қуа бастайды.

Алаңдағы қозғалысты бейнелеген оқушылар бір сәт қозғалмай тұрып қалады.

 (Музыка әуені естіледі)

 Хор. «Желтоқсан желі».

Желтоқсан бірде,

Ел тосқан түрде,

Келетін мүлде жайдарлы.

Сол жылы бірақ,

Әдеттен жырақ,

Көрінді шын – ақ айбарлы.

Тоңдырды мені, тоңдырды сені,

Желтоқсан желі ызғарлы.

Солдырды гүлді,

Оңдырды нұрды,

Көңілде мұңды із қалды.

 Мұғалім: Түн. Кәдімгі миллиондаған түндердің бірі, бірақ бұл түн өзгеше түн еді. Себебі, бұл түнде қаланың кез – келген тұсынан ұсталған қазақ жастарын ұрып – соғып, өлімше халге жеткізді. Осындай қатыгездікті көрген, оларға араша түсем деп жүргендердің арасында Қайрат Рысқұлбеков те бар.

 Оқушы милиционер:

-         Ұстаңдар,бұзақыны! Әкетіңдер, жауып тастаңдар!

-         Савицкийді өлтірген сен бе?

-         Жоқ, мен емес.

-         Сен өлтірген! Мойныңа ал!

-         Мен өлтірген жоқпын. Өтірік жала жаппаңдар.

(Қайратты ұрып соға бастайды)

Қайрат:

Қайрат деген атым бар,

Қазақ деген затым бар.

«Еркек тоқты – құрбандық»,

Атам десең атыңдар.

Милиционер: Алып кетіңдер. Бәрібір құтылмайсың, бұзақы!

Қайрат:

Шыңғырдым да, шындықты айтып жаңғырдым,

Кете бардым жетегінде тағдырдың.

Бірге өткізген студенттік шақтарды,

Хош аман бол,

Оралам ба, жан құрбым?!

 Мұғалім: Ол әділеттің, шындықтың жеңетіне іштей сенді. Қайрат орысша – қазақшаға бірдей, өте сауатты, өз ойын ашық айтатын жігерлі, отты жігіт еді. Қайраттан қорыққан Колбин мен оның қолшоқпарлары одан тез құтылу үшін «Атылсын!» деп үкім шығарды.

     Өкінішке орай, 1988 жылы 13 мамырда Семей түрмесіне әкелінген Қайрат Рысқұлбеков 21 мамыр күні таңда өмірмен қоштасты.

 Хор. «Желтоқсан желі». Екінші шумағы.

Шайқалды күнім,

Шайқалды миым,

Бомбалар жиі жарылды.

Малым да кеміп,

Әлім де кеміп,

Қинады берік жанымды.

Қайырмасы.

 Мұғалім: Желтоқсан қозғалысына қатысқандардың бірі Ербол Сыпатаев еді. Өзі сияқты студент қыздар мен ұлдарды қорғаймын деп жүргенде Ерболды жасақшылар қатты соққыға жығып, емханаға түседі де, екінші күні қайтыс болады. Ерболдың мәйітін ауылға мұғалімдері алып барады. Ата – анасы баласын жылап жерлейді.

    1986 жылғы желтоқсан жанғырығы Өскемен қаласындағы жастар қозғалысына әсер еткені шындық. Өскемен педучилищесінің студенті Сәбира Мұхамеджанова мен мұғалімнің арасында түсінбеушілік болып Сәбираның анасын шақыртады.

 Сынып жетекшісі: Сен барлық қыздар үшін жауап берем деп едің ғой. Соны шешеңе қайталап айтшы.

 АйғанымӨзіңіз ауылдың мұғалімі емессіз, осы сөзді қалада тұрып қалай айтасыз ауыл мұғаліміне?

 Шешесі: Менің балам, сүт кенжем, өзімнен де ауыр сөз естімеп еді.

       Сынып жетекшісі: Иә, солай ма? Енді бұлардың училищиде оқу – оқымауын директор шешеді! (Осылай деп мұғалім шығып кетеді. Осы кезде бір бала жүгіріп келеді).

 Бала: Шолпан апай, бесінші қабаттан құлап, қызыңыз өліп қалды!

 Шешесі: Не? Менің Сәбирам ба? (Осыны айтып жылап шығып кетеді).

 Мұғалім: Міне, өмірден тағы бір қыршын жас қызғалдақ осылай кеткен еді. Алматы музыка училищесінің студенті Ләззат Асановаға өзін - өзі өлтірді деген өтірік жала жабылған еді. Тексере келе Ләззаттың алаңда болғаны анықталды.

(музыкалық үзіліс)

 

Мұғалім: Желтоқсан оқиғасы! Аз ғана уақытта әлем назарын аударған толқу күштеп басылғанымен, оның мәні мен маңызы енді еш уақытта өшпейді. өйткені азаттық аңсаған, теңдікті талап еткен ел есінде де ол мәңгі қалады. Ауыз аштырмауға тырысқан Коммунистік партияның лаңы ары таза, бүтін бір халыққа күйе болып жағыла жаздады. Алайда, уақыт әділ сыншы екен. Өзі көрсеткендей ақ пен қараның ара жігі ажыратылды. Сөйтіп, біз өзімізді ақтадық. Бұл да ерлік. Желтоқсан қозғалысының ақ – қарасын айыруға ат салысқан азамат ақын Мұхтар Шаханов еді. Халықтық қолдау арқасында желтоқсан құрбындарына арнап ескерткіштер ашылып, көшелерге арттарын беріп, құрмет көрсетіліп жатыр. Желтоқсан  қозғалысында жазушылар, әншілер, композиторлар да өзнаразылықтарын білдіріп, қасиетті қазағының намысын қорғады.

-         Брежнев алаңы қазір қандай алаң?

-         Республика алаңы.

 Сабақтың қорытындысы:

  Міне, балалар, Бүгінгі таңда Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Біздің өзіміздің жалауымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз бар. Сендер Отанымыздың болашақ ұрпақтарысыңдар.  Егеменді Қазақстанымыз тәуелсіздік алғанына биыл 20 жыл толып отыр. Бұл елеулі мереке. Осы мерекені жақсы оқумен, үлгілі тәртіппен қарсы алайық! Өз еліміз бен жерімізді көркейтіп, Қазақстаннның намысын қорғайтын келешек ұрпақ- сендерсіңдер. Сәт сапар!

 

 

    (Сабақ «Отаным» әнімен аяқталады)

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 546 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 09.05.2015 48049
    • DOCX 24.7 кбайт
    • 1197 скачиваний
    • Рейтинг: 2 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Старовойтова Александра Викторовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 56839
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы взаимодействия образовательной организации с семьями обучающихся

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 87 человек

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы профориентационной работы в деятельности педагога

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 95 человек из 36 регионов
  • Этот курс уже прошли 121 человек

Курс повышения квалификации

Разговоры о важном: организация и обеспечение внеурочной деятельности

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 778 человек из 73 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 991 человек

Мини-курс

Event-менеджмент и видеопродакшн: от концепции до успешной реализации

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 10 человек

Мини-курс

Основы профессиональной деятельности эксперта в области индивидуального консультирования

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Практические навыки трекинга и менторства

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе