Жолда жүру ережесін сақта
Сабақтың тақырыбы: Жолда жүру ережесін сақтайық!
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру, осы «Жолда жүру ережесін сақтайық» атты тақырып бойынша бейнелеу әдісін түсіндіру, бағыт беру.
2. Жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге жол ережесінің
сақтау, ойлау, суреттеу дағдыларын дамыту.
3. Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға, жұмыс кезінде таза, тиянақты жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, әңгімелесу, сұрақ - жауап, суреттеу.
Көрнекілігі: Бағдаршам, жол белгілері салынған суреттер, нақыл сөздер көрнекіліктер.
Сабақтыңбарысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі:
І. Кіріспе:
Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзба, ол қатер тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп, доп қуалайтыны, шаңғы тебетіні, жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны, қалтарыстан жолға шығып келетін салдарынан бұзылады. Жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып, кейбіреулері жарақат алады. Ал кейбіреулері өмірлік мүгедек болып қалады. Сондықтан әрбір оқушы мектепте оқылатын «Жолда жүру ережесі» тақырыбындағы сабақты мұқият тыңдап, әр сабақтан қорытынды жасап отыруға міндетті. Үлгілі, тәртіпті оқушы көшеде, жолда жүру ережесін, заңын бұзбайды.
Сонымен қандай бала жол ережесін бұзбайды?
Балалар: Үлгілі, тәртіпті бала.
ІІ. Негізгі бөлім:
Тақтадағы жұмбақтарды шешу:
Жұмбақтар
1 Ала таяқ ұстаған,
Жол тәртібін нұсқаған.
Ысқырық пен түзеткен. (Милиционер)
2. Көше бойлап аяңдайды,
Адам тасып аялайды.
Өміріңді күзеткен, (Автобус)
3. Көліктің қаншасын үстінен өткізген,
Іргеден басталып, алысқа жеткізген. (Жол)
4. Жоқ өзінде бас та, ауызда да, құлақ та,
Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (Бағдаршам)
5. Арқаным бар тымұзын,
Ала – алмайсың бірүзім.
Табыңдаршы, балалар,
Бұл жұмбақтың шешуін. (Жол)
6. Өзі сөйлей білмейді,
Бірақ «Тоқта, жүр!» дейді. «Бағдаршам»
- Бағдаршам өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз. Оның сырын біліп,
тіліпалу баршамызға керек.
- Неге?
- Біздің қаламызда, сол сияқты біздің е ліміздің қала, ауылдарына бәріне ортақ көше қатынас ережесі енгізілген. Бұлер ежені оқушылар да, үлкендер де, яғни барлық жүргізушілер, көлік жүргізетін жүргізушілер де бұлжытпай орындауы керек.
- Балалар, сендеркөшеде жүру ережесін білесіңдерме екен, көрейік. Мынадай сұрақтарға жауап беріңдерші.
1. Жиек жол деген не? Адамдар жаяу жүретін көше жиегіндегі тар жол.
2. Жаяу адамға қай жермен жүруге болмайды? Көлік жүретін көшенің ортасымен жүруге рұқсат етілмейді.
Тақтада
Ашса кезек үш көзін,
Айтты деп ұқ үш сөзін.
«Тоқта, сақтан, жолашық!»
Жүрме жолға таласып. – дейкеле, Ақпарақ таратылады.
Сарамандық жұмыс:
- Балалар, осы тақырып қамұқият ойланып сурет салайық. (Балалар осы тақырып бойынша өздері суреттеп, бояп әңгімелейді. Ол суреттер тақтаға ілінеді.)
Ең үздік суреттер
Ән: Бағдаршам
1. Көшеде біз сақ болайық,
Қаймықпасын ата – ана.
Жолда сен бол лайық,
Жас ұландеген атқа
Қ - сы:
Әр қашан күн сөнбесін,
Аспаннан бұлт төнбесін.
Қасымда болсын анам,
Болайын мен де аман!
2. Жолда жүру әліппесін
Білген жөн бес саусақтай.
Сонда ғана жүре аласың,
Сен өзіңді сау сақтап
- Балалар, біз әр белгінің не мақсатта қолданылатынын білдік.
ІІ. Қорытындылау:
Мұғалім: Балалар, бүгінгі сабақты қорыта келе «Жас дәуірдің балалары» әнін айтайық. Деніміз сау, еліміз тыныш, жол тәртібін сақтап, аман – есен жүрелік. Қорытакеле:
Ирек – ирек көшелер,
Көше деген мың ирек.
Қиындыққа әйтсе де,
Үйренесің біртіндеп.
Барар жерге асықпа,
Бәйге алмайсың бұрын кеп.