Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Директору, завучу / Рабочие программы / Тәрбие сағатының тақырыбы: Құқық әлемінде.
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Директору, завучу

Тәрбие сағатының тақырыбы: Құқық әлемінде.

библиотека
материалов

Тәрбие сағатының тақырыбы: Құқық әлемінде.


Мақсаты:

  • Оқушылардың құқықтық білімдерін тереңдету, Заң алдындағы жауапкершілікті арттыру, ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолдарын таба білуге баулу, саяси сауаттылыққа баулу;

  • Оқушыларды өз құқықтарын қорғай білуге үйрету;

  • Оқушылар бойында демократиялық көзқарас қалыптастыру;

  • Құқықтық нормативтік актілерді орындай, құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке, елжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу;

  • Оқушылардың ойлау, тыңдау, өз ойларын еркін жеткізе алу мәдениетін дамыту, шығармашылық қабілеттерін шындау.


Өтілу түрі: зерттеу шеберханасы.


Көрнекілігі: интерактивті тақта, ҚР Конституциясы кітапшасы, Бала құқықтары туралы Конвенция, Бала құқығын қорғау туралы тұжырымдама, халыққа құқықтық көмек «Бала құқығы» жадынамасы.


Өту барысы:

1 слайдта сабақ тақырыбы көрсетіледі.


Кіріспе.

Мұғалім:

  • Құрметті мұғалімдер, оқушылар БҰҰ-ң Бала құқығы туралы

Конвенцияның қабылданғанына 20 жыл, біздің елбасымыздың сол Конвенцияға қол қойып, қабылданғанына 15 жыл толуына орай бүгінгі зерттеу шеберханасында «Құқық әлемінде» тақырыбының аясында жұмыс жасаймыз.

Адам құқығына үлкен үлестерін қосқан Ш.Монтескье, И.Кант, Т.Джефферсон сияқты ойшылдар адам құқықтарының негізгі ережелерін алғаш рет анықтап, белгілеген. Өзіміздің ойшылдарымыз Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би және Абай Құнанбаевта адам құқықтарымен бостандықтарын қорғаған. Адам дүниеге келгеннен кейін, оның өмірін, денсаулығын, тыныштығын, біздің мемлекетіміздің Ата Заңы – Конституция қорғайды. Ал Ата Заңымыздан басқа тікелей балалардың құқығын қорғайтын Заң бар ма?

  • 1989 жылдың 20 қарашасында Бала құқықтары туралы

Конвенция БҰ ұйымында қабылданып, 1995 жылдың желтоқсан айында Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Бала құқығы туралы Конвенцияға» қол қойды. Енді осы мәселе төңірегінде өздерің зерттеу жұмыстарын жүргізіп, құқықтық білімдеріңді кеңейтуге уақыт келді. Жұмысқа кіріспес бұрын бір - бірімізге жақсы көңіл – күй сыйлайық.


2 слайд. Рефлексия. «Улыбка» әуені орындалып тұрады.

Оқушылар дөңгелектеп тұрып, барлығы келесі шумақты хормен

айтады:

hello_html_m4c2c45bf.png

Мейірімді жүрекпен,

Ақпейілді тілекпен,

Амандасып алайық,

Бір жадырап қалайық!


3 слайд көрсетіледі.


4 слайдта жұмыс топтарының тақырыптары көрсетіледі.

  • Енді зерттеу шеберханасындағы жұмыс топтарымен танысайық:

І –топ “Бала құқығы- асыл қазына” деп аталады, бұл топтың оқушылары Бала құқығы туралы ақпарат жинақтап, аудиторияны таныстырады, ІІ–топ -“Құқық – әділет пен парасат жолы” тобы өз шығармашылық өнерлерімен құқық әлемінен көріністер, өлең жолдарын немесе құқыққа байланысты қанатты сөздер, мақал - мәтелдер айтып өнерлерін ортаға салады, ІІІ –топ “Құқықтық сауаттылық – заман талабы ” бұл топтың негізгі міндеті-сұхбат жүргізу, тақырыпқа байланысты, аудиториядан тыс жерлерде жүріп, нақты сауалдар қойып, оның талдауын жасайды, ал “Бақыт деген - сенің бала күндерін” деп аталатын ІҮ –топ мүшелері суреттер, эмблемалар салып, көрмелер әзірлеп, коллаждар жасау арқылы тақырыпты бейнелейді.

5 слайд.

Оқушылар келесі өлең жолдарын хормен айтып іске кіріседі.

Талаптанып,қанаттанып,

Биікке біз самғаймыз.

Қыран құстай қанат қағып,

Асуларды шарлаймыз!


Әр топқа 30 минут уақыт беріледі, осы уақытта олар өз жұмыстарын толық орындап, екінші сабақта қорытындыларын ортаға салып, көрсетеді.


Оқушылар жұмыстарын жүргізу барысында №6, №7, №8 слайдтар көрсетіледі.


6 слайд мазмұны:

hello_html_me0da6c3.png

«Біліп жүрейік!»


1-маусым – халықаралық балаларды қорғау күні

20-қараша – дүниежүзілік балалар күні

10-желтоқсан – адам құқығы күні


10.12.1948ж – адам құқықтарының жалпыға ортақ Декларациясын БҰҰ қабылдады

1959ж – әлемде бала құқығының халықаралық күнін мерекелеу Декларацияны жариялаудан басталды

1979ж – халықаралық балалар жылы өтті

20.11.1989ж - БҰҰ-да Бала құқықтары туралы Конвенция қабылданды

28.01.1993ж - ҚР-ның тұнғыш Конституциясы қабылданды.

8.06.1994ж – Қазақстан Республикасы Бала құқықтары туралы Конвенцияны бекітті

30.08.1995ж - ҚР-ның Конституциясы бүкілхалықтық референдумда баяндалып, екінші рет қабылданды


7 слайдында «Облака» әуенімен балалардың суреттері көрсетіледі.


8 слайдта Балалар құқығы туралы Конвенциядан алынған мәліметтер титрлар арқылы көрсетіледі.


А.Енсеповтың «Детство» әуені ойнап тұрады.


Мазмұны:


БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы Конвенциясы – әрқайсысы белгілі бір құқықты сипаттайтын 54 баптан тұратын бала құқықтары туралы құжат. Конвенция бала ретінде 18 жасқа толмаған тұлғаны санайды, егер ел заңдары бойынша кәмелетке толу жасы осыдан кіші бекітілмесе.

Конвенцияға кіретін құқықтардың бәрі барлық балаға бірдей тарайды. Конвенцияға қол қойғаннан кейін балаларды кемсітуден қорғауға және олардың құқықтарын жүзеге асыруға жәрдемдесу үшін белсенді шаралар қолдану міндетін мемлекет өзіне алады.

Конвенцияға қатысушы мемлекеттер «ересектерді де, балаларды да Конвенцияның ұстанымдары мен ережелері туралы кең ақпарат беруге» міндетті. Конвенцияның ережелерін бақылаудың халықаралық механизмі бар, ол Бала құқықтары жөніндегі Комитет.

Қазіргі уақытта елдердің көпшілігі Бала құқықтары туралы Конвенцияны бекітті (АҚШ пен Сомалиден басқасы). Қазақстан Республикасы осы Конвенцияны 1994 жылдың 8-ші маусымында бекіткен. Конвенцияның 44 бабына сәйкес, оған қол қойған елдер заңдары мен мемлекеттік саясаттарын Конвенцияға сәйкес келтіруге бағытталған шараларды қолдану туралы БҰҰ-на есеп беру тиіс.


Бала құқықтары туралы халықаралық Конвенциядан

  • Мемлекет әрбір баланың аман – сау өсіп, жан – жақты дамуын қамтамасыз етеді;

  • Бала өмірге келе салысымен тіркеуге алынады және өзіне есім мен азаматтық алуға құқылы;

  • Әрбір бала өз отбасында, ата – анасымен бірге өмір сүруге құқылы;

  • Отбасында әкесі мен анасы өз алдына дербес өмір сүрумен, баланы ата – анасымен ажыратуға ешкім құқықты емес;

  • Бала мектепте кінәлі болғанда да оны ешкімнің ұрып жазалауға, кемсітіп қорлауға құқығы жоқ;

  • Бала тынығуға және мәдени демалуға құқылы;

  • Әрбір баланың ой – пікір, ар - ождан және дін еркіндігіне құқығы бар;

  • Бала өзі қалаған спорт түрімен шұғылдануға құқылы;

  • Бала денсаулығын сақтауға, емделуге құқылы;

  • Бала өз ойын еркін айтуға құқылы.







Тәрбие сағаты: «Құқықтық тәрбие және құқықтық жігер»

Тәрбиелік шара түрі: пікірталас

Білімдік мақсаты : Құқықтық тәрбиенің өмірілік қажеттілігін оқушыларға түсіндіру.
Тәрбиелік: Құқықтық тәрбиенің жігердің қоғамда маңызы зор екендігі түсіндіріп құқықтық сауатқа тәрбиелеу, өз ойларын еркін айтуға үйрету.
Көрнекілік : Қанатты сөздер, мақал- мәтелдер ,тірек сызбалары.

«Қазіргі ұрпақтың үш мінезі алаңдатады деген екен. Олар құлқынның құлы болып жолдан таю, нәпсі үшін лас істерге ұрыну, білімі бола тұра қараңғы наданның ісін істеу.»
Мұхаммед пайғамбар

«Тәртіпсіз ел болмайды , тәртіпке бас иген құл болмайды.»
Б.Момышұлы

«Ісін өндіре алмаған қырсыз бала ,қырсығын әкесінен іздейді.»
«Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілерсің.»
«Балаңды беске дейін ештеңеден тыйма, бестен он үшке дейін құлыңдай қина, он үштен ары сырласыңдай сыйла.»
«Жақсы бала сүйініш , жаман бала күйініш.»
«Атаңа не қылсаң алдыңа сол келер»
Тәрбиелік шараның жүрісі:
1.Ұйымдастыру кезеңі .
2. Пікірталас .
3.Қорытынды.

Мұғалім сөзі: Республикада жүргізіліп жатқан саяси экономикалық және рухани әлеуметтік өзгерістер адамдар мен құқық арсындағы байланыстарды реттей алмай отыр. Қылмыс шексіз өсуде, қоғам және жеке адамардың меншігін ұрлау, тәртіп бұзушылық , адам өлтірушілік, және т.б. етек алуда. Қабылданған заңдар мен қаулы, қарарлар көп жағдайда орындалмайды.Бұған себеп , қоғамымызда қажетті деңгейде құқықтық сана мен жігердің жетіспеушілігінен болып отырғаны анық.

Жүргізуші: Енді бүгін де біздің қоғамда өзекті мәселе болып отырған СПИД , нашақорлық, жасөспірімдер арасындағы бұзақылық , ұрлық, т.б. қылмыстар етек алып отыр. Бұлардың өсуіне құқықтық тірбие мен санаың , жігердің жетпей тұрғаны.Осы үш қылмыс төңірегінде баспасөз материалдарында жарияланған деректер арқылы пікірімізді білдірейік.

Оқушы: СПИД-ке қарсы күрес күні деп 1 желтоқсан белгіленген. Бұл әлемдік проблема қоғам үшін қауіпті , оған қарсы дәрі- дәрмек бүгінде жоқ, дәрменсіз болуда. Бұл дерт тек 1983-1984 жылдары белгілі болып анықталған. Қазақстан бойынша бұл дертке шалдыққандардың саны 5500-ге жетті, 500 адам көз жұмды. Бұған қарсы жақында барлық мектептерде 5 қараша мен 5 желтоқсан аралығында айлық өткізілді. Дәрігерлермен кездесу өткізілді. СПИД дертінің қатерлігі жайында қабырға газеттері шығарылды. Дүние жүзілік денсаулық қорынан бұған қарсы күресу үшін қаржы бөлініп отырады.
Оқушы: Біздің топтың тұжырымдамасы бойынша бұл дерттің етек алуына әлеуметтік жағдайдың және құқықтық сана мен жігердің төмен болуында дейміз. Жақында Оңтүстік Қазақстан облысында болған СПИД кесірінің салдарынан бірнеше нәрестелер көз жұмды, бұл оқиға кейбір мамандардың селқостығынан болып отырғандары белгілі. Адам баласы көбіне өз кінәсінен тап болады.
Оқушы: Біздің топтың шешімі , бұл кесел жайлы мағлұматты жиі беріп отыру керек.

1. СПИД деген не ?
2. Бұл неліктен қорқынышты?
3. Оның қоздырғышы не?
4. Жұғу жолдары қандай?
5. Қандай жағдайда жұқпайды?
6. Қандай белгілері бар?
7. Қорғану жолдары.
8. Сіздің ауру жұқтырған адамға көз қарасыңыз қандай?
9. Телеарналар арқылы бұған қарсы күрес жарнамаларының жиі берілуі керек пе?

Және тағы басқа сұрақтар қою арқылы құлақтандырып халық санасына жететін деңгейде насихатталып отырса дейміз.
Оқушы: Жауаптарыңызға рахмет. СПИД пен нашақорлық ағайынды кесел деп айта аламыз. Нашақорлыққа қарсы күрес жүргізушілер тобына .Біздің еліміздегі халықтың әлеуметтік жағдайының төмендігінен немесе құқықтық тәрбиенің , мәдениеттәі жоқтығынан белең алып отырған қылмыс деп ойлайсыздар ма, осы кеселді?
Оқушы: Біздің елімізде нашақорлыққа қарсы күресті күшейту мақсатында ҚР әділет министрлігі жанынан нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі комитет құрылған.Нашақорлыққа экономиканың , әлеуметтік жағдайдың әсері жоқ деп айта аламын.
Оқушы: Экономикалық даму деңгейі жоғары , халқының әлеуметтік қорғалу жүйесі ғажап, нағыз демократиялық ел деп жүрген Швецияны есірткі емін еркін жайлап алған соң, 1960 жылдан 1991 жылға дейін мұнда қылмыс 3,5 есе өсті. 1990 жылдар ортасында Швеция қылмыс деңгейінен Еуропа елдері ішінен алдыңғы қатарға шықты. Шашақорлық жайында жариялық сипат алған Нидерланды астанасында жүз мың адамға шаққандағы кісі өлтіру қылмысының өршігені соншалық әлем бойынша алдыңғы орынға шықты.

Экономикасы дамыған елдерде соңғы 30 жылда есірткімен жүргізілген күрес нәтижесі мардымсыз болғанын байқаймыз.Наркоқылмыс тежелудің орнына бұрынғыдан бетер өсіп барады. ТМД елдердің өзінде тарала бастады. Қазақстан Европа мен Азия арасындағы байланыс жолы болып кетпесін деген қауіп бар.
Оқушы: КСРО кезіндегі «темәр перде» саясаты қоғамды идеология жағынан ғана емес, есірткі заттардың елге еніп кетуінен де қорғанғаны рас.Ал, қазір мұндай тосқауыл жоқтың қасы. Осындай ахуалда құқық қорғау органдарының жұмысы айтарлықтай күрделене түсетіні белгілі, дегенмен нашақорлық қылмыс көзден таса қалып жатқан жоқ.

Мемлекетімізде нашақорлық , уытқұмарлық, маскүнемдік дерттеріне қарсы бағыттылған саясат жүргізіліп жатыр.
Оқушы: Нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес стратегиясының басты міндеттерінің бірі әлеуметтік иммунитетті қалыптастыру болып табылады. Елімізде белгілі бір дәрежеде иммунитет бар деп айтуға болады. Мысалы, 30- дан жоғары жастағылардың нашақорлықпен айналысатыны да сирек. Ал есесіне мұндай иммунитет балаларда жоқ. Есірткі тұтынушылардың 77 пайызы 15-19 аралығында алған дәмін татқандар екен. Әсіресе, 13-14 жастағылар осынау жаман әдетке үйір болады. Астаналық бір мектепте 10-14 жасқа дейін оқушыларға зерттеу жүргізгенде , олардың көпшілігінің ішімдікке және басқа есірткі заттарға аңсары ауып тұрады екен, оған арақ және темекінің жарнамасы әсерін тигізген.
Жүргізуші: Жауаптарыңызға рахмет! Қоғам өміріндегі қылмысты жазалау жолымен жою мүмкін бе? Қылмыс жасағанды жазалау мемлекеттік саясаттың бір парасы. Айыптың кінәсән жуып қоғамға қайта қосылуы бұл да мемлекет алдындағы өзекті міндет. Кәмелетке толмағанлдарды қоғамнан оқшаулап түзету мекемелерінде ұстаған дұрыс па? Оған қалай қарайсыздар?

Оқушы: Кәмелетке толмағандардың психикасы әлі қалыптаспаған. Сондықтан, колония моралінің ықпалына тез түседі. Екінші жағдайда адамдар жазылмаған мінез-құлық нормалары салт-дәстүрі мен моралі бар түзету колонияларының жағдайына бірте-бірте бейімделіп кетеді. Адамның қоғамнан ұзақ уақытқа оқшалануының оның психикалық ахуалымен әлеуметтік жағдайына кері әсер етіп, түзелмейтін өзгерістермен адамның азып тозуына, ызалануына әкеліп соғады. Егер түрме сотталушыны қоғамда өмір сүріп үйретпесе, ол түрмеде өмір сүруді үйретеді. Бас бостандығынан айыру жазасын қылмыскерді түзетудің тиімді құралы ретінде кеңінен қолданудың қате екенін уақыттың өзі дәлелдеді. Мысалы, бідің еліміз халықтың саны жағынан талай елден артта тұрмыз, ал бірақ қылмыскерді жазалап түрмеге жабудан үшінші орында екенбіз. Біздің елден озып тұрған ел АҚШ пен Ресей ғана. Бұл елдердің халқы әлде қайда басым.

Оқушы: Біздің байтақ еліміз патшалы Ресейдің отарына ілікпей тұрғанда түрме дегенді бәлмей-ақ өз араларындағы бұзақы, сотқарларды жөнге салып, ру, ел арасындағы тыныштықты сақтап отырған. Осығын қарап, кезінде біздің ұлтымызда құқықтық тәрбие мен жігер басым болған деп айта аламыз.
Жүргізуші: Жауаптарыңызға рахмет. Сіздер осы бұзақылық ұрлыұ және т.б. қылмыстарды жою үшін, болмаса азайту үшін қандай ұсыныстар айтасыз. Өз ұсыныстарыңызды жариялап көрермендер алдындағы қалтаға салуларыңызды сұраймын.

1. қоғамдық, құқықтық сананы кішейту қажет.
2. мемлекеттік, ұлттық идиологияны күшейту қажет.
3. барлық азаматтарды жұмыспен қамтамасыз етіп, орташа табыс табатындай жағдай туғызу керек.
4. әрбір Қазақстандық азаматтың бойында патриотизм мен отанға деген шынайы берілген сүйіспеншілікті қалыптастыру керек.
5. қылмыс жасаған адамдарға жаза ретінде көп мөлшерде айып төлету қажет.
6. айып салудан түскен қаржыға құқықтық насихат жүргізу керек.

Қорытынды:
Құқықтық тәрбие мен құқықтық жігерлі сана алдымен отбасынан басталады. Бүгінгі қоғамды дамыту үшін әрқайсысымыз құқықтық заңға құрметпен қарап, өз бойымызда құқықтық сана мен жігерді шыңдауымыз керектігін өмір көрсетіп отыр. Аталған қылмыс түрлерін болдырмау, оның алдын алу үшін құқықтық насихатты күшейтіп, құқықтық тәрбиені одан әрі жетілдіру қажет.

Краткое описание документа:

Тәрбие сағатының тақырыбы:   Құқық әлемінде.

 

Мақсаты:

ü  Оқушылардың құқықтық білімдерін тереңдету, Заң алдындағы жауапкершілікті арттыру, ұйымшылдық пен тәртіптіліктің  тиімді жолдарын таба білуге баулу, саяси сауаттылыққа баулу;

ü  Оқушыларды өз құқықтарын қорғай білуге үйрету;

ü  Оқушылар бойында демократиялық көзқарас қалыптастыру;

ü  Құқықтық нормативтік актілерді орындай, құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке, елжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу;

ü  Оқушылардың ойлау, тыңдау, өз ойларын еркін жеткізе алу мәдениетін дамыту,   шығармашылық қабілеттерін шындау.

 

Өтілу түрі: зерттеу шеберханасы.

 

Көрнекілігі:   интерактивті тақта, ҚР Конституциясы кітапшасы, Бала құқықтары туралы Конвенция, Бала құқығын қорғау туралы тұжырымдама, халыққа құқықтық көмек «Бала құқығы» жадынамасы.

 

Өту барысы:

№1 слайдта сабақ тақырыбы көрсетіледі.

 

Кіріспе.

Мұғалім:

-          Құрметті мұғалімдер, оқушылар  БҰҰ-ң Бала құқығы туралы

Конвенцияның қабылданғанына 20 жыл, біздің елбасымыздың сол Конвенцияға қол қойып, қабылданғанына 15 жыл толуына орай бүгінгі зерттеу шеберханасында «Құқық әлемінде» тақырыбының аясында жұмыс жасаймыз.

Адам құқығына үлкен үлестерін қосқан Ш.Монтескье, И.Кант, Т.Джефферсон сияқты ойшылдар адам құқықтарының негізгі ережелерін алғаш рет анықтап, белгілеген. Өзіміздің ойшылдарымыз Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би және Абай Құнанбаевта адам құқықтарымен бостандықтарын қорғаған. Адам дүниеге келгеннен кейін, оның өмірін, денсаулығын, тыныштығын, біздің мемлекетіміздің Ата Заңы – Конституция қорғайды. Ал Ата Заңымыздан басқа тікелей балалардың құқығын қорғайтын Заң бар ма?

-          1989 жылдың 20 қарашасында Бала құқықтары туралы

Конвенция БҰ ұйымында қабылданып, 1995 жылдың желтоқсан айында Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Бала құқығы туралы Конвенцияға» қол қойды. Енді осы мәселе төңірегінде өздерің зерттеу жұмыстарын жүргізіп, құқықтық білімдеріңді кеңейтуге уақыт келді. Жұмысқа кіріспес бұрын бір  -  бірімізге жақсы көңіл – күй сыйлайық.

 

№2 слайд. Рефлексия. «Улыбка» әуені орындалып тұрады.

Оқушылар дөңгелектеп тұрып, барлығы келесі шумақты хормен

айтады:

            Мейірімді жүрекпен,

          Ақпейілді тілекпен,

          Амандасып алайық,

          Бір жадырап қалайық!

 

 №3 слайд көрсетіледі.

 

 №4 слайдта жұмыс топтарының тақырыптары көрсетіледі.

-          Енді зерттеу шеберханасындағы жұмыс топтарымен танысайық:

І –топ “Бала құқығы- асыл қазына” деп аталады, бұл топтың оқушылары Бала құқығы туралы ақпарат жинақтап, аудиторияны таныстырады, ІІ–топ -“Құқық – әділет пен парасат жолы” тобы өз шығармашылық өнерлерімен құқық әлемінен көріністер, өлең жолдарын немесе құқыққа байланысты қанатты сөздер, мақал - мәтелдер айтып өнерлерін ортаға салады, ІІІ –топ “Құқықтық сауаттылық – заман талабы ” бұл топтың негізгі міндеті-сұхбат жүргізу, тақырыпқа байланысты, аудиториядан тыс жерлерде жүріп, нақты сауалдар қойып, оның талдауын жасайды, ал  “Бақыт деген - сенің бала күндерін” деп аталатын ІҮ –топ мүшелері суреттер, эмблемалар салып, көрмелер әзірлеп,  коллаждар жасау арқылы тақырыпты  бейнелейді.

№5 слайд.

Оқушылар келесі өлең жолдарын хормен айтып іске кіріседі.

Талаптанып,қанаттанып,

Биікке біз самғаймыз.

Қыран құстай қанат қағып,

Асуларды шарлаймыз!

 

Әр топқа 30 минут уақыт беріледі, осы уақытта олар өз жұмыстарын толық орындап, екінші сабақта қорытындыларын ортаға салып, көрсетеді.

 

Оқушылар жұмыстарын жүргізу барысында №6, №7, №8 слайдтар көрсетіледі.

 

6 слайд мазмұны:

«Біліп жүрейік!»

 

1-маусым – халықаралық балаларды қорғау күні

20-қараша – дүниежүзілік балалар күні

10-желтоқсан – адам құқығы күні

 

10.12.1948ж – адам құқықтарының жалпыға ортақ Декларациясын БҰҰ қабылдады

1959ж – әлемде бала құқығының халықаралық күнін мерекелеу Декларацияны жариялаудан басталды

1979ж – халықаралық балалар жылы өтті

20.11.1989ж - БҰҰ-да Бала құқықтары туралы Конвенция қабылданды

28.01.1993ж - ҚР-ның тұнғыш Конституциясы қабылданды.

8.06.1994ж – Қазақстан Республикасы Бала құқықтары туралы Конвенцияны бекітті

30.08.1995ж - ҚР-ның Конституциясы бүкілхалықтық референдумда баяндалып, екінші рет қабылданды

 

№7 слайдында «Облака» әуенімен балалардың суреттері көрсетіледі.

 

№8 слайдта Балалар құқығы туралы Конвенциядан алынған мәліметтер титрлар арқылы көрсетіледі.

 

А.Енсеповтың «Детство» әуені ойнап тұрады.

 

Мазмұны:

 

БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы Конвенциясы – әрқайсысы белгілі бір құқықты сипаттайтын  54 баптан тұратын бала құқықтары туралы құжат. Конвенция бала ретінде 18 жасқа толмаған тұлғаны санайды, егер ел заңдары бойынша кәмелетке толу жасы осыдан кіші бекітілмесе.

Конвенцияға кіретін құқықтардың бәрі барлық балаға бірдей тарайды. Конвенцияға қол қойғаннан кейін балаларды кемсітуден қорғауға және олардың құқықтарын жүзеге асыруға жәрдемдесу үшін белсенді шаралар қолдану міндетін мемлекет өзіне алады.

Конвенцияға қатысушы мемлекеттер «ересектерді де, балаларды да Конвенцияның ұстанымдары мен ережелері туралы кең ақпарат беруге» міндетті. Конвенцияның ережелерін бақылаудың халықаралық механизмі бар, ол Бала құқықтары жөніндегі Комитет.

Қазіргі уақытта елдердің көпшілігі Бала құқықтары туралы Конвенцияны бекітті (АҚШ пен Сомалиден басқасы). Қазақстан Республикасы осы Конвенцияны 1994 жылдың  8-ші маусымында бекіткен. Конвенцияның  44 бабына сәйкес, оған қол қойған елдер заңдары мен мемлекеттік саясаттарын Конвенцияға сәйкес келтіруге бағытталған шараларды қолдану туралы БҰҰ-на есеп беру тиіс.

 

Бала құқықтары туралы халықаралық Конвенциядан

§      Мемлекет әрбір баланың аман – сау өсіп, жан – жақты дамуын қамтамасыз етеді;

§      Бала өмірге келе салысымен тіркеуге алынады және өзіне есім мен азаматтық алуға құқылы;

§      Әрбір бала өз отбасында, ата – анасымен бірге өмір сүруге құқылы;

§      Отбасында әкесі мен анасы өз алдына дербес өмір сүрумен, баланы ата – анасымен ажыратуға ешкім құқықты емес;

§      Бала мектепте кінәлі болғанда да оны ешкімнің ұрып жазалауға, кемсітіп қорлауға құқығы жоқ;

§      Бала тынығуға және мәдени демалуға құқылы;

§      Әрбір баланың ой – пікір, ар -  ождан және дін еркіндігіне құқығы бар;

§      Бала өзі қалаған спорт түрімен шұғылдануға құқылы;

§      Бала денсаулығын сақтауға, емделуге құқылы;

§      Бала өз ойын еркін айтуға құқылы.

 

 

 

 

 

 

 

Тәрбие сағаты:   «Құқықтық тәрбие және құқықтық жігер»

Тәрбиелік шара түрі: пікірталас

Білімдік мақсаты : Құқықтық тәрбиенің өмірілік қажеттілігін оқушыларға түсіндіру.
Тәрбиелік: Құқықтық тәрбиенің жігердің қоғамда маңызы зор екендігі түсіндіріп құқықтық сауатқа тәрбиелеу, өз ойларын еркін айтуға үйрету.
Көрнекілік : Қанатты сөздер, мақал- мәтелдер ,тірек сызбалары.

«Қазіргі ұрпақтың үш мінезі алаңдатады деген екен. Олар құлқынның құлы болып жолдан таю, нәпсі үшін лас істерге ұрыну, білімі бола тұра қараңғы наданның ісін істеу.»
Мұхаммед пайғамбар

«Тәртіпсіз ел болмайды , тәртіпке бас иген құл болмайды.»
Б.Момышұлы

«Ісін өндіре алмаған қырсыз бала ,қырсығын әкесінен іздейді.»
«Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілерсің.»
«Балаңды беске дейін ештеңеден тыйма, бестен он үшке дейін құлыңдай қина, он үштен ары сырласыңдай сыйла.»
«Жақсы бала сүйініш , жаман бала күйініш.»
«Атаңа не қылсаң алдыңа сол келер»
Тәрбиелік шараның жүрісі:
1.Ұйымдастыру кезеңі .
2. Пікірталас .
3.Қорытынды.

Мұғалім сөзі: Республикада жүргізіліп жатқан саяси экономикалық және рухани әлеуметтік өзгерістер адамдар мен құқық арсындағы байланыстарды реттей алмай отыр. Қылмыс шексіз өсуде, қоғам және жеке адамардың меншігін ұрлау, тәртіп бұзушылық , адам өлтірушілік, және т.б. етек алуда. Қабылданған заңдар мен қаулы, қарарлар көп жағдайда орындалмайды.Бұған себеп , қоғамымызда қажетті деңгейде құқықтық сана мен жігердің жетіспеушілігінен болып отырғаны анық.

Жүргізуші: Енді бүгін де біздің қоғамда өзекті мәселе болып отырған СПИД , нашақорлық, жасөспірімдер арасындағы бұзақылық , ұрлық, т.б. қылмыстар етек алып отыр. Бұлардың өсуіне құқықтық тірбие мен санаың , жігердің жетпей тұрғаны.Осы үш қылмыс төңірегінде баспасөз материалдарында жарияланған деректер арқылы пікірімізді білдірейік.

Оқушы: СПИД-ке қарсы күрес күні деп 1 желтоқсан белгіленген. Бұл әлемдік проблема қоғам үшін қауіпті , оған қарсы дәрі- дәрмек бүгінде жоқ, дәрменсіз болуда. Бұл дерт тек 1983-1984 жылдары белгілі болып анықталған. Қазақстан бойынша бұл дертке шалдыққандардың саны 5500-ге жетті, 500 адам көз жұмды. Бұған қарсы жақында барлық мектептерде 5 қараша мен 5 желтоқсан аралығында айлық өткізілді. Дәрігерлермен кездесу өткізілді. СПИД дертінің қатерлігі жайында қабырға газеттері шығарылды. Дүние жүзілік денсаулық қорынан бұған қарсы күресу үшін қаржы бөлініп отырады.
Оқушы: Біздің топтың тұжырымдамасы бойынша бұл дерттің етек алуына әлеуметтік жағдайдың және құқықтық сана мен жігердің төмен болуында дейміз. Жақында Оңтүстік Қазақстан облысында болған СПИД кесірінің салдарынан бірнеше нәрестелер көз жұмды, бұл оқиға кейбір мамандардың селқостығынан болып отырғандары белгілі. Адам баласы көбіне өз кінәсінен тап болады.
Оқушы: Біздің топтың шешімі , бұл кесел жайлы мағлұматты жиі беріп отыру керек.

1. СПИД деген не ?
2. Бұл неліктен қорқынышты?
3. Оның қоздырғышы не?
4. Жұғу жолдары қандай?
5. Қандай жағдайда жұқпайды?
6. Қандай белгілері бар?
7. Қорғану жолдары.
8. Сіздің ауру жұқтырған адамға көз қарасыңыз қандай?
9. Телеарналар арқылы бұған қарсы күрес жарнамаларының жиі берілуі керек пе?

Және тағы басқа сұрақтар қою арқылы құлақтандырып халық санасына жететін деңгейде насихатталып отырса дейміз.
Оқушы: Жауаптарыңызға рахмет. СПИД пен нашақорлық ағайынды кесел деп айта аламыз. Нашақорлыққа қарсы күрес жүргізушілер тобына .Біздің еліміздегі халықтың әлеуметтік жағдайының төмендігінен немесе құқықтық тәрбиенің , мәдениеттәі жоқтығынан белең алып отырған қылмыс деп ойлайсыздар ма, осы кеселді?
Оқушы: Біздің елімізде нашақорлыққа қарсы күресті күшейту мақсатында ҚР әділет министрлігі жанынан нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі комитет құрылған.Нашақорлыққа экономиканың , әлеуметтік жағдайдың әсері жоқ деп айта аламын.
Оқушы: Экономикалық даму деңгейі жоғары , халқының әлеуметтік қорғалу жүйесі ғажап, нағыз демократиялық ел деп жүрген Швецияны есірткі емін еркін жайлап алған соң, 1960 жылдан 1991 жылға дейін мұнда қылмыс 3,5 есе өсті. 1990 жылдар ортасында Швеция қылмыс деңгейінен Еуропа елдері ішінен алдыңғы қатарға шықты. Шашақорлық жайында жариялық сипат алған Нидерланды астанасында жүз мың адамға шаққандағы кісі өлтіру қылмысының өршігені соншалық әлем бойынша алдыңғы орынға шықты.

Экономикасы дамыған елдерде соңғы 30 жылда есірткімен жүргізілген күрес нәтижесі мардымсыз болғанын байқаймыз.Наркоқылмыс тежелудің орнына бұрынғыдан бетер өсіп барады. ТМД елдердің өзінде тарала бастады. Қазақстан Европа мен Азия арасындағы байланыс жолы болып кетпесін деген қауіп бар.
Оқушы: КСРО кезіндегі «темәр перде» саясаты қоғамды идеология жағынан ғана емес, есірткі заттардың елге еніп кетуінен де қорғанғаны рас.Ал, қазір мұндай тосқауыл жоқтың қасы. Осындай ахуалда құқық қорғау органдарының жұмысы айтарлықтай күрделене түсетіні белгілі, дегенмен нашақорлық қылмыс көзден таса қалып жатқан жоқ.

Мемлекетімізде нашақорлық , уытқұмарлық, маскүнемдік дерттеріне қарсы бағыттылған саясат жүргізіліп жатыр.
Оқушы: Нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес стратегиясының басты міндеттерінің бірі әлеуметтік иммунитетті қалыптастыру болып табылады. Елімізде белгілі бір дәрежеде иммунитет бар деп айтуға болады. Мысалы, 30- дан жоғары жастағылардың нашақорлықпен айналысатыны да сирек. Ал есесіне мұндай иммунитет балаларда жоқ. Есірткі тұтынушылардың 77 пайызы 15-19 аралығында алған дәмін татқандар екен. Әсіресе, 13-14 жастағылар осынау жаман әдетке үйір болады. Астаналық бір мектепте 10-14 жасқа дейін оқушыларға зерттеу жүргізгенде , олардың көпшілігінің ішімдікке және басқа есірткі заттарға аңсары ауып тұрады екен, оған арақ және темекінің жарнамасы әсерін тигізген.
Жүргізуші: Жауаптарыңызға рахмет! Қоғам өміріндегі қылмысты жазалау жолымен жою мүмкін бе? Қылмыс жасағанды жазалау мемлекеттік саясаттың бір парасы. Айыптың кінәсән жуып қоғамға қайта қосылуы бұл да мемлекет алдындағы өзекті міндет. Кәмелетке толмағанлдарды қоғамнан оқшаулап түзету мекемелерінде ұстаған дұрыс па? Оған қалай қарайсыздар?

Оқушы: Кәмелетке толмағандардың психикасы әлі қалыптаспаған. Сондықтан, колония моралінің ықпалына тез түседі. Екінші жағдайда адамдар жазылмаған мінез-құлық нормалары салт-дәстүрі мен моралі бар түзету колонияларының жағдайына бірте-бірте бейімделіп кетеді. Адамның қоғамнан ұзақ уақытқа оқшалануының оның психикалық ахуалымен әлеуметтік жағдайына кері әсер етіп, түзелмейтін өзгерістермен адамның азып тозуына, ызалануына әкеліп соғады. Егер түрме сотталушыны қоғамда өмір сүріп үйретпесе, ол түрмеде өмір сүруді үйретеді. Бас бостандығынан айыру жазасын қылмыскерді түзетудің тиімді құралы ретінде кеңінен қолданудың қате екенін уақыттың өзі дәлелдеді. Мысалы, бідің еліміз халықтың саны жағынан талай елден артта тұрмыз, ал бірақ қылмыскерді жазалап түрмеге жабудан үшінші орында екенбіз. Біздің елден озып тұрған ел АҚШ пен Ресей ғана. Бұл елдердің халқы әлде қайда басым.

Оқушы: Біздің байтақ еліміз патшалы Ресейдің отарына ілікпей тұрғанда түрме дегенді бәлмей-ақ өз араларындағы бұзақы, сотқарларды жөнге салып, ру, ел арасындағы тыныштықты сақтап отырған. Осығын қарап, кезінде біздің ұлтымызда құқықтық тәрбие мен жігер басым болған деп айта аламыз.
Жүргізуші: Жауаптарыңызға рахмет. Сіздер осы бұзақылық ұрлыұ және т.б. қылмыстарды жою үшін, болмаса азайту үшін қандай ұсыныстар айтасыз. Өз ұсыныстарыңызды жариялап көрермендер алдындағы қалтаға салуларыңызды сұраймын.

1. қоғамдық, құқықтық сананы кішейту қажет.
2. мемлекеттік, ұлттық идиологияны күшейту қажет.
3. барлық азаматтарды жұмыспен қамтамасыз етіп, орташа табыс табатындай жағдай туғызу керек.
4. әрбір Қазақстандық азаматтың бойында патриотизм мен отанға деген шынайы берілген сүйіспеншілікті қалыптастыру керек.
5. қылмыс жасаған адамдарға жаза ретінде көп мөлшерде айып төлету қажет.
6. айып салудан түскен қаржыға құқықтық насихат жүргізу керек.

Қорытынды:
Құқықтық тәрбие мен құқықтық жігерлі сана алдымен отбасынан басталады. Бүгінгі қоғамды дамыту үшін әрқайсысымыз құқықтық заңға құрметпен қарап, өз бойымызда құқықтық сана мен жігерді шыңдауымыз керектігін өмір көрсетіп отыр. Аталған қылмыс түрлерін болдырмау, оның алдын алу үшін құқықтық насихатты күшейтіп, құқықтық тәрбиені одан әрі жетілдіру қажет.

Автор
Дата добавления 18.02.2015
Раздел Директору, завучу
Подраздел Рабочие программы
Просмотров8191
Номер материала 396547
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх