Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Начальные классы / Презентации / Тәрбие сағатының тақырыбы: Өзбек халқы
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Тәрбие сағатының тақырыбы: Өзбек халқы

библиотека
материалов

Тақырыбы: Өзбек халқы

Мақсаты: Оқушыларға Өзбекстан Республикасы туралы мағлұмат беру.Өзбекстан Республикасының президентімен,мемлекеттік рәміздерімен,салт-дәстүрімен,өнеркәсібі,мәдениеті,әдебиетімен таныстыру.

Көрнекілігі: Мемлекеттік рәміздер, И.А. Каримов суреті,Ташкент қаласының суреті,ұлттық тағамдарынан көрме.

Жансая: Өзбекстан Республикасы — Орталық Азияда орналасқан мемлекет. 1991 жылы 31 тамызда өткен Өзбек КСР-і Жоғарғы Кеңесінің сессиясы елдің атауын Өзбекстан Республикасы деп өзгертіп, 1 қыркүйекте елдің тәуелсіздігі туралы Декларация қабылдады. 2008жылдың ортасына қарай халқының саны 27 млн адамға жетті.Өзбекстан-көпұлтты мемлекет.Мұнда 120-дан астам ұлт өкілдері тұрады. Негізгі халқы – өзбектер, онан басқа орыстар, қазақтар ,тәжіктертатарларқарақалпақтар т.б. ұлт өкілдері тұрады.

  • Мемлекеттік тілі –өзбек тілі.

  • Қай халықтың болмасын өзінің елтаңбасы,туы,әнұраны болады. Сол сиякты өзбек халқының да өз әнұраны,өз елтаңбасы және байрағы бар.

Өзбекстан Республикасы бір автономиялық республика  Қарақалпақстан және 12 облысқа бөлінеді.

Жансезім: Ислам Абдуғаниұлы Каримов – Өзбекстан Республикасының тұңғыш Президенті, мемлекет қайраткері, Өзбекстан Ғылым Академиясының академигі , Өзбекстан Қаһарманы.Өзбекстан Республикасында президент 5 жылға сайланады.

  • 1995 жылы 26 наурызда Бүкілхалықтық референдум шешімімен президенттік уәкілеттігі 2000 жылға дейін ұзартылды;

  • 2000 жылы өткен бүкілхалықтық сайлауда Өзбекстан Республикасы Президенті болып қайта сайланды;

Ол “Тәуелсіздік жолында: проблемалар мен мұраттар”, “Өзбекстанның дербестігі мен даму жолы”, “Тәуелсіздік және руханият”, тағы басқа көптеген еңбектердің авторы.Сыртқы саясатта ТМД-ның, түркі халықтары мемлекеттері басшыларының саммиттерін, кездесулерін белсенді ұйымдастырушылардың бірі ретінде танылды. 1997 жылы10 қаңтарда Бішкекте Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан мемлекеттері арасындағы “Мәңгілік достық туралы” Шартқа қол қойды. Қазақстанға достық сапармен әлденеше рет келді.Екі ел арасындағы туысқандық қарым-қатынасты жетілдіріп, жақсарта түсу үшін Қазақстан Республикасы ПрезидентіН.Назарбаевпен көптеген кездесулер өткізді. Халықаралық қарым-қатынастарды нығайтуға қосқан үлесі үшін Каримов әлемнің бірнеше елінің жоғары наградаларымен, соның ішінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығымен берілген “Алтын қыран” орденімен (2.06.1997) марапатталған.

Қарақат: Өзбек отбасындағы тәрбие.

Өзбек отбасындағы тәрбие берудiң қайнар көзi махалладан басталады. Махалла – бiр аймақта ағайын-туыстың бiрiмен бiрi етене жақын араласып, көршiлес өмiр сүретiн жерi. Өзбектер көне дәстүр, салт, ғұрпын осы күнге дейiн сақтап қалған ұлт саналады. Өзбектер ата-бабасынан қалған ескi дүниелердi қастерлеп, болашақ ұлт санасына сiңi­руге көп көңiл бөлген. Дүниеге келген сәтiнен бастап баланың бесiгiн ана тiлiндегi тарихи-эпикалық жырлармен тербететiн ата-анасы баласының нағыз өз­бек азаматы болғанын қалайды. Сондай-ақ отбасының өзге мү­ше­лерi де “өзбек баласы өзбекше тәрбиеленуге тиiс” деген ұстанымды сақтайды. Махаллада тұратын барлық адамның өзiне бауыр екенiн сәби шағынан бiлiп өсетiн бала кейiн осы қауыммен бiрге болудың мән-мағынасын түсiнедi. Қайғыда да, қуанышта да махалла тұрғындары бiрге болады. Егер бiр тұр­ғын көшеге ағаш отырғызса, мiндеттi түрде өзгелерi де бұл игi iстi әрi қарай жалғастырып, қайталайды. Махалладағы барлық мәселенi көптi көрген ақсақалдар ақылдасып шешедi. Үл­кен­дердiң айтқанын жастары бұлжытпай орындауға мiндеттi. Үлкен мен кiшiнiң арасындағы айырмашылық пен сыйластықты сақтау – өзбек халқының ең бас­ты парыздарының бiрi саналады. Мiне, осындай ортада өскен бала күнi ертең айналасынан көргенiн қайталап, жасы үлкен­дер­дiң iсiн өнеге тұтары анық.

Бұл елде үйленген жас-жұбайлар ата-анасының шаңырағынан ұзап кетпейдi. Үлкен әулiнiң бiр шетiнен үй салып,     туыстарымен жақын қоныстанады. Өзбек отбасындағы басты құн­ды­лықтардың бiрi – баланың ата-анасына деген шексiз құр­метi. Бұл елде ата-анасының разылығын алмай, тiптi некесiн қи­дыруға да рұқсат жоқ. Өзбекстанда кә­рi әке-шешесiн қарау­сыз тастау немесе қарттар үйiне өткiзу сияқты жағдайлардың сирек кезде­сетiнi содан болса керек.

Жазира: Кәсібі.

Өзбекстан жерін адамдар ежелгі тас ғасырынан мекендей бастады. Олар аңшылық және терімшілікпен айналысты. Жаңа тас дәуірінде егіншілік пен бақташылық пайда болды.

Үлкендерге көмектесу, бау-бақшаны күтiп-баптау сияқты ұсақ шаруаларға өзбек баласы 3-4 жасынан бастап-ақ икемделедi. Күннен бұрын ұйқыдан оянатын өзбектердiң еңбек­қорлығы сонау бала кезiнен қанға сiңген қасиет.

Кетпен ұстамаған өзбек өзбек емес деп олар үнемі айтып отырады екен.

Өзбек халқының киім-кешектері.

Ерлер жейде, шапан; әйелдер слан матадан тігілген көйлек, шапан киді. Бас киім ерлерде – тақия, жүн қалпақ, әйелдерде – орамал. Дәстүрлі аяқ киімі – тері етік, табаны жұмсақ мәсі, сыртынан галош киеді. Әйелдер мен қыздар бірінші баласы туғанша шаштарын көрсетпей ұсақ етіп өріп қояды (кейде 40 жасқа дейін), егде әйелдер екі бұрымнан өреді. Өзбектердің негізгі тағамы өсімдік, сүт және сүт өнімдерінен жасалады. Сүйікті асы — палау. Басты сусыны шай, көбіне көк шай. Өзбектердің дастарханынан жеміс-жидектер,өрік-мейіз,жаңғақтар ,тандыр нан үзілмейді.

Ақбота: Пайдалы қазбалары.

Жері табиғи ресурстарға бай. Бүкіл Орта Азиядағы газ конденсатының 74 пайызы Өзбекстанның үлесіне тиеді. Алтын қоры жөнінен ол әлемде 4, жез қоры жөнінен 11, уран қоры бойынша 7 – 8-орынды иеленеді. Мақта дақылын өсіру көрсеткіші бойынша әлемде 5-орында, оны экспортқа шығару жөнінен 2-орында. Ел аумағынан жалпы ұзындығы 4 мың шақырым құрайтын 9 ірі газ құбыры өтеді. Аса маңыздылары: Орта Азия – Орталық және Бұхара-Орал құбырлары. Жібек шикізатын, жүн, қаракөл елтірісі, жеміс-жидек, алтын, табиғи газды экспортқа шығарып, азық-түлік, шикізат, т.б. өнімдерді сырттан алады.

Өнеркәсібі.

Мұнай-газ өндірісі негізінде химия өнеркәсібі ерекше қаркынмен дамуда. Бұл сала, ең алдымен, ауыл шаруашылығының тыңайтқыштарға деген сұранысын қамтамасыз ету мақсатын көздейдіЖергілікті шикізатқа негізделген түсті металлургия айрықша кезге түседі

Ташкент қаласы мен оның маңайында ауылшаруашылық машиналарын жасау кәсіпорындары орналасқан. Мұнда мақта жинауға және тазалауға арналған машиналар,тоқыма өнеркәсібі мен суландыруға қажетті жабдықтар шығарылады. Сонымен қатар резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіретін, дәрі-дәрмек жасайтын кәсіпорындар бар.

Аружан: Мәдениеті.

Ташкентте республикалық өнер музейі мен бірнеше көрме залдары жұмыс істейді. 1929 жылы Самарқанда алғашқы Өзбек драма театры құрылды. Қазіргі кезде Өзбекстанда онға жуық драма театры, 2 опера және балет театры, 2 Балалар мен жасөспірімдер, қуыршақ театрлары жұмыс істейді. Кино өнері де жақсы дамыған.

Әдебиеті

Өзбек әдебиетінің дамуына ауыз әдебиеті мен шығыс халықтары әдебиетінің әсері мол болған. Жанрлық түрі бай ұлттық фольклорында халық тарихын баяндайтын жыр-дастандардың алатын орны ерекше. Оларға “Күнтуғимиш”,“Алпамыш”, “Юсуф пен Ахмад”, “Тахир мен Зухра”, “Арзигул”, т.б. жырлар жатады. Түркі халықтарының, оның ішінде өзбектердің дүние жүзіне танылуына Әлішер Науаидың шығармалары ықпал етті.

Би: «Өзбек биі»





































hello_html_m1fab32fd.jpg





Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Краткое описание документа:

Мақсаты: Оқушыларға Өзбекстан Республикасытуралы мағлұмат беру.Өзбекстан Республикасының президентімен,мемлекеттік рәміздерімен,салт-дәстүрімен,өнеркәсібі,мәдениеті,әдебиетімен таныстыру.

Көрнекілігі: Мемлекеттік рәміздер,И.А. Каримов суреті,Ташкент қаласының суреті,ұлттық тағамдарынан көрме.

Жансая:Өзбекстан Республикасы — Орталық Азияда орналасқан мемлекет. 1991 жылы 31 тамызда өткен Өзбек КСР-і Жоғарғы Кеңесінің сессиясы елдің атауын Өзбекстан Республикасы деп өзгертіп, 1 қыркүйекте елдің тәуелсіздігі туралы Декларация қабылдады. 2008жылдың ортасына қарайхалқының саны 27 млн адамға жетті.Өзбекстан-көпұлтты мемлекет.Мұнда 120-дан астам ұлт өкілдері тұрады. Негізгі халқы – өзбектер, онан басқа орыстар, қазақтар ,тәжіктертатарларқарақалпақтар т.б. ұлт өкілдері тұрады.

·                    Мемлекеттік тілі –өзбек тілі.

·                    Қай халықтың болмасын өзінің елтаңбасы,туы,әнұраны болады. Сол сиякты өзбек халқының да өз әнұраны,өз елтаңбасы және байрағы бар.

·                      Астанасы – Ташкент қаласы

·                      Ұлттық мерекесі – 1 қыркүйек – Тәуелсіздік күні.

·                      Ақша бірлігі – сум.

·                      Ірі қалалары:ТашкентСамарқанд,ФерғанаАндижан,НаманганБұқараКарши,НүкүсҚоқанМаргилан.

Жер аумағы: Әлем бойынша 55-ші орында

Автор
Дата добавления 29.04.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Презентации
Просмотров4567
Номер материала 502924
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх