Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Презентации / Тәрбие сағатының тақырыбы: «Жаманнан жирен, жақсыдан үйрен.»
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Жаманнан жирен, жақсыдан үйрен.»

библиотека
материалов

hello_html_6976bad3.gifҚосөткел негізгі мектебі







Тақырыбы: «Жаманнан жирен, жақсыдан үйрен.»







Сынып жетекші: Тукушева А.















2014-2015ж

Тукушева Амангуль
03.13.1984 жыл
Бастауыш класс мұғалімі
Ақтөбе облысы
Қобда ауданы
Қосөткел негізгі мектебі

Тақырыбы: «Жаманнан жирен, жақсыдан үйрен.»

Мақсаты: оқушыларды қарапайымдылық, адамгершілік, кішіпейілдік, әдептілік, еңбексүйгіштік, сыпайылыққа үйрете отырып жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу; адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарын ажырата отырып әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным белсенділіктерін арттыру.

Көрнекілік: тірек сызбалар, Абай суреті, мақал-мәтелдер.

Барысы.

I.Ұйымдастыру бөлімі.

Сұраққа-жауап алу

1.Әдептілік деген не?

2.Әдепті бала қандай болады?

3.Әдепсіз бала қандай болады?

4.Әдептілікті кім үйретеді?

Негізгі бөлім.

Мұғалім: Адам бойында жақсы да, жаман да қасиеттер болады екен. Бізге адалдықты, қарапайымдылық пен кішіпейілдікті, инабаттылық пен шыншылдықты үлкендер үйретеді. Ол – біздің ата-аналарымыз, ұстаздарымыз.

Адам болатын бала барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез, жаман әдеттерден аулақ болуға тырысуы керек.

Тақтадағы мақалдарды түсіндіру

  1. «Әдепті бала-арлы бала

Әдепсіз бала-сорлы бала».

  1. «Жаманға айтқа ақылың

Далаға атқан оқпен тең».

  1. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің».



Адамгершілікке байланысты мақал-мәтелдер сұрау

1-оқушы: Жақсының жаттығы жоқ.

2-оқушы: Жақсыда кек жоқ,

Кектіде тек жоқ.

3-оқушы: Жаман болса тауысың,

Туыспай-ақ құрысын.

4-оқушы: Төсектің тарлығы-тарлық,

Көңілдің тарлығы-қорлық.

5-оқушы: Әлсіз ат сүріншек,

Ақылсыз адам еріншек.

6-оқушы: Адам болар баланың

Кісіменен ісі бар.

7-оқушы: Адам болмас баланың

Кісіменен несі бар.

Ата-ана отбасында жақсылықтарды айтып. «Ананың тілін алмасаң арың кетеді,

Ана-тірегің, ана-жүрегің, бала бауырың,

Жақсы болсаң-баласың,

Жаман болсаң-пәлесің»-деп жиі түсіндіру арқылы жаксыдан үйренуге,жаманнан жиренуге жетелейді.

Ақыл әліппесі

Жақсы бала қандай болу керек екендігін мына өлеңдерден тыңдайық.

1-оқушы: Ата-ананың тілегі-адам болып өскенің.

Адамдықтың тірегі-адал болып өскенің.

Әдептілік дегенің-әрқашан да көрегің.

Әсемпаздық дегенің – әуре-сарсаң әлегің.

2-оқушы: Спортпенен айналыс сұлулығын сыйлаған.

Сол саған пайдалы іс сауық пенен кинодан.

Тәртіпті бала-сүйеніш, төбең бір көкке жетеді.

Тәртіпсіз бала-күйініш, төмендеп басың кетеді.

3-оқушы: Ұрыншақ бала жаныңда: ұрыс пен керіс, айқай-шу.

Ұстамды бала маңынан ұнамды қылық байқайсың.

Шындықты сақтаймыз, шыншылды жақтаймыз.

Шаршы топ алдында шығарып мақтаймыз.

4-оқушы: Сыйлап сәлем беремін көршілерді көргенде.

Ізетпен бас иемін үйге қонақ келгенде.

Әдепсіз деп сөкпесін анама айтып өкпесін.

Су құйдым да құмырамен қолына мен әкемнің,

Содан кейін оған мен орамалын әкелдім.

5-оқушы: Қарсы ал ерте күн көзін, төсегіңді жина өзің

Асықпай іш тамақты, жалама ыдыс-аяқты.

Пышақты ұста оң қолмен, шанышқыны сол қолмен.

Нанды үгітпе, қадірле, қабығымен бәрін же.

6-оқушы: Саусағыңды сормағын, салдыр-салақ болмағын.

Салма аузыңа инені,үзбе жұлып түймені.

Ашуланбай долданып, жауап бергін ойланып.

Іштарлыққа жол берме, бақталастық білдірме.

7-оқушы: Мақсат қоймай алдыңа, қыдырып құр қаңғыма,

Сыйла үлкен кісіні, қамқорлыққа ал кішіні.

Сақта көше тәртібін, бағдаршамның ал тілін,

Әдет қыл бұл ісіңді, тазалап жүр тісіңді.

«Ғылым таппай мақтанба» өлеңін жатқа сұрау.

Жақсыдан үйренуге, Өнерге, білімге,

Жаманнан жиренуге. Адал еңбек етуге.

АБАЙ

Ұлы ақын, ағартушы. Өлең-жырлар жазған.

Семейде.... Зеренің қолында Зерек болған.

Тәрбиеленді.

Абай сөзі

5 асыл іс 5 дұпан

Талап Өтірік

Еңбек Өсек

Терең ой Мақтаншақ

Қанағат Еріншек

Рақым Мал шашпақ

Қорытынды.

Асыл қасиетті жөнінде сұрақтар

  1. Үлкен кісімен қалай сөйлесу керек?

  2. Қонақ келгенде не істейміз?

  3. Қонаққа барғанда өзіңді қалай ұстау керек?

  4. Мектепте, сыныпта қалай жүру керек?

  5. Сіз бен сенді шатастырған күнің болды ма?

Әдептілік дегеніміз ар-ұяттың белгісі, адамдық қасиеттердің көрінісі екенін түсінген боларсыңдар.

Әр адам өзінің ішкі дүниесінің таза, пәк болуын, ниетінің адал болуын қадағаласа, істеген ісі де соған сай инабатты, әдепті, жүрегі мейірімге толы болмақ.

Балалар, біз бойымыздан жаман қасиеттерді алып тастадық. Әдептілікті, жақсы қасиеттерді неге теіеуге болады? «Ашық күнге теңеуге болады»

Әдепті болу – әр баланың міндеті. Әдептілік – адамның ең жақсы қасиеті. Әдепті бала болашақта өзінің жақсы азамат екендігін дәлелдеп, аңсаған арманына жетеді.

Краткое описание документа:

  Мақсаты: оқушыларды қарапайымдылық, адамгершілік, кішіпейілдік, әдептілік, еңбексүйгіштік, сыпайылыққа үйрете отырып жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу; адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарын ажырата отырып әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным белсенділіктерін арттыру.

  Көрнекілік: тірек сызбалар, Абай суреті, мақал-мәтелдер.

Барысы.

I.Ұйымдастыру бөлімі.

Сұраққа-жауап алу

1.Әдептілік деген не?

2.Әдепті бала қандай болады?

3.Әдепсіз бала қандай болады?

4.Әдептілікті кім үйретеді?

 

  Негізгі бөлім.Мұғалім: Адам бойында жақсы да, жаман да қасиеттер болады екен. Бізге адалдықты, қарапайымдылық пен кішіпейілдікті, инабаттылық пен шыншылдықты үлкендер үйретеді. Ол – біздің ата-аналарымыз, ұстаздарымыз.

 

Автор
Дата добавления 15.02.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Презентации
Просмотров249
Номер материала 389542
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх