Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Рабочие программы / Тәрбие сағаты:Жасыл шырша жанында

Тәрбие сағаты:Жасыл шырша жанында


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Жасыл шырша жанында


Жүргізуші:

-Тыңдаңыздар!Тыңдаңыздар!

-Той дабылын қағып тұрған мұнда біз бар.

-Естімеген естіңдер!

-Тыңдамаған тыңдаңдар!

Жаңа жыл сауық-сайран кеші басталды.

Армысыздар,құрметті ата-ана,қымбатты ұстаздар,оқушылар,қонақтар

Сіздерді Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз.Міне,мереке биыл да келіп жетті.

Сіздерді осы жаңа жыл мерекесімен құттықтай отырып,сіздерге

Жаңа жыл тек қана жаңа табыс,береке-бірлік әкелсін дейміз!

Елбасымыз айтқандай,2030-шы жылғы бастар жол

Оң болсын,азиядағы еліне жеткізсін!Тарихи жыл болсын.

Ақ көңілім айналды аппақ қарға,

Көңілдене қосыл сен ән мен жырға,

Қыс қызығы басылмай ұласады

Қуанышы көп болсын Жаңа жылға,-дей отырып

Құттықтау сөзі мектеп директоры: Кемер Дамерұлы Уразбековке

беріледі.Ду қол шапалақ.

Жүргізуші:

Құлақтан кіріп бойды алар,

Әсем,ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең, менше сүй,-деп Абай атамыз айтқандай,бәріңізде өнерлі шығарсыздар!

Ән .Шырша әні.

Кейіпкерлер келе жатады.( Қасқыр,Түлкі,Арыстан,Аю,жылқы)

Қасқыр:А-у-у,А-у-у;...

Қасқыр дыбысы естілген кезде қонақтар қорқып бір

бұрышқа үйіріліп тұрады.

жүргізуші:Ал,балалар,балалар ,бәрің бері келіңдер!

Аңдар орман ішіне кіріп тұра қалады.

Жаңа жыл кешінде,

Көтереміз көңіл біз.

Түсіреміз еске,

Ертегілер елін біз.

Орман ішіне бірінен соң бірі аңдар жайлап келе бастайды.

жүргізуші:

Қасқыр,Түлкі,Арыстан,Аю,жылқы ежелгі дос таныстар

Бүгін біздің тойға олар түгел келіпті.

Балалар,бүгін бізге қонаққа келген «Ертегілер елі» кейіпкерлерін орман,дала,тау тұрғындарын қарсы алайық!

Жиналған аңдар би билеп,көңіл көтеріп жатқанда,аңдар өздерін мақтай бастайды.




Арыстан:

Мен-мықты Арыстан,

Аңдардың патшасы.

Жауымның алысқан

Күл болған қаңқасы.


Аю:

Мен балқұмар қорбаңбаймын,

Тәтті ұрлауға қорланбаймын.

Омартаны аралаймын,

Аяқ-қолды жаралаймын,

Балға тоймай,оралмаймын.

Қасқыр:

Мен-көкжал Қасқырмын,

Малшыны састырдым.

Аш болсам,ұлимын,

Ауылды торимын,

Аңшыдан қорқамын,

Сайлармен жортамын.

Түлкі:

Мен Түлкімін,Түлкімін,

Қоймасымын күлкінің,

Ашық ауыз аңқауды

Күлкі менен арбаймын.

Мықтымсынған мақауды

Қулығымен алдаймын

Осы кезде клоун келеді.

Сайқымазақ:Өз сөзімен айтады.

жүргізуші:Ең ерте заманда аңдар жылдың басы

болуға таласыпты.Сонда Сиыр айтады:

Сиыр:Адам егін ексе,менімен егеді,

Сүтімді ішеді,құрт-май істейді

Жыл басы болу маған лайық.

Сиырдың құттықтау сөзі.

Жылқы:Мен алысты жақын қыламын,

Күшімді көреді,сүтімді ішеді.

Қылыма шейін арқан,жіп еседі,

Адамға менен пайдалы мал жоқ

Жыл ағасы мен боламын,-дейді.

Ән. Хор. Аппақ.

Сайқымазақ:Ескі жыл қайдасың?

Әне,өзіде келе жатыр.

1-жүргізуші:Қош келдіңіз,ескі жыл. Сіздің құрметіне ән айтылып,би биленуде.Жаңа жыл келгенше бізде болыңыз .Тышқан жылы келеді.

Ескі жыл:Балаларым,балғындарым,

Алғысым көп айтар менің!

Дәл осындай артығырақ

Қарсы алыңдар сиыр жылын,

Ортаға Жаңа жыл-сиыр келеді.


Ескі жыл:Өлшеусіз алда көп міндет,

Өссең де мұңсыз күнде сен,

Өмірге ие болғын деп,

Өсиет айтам енді мен!

Жасампаз заман бұл заман

Бүгінге ертең ғаламат!

Алдыңғы сапта боларсың,

Келер жыл саған аманат!

Сау болыңдар,балалар!

Тышқан жылы шығып кетеді.

Сайқымазақ: Алақай! Алақай!

Жыл келді шапқылап,

Кәнекей, қарсы алайық жақсылап,

Келді міне, Жаңа жыл аппақ болып

Ән болып, жұмбақ болып, тақпақ болып.

Сайқымазақ: Алақай, алақай, Аяз ата мен Ақша қар келеді.

Балалар: Хормен Аяз ата!!!Аяз ата!!!Аяз ата!!!

Аяз ата мен ақша қар қол ұстасып музыкамен кіреді.Шыршаны айналады,қалтаны жасырады.

Ақша қар:Жүздеріңнен көрем шаттық арайын,

Болсын солай әрбір күнің,әр айың.

Тойларыңыз құтты болсын,балалар!

Тойларыңыз тойға ұлассын,ағайын.

Аяз Ата:

Армысыңдар қарақтарым

Қарақтарым қанаттарым

Орындалсын талаптарың

Жақсы болар сабақтарың

Амансыңба ұлдарым

Амансыңба қыздарым

Қандай жарқын жүздерің

Қандай әсем жырларың

Аталарың сендерге

Шаршап келді алыстан

Керемет бір ән тыңдап

Келіп тұр-ау демалғым

Мені көп күттіңдер ме?


1-Жүргізуші:

Міне балалар Аяз ата мен де танысып алдық енді «Аяз ата»өлеңін айтайықшы.

Хор :Аяз ата.

Ақша қардың сөзі «Сиқырлы таяқша»Балалар сендер неге көңілсізсіңдер,ә шырша жанбай тұр ма?Қазір мен сиқырлы таяқша арқылы шыршаны жағуға көмектесемін.сендер үш рет санаңдар,таяқшаны үрлейді.

Ойын.Қар ұлпасы.




Аяз ата:Мен балалар терлеп кеттім,кішкене дем ала тұрайын сендер маған би билеп беріңдер.

Ортаға ақша қарларды шақырады ,билейді.

Ақша қар:Жұмбақ жасырады.

1.Тікен тікен тік пісте

Қысы жазы,бір тұсте (шырша)

2. аппақ аппақ ақ мамық

Жерде жатып тапталып(қар)

3. Қолы жоқ сурет салады

Аузы жоқ тістеп алады(аяз)

Ақша қар:

Жамандыққа баспайық

Қиындықтан қашпайық

Еркелікті тастайық

Жаңа бір іс бастайық

Күнделікке жолатпай

Екілікті жастайық.

Жұп биі 0-1 сыныптар билейді.

Аяз атаға оқушылар тақпақтарын айтады,сыйлықтарын береді.

Аяз ата:

Тамаша! Өздерің қандай өнерлісіңдер рахмет бүлдіршіндерім!

Ал балалар Жаңа жыл мерекесіне арналған той-думанды жалғастыра беріңдер.Мен басқа балаларға барып жаңа-жылдарымен құттықтаймын.

жүргізуші:

Би. Оқушы билейді.

Құттықтау сөзі Ата-аналар комитетінің мүшесіне беріледі.

жүргізуші:

Жаңа-жыл кешімізді бимен аяқтайық.Ортаға ата-аналарды,мұғалімдерді,

оқушыларды шақырамыз.

Музыка қойылады.

«Жарсуат негізгі мектебі»ММ



Тәрбие сағаты:


Жасыл шырша жанында






























Краткое описание документа:

Жасыл шырша жанында

 

Жүргізуші:

-Тыңдаңыздар!Тыңдаңыздар!

-Той дабылын қағып тұрған мұнда біз бар.

-Естімеген естіңдер!

-Тыңдамаған тыңдаңдар!

Жаңа жыл сауық-сайран кеші басталды.

Армысыздар,құрметті ата-ана,қымбатты ұстаздар,оқушылар,қонақтар

Сіздерді Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз.Міне,мереке биыл да келіп жетті.

Сіздерді осы жаңа жыл мерекесімен құттықтай отырып,сіздерге

Жаңа жыл тек қана жаңа табыс,береке-бірлік әкелсін дейміз!

Елбасымыз айтқандай,2030-шы жылғы бастар жол

Оң болсын,азиядағы еліне жеткізсін!Тарихи жыл болсын.

Ақ көңілім айналды аппақ қарға,

Көңілдене қосыл сен ән мен жырға,

Қыс қызығы басылмай ұласады

Қуанышы көп болсын Жаңа жылға,-дей отырып

Құттықтау сөзі мектеп директоры: Кемер Дамерұлы Уразбековке

 

беріледі.Ду қол шапалақ.

Автор
Дата добавления 24.03.2015
Раздел Другое
Подраздел Рабочие программы
Просмотров3216
Номер материала 455841
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх