1140699
столько раз учителя, ученики и родители
посетили сайт «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
+Добавить материал
и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
Дистанционные курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации для педагогов

Дистанционные курсы для педагогов - курсы профессиональной переподготовки от 1.410 руб.;
- курсы повышения квалификации от 430 руб.
Московские документы для аттестации

ВЫБРАТЬ КУРС СО СКИДКОЙ ДО 90%

ВНИМАНИЕ: Скидка действует ТОЛЬКО до конца апреля!

(Лицензия на осуществление образовательной деятельности №038767 выдана ООО "Столичный учебный центр", г.Москва)

ИнфоурокДругоеДругие методич. материалыТәрбие сабағы: «Ана тілім – ардағым»

Тәрбие сабағы: «Ана тілім – ардағым»

библиотека
материалов
Скачать материал целиком можно бесплатно по ссылке внизу страницы.

Тәрбие сабағы: «Ана тілім – ардағым»

Мақсаты:

1.Оқушыларды өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету.

2. Тіл әуезділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер арқылы оқушы дүниетанымын, ой өрісін дамыту.

3. Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, шешендік өнерді оқушы бойына сіңіре отыра, ана тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге атсалысуға шақыру.

Көрнекілігі: Нақыл сөздер,интербелсенді тақта.

Түрі: дәстүрлі емес.
Ұйымдастыру бөлімі: Оқушыларды орналастыру, зейіндерін шоғырландыру.

КІРІСПЕ БӨЛІМІ
АЯЛА: Бүгінгі «Ана тілім-ардағым» атты тәрбие сағатымыз 22-қыркүйек күнгі Қазақстан халықтарының тілдері мерекесіне қосылатын кішкене ғана үлесіміз болар деген мақсатпен, ана тілімізге деген сезімімізді білдіретінімізге қуаныштымыз. Олай болса,

Балалар, құтты болсын тілің бүгін,
Ашатын жан сарайын білімдінің.

Кешегі анаң айтқан, бабаң айтқан,

Тіліне зер салыңдар бұрынғының, - дей келе тәрбие сағатымызды бастайық!

1-ЖҮРГІЗУШІ: Ана тілі мен әдебиеті әрбір ұлттың мақтанышы, асыл мұрасы. Қазақ халқы – сөзге шешен, ойы ұшқыр, мақалдап сөйлейтін халық. Кез – келген дауды атақты билеріміз бір ауыз сөзбен шеше білген. Осыншама жылдар бойы жеңілмей келе жатқан тіл. Тіл – ұттың жаны, тіл – ұлттың асыл қазынасы. Бұл қазынаны жоғалтуға болмайды.

Қонып тұр ордаң міне, жаңа жұртқа ,
Салып тұр ұлың «Қазақ» көзін сыртқа.
Жау болсаң, жақындама, аулақ жүр деп,
Ел болсаң есігім бос, ен деп ұлтқа.
Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар.

АЯЛА: Біздің Отанымыз байтақ та бай ел.Елімізде көптеген ұлт өкілдері тұрады.Әр халықтың өз ана тілі бар.Ана тілі адам баласының бойына ана сүтімен кіріп,бойға тарайды.Тәлім-тәрбие тілден басталады. Олай болса,тіл-бөбектің үні,тіл-ананың әлдиі,тіл-бесік жыры.Ана тілін жырламаған ақын жоқ болар.

1-ЖҮРГІЗУШІ: «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде Ана тілі – бәріміздің анамыз, өйткені ол – ұлтымыздың анасы.» деп Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев айтқан екен.Аяла,сен мемлекеттік тіл-қазақ тілі қашан қабылданғанын, Қазақстан Республикасы Тілдер мерекесі қашан екенін білесің бе?

АЯЛА: Әрине. Балалар, ал сендер білесіңдер ме?

/ 1997 жылы 11 шілдеде Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» заңы қабылданды, Тілдер мерекесі 22-қыркүйек/

1-ЖҮРГІЗУШІ: Балалар, сендер қай тілде оқисыңдар? Қазақ тілінен басқа тағы қандай тілді оқып жатырсыңдар? Қазіргі заман талабына сай сендер үштұғырлы тілді меңгерулерің керек.Сол үшін қазақ,ағылшын және орыс тілін жетік білу керек.Ал білу үшін оқу керек. . «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!» дегендей, өз тілімізді құрметтеп өсу біздің парызымыз.
Ендеше,сол тілдерге байланысты шағын ойын ойнайық. Мен бір сөзді айтам, ал сендер сол сөзді орысша,ағылшынша айтасыңдар.

Ана-мать-

Мектеп-школа-

Дәптер-тетрадь-

Мұғалім-учитель-

Отбасы-семья-

АЯЛА : Ендеше балалар дайындаған Тіл туралы өлендерін, ұлағатты сөздер және мақал-мәтелдерін тыңдап көрейік.

/Оқушылар өлеңдерін оқиды/

1-жүргізуші: Сөз өнерін қай халық болмасын жоғары бағалаған.Ақындық табиғаттың туа бітті сыйы болса,шешендік жүре бітті қасиеті екені де ертеден ұғынықты болған.Көптеген зерттеушілер қазақ халқының шешендік өнерін жоғары бағалаған.Жер дауы, жесір дауы тәрізді шешімі қиын тұста айыр көмей,жез таңдай,шешендер билік айтып,бітім тапқан.Сондықтан да қазақ өмірінде шешендіктің әлеуметтік салмағы ауыр болды.

АЯЛА: Қазақ елінің шешендері деп кімдерді айтуға болады? /Жиренше,Бөлтірік,Қарашаш/

АЯЛА: Төле бидің ұрпақтарына айтқан өсиеті.

Жаңбыр жаумаса-жер жетім

Басшысы болмаса –ел жетім.

Ұқпаса айтқан –сөз жетім.

Өгізді өрге салма,қанатың талар,

Наданға қөзінді салма,сағын сынар.

Досына өтірік айтпа,сенімің кетер.

Дұшпанға сырынды ашпа,түбіне жетер.

Жақыным деп жаманның малы үшін

Жақсының жағасынан алма,өрісің тарылар.

АЯЛА:Келесі кезекте балалардың орындауында шағын көрініс. Көрініс күнделікті өмірден,оқылған әдебиет беттерінен алынған.Кейіпкерлеріміз: әкесі-Ерасыл, баласы-Сейіл.

1-ЖҮРГІЗУШІ: Қай халықтың тарихына үнілсеңіз де өнер алды саналатын қызыл тілге,шешендік өнерге байланысты небір керемет асыл сөздер табасын

Келесі кезекті бізде, бойымыздағы осы асыл қасиетті ортаға салайық

Тілдің негізгі қызметтері:

Кісі білімді тіл арқылы алады,мәдениетті,өнерді,ғылымды,техниканы тіл арқылы үйренеді.Сондықтан тіл байлықтарын түгел меңгердім,мен білмейтін еш нәрсе жоқ деп ешкім айталмайды.Олай болса «Мақал жауап» атты ойын ойнайық.Мен сендерге әр түрлі сұрақ қоямын,сендер мақалмен жауап бересіндер:

  1. Өнер алды не?

  2. Ұрлық түбі не?

  3. Адамдықтың белгісі не?

  4. Әдепті бала қандай бала?

  5. Аңдамай сөйлеген қалай өледі?

  6. Айтылған сөз немен тең?

  7. Сөз неден өтеді?Сөзі ненің оғындай?

  8. Тіл нені жарады?

  9. Талаптыға не жауар?

  10. Не білім бұлағы?

  11. Еңбек түбі не?

  12. Тіл неден өткір?

  13. Таудай талап бергенше не бер?

  14. Дос жылатып айтар ал дұшпан ше?

ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМІ

1-ЖҮРГІЗУШІ: Тіл-қасиетті, құдіретті, киелі. Бұл қасиеттер бойға ананың ақ сүтімен дариды. Тіл өшпейді, қандай қиындықта да тіл өз ұрпағының қанына, жанына өз ұрығын егіп, өміршең күй кеше береді.

АЯЛА:

Туған тілім – тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сыр ойдағы.

Өссе тілім мен де бірге өсемін,

Өшсе тілім мен де бірге өшемін.

Екеуі бірге қосыла: Кіршіксіз қардай сақтаңдар,

Қазақтың тілін ғаламат.

Ана тіл – арым, иманым,

Аманат, саған, аманат.

АЯЛА :Адам тәлім-тәрбиесіз,өнер-білімсіз,іс-әрекетсіз өмір сүрмек емес.Сондықтан еліміздің ертеңі,азаматы болар ұрпақ ойларын білейік.

Проблемалық сұрақ қою: /оқушылар ойын тыңдау/

1.Қазір елімізде тіл мәселесі қандай жағдайда?

2.Ана сүтімен дарыған тілді ұрпақтан ұрпаққа қалай жеткізуге болады?

1-ЖҮРГІЗУШІ:Әр адамзаттың қасиеті мен мәдениеті өз халқын,өзінің атамекенін қалай білуімен өлшенбек.Ананың ақ сүтімен жарыған адам қашанда отаншыл,ұлтжанды болмақ.Әркімнің өз тіліне деген құрметті өз анасына,өз ұлтына,өз Отанына деген құрмет деп білу керек.









Краткое описание документа:

Бекходжаева  Алия  Нурахуновна   Еңбекшіқазақ ауданы Шелек аулы Т.Кенжебаев атындағы орта мектеп  мектепке дейінгі шағын орталығымен коммуналдық мемлекеттік  мекемесінің   бастауыш  сынып  және информатика мұғалімі

Тәрбие сабағы: «Ана тілім – ардағым»

  Мақсаты:

1.Оқушыларды өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету.

2. Тіл әуезділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер арқылы оқушы дүниетанымын, ой өрісін дамыту.

 3. Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, шешендік өнерді оқушы бойына сіңіре отыра, ана тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге атсалысуға шақыру.

Көрнекілігі: Нақыл сөздер,интербелсенді тақта.

Түрі: дәстүрлі емес.
Ұйымдастыру бөлімі: Оқушыларды орналастыру, зейіндерін шоғырландыру.

                                                                 КІРІСПЕ БӨЛІМІ
АЯЛА: Бүгінгі «Ана тілім-ардағым» атты тәрбие сағатымыз  22-қыркүйек күнгі Қазақстан халықтарының тілдері мерекесіне қосылатын кішкене ғана үлесіміз болар деген мақсатпен, ана тілімізге деген сезімімізді білдіретінімізге қуаныштымыз. Олай болса,

Балалар, құтты болсын тілің бүгін,
Ашатын жан сарайын білімдінің.

Кешегі анаң айтқан, бабаң айтқан,

 Тіліне зер салыңдар бұрынғының, - дей келе тәрбие сағатымызды бастайық!

1-ЖҮРГІЗУШІ: Ана тілі мен әдебиеті әрбір ұлттың мақтанышы, асыл мұрасы. Қазақ халқы – сөзге шешен, ойы ұшқыр, мақалдап сөйлейтін халық. Кез – келген дауды атақты билеріміз бір ауыз сөзбен шеше білген. Осыншама жылдар бойы жеңілмей келе жатқан тіл. Тіл – ұттың жаны, тіл – ұлттың асыл қазынасы. Бұл қазынаны жоғалтуға болмайды.

 

Қонып тұр ордаң міне, жаңа жұртқа ,
Салып тұр ұлың «Қазақ» көзін сыртқа.
Жау болсаң, жақындама, аулақ жүр деп,
Ел болсаң есігім бос, ен деп ұлтқа.
Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар.

Общая информация

Номер материала: 364162

Вам будут интересны эти курсы:

Курс профессиональной переподготовки «Организация и предоставление туристских услуг»
Курс профессиональной переподготовки «Клиническая психология: организация реабилитационной работы в социальной сфере»
Курс повышения квалификации «Организация практики студентов в соответствии с требованиями ФГОС технических направлений подготовки»
Курс повышения квалификации «Организация практики студентов в соответствии с требованиями ФГОС медицинских направлений подготовки»
Курс повышения квалификации «Финансы: управление структурой капитала»
Курс профессиональной переподготовки «Организация маркетинга в туризме»
Курс повышения квалификации «Методы и инструменты современного моделирования»
Курс профессиональной переподготовки «Управление сервисами информационных технологий»
Курс профессиональной переподготовки «Разработка эффективной стратегии развития современного вуза»
Курс профессиональной переподготовки «Корпоративная культура как фактор эффективности современной организации»
Курс профессиональной переподготовки «Риск-менеджмент организации: организация эффективной работы системы управления рисками»
Курс профессиональной переподготовки «Уголовно-правовые дисциплины: теория и методика преподавания в образовательной организации»
Курс профессиональной переподготовки «Методика организации, руководства и координации музейной деятельности»
Курс профессиональной переподготовки «Организация деятельности по водоотведению и очистке сточных вод»
Курс профессиональной переподготовки «Технический контроль и техническая подготовка сварочного процесса»
Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.