Инфоурок / Классному руководителю / Конспекты / Тәрбиеге байланысты менің көзқарасым
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Я люблю природу», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 15 ДЕКАБРЯ!

Конкурс "Я люблю природу"

Тәрбиеге байланысты менің көзқарасым




Московские документы для аттестации!

124 курса профессиональной переподготовки от 4 795 руб.
274 курса повышения квалификации от 1 225 руб.

Для выбора курса воспользуйтесь поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВА).

ДИПЛОМ от Столичного учебного центра: KURSY.ORG


библиотека
материалов

Тәрбиеге байланысты менің көзқарасым


Өмір ағымы талап етіп отырған жаңа қоғамға лайықты саналы, білімді, үйлесімді жетілген жеке тұлғаны дайындау бүгінгі мектеп алдында тұрған негізгі міндет. Осыған байланысты, мектептің бастауыш оқыту сатысындағы оқу-тәрбие жұмыстарын жан-жақты толықтырып, халықтық тәлім-тәрбиенің озық үлгілерімен сабақтастырып қайта қарап шығу, бойында еліне, жеріне деген сүйіспеншілік сезімі дамыған азамат тәрбиелеу бүгінгі күн талабының өзекті мәселелерінің бірі болып отыр.

Мен өзімнің педагогикалық еңбегімнің әр күнін, әр сағатын сапалы білім беруге, саналы тәрбиеге баулуға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз Жолдауында «Оқушыларды қазақстандық патриотизмге, шығармашылық жағынан дамыған жеке тұлға тәрбиелеу қажет. Бүгіннен бастап ұлттық мінез-құлық, биік талғампаздық, тәкаппарлық, тектілік, білімділік, биік талғам, ұлттық намыс қасиеттерін сіңіріп қалыптастыруымыз керек,» - деген пікірін басшылыққа алып, өзімнен үлкен жауапкершілік, оқушыларымнан зор ықылас пен белсенділікті талап етемін.

Мектепке келген баланың отбасында бойына сіңірген мейірімділік, сүйіспеншілік, бауырмалдық секілді қасиеттерін одан әрі шыңдап, соның негізінде патриоттық сезімді оята білу үшін әрбір мұғалім жүйе бойынша белгіленген нақты іс-шараларды аса шеберлікпен үйлестіріп жүргізуі тиіс.

Төрт жылдық нәтижелер әрбір пәннің, әрбір тоқсанға жасалынған көрсеткіштерін талдап, салыстырып, кемшілігі мен жетістігін ескеріп отыру – педагогикалық еңбегімде қалыптасқан дәстүрдің бірі.

Алаш алыптарының бірі Міржақып Дулатов: «Жалғыз құрғақ білім үйрету емес, біліммен бірге жақсы тәрбиені қоса беру» деген негізгі бағытын ұстана отырып, қазақ халқы баланы бесіктен тәрбиелеген, ендеше бастауышта тиянақты, түпкілікті білім берумен қатар адамгершілігі мол тәрбиелі азамат қалыптастыруда тәрбие жұмыстарының, тәрбие сағаттарының мәні зор.

Соған байланысты әрбір тәрбие сағаттарының тақырыбы үлкен өмірдің өзекті бір мәселелерін қозғауға негіз болады. Мен елімнің патриотымын бағытында тәрбие беруге байланысты «Астана – ел ордамның жүрегі» тақырыбында ашық тәрбие сағаты, Желтоқсан желі ызғарлы, «Табиғат аясына саяхат», Берекелі алтын күз сыныптан тыс шарасы өткізілсе, «Наурыз-думан», «Ана-өмірдің гүлі», мектеп психологы Қ. Шаңбаевамен бірге ата – аналармен «Бала – біздің болашағымыз» тренинг сабағын өткіздім.

Қоршаған өмірдегі тамаша құндылықтарды, әдемілік пен сұлулықты қабылдау қабілетін қалыптастыруда «Әлем баланың көзімен» сурет көрмесін, Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде тәрбиеленушілердің еңбек дағдыларын қалыптастыруда «менің еңбегім» «мен жасадым» күндерінде сенбілік ұйымдастыру өте тиімді.

Ата – анамен қарым- қатынас, баланың екі жақты көзқараспен өзіне – өзі сенімді болуына, өзімен санаса білетін, үлкендердің ықпалына деген дүниетанымдық көзқарас қалыптастыруы зор мәртебе. Әр ата – анамен ой бөлісу, сұхбаттасу, жиі кездесулер өткізу, баланың ішкі жан дүниесі туралы мағлұмат алуға мүмкіндік туғызады.

Әр бала өз алдына – жеке тұлға. Әр тұлғаның өзіндік ерекшелігі бар. Оны көре, тани, сақтай, сыйлай білгенде ғана, ол өзіне деген қарым – қатынастан өзгеге деген ойларын қалыптастырады.

Бала тәрбиесі мен дамуындағы басты рөл атқаратын – ата – ана. Мектептегі тәрбие жұмысының нәтижелігі ата – анамен мектептің бірлескен әрекетінде. Сондықтан ата - аналар жиналысында, атап айтқанда «Отбасы және тәрбие бастауы», «Баланың бас ұстазы ата-ана», тағы сол сияқты тақырып бойынша өткізілген жиналыстардың тигізетін әсері зор.

Ата – аналарды оқу – тәрбие үрдісіне ашық сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстар арқылы, балалар мен ата – аналардың шығармашылық күні, ата – аналардың мектеп кеңесі жұмысына қатысуын ұйымдастыру арқылы тартамын. Тәрбиенің жекелеген мәселелері бойынша ата – аналарға арналған сыныптық конференциялар ұйымдастырып отырамын. Ата – аналарды жалпы мектептік, сыныптық іс – шараларды ұйымдастыруға, сабақтан тыс барлық әрекеттерге (жорық, серуен, сенбілік) қатыстыруға тырысамын.

Бала өмірге келгенде, оның жаны сүттей ақ, судан таза, сондықтан тәрбиеші өзіне керек адамды жасап алады. В. Г. Белинский «баланың жаны таза тақтай емес, тақта да сапалы, жазу да әдемі болу керек» - деген. Белинский тәрбиенің рөлін жоғары бағалап, адам дамуындағы тұқым қуалаушылық пен ортаның әсерін де ескеруді жөн санады. Осыдан келіп тәрбие арқылы адамды түрлі дәрменсіздіктен құтқаруға болады. Және тәрбие арқылы адам баласының тұрмысын жақсартуға, санасын өзгертуге болады деген жорамал ойға келеді.

Сынып жетекшісі тәрбие арқылы баланың түрлі іс-әрекеттерін тиімді етіп, оның жақсы дамуына қажетті материалдарды іріктеп алады, айналадағы табиғи және әлеуметтік ортаға көзқарасын дамытады. Тәрбие жұмыстарының сара жолдарын табу нәтижесінде баланың ой-өрісі кеңейеді, эстетикалық сезімі мен талғамы артып, адамгершілік сапасы қалыптасады.

«Ел болам десең, бесігіңді түзе»- ұлы жазушымыз М. Әуезов. Біздің халқымыздың тәрбие тәсілдері мен тәжірибелері көп. Халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүр, әдет-ғұрып үлгілері мен өнегелері соның айғағы. Елін сүйген адам сол елдің салт-санасын, мәдени мұрасын қастерлеп, өнеге тұтуы тиіс.

Қандай мемлекеттің де ертеңі еңселі, бала-шағаның баянды болуы жастардың тағдыр-тәлейінің қалай қалыптасқанына байланысты. Сондықтан мектептер мен өзге де оқу орындарының басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды игеруге қабілетті, ғылым мен тәжірибе жүзінде терең білім ала отырып, жеке тұлға болып қалыптасуға дайын ұрпақ тәрбиелеу.

Оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеу ісін жетілдіру үшін олардың жас және дербес ерекшеліктерін еске алып, оқу-тәрбие жұмысының барысында сана-сезімін ояту, өз бетінше жұмыс істей білуге үйрету - мұғалімнің басты міндеті. Сынып жетекшісі оқушының білімге, өнерге қызығушылық ынтасын, спорт ойындарына құштарлығын анықтайды, өзін-өзі тәрбиелеуге жүргізілетін жұмыстардың тақырыптарын ақыл-ой, құлық, еңбек, эстетикалық тәрбиесімен ұштастырып алады. Баланың өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігін қоғамдық жұмыстарға байланысты тапсырмалар беріп, орындау арқылы дамытуға болады. Мысалы: сынып басшысы, тазалық секторы болу, т.б. Осындай тапсырмаларды сапалы дер кезінде орындап отыруға балаларды үнемі жаттықтыру мен дағдыландыру сынып жетекшісінің төл ісі. Оқушылардың жас ерекшеліктері мен жеке қабілеттерін ескере отырып, барлығын тапсырмалармен, яғни, түрлі қоғамдық іс-әрекеттермен қамтамасыз ету керек. Егер тапсырма балаға бұйрық есебінде немесе көтеріңкі дауыспен берілсе, онда ол іштей наразылық білдіріп, тапсырманы орындамай аяқсыз қалдыруы мүмкін. Сондықтан сынып жетекшісі әр уақытта өзінің ілтипатты және ұстамды болуын естен шығармай, тапсырманы тыңғылықты орындау үшін балаға рухани күш беріп, сенім білдіреді. Кейбір баланың еріктік қасиеттері тұрақсыз болады. Ол бірінші қиыншылықты сезісімен-ақ қоғамдық тапсырманы орындаудан бас тартады. Мұндай балаға көмек бере отырып, оның намысына тимей, тапсырманы орындауын табандылықпен талап ете білу керек. Сонда ғана баланың ісінде жаңа қарқын туып, ол алдына қойған мақсатын орындаудың қажет екенін сезінеді. Адамның еңбекте және адамдармен қарым-қатынаста көрсеткен белсенділігіне қарап оның қоғам және ұжымға жарамдылығын жете анықтау сынып жетекшісінің басты міндеті.

Қорыта келгенде, баланы оқыту мен тәрбиелеуде қандай да болмасын әдіс – тәсіл, көрнекі құрал, қарым – қатынас, көзқарас тиімді. Мұғалімнің шеберлігі сонда сол тәсілді қашан, қалай, қайда, кімге қолданғанда, ол өзінің жемісін беретінін таңдай білуінде. Себебі, адам тәрбиеге ақтық демі біткенше мұқтаж болады, қажет етеді. Ұлағаттылық бір-ақ күнде емес күнделікті көруден, көре жүріп үйренуден қалыптасатын тәрбие негізі. Сондықтан да еліміздің ертеңі – бүгінгі жас ұрпаққа саналы тәрбие беруде, өмірде баланың жеке тұлға болып қалыптасуына ерекше мән беру.

Ұрпақты ата-салтымызмен ұлтжанды етіп тәрбиелеу ұстаздар қауымына үлкен талап қоюда.. Себебі бала мектеп табалдырығынан көрсем-білсем деген алып-ұшпа құмарлық сезіммен келеді. Сондықтан осы сәтті ұтымды пайдаланып, мен жай адамды ғана емес, болашақты құрушыларды, адамзаттың сәулетті болашағын құраушыларды тәрбиелеп жатқанымды мақтан тұтамын. Армандары асқақ, келешекке батыл қадам басатын болашақ шәкірттерім ішінде мені де ұстаз тұтып, маған еліктеп сап түзейтіндері болса, менің де мақсатымның орындалғаны, шырағымның жанғаны дер едім.



Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 20 декабря. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Краткое описание документа:

         Тәрбиеге байланысты менің көзқарасым

 

 

 

    Өмір ағымы талап етіп отырған жаңа қоғамға лайықты саналы, білімді, үйлесімді жетілген жеке тұлғаны дайындау бүгінгі мектеп алдында тұрған негізгі міндет. Осыған байланысты, мектептің бастауыш оқыту сатысындағы оқу-тәрбие жұмыстарын жан-жақты толықтырып, халықтық тәлім-тәрбиенің озық үлгілерімен сабақтастырып қайта қарап шығу, бойында еліне, жеріне деген сүйіспеншілік сезімі дамыған азамат тәрбиелеу бүгінгі күн талабының өзекті мәселелерінің бірі болып отыр.  

 

Мен  өзімнің  педагогикалық  еңбегімнің  әр  күнін, әр  сағатын  сапалы  білім  беруге, саналы  тәрбиеге  баулуға  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз Жолдауында «Оқушыларды қазақстандық патриотизмге, шығармашылық жағынан дамыған жеке тұлға тәрбиелеу қажет. Бүгіннен бастап ұлттық мінез-құлық, биік талғампаздық, тәкаппарлық, тектілік, білімділік, биік талғам, ұлттық намыс қасиеттерін сіңіріп қалыптастыруымыз керек,» - деген  пікірін  басшылыққа  алып, өзімнен  үлкен  жауапкершілік, оқушыларымнан  зор  ықылас  пен  белсенділікті  талап  етемін. 

 

Мектепке келген баланың отбасында бойына сіңірген мейірімділік, сүйіспеншілік, бауырмалдық секілді қасиеттерін одан әрі шыңдап, соның негізінде патриоттық сезімді оята білу үшін әрбір мұғалім жүйе бойынша белгіленген нақты іс-шараларды аса шеберлікпен үйлестіріп жүргізуі тиіс.

 

Төрт  жылдық  нәтижелер  әрбір  пәннің, әрбір  тоқсанға  жасалынған  көрсеткіштерін  талдап, салыстырып, кемшілігі  мен  жетістігін  ескеріп  отыру – педагогикалық  еңбегімде  қалыптасқан  дәстүрдің  бірі.

 

Алаш алыптарының бірі Міржақып Дулатов: «Жалғыз құрғақ білім үйрету емес, біліммен бірге жақсы тәрбиені қоса беру» деген негізгі бағытын ұстана отырып, қазақ  халқы  баланы  бесіктен  тәрбиелеген, ендеше  бастауышта  тиянақты, түпкілікті  білім  берумен  қатар  адамгершілігі  мол  тәрбиелі  азамат  қалыптастыруда  тәрбие  жұмыстарының, тәрбие  сағаттарының  мәні  зор.

 

Соған  байланысты  әрбір  тәрбие  сағаттарының  тақырыбы  үлкен  өмірдің  өзекті  бір  мәселелерін  қозғауға  негіз  болады. Мен елімнің патриотымын бағытында тәрбие беруге  байланысты  «Астана – ел ордамның жүрегі» тақырыбында ашық тәрбие  сағаты, Желтоқсан желі ызғарлы, «Табиғат аясына саяхат», Берекелі алтын күз  сыныптан тыс шарасы өткізілсе,  «Наурыз-думан», «Ана-өмірдің гүлі», мектеп психологы  Қ. Шаңбаевамен  бірге  ата – аналармен  «Бала – біздің  болашағымыз» тренинг  сабағын  өткіздім.

 

Общая информация

Номер материала: 338564
Курсы профессиональной переподготовки
133 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 20 декабря
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>