348984
столько раз учителя, ученики и родители
посетили сайт «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
+Добавить материал
и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
Дистанционные курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации для педагогов

Дистанционные курсы для педагогов - курсы профессиональной переподготовки от 6.900 руб.;
- курсы повышения квалификации от 1.500 руб.
Престижные документы для аттестации

ВЫБРАТЬ КУРС СО СКИДКОЙ 50%

ВНИМАНИЕ: Скидка действует ТОЛЬКО сейчас!

(Лицензия на осуществление образовательной деятельности № 5201 выдана ООО "Инфоурок")

ИнфоурокНачальные классыКонспектыТәрбиелік шара 2сынып Құқықтық бағыт бойынша

Тәрбиелік шара 2сынып Құқықтық бағыт бойынша

библиотека
материалов
Скачать материал целиком можно бесплатно по ссылке внизу страницы.

Мұғалімі: Б.Молдағалиева

Сыныбы: 2 «а»

Тақырыбы:Өз құқығыңды білесің бе?

Мақсаты: Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру.Өз құқықтарын білуді үйрету.Ата Заңымыздың түрлі баптарымен таныстыру. Құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстыру және аулақ болуға , Қоғамның заңдарымен нормаларын орындауға, құқықтарын біліп оны құрметтеуге тәрбиелеу.

Міндеттері:

 -оқушылардың бойында жағымды қасиеттерді жетілдіру.                               

 -құқықтық нормалар және заңның талаптарына сәйкес өзінің құқықтық білімін күнделікті өмірдің нақты жағдайларына пайдалана білуіне дағдыландыру.

Әдісі: ойталқы, топтармен жұмыс , пікірталас.

Көрнекілігі: нақыл сөздер, сызба,бүктеме,интерактивті тақта;

Жоспары:

Кіріспе сөз:

II. «Баптар» сөйлейді

III.Көрініс және ойталқы

 (Қойылымдар көру арқылы ойталқы.)  

IV.«Сұрақ-бізден,жауап сізден» бөлімінде... Сұрақ - жауап.

V. «Суреттер сөйлейді» «Не істеуге болмайды?»
Барысы:

1.Ұйымдастыру

Кіріспе сөз:

Құрметті қонақтар,оқушылар!

Бүгін 2 а сынып оқушыларының ұйымдастыруымен «Өз құқығыңды білесің бе?» тақырыбында тәрбиелік шараны «ойталқы-пікір айту» түрінде өткізгелі отырмыз.

Бүгінгі шараға құқық пәнінің мұғалімі Р.Бекболатқызын шақырып отырмыз.

Мұғалім сөзі:

Жеке тұлғаны жан-жақты дамытатын тәрбие саласының бірі-құқықтық тәрбие. Қазіргі уақытта құқықтық тәрбие беру өте қажет. Ол оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, ойлау қабілеттерін дамытады, өз пікірін айтуға, тұжырым жасауға үйретіп, патриоттық тәрбие береді.
Әрбір адам өзінің құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын заңдарды білуі қажет. Ол – конституция деп аталады. Әр елдің, мемлекеттің өз азаматтарына арналған Заңы – Конституциясы бар. ҚР Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық дауыс беру арқылы қабылданды. Қазақстан Республикасының Конституциясы 9 бөлім, 98 баптан тұрадыКонституция – барлық заң салаларының негізі, ал оның нормалары – басқа заңдар үшін басты қағида болып есептеледі. Конституция дегеніміз – қоғамдық және мемлекеттік құрылыс негіздерін, мемлекеттік органдар жүйесін, олардың түзілу реттілігі мен қызметін, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын мемлекеттік заң.
Бұл Заңда біздің құқықтарымыз ғана емес, міндеттеріміз де қатар жазылған .Адам басқалардың құқықтарын бұзбауы, олардың өміріне, денсаулығына, ар-намысына қол сұқпауы керек.

Егеменді Қазақстан Республикасы Ата Заңына сәйкес азаматтарының құқығы мен талап тілегін, мұқтаждарын қорғап, оларды қамқорлығына алады.Әрбір азамат өз мемлекетінің Заңына жауапкершілікпен қарап, оны орындауын өз міндеті деп есептеуі керек

Қазақстан Республикасының Конституциясын қабылдай отырып, Қазақстан халқы мемлекеттік биіліктің қайнар көзі - өзінің егемендік құқығын баянды етті. Ата заң қабылданған күн демалыс, мемлекеттік мереке, ҚР Конституциясының күні деп жарияланды. -30 тамыз Ата Заңымыз қабылданған күн. Заң болмаса, адам құқығы қорғалмайды, дүниеге келген бірінші күннен бастап сендер мемлекеттің қамқорлығындасыңдар.

Сондықтан,Адам  дүниеге шыр етіп  келген күннен  оның өмірін,денсаулығын,

тыныштығын мемлекетіміздің Ата Заңы- Конституция қорғайды.

Адамдардың не нәрсеге құқығы бар, не нәрсеге құқығы жоқ?

II. «Баптар» сөйлейді

1-оқушы

Біздің елімізде адам құқықтары Ата Заңымыз Қ. Р - ның конституциясында көрініс тапқан. Ол 9 бөлім 98 баптан тұрады. Оның екінші бөлім 30 бабы құқыққа арналған. Соның ішінде Қ. Р - дағы баланың құқықтары туралы айтылған.

2-оқушы

Ал енді өзіміз, құқық туралы не білетінімізді ортаға салайық.
Ең бірінші барлық адамдар бір-бірімен достық қарым – қатынаста болуы керек.

3-оқушы

Басқа адамға жәбір көрсетуге, кемсітуге және ренжітуге ешкімнің құқығы жоқ.

4-оқушы

Біреудің атына кір келтіруге, жеке басының тіршілігіне араласуға ешкімнің құқығы жоқ.

5-оқушы

 Әрбір адам  өз пікірінде болуына және  ойындағысын еркін айтуға құқықты.

6-оқушы

Сенің мектепке баруға, ақысыз оқуға және мамандық алуға құқығың бар.

7-оқушы

Мектеп бала қабілетін жан-жақты дамытып көмектесуге тиіс. Олардың құқығы мен бостандығын сыйлауға,өзара түсіністікке, бейбітшілікке баулуға тиіс.

8 - оқушы.

Мемлекет баланың жеке басына ешкімнің тиіспеуін қамтамасыз етеді, оның тәнін, жанын жәбірлеуге, дөрекіліктен қорлаудан, оның құқықтары мен бостандықтарына қысым жасаудың өзге де түрлерінен қорғауды жүзеге асырады.

9 - оқушы.

10- бап. Баланың өмір сүруіне, жеке басының бостандығына, қадір - қасиетіне және жеке өміріне қол сұғылмауына құқылы.

10 - оқушы.

9 - бап: Баланың даралық ерекшеліктерін және оны сақтауға құқығы бала туған сәтінен бастап ат - жөні, ұлты, азаматтығы болуға құқылы, ал ҚР - ның заң актілерінде көзделген жағдайды сақтауға құқылы. Қай ұлтқа жататындығына, тіліне, денсаулығына, ата - анасына қатысты мән - жайларға қарамастан бала тең құқылы.

11 - оқушы:

11 - бап. Әр бала сөз бостандығына және өз пікірін айтуға, ар - ождан бостандығына, коммерциялық емес ұйымдарға және ҚР - ның заңдарымен рұқсат етілген бейбіт жиналыстарға қатысуға құқығы бар.

13-оқушы

15 бап. 1. Әркімнің өмір сүруге құқығы бар.

14-оқушы

16 бап. 1. Әркімнің өзінің жеке басының бостандығына құқығы бар.

15-оқушы

19 бап: Әркімнің ана тілі мен төл мәдениетін пайдалануға, қарым - қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркін таңдап алуға құқығы бар.

16- оқушы.

19 бап: Әрбір адам өз пікірі болуына, ойындағысын еркін айтуына құқығы бар.

17-оқушы

29 бап. 1. ҚР азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар.
Азаматтар заңмен белгіленген кепілді медициналық көмек көлемін тегін алуға құқылы.

18-оқушы

30 бап: Азаматтардың тегін орта білім алуына кепілдік беріледі. Орта білім алу міндетті. Республика азаматтарының конкурстық негізде тегін жоғары білім алу міндетті.

III.Көрініс және ойталқы

 (Қойылымдар көру арқылы ойталқы.)  

1-көрініс.

( Екі оқушы аулада ойыншықпен ойнаған сәбиді жолықтырады. )     

Ойыншығың әдемі екен кім алып берді?       

Ата-анам               

Ата-анаң тағы не үйретті?

Үлкендерді сыйлауды

Біз үлкенбіз бе?

Онда аяқ-қолыңды көтеріп тұр.  

(Қолын қайырып байлап,ұрып-соғады)   

Сәби аяқ-қолын көтеріп тұрады. Оқушылар мазақ етіп кетіп қалады.    

Сұрақ:

 -Қандай жағымсыз әдет көрдіңдер?  Бұл заң бұзушылыққа жата ма?       -

Учаскелік полиция пікірі:

Түйінді ой: Балаларды ата-анасы дұрыс тәрбиелепті. Бірақ  Ата-Заңымыздағы 17 және 27-бапты үйретпепті. Ата Заңымыздың 27-бабында «балаларды тәрбиелеу ата-ананың басты міндеті» делінген. Ата-заңымыздың 17-бабында  «ешкімді азаптауға,оған  зорлық- зомбылық  жасауға, адамдық қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге болмайды» делінген.

2-көрініс. 

Үш оқушы келе жатыр.   Олардың біреуі  :           

  -Бүгін демалыс қой, қалай демаламыз? Ішім пысты. Бірдене жасайықшы.                                                               

 Екіншісі: - Биік жанатын алау жасайықшы.                                           

Үшіншісі: -Таптым,таптым бәрің ауыздарынды ашып қаласыңдар, мына үлкен ағашқа от тигізсек үлкен алау болады. От тигізейік, - деп жүгіре жөнеледі.    Қалған екі оқушы «мұндай қызығынның керегі жоқ»деп оны әрең тоқтатады.                                                   

Сұрақ:Қандай   жағымсыз  әдеттер  байқадыңдар?                                              

Бұл заң бұзушылыққа жатама? ( Оқушы пікірлерін тыңдау)      

Учаскелік полиция пікірі:

Түйінді ой: 

Балалар 24-бапты білгенімен, 38-бапты білмейді екен.      

Ата Заңның 24-бабында «Әркімнің тынығу құқығы бар».делінген.                      

   2. Ата Заңның 38-бабында «Қазақстан  Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға міндетті» делінген.

3-көрініс: 

Баласы көршісінің тауық қорасынан жұмыртқа ұрлап әкелді де, шешесіне жұмыртқа қуырып беруін сұрады. Анасы жұмыртқаны қуырып береді...

Сұрақ.  Жігіттің ұры болып өсуіне кінәлі кім?  Өзі ме, әлде анасы ма? (Оқушы пікірін тыңдау.)

Учаскелік полиция пікірі:

Түйінді ой: 

Бұл жерде ұрлық туралы айтылып отыр.Ұрлық жасағаны үшін азамат жауапқа тартылады» деген заң бар.Мысалы:

«Сұрақ-бізден,жауап сізден» бөлімінде... Сұрақ - жауап.

1.Балалар неше жастан бастап жауапқа тартылады?

2.Мектеп жасындағы бала ұрлық немесе ұрып-соғу сияқты әрекеттер жасаса қалай жазаланады?

1) Мектепте үзіліс кезінде Жарас Қайраттың кітабын ұрлап алды. Қайрат кітабының жоғалғанын сынып жетекшісіне айтты. Сынып жетекшісі жұмыс жүргізе келе кімнің ұрлағанын анықтады.

Сұрақ: Сенің ойыңша қай бала жауапқа тартылуы керек?

2) екі жасөспірім кешке өз аудандарында серуендеп жүріп, көшедегі тұрған заттарды,плакаттарды бүлдіріп тынады. Ол тірліктері учаскелік полицияның көмегімен тоқтатылады.

Сұрақ: кім және қандай тәртіппен жауапкершілікке тартылады.

«Суреттер сөйлейді» «Не істеуге болмайды?»
1) Өрт
2) Жолда жүру ережесі
3) Ұрлыққа байланысты

Қорытынды
Ата-ана және отбасы мүшелері жас нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды. Бұған баланың қажеттілігі толық қанағаттандыру, оны дене және ой-еңбегіне үйрету, күн тәртібін дұрыс реттеуге, салауатты өмір сүруге, адал болуға тәрбиелеу, жақсылықты үйренуге, жамандықтан жиренуге үйрету, бойында жастайынан мәдени құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру жатады.

 Құлақ түрем елімнің тынысына,                                                                                   

Мақтанам, қуанамын табысына.                                                                         

   Елбасы мен халқымыз аман болса,                                                          

  Айналар Орта  Азия «барысына»

Біз намыскер қазақ елі ұланымыз,         

 Қорғайтын жерді оттан Ұранымыз.                                                                     

«Талап, Еңбек, Терең ой, Қанағат, Рақым»

Деп Ұлы Абай айтқан ұланымыз.

Краткое описание документа:

Общая информация

Номер материала: 262386

Вам будут интересны эти курсы:

Курс повышения квалификации «Методика преподавания информатики в начальных классах»
Курс повышения квалификации «Организация проектно-исследовательской деятельности учащихся в рамках реализации ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «Организация деятельности педагога-воспитателя группы продленного дня»
Курс повышения квалификации «Использование мини-проектов в школьном: начальном, основном и среднем общем и среднем профессиональном естественнонаучном образовании в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Психолого-педагогические аспекты профессиональной компетентности педагогических работников в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Тайм-менеджмент - персональная эффективность преподавателя»
Курс профессиональной переподготовки «Тьюторское сопровождение обучающихся в системе инклюзивного образования»
Курс повышения квалификации «Специфика преподавания информатики в начальных классах с учетом ФГОС НОО»
Курс повышения квалификации «Психолого-педагогическая диагностика в современном образовательном процессе»
Курс повышения квалификации «Разработка адаптированных образовательных программ в условиях ФГОС СПО»
Курс повышения квалификации «Видеотехнологии и мультипликация в начальной школе»
Курс повышения квалификации «Сурдопедагогика: организация обучения, воспитания, коррекция нарушений развития и социальной адаптации глухих, слабослышащих, позднооглохших обучающихся в условиях реализации программы Ф
Курс повышения квалификации «Методы интерактивного обучения»
Курс профессиональной переподготовки «Инклюзивное образование в начальной школе»
Курс профессиональной переподготовки «Оказание психолого–педагогической помощи лицам с ОВЗ»

Благодарность за вклад в развитие крупнейшей онлайн-библиотеки методических разработок для учителей

Опубликуйте минимум 3 материала, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную благодарность

Сертификат о создании сайта

Добавьте минимум пять материалов, чтобы получить сертификат о создании сайта

Грамота за использование ИКТ в работе педагога

Опубликуйте минимум 10 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Свидетельство о представлении обобщённого педагогического опыта на Всероссийском уровне

Опубликуйте минимум 15 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данное cвидетельство

Грамота за высокий профессионализм, проявленный в процессе создания и развития собственного учительского сайта в рамках проекта "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 20 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Грамота за активное участие в работе над повышением качества образования совместно с проектом "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 25 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Почётная грамота за научно-просветительскую и образовательную деятельность в рамках проекта "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 40 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную почётную грамоту

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.