Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Воспитательная работа / Другие методич. материалы / Тәрбиелік шара, тақырыбы "Қайсар батыр " (ертегі)

Тәрбиелік шара, тақырыбы "Қайсар батыр " (ертегі)


  • Воспитательная работа

Поделитесь материалом с коллегами:

Ашық тәрбиелік шара

Тақырыбы: Сиқырлы ертегілер елінде («Қайсар батыр»ертегісінің желісі бойынша сахналау)

Мақсаты: а) Оқушыларға ертегіні суреттеп, сахналап қою. Мән - мағынасын ашу, Халық ауыз әдебиеті шығарма кейіпкерлерінің істеріне баға беріп, өз көз қарастарын білдіруге үйрету.

ә) Оқушы бойындағы адамгершілік қасиеттерді дамыту,

логикалық ойлауын және шығармашылық қабілетін дамыту.

б) Ұқыптылыққа, жауапкершілікке, жақсыдан үйреніп, жаманнан

жиреніп, баланы жақсылыққа бейімдеу. Жауапкершілікке тәрбиелей

отырып достыққа, қарым - қатынастарын дамыту.

Көрнекілігі: : «Ертегілер елінде» плакаты, шарлар, гүлдер, ертегі кейіпкерлерінің суреті,мыстандар үйі.

Тәрбиелік шараның барысы:


Автор: Баяғы бір замандаөз істеріне өте шебер, алты елдің алты ұстасы бірігіп, өте мықты, өте өткір қылыш жасапты. Өте өткір болып жасалынған бұл қылышқа көз алартып қарайтындар да көп еді. Тіпті елдің тыныштығын бұзатын сұм мыстандар да күміс қылышқа ие болғысы келеді.ешбір соғыста жеңіліс көрмеген бұл қылыштың ең бірінші егесі Айдар хан деген батыр болыпты. Сол уақыттарда таудың арғы бетінде берекесі мол, бірлігі жарасқан Бексұлтан есімді ханнның елі болған кқрінеді. Халық ешқандай уайым- қайғысыз өмір сүріп жатады. Ескен нәзік самалда әрдайым ауызбіршілікте болған Бексұлтан ханның еліне арқау болғандай.

Ел батырлары да ел тыныштығы үшін жаны беруге әзір еді. Елдің мақтанышына айналған Қайсар атты батыр мен Аймеңді есімді сұлу қыз өмір сүріпті. Қайсар батыр ешкімнен, ешнәрседен қорықпайтын хас батырдың өзі болған екен. Ал Аймеңді сұлудың сұлуы, қараса көз тоймайтындай қыз болған. Аймеңді сұлуға барша жұрт қызыға да қызғана да қарайтын. Батыр әрдайым сұлудың көңілін көтеру мақсатта сыбызғымен әуен ойнап беретін. Оны Аймеңді сұлу құмарлана, құшарлана тыңдайтын.

Осылайша Бексұлтан ханның елі қуанышта, бақытта өмір сүріп жатырған кезде..............

Хабаршы:

  • Жау шапты,жау шапты! О ,халайық елімізге жау шапты, елімізге жау шапты!

Бексұлтан хан:

  • О, елім менің, халқым менің, елімізге , жерімізге жау шапты! Елге қауіп төніп тұр, жау жағада тұр! Біздің тыныштығымызды, елімізді, жерімізді, халқымызды жаудан сақтайық! Батырлар,жауынгерлер бар үміт өздеріңде, мен сендерге сендім! Алла жар болсын!

Автор: Көп ұзамай бұл хабарды сұм мыстандар да естиді.

Қарға :

  • Қожайын, елге жау шапты! Батырлардың бәрі соғысқа кетті.

Кіші мыстан:

  • Қойшы, рас айтасың ба?

Қарға :

  • Қайсар батыр да сол соғысқа кетті

Үлкен мыстан:

  • Біз мұндай жағдайда бірнәрсе ойластыруымыз керекпіз. Егерде біз Аймеңді сұлуды ұрлап әкететін болсақ, Қайсар батыр оралған бетте оны іздеп бізге келеді. Сол мезетте Аймеңді сұлуды алғың келсе, бізге Айдархан батырдың күміс қылышын алып кел деп шарт қоямыз.

Кіші мыстан:

  • Қайсар батыр сұлуын құтқару үшін бәрін жасайды. Ал Айдархан батыр болса қартайған. Демеек, Айдархан батырға Қайсар батырдың күші жетеді. Қайсар батыр бізге күміс қылышты алып келіп беретін болса, біз жалдамалы қарақшыларды жалдап, бүкіл әлемді жаулап аламыз. Алтындарын алып, сұлуларын қамап қоямыз. (бірге айтып, күледі)

Автор: Мыстандар осылайша армандап,арам ниетін жүзеге асырмақ мақсатта, түрлі айла-амалдар ойластырады. Әдемі бір тал гүлді алып, осы гүлді иіскеген адам ұзақ жылдар бойы ұйқыға кететіндей етіп, у қосып дайындайды. Уланған гүлді Аймеңді сұлуға бермек болады. Қайсар батырдың соғыста жүргенін пайдаланып, әжейдің киімін киген мыстан Аймеңді сұлудың ауылына келеді.

Үлкен мыстан:

  • Уф, су беретін жан барма мына маңайда. Шаршадым, шөлдедім су беретін жан барма мына маңайда.

Аймеңді сұлу :

  • Амансыз ба ,әже? Әже үйге кіріңіз.

Үлкен мыстан:

  • Жоқ рахмет қарағым, ары қарай жол жүру керекпін. Су берсең жеткілікті.

Аймеңді сұлу:

  • Су әкелейін бе, әлде қымыз әкелейін бе ?

Үлкен мыстан:

  • Су әкеле ғой....

Аймеңді сұлу:

  • Қазір әже.... Мінекейіңіз әже.

Үлкен мыстан:

  • Мына гүлді саған тарту етемін.

Аймеңді:

  • Мына гүлдің сондай әдемісін- ай. Рахмет әже! (гүлді иіскеп, ұйықтап қалады)

Автор: Аймеңді сұлудың жоғалғанын білгеннен кейін, ауыл- ел, үй-іші әбігерге түсіп іздейді.

Қарлығаш:

  • Аймеңді сұлу ,Аймеңді сұлу, Аймеңді сұлу ,Аймеңді сұлу ,Аймеңді сұлу қайдасың?

Әкесі: Қызым Аймеңді, қызым Аймеңді.... қызымды көрдіңдер ме?

Автор: осылайша сұлудың жан құрбысы Қарлығаш, Аймеңдінің жоғалып кеткендігін, және оны ешкім таба алмай жатқандығын батырға жеткізуді өтінеді. Хабаршы көп ұзамай, батырға қарай жолға аттанады

Хабаршы:

  • Қайсар батыр, елден сізге жайсыз хабармен келдім!

Қайсар батыр:

  • Иә, айта бер бауырым , не хабар алып келдің?

Хабаршы:

  • Мені Аймеңдінің досы Қарлығаш жіберді. Ауылдың сұлуы жоғалды. Елдің ең соңғы үміті сізде....

Қайсар батыр:

  • Неге бұл хабарды маған ертерек айтпағансыңдар?

Автор: Осы ашумен, Қайсар батыр қаншама күндер, қаншама айлар бойы жеңе алмай жүрген жауды жеңіп,еліне қарай асығады. Осы жеңіспен ханның алдына барады.

Бексұлтан хан:

  • Қайсар батыр, жеңістеріңмен батырым! Ел сенімін ақтадыңдар... Жарайсың Қайсар батыр!

Қайсар батыр:

  • О, хан ием, бұл біздің борышымыз, елімізді, Атамекен жерімізді әрдайым қорғауға дайынбыз!

Бексұлтан хан:

  • Батырым, сен жақсылап деміңді бас, сені алда үлкен жорық күтіп тұр!

Қайсар батыр:

  • Жоқ, Хан ием жорыққа бүгін шыға берсем деп едім, рұқсат етіңіз

Автор: Қайсар батыр Аймеңді сұлуды іздеуге ауылдан шығып кетеді. Күндер өтіп, айлар өтіп Қайсар батыр Аймеңді сұлуды іздеп табады.

Қайсар батыр:

  • Аймеңді сұлу, Аймеңді сұлу, Аймеңді сұлу, Аймеңді сұлу

Аймеңді сұлу:

  • Қайсар, Қайсар, Қайсар батыр, Қайсар батыр.....

Қайсар батыр:

  • Бұл Аймеңді сұлудың даусы емес пе? Аймеңді сұлу, Аймеңді сұлу. Аймеңді сені ақыры таптым-ау... Аймеңді сұлу сені кім бұл жерге тығып қойған.

Аймеңді сұлу:

  • Білмеймін Қайсар батыр, мен неге бұл жердемін.

Қайсар батыр:

  • Ел- жұрт айтуынша, сені сұм мыстандар алып кетіпті. Сенің жоғалғаныңа бірнеше айлардың жүзі болыпты.

Аймеңді сұлу:

  • Қайсар батыр, Қайсар батыр

Қайсар батыр:

  • Аймеңді сұлу, сені сыртыңнан құлыптап қойыпты, мен мыстандрды тауып, кілтті қолыма түсіруім керек.

Аймеңді сұлу:

  • Қайсар батыр тез оралшы, мен бұл жерде жалғыз қорқамын.

Қайсар батыр: Сабыр сақта! Әй мыстандар, сендер ме Аймеңді сұлуды алып кеткен, мен оны алып кетуге келдім. Маған үңгірдің кілтін беріңдер.

Кіші мыстан:

  • А, Қайсар батыр ақыры келдің бе? Мына Айдаһарды көрдің бе? Оны ешқандай қылыш та кеспейді, садақ та өтпейді. Сен сұлуыңды құтқаруға келсең,біздің бір шартымыз бар.

Қайсар батыр:

  • Айта беріңдер, не ойлағандарың бар тағы.

Үлкен мыстан:

  • Мына таудың арғы жағында бір ауыл бар. Сол ауылда Айдархан деген батыр тұрады. Сол батырдың күміс қылышы бар, сол қылышты әкеліп берсең, үңгірдің кілтін саған береміз.

Автор: Амалы қалмаған, Қайсар батыр Айдархан батырдың ауылына қарай жолға шығады да, Айдархан батырдың үйіне келеді.

Қайсар батыр:

  • Ассалаумағалейкум!

Айдархан батыр:

  • Уағалейкумассалам балам! Аты- жөнің кім? Қай елден боласың?

Қайсар батыр:

  • Бексұлтан ханның елінен , есімім Қайсар

Айдархан батыр:

  • Мммм, Бексұлтан ханның еліненсің бе?

Қайсар батыр:

  • О, Айдар хан батыр, мен сізден көмек сұрауға келдім, сұм мыстандар ауылымыздың сұлуын ұрлап үңгірге тығып қойды. Оны шығарайын десем, сіздің күміс қылышыңызды алып кел деп шарт қойды. Көмектесіңіз маған.

Айдархан батыр:

  • Мен бұл қылышты тек батырларға ғана сыйға тартамын!

Қайсар батыр:

  • Айдархан батыр мен мақтанышпен ақталмай-ақ қояйын, бірақ елімнің сенімін ешқашан жерге тастамағанмын.

Айдархан батыр:

  • Қайсар батыр, өзің қайтпас қайсар екенсің. Бұл қылышты 6 елге белгілі 6 ұста 60 күн, 60 түн таза күмістен құйып жасаған. Бұл қасиетті сайман енді сенікі, ала ғой батырым!

Қайсар батыр:

  • Сізге ризашылығымды білдіремін, рахмет сізге!

Айдархан батыр:

  • Сен бұл қылышты мыстандарға берме! Бұл қылыштың жүзі сол айдаһарға өтеді. Жолың болсын, батырым!

Қайсар батыр:

  • Әй,мыстандар, міне сендердің қол жеткізе алмай жүрген қылыштарың!

Үлкен мыстан:

  • А, батыр ақыры келдің бе? Күміс қылышты алып келіпсің ғой, кәне оны бізге бер!

Қайсар батыр:

  • Жалпы бұл қылыш өзіме де ұнап қалды.

Кіші мыстан:

  • Сен қылышқа емес сұлуға келген жоқ па едің?

Қайсар батыр:

  • Оның рас, мен сұлуды да алып кетем,қылышты да алып кетем.

Үлкен мыстан:

  • Қайсар батыр бізбен ойнаймын деп, өзіңе ор қазба! Мына айдаһар тұрғанда сен ешқайда да кете алмайсың!

Қайсар батыр: сенің айдаһарыңнан қорқып тұрған ешкім жоқ!

Мыстандар:

  • Батыр бізге тиісе көрме, біз саған үңгірдің кілтін береміз.....(қорқып)

Қайсар батыр:

  • Мен сендерді бұл жолы кешіремін, және бір нәрсені бүлдіріп жүрсеңдер, мен қайта ораламын

Автор : Міне, осылай Қайсар батыр Аймеңді сұлуды еліне құтқарып әкеліп, бақытты да баянды ғұмыр кешеді.
























Тақырыбы:

ертегісі

(ашық тәрбиелік шара)










Өткізген: Жылқышиева Жайнагүл Нұрлыбекқызы











Автор
Дата добавления 04.04.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров86
Номер материала ДБ-008424
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх