Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Тәрбиелік шара "Тәуелсіздік – ел тірегі "
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Тәрбиелік шара "Тәуелсіздік – ел тірегі "

библиотека
материалов

Тақырыбы: «Тәуелсіздік – ел тірегі »


Тәрбие сағатының мақсаты: Желтоқсан оқиғасы арқылы жүздеген жылдар бойы бабаларымыздың армандаған егемендігне қол жеткізгенімізді, осы тәуелсіздікке жету жолында талай боздақтарымыздың жалған айыппен шейіт болғандарын көрерменге жете ұғындыру, оқушылардың дүниетанымын кеңейту. Оқушыларды өз елін, жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері:  Әдеби музыкалық монтаж, әңгімелеу, тарихи деректемелер, ән, жыр.

Көрнекіліктер: Суреттер, слайдтар, видео көріністер.

Тәрбие сағатының жүру барысы:

Жасмин: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Cіздерді Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз. Қанша ғасыр өтсе де ұмытылмайтын оқиғалар болды.

Ұмытылмайтыны - оның тағдырымен байланыстылығында: 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі - 20 ғасырдағы айтулы оқиға.

Нұршат: Желтоқсан бастауы - ғасырлар қойнауынан жалғасып келе жатқан ұлы тарихтың бір белесі.

Жасмин:

Желтоқсанды талай ақын жырлаған,

Бұл құбылыс таусылмайтын жыр маған.

Таусылмайтын сыр маған.

Тұғырыма жаңа қонған Ескерткіш,

Сол күндердін, сол түндердің елесіндей мәңгілік

Айналасын ән қылып,

Алаңдағы сол дауыстар бүгінде,

Естіледі жаңғырып, - деп ақындарымыз жырлағандай, Желтоқсан жаңғырығы бізге Тәуелсіздіктің таңын әкелді.

Нұршат: Ендеше бастауыш сыныптар арасында өткелі отырған «Тәуелсіздік ел тілегі » атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.

Әнұран орындалады. «Менің Қазақстаным» әні орындалады.

Гүлшырын:

Тәуелсіздік бақытына оранып,

Елім жатыр шаттығына қуанып.

Желбірейді көкте туы әдемі,

Егемен ел бал дәуренін өткеріп.

Қазақ елін - туған жерді сүйемін,

Туған елім бірге жаным сүйегім.

Үлкен өмір сырларынан ой түйіп,

Намыс үшін өртенемін, күйемін.

Болмақ емес көңілімде ой бөтен,

Адал ойды қиялымда тербетем.

Қазақпын деп әлемге жар салып,

Асқақтаған армандарға жетем мен!

Хор: «Достық» 3- сынып оқушылары.

Нұршат : 16 желтоқсан күні қазақ жастары Республика алаңына бейбіт шеруге шықты. Үкімет жастарға қарсы күш қолданды. Қаншама өмір қыршынынан қиылды, қанша ана аңырап баласын жоқтады?! Тірі қалғандары қуғынғы ұшырады, оқудан, жұмыстан шығарылды. Оларды кейіннен ақтағанмен, бәрібір жүректе сыз қалды. Ел намысы жолында құрбан болған аға-апаларымыздың аруағына бас иеміз! Біздің жас тәуелсіз мемлекетімізді олардың рухы қолдасын.

Енді видеокөрініске назар аударамыз.

«Тәуелсіздік» Оқитын: Мектепалды даярлық тобының бүлдіршіні Ерасыл.

1-сынып оқушылары

Хор: «Ақ көгершін»

Жасмин: Көркем сөз. «Тәуелсіздік» Оқитын: 4-сынып оқушысы Мөлдір.

Мен қазақ, қазақпын деп мақтанамын,

Ұранға Алаш деген атты аламын», - деп азаттық аңсаған, сол жолда аянбай қызмет еткен алаш арыстарының барлығы да қуғын-сүргінге ұшырап, сталиндік қызыл террордың құрбандары болды. Сол Алаш қайраткерлерінің азаттық идеясын жалғастырған, қыршын кеткен арыстардың аманатын арқалаған кейінгі толқын іні-қарындастары 1986 жылдың желтоқсанында тәуелсіздік үшін күресе білді.

Нұршат: Енді видеокөрініске назар аударамыз.

Жасмин:Ән: «Бұлқынды жүрек». Орындайтын: 4- сынып оқушылары.

Нұршат: Бабаларымыздың арманы болған Тәуелсіздігіміз тұғырына мінді. Алматының қақ ортасындағы алаңға Тәуелсіздік тұғыры орнатылды. Онда болған адамның ойына міндетті түрде 1986 деген сан оралары сөзсіз. Бұл дегеніміз - ызғарлы желтоқсан, солақай саясаттың сойылына жығылған жастардың тағдыры. Тәуелсіздік тұғыры тұрған алаң біреу ғана.

Жасмин; Бүгінгі кездесу кешіне мектебіміздің ғылыми жетекшісі Гүлвира апай қатынасып отыр. Ендеше сол кездегі болған оқиғалардың сыр шерте отырып, шәкірттеріңізге айтар тілегіңіз.

Нұршат : Көркем сөз. «Тәуелсіздік» Оқитын 3- сынып оқушысы Қосымбек Жасмин

«Желтоқсан оқиға емес» тәуелсіздігі

Жолында құрбан болған ағаларымыз бен апаларымыз жастық өмірлерінің жалынды шақтарын, студенттік кездерін ару қала Алматыда өткізді.

Ән: «Елім менің» Орындайтын 4- сынып оқушылары.

Жасмин:

Суық еді Желтоқсанның ызғары,

Жібімейтін кез келгенге мұз-қары.

Уақыттың, заманның өткендігін айғақтап

Ешқашанда жүрмейтұғын тайғақтап,

Дүниені дүр сілкінтті сол күні

Қазағымның ұлдары мен қыздары.


Нұршат:

Тәуелсіздік - баға жетпес бағымыз,

Қымбаттан да, ең қымбатты бағымыз.

Тәуелсіздік - білектегі әліміз,

Тәуелсіздік - жүректегі әніміз.

Жасмин: Бұдан былай біздің жүрегімізге желтоқсан қасіреті сияқты ұлтымыздың қайғысы емес, мерейлі-мерекелі, шуақты берекелі қуаныштар болсын, еліміз тыныш, халқымыз аман, бейбіткүніміз жарқын болсын деп тілейік!

Нұршат: Сонымен бүгінгі тәрбие сағатымыз аяқталды.


2


Автор
Дата добавления 04.04.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров152
Номер материала ДБ-009800
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх