Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Воспитательная работа / Другие методич. материалы / Тәрбиелік жұмыс " Қызым саған айтам ", " Жеке бас гигиенасы".

Тәрбиелік жұмыс " Қызым саған айтам ", " Жеке бас гигиенасы".

  • Воспитательная работа

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақ тақырыбы: Жасушаның құрылысы мен атқаратын қызметі

Сабақтың мақсаты: жасуша құрылысы мен қызметі тақырыбындағы тарауды  қорытындылап, прокариотты және эукариотты ағзалар туралы түсінікті қалыптастыру;

Сабақтың міндеттері:

  • жасушаның құрылысы мен қызметі, цитоплазмадағы органоидтер және олардың байланысы , эукариотты және прокариотты жасушалардың ерекшеліктері  туралы білімді бекіту; 

  • шығармашылық- ізденушілік жұмыстарды жүргізу арқылы бақылау, салыстыру, талдау және дәйектер мен қорытындыны жинақтай білуді дамыту;

  • қоғам мен биология  ғылымының дамуында ғылыми  жаңалықтардың маңызы арқылы  оқушылардың дүниетанымдық көзқарастарын кеңейтіп, ой-өрісін кеңейту, көрнекілік құралдар арқылы эстетикалық тәрбие жақтарына көңіл бөлу;

Сабақтың типі : қорытынды сабақ

Сабақтың әдісі: проблемалық оқыту технологияларын қолдану  

Керекті  құрал – жабдықтар: интерактивті тақта, мультимедиялық проектор, «Жасуша құрылысы» суреттер және слайдтар жинағы, оқушының нұсқаулық  жұмыс парағы, сызба-нұсқалар т.б.

Сабақтың жоспары:

  1. Ұйымдастыру бөлімі

  • оқушылардың сабаққа қатысуы мен дайындығын тексеру

  • оқушыларда сабақ мақсаты және жоспарымен  таныстыру

  • оқушылардың  нұсқаулық жұмыс парақтарын тарату, түсіндіру

  1. Кіріспе бөлімі

     Интерактивті тақтаға жасушаның суреті қойылады. Сұрақтар:

     Суретте не көрсетілген?

     Жасуша организмнің қандай бөлігі болып табылады?

     Жасушаны қандай ғылым зерттейді?

     Жасушаның ашылу тарихы туралы не білеміз?

     Жасуша теориясының негізін қалаған  қай ғалымдар?  

  1. Негізгі бөлімі

3.1. Интерактивті тапсырма арқылы сабақтың тақырыбын анықтап алу.

Оқушылар жұмыс парағындағы тапсырманы орындайды. Төмендегі сөздерді мән-мағынасына қарай екі бағанға орналастыру:1.Митохондрия, 2. Вакуоль, 3. Нәруыз,  4. Липидтер,5. Майлар, 6. Пластидтер,7. Лизосома, 8. Рибосома,9. Тұздар,10. Ядро, 11.Эндоплазмалық тор,12.Глюкоза ,13. Гольджи жиынтығы,14. Су;( интерактивті тақтада тапсырманы бір оқушы орындап, интерактивті қаламның  көмегімен сөздерді орналастырады да, әр бағанға тақырып қойып, бүгінгі сабақтың тақырыбы анықтайды)

3.2.  Жасушаның құрылысы көрсетілген сурет бойынша интерактивті тапсырма беріледі.  Бірінші тапсырмадағы  органоидтерді  жасуша құрылысы бар суретке, сандар бойынша (жұмыс парағында) орналастыру қажет. (бір оқушы интерактивті тақтада жасуша құрылысының  органоидтері  жазылған сөздерді сәйкес сандарға апарып, орналастырады)

3.3. Интерактивті тапсырма арқылы жасушадағы мембраналы және мембранасыз органоидтерді топтастырып алу. Оқушылар  жұмыс парағындағы сызба-нұсқаны орындайды.

 

 

(бір оқушы интерактивті тақтада жасуша органоидтері  жазылған сөздерді сызба-нұсқаға орналастырады) Митохондрия, хлоропласт және ядро ерекше түспен жазылады да, мұғалім оқушылардан олардың ерекше түспен боялып тұру себебін сұрайды. Бұл органоидтер қос мембраналы екені анықталады.  

3.4. Жасуша органоидтері мен қызметтерін сәйкестендіру тапсырмасы.

1. Митохондрия

А. Заттарды қорытатын органоид

2. Жасуша орталығы

Б. Нәруыз биосинтезі жүреді

3. Лизосома

С. Тұқым қуалайтын ақпарат сақталады

4. Рибосома

Д. Жасушаның бөлінуіне қатысады

5. Гольджи жиынтығы

Е. Энергия түзіледі, жиналады

6. Ядро

Ж. Лизосоманы түзеді

 ( барлық оқушылар ақпараттық жұмыс парағында орындайды,ал бір оқушы интерактивті тақтада  екі бағанды байланыстырады)

4. Шағын танымдық-ізденушілік жұмыстар.Салыстыру, талдау, қорытынды.

4.1.  Митохондрия мен хлоропласт құрылысын салыстырып, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын  анықтау қажет. 

Митохондрия ерекшелігі

  •  Ұқсастық

  •  Айырмашылық

 

 

 

(Оқушылар  бұл тапсырманы,  органоидтердің құрылысы бар, суреттер көмегімен орындайды , талдайды және қорытындылайды)

Қорытынды: Жартылай автономды органоидтер.

4.2. Эукариотты және прокариотты жасушаларды салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау.

(Оқушылар  бұл тапсырманы,  бактерия  мен жануар немесе өсімдік жасушасы бар  суреттер көмегімен салыстырып , талдайды және қорытындылайды)

Қорытынды: Ядросы бар және ядросы жоқ жасушалар мен ағзалар .

4.3. Өсімдік және жануар жасушасының құрылысын салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көрсету.

(Оқушылар  бұл тапсырманы,  жануар және  өсімдік жасушасы бар  суреттер көмегімен салыстырып , талдайды және қорытындылайды)

Қорытынды: Жасушалардың ұқсастығы құрылыс бірлігінде, ал айырмашылығы  жасушалардың эволюциясы туралы айтады.

5. Қорытынды.

5.1. Тест тапсырмасын орындау (интерактивті тақта арқылы)

5.2.  Рефлексия

5.3. Оқушылардың білімін бағалау.

6. Үй тапсырмасы: «Жасуша - қала», «Жасуша - завод» тақырыбында шағын әңгіме құрастыру;

Қосымша

Интерактивті тапсырма. Жасуша құрылысы,  сурет бойынша талданады. Жасуша  органоидтерін  жасуша  ішіне орналастыру.

5. Мембраналы және мембранасыз органоидтердің санын ( 1-ші интерактивті тапсырмадағы сандар) сызба-нұсқаға топтастырып, жазу қажет:

6. Интерактивті тапсырма. Жасуша органоидтері мен қызметтерін  сәйкестендіру тапсырмасы.

1. Митохондрия

А. Заттарды қорытатын органоид

2. Жасуша орталығы

Б. Нәруыз биосинтезі жүреді

3. Лизосома

С. Тұқым қуалайтын ақпарат сақталады

4. Рибосома

Д. Жасушаның бөлінуіне қатысады

5. Гольджи жиынтығы

Е. Энергия түзіледі, жиналады

6. Ядро

Ж. Лизосоманы түзеді

   

    8. Эукариотты және прокариотты жасушаларды салыстырып,   ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау қажет.

Жасыл эвглена

  •  

  •  

  •  

  •  

 

 

 

 

9. Өсімдік және жануар жасушасының құрылысын салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау қажет.

Өсімдік жасушасының

  •  

Айырмаылығы

Жануар жасушасы

  •  

 

 

 



ҮІІ. Бағалау

ҮІІІ. Үйге тапсырма &

ІХ . Рефлексия Не білдің? Не ұнады?







« Қызым саған айтам ... » , «Жеке бас гигиенасы »,«Қатыгездік пен зорлық зомбылықсыз балалық шақ» сырласу сынып сағаты

Мақсаты: Қыз балалар бойында әдеп пен сыйластық, тазалық пен адамгершілік мәдениетін қалыптастыру. Оқушыларға зорлық зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның ең жаман қасиеті екенін айту. Адамның ең басты құндылығы оның бостандығы, олай болса оқушыларға адамзаттық құқықтарымен бас бостандықтарын қорғауы туралы үйрету. Зорлық –зомбылық адам ағзасына тікелей әсер ететінін түсіндіру. Жаман әдеттерден бойларын аулақ ұстап, ондай әрекеттерге бамауға тәрбиелеу, адамгершілігі мол саналы азамат болып өсуіне ықпал жасау.

1.Кіріспе.

2.Қазіргі қыздар

3.Жас кыз болашақ ана .

4.Жас қыздар тәрбиесі.

5.Жеке бас гигиенасы

6.Адамның ең басты құндылығы оның бостандығы.


« ҰЛТЫҢДЫ САҚТАЙМЫН ДЕСЕҢ – ҚЫЗЫҢДЫ ТӘРБИЕЛЕ,
РУЫҢДЫ САҚТАЙМЫН ДЕСЕҢ – ҰЛЫҢДЫ ТӘРБИЕЛЕ »
осы бір нақыл сөзде қаншама мағана бар десеңші.
Ия, ертеде ата-бабаларымыз әлемдегі сұлулықтың көркем үлгісін ару қыздың тал бойынан көруді көксеген. Қазақ қауымында қыз баланың орны айрықша болған. Ата-бабаларымыз қызды қонақ деп есептеп, барған жерде бағының ашылуына үйде отырып қамдаған. Барынша ізетті, сыпайы, мейірімді де ісмер, қылықты да қырмызы болуын үнемі қадағалап отырған және еркін ұстаған, бірақ тым еркінсітпеген. 
«Қыз мінезді келсін, ұл өнерлі келсін» деген оймен, қыз тәрбиесіне аса көңіл бөлген.

Сіздердің ойларынша қазақ қыздары қандай болу керек ?

Қазіргі қыздардың тәрбиесіне көңіліңіз тола ма? Қазіргі қыздар 
Алайда бүгінгі таңда көптеген ата-аналарға қарап отырып, жағаңды ұстайсың. 
Қыздарының белі бесіктен шықтай жатып, ашық-шашық киіндіріп сән қудырып, мектеп табалдырығын аттағаннан-ақ сәнқой болып шыға келеді. 
-Осылай өсірген қыздарымыз, ертеңгі күні қандай ана болмақ? Дегенмен көптеген қыздар өздеріне сән етіп, осы кіндік тұсын ашып жүруді сәнге айналдырған. Сонымен қатар арақ ішіп, темекі тартуы- бұл үлкен қасірет. 
-Қазақ қыздарының ішкі жан дүниесінің сұлулығына, мәдениеттілігіне әдептілігіне өзге жұрттар таңдай қағып қарап өздеріне үлгі етер күн қашан туады екен? 
Сонымен қатар, бүгінгі таңда заман өзгерді ме, әлде адам өзгерді ме? 
Ағамыздың алдында мазақ, жұрттың алдында күлкі, ана мен әкені жерге қаратқаннан басқа қайраны болмады. 
- Жалаңаш денемен біз кімді таңғалдырмақпыз ? 
-Ашық жеңсіз жейделер мен қысқа юбкалар қыздардың абыройын қалай сақтамақ? 
Қазіргі қыздар, бұрымды шашын жұлынды шашқа айналдырған. 
Қиылған қара қастары көріксіз күйге енген. 

-Ал жігіттерге сондай қыздар ұнайды ма? 
Бүгінгі таңда заман өзгеріп, өркениетке қадам бассақ та, ұлттық қасиетімізді

жоғалтпаған қыздарымызда көп. Ия, көпке топырақ шашудан аулақпыз. Дүниедегі асыл атаулының бәрі күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен жаралады емес пе?! Ал бүгінгі қыз ертең сүйікті жар, аяулы ана екенін естен шығармағанымыз абзал.


Жеке бас гигиенасын және қоғамдық гигиенаны сақтау























Гигиена грек сөзі - Gugieinos – емдеу, денсаулық әкеледі деген мағына береді, профилактика деген ұғым. Адам ағзасына айналаны қоршаған сыртқы орта факторлары мен әлеуметтік жағдайларының тигізетін әсерін зерттейтін медициналық ғылым. Медицина ғылымдарының өте көрнекті салаларының бірі.
Гигиена - аурулардың алдын алуға және денсаулық сақтауды қорғайды. Денсаулыққа зиян келтіретін азық түрлерін жойып жіберуге гигиенистер ат салысады. Денсаулыққа зиян келтіретін факторлардың болмауын гигиена ғылымы қатаң бақылау жасап отырады. Практикада қолданатын нақтылы тәсілдері болады. Осының бәрі адамның денсаулығын арттыруға қолданылады. 
Сонымен гигиена ғылымының негізгі көздеген мақсаты - адамдардың айналасын қоршаған сыртқы орта факторларын сауықтыру арқылы бірінші денсаулық сақтаудың профилактикасын өткізу. Бір сөзбен айтқанда адамзат баласына залал келтіретін факторлардан адамзат баласын қорғау. Жалпы гигиена, еңбек гигиенасы, оқушы жастар гигиенасы, тағам гигиенасы, әйелдер гигиенасы болып бірнешеге бөлінеді. Әркімнің өздерінің алдына қойған мақсаттары бар. . Жұқпалы ауруларды таратпай алдын алу мақсаттарымен қаптап кететін жұқпалы дерттерге қарсы медициналық әдістер мен шараларды кең көлемде қолданады. Алдыңғы қатардағы шараларды іс жүзіне асырып эпидемияға қарсы күресті үдете түседі. Ауа райының өзгешелігін, микроклиматтың біркелкі еместігін, судағы ауру тарататын микробтардың санын анықтап, биологиялық ерекшеліктерін ескеріп, ауадағы шаң-тозаңдардағы микробтарды біліп, қала ішіндегі түтіннің құрамын анықтап, олармен биологиялық және химиялық күрес жүргізудің жолдарын белгілеп береді. 
Қай саладағы дәрігерлер қызметінде болмасын профилактикалық іс-әрекет жасап, көзге көріне түседі. Оларды жасау үшін терең ой, жүйрік ақыл керек. Адамзат баласының табиғи және әлеуметтік-экономикалық, саяси факторлардың әсерімен қалыптасады. Бұл факторлар қолайсыз болғанда зиянды дағдылар дамып кетеді. Арақ - шарап ішу, темекі шегу, наркотикалық заттар мен әурелену, токсикоманиямен айналысу ерекше етек алады. 
Дене тазалығы дегеніміз – алдымен тері күтімі. Терінің дұрыс күтімі ағзаның қалыпты қызмет атқаруына әсер етеді. Тері алуан түрлі физиологиялық - биологиялық функцияны орындайды. Терінің құрылысы өте күрделі. 
Жұмыс жасап, күнделікті тұрмысты шаруамен айналысқан шақта адам терісін кір шалады. Адам терлесе кір теріге жабысып қалып, терінің тыныс алуын қиындатады. Өйткені тері бездері бітеліп қалады. Осыдан барып теріде өтетін физиологиялық - биохимиялық үрдістердің қызметі мүлдем бұзылады. Бітелген май бездеріне жұқпалы ауру тарататын микробтардың енуі фолликулитті туындатады. Микробтар әсерінен терінің бетіндегі органикалық заттар ыдырап, жағымсыз иісті май қышқылы бөлінеді және тері қабынуы – дерматит дерті дамиды. Басқадай іріңді тері аурулары пайда болады. Тәуліктік тері гигиенасы үшін неше түрлі тәсілдер қолданады. Олардың ішінде теріні тазалықта ұстау үшін денені иісі жақсы сабынмен сабындап жуу керек. Оны дағдыға айналдырған жөн. Аптасына бір рет моншаға барып жуыну, душқа шайыну керек. Ал, жиірек кір шалатын бет, қол, мойын қосымша күтім жасауды қажет етеді. Қол кірлегенде оның терісінде неше түрлі жұқпалы ауру тарататын микробтар көбейедіты жағдайда тұрады. Аяқты аптасына кемінде бір рет, әсіресе жаз айларында күнде жуып тұруды дәрігерлер ұсынады. Аяқ терлейтін болса, түнге қарай терден құтылу үшін суық сумен аяқты жуып, табанды, саусақ арасын аптасына екі рет 5% формалин ерітіндісі сіңген мақтамен сүрту керек. Қол, қолтық асты және дененің басқа бір бөліктері терлесе, дезодарант қолдану керек. Орыс буламысы, фин саунасы, жапон офуросы, сэнтосы ағзаға өте пайдалы. Моншаға түскеннен кейін адам өте жақсы дем алып сергіп қалады, жақсы ұйықтайды. Жұмысқа деген ынта жігері арта түседі. Монша гигиенаны жақсы өткізеді. Денені сауықтырады. Сібірде тұратын орыс халқы моншаға түсіп, ал буда отырғанда қайың, емен жапырақтарынан жасалған сыпыртқылармен сабаланып, содан кейін моншадан жүгіріп шығып қалың қарға аунайды. Сонда дене жақсы шынығып, денсаулық артады. 
Шаш күтімі. Адамның шашы ерекше жаралған табиғат көрінісі. Адамның сұлулығы шашқа байланысты. Әсіресе әйел адамдардың байлығы мен сұлулығы, олардың шашы. Ешқандай зергерлік заттар адам шашын айырбастай алмайды. Сондықтан да шаш өте ұқыпты түрде күтуді қажет етеді. Шаш қорғаныс рөлін атқарады. 
Адам шашы бірнеше жыл бойы өсуін тоқтатпайды. Әйел адамдардың күніне 50 тал шашы түсіп, 50 тал шашы өсіп шығып отырады. Адам басындағы шаштың саны әр адамда әр қилы болады. Орта есеппен алғанда адам басында 140 000 тал шаш болады. Қара түсті шаш баста 100 000-дай. Шаштың жақсы өсуі үшін оны үнемі жақсы күтіп, май жағып отыру қажет. Крем жағып қойғанда дұрыс. Ол шашты қоректік затпен қамтамасыз етеді. Шашты жиі-жиі жуып отырудың қажеті жоқ. Шашқа ауру пайда болады. Ұзын құрғақ шашты 3 апта сайын жуған дұрыс. Ұзын майлы шашты 7-14 күн өткеннен кейін жуған жөн.

Тырнақтың күтімі. Аяқ және қол саусақтарының тырнақтарын өсірмей үнемі алып тастаған жөн. Кейбір кездерде газет-журналдарда жасанды тырнақ өсіреміз деген хабарландыру жүреді. Тырнақ қандай жағдайда болмасын күтімді қажет етеді. Тырнақ алу гигиенаның ең бір басты міндеті. Бір аптада тырнақ 0,5 мм өседі. Жаз айларында тырнақ қыс айларына қарағанда тез өседі. Сондықтан да апта сайын тырнақты алып отыру керек. Ұзын болып өскен тырнақтың астына ауру тарататын микробтар көп шоғырланады. Ондай тырнақ денсаулықты нығайтпайды. Тіпті микроскопиялық саңырауқұлақтар өсуі сөзсіз. Үлкен тырнақ өте сынғыш келеді. 
Тіс және ауыз гигиенасы. Адамның тісі оның негізгі мәшинесі. Өйткені қандай тамақ болсын тіспен шайнап жейді. Тісі жоқ адамның сөзі дұрыс болмайды. Тіс адамның бет әлпетінің сұлулығын қамтамасыз етеді. Тісі түсіп қалу, тісті ауыз қуысының гигиенасын сақтамағандықтан болады. Сондықтан да тіс пен ауыз қуысын ерекше күтімге алған жөн. Тіс және ауыз қуысы күтіміне мына төмендегілер жатады: 
1. Белгілі бір дағды бойынша тіс ысқышты пайдаланып, тісті үнемі тазартып отырған жөн. Тіс щеткасының пайдалануға қолайлы болғаны дұрыс. Синтетикалық материалдардан жасалған щеткаларды 3-4 айда ауыстырып отырыңдар; 
2. Қызыл иікті де қолмен ысқылап, ерінбей массажды үнемі жасап отырған дұрыс; 
3. Тісті төменнен жоғары немесе керісінше тіс тазалаған жөн. Тіс тазалау мерзімі 3-4 минуттан аспауы керек. 
4. Тіс тәулігіне екі рет тазартылуы тиіс (таңертең және ұйықтар алдында). Ауыздан жағымсыз иістер шығып тұруы мүмкін. Оны кетіру үшін марганцовканың оның әлсіз ерітіндісімен шайған жақсы нәтиже береді; 
5. Тіс щеткаларын сабындап таза сумен мұқият түрде жуып, спиртпен дезинфекциялаған жаман болмайды. . 
6. Тісті тазартқаннан кейін ауызды эликсирмен шайыңдар. Міне тіс күтімі осындай деңгейде жүру керек. 
Киім – кешек және аяқ киім тазалығы. Адамның барлық денесі, киім – кешегі, аяқ киімі өте келісімді болуы тиіс. Алдымен аяқ киімге көңіл бөлу қажет. Аяқ киімнің әдемі жаңа, киюге өте қолайлы болып, аяқты қыспау керек. Биік өкшелі аяқ киімді киюдің қажеті жоқ. Сол сияқты кроссовкаларды жалпы киюге болмайды. Ол аяқты бұзады, бірнеше аяқ дерттерін аяққа туғызады. Өйткені барлық кроссовкалар синтетикалық материалдан жасалады. Киім жыл мезгіліне және ауа райына сай киілуі керек. Әсіресе балалардың киіміне ерекше көңіл аударған жөн. Тар киім киген қыздардың денесінде «Джинсовый дерматит» деген дерт үнемі тар джинсы киіп жүргендіктен пайда болады.
Жұмыс киімдері өте кең болуы керек..

« Анаға қарап қыз өсер »

Әрбір адам - өмірге келген қонақ. Өмір өте мәнді мағыналы, мазмұнды өту үшін “қамшының сабындай ғана қысқа өмірде ” адамдардың бір-бірімен сыйластықта болғанына не жетсін

Қазір және осы жерде ”; Теңдік және ынтымақтастық; Топта болған жағдай, дәл осы жерде қалу керек,сыртқа айтпау.Тренингке қатысушы белсенді болу керек;Серіктестігіңіздің жеке тұлғасын емес іс-әрекетін сынға алыңыз;Пікірлер нақты, қозғалып отырған мәселеге байланысты болу керек.

Қызға 40 үйден тыйым

Қаракөздеріміз бұрымды шашымен, инабатты мінезімен, ақылдығымен, кіршіксіз арымен әрқашан басқалардан ерекшелене білсе екен деймін. Заманның талабы өзгерсе де, бойындағы ұяндық нұрын сөндірмей, қазақ қызына тән болмысын бұзбайтын қыз бала тәрбиелеуде кеш қалмайық!

«Қатыгездік пен зорлық зомбылықсыз балалық шақ»

Зорлық-зомбылық құқықта «Бір адамның екінші бір адамға, оның жеке басына тиіспеушілік құқығын бұзатын тәни және психикалық ықпал жасауы» делінген. Ол тән азабын шектірген зорлық және жан азабын шектірген зорлық болып екіге бөлінеді.
Тән азабын шектірген зорлық – адамның ағзасына тікелей әсер ету, ұрып-соғу, денесіне зақым келтіру т.б.
Жан азабын шектірген зорлық – жәбірленушінің қарсылық көрсетуіне, өз құқықтары мен мүдделерін қорғауына деген
ерік-жігерін жасыту үшін қорқыту, адамның психикасына әсер ету.

ІҮ. Қорытынды: Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады. (Н.Ә.Назарбаев) - деп елбасымыздың сөзімен қорытындылай келе Сөз соңында мынандай тілекпен аяқтағым келеді. Қыздарымыз мінсіз , асыл ана ,адал жар болса екен

















Автор
Дата добавления 14.02.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров169
Номер материала ДВ-451781
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх