Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Другие методич. материалы / Тәрбиенің ең тамаша мектебі- отбасы

Тәрбиенің ең тамаша мектебі- отбасы



Осталось всего 2 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Дошкольное образование

Поделитесь материалом с коллегами:

«Тәрбиенің ең тамаша мектебі- отбасы»

Тлепбергенова Н.М.

32 «Қуаныш» МДҰ тәрбиешісі



«Отбасы шағын мемлекет» демекші, өз отбасыңды, әрине айрандай ұйыған, тату тәтті, бірлікте өмір сүріп жүрген қарапайым қазақ отбасылардың біріміз. Қара шаңырағымыздың ақылшысы, арқа сүйенеріміз жан әкешім, «әке асқар тау, ана етегіндегі бұлақ, бала жасындағы құрақ» деп тегін айтылмаған болар. Ата -анасының, аға -сіңілерінің сыйлай білген, жақындарына жақсылық тілеген адам, менің ойымша болашақта қоғамда да, ізгі ниеті арқылы еліне, оның дамуына көп септігін тиетініне кәміл сенемін. Осының бәрі «ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген мақалға сай келіп тұр. Яғни отбасында көрген тәлім, жанында тоқыған тәрбиенің арқасында көкірегі ояу, есті болып өсуіміздің кепілі.[2]

«Үлкенге -қызмет, кішіге- ізет » демекші, сыйласу арқылы бірлікте өмір сүреміз. Еркелігімізді, аяқ шалынған қателескен кездерімізді, қателігімізді түсініп, кешіре білген, дер кезінде ақыл -кеңесін аямайтын, осы дүниенің тек тәтті тұстарын көрсетуден, жақсылыққа итермелеуден жалықпайтын әке -шешеміз. Бірін -бірі демеп, сүйеу бола біліп, өмір бойы ынтымағы жарасқан отбасы қатарынан қалмаудан үміттенемін. Отбасы- адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнерлердің мұралар мен салт -дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасында бала алғаш рет өмірімен, қоршаған ортамен танысып, мінез -құлқын нормаларын игереді. Отбасы баланың азамат болып өсуінің негізгі кілті болып табылады. Отбасының басты қызметі баланы тәрбиелеу. Отбасы тәрбиесі бұл жалпы тәрбиенің ең басты бөлігі. Ата -ана және отбасы мүшелері жас нәрестеге дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсу үшін қажет жағдай жасайды. Бұған баланың қажеттігін толық қанағаттандыру, оны дене және ой еңбегіне үйрету, күн тәртібін дұрыс реттеуге , салауатты өмір сүруге, адал болуға тәрбиелеу, жақсылықты үйретуге, жамандықтан жиренуге үйрету, бойында жастайынан мәдени құндылықтармен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру жатады.[3]

Әр халықтың бала тәрбиесінде өзіндік ерекшеліктері арқылы сол халық отбасы тәрбиесінің де өзіне ғана тән мәдени құндылықтары қалыптасады. Қазақ отбасы тәрбиесі өзіне тән ерекшеліктері оның халықтық педагогикалық мұраларының мазмұнымен түрлеріне бейнеленген. Көне заманнан–ақ қазақ халқында жазбаша педагогикалық еңбек жазып қалдырмаса да, білгір педагогтар, тәрбиешілер, ұстаздар болған. Олар өз көзқарастары мен әрекеттерінде белгілі бір дәстүрлі дүиниетанымды ұстанып, халықтың мұраттары мен арман- тілектеріне сүйеніп отырған. Қазақ отбасында дене, еңбек, ақыл-ой, адамгершілік, экономикалық, экологиялық, құқықтық ұйымдастыруға, салауатты өмір салтына тәрбиелеуге болады. Қазақ халқы еңбекті бүкіл тәрбие жүйесінің күре тамыры деп қарастырды. Еңбекке асыл мұрат деңгейінде қарайды. Еңбек тәрбиесі деп баланы еңбекке, сүйіспеншілікке, еңбек адамдарына құрметпен қарауға, халық шаруашылығының еңбек түрлеріне баулу, еңбек іс-әрекетінің барысында олардың дағдысы мен іскерлігін қалыптастыру, болашаққа мамандық таңдауға дайындауды түсінеді. Отбасында еңбекке тәрбиелеу, баулу мен кәсіптік бағдар беру, баланың қоғамға пайдалы, өнімді еңбекке тікелей қатысуы, оқуға деген сапалы көзқарасты тәрбиелеудің, жеке адамды адамгершілік және зиялылық жағынан қалыптастырудың негізгі көзі болып табылады. Сондай-ақ ,қазақ отбасында адам зиялылығының негізгі ақыл-ой тәрбиесі деп есептелінеді. Ақыл-ой тәрбиесі ойлау іс-әрекетінің шарты болатын білім қорымен қаруландыру, негізгі ойлау операцияларын меңгерту, зиялылық біліктерімен дүниетанымын қалыптастыру міндеттері шешіледі. Тәрбие басқа салаларымен тығыз байланысты. Тәрбиенің түрі экономикалық тәрбиеге деген қазақ халқы ерекше мән берген. Қазақ халқы бала тәрбиелеуде экономикалық тәрбие деген ұғымды пайдаланбағанымен, тәрбиенің бұл түрі отбасында мақал, өсиет айту, өнер көрсету арқылы жүзеге асқан. Мысалы: «Еңбе-өмірдің тұтқасы, тіршіліктің көзі», «Еңбектің түбі -береке», «Сараң дүниенің малын жайса да тоймайды» деген мақалдары дәлел бола алады. Бұл ата-бабамыздың экономикалық тәрбиенің негіздері еңбек тәрбиесінде екенін жақсы түсінгенін байқатады.

Ал, ата-бабамыздың қоршаған ортаны аялауы мен оған деген, ізгі мейірбан қарым-қатынасын мақтанышпен айтуға болады. Себебі, олар көшпенді өмір сүргендіктен әр кез өздерін табиғаттың бір бөлігі деп есептеген. Жер анаға деген құрмет пен ізет олардың санында ғасырлар бойы қалыптасқан. Мысалы, баланың тұсауын көк шөппен кесудің терең тәрбиелік мәні мен бірге тірі табиғатқа деген көзқарасын білдірген. Қазақ отбасындағы тәрбие құралдарының бірі болып есептелетін тыйым сөздердің мазмұны ата-бабаларымыздың экологиялықтәрбиеге зор мән бергенін дәлелі болып табылады. Мәселен, «Көк шөпті жұлма», «Отқа түкірме», «Үйге қарай жүгірме» және т.б. Қазақ халқы адамның сұлулық сезімдерін тұлға өмірінде зор рөл атқаратытын түсінген. Әсемдікті көре, түсіне, жасай білу адамның рухани өмірін байытады және өнер деп білген. Қазақ отбасындағы сұлулық тәрбиесінің мақсаты баланы көркемдік пен сұлулықты тануға, оған баға беруге, күнделікті өмірде адамның жеке басының, қатынасы үй жағдайы мен ішкі дүниесінің ұштасуының қалыптастыру және тағампаздыққы тәрбиелеуді көздеді. Қазақ отбасында баланың ерте есеюіне көп көңіл бөлген. Баланы ерте жастан-ақ жауапты іс-әрекетке тартып отырған. Мысалы, бес жасында атқа мінгізіп, бәйгеге қосу, қозы бағу, үлкендердің арасындағы дауды шешу, келіссөз жүргізу тағы сол сияқты істерге бірге ертіп жүрген.

Егеменді ел болып, тәуелсіздік алғанымызға 24 жыл, жас мемлекет үшін көп уақыт емес. Дегенмен аяғынан тік тұрып, қадамы нық болу үшін елдің болашағы-білімді, қазіргі заман талабына сай, жас ұрпақ тәрбиелеу-еліміздің, жалпы бәріміздің міндетіміз. Жас ұрпақтың бойына «Өнер –білім бұлағы, білім-өмір шырағы» деген сезімді жүректеріне жастайынан ұялатсақ, еліміздің келешегі, тірек тамыры берік болары анық.



















Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты 1.001-2009

2.«Отбасы және балабақша» журнал , № 5 , 2009жыл,

3.«Бала мен балабақша » №6,2013ж

4.Ғылыми-практикалық конференцияның материалдар жинағы . Актобе-2013ж .КРМУ







57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 12.01.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров117
Номер материала ДВ-330455
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх