Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Конспекты / Тәрбиеші Оразаева Айсұлу Мухтаркановнаның ұлттық дәстүрде мектепке дейінгі тәрбиелеуде алатын орны жайында
  • Дошкольное образование

Поделитесь материалом с коллегами:

«Ұлттық дәстүрде тәрбиелеу»C:\Users\user\Desktop\ОКШДС\2014-06-20\2358.jpg


Оразаева Айсулу Мухтаркановна

«Қуаныш» балалар бақшасы білім

беру комплексі» мекемесі

Семей қаласы




Еліміздің болашағы - жас ұрпақты тәрбиелеуде, бірінші бесік - отбасы, ата-ана тәрбиесі болса, екінші бесік - білім білім беру мекемесі, яғни баланың қоғамға өзіндік пайдасын тигізер тұлға болып дамып жетілуіне бірден-бір ықпал ететін орын – балабақша. Тек қана отбасындағы тәрбие баланы сөзсіз жан-жақты дамыған тұлға ретінде қалыптасуына аздық етеді.

Сондықтан да қазіргі заманға сай халқымыздың ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарын қымбат қазына ретінде бағалап, балабақшадағы тәрбие жұмысын кеңінен ұйымдастыра білуіміз керек. Адам баласы дүниеге келгеннен бастап, үнемі салт-дәстүр аясында өседі. Бала тәрбиесінде халыктың, тұрмыстық салт-дәстүрлердің туу себептерін, даму ерекшеліктерін ашып көрсетудің тәрбиелік мәні зор. Мектепке дейінгі ұйымдардағы балалардың жасерекшеліктеріне сай ата-баба дәстүрі мен халық педагогикасын басшылыққа алып, тәрбие жұмысын ғылыми негізде ұйымдастырып, ұтымды жүргізе білуіміз қажет. Ол үшін осы ұғымдардың мазмұнын түсіну керек.

«Салт – кәсіпке, сенімге, тіршілікке байланысты әдет-ғұрып, дәстүр. Ол ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отырады. Уақыт өткен сайын салтқа өзгеріс еніп, өзгеріп, қоғамға байланысты бейімделіп келеді. Жаңа қоғамдық қатынасқа сай келмейтін салт-дәстүрлер ығысып, өмірге қажетті жаңалары дамып отырады.

Дәстүр – ұрпақтан-ұрпаққа ауысатын, тарихи қалыптасқан нормалар мен үрдістер. Ол – қоғамдық ұйымдар мен халықтың мінез-құлқының, іс-әрекетінің рухани негізі. Жалпы адамзат есіндегілерді және әлеуметтік тарихи тәжірибені ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші және жинақтаушы. Дәстүрде бірнеше ұрпақтың мәдениеті мен мәдениеттілігінің көп түрлігі және бірлігі жинақталған. Ол қоғамдық өмірдің барлық саласын, тәжірибесін қамти отырып, қоғамның әр деңгейіндегі ақылды даналықты бейнелейді. Дәстүр мәдениетпен тығыз байланысты, сондықтан мәдениеті дамыған ел дәстүрге де бай. Ата-ананы құрметтеу, үлкенді сыйлау, адалдық, әділеттілік, мейірімділік сезімдері озық дәстүрлерге жатады.

«Салт-дәстүр дегеніміз – халықтардың кәсібіне, сенім-нанымына, тіршілігіне байланысты қалыптасқан ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отыратын қоғамдық құбылыс. Ол ұлттың ұлт болып қалыптасуымен бірге туып, бірге дамып келе жатқан тарихи және көне үрдіс. Адамның бүкіл өмірі мен іс-әрекеттері салт-дәстүрлерден өзекті орын алып, адамның дүниетану көзқарасын қалыптастыратын тәрбие мектебі болып табылады.

Халқымыздың ұлттық мәдени мұраларында балаға рухани, жалпы адамзаттық құндылықтарды түсінуге, қоршаған дүниені тануға қатысты мәселелер кең қамтылған.

Бірақ осындай ғажап халықтық тәрбиенің іс-жүзінде толық орындалмай, тәрбие ісінде нақты, жүйелі жүзеге аспай отырғандығын, балабақша тәжірибесінде жүргізілген тәрбие жұмыстарының мазмұны жұтаң, жүйесіз, балалардың өздік шығармашылық іс-әрекеттеріне, ұлттық тәрбие элементтерінің енуіне қажетті жағдайлар жасалмай келгенін байқасақ - оны жоюға тікелей әсер ететін отбасы және педагогтар саналады.

Балабақша бала тұлғасының қалыптасып, білім нәрінің бастау алатын алғашқы білім ошағы. Сол себепті де баланы балабақшаға берер сәтте ата-ана ойланулары қажет. Ол өз ұлтын, отбасын, жерін, елін сүйіп өсер азамат болып тәрбиеленуі үшін, бала өз ана тіліндегі балабақшаға бару қажет. Ол балабақша қоры ұлттық болмыспен қамтамасыз етілуі шарт. Яғни, ұлттық ойындар ойнатылып, ұлттық ертегілер, ұлттық ойыншықтармен, тіпті ұлт тіліндегі тәрбиелік маңызы зор мультфильмдердің көрсетілуі талап етілуі қажет.

Соңғы жылдары мектепке дейінгі ұйымның тәрбие үрдісінде халықтық педагогика идеяларын қолдануға көп көңіл бөлінуде. Әйтсе де, осы салада ғылыми әдебиеттер мен мектепке дейінгі тәрбие мекемелерінде тәрбие жұмыстарына талдау жасай келіп, ұлттық салт-дәстүр арқылы тәрбиелеудің теориялық, тәжірибелік тұрғыда да өз дәрежесінде жүргізілмей отырғандығы көрінеді. Білім беруде халық ауыз әдебиеті үлгілерін, халықтық музыка, ұлттық ойындар, өнер, салт-дәстүрлерін тұтас қамтып, бірлікте жүргізу көзделді. Олар тәрбиленушілердің жасерекшеліктеріне сай мазмұндық деңгейі әркелкі болып жүзеге асырылуы тиіс. Балалардың әрбір іс-әрекетінде ұлттық ерекшелік қанық бояумен әрленіп, дараланып тұруы көзделеді.

Сонда ғана баланы халықтық дәстүрлерде тәрбиелеу мен дамыту мүмкіндігінің жұтандығынан құтыламыз. Ол үшін алдымен тәрбиешінің теориялық білімі қажет. Балабақшалардағы тәрбиелеу – білім беру үрдісінде ұлттық салт-дәстүрлердің озық идеяларын қолданудың тәжірибелік іскерлік-дағдыларын меңгеруі тиіс.

Балабақша – тәрбие бесігінің бірі. Сондықтан да қазіргі заманға сай халқымыздың ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын адамгершілік дүниеміздегі қымбат қазыналардың бірі ретінде бағалап, тәрбие жұмысын қалай кешенді ұйыдастыруға болатынына тоқталмақпыз. Адам баласы дүниеге келген күннен бастап, үнемі салт-дәстүрлер аясында болады. Сондықтан да бала тәрбиесінде халықтық тұрмыстық салт-дәстүрлердің туу себептерін, даму ерекшіліктерін, орнығу заңдылықтарын ашып көрсетудің тәбиелік мәні зор. Мектепке дейінгі мекемелердегі балалардың жасерекшеліктеріне сай ата-баба дәстүрі мен халықтық педагогиканы басшылыққа алып, тәрбие жұмысын ғылыми негізде ұйымдастыра отырып, ұтымды жүргізе білуіміз қажет. 

Біз, яғни болашақ ұрпақ тәрбиесімен айналысатын тәрбиешілер халқымыздың таусылмас бай асыл мұрасына жүгінсек, ұрпағымыз біздің іс-тәжірибемізге, ой-санамызға, парасатымызға жүгінуі тиіс.

Қазақтар балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле”, - дегендей халқымыздың бойына сіңген атадан балаға жалғасып келе жатқан ұлттық тәрбиесі өзге ұлттардан ерекшеленіп, өздеріне тән қасиеттерді көрсетіп тұратындығын жоққа шығармай, ұстануымыз керек.

 



Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 13.11.2015
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Конспекты
Просмотров211
Номер материала ДВ-151023
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх