Инфоурок / Дошкольное образование / Другие методич. материалы / Тәрбиешілерге арналған "Ойындар жинағы"
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

Тәрбиешілерге арналған "Ойындар жинағы"

библиотека
материалов

hello_html_2ada0faf.gif Қазақстан республикасы

Білім және ғылым министрлігі

Ақтөбе облысы

«Достық» балабақшасы МКҚК



DSC00172














11.12.2015ж


K:\Новая папка\DSC01200.JPG












Ембі – 2015жыл







Кіріспе


Бала тәрбиесі отбасынан басталады десекте, ғылымға негізделген әдіс-тәсілмен берілетін тәлім-тәрбие ісі көбіне балабақшадан басталып,мектептежан-жақты педагогикалық өрісін табады.Әсіресе балабақшадағы тәрбие бала табиғатына ерекше әсер етеді.

Дені сау,рухы таза,ұрпақ өсіру ең маңызды мәселенің бірі болып саналады.»Бірінші байлық- денсаулық» дегендей балалардың денсаулығыннығайту,шынықтыру,түрлі аурулардың алдын алу,сақтану жұмыстары дәстүрден тыс әдістерді қолдану арқылы жүргізу қажет.

Денсаулықтың,көп жасаудың бір кепілі- қимыл-әрекет, ұдайы шынығу,еңбек ету екені ғылымда дәлелденген.






Құрастырған «Балдырған» тобының тәрбиешісі:Калиева Гульмира Куандыковна




















«Лақ пен қасқыр»(тәрбиеші балалармен бірге)


Санамақ бойынша қасқыр мен лақты сайлап ортаға шақырады.Қалған балалар қойшылар болады.Қойшылар бір-бірінің қолын ұстап шеңбер болып айналып жүреді. Шеңбердің ортасында лақ жайылып жүреді. Шеңбердің сыртындағы қасқырортадағы лақты жеуге ұмтылып жүреді. Егер қасқыр лақты шеңбердің ішінде ұстап алса ойын жалғасады.


«Өз түсіңді тап»


Тәрбиеші балаларға 3-4 түсті кішкене жалаушаларды таратып береді:қызыл,көк,сары,жасыл.Түсі бірдей жалаушасы бар балалар, жалаушаның түсімен алдын ала белгіленген бөлменің әр бұрышына жиналады. Тәрбиешінің «Ойнап келіңдер!» деген белгісі бойынша балалар алаңның(бөлменің) әр жағына тарап кетеді. Тәрбиеші «Өз түсіңді тап!» деген кезде балалар өз түстері бар жалаушаның қасына жиналады. Тәрбиеші қай топ бұрын жиналғанын белгілейді.Сонан соң,ойын қайталанады.(5-6 рет)



«Ақ доп,қызыл доп»


Балалар шеңбер болып тұрады.Тәрбиеші түрлі түсті доптарды ортаға көптеп үйіп қояды. Тәрбиеші ақ доп дегенде,қай бала ақ допты,,бірінші болып ұстаса,сол бала жеңіске жетеді.Қай бала доптарды түсіне қарай ажырата отырып,көп жинаса сол жеңіске жетеді. Балалар тәрбиешінің дыбыс беруінің көмегімен ойынды бастайды.


«Поезд»

Балалар колоннаға бі-бірден тұрады(бі-бірімен қолдаспай),Біріншісі паравоз,қалғандары-вагондар. Тәрбиеші гудок белгі береді де, поезд алға жылжи бастайды, ең әуелі баяу,кейін жылдам,жылдамырақ және ең соңына балалар жүгіреді. «Поезд станцияға жақындап келеді»-дейді тәрбиеші. Балалар жүрісті бірте-бірте баяулатады да, поезд тоқтайды. Балалар серуенге шығады. Олар жан-жаққа тарап, гүлдер,саңырауқұлақтар тереді. Гудокты ести сала олар қайтадан колоннаға тұрады да,поездің қозғалысы жаңадан басталады.Ойын 4-5 рет қайталанады.






«Допты дәлдеп лақтыр»


Балалар екі топқа бөлінеді.Екі топтан екі бала шығады.Екі баланың қолына 2доп беріледі,4-5 метр қашықтықта белгіленген орынға(дөңгелекке)лақтырады.Осылай әр топтың балалары допты лақтырып шығады да,қай топтың балалары дөңгелекке көп тигізсе сол топ жеңіске жетеді.



«Күміс алу»


Тәрбиеші жерге тиын теңгелерді шашып тастайды.Балалар екі топқа бөлінеді.Күміс атауға топтың екі баласынның қолына кішкентай екі қапшық беріледі.Ойын тәрбиешінің белгісі бойынша басталады.Қай топтың баласы жылдам,көп жинап келсе сол топ жеңіске жетеді.



«Күн шуақ және жаңбыр»


Балалар залдың қабырғасынан бір шама алысырақ қойылған орындықтардың арт жағына жүрелерінен отырады да,терезеден қарайды(орындықтың артындағы саңылаудан).Тәрбиеші «Күн шуақ! Ойнап келіңдер!»-дейді.Балалар алаңда жүгіреді. «Жаңбыр,тезірек үйге қайтыңдар!»-деген белгісі бойынша барлығы өз орындарына қарай жүгіреді және орындықтардың арт жағына келіп отырады.



«Ойыншықты алып кел»


Ойыншықтарды(сылдырмақ,кішкене кубиктер)бөлімінің,алаңның қарама қарсы жағына орналастырады.Тәрбиеші балаларды өзіне шақырып алады да, ойыншықтарды алып келуін өтінеді.Оның нұсқауы бойынша балалар ойыншықтарға қарай жүреді немесе жүгіреді. Ойыншықтарды тәрбиешіге алып келеді. Ол балаларды мадақтайды, ойыншықтарын қайтадан апарып қоюын өтінеді.

Нұсқау

Ойынды тапсырмалар қосып,күрделенуге болады.Ойыншықтарға тар жолмен немесе онша биік емес заттардың үстімен алып өту.



«Кешікпе»

Кубиктер мен сылдырмақтарды еденде шеңбер бойымен орналасады.Балалар кубиктердің жанына тұрады. Тәрбиешінің белгісі бойынша олар бірін-бірі қағып,соқпай және кубиктерге тиіп кетпей бөлмені айнала жүгіреді. «Кешікпе!» белгісі бойынша балалар өз кубиктеріне қарай жүреді және кубиктерге тиіп кетпей бөлмені айнала жүгіреді. «Кешікпе!» белгісі бойынша балалар өз кубиктеріне қарай жүгіреді.


Секеңдеп және секіріп ойналатын ойындар



«Қоймадағы тышқандар»


Балалар тышқандарды бейнедейді.Олар алаңның бір жағындағы орындықтармен скамейкаларда отырады немесе түргеліп тұрады.(тышқандар індерінде) Қарама –қарсы жақта биіктігі 40-50 см шамасында жіп керілген, одан әріректе қойма бар. Ойнаушылардың бір жағында мысықтың рөлін ойнаушы тәрбиеші отырады.

Мысық ұйықтайды, ал тышқандар қоймаға қарай жүгіреді. Қоймаға кіріп бара жатып,олар жіптің астынан еңкейіп өтеді.Тышқандар қоймадан жүгіріп шығып,індеріне тығылады.(мысық тышқандарды ұстамайды.Ол тек ұстағысы келгенсиді)Сонан соң мысық өз орнына келіп, ұйқыға кіріседі,ойын жалғаса береді.

Ойын 5-6 рет қайталанады.

Нұсқа

Жіптің астынан өткенде оған тиіп кетпеу үшін төменірек еңкеюге тырысады.



«Қояндар»

Алаңның бір жағына бормен кішкене шеңбер сызылады(5-6)бұлар қояндардың үйшіктері.Олардың алдына орындықтар қойылады.Қарама-қарсы жағында күзетшінің үйі бар.(тәрбиеші отырған орындық)Үй мен қоян күркелерінің арасында қояндар серуендейтін кішкене шалғын бар.Тәрбиеші ойынға қатысушылардың бәрін 3-4 баладан шағын тотарға бөледі.Әрбір топ еденде сызылған шеңберлердің біріне барып отырады.Балалар тәрбиешінің нұсқауы бойынша жүрелерінен отырады.(қояндар күркелерінде отыр) Тәрбиеші күркелерінекезекпе-кезек барып,қояндарды шалғынға шақырады.Қояндар бірінен кейін бірі орындықтың астынан еңбектеп шыға бастайды. Шалғында жүгіріп,секіріп ойнау бастайды.Біраздан соң тәрбиеші «күркеге қарай жүгіріңдер» дейді.Қояндар үйге қарай асыға жүгіреді. Орындықтың астынан еңбектеп өз торларына кіреді.Күзетші оларды қайтадан серуенге шығарғанға дейін қояндар торда отыра береді.Ойын 4-5 рет қайталанады.


Нұсқау

Еңбек ету үшін орындықтың орнына планканың тіреуіне қойылған доғаны немесе керілу жіпті пайдалануға болады.








Ұлттық ойындар


«Күн мен түн»

Бұл ойын алаңда ойналады. Алан ортасына көлденең сызық сызылады да, оған қарам-қарсы екі жағынан әрбір бір метр сайын тағы екі сызық сызылады. Ойыншылар саны жағынан бірдей екі топқа бөлінеді. Топтың біріне “күн”, екіншісіне “түн” деп ат қойылады. Ойын жүргізуші топтың бірінің атын атайды. Мәселен; ойын жүргізуші “күн” деп дауыстаса, “түн” тобындағы ойыншыларды мәре сызығына дейін қуып барады. Ойынның мақсаты қарсыластар тобынан көп адам ұстау.


«Тұтқын алу»

Ойнаушылар екі топқа тең бөлінеді. Екі жақтан бір –бір ойыншы ортаға шығады да, теріс қарап тұрып, қолдарын айқастырып көпір жасайды. Тізбекте тұрған бірінші топтың ойыншылары бір-бірлеп көпірдің астынан өте бастайды. Осы кезде екінші топтың ойыншылары бірінші топтың ойыншыларын өткіздеуге тырысады. Өте алмаған ойыншылар тұтқын есебінде сол топта қалып қояды. Ойын қайталанған кезде көпірдің астынан екінші топ өтеді де, бірінші топ тұтқындарды ұстайды.


«Күзетші»

Ойыға қатысушылардың санына шек қойылмайды. Ойыншылылардың арасынан екі бала шығарылып, көздері орамалмен байланады да, қолдарынан ұстап, араларын ашып, қарама-қарсы тұрады. Олар күзетшілер. Қалғант ойыншылар білдіртпей олардың қолдарының астынан еңбектеп өтуге тырысады. Ал күзетшілер өтіп бара жатқан ұрыны сезіп қалса, қолдарымен баса қоюлеры керек. Ұсталған ұры күзетші болады. Ойын осылаша жалғаса береді.


«Тауық күрес»

Ортаға үлкен шеңбер сызылады. Шеңбердің ішіне екі бала кіреді. Олар бір аяқтарын көтеріп, бір қолдарын артқа ұстайды. Ойынның шарты: бірін-бірі итеріп, шеңберден шығарып жіберуі керек. Шеңберден шыққан ойыншы жеңілген болып есептеледі.


«Жаңылма»

Бір топ балалар қол ұстасып дөңгелене тұрады. Бір баланы қаламақ айтып тағайындайды да, ортаға шығарады. Шыққан ойыншы өлең не тақпақ, әңгіме айтып түрады да жата қалады, не өзінің құлағын ұстайды, бетін құбылтады (әр түрлі іс-әрекеттер жасайды). Ойыншының жасаған іс-әрекетін қайталай алмай, жаңылып қалған бала айыпты болады.





Біз де”

Ойынға қатысатын балалар қаз-қатар отырады. Ойын бастаушы ойыншылар алдына шығып, әңгіме айта бастайды. Егер ойын бастаушы балалар қосылатын сөз айтса, басқалар “біз де” деп қосылып айтады. Ал балалардың қосылмайтың сөзі болса, “біз де” деуге болмайды. Байқымай қосылып, әлгі сөзді айтып қалған бала ойыннан шығады.

Ойын жүргізуші:

  • Мен көлге барамын,

Балалар:

  • Біз де!

Ойын жүргізуші:

  • Онан балық ұстап аламын,

Балалар:

  • Біз де!

Ойын жүргізуші:

  • Балықты итіме беремін,

Балалар:

  • Біз де!

Ойын жүргізуші:

  • Итім жейді.

Осы кезде біреу: “біз де”- деп қалса, ойын тоқтайды. Қателескен бала өз өнерін көрсетеді.

«Ит пен қоян»

Балалардың арасынан қаламақ арқылы бір ойыншы “ит” ролінде тағайындалады. Қалған ойыншылардың бәрі қоян болады. Екі-үш қадам қашықтықтан ти қояндарды қуа жөнеледі. Оның ұстаған ойыншылары итке айналады. Сөйтіп барлық қояндар итке айналғанша ойын жалғасы береді.


«Аңшылар»

Ойыншылар екі топқа бөлінеді. Ортаға үлкен шеңбер сызылады. Ойыншылардың бір тобы үйректер-шеңбердің ішінде қалады. Екінші тобы аңшылар-шеңбер бойымен қатарға тұрады. Ойын жүргізушінің белгісі бойынша аңшылар үйректі қолдарындағы доптармен атып ала бастайды. Ойын уақытпен ойналады. Берілген уақыт өткеннен кейін аңшылар мен үйректер орындарын ауыстырады. Ойынның соңында белгіленген уақыт аралығында көп үйрек атып алған аңшылар тобы ұтқан болып есептеледі.


«Сөз табу»

Ойыншылар дөңгеленіп тұрады. Ойын жүргізуші кез-келген бір дыбысты айтып, қолындағы добын бір ойыншыға лақтырады. Ойыншы ойын жүргізушінің лақтырған добын қағып алып, аталған дыбыстан басталатын сөз айтып, допты кері ойын жүргізушіге лақтырады. Жүргізуші келесі ойыншыға басқа дыбысты айтып, допты лақтырады. Мәселен; д – дорба, а – Астана, қ – қасық, ш – шапан т.б.


«Алшы»


Ойын басталар алдында әрбір ойыншы сақасын иіреді. Кейде барлық ойыншылырдың сақасын бір бала уыстап алып, жерге шашады. Кімнің сақасы алшы түссе, сол ойынды бірінші бастайды Ойынға қатысушылар әр ойыншы үш-төрт асық тігіп, кезегімен ата бастайды. Сақа мен асық иірген кезде бірдей жағымен түскен болса, асықты алып әрі қарай ата береді. Сақа алшысынан түсіп, асық басқаша жатса да, асықты алады. Сақа мен асықтың жатысы сәйкес болмаса, асықты алуға болмайды. Кезегін келесі ойыншыға береді. Осылайша жердегі асықтар таусылғанға дейін ойын жалғаса береді.


«Оңқа»

Бұл ойын таза алаңдарда, үлкен бөлмелерде ойналады. Ойынның мақсаты-асық ұту. Ойнаушылар арасы 10 қадам екі түзу сызық сызады да, дәл ортасындағы сызыққа әрбір ойыншы өз асықтарын тігеді (тізеді). Тігілген асықтардың ортасынан бір асықты мұртынан оңқа тұрғызады. Ойнаушылар бірінің артынан бірі кезектері бойынша қатарға тұрып, қолдарындағы сақаларымен оңқаны ата бастайды. Егер кімде-кім оңқаға тигізсе, онда тігілген асықты түгел алады. Ал оңқағы тигізбей жанындағы асықтарға тигізсе, онда ол атқан асығын ғана алады. Асық таусылған сайын, қайтадан тігіліп отырады.

«Хан»

Ойыншылар кезегімен барлық асықтарды жинап алып, қос қолдап иіре бастайды. Әр ойыншы 5-6 асықтан шығарады. Көк асықтың ішінен бір белгілі, түсі бөлек асықты “хан” сайлайды. Барлық асықты иірген кезде “хан” ашық жатса, ханмен асықты атады. Айталық, “хан ” бүк түссе, “ханмен” бүк жатқан асықты атады, шік түссе, шік жатқан асықты атады. Ойынның шарты бойыншы: “ханмен” асықты атқан кезде басқа асықтарды қозғамау керек. Сөйтіп, ойынның шарты бұзылғанша, не болмаса, “ханмен” ататын асық болмай қалғанға дейін атып, асығын ала береді.


«Асық ату»

Аумағы 2-3 қадамнан тұратын шеңбер сызылады. Ортасына әр ойыншы келісім бойынша екі-үш асықтан тігеді. Сақасын иіру арқылы кезек алған ойыншылар 5-7 қадамдай жерде тұрып, тігілген асықтарды сақамен ата бастайды. Ойыншы сызықтың сыртына шыққан асықты ғана алады. Егер ойыншы бірде-бір асықты шеңбердің сыртына шығара алмаса, ойыннан шығады. Ойыншылардың бәрінің кезегі біткенде ойын қайта жалғасады.







Күндізгі ұйқыдан кейінгі сауықтыру гимнастикасы


* Күндізгі ұйқыдан кейінгі гимнастика балалардың көңіл-күйін көтеруге көмектеседі,бұлшық еттерге ықпал етеді,сонымен қатар майтабандылықтың алдын алу,омыртқаның дұрыс қалыптасуы;



* Төсектегі жаттығу немесе өз-өзіне массаж.

Балалар біртіндеп музыка әуенімен оянып,тұрақты көңілмен оянады.Содан соң,төсекте жатып 5-6 жалпы жаттығу жасайды.Болған соң тұрып,тәрбиешінің нұсқауымен бірнеше мәрте түрлі темптегі қозғалыстарды орындайды.(бір орында жүру,қалыпты жүру,массажды кілемшемен жүру,бірте-бірте жүгіру қимылдарын орындайды.)Содан соң барлығы ұйқы бөлмесінен ойын бөлмесіне өтіп (желдетілген,таза)музыка ырғағымен ерікті ритмикалық жаттығуларды жасайды.Комплекс тыныс алу жаттығуларымен аяқталады.



* Ойын әрекетіндегі гимнастика.

3-6 жаттығулардан тұрады.Балалар құстың,аңдардың,өсімдіктердің әрекетіне ұқсап,түрлі бейнелер жасайды.



* Массажды кілемшемен жүру.

Бұл жаттығуларды мейілінше ауа ваннасымен әрекеттестіріп,аптасына екі мәрте 5-7 мин. ұзақтығында жасауға болады.Массажды кілемше резиналық т.б құралдан жасалуы мүмкін.Басында балалар жолмен жылдам жүріп өтеді,сосын ортаңғы дәрежеде 1-1.5мин кейін,қалыпты жүріске ауыстырылады.Сосын

2-3 мин. көлемінде жүгіріп,жай жүріспен аяқталады.Балалар жалаң аяқ, тек іш киіммен болуы керек.



















Жаз мезгіліндегі сауықтыру іс-шараларының әдістемесі

Күн ваннасы



1.Күн ваннасын тәрбиеші өткізеді

2.Әдістемесі:күн ваннасы ашық жерлерде жүргізіледі.Организмге тіке түскен күн сәулелері әсер етеді.Күн ваннасын +18С температурасында өткізілу ұсынылады. +12С температурадан төмен немесе +27С температурадан жоғарыда өткізуге болмайды.Егер ауа-райы талабы сәтсіз болса,төменгі температурада дене бөліктерін күйдіреді.

3.Күн ваннасын бастамас бұрын 1 жеті бұрын ауа ваннасын өткізіп алу қажет.

4.Күн ваннасы астан 1,5 с кейін немесе асқа 30мин.қалғанда жүргізіледі.

5.Күн ваннасын жүргізу тәртібі:

-ауа дайындық ваннасы (10-20 мин)

-күн ваннасы (5-15 мин)

-қорытынды ауа ваннасы (20-30 мин)

6.Күн ваннасын аяқтаған соң су процедурасын қабылдаған жөн:жуыну,шайыну.аяқты жуу т.б.

7.Күн ваннасына ұсынылатын киімдер:

-бас киім,қалқаншасы бар,панамы;

-футболка,майка;

-трусы.

8.Ерекше нұсқаулар:

-бас міндетті түрде қорғалуы керек;

-дене бітімін мейілінше өзгерту;

-терді мұқият сүрту.

9.Күн ваннасы балалармен ойын процесінде жүргізіледі.

10.Күн ваннасы 10-11 с аралығында өткізіледі.

11.Күн ваннасы кезінде медбике бақылауында болады.

12.Су режимі қатаң сақталуы қажет.

13.Күн ваннасы адаптация мезгілінде жүргізілмейді.

Кері әсері:қатты аурушаңдық,ауырып тұрған балалар.









Жалпы жуыну

Жалпы шомылу балаларды сауықтыруда маңызы зор,сонымен қатар салауатты өмір салтына үйретеді.



1.Процедураны бастамас бұрын дененің төменгі бөлігін сүлгімен орау;



2.Кранды ашып,оң алақанды сулау және саусақ ұшымен сол қолды шынтаққа дейін апару;



3.Екі қолды сулап,иыққа қою.



4.Оң алақанды сулап,төстің жоғарғы бөлігін дөңгеленте сипау;



5.Екі қолды сулап,бетті жуу;



6.Алақанды ысқылап,құрғағанша сүрту;



7.Суды тигізу,бірте-бірте ұлғая түседі:

-кіші топ балалары бетін,қолын жуады;

-ересек топтағы балалар-бетін,мойын,төсін,иығын жуа біледі.



8.Бала денсаулығының жағдайын,бала организімінің дайындығын жіті ескеру керек (суға тітіркену т.б.)

























Саусақ жаттығулары

«Он тышқан»

Кіп – кішкентай он тышқан, Тәтті тоқаш пісірді. Пеш қақпағын ашқанда, Түсіп кетті қазанға. Саусақтарын күйдірді, Ілгері қарай тездетіп, Анасына жүгірді. Саусақтарға май жағып, Анасы бәрін емдеді. Байлап таңып жарасын, Бәріңде тоқаш аласың.

«Он саусақ»

Оң қолымда бес саусақ, Сол қолымда бес саусақ. Қосып едім екеуін, Тату болды он саусақ.

« Алақан»

Алақанды ысқылап, Амандас сен бәрімен, Саусаққа,саусақ тигізіп. Құлыпқа оны жабамыз, Саусақтарым тұрыңдар. Қояндарша секіріп, 1, 2, 3 қолға жинап күш.



«Салат»

Сәбізді алып тазалаймыз, Үккіштен үгіп майдалаймыз. Қанттан сеуіп дәмдейміз, Қаймақ құйып сәндейміз. Міне,дайын нәр тағам, Дәруменге байыған.



«Он саусақ»

Жалғыз саусақ тіпті де, Ұстай алмас жіпті де. Екі саусақ бірікті – Ине қолға ілікті. Үш саусағым орамды, Жүгіртеді қаламды. Өнерлі екен он саусақ, Қала салсақ,жол салсақ.

«Сақина»

Қолымызды созайық, Бейне бардай сақина. Айналдырып қарайық, Қандай әсем сақина. Айналдырып саусақты, Биші болып көрейік.





























Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 18 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-253242

Похожие материалы