Инфоурок Дошкольное образование Другие методич. материалыТәрбиешілермен жүргізуге арналған тренинг «Сенімділік-менің серігім»

Тәрбиешілермен жүргізуге арналған тренинг «Сенімділік-менің серігім»

Скачать материал

«Сенімділік-менің серігім» тренингі

 

         Мақсаты:  «Сенімділік» ұғымының мәнін ашу. Тәрбиешілердің бойында сенімділік қасиетін қалыптастыру. Өзіне, өзгеге, қоғамға сенім білдіруге үйрету.

Барысы:

Сәлеметсіздер ме, құрметті әріптестер? Бүгінгі тренингіміздің тақырыбы «Сенімділік-менің серігім» деп аталады.

1.     «Мен кіммін?» ойыны.

Әр адамның жеке басының ерекше қасиеті бар. Олар осынысымен өзгелерден ерекшеленіп тұрады. Сондықтан мынадай сұрақ туындайды: «Менің көзқарасыммен өзгелер бөлісе ме?...». Ойыншыға ақ парақ алып, оны көлденеңнен 3 қатарға бөлу тапсырылады. 1-қатарға «Мен кіммін?» сұрағына тез арада 10 сөзді жазып жауап беріңіз. 2-қатарға осы сұраққа сіздің туыстарыңыз, достарыңыз, әріптестеріңіз не деп жауап береді деп ойлайсыз, соны жазасыз. 3-қатарға топ ішінен біреу жазады.Ол  үшін жауап сұрақтары стол бетіне қойылады, әркім өзіне түскен парақты алып, иесі туралы 3-қатарды толтырады. Болған соң әркім өз парағын алады.

Талқылау

1.     3 қатардың ішінде қайталанған сөз бар ма?

2.     Бұл сөз нені білдіреді?

3.     Өзіне деген қатынасы (жағымды және жағымсыз)

2.     «Мен өзімді мақтаймын, мені біреу мақтаса...» жаттығуы.

Әр адам өзін мақтан тұтуы қажет. Сенің қазір өзіңді қандай да бір қасиетің,

Жаратылысың, сырт келбетің, жетістіктерің, жасаған әрекет-қылықтарың үшін мақтануға мүмкіндігің бар. Олай болса кезекпен өздеріңізді мақтап бастаңыздар. Бәрі мақтанып болған соң, ортаға бір адамнан шығады. Ортадағы адамды отырған басқа қатысушылар мақтайды.

Талқылау

1.     Сізге өзіңізді мақтау қиынға соқты ма?

2.     Сізді біреу мақтап жатқанда бойыңызда өзіңізге деген сенімділік пайда болды ма?

3.     Шығармашылық жұмыс

«Менің осы және келер шақтағы өзіме деген сенімділік бейнем»

Өзіңізге деген сенімділік бейнеңізді осы және келер шақта қалай көресіз,

елестете отырып суретін салыңыз.

         Талқылау

1.     «Сенімді адам» деген кім, қалай ойлайсыз?

2.     Салған суреттеріңіздің қайсысы сізге ұнайды?

3.     Келешекте өзіңізді кім деп көрдіңіз?

4.     «Бәрі жұлдыздар» жаттығуы.

Алдарыңызда түрлі түсті қағаздар, қайшы жатыр. Осы қағаздан өз

Жұлдыздарыңызды қиып алыңыздар. Қиып алған соң жұлдыздың бір жақ бетіне «Мен өзіме 100% сенімдімін» деп жазыңыздар. Сонан соң музыка қосылады.  Музыка аяқталғанша  жұлдыздарыңызды жоғары қарай көтеріп, «Мен өз-өзіме сенімдімін», «Менің қолымнан бәрі келеді»,  «Мен жұлдызбын» деп айқайлап айналып билейді. Музыка біткен соң жұлдыздарын  ватманға желіммен жапсырады.

         Қорытынды:

         Өзіне өзі сенімді адамдар әрқашанда өзі қалаған нәрсесін тез арада бастап кете алады. Сонымен қатар, олар өзіне-өзі сенімсіз жандарға қарағанда шешімді, қандай іске болса да тиянақты әрі өте сенімді болады. Олар өз-өздеріне сенімді болатындары соншалықты істегелі отырған әрқилы істерінен еш қателеспейді. Бұл жайлы АҚШ психологтары сенімді және сенімсіз адамдарды түрлі әдістермен, мәселен бір ғана гипнозбен адамның өзіне деген қорқынышы мен қаншалықты батыл екендігін анықтаған. Өзіне сенімді адамдар тәуелсіз келеді және олар алдағы жоспарларын өздері талдап, өзгелерден бұрын жемісін көреді.

Бір бөлме, сол бөлме қараңғы болса жарықты іздейсіз. Сізге жарық керек, жарық мына әлемге керек. Енді жарықты жаққан сәт бөлмеге нұр кіргендей болады. Сенімділік те дәл сол секілді. Сіздің ішкі жан дүниеңізді нұрландыратын күш. Адам өз-өзіне сенбесе ол бейне бір қараңғылық сияқты болып қалады. Өзіңізге сенбесеңіз. ешқандай істің басын бастамайсыз. Ал бастасаңыз аяқсыз қалдырасыз. Сол үшін сенімсіздіктің жаман жақтарына көз жеткізіп оны ойыңыздан алыстатуға тырысыңыз. Сіз өзіңізге неліктен сенбейсіз? Сіз әлсіз емессіз. Тек қана санаңызға сол ой кіріп алған. Ең бірінші өз ойыңызды өзгертіңіз. Ақ түсті көбірек көруге тырысыңыз. Өмірде адам жаман болмайды. Себебі өмірге жаман болып келмейді. Тек жаман ой ойлайды. Жаманмын дейді, сенбейді. Ал мұның бәрі жаман жолдың есігіне алып келеді. Оны ашпай тұрып, өз ойыңызды өзгертіңіз. Өзіңізге сенбеген кезде ең жақсы көретін нәрсеңіз жайлы ойлаңыз. Сіз де басқалармен бірдейсіз. Өзіңізге деген сенімділікті сол сәт бойыңызға жинаңыз. Сонда сіз алға ұмтылған басқа жандар секілді жақсылыққа талпынасыз. Жақсылық- ол сенімділік.

Сөз соңында айтарым, тек қана жақсылық ойлаңыздар. Өздеріңіздің сенімділіктеріңізді арттырып отырамын десеңіз, күнделікті  ұйқыдан тұрғанда айнаға қараймыз. Сол айнаның бір жағына «Мен өзіме 100 пайыз сенімдімін» деп жазып қойып, соған қарай әрекет етіңіз. Жұлдыздырыңыз жоғары, жарық болсын дегім келеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тәрбиешілермен жүргізуге арналған тренинг «Сенімділік-менің серігім»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

PR-менеджер

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 024 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 09.04.2016 3005
    • DOCX 20.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Садыкова Жанат Булатовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Садыкова Жанат Булатовна
    Садыкова Жанат Булатовна
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 15967
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности работы с детьми после кохлеарной имплантации в условиях дошкольного учреждения

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 35 человек

Курс повышения квалификации

Современные проблемы детей дошкольного возраста

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 12 регионов
  • Этот курс уже прошли 102 человека

Курс повышения квалификации

Развитие мышления и речи детей старшего дошкольного возраста

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 57 человек из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 453 человека

Мини-курс

Event-менеджмент и видеопродакшн: от концепции до успешной реализации

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 10 человек

Мини-курс

Методы маркетинговых исследований в интернете

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 20 регионов

Мини-курс

Психологические исследования и поддержка психического здоровья

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе