Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Тренинг " Адамдармен қарым-қатынас жолы"
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

Тренинг " Адамдармен қарым-қатынас жолы"

библиотека
материалов

hello_html_47a61bbb.pngЖұмағалиева Ақбота Талғатбекқызы-

ШҚО,Семей қаласындағы «Шығыс Қазақстан облыстық

дарынды балаларға арналған мамандандырылған

қазақ-түрік лицейі», педагог-психолог






Адамдармен қарым-қатынас жолдары

Көшбасшы болу шеберлігін үйрету мүмкін емес,

оған адамның тек өзі ғана үйрене алады.


Мақсаты : қатысушылардың бір – бірімен қарым –қатынасын жақсарту негізінде оларды адалдыққа, достыққа, бауырмалдылыққа тәрбиелеу.

І. Ұйымдастырушылық кезең

Сәлемдесу «Менің тренингтік есімім»

Шарты: Топ дөнгелек болып отырады, қатысушылар кезекпен сәлемдесіп, әр адам есімін айта отырып,өз бойындағы жақсы қасиеттерді қоса айтады.

Жүргізуші қатысушылардың бойында табылған нақты қасиеттерді саралап,қортындылай келе тренин сабақтың ережесін түсіндіреді.

ІІ. Негізгі кезең

«Жер сілкінісі» қыздыру жаттығуы

Мұнда топқа қатысушы адамдар 3-3-тен болып тұрады. Екеуі шатыр және бір адам олардың астында тұрады. Жүргізуші шатыр деген команда бергенде, шатыр жасап тұрған балалар ауысуы керек.Жүргізуші «адамдар» деген команда бергенде, шатыр астындағы адамдар орнын ауыстырады. Ал егер, «жер сілкінісі» деген команда болғанда, барлығы орын ауыстыруы керек.

«Ұқсастық шегі» жаттығуы

Шарты : Қатысушылар жұптасып отырады , А 4 қағаз беті және қалам қажет . Жанындағы жұбына қарап , ұқсастықты тауып , " Біздің ұқсастығымыз ." деп А 4 қағаз бетіне жазады . Ұқсастық табу үшін 4 мин уақыт беріледі . Жаттығуды орындағаннан кейін , жұп бір – бірінің жазған ұқсастығын оқып ,өз ойларын айтады .

«Пульс» жаттығуы

Дөңгеленіп отырамыз . Қатысушылар бір – бірінің қолынан ұстайды . Бір ойыншы ортаға шығады . Жүргізуші " басталды " деген белгі бергенде ойыншылар кезекпен қолдарын қысады . Ортадағы ойыншы пульстың қайда кетіп бара жатқанын табу қажет . Жүргізуші "тоқта "деген белгі береді

«Қатып қалу »жаттығуы.

Топтың бір мүшесі қозғалыссыз бір қалыпты қатып қалуы тиіс. «Реаниматордың»мақсаты оның рөлінде топ мүшелерінің бірі болады «тірілту» бұл адамды еріту болып табылады. Бұл үшін әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады мимика, көзқарас, сөздер және т.б ескеретін жайт «қатып қалған» адамға қол тигізбеуі тиіс.

Сәтті жұмыстың белгілері- «қатып қалғанның» еріксіз күлкісі және т.б болады.Содан кейін ортаға басқа біреу шығып, қатып қалады да жаңа «реаниматор» оны тірілтеді, бұл әрекет ары қарай жалғаса береді.

«Суретті аяқта» жаттығуы

Оқушыларға алдын ала даярлаған плакатта немесе тақтада бір нүкте салынады. Оқушылар кезек -кезек шығып,сол нүктеден бастап бір сызықтан салады, соңында шыққан суретті бағалап ,әркім өзі жүргізген сызық арқылы нені бейнелеуге тырысқанын және қандай сурет нәтижесінде шыққанын бағалайды.

«Жағымды сөздер» жаттығуы

Қатысушылар шеңбер бойымен отырады. Жүргізуші жағымды сөздер айта отырып, кез – келген біреуге доп лақтырады. Допты алған ойыншы шеңбердегі қатысушылардың кез –келгенін таңдайды да, оған өз жағымды сөзін айтып допты лақтырады. Доп қатысушылардың бәрінде болып шыққанға дейін ойын жалғаса береді. Жағымды сөздер қысқа, ең жақсысы бір сөзден тұрса болады.

Талдау : Мақтау сөзді айту жеңіл болды ма? Мақтау сөзді естігенде өзіңізді қалай сезіндіңіз? Алған әсерінің қандай?

ІІІ. Қорытынды кезең

«Менің құндылықтарым» жаттығуы

Біз көптеген асыл қасиеттерді табиғат иелерінен де үлгі қыла алмыз. Мысалы: Ара, құмырсқа, көбелек, құстар. Осылардың ішіндегі араға тоқталайықшы. Олар өте еңбекқор, ынтымақшыл, қайырымды.

Адамдар да сол сияқты әр түрлі жақсы қасиеттерді игерген, ал қазір жағымды қарым қатынас орнату үшін адамға қандай қасиеттер мен біліктілік қажет екенін айтыңдаршы! Барлығының ойын тыңдап қортынды жасалады.

Қоштасу Бір-бір бетке қатысушы балалардың аты-жөні жазылады. Сол бетке кез келген бала сол балаға тілектерін және не сыйлайтынын мысалы: «Қанат мен саған үлкен бақыт сыйлаймын немесе саған ашық мінез сыйлаймын!» деп жазуы керек.












Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-476191

Похожие материалы