Семинар-тренинг: «Қауіпсіз
интернет»
Мақсаты: қауіпсіз
интернетпен жұмыс жасауда ата-аналарға құқықтық, психологиялық,
техникалық аспектілерін таныстыру.
Көрнекілік:
презентация «Қауіпсіз интернет»
Семинар-тренинг
барысы:
1.
«Менің
тілегім» тренинг. Ата-аналар
амандасып, бүгінгі тренинг бойынша өз тілектерін айтады.
2.
«Қауіпсіз
интернет» презентация ұсыну.
3.
Ата-аналар
жұмысы «Интернет пен смартфонның зияны мен пайдасы»
Ата-аналар екі
топқа бөлініп тақтаға зияны мен пайдасын жазады. Әр оны мысалдар арқылы
дәлелдейді.
4.
Қорытынды
«Интернеттің
пайдасы мен зияны бар, бірақта сіз ....» тренинг. Қатысушылар сөйлемді
қайталап, көршісіне тілек айту арқылы жалғастырады.
С.Сатыбалдин
атындағы жалпы орта білім беретін мектеп
Семинар-тренинг: «Қауіпсіз
интернет» ата-аналар
жиналысына
АНЫҚТАМА
«Қауіпсіз
интернет» жалпы ата-аналар
жиналысының мақсаты: қауіпсіз интернетпен жұмыс жасауда ата-аналарға
құқықтық, психологиялық, техникалық аспектілерін таныстыру. Семинар-тренинг
барысында ата-аналар
жиналыс тақырыбымен, өтілу ретімен таныстырылып, бұл семинар-тренингтен
не күтетіндері жөнінде өз пікірлерін атап өтті. Семинар-тренингте
ата-аналарға
интернеттін құқықтық, психологиялық және техникалық аспектілерін презентация
арқылы таныстырылып, ата-аналар
тарапынан кері байланыс ретінде әр слайд бойынша мысалдар келтірілді. Тақырыпты
бекіту ретінде ата-аналарға
топқа бөлініп, интернет пен смартфонның зияны мен пайдасын интербелсенді
тақтада жазу ұсынылды. Ата-аналар тапсырманы белсенді орындады.
Қорытынды:
тренинг сонында ата-аналар бір-біріне
тілек айтып, семинардан алған әсерлерімен бөлісті.
С.Сатыбалдин
атындағы жалпы орта білім беретін мектеп
«ҚАУІПСІЗ
ИНТЕРНЕТ»
ата-аналарға
арналған семинар-тренинг
Педагог-психолог:
С.Р.Мазанова
2017-2018
о.ж.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.