Инфоурок Другое Другие методич. материалыТренинг "Баланы ата-ана тәрбиелейді"

Тренинг "Баланы ата-ана тәрбиелейді"

Скачать материал

 

 

 

«Баланы ата-ана тәрбиелейді

Ата-аналарға арналған тренинг

 

Мақсаты: отбасындағы балаға деген ата-ананың қатынасының стилін анықтау.

 

Орындау ережесі: Ұсынылған сұрақтарды мұқият оқып шығыңыз. Оларға ашық жауап беруге тырысыңыз.Тест бала тәрбиесіне байланысты белгілі бір қорытынды шығаруға көмектеседі.

    Жауап варианттар мына төменгі әріптермен белгілейді:

   «Мен мұны істей аламын және әрқашан осылай істеймін» - А

   «Иә,бірақ барлық кезде емес» - Ә

   «Жоқ,бұлай істей алмаймын» - Б

 

Тапсырмалар

Сіз:

1. Кез- келген уақытта жұмысыңызды тастап баламен айналыса аласыз ба?

2. Жасына қарамастан онымен ақылдаса аласыз ба?

3. Балаға жіберген қателіктеріңізді оның алдында мойындай аласыз ба?

4. Қателіктеріңіз үшін одан кешірім сұрай аласыз ба?

5. Балаңыздың әрекеті сізді қынжылтқанымен өзіңізді игере аласыз ба?

6. Балаңыздың орнына өзіңізді қоя білесіз бе?

7. Еш болмаса 1минутқа өзіңізді мейірімді перзент ретінде сезіне аласыз ба?

8. Балаңызды жаралайтындай сөздерді пайдаланудан өзіңізді үнемі аулақ ұстай білесіз бе?

9. Жақсы қылығы үшін балаңызға оның тілегін орындайтыныңызға уәде бере аласыз ба?

10. Балаңыз ойына келгенді істегісі келсе және өзін қалай ұстағысы келсе оның  әрекеттеріне еркіндік беріп, тірлігіне ешқандай араласпайтын бір күн бере  аласыз ба?

11. Басқа баланы сіздің балаңыз ұрса,негізсіз ренжітсе оны елемей қоя аласыз ба?

12. Балаңыздың өтініші мен жылауына егер ол еркелік немесе қырсықтық болса қарсы тұра аласыз ба?

 

Бағалау шкаласы

   1. «А» жауапқа -3 ұпай

   2. «Б» жауапқа - 2 ұпай

   3. «В» жауапқа -1 ұпай

  

Нәтижесін талдау.

30-39 ұпай жинасаңыз, бала-сіздің өміріңіздегі ең құнды адам. Сіз оны тек түсініп қана қоймай, оған құрметпен қарайсыз. Сіз тәрбиеде прогрессивті принциптерді қолданасыз. Жақсы нәтижелерге қол жеткізуіңізге ешқандай күмәндануға себеп жоқ.

16-30 ұпай жиналса, балаға қамқорлық жасау сіз үшін бірініші маңызды жұмыс, сіздің қамқорлығыңыз гиперқамқоршылықпен ұштасып тұр.

 

Диагностикалық кезеңнен кейін тренинг басталады. Оның негізгі ретінде ересек пен баланың өзара қызметтесуі болып табылады, сол себепті де оның басты мақсаты - ата-ана мен баланың серіктестік қарым-қатынасы мен қызметтестігінің қалыптастыру және дамыту болып табылады. Бағдарлануда Т.Гордонның, К.Роджерстің, Я.Адлердің, Р.Дрейкустің, Е.В.Сидоренконның, Е.И.Лебедеваның,Г .И.Исуртнканың  психологтар ұсынған жаттығуларды кеңінен қолданылады.

 

Тренингтің міндеттері:

1)      өз баласын түсіну мүмкіндіктерін кеңейту;

2)      баламен өзара қатынасты жақсы түсіну;

3)      баламен өзара әрекеттің жаңа дағдыларын меңгеру;

4)      отбасындағы коммуникацияны белсендіру;

 

Тренингті танысу жаттығуларынан бастаймыз.

Танысу

1. Балаңыздың аты- жөні, сыныбын айтып кетесіз де, бала есімінің бас әрпінен басталалатын баласының бір немесе бірнеше қасиетін айту. (мысалы: Айгул – ақылды, ажарлы, Сабыр – сенімді, т.б.)

2. «Мен кіммін және мен қандай ата-анамын?»                                                                                                                               

   Бұл жаттығуда әр адамға бір парақ қағаз бен қалам беріледі.  Қағазды екіге бүктеу керек.   «1ден 10 ға дейін баған бойынша реттік сандарды жазып шығыңыз.1-ші бетіне әр санның тұсына «Мен кіммін?» деген бір сұраққа, екінші бетіне «Мен қандаймын?» деген сұраққа жауаптарыңызды жазып шығасыздар. Жауап жазғанда өзіңізді ақиқатқа сай бағалап барлық оң және теріс қасиеттеріңізді шын көңілмен бағалаңыз.Бүктелген екі қағазды ашып оқыңыз.Қатысушылардың біреуі мысал ретінде өз «тізімін» дауыстап, топтағылардың барлығы еститіндей етіп оқып беруіне болады. Кездесудің соңында қатысушылар өз пікірлерімен бөліседі.

 

3. «Отбасы оқиғалары» жаттығуы.                                                                                  

    Жаттығуды орындау үшін үлкен қағаз парақтары және түрлі-түсті қарындаштар немесе фломастерлер қажет болады.

     Әрбір қатысушы қағазды екіге бөледі де, екі отбасылық естеліктің суретін салады-бақытты және жағымсыз құбылыстардың бір ғана отбасы ішінде болатынын жағдайлары бейнеленеді. Сурет салып болғаннан кейін  әр қатысушы топқа өз суретін көрсетіп, онда салынған оқиғаны түсіндіріп береді.

 

4. «Идеалды отбасы өмірі» жаттығуы.

   Топқа қатысушылар отбасының өміріндегі қуанышты немесе қайғылы оқиғаларды таңдап сахнада ойнайды.Қатысушылардың біреуі басқалардың арасынан рөлдерді орындайтын адамдарды таңдап алады да,идеалды отбасы өмірінен үзіндіні сахнада ойнайды.Қалған қатысушылар -көрермендер.Көрініс біткеннен кейін көрермендер көрген қойылымы туралы өз пікірлерін айтады.Содан соң көріністі басқа адамдар ұйымдастырады,ал бірінші қойылымға қатысқандар көрермен болады.Бұл жаттығу отбасына шын мәнінде не қажет екені туралы,қатынастар ерекшеліктері және отбасы мәселелері,отбасының дамуы туралы өз ойларын айтып талқылауға негіз болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тренинг "Баланы ата-ана тәрбиелейді""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Режиссер-постановщик

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 527 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 12.02.2016 1146
    • DOCX 37 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ахметова Бибинур Ескендировна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Ахметова Бибинур Ескендировна
    Ахметова Бибинур Ескендировна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 46740
    • Всего материалов: 17

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой