Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Школьному психологу / Другие методич. материалы / Тренинг. "Бірінші рет 5 сыныпқа!"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Школьному психологу

Тренинг. "Бірінші рет 5 сыныпқа!"

библиотека
материалов

«Бірінші рет 5 сыныпқа!» тренингі

Мақсаты:
5 сынып оқушыларына жаңа оқу кезеңіне сәтті бейімделуіне әлеуметтік-психологиялық жағдай жасау.
Міндеті:
Балалардың Мен-концепсиясы, нақты өзі-өзі бағалау мен төмен мектеп дербестігі арқылы тұрақты оқу мотивациясың қалыптастыру.
Құрдастармен, мұғалімдермен қарым-қатынас жасауға қажетті, балалардың әлеуметтік және коммуникативтік икемділіктерін дамыту.
Ішкі ресурстарын жұмылдыру, бір-біріне демеу көрсету.

Көрнекі құралдар: 2 ватман, кішкене доп, «Мектеп жолы» суреті.
Шеңбер:
Сәлеметсіздерме балалар. Сендерді көргеніме өте қуаныштымын. Бүгін біз «Бірінші рет 5 сыныпқа!» атты тренинг өткіземіз. Тренингіміз қызықты өтсін деп тілек айтқым келеді. Балалар, бір бірімізді қолымыздан ұстап «Сә-ле-мет-сіз-дер-ме!» деп бірге айтып амандасайық, ақырғы буында бәріміз бірге қол шапалақтаймыз.
Бүгінгі кездесуімізде мен Сіздерге психология ғылым туралы және осы ғылыммен айналысатын адамдар туралы таныстырап, айтқым келеді. Психология- жан дүние туралы ғылым, деп аударылады. Адамдардың барлығы өзінің Мен- деген сезіміне, өзінің ішкі жан дүниесіне назар аударады. Сондықтан әр адамды шағын психолог деп айтуға болады. Сендер де шағын психологтарсындар деп айтуға болады.
Бірақ нағыз психологтар адамның жан дүниесін ғана емес, адамдардың танымдық процестерін де зерттейді: ол, ес сақтау, эмоциялар, ерік, қиял, ой қабілеті, зейін, интуиция тағы басқа. Сонымен қатар психологтар психологиялық қасиеттерін: мінезін, темпераментін, қарым- қатынас стилін, танымдық процестерін арнайы өлшем құралдармен байқайды (тест, сауалнама деп аталады).
Зерттеу мен экспериментпен шектелмей, психологтар өмір бойы өздері үйреніп, басқа адамдарды қарым-қатынас жасауға, өзінді ұстауға, басқаларды түсінуге үйретеді. Жақсы оқуға, кез келген істі жақсы жасауға, басқа адамдармен сәтті қарым-қатынас жасауға өте пайдалы іс әрекеттерге үйретеді. Осындай пайдалы іс әрекеттеріне біз де бүгін үйренуге тырысамыз.
Ойын «Қар кесек»
Балалар біз қазір «қар кесек» ойынды ойнаймыз. 1-ші қатысушы 2-нші қатысушының көзіне қарап, өзінің атын айтады қол түйістіреді, 2-ші қатысушы 3-нші қатысушының көзіне қарап 1-ші қатысушының атын, өзінің атын айтып, қол түйістіреді. Солай бір бірімізге қарап тілегімізді ары қарай жалғастырамыз.
Сұрақ: Сенің бүгінгі күні көңіл күйін қандай?
- көңіл күйлерің өте жақсы болса жасыл дөңгелекті көрсетіндер
- көңіл күйлерің орташа болса көк дөңгелекті көтересіндер
- дербестікті сезсеңдер қызыл түсті дөңгелекті көтересіндер
Аттарымыз, көңіл күйіміз, ішкі дүниеміз әр түрлі болса да, бізге бірігіп сәтті жұмыс жасауға не қажет деп ойлайсыңдар?
Ережелер:
- Өз пікірін еркін айтуға болады.
- Басқа адамдардың пікірін ілтипатпен тыңдауы қажет
- Бір бірімізді мазақтауға, ескерту жасап, сөзін бөлуге болмайды.
Осы ережелерді сақтасақ тренингіміз сәтті өтеді.
Ойын «Тамшылар»
Сөздіктермен жұмыс. (Сынып ұжымын 3-ке бөлеміз)
Балалар, сіздерді бір неше психологиялық сөздермен таңыстырғым келеді (тұлға, агрессия, дербестік, мазалану, бейімделу, өзін-өзі бағалау)
Сөздіің мағынасы? Адамға қажеттілігі? Барлық адамдар одан өтеді ме? Осы параметрлардан адамдардың айырмашылықтары қандай?
Түсініктеме беріледі.
Ойын «Кемпірқосақпен жоғарғыға»
«Мектеп жолы» суретімен таныстыру.
Елестетіңдер Сендер саяхатшысыңдар. Қараңдаршы жолдың ең қиын кезеңінін өттіңдер. Осы кездерде (бастауыш сыныптарды) Сендерге қандай қиыншылықтар кездесті? Қиыншылықтарды қалай шештіңдер? Бастауыш сыныптарда менің есімде қалды... (сөйлемді жалғастырындар)
(Доп арқылы жауаптарын сұрау)
Мектепте қалай оқу керек деген тәжірибе алдындар, енді жолдарын қиын болмайды. Енді сіздер тәжірибелі саяхатшысындар ғой.
Ал, енді бесінші сыныптан не күтесін... (5 сыныпта не өзгерді, не қиын, не қызықты сөйлемді жалғастырындар)
5-9 сынып мектеп жолының ең маңызды бөлшегі. Осы кезеңді негізгі буын деп бекер айтқан жоқ.
Негізгі деген не? (Доп арқылы жауаптарды сұрау)
Оны қалай өту қажет?
Негізгі дегеніміз басты, бәрі оған байланысты, сондықтан осы негізді буында барлық күштерін салып оқу қажет.
Ойын «Комплимент»
Қатысушы қолына доп алады, басқа балалр осы баланың жағымды қасиеттерін айтады.
Ұсыныс: Әр адамдардың оған көмектесетін, жағымды қасиеттері бар, осы қасиеттер арқылы сыныптастарына көмек көрсетуі қажет, сонда өзіне көмек қажет болғанда сыныптастарың саған көмек жасайды.
Ойын «Өз әлеміңді құр»
2 топқа бөлініп сыныптастарымен бірігіп «Әлем» салыңдар, әлемдеріңе барлық сыныптастарына өзін жақсы сезінетін болуы керек. «Әлемдеріңді» атандар. Ойын «Баспа бойынша хат»
Қатысушылар, газетке тұрады. Тапсырма қаталанылады (газетті 2,4,6 қабатқа бүктеу)
Қорытынды:
Сұрақ: Сенің қазір көңіл күйін қандай?
- көңіл күйлерің өте жақсы болса жасыл дөңгелекті көрсетіндер
- көңіл күйлерің орташа болса көк дөңгелекті көтересіндер
- дербестікті сезсеңдер қызыл түсті дөңгелекті көтересіндер
Ойларымызбен пікірлесу.





Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 29.02.2016
Раздел Школьному психологу
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров135
Номер материала ДВ-494002
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх