Инфоурок / Школьному психологу / Другие методич. материалы / Тренинг "Біз және біздің жақынымыз"

Тренинг "Біз және біздің жақынымыз"


библиотека
материалов

«Жас өркен» колледжі


















Колледж психологы: Ж.Шакиева






























Қызылорда қаласы


Мұғалімдерге арналған тренинг


Жас өркен колледжінің психологы

 Шакиева Жанат Амирбековна


Психологиялық тренинг

Тақырыбы: «Біз және біздің жақынымыз»

Қатысушылар : мұғалімдер


Мерзімі: _______________________

Өткізілетін жері: № 306 каб


Құрал жабдықтар : компьютер,интерактивті тақта, ақ қағаз, түрлі қарындаш немесе қатысушының санына қарай фломастер.



Мақсаты: Айналамыздағы жақынымыздың рөлі қолдау көзі екенін түсіну, педагогтарда әр түрлі адамдармен қарым қатынас жасау дағдысы мен іскерлігін қалыптастыру,көңіл күйін бірлендіру

Міндеттері:

Адам өміріндегі жақыныңның рөлі ұғымын дамыту;

Жақын адам өмірдің тірегі болуын қалыптастыру;

Сонымен бірге оған өзінің көмек беруге ұмтылысы;

Жақын адамға қолдау көрсетуге өз мүмкіншілігіңізді түсінуге көмектесу.

Тренинг барысы:

Психолог:

І. Танысу тренингі: «Өзім туралы ребус»

Мақсаты: Қатысушылардың ойлауын, қиялдауын дамыта отырып, жақын танысуы, өзі туралы суреттер салу арқылы сергу.

Барысы: Әрбір қатысушы ақ парақты 6 бөлікке бөліп, әр бөлігінде өзі туралы бір мағлұмат шығатын етіп суреттер салады. Сурет салып аяқтағаннан соң бір-бірлеріне жақындап, келесі қатысушы туралы міліметтерді ребусты шешу арқылы табады.

ІІ. « Ағаш»әдістемесі (бейімделуді анықтау) Ағаштағы орныңыз қайсы?

Мақсаты: Тест адамның болмысын, оның эмоционалдық жай-күйін, қоғамдағы орнын анықтауға көмектеседі.

Ағаштағы адамдардың көңіл –күйі әр түрлі және әрқайсысының өзіне ғана тән орны бар. Ең алдымен, өзіңізге қайсысы көбірек ұқсайтынын анықтаңыз. Артынша ұқсағыңыз келетін адамды таңдаңыз.

Тест жауабы:

1.Ешнәрседен қорықпайтын, батыл мінезді адамдар №1,3,6,7 позицияларды таңдайды.

2. қандай жағдай болмасын достарынан қолұшын аямайтын, ақкөңіл адамдар№2,11,12,18,19 позицияларды таңдайды.

3.Кез келген қиындықты оңай өткеріп отыратын адамдар №4,позицияны таңдайды.

4. Шаршаңқы көңілсіз жүретін адамдар№5 позицияны таңдайды.

5. Көңіл көтеруді ұнатып, той томалақтан қалмайтын адамдар №9 позицияны таңдайды.

6. Іштей қапаланып, үнемі уайымдап жүретін, көпшіліктің ортасында жүруді ұнатпайтын адамдар №13,21 позицияны таңдайды.

7. Өзімен сырласып, өзі ғана білетін әлемде өмір сүретінн жандар№8 позицияны таңдайды.

8. Өмірдің әр сәтін бағалап, жан тыныштығын қалайтын адамдар№10,15 позицияларды таңдайды.

9. Бақытсыз, тағдырына лағнет айтып жүретін жандар №14 позицияны таңдайды.

10. айналасындағыларды өзіне бағындырып, мүмкіндіктерін асыра сілтейтін адам №20 позицияны таңдайды.

11.Көпшіліктің ықыласына бөленгенді ұнататын, өзгелердің пікіріне толықтай тәуелді жандар №16 позиоцияны таңдайды. Көп жағдайда № 17 позициядағы адамнан қолдау күтеді.


ІІІ. «Құнды қасиеттерді жинау»

Мақсаты: Өмірдегі үш нәрсе... (слайд)Өмірдегі құндылықты білу.

ІV. Бейнеролик. «Просто так»мультфильм

V. Релаксация

«Теңізге саяхат»релаксациялық жаттығу.

Қиын да қызықты жұмыстарыңыздан бір сәт дем алып, ойланайық.

Бұл медативтілік техника денедегі қысымды түсіруге бағытталған, музыкамен орындалады.

Жүргізуші: Жайланып отырыңыз, көзіңізді жұмыңыз.Терең демалыңыз,денеңізді бос ұстаңыз, денеңіз ауырлап бара жатқандай және оны теңіз толқынының лебі ұрып жатқандай сезініңіз.Өзіңізді жартастың үстінде тұрмын деп есептеңіз және алысқа көз жіберіңіз. Сіздің алдыңызда көгілдір теңіз , ашық аспан,және күн.Теңіз бір қалыпты дем алып, асау толқындары жағаға соғылып , қайтадан кейін қайтуда.Теңіз толқындары шуын естіп, толқындарға қызыға қарап, жағалаудағы теңіздің тұзды ауасын жұтып тұрсыз. Өз бойыңыздағы асқан ауыртпалықтан бір сәтке болса да арылғандайсыз. Сіздің рухыңыз жайлылық сезіміне толы. Сіз төменге түсіп, аяғыңызды шештіңіз, жалаң аяқ құмның қызуы мен жұмсақтығын сезіне отырып жүгірудесіз. Міне сіз судың жанына келдіңіз, толқындар сіздің аяғыңызды жуып жатыр, су жып-жылы әрі жұп-жұмсақ. Сіз қолдарыңызды бос тастап, басыңызды шалқайттыңыз. Күн сәулесі мен жеңіл самал жел сіздің бетіңізді өбуде, теңіз толқындарының тамшылары сіздің денеңізді баурап алғандай, Ерніңізде теңіздің тұзды суының кермек дәмі және бақыт күлкісі. Сіз өзіңізді кішкентай бала сияқты сезініп, жүгіргіңіз, секіргіңіз, су шашып ойнағыңыз,күлгіңіз келеді. Өзіңізге осы бірнеше минут ішінде не істегіңіз келсе, соны істеуге рұқсат етіңіз.

Сіздің қайтатын уақытыңыз болды. Міне сіз тағы да жардың басында тұрсыз. Сіздің демалыс пен бақыт сыйлаған ғажайып әлемге алғысыңызды айтыңыз.Көздеріңізді асықпай ашыңыз!

Қандай сезімде болдыңыз?Не сезіндіңіз?

VІ. Психологтың қорытынды сөзі

Арман баспалдағы.

Мақсаты:  «...шығып ал да арманыңның шыңына,сосын мейлі ұшып өл де, сырғана», - я, Мұқағали айтқандай армандаудан шаршамау керек. Арман мақсат-мұратыңның алғашқы баспалдағы. Арманы жоқтың мақсаты белгісіз, демек болашағы да бұлыңғыр. Армандай алатын адам рухани бай, түсінігі мол болады. Олай болса бұл тренинг мақсаты армандарымызды жандандырып, қатысушының армандарына жету үшін мақсаттарын жандандыра түсу.

Барысы: Еденге ақ парақтар қойылады. Қатысушы бұл парақтарды баспалдақмен баспалдақ ретінде көтеріле отырып, өз армандарын айту. Баспалдақтан түсер жолда сол айтқан армандарын қайталап өту.



Только до конца зимы! Скидка 60% для педагогов на ДИПЛОМЫ от Столичного учебного центра!

Курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации от 1 400 руб.
Для выбора курса воспользуйтесь удобным поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВЫ).

Московские документы для аттестации: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДБ-010676

Похожие материалы



Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 60% скидки (только до конца зимы) при обучении на курсах профессиональной переподготовки (124 курса на выбор).

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG