Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Воспитательная работа / Другие методич. материалы / Тренинг "Махаббат - өмір өзегі"

Тренинг "Махаббат - өмір өзегі"


  • Воспитательная работа

Поделитесь материалом с коллегами:

МАХАББАТ - ӨМІР ӨЗЕГІ .



Мақсаты: оқушыларға махаббат,сүйіспеншілік ұғымдарының құндылық ретінде мәнін

ашу.


Міндеттері:


  • «махаббат», «сүйіспеншілік» ұғымдарының адам өміндегі мәнін түсіндіру;

  • сүйіспеншілік қарым – қатынастарын дамыту ;

  • оқушыларды өз Отанын, туған жерін, ата-анасын сүюге тірбиелеу.

Шаттық шеңбері:


Балалар мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын.Демалыстарыңды қалай өткіздіңдер?

Балалар,өздерің көріп отырғандай,бізге бүгін көптеген қонақтар келіп отыр.Сол қонақтармен амандасып шығайық..(балалар алақандарымен амандасады).

Ал,енді сендерді шаттық шеңберіне шақырамын.

«Сәлем» деп амандасамыз қолымызбен,

«Сәлем» деп қараймыз қөзімізбен,

«Сәлем» деп айтамыз аузымызбен,

«Сәлем» (барлығы хормен айтады)

Қуаныш сыйлаймыз бәрімізге.(шапалақ астынан жоғары)


Тыныштық сәті.


Балалар еркін отырып жәй әуенді тыңдайды.

Қарсы алдымызда кереметтей нұрын шашқан күн төмен түсіп келе жатқандай.\\Күн мейірімді,әрі жақсылыққа толы,оның жылы шуағынан біз өзімізді жақсы күйде сезінеміз.

Күн жоғарыдан төменге түсіп,сендерді өзінің жылы нұрына бөлейді.Енді күн бетімізге,көзімізге түсті.Күн сәулесі бүкіл денемізге тарады,ол бізге күш – қуат берді.Күн шуағы (балалардың аттарын атайды)жақсы тілектер сыйлайды.Енді ,балалар, осы сезімді бойларыңда сақтап өз сыныбымызға оралайық.Ал,енді көзімізді ақырын ашамыз да терең (үш рет) демалып сыртқа шығарамыз.


Әңгімелесу.


-Қандай сезімде болдыңдар?

-Нені көз алдарыңа елестетіңдер?

-Күн бізге не сыйлады?

Ал сендер күнге не сыйлар едіңдер? (балалар жауабы )


Мәтінмен жұмыс.


Р.Рождественский «Махаббат шуағы».

Өмірдегі еңбектің рақаты,гүлдердің сұлулығы,ана мен баланың арасындағы қарым – қатынас та махаббат деген асыл сезімнен басталатынына көңіл аудартады.

-«Бәрінің бастауы – Махаббат !» - деген сөзді қалай түсінесіңдер?

-Махаббат неліктен адам жанын нұрға,көңілін қуанышқа бөлейді?




Мұғалім:

-Адам жүрегі махаббатқа,сүйіспеншілікке толы болса ғана мейірімділік,адалдық сияқты асыл қасиеттер үнемі байұалып тұрады.Өмірді сүю,Отанды,туған жерді сүю,білімге құштарлық та сүйіспеншілікке байланысты болады.Сендер шыр етіп дүниеге келгенде ата-анаңның қуанышында шек болмайды.Ал сендер алғаш рет сәби жүректеріңмен ананың аялы алақанын мейірленген махаббатын сезіндіңдер.Сондықтан да барлық жақсылықтың негізі осы махаббаттан басталып,адам жанын нұрға,көңілін қуанышқа бөлейді.

Әрбір адам өзіне,ата-анасына,Отанға,туған елге сүйіспеншілікпен қарайды.

Ыстық ықылас,шынайы сүйіспеншілік махаббат сезімін тудырады.

Әлемдегі бар жақсылық махаббат арқылы келеді.


Сергіту сәті.

-Қалай жағдайың?

-Жақсы! (үлкен саусағымен көрсетеді)

-Қалай жүресің?

-Былай! (екі саусақпен жүріп көрсету)

-Қалай жүгіресің?

-Былай! (екі қолын жинап ,жүгірген кездегі қимылды көрсетеді)

-Түнде ұйықтайсың ба ?

-Былай!(екі алақанын бетіне қояды)

-Қалай аласын?

-Былай!

-Қалай бересің?

-Былай!

-Қалай бұзық боласын?

-Былай! (екі ұртын томпитып жұдырықпен соғып береді)

-Қорқытасың ба?

-Былай!(көршісіне саусағымен қорқытады)

-Көңіл-күйің қалай?

-Өте жақсы!


Шығармашылық жұмыс.


З.Воскресенская «АНА» деген әңгімесін оқи отырып, аналарына деген ыстық сезімдерін білдіріп,қағаз бетіне түсіреді.


Дәйексөз.

«Бәрі махаббаттан басталады.»

В.Г.Белинский «Дүниеде ана махаббатынан қасиетті нәрсе жоқ.»


Жүректен жүрекке


Махаббат сенде !

Махаббат менде!

Махаббат барлық жерде!







Автор
Дата добавления 18.07.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров125
Номер материала ДБ-143830
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх