Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Школьному психологу / Конспекты / Тренинг на тему "МЕН+СЕН=БІЗ"

Тренинг на тему "МЕН+СЕН=БІЗ"

  • Школьному психологу

Поделитесь материалом с коллегами:

МЕН + СЕН = БІЗ



Мақсаты: Оқушылардың ішкі жан дүниесін ашуға және өзін еркін сезіне алуға үйретіу.


Тренинг барысында қаралып шешілетін міндеттер:
- Тиімді қарым-қатынасқа машықтану эмпатиясын дамыту.
- Сенімсіздіктен, қобалжудан, қорқыныштан арылу.
- Өзгелердің қызығушылығымен санасу.
- Өзін-өзі құрметтеуді, өзіне-өзі сенуді қалыптастыру.


Ұлы педагог В.А.Сухомлинскийдің сөзімен айтқанда, «Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес». Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірімен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады.

«Баланың ақыл-ой дамуын, қызығушылығын, қабілетін, бейімін білмей оны тәрбиелеуге болмайды», -дейді. Баланы барлық жағынан тәрбиелеу үшін, оны барлық жағынан білу керек деген дана педагогикалық шындықты әр кез есте сақтау қажет.


Барлығымыз шеңбер жасап отырайық . Қазір шеңбер бойымен кезекпен жүргізушінің оң жағындағы отырған қатысушыдан бастап топқа өзінің көңіл күйінің қандай екенін айтудан бастаймыз.


«Көңіл күйімізді жаттықтыру»
Мақсаты:Шынайы бейнелеп көрсете білу арқылы көңіл күйімізді жатықтыра алуға арналады.

Жүргізуші:Бүгін мен сендерге актер болуға үйретемін. Мен
сендерге нені көрсет десем, соны бет-әлпеттеріңмен бейнелейсіңдер.
1. Қабақтарыңды түйіп,ашулы адамның кейпін көрсетесіңдер
2. Қатты қорқу қажет.Қасқырдан қорыққан қоян сияқты немесе ұядан түсіп қалған балапан сияқты,мысықтан қорыққан тышқан сияқты және иттен қорыққан баланы бет -әлпеттеріңмен көрсету қажет.
3. Жылап тұрған адамды көрсету.
4. Жәй күліп тұрған адамды және қатты күліп тұрған адамды көрсету
5. Өлең айтып тұрған адамдың сезімін көрсете білу


«Көпір» ойыны.
Еденді бормен "көпір" (түзу) сызылады. Екі топ, бір-біріне
қарсы шыққан балалар "көпірден" құлап қалмай өтуі керек.
Балалар бір-біріне көмектесіп, орындарын ауыстырып, бір-
бірін өткізіп жіберулері керек.


«Джунглидегі жаңбыр»

Мақсаты: Балалардың дене қимылдарын жетілдіре отырып бірлесе қимылдауға, ауызбіршілікке жетелеу.

Жүргізуші: Шеңбер бойына жиналамыз, ортаға бір оқушыны қалдырып оқушылар жаңбыр жауғызады.

  1. Жаңбыр тамшылады

  2. Жаңбыр сіркіреп жауа бастады

  3. Жаңбыр нөсерлеп жауа бастады


Жаттығу «Құрметтім саған не тілейін?»

Мақсаты: Қатысушылардың бір – біріне деген қарым – қатынасын нығайту. Кері байланыс жасау. Бір – біріне деген ыстық ықыласты тудыру. Бұл ойында кішкене қиылған жүрекшелер таратылып, қатысушылар өз есімдерін жазады.

Жүргізуші есімдері жазылған жүрекшелерді жинап алады да жұптап қатысушыларды шақырып отырады. Ортаға шыққан жұп «Қымбаттым саған не тілейін?» – деп сөздерін бастап бір – біріне деген ыстық жүректен шыққан тілектерін айтады. (Әр жұп сайын қол шапалақтап, қошемет көрсетіп тырады.)




Автор
Дата добавления 14.12.2015
Раздел Школьному психологу
Подраздел Конспекты
Просмотров150
Номер материала ДВ-257105
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх