Инфоурок Школьному психологу ПрезентацииТренинг по психологии на тему "Болашақ-бүгіннен басталады!" (11-класс) ҰБТ-ға психологиялық көмек

Тренинг по психологии на тему "Болашақ-бүгіннен басталады!" (11-класс) ҰБТ-ға психологиялық көмек

Скачать материал

Әуезов атындағы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы:

«Болашақ бүгіннен басталады»

(интерактивті сабақ)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Педагог-психолог:

Мырзабаева Гаухар Толеуханқызы

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңа -тілек, 2016

 

 

 

Тақырыбы:

«Болашақ бүгіннен басталады»

 (интерактивті сабақ)

 

Мақсаты: А) Оқушылардың өзін-өзі тани білудің негізгі шарттарымен таныстыру, өзін бағалата отырып, өз бойындағы сапалық қасиеттерді дамыту.

 

Ә) ҰБТ тапсыруда өзіне-өзі сенімділікті және кез келген жағдайда жақсы бейімделуге дағдыландыру.

 

Б) ҰБТ-ға даярлық барысында оқушылардың ішкі әлемін қалыптастыруға ықпал жасау, ішкі психикалық күшін дамыту.

 

В) Өз бетінше шешім қабылдай алатын, бәсекеге қабілетті толыққанды дамыған тұлға қалыптастыру.

Қажетті материалдар:

А4 қағаз, магнитафон, конверт, қалам, бояулар, қайшы.

 

Тренинг барысы:

І. Кіріспе:

- Бір күні Насредин атты адам үйіне кеш келе жатыпты. Келе жатып үлкен қамалдың жанынан өтіп бара жатып атты адамдардың даусын естиді де, қарақшылар деп қаша жөнеледі. Қашып бара жатып шалынып құлап, жаңа қазылған орға түсіп кетіпті. Ал шын мәнінде атты адамдар қарақшылар емес, кәдімгі диханшылар еді. Олар қашқан адамды көріп:

- Мына адамға көмек керек болар, барайық, - деп  Насрединнің жанына барады. Барып «Не істеп жатырсыз»,- деп сұрайды.

Сол кезде Насредин өзінің қателігін түсініп, «Бұл күрделі философиялық  сұрақ. Ең бастысы сіздер мен үшін осындасыздар, ал мен сіздер үшін осындамын» ,- деген екен. Олай болса, сіздер мен үшін, мен сіздер үшін осында жиналып отырмыз. Сол үшін жақсы көңіл-күйде, жақсы қарым-қатынаста тренингімізді бастайық.

ІІ. Сәлемдесу: Қатысушылар өзіне ұнаған ұлт өкіліне сай амандасады. Бірақ бір-бірін қайталамау қажет.

Талдау: Неліктен осы сәлемдесуді таңдадыңыз?, Қандай әсер алдыңыз?, Кімнің сәлемдесуі ұнады?.

ІІІ. Танысу: «Менің есімім» (тренингке қатысушыларды ортаға бейімдеу, бір-бірімен жақын таныстыру). Қатысушылар шеңбер болып отырады. Сағат тілімен оң жақта отырған қатысушы өзін осы тренинг барысында ұнаған есіммен, не ұнататын атақты адамдардың атымен таныстырады. Танысқанымызға қуаныштымыз. Рахмет. Жаттығу аяқталды.

Талдау: Не сезіңдіңіз?, Өзіңізді басқа атпен атаған қиын болды ма?, Өзіңіздің жақсы қасиетініз атаған қиын болды ма?

 

 

Өз жолым бар, сонан соң өз атым бар,

Тағдырым бар сыр тұнған сезімімде әр.
 Күнді бетке ап жол тартып бара жатқан

Өмір көшіне ілескен мен,  жас балапан                     

   (Б. Үсенов)

IY Сабақтың ережесі: Сіз өзіңізді патша немесе ханшайым екендігіңізді елестетіңіз. Ал мына сынап сіздің патшалығыңыз. Мына ережелер сол патшалықтың заңы. Сіз, сіздің патшалығыңыз соған бағыну қажет.         

Патша ережелерін қабылдау:

         Үндемеу  ережесі

         “Қазір және мұнда” ережесі

          Сөзді бөлмеу ережесі

          Қатынас көптігі ережесі

          Тыңдап ал, содан кейін айт ережесі

          Белсенді болу ережесі

         “Тоқта!” ережесі

         “Пирог” ережесі

          

Өлең сөзін оқу:

 

Мына өмірде, жүрегіңде,

Бойыңда ыстық қан барда.

Болмысты да, болмасты да

Болады деп арманда.   (М. Мақатаев)

 

Әр адамның өз алдында белгілі бір мақсат болады.  Мұндай мақсат, адамның жүрегінің түкпірінен орын алып, сол мақсатқа жетуге деген жоғары күш пайда болдырып, үнемі жүрек соғысы соны қаласа…,
Бұл қол жеткізуге деген зор мақсат болады…
К.Маркс

 

V «Менің жан дүниемнің жыл мезгілі»

А. Қыс мезгілі адамға тыныштық береді.  Сол сияқты сіздің алдыңызда келесі кезеңге қалып тұрған, әзірше маңызы жоқ мақсатыңызды жазыңыз.

Ә.  Сіздің өміріңізде әлі де қалаулы емес, бірақ сіз үшін маңызды, соған қарай әрекеттенуге бағытталу қажет деген мақсатыңызда жазыңыз

Б. Жазда тіршілік өзінің толық жайқалған, өз жемісін, гүлін беретін  кезеңіне келеді.
В. Сіз өз іс-әрекетіңіздің нәтижесін көремін деген мақсатыңызды жазыңыз
.

Күз піскен жемісті, егінді жинайтын кез.  Сіз неге қол жеткіздіңіз, қандай мақсатыңыз орындалды соны жазыңыз.

 

 

 

 

YI “Поезд” сергіту
 жаттығуы – энерждайзер

Басқаларға қараңыз, сізде және басқаларда көп нәрсе ортақ.

 

 YII.«Сіз армандай аласыз ба?» тест

Ø Қолыңызға газет, журнал алсаңыз алдымен қарап шығасыз ба, әлде дереу оқуға кіресесізбе?

Ø Ренжіген кезде әдеттегіден артық тамақтанасыз ба?

Ø Тамақтану барысында жеке шаруаңыз туралы ойланасыз ба?

Ø Махаббат барысында хаттарыңызды сақтайсыз ба?

Ø Сізді психология пәні қызықтыра ма?

Ø Көлікпен үлкен жылдамдықпен жүруге қорқасыз ба?

Ø Өлім туралы ойдан қорқасыз ба?

Ø Ұйықтар алдында армандауды ұнатасыз ба?

Ø Сегіз сағаттық ұйқыдан кейін де қатты шаршайсыз ба?

Ø Махаббат туралы романдарды оқисыз ба?

Ø Жеке қиыншылықтарыңызбен бөлісесіз бе?

Ø Жалғыз қалуды ұнатасыз ба?

Ø  Ыңғайсыз жағдайлар болса, уайымдап, ауыратын кездеріңіз бола ма?

Ø Ой құшағында тұрып, аялдамаңыздан өтіп кеткен кезіңіз болды ма?

Ø Сіздің басқа қалаға көшіп кету туралы ойыңызбола ма?

Ø Адам мінезі туа бітеді деп ойлайсызба?

Ø Киноға жиі барасыз, әсересе махаббат туралы көркем фильмдерге?

Ø Әрбір «иә» деген жауапқа 5 ұпайдан жазыңыз. Ұпайларды санаңыз

 

 

Ø 75-85 ұпай аралығы. Сіз шындықтан қорқақтайсыз. Анда-санда шындыққа тура қарап отырғаныңыз абзал. Бұл сіздің өміріңізге жөн сілтейді.

Ø 55-70 ұпай аралығы. Сіздің арманыңыз өмір шындығымен үйлесе бермейді. Әрине бұл сізге кедергі келтіреді, бірақ оған мән бере бермейсіз. Өмір сүруге байланысты туындаған сұрақтардың мүлтіксіз жауабын іздемеңіздер.

Ø 30-50 ұпай аралығы. Сіз шындық пен қиял арасындағы тепе-теңдікті ұстай аласыз. Қанша армандағанмен де, сіз оның шынайы іске асу мүмкіншілігіне мән бересіз.

Ø 5-25 ұпай аралығы. Сіз бәріне прагматикалық тұрғыдан қарайсыз. Сізге қиял жетпейді, өмірде салмақтысыз, дегенмен кейде қалжың арқылы да мәселенің шешімін шешуге болатынын түсінуге тырысасыз.

«Өз жұлдызыңды тап».

Мақсаты: Өзіңе сенімділікті сезінуге және  босаңсуға мүмкіндік жаса.

Нұсқау: Шеңбер бойында отырып көзіңізді жұмыңыз. Үш рет дем алып, үш рет дем шығарыңыз.

Ал енді көз алдыңызға жұлдызды аспанды елестетіңіз. Жұлдыздар үлкен және кішкентай, жарық және сығырайған. Біреулерге бұл бірнеше жұлдыздар, ал басқаларға сан жетпейтін біресе жақындап, біресе алыстайтын жарық нүктелер.

Сол жұлдыздарға қарап өзіңе ең көріктісін таңдап ал.Мүмкін ол сіздің арманыңызға ұқсайды, әлде бақытты, қуанышты, шабытты балалық шағыңызды еске түсіреді ме? Тағы да жұлдызыңызға қарап оны ұстап көруге тырысыңыз. Бар күшіңізді салыңыз! Сіз міндетті түрде оны аласыз. Жұлдызыңызды ақырын ұстап алдыңызға қойыңыз, жақсылап ұстап, оның қандай екенін және жарықтығын есіңізге сақтап қалыңыз.

 Ал енді алақандарыңызды жоғары созып, керіліп көздеріңізді ашуға болады.  Қолыңызға түрлі қағаздарды алып, өз жұлдызыңызды салыңыз. Қиып алып біздің жұлдызды аспанымызға жапсырыңыз.

Енді бізге жұлдыздарымыз әр сабақта өзінің шуағын шашып, достығымызды нығайтып отырады. Соңғы сабақта сіздер оны өздеріңізбен алып кетесіздер. Олар сізге білім жолында, барлық сынақтарда өмір бойы көмектеседі. Жұлдыздарға мұхият қараңыздар, олардың барлығы әр түрлі сіздер мен біздер сияқты, бір-біріне ұқсамайды.

 

Қорытынды:

1.Релаксация «Данамен кездесу»

Сіздер өздеріңіз немес таныстарыңыз өмірлеріңізде бір рет болса да көріпкелге, жұлдызжорамалға, астрологтарға сеніммен қарап, байқап көрдіңіздер. Кез-келген адам болашағына үмітпен байланыс орната біледі. Кейбір сәттерде армандарымыз орындалып жатады.

Қазір әркім өз орнына жайғасып отырып, көзін жұмады. Терең 3 рет дем алыңыз. Сіздің қолдарыңыз еркін, әрі бос жатыр. Сіздің аяқтарыңыз да әлсіреп, босаңси бастады. Сіздің аяқтарыңыз бен қолдарыңыз толығымен еркін әрі ауырлай бастады. Бойыңыздағы қысым азая бастады. Денеңіз толығымен демалуда.

Енді өзіңізді басқа бір қалада, кішкене бір көшеде келе жатқандай сезініңіз. Оң және сол жағыңызда әдемі үйлер. Осы үйлердің бірінде, болашақты дәл болжайтын көріпкел тұрады. Бұл көріпкел өте дұрыс айтатын ерекше адам. Осы адамға барғандардың барлығы өз болашақтарын айқындап, мақсатты өмір сүруге шешім шығарады екен.

Сіз міне сол үйге таяп қалдыңыз. Еменнен жасалған ауыр есікті аштыңыз. Есіктің ар жағынан сізге ақ сақалды, жылы жүзді қария кездесті. Ол сізді «кіріңіз» деп шақырды. Сіз бөлмеге кіргенде көне кітаптар толы сөре, үстелдің үстінде жатқан картаны,  жарқыраған айнаны, көрдіңіз. Диванда ала мысық ұйықтап жатыр. Көріпкел сізді шақырып креслоға жайғастырып отырғызды да сізге қарап сөйлей бастады:

-Көзіңді жұм, мен саған жарқын болашағыңда айтамын ...

Осы сөзден кейін сіз ұйықтай бастадыңыз.

Сіз қарияның сөзін естіп тұрсыз ба әлде түс көріп тұрсыз ба білмейсіз. Сіздің көз алдыңызда болашақ өміріңіздің бейнесі тұр.  Мүмкін сіз ҰБТ-тен ең жоғары балл жинап, бақыттан басыңыз айналған сәтті, әр түрлі құттықтау кезеңдерін, ЖОО-на түсіп, ондағы үлкен жетістіктерге жетіп, қуанған сәттеріңізді көрдіңіз, Мүмкін сіз жиі қарым-қатынас жасайтын адамдарыңызды көрдіңіз, Мүмкін сіз дипломды алып, үлкен маман иесі, мемлекет қызыметкері болған сәтіңізді, өз тәжірибеңізді таратып жатқан бейнеңізді көрдіңіз. Мүмкін сіз жанұяңызбен тұратын болашақ үйдіңізді, машинаңызды көрдіңіз.

Сізге болашақты айқын көруге біраз уақыт берілді. Уақыт өте, сізге көріпкелдің «Сен күштісің.. , Сенің қолдауың қажет..., Сенің қолыңнан бәрі келеді..., Біз сені жақсы көреміз...» деген дауыстары естіле бастады. Бұл сөздер сіздің тамаша түсіңізді одан әрі көркейтуге көмек берді. 1мин үзіліс

Енді сізді көріпкелдің оятып жатқанын сезе бастадыңыз. Сіз көріпкелге болашағыңызды айтқаны үшін рахмет айтыңыз. Сіз енді қоштасарда бір нәрсе айтқыңыз келіп еді, көріпкел өзі сөйлеп, әңгімесін айтып есікке дейін шығарып салды. Есікті жауып, далаға шықтыңыз. Сіз қайтадан кішкентай көшемен жүріп келесіз. Енді міне өзімізге оралдыңыз.

Мен қазір 3-ке дейін санаймын. Сол кезде сіз сергек, өзіңізді тамаша сезімде оянасыз.

Талдау:Сіз қартпен қандай қарым-қатынас  ұстандыңыз?, Сізге не ұнады? Тұлғалық өсу  тұрғыда қандай мақсатқа жеттіңіз?, Кәсіби өсуде не кедергілер болды?.

2. «Болашаққа хат»

Сіздер химияда «бензолдың» формуласының  ашылуы ұйықтап жатып түсінде көруі арқылы болғанын білесіздер. Бұл яғни бейсана арқылы санадан тыс болған. Сондықтан біз санамызға үзіліс жасап, арманымыздың орындалып, мақсатымызға жеткен кезімізді бейсана түрінде жасап көрейік. Мүмкін арманымыз, алға қойған мақсатымыз  арқылы да пайдалы құпияларды шешуімізге пайдасы болар.

 Қатысушылар 2015 жылға арнап «Кім болады, кәсіби дәрежесі қандай, қандай жоспарлары жүзеге асады, қандай кедергілерді жеңеді» болашақ жоспарын хат ретінде жазады да конвертке салады. Оны тек 2015 жылы 23 сәуір күні ашады. 

3. «Менің ойым»

Әр қатысушы сабақтан алған әсерін ортаға салады.

Жүлде дайын жарыстан озғаныңда,

Өмір, өмір, өмірің өз қолыңда.

Болады жеңілмеске, болады шегінбеске,

өмірің өз қолыңда             (Қ Мырзәлі)

Қоштасу: Бір-бірімен құшақтасып , жақсы тілектер айтады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тренинг по психологии на тему "Болашақ-бүгіннен басталады!" (11-класс) ҰБТ-ға психологиялық көмек"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Управляющий рестораном

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 304 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 21.05.2017 1126
    • DOCX 22 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мырзабаева Гаухар Толеухановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 5966
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности психологического консультирования при нарушениях пищевого поведения

36/72/108 ч.

от 1580 руб. от 940 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 92 человека из 33 регионов
  • Этот курс уже прошли 111 человек

Курс повышения квалификации

Технологии взаимодействия психологов с усыновляющими семьями

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс повышения квалификации

Обучение без стресса. Психосоматика

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 50 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 328 человек

Мини-курс

Основы изучения творческих дисциплин: введение в пропедевтику дизайна и изобразительного искусства

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 12 человек

Мини-курс

Карьера и развитие в современном мире

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Инновационные технологии в краеведческой и географической работе со школьниками

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе