Инфоурок / Школьному психологу / Другие методич. материалы / Тренинг "Развитие логического мышление"

Тренинг "Развитие логического мышление"

Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>

библиотека
материалов

Баланың ойлау қабілетін дамытуға арналған логикалық ойындар

Кіріспе: 

Ойын балалардың негізгі іс-әрекеті ретінде психологиялық, анатомиялық-физиологиялық, педагогикалық маңызы зор қызметтер атқарады. Ойын баланың даму құралы, таным көзі, тәрбиелік дамытушылық мәнге ие бола отырып, адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Ойынның тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп, А.С.Макаренко былай деп жазды: «Бала өмірінде ойынның маңызы зор, ересек адам үшін еңбектің, жұмыстың, қызметтің қандай маңызы болса, нақ сондай маңызы бар. Бала ойында қандай болса, өскен соң жұмыста да көп жағынан сондай болады». Сондықтан келешек қайраткерді тәрбиелеу ең алдымен ойыннан басталады.

  Ойын – баланың қажетті әрекетінің бірі ойынды кіші жастағы балалардың табиғаты керек етеді. Балалардың еңбегі, оқуы ойыннан басталады. Ойын арқылы оқушы білім алуға, оқуға қызықтыра отырып, тұлғалы дамуын қалыптастыруға болады. Жалпы, математика сабағында қолданылатын ойын түрлері оқушылардың математикалық ұғымдарын кеңейтіп, ойлау қабілеттерін арттырып, есептеу дағдыларын шыңдай түсетіні белгілі. Математика сабағында қазақтың ұлттық ойындары қолданылады. Мысалы, «Сақина салу», «Ақсүйек» ойыны белгісіз санды табуға арналған ойын. Ойынға толық сынып қатысады. Кестедегі белгісіз сандардың орнына «ақсүйек» тығылып жатыр. Кім дұрыс шығарса, сол табады. Кім ақсүйекті көп тапса, сол ұтады. Өтілген тақырыптардағы сабақ материалына лайықталған ойын есептерін алып, тек ғана оқушының орындай алатын іс - әрекетімен шектелу жеткіліксіз. Мұндай ойынды ұйымдастырудың және басқарудың сипаты мен жолдары және жолдары және оларды қолданудың тиімді бөліктері жан-жақты ойластырылуы керек. Ойын үрдісінде балалардың білімі тереңдей түседі, осыған дейінгі білімдері мен түсініктері баянды болып жаңа білім игеріледі. Ойын - адамның өміртанымының алғашқы қадамы деп білеміз. Оның басты ерекшелігі баланың ойлау қабілетін жетілдіру болып табылады. Атау ұйқастарын санау арқылы оқушылар сан үйренеді, санға аты ұйқас заттарды  танып біледі. Санамақтар сан үйретеді, әрі дүние танытады, әрі баланың қисынды ойлауы мен математикалық ойлау қабілетін дамытады. Санамақтың түрлері өте көп. Ойында балалар әр нәрсеге жақсы зейін қояды және көбірек есіне сақтайды. Ойын үстінде ол алға қойылған мақсатты шұғыл және оңай жүзеге асырады. Ойын шарттарының өзі баладан заттарға, айналатын көріністер мен сюжетке зейін тоқтатуды талап етеді. Егер бала ойын талабына зейін қойғысы келмесе, ойын шарттарын есте ұстамаса, онда оны құрдастары ойыннан шеттетуі ықтимал.

Ойын - балалардың негізгі іс - әрекетінің бір түрі. Ойын барысында баланың жеке басының қасиеттері қалыптасады. Кіші мектеп жасындағы балаларды көргендерін, байқағандарын, айналасынан естігендерін ойын кезінде қолданалытанын байқау қиын емес. Ойын айналадағы болмысты бейнелейді. Ойын барысында балалар  дүниені тани бастайды, өзінің күш-жігерін жұмсап, сезініп білдіруге мүмкіндік алады, адамдармен араласуға үйренеді.

Бүгінгі күн талабы – баланың оқыл ойын дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру, өзіндік іскерлік қасиеттерін қалыптастыру, заман талабына сай ойы жүйрік етіп тәрбиелеу.

Сондықтан да баланың танымын алғашқы күннен бастап дамтыудың, бойында оқыту мен тәрбиелеудің негізін қалыптастырудың құралы – ойын әрекеті, яғни, ойын – баланың жетекші әрекеті. Бірақ, ойын тек қана балаларды қызықтырып,уақыт өткізудің құралы бломай, балаға берілетін білім мен тәрбиенің құнды негізі болуы керек. Яғни, оқыту-тәрбиелеу жұмысын бағдарлама талаптарына сәйкес ойын түрінде ұйымдастыра отырып, баланың логикалық ойлау қабілеттін арттыруға жағдай жасау негізгі міндет. Бала ойын барысында айнала құбылыс сырын танып сезінеді, себеп-салдарлық байланысты және тоәуелділікті анықтауға тырысады. Айналадағы өмір құбылыстарын, ерекшеліктерін байқай отырып, білуге қызығушылығы туындайды, осы сезім оны талпыныстарға жетелейді.  Ойын негізінде ойлай отырып,  тапсырмалары өзінше зерттеп, орындау, өзінше шешім жасау өз ойындағысын айту жағдайларына мүмкіндік туғызылса ғана бала еркін ойлы, өзіне сенімді, ерік-жігерлі, дүние танымы кеңейген, сөйлеу тілі жақсы қалыптасқан, болашаққа қызығушылығы оянған дара тұлға ретінде жан-жақты дами алады.Баланың ақыл-ойының дамуы тек белгілі бір білім көлемін ғана емес, жалпы тәлім-тәрбиелік іс-әрекеттерді игерумен бірге, ойлау, қиялдау, есте сақтау, елестету және т.б. қабілеттерінің; танымдық, іскерлік, шығармашылық қасиеттерінің дамуын қамтиды. «Ойы саяздың, тілі саяз» деген ұлғатты сөз бекер айтылмаған. Ойлау негізі баланың сөйлеу тілін қалыптастырады.

Сәлемдесу.

Арайланып таң атты,
Алтын  сәуле  таратты.
Жарқырайды  күніміз,
Жарқырайды даламыз.
Қайырлы  күн  балалар!
Қайырлы күн  қонақтар
!

Жобаның мақсаты:

•         Баланың оқыл ойын дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру, өзіндік іскерлік қасиеттерін қалыптастыру, заман талабына сай ойы жүйрік етіп тәрбиелеу.

Жобаның тапсырмалары:

Жұмбақтар, суреттер, ситуациялық тапсырмалар, тест тапсырмалары, ертегі негізіндегі тапсырмалар және санамақтар

Сабақтың түрлері

    Зерттеу сабағы - іздендіру мақсатында

        Саяхат сабақ - танымдық қабілетін дамыту

        Семинар сабақ- оқушының білімін тереңдету         

Сайыс сабақ – оқушылар ойларының жетітігін байқау

Ойын , жұмбақ - оқушылар зейінін дамыту.

Сахналау сабақ - оқуылар шығармашылығын дамыту.

 Ертегі сабақ -  оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.

Дәстүрлі емес сабақтың бір түрі – ойын сабақ.

Сабақтың бұл түрі - баланың шығармашылық және ойлау қабілетін дамытады.   «Сөзжұмбақ» оқушылардың ой - өрісін, білім көкжиегін тексерумен қатар өтілген материалды қаншалықты меңгергенін тексеруге өте қолайлы. Логикалық тапсырмалар оқушының психологиялық және жас ерекшелігіне байланысты  таңдап алынады. Қазіргі педагогтардың пікірінше сөзжұмбақ оқушылардың ойларын ұштайды. Жұмбақтарды шешу ойларын бір жүйеге жүйелейді. Балалардың ойлау қабілеттерін дамытып, өз пікірлерін дәлелдей алуға жетелейді.Жұмбақ шешу шығармашылық үрдіс. Сөзжұмбақты  шешу кезінде оқушыларға сызу қиындық туғызады, сондықтан сөзжұмбақты алдын ала тақтаға  сұрақтарымен қосып жазып қойған дұрыс. Сөзжұмбақты кішкентай қалташалар арқылы жасауға да болады. Қалташаларға салынған кеспе қағаздардың беті өзіңе қарай қаратып жазып, екінші жағына тапсырмалар жазуға болады. Тақырып бойынша құрастырылған  сөзжұмбақты балалармен жеке жұмыс жасағанда да қолдануға болады.      

         Жұмбақтар

Қызықтырып әркімді-ақ

Суда жүзер жылтылдап.

    “Б”әрпінен басталар,

Сол жәндіктің атын тап.    (...............)

 

. Отыз екі мықты.

Қаз-қатар боп шықты

Он алтысы үсті

Он алтысы асты                   (...............)

Математика сабағындағы шығармашылық қабілетін          
                 дамыту.

Логикалық есеп

•         Айгүлдің алдында 3 зат тұр: шелек, доп, қуыршақ. Допты қозғамай қалай шетіне қоюға болады?

•         Үстел үстінде төрт алма тұр. Бір алманы алып ортасынан бөліп қайта қойды. Үстел үстінде неше алма болды?

•         Қоянға, түлкіге, аюға үш түрлі жалауша жасап берді - қызыл, сары, көк. Қояндағы жалауша қызыл емес, түлкідегі қызыл да,көк те емес. Кімнің жалаушасы қандай?

•         Бөлмеде 2 орындық түр. Әр қабырғаның жанында бір-бір орындық болуы үшін сол орындықтарды қалай қоюға болады?

Ойлан, тап

Сиқырлы үшбұрыштағы бос орынды толтыр.

Мақсаты: оқушылардың жылдам есептеу

дағдыларын дамыта түсу.

•         Мақсаты: оқушылардың амал таңбаларын тағайындай білу дағдыларын дамыта түсу. 

         (14 * 6)*10=10

Математикалық тест
4 + 3 9,10,7           10 - 3           7,8,9               
6 + 3 9, 6, 4             9 - 2           5, 6,7

Логикалық ойын     

    1.Екі  сиырдың мүйізі қанша?

         2.Бір мысықтың  аяғы қанша?

         3.Бес қойдың басы нешеу?

        4.Үш адамның  қолы нешеу?

Маймылдың не айтқысы келетінін білгің келе ме?

•         Онда әріптерді түсіне қарай таңдап, құйрығына жазып шығар.  

Сергіту сәті

Ал санайық, санайық,

Санын біліп алайық

Біреу,екеу, үшеу, төртеу,бесеу

Қолымда  сонда  саусағым нешеу?

Оң қолымда  бес  саусақ,

Сол қолымда  бес саусақ

Қосып едім  екеуін,

Болып шықты он саусақ.

Санамақтар

        Тауық, жөнін тауып,

         Он жұмыртқа басты,

         Өэдерінше мықты

         Төрт балапан шықты

         Қанша қалғанын

         Есептей алмай отырмын.

    Он екі үйрек көріп ем,

         Үшеуі ұшып кетті

         Төртеуі суға түсіп кетті

         Айтпауға сөз қалмады.

         Қаншасы орнынан қозғалмады?

 

Үш алманы бақтағы

•         Кірпі алып  жинады

•         Ең әдемі   біреуін

•         Ақ  тиінге  сыйлады.

•         Ыдыстағы  алманың 

•         Санап  көрші қалғанын

Суреттегі үшбұрыштың санын табу

Әріптердің  құпиясы

•         Кестенің көмегімен жасырын сөйлемді оқы.

•                 САҚНМДПОЛРБЖ

•         О – ел

•         Н – Қазақстанның

•         Д – құдіретті

•         Ж – жатыр

•         А – әлемдегі

•         Л – бірлігінде

•         Б – татулығында

•         Р – ұлт

•         М – бүгінгі

•         Қ – жаңа

•         С – Жаңа

•         П – күші

Сабақты бекіту
Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?
Не үйрендік?
Қандай тапсырмалар орындадық
?

Дамыту жолдары:

Ойлау және оқыту үрдісінде оның дамытудың жолдары.

Ойлау процесі объект пен субъектінің өзара әрекеті ретінде жүзеге асады.Ойлауды психологиялық тұрғыдан зерттеу дегеніміз-оның ішкі, танымдық құпия мәнін және жемісті болуының себебін ашып көрсету, яғни ойлаудың мәнін және жемісті болуының себебін ашып көрсету,яғни ойлаудың мәнін зерттейді, әрбір адамның өзіндік ойлау ерекшеліктерін дамытып отыруға баса мән береді.

Қазіргі психологияда ойлау ұғымына әр түрлі түсінік беріледі, ойлау дегеніміз -  әлеуметтік жағдаймен ұштасқан, тілмен тығыз байланысты психикалық процесс, сол арқылы болмыстың, дүниедегі нәрселердің жалпы және жанама бейнеленуі. Бұл бейнелену адам ойының талдау және біріктіру әрекеттері арқылы танылады. Ойлау – сыртқы дүниедегі болмыстың жалпы жанама жолмен біздің санамыздағы ең биік сатыдағы бейнесі. Ойлау адамның өмір тәжірибесі мен практикалық іс-әрекеттері нәтижесінде пайда болып, тікелей сезім процесінің шеңберінен әлдеқайда асып түседі.

Ойлау – адам соның арқасында заттар мен шындық құбылыстарын олардың елеулі белгілері бойынша бейнелендіретін және олардың ішінде сондай-ақ арасында болатын әр түрлі байланыстарды ашатын психикалық процесс.

Ойлау – аса күрделі психикалық процесс. Оны зерттеумен бірнеше ғылым айналысады. Бұлардың ішінде логика мен  психологияның  орны ерекше. Психология түрлі жас мөлшердегі адам ойының пайда болуы, дамуы, қалыптасуы жолдарын, яғни жеке адамның ойлау ерекшеліктерінің заңдылықтарын қарастырса, логика – бүкіл адамзатқа ортақ ой әрекетінен заңдары мен формаларын айқындайды, адам ойының нақты нәтижесі болып табылатын ұғым, пікір, дәлел, ой формаларының табиғатын зерттейді. Ойлау ерекшеліктерін таным мен ой процесінің сатысы ретінде зерттеу, ойлаудың білім мен тікелей байланысты екендігін көрсетеді.

Ойлауды дамыту – оның мазмұны мен формасын өзгерту болып табылады.       Психологияда ойлаудың үш түрі қарастырылады.

•         1.Практикалық іс-әрекеттілік.

•         2. Көрнекі-бейнелік

•         3.Сөздік – логикалық.

Ойлауды дамыту процесі төмендегілерді   
                            қамтиды.

•        / Ойлаудың барлық түрлері мен формаларын дамыту /практикалық іс-әрекеттік,көрнекі-бейнелік, сөздік-логикалық/

•         2/ Ойлау амалдарын қалыптастыру және жетілдіру /анализ, синтез,салыстыру, жалпылау,классификациялау/ т.б.

•         3/  Заттың  мәнді белгілерін ажырата білуін дамыту.

•         4/ Қоршаған орта құбылыстары мен заттары, қатынастары мен маңызды байланыстарын табу.

•         5/  Өз пікірінің дұрыстығын дәлелдеу.

•         6/  Өз ойын анық, жүйелі, қарама-қайшылықсыз және негізді түрде баяндау.

•         7/  Ойлау тәсілдері мен амалдарын бір саладан екіншіге көшіре білу.

•         8/  Құбылыстың дамуын көре білу, негізделген қорытынды жасау.

•         9/ Формальды логикаға негізделген ойлаудан, диалектикалық логикаға негізделген ойлауға көшу процесін стимулдау.

•         10/ Оқушылардың оқу және оқудан тыс іс-әрекеттерінде формальды және диалектикалық логика заңдары мен талаптарын қолдану дағдылары мен біліктіліктерін жетілдіру

Қорытынды:

•         Ойымызды қорытындылай келе, баланың логикалық ойлауын дамыту бағытындағы жұмыстар жүйеленді және оны ұйымдастырудың тиімді  жолдары, әдіс-тәсілдері айқындалады, ол өз ретінде, балалардың логикалық ой-қабілеттерін қалыптастыру жұмысының жағдайын бір шама арттырды – деп ой түйіндейміз.

Тренинг
Тақырыбы: «Педагогтарға арналған психологиялық тренинг»
№2 «Жанар» балабақшасының педагог –психологы : Ермекова Н.Р
Тренинг


Мақсаты:
Педагогтардың ішкі жан дүниесін ашуға және өзін еркін сезіне алуға үйрету.
Тренинг барысында қаралып шешілетін міндеттер:
- Тиімді қарым-қатынасқа машықтану эмпатиясын дамыту.
-Сенімсіздіктен, қобалжудан, қорқыныштан арылу.
-Өзгелердің қызығушылығымен санасу.
-Өзін-өзі құрметтеуді, өзін-өзі сенуді қалыптастыру.
Тренинг бағдарламасы
• «Танысу» жүргізуші:
Барлығымыз шеңбер жасап отырайық . Қазір шеңбер бойымен
кезекпен жүргізушінің оң жағымдағы отырған қатысушыдан
бастап топқа таныстыруды бастаймыз. Алдымен өз есімдеріңді
айтыңдар. «1-2 сөйлем арқылы қайда жұмыстасың өзінің
атым, өзінің мінезі туралы айту керек. Осы сөздерден 
кейін психолог өзін таныстырып әңгімелейді. Психологтан кейін әрбір
адам айналым бойынша өзін-өзі таныстырады. Танысу біткен
соң, таныстырудың қалай өткені туралы пікірталас жүргізіледі.
Психолог топқа мынадай сұрақтар береді.
Кімнің таныстыруы сіздің есінізде қалды және оның 
таныстыруы сізге несімен ұнады?






« Біз тамшымыз » Сергіту сәті

Өздеріне ұнаған әуенге салып,қимылмен көрсетіп айту керек.
Бәрі дөңгелене тұрады да,біз тамшымыз дегенде жаңбырдың тамшысын бір теңіздің толқыны
дегенде қолымен ирелектетіп толқынды көрсетеді
Біз тамшымыз мұхиттағы 
Бір теңіздің толқыны.
Бізге келіңіз ²
Сен мен мен.
Бәрімізде бір жанұя боламыз
Біз бұтақпыз бақшадағы
Бір бақшаның гүліміз
қайырмасы

Ауызша волейбол ойыны.

Мақсаты: Өзінде бар жақсы қасиеттерді бағалай білуге,өзінің қасында жүрген адамдардың жақсы қасиеттерін білуге ,бір-бірін терең түсінуге арналады 
Допты бір-бірне берген кезде педагогтар адамгершілік қасиеттер туралы айтулары керек.
Мысалы: шыншылдық: мейірімділік; адамдық; адамгершілік әділдік; кішіпейілдік; батылдық; ұстамдылық; жанашырлық.
Өзінде басым қасиетті айта білулері қаралады.

«Кім екенін тап» ойыны
Мақсаты:Топ мүшелерінің бір-бірін тануға көмектеседі
Әрбір адам өзінің аты-жөнін көрсетпей,өз-өзіне психологиялық мінездеме жазады.Өзінің ұнамды-ұнамсыз қасиеттерін жазу. Бұл мінездеме жазылған бетерді жетекші жинап, араластырады да,арасынан біреуін алып дауыстап оқиды .Топ мүшелері мінездеменің иесін табуы керек
Бұл жаттығу өзгелерді дұрыс қабылдап,тану арқылы олардың өзіндік ерекшеліктерін білуге үйретеді

"Шөлдеу" ойыны.
Мақсаты: Достыққа,бір-біріне көмектесіп қана нәтижеге жетуге болатына тәрбиелеу
Саяхатқа шығамыз шынтақтан қозғалмайды. Пеагогтар өздерін ыстық шөл даладамыз деп елестетеді, қатты шөлдеп
жүреді. Бір кезде тостағандардағы суларға кездеседі. Енді
осы суды ішуге амал табулары керек ( бір-біріне көмекте-
сіп қана суды шашпай, шөлдерін қандыруға болатынына
көз жеткізеді).

"Алып" ойыны.
Мақсаты:Ұжымшылдыққа тәрбиелеу.
Екі тәрбиеші қатар тұрады, біреуінің сол аяғын екіншісінің оң
аяғына байлайды, сөйтіп бір белгіленген жерге барады.
Немесе: үш, төрт, т.б. педагогтарды бірге байлайды, сосын олар
бірге жүруге тырысады. ( бақаға ұқсап секіреді).


"Көпір" ойыны.
Еденді бормен "көпір" (түзу) сызылады. Екі топ, бір-біріне 
қарсы шыққан педагогтар "көпірден" құлап қалмай өтуі керек.
педагогатар бір-біріне көмектесіп, орындарын ауыстырып, бір-
бірін өткізіп жіберулері керек.


Рефлексия 
Тыныс алу жаттығуы: Жеті май шам
Мақсаты : релаксация.
- Денеңізді барынша бос ұстап, көзімізді жұмып ыңғайлы отырамыз. Сіздерге ыңғайлы және жайлы орын… Сіз терең ,бірқалыпты тыныс алудасыз.Көз алдыңызға елестетіңіз, сіздің алдыңызда ,бір метр қашықтықта жеті май шам орналасқан… Жәй , бірқалыпты терең тыныс шығарамыз. Ал енді сіз сол шамдардың бірін сөндіру керек .Ішімізгі терең тыныс алып шамды өшіруіміз керек. Май шам сөнді… Осылай барлық май шамды сөндіруіміз керек…»
Жәй әуен ырғағымен орындалады.
Талқылау :
• Орындаушылардың бұл жаттығуда өзгерістер болды ма?
• Осындай ситуация болған жағдайда шыға білуге бола ма?

Тренинг жаттығулары сіздерге ұнады ма?
Сендерде қандайда болсада өзгеріс пайда болды ма?
Күнделікті өмірде бұл ойындарды ойнау арқылы ішкі жан дүниелеріңді дамытуға бола ма?
Бүгінгі тренингіде біздер ойындар ойнау арқылы өзгелерді дұрыс қабылдап, өздеріңді еркін сезіне алуға тұлғаны дамытуға жұмыстандық.




Семинар 
Тақырыбы: «Арт-терапия-өнермен емдеу, шығармашылық терапиясы»
 
Мақсаты: 
• Қатысушыларға Арт-терапия туралы ұғым беру, маңыздылығын ашу.
 
• Арт-терапияның түрлерімен таныстыру, тиімділерін тәжірибеде пайдалану.
 
• Арт-терапияның түрлеріне арналған ойындармен танысу. 
• Қатысушылардың достық қарым-қатынасын, ұжыммен жұмыс жасауды арттыру. 
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: 
• Шығармашылық тапсырмалар. 
• Дамытушы ойындар. 
• Пікір алмасу. 
Құрал-жабдықтар: Үнтаспа, ватман, маркер, ақ парақ қағаздар, қалам, қарындаш, краска-бояулар, кубиктер, шарлар, доп, эмблемалар, әр топқа арналған конверткалар. 
I. Бөлім. Ұйымдастыру кезеңі 

I.1. Амандасу рәсімі. «Балалық шаққа саяхат». 

-Сәлеметсіздер ме, құрметті тәрбиешілер! Біз сіздерді тағатсыздана күттік және сіздермен кездескеніміз үшін қуаныштымыз. Сіздерді ортаға шеңберге тұруға шақырамын. Баяу музыка қосылады. 
Қайырымды жандар айнала, 
Шеңберге келсін жайлана. 
Жалықпастан қайта біз, 
Махаббат сөзін айтамыз. 
Сүйеміз барлық әлемді, 
Әлемдегі бар елді. 
Бақыттымыз осы біз 
Қасымызда досымыз!- тәрбиешілер шеңбер бойына тұрады, жүргізуші шеңберде нұсқау береді: «Қазір бір сәтке балалық шағымызға саяхат жасаймыз. Сіздерді жақын туыстарыңыз бала кездеріңізде еркелетіп қалай атады, соны есімізге түсірейік. Мысалы, мені апам кішкентай кезімде «құлыным» деп атаған. Ал сізді ше?», деп допты келесі адамға береді. Ойын ары қарай жалғасады. Қаншама әдемі аттарды естідік, тамаша! 

I.2. Топқа бөлу. Шеңбер бойында тұрған тәрбиешілерді үш топқа балабақшадағы топ аттарымен бөлу. Эмблема тарату. «Балапан», «Ақбота», «Қызғалдақ» топтарына бөліп, орналастыру. 
Тренер: семинар-тренинг тақырыбымен таныстыру, мақсатын ашу. 

I.3. Шығармашылық тапсырма: Арт-терапия туралы әр топтың өзіндік ассоцациясы. Әр топқа ассоцация картасы беріледі. Берілген уақыт 2 минут. Әр топтан бір адам шығып топтың жұмысын қорғайды. 

АРТ-ТЕРАПИЯсы туралы түсінік. Психотерапияның маңызды салаларының бірі қазіргі таңда арт-терапия болып табылады. Арт-терапия даму үстіндегі психотерапиялық әдістердің жаңа түрі болып табылады. Аталған терапияның түрі қазіргі таңда үлкен жетістіктерге ие. Алғашқы Арт-терапия түсінігі енгізілген кезде оны тек сырқат, ауру, немесе демалыс үйіндегі емделушілерге ғана қолданған болса, қазіргі кезде оның қолданыс аясы, шеңбері кеңеюде. Яғни бұл терапия адамның шығармашылық жағдайын дамытып қана қоймай, адамның бойындағы қасиеттердің мүмкіндігін түсініп ашуға да жағдай жасайды. 
Арт терапия- бұл емдеу ғана емес, сонымен креативтің дамуы, тұлғаның дамуы мен үйлесімділігі, кез-келген жағдайды шешуге көмек. 
Арт терапия бейнелік өнер арқылы жанның дамуы мен емдеудің табиғи және қолайлы әдісі. Арт-терапия терминин ғылымға 1938 жылы Адриан Хилл енгізді. Арт-терапия ағылшын тілінен аударғанда шығармашылық терапия деген ұғымды білдіреді. 
Артерапия шектеусіз және психотерапияның барлық бағыттарында, педагогикада, әлеуметтік жұмыста т.б. қолданылады.Әр адам өзін, өз сезімін және өзінің жағдайын әуен, дыбыс, қимыл және сурет арқылы көрсете алады. Кейбір адамдар үшін бұл- әлемге өзі туралы өзінің шығармашыл адам екенін танытудың жалғыз ғана әдісі болып табылады. Қажет ететіндерге мұндай мүмкіндікті беру- арттерапияның ерекшелігі. 
II. Бөлім. АРТ-ТЕРАПИЯ түрлеріне тоқталу. 
Арт терапияның ерекшеліктері- музыкалық терапия, қозғалмалы би терапиясы, драма терапиясы, ертегі терапиясы, ойын терапиясы, қуыршақ терапиясы, гүл терапиясы, фото терапия, оригами, этнотерпия, киндер-сюрприз, құм терапиясы, артсинтез терапиясы, библиотерапиясы, маска терапиясы т.б. 
Музыкалық терапия 
Музыка трапиясы – бұл психотерапевтикалық әдіс. Ол жағдайын емдеу арқылы музыка әсер етеді. Мұнда музыка емдік, дәрілік зат ретінде қолданылады. 
Музыканың терапевтикалық әсері бұрынғы заманнан бері белгілі. Музыка терапиясының негізгі механизмдерінің әсері әдістің әр адамға ыңғайлы әрі қолайлылығын көрсетеді. 
Біріншіден, ырғақ сақталған музыка мидың бөліктеріне әсер ету арқылы оның жұмыс істеуіне көмектеседі. 
Екіншіден, әр музыканың өзіндік белгілері бар. Адамның белгілі бір жағдайы мен көніл-күйімен байланыса отырып, бізге белгілі бір эмоцияның пайда болуына әсер етеді. 

Бейнелеу терапиясы 
Бейнелеу терапиясын қолданудың негізгі мақсаты- баланың немесе ересек адамның қандай да бір қимылды таңдауына қарамастан, баланың өзін-өзі тануына және өз әлемінде өмір сүруіне демеу беру болып табылады. 
Сурет салу- ешқандай ересек адамның көмегінсіз ең күшті өзін таныту түрімен байланысты болады. Өзінің ішкі сезімі мен өзін теңестіруді көрсетуіне жол ашады. Балалардың сезімін сурет салу арқылы бейнелеу әдістері шектеусіз. Балалар бояуға қолын малып қағаз бетіне із қалдыруды жақсы көреді. Бала бояу түрін өзінің жай күйіне байланысты таңдайды. Бояудың түстері сезімнің жағдайына тең келеді. 
Саусақ живописі- ешқандай құралдың көмегінсіз тек саусақпен бейнелеу. Ол үшін баланың әрбір саусағын әр түске матыру арқылы парақ бетіне әртүрлі сызықтар, нүктелер, саусақ ұшы таңбасының, алақанның көмегімен бейнелеу. Бұл әдіс артпедагогика мен арттерапияда белсенді қолданылады. Себебі баланың қателік жасаудың алдында, сәтсіздікке ұшырау алдындағы қорқынышты жеңу үшін қолданылады. 
Бейнелеу терапиясының түрлері: 1.Поролон бөліктерімен сурет салу. 
2.Сабынмен сурет салу. 
3.Щеткамен сурет салу. 
4.Майшаммен сурет салу. 

Ойын терапиясы 
Ойын терапиясы- арттерапияның түріне жатады. Бұл терапияның жүргізу үлкендер мен балалардың әлеуметтік және психологиялық мәселелерді жеңу үшін, жеке және эмоционалды дамуы үшін арнайы ойындар қолданады. Егер бала ойынға белсенді және бар ықыласымен қатынасса емдеу әсерлі болады. 
Ойын баланың психологиялық ахуалын сақтауға, оның қоғаммен қарым-қатынасын анықтауға, ересек өмірге дайындайды. Ойын балаларға белгілі дағдыларды меңгеру үшін, сонымен қатар қарым-қатынасты, өмірге деген құлшыныстарын арттырады, эмоционалды және физиологиялық жағдайын жақсартады. Ойын психологиялық күйзелістен шығу үшін емдеудің бір тәсілі ретінде қолданылады. 
Бала ойынға өз еркімен қатысып, ойыннан қуаныш рахатын көру керек. Балалардың ойын барысында эмоционалды әсерін мөлшерлеп, өзін қалай сезінетінін бақылаңыз. 
1. Эмоциялық жаттығуларды қамтамасыз ету- жиналып қалған жүйкелік күшті алып және ата-аналармен балалардың өмірге деген қызығушылықтарын арттыру. 
2. Күтпеген жерде болатын шабуылдан, жазалаудан, қараңғыдан, жалғыздықтан болатын қорқынышты азайту. 
3. Тез шешім қабылдай білу қабілетін арттыру. 
4. Топта өзін-өзі ұстау ережелерін меңгерту. 
5. Ата-аналармен балалардың қарым-қатынасын жақсарту. 
6. Қозғалыстағы бағыттарын және ептілікті дамыту. 

Құм терапиясы (Sand play) 
Құм терапиясы- адамға өзінің жан дүниесіндегі өз «Менін», өзін танытуға, өзіне өте маңызды,жан тебірентерлік және құпиясының ашылуына көмектеседі. 
Құм терапиясы- клиенттің немесе емделушінің мәселелерін жөндеуге және бала кезінде негізгі қарама-қайшы тәртіп түрлері оған қауіпсіз түрдегі рольдік қимыл-әрекеттің түрі, бйнелеме(символика)әлемге жолдауды қолдану арқылы анықтауға көмек көрсетеді. 

II.1. Шығармашылық тапсырма (коллаж). Музыка терапиясы мен бейнелеу терапиясының біріктіріліп өткізілуі. 
Көңілді музыка қосылады. Әр топқа ватман мен маркер, бояулар, паралон бөліктері, сабын, майшам, щетка беріліп, тапсырманың тақырыбы баяндалады.
Тақырыбы: «Менің бақытты балалық шағым». Берілетін уақыт музыка біткенше. Әр топтың жұмысы қорғалады. 

II.3. Ойын терапиясы мен қозғалмалы би терапиясына арналған ойын-жаттығу. 
Музыка әуенімен әр топ берілген кедергілерден би билей өту арқылы, шарларды жару керек. Шар ішінде әр қатысушыға арналған сыйлық бар. Шарды жара алмаған қатысушыға екінші мүмкіндік беріліп, өз сыйлығын алуға болады. 

Әріптестік қарым-қатынас тренингі

Мақсаты: Жеке тұлғаға өзіндік «Менін» тереңірек таныту, қызығушылығын ояту, өзінің 
адамгершілік мінез-құлықтарына баға беру, өзіне деген сенімдік қабілетін 
дамыту, ұжымдағы қарым-қатынасты нығайту.
Әдіс-тәсілдер: әңгімелесу, сұрақ-жауап, ойын
Көрнекілігі: Ойшылдардың сөздері жазылған плакаттар, сөздер жазылған карточкалар, 
музыка, слайд.

І. Сәлемдесу (дәстүрлі емес)
Мақсаты: Әрбір қатысушының сол топтың бір мүшесі екендігін сезінуі, бір-біріне 
жылулық сыйлау.
Топтағы қатысушылар сыртқы және ішкі шеңберге бөлініп, бір-біріне қарама-қарсы тұрады. Содан кейін бір-бірімен мынадай қимыл-қозғалыстар арқылы сәлемдесіп шығады: алақанның сырт жағымен, саусақпен, шынтақпен, иықпен, тіземен, т.б. 

ІІ. «Өзіңді тереңірек тани біл»
Нұсқау. Қазір сіздерге слайд арқылы бірнеше жеміс-жидектер көрсетіледі. Сол жеміс-жидектердің ішінен өзіңізге көбірек ұнайтынын таңдаңыз. Сол таңдау арқылы сіздің мінез-құлқыңыз қандай, соған тоқталайық.
Қарбызды ұнататындар орнықты адамдар. Олар шиеленіске, жанжал, дау-дамайға бара бермейді. Еш уақытта еш нәрсеге шағымданбайды. Тұрмыс пен көңіл күйін тек қана өз күшімен жақсартуға ден қояды. Отбасында да үлгілі, артық ауыз сөзі жоқ. Кейде табандылық жағы ғана жетіспейді.
Жүзімді ұнататындар өзінің де, өзгенің де сырын сақтай білетіндер. Бірақ мұндай тұйықтық, кейде шектен асып кетеді де, ел ондай адамдарға сенімсіздікпен қарауы мүмкін.
Құлпынай ұнатсаңыз, сіз көңілді, қонақжай адамсыз. Елмен тіл табыса аласыз. Сізге сыпайылық тән, талғамыңыз нәзік. Ешкімге тәуелді емессіз. Дегенмен қызғаншақтығыңыз жоқ емес.
Шабдаланы ұнататын адамдар көпшіл, кез-келген адаммен тіл табыса алатын ашық жарқын болып келеді. Сізден сыпайылық пен мәдениетті адамның белгілері айқын аңғарылып тұрады. Тек бір кемшілігіңіз-қиындықтарды ауыр көтересіз, кейде оларды жеңуге дәрменсіздік танытасыз.
Егер сізге алма өте ұнайтын болса, жігерлі, бірақ аздап ескі көзқарастағы адамсыз. Өз бастығыңызға берілгенсіз, оның қандай тапсырмасын болса да, жан сала тиянақты атқаруға тырысасыз. Аздап ақын жанды, өз-өзіңізге риза адамсыз.
Егер сіз шиені ұнатсаңыз, мінезіңіз жұмсақ, кішіпейілсіз. Өзгеге қуанышпен жақсылық жасау үшін кейде өзіңізге зиян келтіріп алуыңыз мүмкін. Өтірік-өсек сөзге жоқсыз, есесіне анекдоттарды ұнатасыз. Ал махаббат жөнінде сәби тәріздессіз, сізді оп-оңай өкпелете салуға болады.
Қара өрікті ұнататындар өз атына айтылған сынды көтере алмайтындар. Олармен достық, жолдастық қарым-қатынас орнату да қиын болады.

ІҮ. Сергіту сәті «Мен ең сұлумын»
Бұл сергіту жаттығуы үшін екі жеңсіз көйлек (немесе алжапқыш) және екі үшкіл орамал қажет. Қатысушылар екі командаға бөлінеді. Командалардың алдында 8-10 метр қашықтықта орындықтар қойылады, оларға бір жеңсіз көйлек пен үшкіл орамалдан қойылады. Жаттықтырушының белгісі бойынша команданың бірінші қатысушысы орындыққа жүгіріп келіп, жеңсіз көйлекті киеді де, үшкіл орамалды басына тағып, дауыстап: «Мен ең сұлумын»,- деп айтады. Содан соң жеңсіз көйлек пен үшкіл орамалды шешеді де, оларды орындыққа қойып, мәре сызығына қайтып оралады.
Оның соңынан ілесісушы дәл соны жасайды. 

Ү. «Балалық шақтан қызықты оқиға»
Мақсаты: эмпатияны дамыту.
Жүрісі: Қорапшаға билеттер салынады. Ол билеттердің арасында «балалық шақтан қызықты оқиға» деп жазылған. Кімге «балалық шақтан қызықты оқиға» билеті түссе, сол тәрбиеші өзінің балалық шақта бастан өткізген қызықты оқиғасын айтып береді.
Өздеріңізді қалай сезінудесіз? 
III. Бөлім. Рефлексия 
Қатысушыларды шеңбер жасатып отырғызып, алған әсерлерімен бөлісу.

ҮІ. Қорытынды
Сабақ соңында қатысушыларға өзіне және өзге адамға тілек жазу тапсырмасы беріледі. Тілектерді жаттанды сөздер арқылы, теңеу арқылы және әдеби көркем сөздер арқылы жазуға болады. Сабақты «Тілек» тренингімен аяқтау және қатысушылардың пікірін тыңдау.

Атырау қаласының мектептен 
тыс жұмыс орталығы педагог психолог
 
Нұрбекова Салтанат Темірғалықызы

Ата –аналармен тренинг сабақ


Атырау қаласының мектептен тыс жұмыс орталығы педагог психолог Нұрбекова Салтанат Темірғалықызы
Ата –аналармен тренинг сабақ
Тақырыбы: Бала тәрбиесі баршаға ортақ»
Мақсаты: Баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс тәсілдерін жетілдіре отырып қарым –қатынас орнату.
Міндеттері: Ата-аналардың мектеппен, тығыз байланысын арттыру, балаларын, мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсету. 
Қажетті құрал жабдықтар: Үлестірмелі қағаздар, А4 формат, қалам, доп және т.б
Әдістері: пікір алмасу, сұрақ жауап, тест психологиялық жаттығулар.
Тренинг бағдарламасы:
1. «Танысу жаттығуы»
2.Топқа бөлу
3.Ата-ана мен бала арасындағы психологиялық үйлесімділік дәрісі
4.Ой жинақтау
5.Қызықты сұрақтар сергіту жаттығуы
6.Тест
7.Қорытынды
Тренинг барысы: Сәлеметсіздер ме құрметті ата-аналар! Бүгінгі біздің «Бала тәрбиесі баршаға ортақ» атты тренинг сабағымызға хош келдіңіздер! Ата –ана тілегі баласының жақсы адам болуы, еңбексүйгіштігі, кішіпейіл, мейірімді болуы. «Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз». Отбасындағы тәрбие әрбір мүшенің өзін-өзін сақтау, ұрпақты жалғастыру, өзін-өзі сыйлау қажеттігінен туындайды. Отбасында адамның жеке басының қасиеті қалыптасады.
Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырып демеуші ата-ана. Жүргізуші: Тренингімізді бастамас бұрын ата - аналар 3 түсті жүрекшелерден бір - бірден таңдауларыңыз сұралады. Бірдей түсті ата - аналар бірігіп бір топ боласыздар.
«Есімдер аллитерациясы»
Нұсқау: Алдымен өз есімдеріңіздің алдына адамның бойында бар жақсы қасиеттің біреуін айтып, өзіңіз туралы қысқаша мәлімет беруіңіз керек.
Мысалы: Мен сәнді –Сандуғашпын
Мен гүлдей- Гүлнармын
Мен айдай – Айдынмын
2.Топқа бөлу түрлі түсті қағаздан жасалған жүректерді түсіне қарай таңдайды. Түстер бойынша топ құрып ,бөлініп отырады.
3.Дәріс оқу Тақырыбы: «Бала тәрбиесі баршаға ортақ»
4. Ой жинақтау
Үш топқа тақырып беріледі
Ата-аналар сол бойынша өз ойларын ортаға салады.
I.Бала –білімді әрі тәрбиелі болып өсуі үшін ата-ана қандай жағдай жасауы керек.
II. Балаларды теріс қылығы үшін жазалау керек пе?
III. Мұғалім мен ата –ана байланысының тиімділігі бар ма?
5. «Қызықты сұрақтар» сергіту жаттығуы
1. Балаңыздың сүйікті түсі?
2. Сынып жетекшісінің толық аты жөні
3. Балаңыздың сүйікті мультфилімі қандай?
4. Қандай жануарды жақсы көреді?
5. Балаңызды қалай еркелетесіз?
6. Балаңыздың хоббиі жайлы не білесіз?
7. Балаңыздың жақын досы кім?
6. Тест Сіздің көңіл күйіңіз





Мұнда ағаш бұтағы салынған сурет толық аяқталмаған, өз көзқарасыңызбен бөліктерін керегімен толықтырыңыз, тек ұзақ ойланбаңыз, алдымен ойыңызға не келеді, соны салыңыз. Суретте өзіңіздің қазіргі сезіміңізді ашып көрсете біліңіз.
Тесттің кілті
Егер сіз ағаштың бұтағын Ашық түспен жүріп өтсеңіз және суретке басқа ешнәрсе қоспасаңыз, онда осы мезеттегі өмірлік сәтіңізде сіз бір жағдаймен өте қиын күйзеліс үстіндесіз. Бәрінен бұрын сіздің мәселеңіз тек жеке басыңыздың өмірімен емес, өзіңіздің мамандығыңызбен немесе оқумен байланысты.
Егер сіз ағаштың барлық бұтағын түгелімен бояп шықсаңыз, онда сіз бірдеңеге қатты ренжідіңіз немесе сондай күйге сізді жеткізді. Сіз күйзелесіз де ренжисіз, сіздің ағашыңыз соны анық көрсетіп тұр. Егер сіз ағашқа қосымша бұталар қоссаңыз, онда сіздің ішкі жан дүниеңіз қажетсіздерден қайнап тұр. Сізді ренжіткендер болмаса да жаныңызға келгендерге сіз өз сезіміңізді төңкеріп жіберуге дайын тұрсыз.
Егер сіз ағаштың бұталарына жапырақ салсаңыз, онда сіздің іщкі жан дүниеңіз өз қалпында. Егерде бұтақтың төменгі жағында көп жапырақ орналасса, онда сіз осы уақытта әсер етуге емес, ойлануға және талдауға бейімсіз. Егерде бұтақтың төменгі жағына қарағанда жоғарғы жығында жапырақтар көп болса, онда сіздің іске белсене кірісуге дайындығыңызды көрсетеді, сіз күшіңіздесіз және іс жүзінде күтудесіз.
Егер сіз бұтаққа жапырақ салсаңыз, әр жапырақты бөлек-бөлек көрсетпесеңіз, онда сіз көңілді және бақытты болу үшін көп күш жігеріңізді бөлудесіз, осы уақытта сіз бір нәрсеге пысықтануға зауқыңыз жоқ, өз ойыңыздан шаршадыңыз.
Егер сіз ағаштың қабығына негізгі күш жігеріңізді салсаңыз, онда сіздің жұмысқа берілгендігіңіз өте керемет, уақытты босқа өткізбей іспен айналысыңыз. Сізде бәрі орындалады.
Егер сіз бұтаққа құсты не жануарларды салсаңыз, онда сізге адамдармен араласу жетіспейді, сіз ет жақын туыстарыңызбен әңгімелескіңіз келеді, өз ойларыңызбен сезімдеріңіз жөнінде біреулермен бөліскіңіз келеді. Сіздің салған жануарыңыз немесе құсыңыз ұсақ болса, онда ол қобалжудың белгісі, онда мүмкін сізді бір жағдай мазалайды және қинайды. Қандай жағдай болса да, сізге ой бөлісуіңізге тура келеді. Егер сіз бұтаққа бірнеше жануарлар мен құстарды салсаңыз, онда сіздің жаныңыз жайлы жер іздейді, бірақ оны таба алмайды. Ойларыңыз көбейіп сыйыспауда, сіз оларды өзіңіз реттей алмайсыз.
7.Қорытынды
Бала дегеніміз –болашақ. Балаларымызды қалай тәрбиелесек болашағымыз солай болмақ. Келешегіміздің қожасы балаларымызды білімді де мәдениетті, тәрбиелі де әдепті, кішіпейіл де қарапайым етіп тәрбиелеу өз қолымызда.
Ұлт тәрбиесі- ұлт болашағы. Егеменді еліміздің ертеңгі болашағы жас ұрпақ тәрбиесі. Білімді денсаулығы мықты азамат өсіру үшін, мектеп болып ынтымақтасып та ат салысуымыз қажет. Кейін опық жеп бармақ тістемеу үшін баланы қаршадайынан дұрыс тәрбиелеуге, бала бақытының шынайы бағбаны болуға атсалысқан жөн. Бала бақытының кепілі-ата –ананың өнегелі тәрбиесінде.




Шығыс Қазақстан облысы 
Жарма ауданы
 
Жаңғызтөбе кенті
«Жаңғызтөбе орта мектеп-балабақша»КММ-сі
 
педагог – психолог: Бейсембаева Алия Кабасқызы

Ұстаздарға арналған қарым-қатынас тренингі.

Мақсаты: Ұстаздар арасындағы қарым-қатынасты нығайту, қиын жағдайдан шыға білуге және өзін-өзі тануға баулу.
1. Көңіл күй жаттығуы «Гүлдер алаңы».
2. «Мен сіздермен қарым-қатынас жасауға қуаныштымын, ал сіз ше ... » атты жаттығу. 
Мінеки байқағандарыңыздай бір-бірімізбен қарым-қатынас жасау арқылы біз үлкен де, жылы шеңберімізді, қорғанымызды құрдық. Бүгінгі кездесуімізде , біз өз бойымыздағы жақсы қасиеттерді бағалай отырып , өзін – өзі тәрбиелеу жолдарын оқушылармен , әріптестермен қарым- қатынас жасау жолдарын анықтаймыз және өзімізді терең тани білуге тырысамыз.
Данышпан философ Фалес айтқан екен:
1. Дүниеде ең үлкен нәрсе - кеңістік.
2. Бәрінен жүйрік – ой.
3. Бәрінен дана – уақыт
4. Бәрінен жеңіл –басқаға ақыл айту.
5. Бәрінен қиын – өзіңді өзің тану, деген екен. Сондықтан бүгінгі кездесуімізді бір-бірімізге жылы сөз айтудан бастаймыз. 
3. «Келген көктемнің күн шуағын бағыттап сізге денсаулық тілеймін» деп, шеңбер арқылы осындай тілектерді жалғастыру.
Енді орнымызға жайғасамыз.
- Рахмет, міне әрбір жүректен шыққан жақсы жылы сөз біз үшін жайлы атмосфера қалыптастырады жанымызға жайлы әсерін тигізеді.
«Басқа пәле - тілден» . Тіл арқылы байланысу, қарым-қатынас жасау- адамға ғана арналған басты байлық, ұлы сыйлық. Бірақ осы байлықты жақсылыққа ғана емес, жамандыққа да қолданатынымыз жасырын емес. Кейде «аңдымай сөйлеп, ауырмай өлеміз». «Жақсы сөз- бұлттан шыққан күндей боп, көңілді жадыратады». «Жаман сөз – жаныңа мұң құйып, қабырғаңды бір-бірлеп сөгеді» деген , ДЕМЕК сөзден қорқыңыздар, оны абайлап, аялап орнымен пайдалану керек, ғалымдардың зерттеуінше, былапыт жаман сөздер хромосомдарды өлтіріп , сол сөз иесіне сәтсіздік, жаманшылық ауыру шақыратынын анықтаған. /ТАБЛИЦА КӨРСЕТУ/ 
Шариғатта осындай жағдайларға байланысты «Күнәһар болғың келмесе, екі жағыңның ортасындағыға ие бол», «Әзіл де болса жақсы сөз айт» деп ғибрат жазылған екен. Өздеріңізге белгілі , ұстаз мамандығы басқа мамандықтарға қарағанда өте стресстік жағдайларға жиі душар болатындығы белгілі. Себебі, ...
Мұның бәрі адам баласының психикасына әсер етіп, эмоционалдық күй-жағдайы бұзылады. Ал мұндай күй- жағдайға ұшыраған адам өзін – өзі ұстай алмай әр түрлі ситуацияға тап болады. Ал ұстаз болғандықтан , ол өзінің профессионалдық ұстанымын жоғалтпай қандай жағдай болса да, эмоцияға берілмеуі тиіс. Әсіресі көктем мезгілінде ұстаздар өте шаршағыш, эмоциялық күй-жағдайлары өте төмен болады.
Сондықтан қазір біз сіздермен әр кезде көтеріңкі көңіл – күйде болу үшін, бірнеше жаттығу жасап үйренеміз:
Денеңізді бос ұстап отырыңыз. Деміңізді мұрыныңызбен ішке тартып , демді сыртқа шығарар кезде қатты бар дауысыңызбен «А» дыбысын айтасыз - ол бүкіл денеңіздің сауығуына көмегін тигізеді.
«Е» - щитовиттік безіңізге әсер етеді.
«И» - миыңызға, көзіңізге, мұрныңызға, құлағыңызға.
«О» - жүрегіңіз бен өкпеңізге.
«У» - қарныңыздың маңындағы дене мүшелеріңізге
«Х» - денеңіздің тазаруына /очищение организма/ 
«ХА» - көңіл-күйлеріңіздің көтерілуіне. Осы жаттығуды жаттап алып, әркезде орындап отырсаңыздар, денсаулығыңыз өз қолыңызда, эмоционалдық стресске шалдықпаудың алдын аласыз. 
4. Пікір талас. Енді мынандай сұрақтарға жауап берсеңіздер: - Қарым – қатынас деген не? 
- Кикілжін дау- дамай деген не?
- Кикілжін дау- дамай қайдан пайда болады?
- Қақтығыстан қалай шығуға болады? Жазбаша немесе ауызша жауап беру. Меніңше, әркім өзін – өзі тани білуі керек. Өзіне нақты баға бере біліп, менен қандай қателік кетті, деп бір мезет өз қатесін таба біліп кешірімді болуға үйрену керек. 
5. Ойын : «Мен кіммін, мен қандаймын», «Менің жақсы ж/е жаман қасиеттерім». «ТАРАЗЫ» жаттығуы.
6. Ал енді бізді басқалар қандай деп ойлайды? Парақтағы жасырын есімді оқып оның жақсы және жаман қасиетін жазу, өзінің жазғанымен таразыдан өткізу.
/а/ Тест: «Сіз жанжалшылсыз ба?»
/б/ Тест: «Қақтығыс жағдайды шеше аласыз ба?»
Қалай ойласыздар өзімізді –өзіміз тани алдық па? Оңайға түсті ме , әлде...?
7. Енді өздеріңізге таныс тоғайларды атап беріңіздер. Олардың жалпы қандай біркелкі ұқсастығы бар? /корень, ствол, крона-тамыр,діңгек.../. Жаттығу: «Егер мен тоғай болсам, мен ..............». Рефлексия: Неліктен тамыр, неліктен крона, ... ? Тоғайды «Өзіңнің өмірлік ұстанымыңыз ретінде қарауға болады».
Мысалы: «Тамыр» арқылы бүкіл тоғай көректенеді. «Ствол» «ДІҢГЕК» арқылы адам барлық жауапкершілік, ауыртпашылықты өзі көтеретінін білдіреді.
«Крона» тоғайдың тыныс алуына мүмкіндік береді. ЯҒНИ, сіздердің өмірдегі позицияларыңыз қандай екенін де білдіңіздер. Мінеки ұстаздық еңбектеріңіз , қарым- қатынастарыңыз табысты , жемісті болуы үшін бүгінгі айтылған кеңестерге көңіл бөліп , Әрқайсымыз бұл дүниеде тек қонақ екенімізді ұмытпай сыйластықпен, жақсы қарым-қатынаста болып, кемшіліктерімізді ақылмен түзете біліп, өз қателігімізді мойындай білсек,бір -біріміздің жақсы қасиеттерімізді көбірек көре білсек, сонда ғана еңбектеріңіздің жемісін көріп, алға жылжисыздар. 
Өмірде қиыншылықсыз , не қатесіз адам жоқ шығар. Қатесіз адам , ол ештеңе істемейтін адам. Небір қателіктен шығу жолын табуға болады, егер өзіңе сенімділікті ұялатсаң , ашу, ыза , қайғыға берілмесең, басыңды тік ұстап өзіңді жақсылыққа тәрбиелесең ешбір шешілмейтін проблема болмайды, шешілмейтін тек - өмір. ЕГЕР проблемаңыз көбейсе онда жауабын тек өзіңізден іздеңіз.
8. « Ұжымдық массаж» жаттығуы /көңіл – күй жаттығуы/
9. Бүгінгі кездесуге бағаларыңызды беріңіз.Ой пікірлерімен бөлісу. Әр кезде мына кепілдеме естеріңізде болсын ... /кепілдеме үлестіру/ 
Рахмет, сау болыңыздар!



Атырау қаласы
№ 23 орта мектебінің психологы
Садуова Гүлназ Серікқызы

Тренинг сабақ
Тақырыбы: «Темперамент және мінез»


Мақсаты: Оқушыларға тұлға бойындағы қасиеттер жөнінде, темперамент типтері мен мінез түрлері туралы мағлұмат беру

Міндеттері: 1. Оқушылар өзінің іс – әрекетін саналы түрде жеткізеді.
2. Оқушылар өз рольдерін ой талқысында қорғай білуге жұмыстанады.
3. Ойларын байланыстырады, қорытады.

Сабақтың түрі: Білім, іскерлік пен дағдыны жетілдіру сабағы

Сабақтың әдісі: «Ой қозғау», «Бір айналым сөйлесу»

І Қызығушылықты ояту

1. Оқушыларды топтарға бөлу

- Жұптасады
- Танысады
- Бір – бірі туралы ақпарат алады
- Ортаға жеткізеді

1. «Темперамент және мінез »

- Сұрақ қойылады
- Ойды жалғастырады
- Жаңа ақпарат жинайды


ІІ. Мағынаны тану

1. «Темперамент»

- Жұптасады
- Тақырыпқа байланысты көрініс, рөлдік ойындар көрсетеді

2. «Мінез»

- Бір – бірі туралы пікір жазады
- Ортаға өз ойларын жеткізеді

3. Мен және менің әлемім әдістемесі

ІІІ. Ой толғаныс

Тірек сөздер арқылы ойларын қорытады

Дауыл, бесік, алтын, болашақ, мектеп, ақыл, мейірім, парасат, құрмет


Бағалау.

Үйге тапсырма: Сыныптағы бір оқушыға мінездеме жазу.
Тренинг жоспары


Тақырыбы: «Баланы жазалауға бола ма?»

Мақсаты: Бала психологиясына зиянын тигізбейтіндей, тиімді 
тәрбие жолдары туралы ой бөлісу.

Міндеттері: 1. Психологиялық ахуал орнығады, әр топ бір – бірімен 
танысады.
2.Әр топ ситуациялық сұрақтарға жауап береді, өз 
ойларын сурет арқылы қорғайды.
3. Өз ойларын топта талқылайды, қорытады.

Сабақтың әдісі: Ой қозғау, көрнекілік стратегиясы

І Қызығушылықты ояту

1. Танысу тренингі
- Топқа бөлінеді
- Өздерін таныстырады

2. «Баланы жазалауға бола ма?» 

- Әр топ өз ойларын қағаз бетіне түсіру
- Өз жұмыстарын қорғау

ІІ Мағынаны тану

2. Сағат тілі тренингі
- сағат суретін салады
- жұптасады
- сұрақ қойылады
- өз ойларын айтады

12.00 – Балаңыз сабақтан «екі » алып көңілсіз, ренжіп тіпті жылап келді. Сіз кімді кіналайсыз?

15.00 – Ата – аналар жиналысында сынып жетекшісі балаңыз жөнінде келеңсіз пікірлер айтты. Сіз қандай күйде боласыз? 


18.00 – Ауладағы көршілер балаңыз жөнінде көп ескертпелер айтты. Мысалы: «Менің қызымның шашынан тартты, менің баламның ойыншығын тартып алды.» - деген сияқты. Сіз қалай қабылдар едіңіз?

21.00 – Сізге ең жақсы араласып жүрген көршіңіз балаңыздың темекі тартып жүргендігін ескертті. Не істей алар едіңіз?


ІІІ. Ой толғаныс

1. Тірек сөздер арқылы ойларын қорытады

Әке, алақан, қамшы, мадақтау, ойыншық, оқтау

2. Тілек шамы тренингі

- әр топ бір – біріне тілек айтады.

« Суреттерді аяқтайық » жаттығуы 

Мақсаты : Оқушылардың логикалық ойлауын , көру арқылы есте сақтауын , ойша жұмыс істей білуін дамыту . 

Алдын-ала тақтаға мысықтың және қоянның құлақтары салынған плакат ілініп дайындалады . Оқушылардың көздері шарфпен байланады да , олар кезек-кезекпен шығып , бірі денесін , бірі басын , бірі аяғын салады , осылайша жалғаса береді . 


«Түрлі –түсті доптар» жаттығуы 

Мақсаты : оқушылардың есту арқылы есте сақтауын дамыту 

Қағаз бетіне екі кішкентай қызыл және жасыл доп , қызыл доп пен жасыл доптың ортасына үлкен көк доп сал , ал жасыл доптың жанына кішкентай сары доп сал . 






« Менің көңіл-күйім » жаттығуы 

Мақсаты : көңіл-күйін игере білуге және басқаруға , қадағалауға , дұрыс бағалай білуге тәрбиелеу 

Алдарыңдағы бланкіге өз көңіл-күйлеріңді суреттеп салыңдар . 

«Мен басқаның көзімен» 

Ортаға бір оқушыдан кезекпен шығып ,қалған қатысушылар ол жайлы қандай ой- пікірде екенін айтады . Оқушы өзін басқаның көзімен қандай адам екенін анықтайды . 


« Атомдар мен молекулалар » 

Әр қатысушы- жеке атомдар .Жүргізушінің айтуы бойынша атомдар қозғалысқа түседі , бір-бірімен жеңіл қақтығысқа түседі . Жүргізуші қанша атомның қосындысынан молекула құралатынын айтады , сол кезде сол санға сай бірігіп тұра қалу керек . Молекула құрамына кірмей қалғандар ойыннан шығады . 



Афирмациялар 

« Ол жасаған іс менің де қолымнан келеді » ,« Мен жетістіктің адамымын » ,« Менің жағдайым күннен –күнге жақсаруда » 

« Таңғажайып дорба » ойыны 

Дорбада бірнеше жеміс , көкөніс бөліктері бар .Бала көзі жабылып , дорбадағы заттың дәмін татып , оның қай жеміс екенін ,дәмі , исі , формасы , түсі жайында ажырата баяндайды . 

Мен қандай адаммын ? 

Әр қатысушы өзінің жағымды , жағымсыз қасиеттерін айтады . Сол бойынша қорытынды жүргізіледі . 

Менің қиыншылықтарым 

Қатысушылар бастарынан өткен қиыншылықтарды естеріне түсіріп , ортаға салады , өзгелермен ой бөліседі . 

Есте қалған қызықты оқиға 

Топ дөңгеленіп отырып , қатысушыларға доп беріледі Допты бір-біріне кезектесіп беріп , есте қалған қызықты оқиғаларды айтады . 

Ұқсастық шегі 

Қатысушылар жұптасып отырады . Жұбына қарап , ұқсастықты тауып жазады .Ұқсастығын оқып , ой бөліседі 



Мен саған сенемін 



Әуен ойнап тұрады .Жұп құрып , бір- бірінің көздеріне қарап отырады . «Мен саған сенемін ...» өйткені сен жақсы адамсың . 



« Сиқырлы сөздер » ойыны 

Мұғалім кез-келген өтінішті айтады , ал оқушы оны әдепті түрде айтуы керек . Мысалы : Айнаш , дәптерді бер . «Айнаш , өтінемін дәптерді берші » Ізеттілік туралы ертегі тыңдау 

« Ең жақсы » ойыны

Қатысушылар екі топқа бөлінеді . Әр топқа мынадай нұсқау беріледі .Берілген мінездеме қай мамандыққа сай екендігін айту қажет . Ең ақшалы , ең жасыл , ең тәтті , ең күлкілі , ең ұсқынсыз, ең қарым-қатынасы күшті , ең жауапты , ең салмақты 

«Жағдайлы волейбол» ойыны 

Мұғалім әділдік пен әділетсіздікті көрсететін жағдайларды айтады , сол арада дұрыс жауапқа бала допты қағып алады , бұрыс жауапқа қағып алмайды 



« Кездесу » ойыны 

Жай әуенмен екі шеңбер болып қарама –қарсы айналады , әуен тоқтаған кезде бір-біріне қарап , баланың қасиетін айтады . 


Ассосация « Жанұя » 

Психолог допты лақтыру арқылы ата-анаға сұрақ қояды , олар жауап береді . 


« Сиқырлы жұмыртқа» ойыны

Әр оқушы жұмыртқа бейнесінде берілген формаларға жаңа зат пайда болатындай етіп, аяқтап сурет салады . 



« Әрқашан күн сөнбесін ! » жаттығуы

Тақтаға бұлт басқан күннің суреті ілінеді . әр бұлтта тапсырмалар берілген . Соларды орындау барысында күннің көзі ашылады . 

« Өкпені еріту » жаттығуы

Тып- тыныш денеңізді бос ұстап отырыңыз .Өзіңізді қаракөлеңкеде театрда отырмын деп есептеңіз Алдыңыздағы шағын сахнаға ( ең жек көретін , көргіңіз келмейтін ) сіз кешіруге тиісті адамды қойыңыз. Мейлі ол сізді қазір ренжітсін , бұрын ренжітсін ,қазір өмірде бар болсын , әлде өмірден өтіп кетті ме , оған мән бермеңіз .Көз алдыңызға елестеткенде оның жағдайы жақсы , жүзіне күлкі үйірілген жағдайда болуы керек . Оны бақытты деп біліңіз . Бірнеше минут оның жүзін анық көз алдыңызда ұстап тұрыңыз . Сонан соң барып ол бейнемен қоштасыңыз . Сіз кешірген адам кетісімен сіз өзіңізді сахнаға қойыңыз. Өзіңізді де тек жақсы жағдайда елестетіңіз .Бақытты , күлкі үйірілген жүзбен тұрыңыз . Бұл әлемдегі жақсылық барлығыңызға да тең жететінін ұғыңыз . 


«Тазару» жаттығуы

Терең дем алып , демді барынша қайта шығарыңыз . Денеңізді босатыңыз . Өзіңізге былай деңіз : Мен өмір сүруіме кедергі келтіретін барлық өкпе , реніштен тазарғым келеді . Мен барлық қысымнан осылайша босаймын . Барлық ескі реніш , өкпелерден құтылғым келеді . Мен жанға рахат жайбырақаттылықты сезінемін . Мен өз қалпымдамын . Өз өмірімнің ағынымен барамын Бірақ өкпені ұмыттым , кештім . 







Жас мамандарға арналған кәсіби бейімделуге көмектесетін тренингтің өткізілуі бойынша анықтама

Мақсаты: жас мамандардың кәсіби сана шеңберін кеңейту, кәсіби іс-әрекеті барсында пайда болатын қиындықтарды шешу дағдыларын дамыту, олардың психикалық қысымдарын төмендету, ішкі психикалық күшті дамыту.

Барлығы алты жас маман қатысты. Алдымен өткізілетін іс-шараның мақсат-міндеттері ескеріліп өткен соң, әрбір қатысушымен амандасу рәсімі өткізілді. Қатысушылар өздері туралы толығырақ айтып кетті, сөйтіп бір-бірімен жақынырақ танысты.

«Ұжымд Сергіту сәтінде 
оқушылардың көңіл-күйін 
және есте сақтауын дамытуға 
арналған психологиялық 
жаттығулар

1.«Жунглидағы жаңбыр»

Нұсқау; -Бір-біріңіздің соңынан шеңбер жасап тұрыңыздар. Жунглида жүрміз деп елестетіңіздер. Ауа райы өте тамаша, күн жарқырап, ыстық және қапырық болып тұр. Бір уақытта самал жел соқты, (алдыңызда тұрған адамның арқасына жұғысып жеңіл қимылдар жасаңыз).

Жел көтеріліп желкіді ( арқаны қаттырақ басамыз) .

Қатты дауыл соқты (қимылдарыңыз күшейіп шеңбер бойында жүргізіледі)

Ұсақ жаңбыр сіркіреді (серіктесіңіздің арқасын саусағыңызбен басасыз)

Кенет нөсер жауын құйды (алақандарыңызбен жоғарыдан төмен қимылдар жасаңыздар).

Бұршақ жауды (арқаны қаттырақ соғамыз).

Тағы да нөсер жауын жауды.

Ұсақ жаңбыр сіркіреді.

Дауыл соқты.

Жел соқты.

Жел басылып келеді.


2. Жағымды сөздер.
Мақсаты: Өзін-өзі одан әрі ашу, өзін-өзі тану, өзінің және айналасындағылардың психологиялық мінездемесін анықтау және талдау іскерлігін дамыту. Қатысушылар шеңбер бойымен отырады. Жүргізуші жағымды сөздер айта отырып, кез келген біреуге доп лақтырады. Допты алған ойыншы шеңбердегі қатысушылардың кез-келгенін таңдайды да, оған өз жағымды сөзін айтады, ойын жалғаса береді. Жағымды сөздер қысқа бір сөзден тұрса болады.


3. «Сәлемдесу» ойыны:
Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен… қолмен… иықпен… құлақпен… тіземен… иекпен… өкшемен… арқамен.



4. «Кім, нені жақсы көреді?» жаттығуы.
Барлығы орындықтарға отырады. Кім, нені жақсы көреді солар орындарынан тұрады. Мысалы: Кім балмұздақты жақсы көреді, сол орнынан тұрсын…Кім өзін батырмын деп есептейді?… Кім сары түсті жақсы көреді?… Кім көп тамақ жегенді жақсы көреді?… Кім айнаға қарағанды жақсы көреді? т.б. сұрақтар қоюға болады.

5. «Сөзден сөзді ізде» ойыны.
Сөз беріледі, сол сөзден басқа сөздер құрастыру керек. Кім көп құрастырса, сол жеңімпаз. Мысалы:

«Трансформатор» «Талдықорған»

форма қорған

матор тал т.б.

6. «Сантики, Фантики, Лимпопо».
Барлығы шеңбер бойымен тұрып, бір баланы таңдайды да бөлменің сыртына шығарады. Шеңбердегі балалардың ішінен бір баланы жүргізуші етіп сайлайды, ол шенбердегі балаларға қозғалыстарды көрсетіп тұрады. Барлық ойыншылар жүргізушінің артынан көрсеткен қимылдарды қайталау керек. Қимылдарды қайталаған кезде жүргізушіге қарамай, білтіртпей жасау керек. Шеңбердегі балалар шапалақ ұрып, «САНТИКИ, ФАНТИКИ, ЛИМПОПО» деп айтып ойынды бастайды. Бөлме сыртында тұрған бала ойыншылардың дауыстарын естіп, бөлмеге кіреді де шеңбердің ортасына тұрып, кім жүргізуші екенін табу керек. Егер жүргізушіні тапса, жүргізуші есіктің сыртына шығады. Ойын сол ретімен жалғасып отырады. 

7. «Қолдағы хат».
Әрқайсысы өзіне серігін таңдап, қарама-қарсы тұра қалады. Бойы ұзындау бала, көзін жұмып тұру керек. Егер бойлары бірдей болса, кімнің жасы үлкен (туған күні 1-2 айға ертерек) бала көзін жұмады. Көзін жұмып тұрған бала қолын алға созып тұрады. Көзі ашық бала соның алақанына хат жаза бастайды, жеке тұрған баспа әріптерді. «Соқыр» ойыншы сол әріптерді табуға тырысып, не оқығанын айтып беру керек. Бір әріпті жазғаннан кейін клесіні жазар алдында бұрын жазылған әріпті өшіріп тастап отыру керек.

8. «Көңіл-күй неге ұқсас».
Ойыншылар олардың бүгінгі көңіл-күйлері неге (қай жыл мезгіліне, ауа райына, табиғаттың құбылысына) ұқсас екенін айтып береді. Ойынды үлкен дер бастаса жақсы болар еді: «Менің қазіргі көңіл-күйім көгілдір аспандағы жылы, жұмсақ күннің көзіне ұқсайды, ал сенің ше?». Жаттығу шеңбер бойымен жалғаса береді. Ойынның сонында жауаптар қорытындыланады, бүгінгі шеңберіміздегі балалардың көңіл-күйі қандай екен: қайғылы, көңілді, күлкілі, ызаланған т.б.Жауаптардың қорытындысын шығарған кезде, жаман ауа райы, суық, жанбыр, түнерген аспан сияқты элементтер агрессивті, қобалжу күйлердің көрсеткіштеріне назар аударыңыз.

9. «Тасбақалардың жүгірісі».
Бұл жүгірудің еркекшелігі, мәреге ең соңғы келген ойыншы жеңеді. Ойыншылар бөлменің бір жағына қатарлап тұрады, содан соң қарама-қарсы жаққа «жүгіреді». Бір орында тұруға болмайды. Барлығы қимыл-қозғалыста болуы қажет. Қимылдары баяу болады. Ең соңғы мәреге жеткен «тасбақа» жеңіске ие болады.

10. «Көкөністер арқылы ұрысамыз»

Бұл ойында балалар ұрысқан кезде бір-біріне жаман сөздердің орнына көкөністердің атаулары арқылы ұрысады.

11. «Тыныштықты жақсы көретін патша» Патша шуды жек көреді, сондықтан ханзаданың көңіл-күйін бұзбау үшін барлығымыз шуламай тыныш қозғаламыз. Патша аяқтың ұшымен жүреді, оның жүрісі жеңіл, баяу. Бұл ролді бір бала атқарады.

Жүргізуші келесі сөзді айтады: «Барлық балалар, патшадан басқа бөлменің әр жеріне тұра қалады. Патша саусағын ауызына тигізіп, «Ш-ш-ш, ханзада келе жатыр!» деп, бөлмені аралай бастайды. Барлығы «қатып» қалу керек, ал патша әрқайсысын айналып шығады. Кез келген баланың қасына келіп, саусағын баланың мұрнына тигізеді. Сол бала аяқтың ұшымен патшаның артынан жүре бастайды. Келесі балаға жақындаған патша саусағын баланың мұрнына тигізеді, ол бірінші баланың соңына тұрып, аяқтың ұшымен патшаның артынан жүре бастайды. Сол тәртіппен ойын жалғаса береді. Барлық балалар патшаның артына жиналғаннан кейін, патша кез келген артындағы балаға қарап, «Ш-ш-ш» дейді, сонда сол бала өз орнына тыныш, аяқ ұшымен оралады. Барлығы орнына тұрғаннан кейін ойын аяқталады. 
ық сурет» атты суретті жаттығу өткізіліп, оң және сол жарты шарлар басымдылығын анықтауға арналған қысқаша тест, сонымен қатар оптимистік бағдарды анықтауға арналған сауалнама алынды.

Жаттығудан кейін қатысушылардың көңіл-күйлері көтеріліп, дем алып, рухани толысты.

--------------------------------------------------------------------------------------

Тақырыбы: Таңғажайып көбелектің түсі.
Сабақтың әдіс-тәсілі: ертегітерапия, арт-терап, құмтерапиясы.
Мақсаты: Балалардың шығармашылық әлеуетін дамыта отырып, психоэмоционалдық жағдайды жайландыру. Ішкі күйзелісті түсіру,релаксация. Қолдарының ұсақ моторикасын дамыту. Өзіне деген позитивтік көзқарасты қалыптастыру.

Сабақтың барысы
Міне сендерді өзімнің сабағымда көріп тұрғаныма қуаныштымын.

Балалар оң қолдарымен жүректеріңді ұстаңдаршы. Естіп тұрсыңдар ма? Тук- тук дейді. Енді осы кішккене жүрегімізде кішкентай ғана мейірім шуағы бар деп сезінейік. Сол шуақпен бір- бірімізді жылытайық. Бір –бірінің қолдарын ұстасады. Міне кішкене күн шуағы үлкен күнге айналды. Осы күннің жылуын таңғажайып әлеміндегі тұрғындарға апарып көмектесейік. Ал ол үшін біз ештеңеден қорықпайтын күшті де епті батыл болымыз керек.Балалар , мен сіздерді бүгін сиқырлы орманға, саяхатқа шақырамын қараңдаршы, айнала қандай әдемі.

Ойын: Жаңбыр (интерактивті тақтамен) 

Психолог: Балалар сендер шыныққан сайын таңғажайып әлеміне жан біте бастады.
1. Жылы жаңбыр да жауды (екі қол артта, кезек-кезек алдыға созу).
2. Жаңбырдан соң әдемі кемпірқосақ та көрінеді (екі қолды қанатша екі жақта ұстап, иіліп бір қолды бір қолға жеткізу).
3. Жылы жаңбырға жуынып, өсімдіктер де жапырақтарын күнге жая бастады. (Аяқты артқа созып қолды жоғары көтеріп, денені жоғары созу).
4. Ал құстар қанаттарын қағып, ұшуға дайындалып жатыр. (Қолды қанатша қағып, отырып-тұру).
5. Жан- жануарлар да ояна бастады. (Жерге тіземен тұрып аяқтарын созу).
6. Көбелектер де ұшуға дайындалып жатыр. (Лотос қимылы)

Мына әдемі көбелек біздерді қайда шақырып тұр ? кәне артынан барайықшы

Құм салынған үстелге жақындайды.

-Құм терерапия жаттығуы.

-Қолды құмға салу.

-Саусақтарының арасынан құмды уқалау.

-Қолды құмға жасыру.

-Құмды себелеп құю.

Балалар, енді кілемге жайғасып отырайық, ертегі тыңдайық «Ғажайып көбелектің түсі » ертегіні айтады, Бір таңғажайып елде, үлкен гүл алаңында түстер көбелектері өмір сүреді. Күндіз олар ұйықтап жатады, ал түн болғанда оянып, жан-жаққа ұшады. Әр көбелек өз адамына, үлкенге де кішіге де ұшып барады. Түстер көбелегінің қанаттары ғажайып. Оның қанатынан гүлдің, жаңбырдың иісі шығып тұрады. Көбелек қанатымен қағып қалса, сол адамға жақсы түс кіреді, ал қара көбелек қанатымен қақса қорқынышты түстер кіреді. Өз түстеріңді естеріне түсіріңдерші, сіздер қандай түстер көресіңдер? Қорқынышты түстер көресіңдер ме?

Психолог: Балаларға қорқынышты түстер көрсететін көбелектердің көрсетіп оларды жыртып тастауға ұсынады. Балалар қара көбелектерді жыртады.

Психолог : Міне ,біз енді ондай түстерден қорықпайтын боламыз. Балалар біз мына көбелектерге қандай түс көргілерің келеді? Соның суретін салып бояйық. Балалар сурет салады.

«Болады, болмайды» жаттығуы.

Барысы: Психолог сөздерді айтады, ал балалар солай болуы мүмкін болса, онда қолдарын шапалақтайды, егер ондай мүмкін болмаса- онда аяқпен топылдатады. Мысалы: қасқыр орманда кезіп жүреді- алақан шапалақтайды. Қасқыр ағаш басында отыр- аяқтарын топылдатады. Кастрюлде кесе қайнап жатыр. Мысық ұйдің төбесінде қыдырып жүр. Ит аспанда жүзіп келеді. Қыз үйдің суретін салып отыр.
Тренинг: қорқыныш
Орманда қараңғы, түрлі дыбыстар шығады. Ол не екен? Қорқып кеттік.Балалар, қорыққанда не істейміз? Тұрып қаламыз. (Мимикамен көрсетеді) көзін жұмады. Ой, қорқынышты болып кетті, бұл қорқынышты жануар шығар, бір дауыс естіледі. (Мәу) Көзімізді ашып қарайық. Ол кішкентай мысық екен. Оны қолымызға алайық, жылытайық, сипайық. Міне, мысықпен дос боламыз, енді қорықпаймыз.



Бастауыш сынып оқушыларының есте сақтау қабілетінің  даму деңгейінің диагностикасы туралы қазақша реферат

         Қалыптастырушы  экспериментте  біз  зерттелушілердің  есте сақтау қабілетін дамыту бойынша жұмыс өткіздік. Ол  үшін есте сақтау

қабілетін жақсартуға арналған арнайы таңдалған жаттырғуларды пайдаланумен тілдік теорияны үйрету  бойынша сабақтар топтамасын өткіздік.

Есте сақтау қабілетін  дамыту және есте сақтауды жеңілдетуге арналған тәсілдер мен жаттығуларды қарастырайық:

  1. Түсіндірілуі тиіс  ақпаратты бастапқы әріптерінен маңыналы фраза жасау .

  2. Ырғақтау – ақпараттық өлеңге, әнге,  белгілі бір ырғақ не рифмамен байланысты жолға аудару.

  3. Әуендес сөздер арқылы ұзын терминдерді жаттау (мысалы шетел терминдер үшін  дыбысталуы бойынша өз тілінде баламасын іздеу – мысалы медицинадағы «супинация» және «пронация» терминдерді есте сақтау үшін   әуендес және әзіл «тамақты әкеле жатып, төгіп алдым»  сөзін қолданады).

  4. Есте сақтау қажет ақпаратпен «байланыс әдісі» бойынша байланыстыратын ашық, ерекше бейне, суреттер іздестіру қажет. Мысалы, қарындаш, көзілдірік, люстра, орындық, жұлдыз, қоңыз сөздер қатарын есте сақтау қажет – егер сіз оларды  бір жарқын, фантастикалық мультфильм кейіпкері  – қапталған матасында «жұлдызы» бар  «орындық»  мінген «люстра» ханымға «көзілдірікті»  сал жігіт «қарындаш»  келгенін  елестетсеңіз  оларды есте сақтау оңай болады. Осылай ойластырылған мультфильмді ұмыту немесе шатастыру қиын болады.  «Байланыстыру әдісі»  бойынша есте сақтау тиімділігін арттыру үшін пропорцияларды (үлкен «қоңыз»)  өзгерту; заттарды  белсенді әрекет жасауда («қарындаш келеді) алмастыру; заттар санын көбейту (жүздеген «жұлдыздар»); заттар қызметтері орынын алмастыру («орындық «люстар» ханым үстінде).

  5. Цицерон әдісі. Елестетіңіз, сіз өзіңізге  жақсы таныс бөлмеңізді аралап шықтыңыз. Есте сақтау керек ақпаратты бөлме бойынша аралау жолыңызға қойыңыз. Өз бөлмеңізді аралап, ақпаратты еске түсіре  аласыз – бәрі өткен жолы қалай қойдыңыз сол орындарында болады.

  6. Сөздерді әңгімеге қосу арқылы есте сақтау.

Мысалы, қисыны жоқ сөздерді есте сақтау (ағаш, үстел, өзен, себет, тарақ, сабын, кірпі, резеңке, кітап, тарктор, жауын, күн, сағат, шам, скрепка, үй, ұшақ, дәптер, шұлық, ауа):

  1. Тақтадан сөздердің бірінші қатарын оқыңыз  және ұққаныңыз бойынша жазыңыз.

Әр қатармен соны жасау қажет.

Сөздер тақтада бормен жазылған, яғни оқушылар «қарама-қайшылығы әлсіз» графикалық белгілерді қабылдайды.

өрмекші, сағат, қасқыр, түлкі

кітап, тиін, күшік, алхоры,

саңырауқұлақ, қарға, майшабақ, алпапқыш

  1. Көру диктанттары.

Тақтада  алдан ала  жазылып, жабылған екі немесе үш жолдан жазу жасау керек. Жазу ашылған соң сіз бірінші жолды екі рет оқыңыз: бірінші рет оқу – таныстыру, екінші рет – сөздердегі «қауіпті» жерлерін бөліп көрсету. Жазу қайта жабылған соң сіздер тез көздеріңізді жауып, сөйлем, сөздер,

ондағы әр әріптерді көз алдарыңызға елестетулеріңіз керек.

Бұл сәтте есте сақтау қабілеті сіздерге көмегін береді, өйткені қысқа мерзімді есте сақтаудың бір құпиясы – материалды бірінші секундында қайталау.

Келесі әрекет – дәптерге жазу.

Көру диктантының жоспары:

а) бірінші жолды екі рет оқимын;

ә) оны көз алдыма елестетемін;

б) дәптерге жазамын;

Осыны  екінші жолмен жасау керек.

Жұмыс аяқталған соң материал өзін-өзі тексеру үшін толық ашылады.

Күн сайын өзіңіздің көру есте сақтау қабілетіңызға баға беріңіз: екі қате – әлде де «жаман», бір қате – жақсы, егер қате болмаса – сіз «Қырағы Ханзада»  («Ханшайым») атағына ие боласыз.

Жаттығу. Көру диктанты.

Тәтті таңқұрай.

Алмастың ойыншығы.

  1. Есту диктанттары. Есту диктанттарында сендер, балалар, сөйлемдерді естіп  қабылдайсыздар: мен оқимын – сендер мұқият тыңдайсыңдар.  Сендер  мұғалімнен көп нәрсені естулерің керек: сөйлемдегі сөздер орны, тыныс белгілері, бейтаныс сөздер жазылуы. Үтір,  леп, сұрақ белгілерін  «есту» мүмкін бе?

Келісіп алайық: егер сендерге білетін ережеге сөз  болса, онда мен оны  солай оқимын, мысалы: кілем (клем), ал егер сөздегі орфограмма белгісіз болса, онда мен сендер естіп, қате жібермеулеріңіз үшін сөзді  анық, айқын  дыбыстаймын.

Қалай ойлайсыңдар, сөйлем ортасындағы күтпеген кідіріс нені білдіреді? (ол осы жерде үтір қоюлары керектігін білдіреді).

Мен бірінші сөйлемді оқып шыққан соң, сендер  сөйлемді іштеріңнен

өру диктантындағыдай) естігенді қайталап тез  қайталау тиіссіздер. Бірінші

секундттарда сендерге   есту есте сақтау қабілеті көмектеседі. Жазу барысында сендер есту, есте сақтау қабілетінің дауысы ақпаратты қалай жазу керек екен «айтқанын» естисіздер: қай сөзден кейін қандай сөз келетінін, ол қалай дыбысталды және т.б. Есте сақтау құпиясын білу арқасында сендер осының бәрін енді істей аласыңдар.

Осы амалмен сендер 6, 7, 8, 9, 10 сөзден тұратын сөйлемдерді есте сақтай  аласыңдар, яғни есте сақтай алатын  материал көлемін арттыруға үйрендіңдер.

Есту диктантының жоспары:

а) мұқият тыңдаймын;

ә) сөйлемді ішімнен қайталаймын;

б)  дәптерге жазамын.

Солай екінші  және т.б. сөйлемдермен жасалады.

Диктант аяқталған соң есту есте сақтау қабілетін бағалауға ұмытпаңыз.

Жаттығу-жарыс: «Кім мәтіндегі ең ұзын сөйлемді ұғады?».

Мұғалім бірдіндеп  сөздер санын көбейтіп сөйлемдер оқиды: бірінші сөйлем – 5 сөз, екінші 6 сөз,  т.б., соңғысы – 10 сөз.

Жапалақ.

Жазда балалар саяжайда   тұрды. Бірде балалар жалғыз тоғайға барды.  Онда олар қуысы бар үлкен еменді тауып алды. Қуыс інінде ұя болды, онда жапалақ балалар бар екен. Арман мен  Дидар жапалақ балапанын алып, үйлеріне кетті. Түнде жапалақ үйге ұшып келіп, терезе астында шулай бастады.

Есту диктанты өткізілген соң мұғалім дәптердерді жинайды, тексереді, келесі дамыту  сабағында  жеңімпазды – «Сақ құлақ Ханзада» (Ханшайым») атайды.

Орфографиялық қателер түзеледі, бірақ қорытынды жасауда олардың бәрі ескерілмейді. Сөйлемде сөз тәртібі сақталған, мұғалімнен «естілген» интонациялық белгілер мен  білдіріп айту орфограммалары сақталған   жұмыс қатесіз деп танылады.

  1. Мәтіндік ақпаратты тірек сөздер және олар арасында байланыс орнату арқылы есте сақтау.

  2. Екінші (қызыл және көк)  қарындашты алыңдар. Мәтінді оқып, тірек сөздер, яғни сөйлемді жаңғырту мүмкін болатындар  астын қызыл қарындашпен сызыңдар.

  3. Осы тірек сөздер өзара қисын бар ма екенін тексеріңдер. Мысалы: кран-үстел.  Біз түсінеміз, ас үйі туралы әңгімеленеді. Айталық: ұшақ-құлпынай. Байланыс жоқ екені анық, сондықтан қосымша тірек сөздер астын көк қарындашпен сызыңдар.

  4.  Сөздерді бөлек параққа жасыңызар,  қызыл қарындашпен  белгіленген тірек сөздердің астын сызыңдар (қызыл немесе көк қарындашпен астары сызылған сөздер тізбектеп жазылады).

  5. Олармен әңгіме құрастырыңдар, сөздерді баспа параққа келтіріп жазыңдар.

  6. Бақылау парақпен салыстырыңдар, қателерді түзеңдер (ойларыңызда).

  7. Енді ойларыңда сөздерді бір-бірдеп елестетіп, мәтінді жазыңыздар. Осы тәсіл арқылы  мәтінің 30-60 бетін өңдеген соң үрдіс еріксіз орындалатын болады, яғни бұны жазбаша жасау қажет болмайды.

Тілдік теорияда бастауыш сынып оқушыларының есте сақтау қабілетінің өнімді дамуына дыбысталған сөйлеуді талдау, сызба мен кестелермен жұмыс талдауын өткізуге көмектеседі, сондықтан біз бастауыш сынып оқушыларын   үзінді оқу кезінде оқылып жатқан кітап, иллюстрацияларды қарауға, еске түсіру арқылы ынталандырдық.  Осы жұмыс барысында балалар ынтамен тыңдайды, бірге күйінеді, естігендерін Естерінде сақтайды.

Солай, эксперименттің қалыптастыру кезеңінде біз тілдік теорияны үйрету  үрдісінде есте сақтау қабілетін дамыту жұмысын өткіздік. 3-қосымшада эксперименттің осы кезеңі сабақтарының әзірлемелері берілген.

Жұмыс экспериментінің құрастыру кезеңінің тиімділін тексеру үшін зерттеушілерді бақылау тексеруінен өткізілді. Бақылау тексеру әдістемесі зерттеушілер есте сақтау қабілетін  дамыту деңгейі  констатациялық зерттеу әдісімен сәйкес келді. Өткізілген әдіс бойынша бақылау кезеңінің мәліметтері     2-кестеде келтірілген. Нәтижелер зерттеушілер есте сақтау қабілетін дамыту деңгейі констатациялық  зерттеу  деректерінің қатыстырылуымен талданды.

.

Бастауыш сынып оқушыларына арналған психологиялық ойындар

Жарияланды 8-10-2014, 23:47 Категориясы: Өзін өзі тану 

Тақырыбы: Бастауыш сынып оқушыларына арналған психологиялық ойындар.
Мақсаты: Жаңа заман талабына жеке тұлғаны дамыту, танымдық ауқымын кеңейту;
балалардың шығармашылығын дамыту, белсенділігін, іскерлігін арттыру.

Қабылдау қабілетін дамытуға арналған ойындар.
1. «Ине мен жіп»
Жүргізуші: мен ине боламын, ал сендер жіпсіңдер.
Сендер менің артымнан бір - бірлеріңнің белдеріңнен ұстап тұрыңдар. Қазір бәріміз алдымызда тұрған кедергілер арасынан үзілмей жүгіреміз. Кім жіпті үзсе сол ойыннан шығады.

2. «Бұл қашан болады?»
Жыл мезгілдеріне байланысты суреттер көрсетіледі. Сол суреттер ішінен керек суретті көрсетіп әңгімелеп береді.
Кесте, құрал - жабдықтармен жұмыс
1. Айлардың аттарын ата;
2. Жыл мезгілдерін түстерге сәйкес ата;
3. Әр мезгілде неше ай бар?
4. Бір айда неше апта бар?
5. Қазір қандай жыл мезгілі және қандай ай?

3. «Не үлкен?»
Отырған балаларға жүргізуші сұрақ қояды. Орындықтан не үлкен? Балалар кезекпен заттарды айтады. Ойын ойнаған кезде жүргізушіге атаған заттарды қайтадан айтуға болмайды және балаларға қайталауға болмайды. Кім екі рет шатасса, ойыннан шығады. Жеңімпаз бала жүргізуші болады.

4. «Сиқырлы қапшық»
Балаларды шеңбер жасай отырғызып жүргізуші олардың алдындағы кішкентай үстел басына отырады. Үстелдің басында сиқырлы қапшық тұр. Ішінде әртүрлі ұсақ ойыншықтар. Балаларды кезекпен шақырып қапшықтың ішіндегі екі бірдей затты тауып алуды талап етеді. Мысалы: екі доп, екі машина, т. б. Балалар қолымен заттарды сипап бірдей затты тауып алған соң сипаттап айтады. айтқанын тексеру үшін заттарды сыртқа шығарадығ, ойын осылайша жалғасады.

Есте сақтау қабілетін дамытуға арналған ойындар.
1. «Төрт құбылыс»
Балалар шеңбермен тұрады. Жүргізуші: «Су», - десе қолдарын алдына созады, «ауа» десе жоғары көтереді, «от» дегенде екі қолын айналдырады, «жер» дегенде қолдарын түсіреді. Кім шатасса, ойыннан шығады.
2. «Көңілді шеңбер»
Балалар шеңбер жасап отырады. Бір - біріне мұқият қарайды. Жүргізуші белгі бергенде балалар көздерін жұмады. Сол кезде жүргізуші отырған балаларға әр түрлі заттарды қыстырып қояды (гүл, орамал, көзілдірік, т. с. с.). Балалар көздерін ашқанда не өзгерді? – деп сұрайды. Ең зейінді балаға сыйлық беруге болады.
3. Орныңды тап. Балалар шеңберге тұрады. Әр бала өзінің жанындағы баланы есінде сақтап, қарап алуы керек. Жүргізушінің бірінші белгісі бойынша, бөлменің жан - жағына тарап кетеді ( белгі: шапалақтау, барабанмен беріледі). Екінші белгі бойынша шеңберге бастапқыда қай орында, кімнің қасында тұрғанын есінде сақтап, қайта шеңбертүзеді. Өз орынын таппаған балалар ойыннан шығады.

Зейінді тұрақтандыруға арналған ойындар.
1. Мен жеңімпазбын. Орындықтарды ортаға қойып, музыка әуені ойнағанда балалар шеңбермен айналып жүгіреді. Орындықтар саны балалар санынан 1 санға кем болуыкерек. Ең соңында қалған бала орындықтың үстіне шығып, мен жеңімпазбын деп айтуы керек.
2. Құлақ - мұрын. Балалар шеңбермен тұрады. Жүргізуші: «Құлақ», - деп мұрнын ұстайды. Ал балалар айтылған мүшені дұрыс көрсетулері тиіс. Жүргізуші балалардың зейіні мен қабылдауын тексеру мақсатында оларды шатастырып айтады.
3. Өз орныңды тап. Балалар қатармен тұрады. Әр баланың қолында әр түрлі сандар. Жүргізуші белгі берген уақытта балалар сандардың реті бойынша тұруға тиісті. ойын бірнеше рет қайталанады. Балалардың орындарын шатастырып алмауы қадағаланады.
4. Дайын бол. Балалар шеңбермен жүреді. Жүргізуші бір сөз айтады, ал балалар сол сөзді іс - қимылмен көрсетеді. Мысалы: қоян – секіреді, құс – ұшады, т. с. с.
5. Зейінді бол. Балалар шеңберде тұрады. Жүргізуші әр түрлі қимыл - қозғалысты көрсетеді. Балалар қайталап тұрады. Жүргізуші ескерткен қозғалысты, мысалы: қос аяқпен секіру қозғалысын қайталамайды. Қайталаған бала ойыннан шығарылып, жеңімпаз жүргізуші болады.


«Суреттің жұбын тап» ойыны.
Мақсаты: Баланың ойлау қабілетін, есте сақтауын және тілін дамыту

Қажетті құралдар: Магниттік тақта, магниттер, 12 жұп суреттер: фасоль – горох, анар - алма, шәйнек - кесе, қораз - әтеш, аққу – шағала, шегіртке – құмырсқа, күрек – тырна, қызғалдақ – раушан, ешкі – қой, қасқыр – аю, картоп – сәбіз, кітап – дәптер.

Ойын өтілу барысы:
Психолог магниттік тақтаға ойынның суреттерін іледі. Суреттердің орналасуы: жоғарғы қатарына – фасоль, алма, шәйнек, қораз, аққу, құмырсқа, күрек, қызғалдақ, ешкі, қасқыр, кітап, сәбіздің суреттерін қояды. Төменгі жағына – горох, анар, кесе, әтеш, шағала, шегіртке, тырна, раушан, қой, картоп, дәптердің суреттерін қояды.
Балаларға жоғарғы қатардан сурет таңдап төменгі қатардан сол суреттің жұбын тауып топтастыру керек екенің түсіндіреді. Балалар кезекпен жұптарын тауып және неліктен олай ойлайтының айтады. Мысалы: фасоль суретіне мен горохтың суретін жұп қылып топтастырдым. Себебі екеуіде асқа жатады.
Психолог негізгі дұрыс жауапты алғанан соң, суреттің орның ауыстырып жұбтарын бірінің астына бірін қойып отырады. Содан соң балалардан қалған суреттердің жұбтары қандай болғанын еске түсірулерін сұрайды.

«Түлкінің балалары мен бүркіт»
Мақсаты: зейінің, ерік жігерін дамыту.
Ойын барысы
Балалар 1,2 санау арқылы немесе өз еріктерімен түлкілер және бүркіттер болып екіге бөлінеді. Бүркіттер түлкілерді аңдып бір жерде жиналып отырады. Түлкілердің ішінен біреуі түлкі болып қалғандары түлкінің балалары болады. Түлкі ортаға тұрып қандайда бір қимылдар жасап, оны әртүрлі қылып өзгертіп жасай береді. Түлкінің балалары анасының жасағандарын қалмай қайталап жасап отыруы керек. Кім қимылдарды жасауға үлгірмей немесе жасай алмаса соны бүркіттер алып кетеді. Анасымен қалған түлкі баласа жеңімпаз болып саналады. Ойын жүргізушілері ауыстырылып 2-3 рет қайталанады.
Ескерту. Ойынды көңілді әуен қосып ойнаған жақсы.

«Көкөністер» ойыны.
Мақсаты: Баланың сөздік қорын байыту, зейінің дамыту, өзара келісімге келуге тәрбиелеу.

Қажетті құралдар: Көкөністердің суреті бала санына қарай.

Ойынның өтілу барысы:
Психолог әрбір балаға көкөністің суреті бейнеленген карточкаларды таратады. Балалар шеңбер құрып тұрады да, әрқайсысы қолдарындағы қандай көкөніс екенін айтады. Содан соң психолог шеңбер ішіне кіріп қандайда бір көкөністің атауын атайды. Аталған көкөністің суреті бар бала шеңбер бойымен айнала қашады, ал жүргізуші баланы қуа жөңеледі. Ойыншы ұсталап қалмауы үшін балалардың қолындағы қандайда бір көкөністің атауын атауы қажет. Сол кезде кімнің қолындағы көкөністің атауы аталса сол ортаға шығып, қаша жөңеледі. Ал, 1 ойыншы көкөністің атауын атаған бойда орнына тұрады. Жүргізуші ұстап алам дегенше келесі көкөністің аты аталады. Ойын осылай жалғаса береді.
Ескерту: Алғашқы ойын кезінде психолог жүргізуші орнына ойнайды, кейінен жүргізушіні балалар арасынан таңдайды.

«Суретті есіңе сақта» ойыны.

Мақсаты: көру есін және зейінің дамыту.

Қажетті құралдар: Ойын карточкалары бала санына қарай.
Ойынның өтілуі барысы: 
Психолог әр балаға ойынға араналған карточкаларды таратады және зейін қойып назарларын аударуын сұрайды. 10 сек. соң карточканы аударып «суретте не орналасқан» деп сұрайды. Балалар кезекпен жауап беріп отырады. Кейін карточкаларды ауыстырады. Ойын осылай жалғаса береді. 

Ескерту: Дұрыс жауапқа балаларға жұлдызша немесе фишка беріп отырады. Осылай жеңімпаз анықталады.

«Ұқсас сөздер» ойыны
Мақсаты: синонимдерді анықтау дағдыларын дамыту.
Барысы: психолог ойын ережесімен таныстырады. «Балалар бұл ойында мен атаған сөзге, ұқсас сөз айтуларың керек». Мысалы: психолог «үлкен» сөзін ұсынады, балалар: «ірі, дәу, зәулім».
Мейірімді - жанашыр, жылыжүрек, жақсы.
Аласа - кішкентай, биік емес және т.б.

«Сиқырлы дыбыстар» ойыны
Мақсаты: ойлауды, берілген дыбыспен сөзді атау іскерлігін дамыту.
Барысы: Мұғалім балаларға сиқырлы дыбыстармен ойын ойнауды ұсынады:
- «Ш,Ж, С» дыбысына басталатын сөздерді атаңдар.
- «Р» дыбысы бар көкөніс, жеміс-жидектерді (жүгері, алмұрт, қарақат), «Л» дыбысы бар заттарды (үстел, гүл, қаламсап) атаңдар.

«Көбелектер әлемі» жаттығуы
Мақсаты: релаксация және қиялын дамыту.

Қажетті құралдар: МР3, баяу орындалатын музыка, кілемшелер (бала санына қарай)

Жаттығудың өтілу барысы: 

Балалар кілемшеге шалқасынан жатып, аяқ – қолдарын еркін созады. 
Психолог арнайы релаксацияның әуенің қосып былай дейді: «Көздеріңді жұмып, менің даусымды естіңдер. Жеңіл әрі жаймен демалыңдар. Өздеріңді керемет жаздың шуақты күніңде шалғанда жүргендерінді елестетіңдер. Дәл қазір сендердің көз алдарыңа ғажайып көбелек гүлден – гүлге ұшып жүргенің көріп тұрсыңдар. Оның қанаттарының қимыл – қозғалысына қараңдаршы! Ол қанаттарың жеңіл әрі әсем етіп қозғалтады. Енді әрқайсыларың осы көбелектің ғажайып үлкен әрі керемет қанаттарын өздеріңе қиялдап көріңдерші! Сендердің қанаттарың төмен – жоғары баяу қалықтап қозғалып жатқаның сезіңіңдер! Ауада баяу қалықтап жүргендеріңді сезініп рахаттаңыңдар! Ал енді өздерің ұшып жүрген жерлеріңнентөмендегі жап-жасыл болып тұрған шалғанға зер салыңдар. Қараңдаршы, қандай жайқалып тұрған гүлдердің көптігін! Көздеріңмен ең әдемі гүлді тауып алып соған жақындай түсіңдер! Енді сендер өздеріңнің гүлдеріңнің иісің сездіңдер! Жайменен қалықтап осы гүлдің аңқыған исінің ортасыңа отырыңдар! Тағыда оның жұпар исімен демалыңдар... енді көздеріңді ашыңдар!
Балалар кезекпен өздеріңің сезімдері жайлы айтады.



БАЙЛАНЫСТЫРЫП СӨЙЛЕУ ТІЛІН ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН ОЙЫНДАР

Мектепке дейінгі жастағы баланың ең басты іс-әрекетінің ойын болғандықтан, ойын арқылы баланы оқыту қажет. Сол себепті логопедиялық сабақтарда дидактикалық, рөлдік ойындар өте қажет.  Олардың мақсаты – ережені сақтап білуді, сөйлеу тілін, ойлау қабілетін, кеңістіктік және уақыттық ұғымдарды, қабылдауды, есте сақтау қабілетін дамыту.

Ойын түрі сабақты қызықты етіп, жалпы логопедиялық сабақтың тиімділігін біршама жоғарылатады.

Ал енді мектепке дейінгі жастағы баланы оқыту үрдісінде қолданылатын дидактикалық ойындардың қысқаша баяндамасы:

1-ші ойын  – «Мен білемін».

Мақсаты: сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорын бекіту, байқығыштық пен зейінді дамыту.

Мазмұны: педагог допты қолдана отырып, келесі мәтінді айтады, бұл кезде допты еденге ырғақпен соғу.

Мен ұлдардың бес атын білемін:

Арман – бір

Аділет – екі

Қуаныш – үш

Асхат – төрт

Нариман – бес

Әрі қарай келесі ойыншыға доп беріледі. Ол келесі бес затты атайды. Бұл кез-келген заттар болуы мүмкін (ойыншықтар, гүлдер, ағаштар, аңдар).

2-ші ойын – «Күн мен түн».

Мақсаты: сөйлеу тілін дамыту, қажет ұғымды іздеуде зейінді ұмтылдыра білу.

Мазмұны: педагог сөз айтады, балалар оған мағынасы қарама-қармсы сөз айтады: «Күн-түн, тәтті – ащы және т.б.».

3-ші ойын – «Қонаққа барамыз».

Балалар үй иелері және қонақтар болып бөлінеді. «Үй иелері» қонақтарды «сиқырлы сөздерді» айтып қарсы алу қажет. Қонақтар сыпайы жауап қайтарады.

4-ші ойын – «Сөз құра».

Балалар мұғаліммен айтылған буындардан сөз құрайды. Буындар түрлі-түсті әдемі болуы мүмкін. Мысалы: гүлшоғырына жиналатын шар немесе гүлдер түрінде.

5-ші ойын – «Екі шеңбер».

Балалар екі шеңберге тұрады – сыртқы (үлкен) және ішкі (3-4 адамнан). Үлкен шеңбердегі балалар тұрады, ал ішкісіндегілер көшбасшы мұғаліммен бірге жүріп, былай дейді: «Біз шеңбер бойымен жүреміз,өзімізбен бірге аламыз – тәтті...». Үлкен шеңбердегі балалар тезарада қандай да бір тәтті затты ойлау қажет, мысалы: қант. Қай бала бірінші атаса, ішкі шеңберге кіреді. Ойын жалғасады («жұмсақ», «сұйық», «ащы», «қатты» және т.б.). Үлкен шеңберде қалып қойған соңғы бала кез-келген тапсырма орындайды (жаза ретінде).

6-шы ойын – «Мен циркте болдым».

Ойын үшін әріптер мен буындар жазылған карточкалар керек. Оны екеулеп немесе топпен де ойнауға болады. Ойыншыларға әріп жазулы карточка таратылады немесе барлық карточкалар үстелде жатады. Ал ойыншылар кезек-кезек жақындап алады. Бірінші ойыншы әріппен немесе буынмен карточканы алады да айтады: «Мен циркте болып, ...», осы карточкада көрсетілген әріпке басталатын бір нәрсе ойлау керек. Тек қана зат есімдер ғана емес, сонымен бірге, мысалы, «с» әрпінен сайқымазақ, секіріп жүрген гимнаст, сары шымылдық және т.б. Ал егер сіз буындар қолданатын болсаңыз, онда бұл буын міндетті түрде сөздің басында ғана тұруы қажет емес. Нұсқаулар: «мен теңізде болдым», «Мен орманда бодлым», «Мен театрда болдым» және т.б.

7-ші ойын – «Шыңжыр».

Бірнеше дауыссыз әріптерді таңдап, оларды қағазға жазыңыз. Осы екі әріпті өзіне қосатын сөз ойлап табу керек. Әріптерді орындарымен ауыстыруға, балаларға басқа дауыссыз дыбыстарды қосуға болады. Мысалы: «С» және «Л» (сақал, сал, салмақ, сәлем, лас, асыл).

8-ші ойын – «Мен қандай әріппен дос».

Бұл ойын әріптерді есте сақтап, сөйлеу тілін дамытуға ғана емес, сонымен бірге танымдық сипатқа да ие. Әр бір ойыншыда жануардың суреті болу керек (әр түрлі болуы мүмкін). Мысалы: анасында – сиыр, әкесінде – түйе, баласында – кірпі. Анасы айтады: «Менің сиырым «м» әрпімен дос, өйткені онда мүйізі бар». Әкесі: «Менің түйем «ө» әрпімен дос, өйткені онда өркеш бар». Бала: «Менің кірпім «и» әрпімен дос, өйткені онда инелері бар».



БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ ТӘСІЛДЕРІ

  • Жариялады: admin

  • |

  • Пікірлер: 0

  • |

  • Оқылды: 1695

Қызылорда қаласы №11 орта мектептің 
бастауыш сынып мұғалімі Әбілдаева Гүлзира Жәнібекқызы

БАЯНДАМА
Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін дамыту тәсілдері


Бастауыш сыныптарда оқыту барысында балалардың таным процестерін дамытуға, олардың тіл байлығын және өз ойын сөйлеу арқылы басқарларға жеткізу тәсілдерін қолдаудың ойлау процесін дамытуға қосатын үлесі өте үлкен. Қ. Жарықбаев, С. Қалиев осы тәсілдер ретінде халық педагогикасы элементтерін қолдануды ұсынады. Қазақ халқының бай тәжірибесінде көптеген оқу процесінде қолданылатын ойындар, өлеңдер, мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар т.б. ауыз әдебиет туындылары бар. Олардың терең мазмұны балалардың тіл байлығы мен ой-өрісін дамытып, сонымен қатар барлық қабілетін дамытуға үлкен үлесін қосады. Осы материалдарды іріктеп алып, оны тақырыпқа байланысты қолдану-оқыту барысында оқушылардық ойлау процесін дамыту проблемасын шешудің тиімді жолы болады.
Халық педагогикасында қалыптасқан балаларға арналған ойындар олардың білімін қалыптастырып, он пысықтауға, үй тапсырмасын орындау жолдарын түсіндіруге, білімдерді бір-бірімен ұштастырып, ұғымдық қорын қалыптастыруға жәрдем береді. Қазіргі мектеп бағдарламасы ұлттық ойындарды кеңінен қолдануға өте ыңғайлы. Көптеген ойындар баланың тапқырлығын, табиғат құбылыстарын, қоршаған табиғат ерекшеліктерін түсініп меңгеруге арналған. Осндай мән-мағынасы өте терең және жан-жақты дамуға, баланың байқағыштығын тәрбиелеуге үлкен үлесін қосып, ойлау қабілетін дамытатын ойындардың бірі «Аңдардың айтысы» деп аталды. Бұл ойында қатысушылар жүргізушінің талабына сай белгілі бір тақырыпқа сай келетін әндер орындап, онда аңдардың дауыстарын, қылықтарын бейнелеп, олардың өзіне тән ерекшеліктерін сипаттап көрсетеді талап етеді. Мұның өзі хайуанаттар әлемі жөнінде нақты ұғымдарды қалыптастырып, сонымен қатар музыкалық және артистік қабілетін дамытады. Топтасып ән айту, бірін-бірі тыңдап әрекет жасау дағдысын жетілдіреді.
Әр ойынды жүргізу және қатысушылардың орындау ережелері бар. Ол ережелердің тірбиелік мәні өте үлкен. Бұларға ойынның барысы белгіленді, балалардың тәртібі мен іс-әрекеттің реті, олардың өзара қарым-қатынасына қойылатын талаптар анықталады. Сондықтан ойнау барысында тәртіп сақтауына, ерік-жігерінің қалыптасуна мүмкіндік туады. Мысалы: «Қоғи көп» ойынында қаздар тек қана кемпірдің «Олай болса сендердің біреуіңді алып қаламын» деген сөзінен соң ғана тізбегін жазбай кемпірден қаша жөнелуі керек. Ойын шапшаңдықты, ептілікті, тиянақтылықты, тез бағдар табуы, ұжымдық ұйымшылдық көрсетуді, бір-біріне көмектесуді, жауапкершілікті, батыл қимылды талап етеді.
Бұл ойындағы ерекшелік – билеп жүріп хормен өлең айтуды өзара үйлесімді әрекет ұйымдастыруда байқалады. Хормен ән айтып, би қимылын жасаған сайын кеудедегі қоңырау әшекейлер өзара үндесіп жатады. Яғни, әуен саздары мен қоңырау сылдыры ойнаушылардың қимылдарына сүйемелдеушілік жасап тұрғандай болады.
Өйткені ойындағы қимылдар жай қимыл емес, оларды әуеннің ырғағына байланысты жасалған қимылдар болып табылады.
Мұндай ойындар халықтық педагогикада өте көп және мазмұндары да бағыттары да бірін-бірі қайталамайтындай сан-алуан, әрі қызықты. Олар «Алқан соқпақ», «Тақия тамақ», «Тартыс», «Айгөлек» т.б. Қай ойынды алсақ та, бәрінде де би элементтері кездеседі, ән, күй, тақпақ, мәнерлі қимыл мен ыммен жасалатын көріністер бір-бірімен алмасып жатады. Бұлардың бірі нақтыланған жағдайға қарай актерлік үлгіде, сахналық үзінді түрінде орындалады. Ойын барысында қатысушылар өздерін күнделікті тіршілік жағдайында сезінбейді, керісінше, мүлде бөлек ортада сезім, поэзия, өнер әлемінде сезінеді. Олар ойнаған рольдерінен эстетикалық ләззат алуға талпынады.
Ойын барысында қатынасушылардың тәртібіне бірыңғай талаптар қойылады:
- қалай отыру, өзін дұрыс ұстау;
- қандай мөлшерде бір-бірімен сөйлесу қажет т.б.
осы айтылғандардың бәрінен қазақ ойындары драма және сахналық өмірдің әрқилы элементтерімен аса толықтырылған деп қорытынды жасауға болады. Сонымен бірге осы ойындардың кең тұрғыда таралуы ондағы қатысушылар мен көріп тамашалаушылар санының артуы – мұның тәрбиелік мәнін тереңдетеді. Мысал ретінде қаламақ ойынды келтіруге болады. «Соқыр теке» ойынында жүргізуші ойынға қатысушылардың әрқайсысына мал атын қойып шығады. Ең соңғы аталған бала «Тентек теке» болады:
Бұзау, бота, құлыншақ,
Тоқты, серке, тай торпақ,
Тана, тайлақ, құнан, дөнен, бесті бар.
Малдың жасын айыра біл, естіп ал
Бұқа, бура, айғыр, қошқар, теке бар
Көзін байла, теке-теке «бақ-бақ».
Соқыр теке қайдан бізді таппақ.
Ойын сызылған шеңбердің ішінде айналады. Жүргізуші «Тентек текені» ортаға шақырып, көзін таңа бастағанда «Тентек теке» былай деп өлеңдетеді:
Қараңғыда көзім жоқ,
Тиып кетсем сөзім жоқ,
Маған жақын келіңдер,
Бір қыз ұстап беріңдер.
Көзі байланған «Соқыр текені» айнала қоршағандар оны мазақтап:
Соқыр, соқыр, соқырақ,
Оқ көзіңе топырақ
Топырағын алайын,
Тотияиын салайын.
Ал ұстап көр, батырым,
Міне келе жатырмын! -
деп өлеңді айтып болысымен әр жаққа ойнаушылар қашады. Ал «Соқыр теке» олардың бірін ұстауға тырысады, ұстаған баласы оның орнына тұрады. Сөйтіп ойын одан әрі жалғасады.
Бастама ойын ретінде көптеген санамақтарды келтіруге болады. Олар мәнерлеп сөйлеуге үйретеді.
Қуыр, қуыр, қуырмаш
Тауықтарға тары шаш!
Бас бармақ,
Балалы үйрек,
Ортан терек,
Шылдыр шүмек,
Кішкене бөбек
Сен, тұр – қойға бар!
Сен, тұр – қозыға бар!
Сен, тұр – жылқыңа бар!
Сен, тұр – сиырыңа бар!
 
... Ал сен алаңдамай.
 
Қазан түбін жалап,
 
Үйде жат.
Мына жерде құрт бар,
Мына жерде май бар,
Мына жерде қатық бар,
Қытық, Қытық ....
Осылайша балалардың тақпақты нәшіне келтіріп оқу дағдысы қалыптасады. Осы сияқты санамақтар, қызықты орындалатын әуендер, тіпті адамдардың өзара қарым-қатынасында кездесетін қызықты әқгімелерді жылдам, берік есте сақталады. Оны балалар өздерінің күнделікті ойындарында қызығып сүйіспеншілікпен қайталайды.
Бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне байланысты осындай санамақтар мен қаламақтар мазмұны оларға өте жақын, түсінікті. Олар балалардың ой өрісін, тілін тез дамытуға өте икемді. Сонымен қатар ойындарға қатысу арқылы балалардық мінез-құлқы сыйысымды болып, қарым-қатынас мәдениетін меңгереді, әдептілікке, басқалармен санасуға, тілалғыштыққа баулиды. Ойын кейіпкерлерінің мінез-құлығына қарап жақсы мен жаманды ажыратуға мүмкіндік береді.
Халық ойындарының көптеген түрлерін сабақтан тыс бос уақытты, үзіліс кездері ұйымдастыруға қолдануға мүмкіншлік өте мол. Сондықтан бастауыш сынып оқушылар өмірінде осы ойын түрлері үлкен орын алуға тиіс.
Ойындар мен қатар халық шығармалары туындыларының бірі жұмбақтарды қолдану балаларды аңғарымпаздыққа, тапқырлыққа, зеректілікке тәрбиелейді. Жұмбақтар – халықтық шығармаларының ішінде үлкен орын алады. Жұмбақтардың шешімін айту баланың ақыл-ойын, ой-өрісін дамытып, ойлаған іс-әрекеттің шешімін тауып, үдесіне жетуге үйретеді. Жұмбақтар бала үшін өте қызықты құпия. Оны шешу қажеттілігі білімге қызығушылық тудырады. Баланың ұшқыр ойын іске, әрекетке қарай баулиды. Ой – сананың қызмет етуіне себебін тигізеді. Жұмбақтар өмірде кездесетін шаруашылық кәсіпке байланысты, тіршілік тірекке тиянақ болатын, адам көңіл аударатын қажетті заттардың барлығын қамтиды. Бәрін де алғаш жұмбақ етіп, біртіндеп оның құпиясын ашып беруді қажет етеді.
Жұмбақты қолдану баланың ойлау қабілетін дамытудың өте тиіміді өте тиімді тәсілдерінің бірі. Өйткені жұмбақты шешу барысында бала көптеген табиғат құбылыстарын салыстырмалы түрде бейнелеуге үйренеді «Ақ сандығым ашылды, ішінен жібек шашылды» деп бұлттан шыққан күннің көзін ақ жібектен салыстырып, бұлтты ақ сандыққа теңестіру арқылы баланы қоршап отырған заттардың табиғат құбылыстарына ұқсас келтіреді. Бұл ойлаудың өте күрделі түрі ассоцияциялық байланыстар құруды талап етеді.
Жұмбақтардың тағы бір пайдалы жағы, ол әр баланың өз бойындағы құпияны шештіру арқылы, оларға өмірді танытады. Қоршаған ортада болып жатқан түрлі құбылыстарға зер салуға, соның себебін іздеп табуға үйретеді. Сондықтан балалар жұмбақтарға өте үлкен қызығушылық білдіреді. Жұмбақ қара сөз түрінде де, өлең түрінде де болады.
Бірнеше мысалдар келтірсек:
Жабық астында жарты күлше. (Ай).
Отқа жанбас, суға батпас (Мұз).
Басына үлпілдетіп таққан шашақ,
Бұралып тал шыбықтай тұрған жасап. (Қамыс).
Қар астында қыстады,
Жасылмен бөрік тыстады. (Бәйшешек).
 
Бұл жұмбақтар балаларды табиғат маусымдарында кездесетін ерекшеліктермен таныстыра отырып, олардың әсем, әдемілігін, түр-түсін, т.б. ерекшеліктерін тани білуге, сезімталдықпен қабылдауға үйретеді.
Аталған тәсілдерді сабақ үстінде дидактикалық ойын ретінде қолданылады. Ойын-ойлау процесін дамытуға қолданылатын тиімді тәсіл.

Мектепке дейінгі ересек жастағы балаларға қабылдау, есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамытуға арналған ойындар

Мектепке дейінгі ересек жастағы балаларға қабылдау, есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамытуға арналған ойындар 

Дайында
ған: Жеңісова Ж.Қ. 

Қабылдау қабілетін дамытуға арналған ойындар 
Г
үл 
Балалар
әр жерде отырады. Жүргізуші: балалар біз бәріміз енді өсіп келе жатқан гүлдерміз. Күн шықты, гүлдер жайлап ашылып өсіп келеді (қолдарын созады). Кенеттен баяу жел соға бастады, гүлдер желмен жан-жаққа шайқалады (қолдарын жан-жаққа шайқайды). Бір мезгілде аспанға бұлт төніп, жаңбыр жауа бастайды, гүлдер тоңып, бүрісіп жабылады (қолдарын тізелерінің үстіне қойып бүрісіп отырады). Бір уақытта қайтадан күннің көзі күлімдеп шыға бастады, сол уақытта гүлдер де, құлпырып, жайнап ашыла бастайды (балалар үлкен шеңбер жасап, бір үлкен гүл шоғына жиналады). 
Ұқсас суретті тап 
М
ұғалімнің алдында қос-қостан бірнеше суреттер болады. Олар: екі шырша, екі қайық, екі жапырақ т.с.с. Осы суреттердің бірнешеуін тақтаға іліп осыған ұқсас геометриялық пішіндерді қораптан таңдап алып салыстырып, ұқсастығын, пішінін, түр-түсін сипаттап әңгімелеп береді. 
Әр түсті заттар 
Ж
үргізуші балаларға белгілі бір түсті атайды. Балалар сол түске сәйкес заттың атын атап беруге тиісті. Шеңбердегі отырған балалар кезекпен жауап беріп отырады. Мысалы: қызыл алма, сары балапан т.с.с. 

Есте са
қтауға арналған жаттығулар 
Си
қырлы саусақтар 
1. Та
ң қалу (екі қолдың бас бармағын көтеру). 
2.
Өзіңді көрсету (бір саусақпен). 
3. С
әлемдесу (қолды жоғары көтеру). 
4.
Қорқыту (сұқ саусақпен). 
5. Же
ңіс! (екі қолды жоғары көтеру). 
Мені
ң елім 
1.
Қай елде тұрасыңдар? 
2.
Қазақстанның қандай қалаларын білесіңдер? 
3. Бізді
ң қаламызда немесе ауылда қандай көшелер бар? 
4. Сен
қай көшеде тұрасың? 
5. Ел, жер, Отан туралы
қандай мақал-мәтел білесің? 
С
өз моншақтар 
Ж
үргізуші балаларға бір сөз айтады, ол сөздің басында қандай әріп есітілетінін сұрайды. Соңғы әріпке сәйкес келесі сөз ойлап оны бала жалғастырады. Осылайша «жіпке тізген моншақтай» сөз моншақтарын тізіп айтуға жаттығады. Қай бала көп сөзді есінде сақтап, көп сөз ойласа, сол бала жеңіске жетеді, ол жаңа сөзді өзі бастап ойынды жүргізеді. 
Зейінді т
ұрақтандыруға арналған жаттығулар 
Шапала
қ 
Балалар ше
ңберге тұрып қолдарын созады. Тәрбиеші 3 деген кезде, барлықтары бір уақытта қолдарымен шапалақ соғуға тиісті. 
Балалар сендерді
ң көңіл-күйлерің қандай? 
Сендер к
өңіл-күйлеріміз жақсы дедіңдер. Енді осы жақсы көңіл-күйлеріңді көрсетіңіздерші. 
1. К
өңілді болғанда не істейміз? 
2. Ренжігенде... 
3.
Қорыққанда... 
4.
Қуанғанда... 
5. Та
ң қалғанда... 
Шапала
қты тыңда 
Балалар ше
ңбермен жүреді. Жүргізуші алақанын соққанда балалар бір аяқпен, екі рет шапалақтағанда қолдарын екі жаққа созып, үш рет шапалақтағанда жүруін жалғастырады. 
Қанша дыбыс естідіңдер? 
Ж
үргізуші бірнеше рет қарындашпен үстелді соғады. Ал, балалар естіген дыбыстарын саусақпен көрсетеді. 
Ойлауды дамыту
ға арналған жаттығулар 
Логикалы
қ есеп 
Балалар ауызша есепке жауап береді. 
1. Айг
үлдің алдында 3 зат тұр: шелек, доп, қуыршақ. Допты қозғамай қалай шетіне қоюға болады? 
2.
Үстел үстінде төрт алма тұр. Бір алманы алып ортасынан бөліп қайта қойды. Үстел үстінде неше алма болды? 
3.
Қоянға, түлкіге, аюға үш түрлі жалауша жасап берді – қызыл, сары, көк. Қояндағы жалауша қызыл емес, түлкідегі қызыл да, көк те емес. Кімнің жалаушасы қандай? 
4. Б
өлмеде 2 орындық тұр. Әр қабырғаның жанында бір-бір орындық болуы үшін сол орындықтарды қалай қоюға болады? 
Бол
ған жағдайды бағалау 
Бала
ға белгілі бір суреттегі жағдайды көрсетіп мазмұнын әңгімелеуге тапсырма береміз. Балалармен сол жағдайдың қойылымын көрсетуін сұраймыз. Осы жағдай туралы баланың пікірін сұрап дәлелдеп беруге үйретеміз. Іс-әрекеттің дұрыс-бұрыстығына өз ойын айту. 
К
өңілді сөз 
Балалар ше
ңбермен отырады. 
Барлы
қ отырғандар кезекпен өзінің қасында отырған адамға қарап көңіл көтеретін бір сөз айтады. 
С
өзді айтқан уақытта сол баланың көзіне қарап айту керек. Мысалы: (сен бүгін әдемісің, сенің көйлегің қандай әдемі т.б.). 
Өз іс-әрекеттерін бақылау 
Қазір біз бір жаттығу орындаймыз. Мұнда біз отбасы мүшелерінің үйдегі іс-әрекеттерін көрсетеміз (біреуі әже болады, ол жүн шұлық тоқиды, анасы сәбіз турап жатыр, атасы газет оқып отыр, әкесі қолына балға мен балта ұстап орындықты жөндеп жатыр, қызы ойнап жүр т.б.) 
Отбасы м
үшелерінің үйде атқаратын іс-әрекеттері немесе жұмыстары бар. Әркім бір-біріне көмектесе отырып өз жұмыстарын істесе, отбасында татулық, тыныштық, береке, бірлік болады. 
“Бірлік болса – тірлік болады” деген ма
қал тегін айтылмаған. Барлығы бірлесе отырып тірлік жасау керек екен. 
Негізгі б
өлім: Әр адамның отбасы бар. Мен өзімнің отбасымдағы адамдарды сызба сурет бойынша былай жасадым. Отбасы мүшелері ер адам және әйел адам болып екіге бөлінеді. Қазір сендер өз отбасындағы адамдарды сызба сурет бойынша белгілеп салып беріңдер. Салып берген соң мен сияқты әңгімелеп бересіңдер. 
Қиялды дамытуға арналған жаттығулар 
Мені
ң көңіл-күйім 
Суреттегі
әр түрлі көңіл-күйдегі баланың бет-бейнесінің арасынан біреуін таңдап алу. Сол суретке сәйкес мысал келтіріп әңгімелеп беру керек. 
Не істер еді? 
Ж
үргізуші балалармен ертегі мазмұны бойынша және күнделікті кездесетін әр түрлі жағдайлар туралы әңгімелеседі. Әңгіме барысында кездескен қиындықтар мен кездейсоқ жағдайлардан шығудың жолдарын өздері ойланып табады. Мысалы: мақта қызға ағаш жапырақ бермесе не істер едің? Бауырсақты түлкі жеп қоймаса не істер едің? Алдар көсе байды алдай алмаса не істер едің? Кішкентай бала сүрініп құлап қалса не істер едің? Сен орманға барғанда адасып қалсаң не істер едің, т.б. 
Қабылдау қабілетін дамытуға арналған ойындар 
Ине мен жіп 
Ж
үргізуші: Мен ине боламын, ал сендер жіпсіңдер. 
Сендер мені
ң артымнан бір-бірлеріңнің белдеріңнен ұстап тұрыңдар. Қазір бәріміз алдымызда тұрған кедергілер арасынан үзілмей жүгіреміз. Кім жіпті үзсе сол ойыннан шығады. 
Не
үлкен? 
Отыр
ған балаларға жүргізуші сұрақ қояды. Орындықтан не үлкен? Балалар кезекпен заттарды атайды. Ойын ойнаған кезде жүргізушіге атаған заттарды қайтадан айтуға болмайды және балаларға қайталауға болмайды. Кім екі рет шатасса ойыннан шығады. Жеңімпаз бала жүргізуші болады. 
Си
қырлы қапшық 
Балаларды ше
ңбер жасай отырғызып жүргізуші олардың алдындағы кішкентай үстел басына отырады. Үстелдің басында сиқырлы қапшық тұр. Ішінде әртүрлі ұсақ ойыншықтар. Балаларды кезекпен шақырып қапшықтың ішіндегі екі бірдей затты тауып алуды талап етеді. Мысалы: екі доп, екі машина т.б. Балалар қолымен заттарды сипап, бірдей затты тауып алған соң сипаттап айтады. Айтқанын тексеру үшін заттарды сыртқа шығарады, ойын осылайша жалғасады. 
Зейінді т
ұрақтандыруға арналған ойындар 
Мен же
ңімпазбын 
Орынды
қтарды ортаға қойып, музыка әуені ойнағанда балалар шеңбермен айналып жүгіреді. Орындықтар саны балалар санынан 1 санға кем болуы керек. Ең соңында қалған бала орындықтың үстіне шығып, мен жеңімпазбын деп айтуы керек. 
Құлақұрын 
Балалар ше
ңбермен тұрады. Жүргізуші: құлақ – деп мұрнын ұстайды. Ал балалар айтылған мүшені дұрыс көрсетулері тиіс. Жүргізуші балалардың зейіні мен қабылдауын тексеру мақсатында оларды шатастырып атайды. 
Өз орныңды тап 
Балалар
қатармен тұрады. Әр баланың қолында әр түрлі сандар. Жүргізуші белгі берген уақытта балалар сандардың реті бойынша тұруға тиісті. Ойын бірнеше рет қайталанады. Балалардың орындарын шатастырып алмауы қадағаланады. 
Дайын бол 
Балалар ше
ңбермен жүреді. Жүргізуші бір сөз айтады, ал балалар сол сөзді іс-қимылмен көрсетеді. Мысалы: қоян – секіреді, құс – ұшады т.с.с. 
Зейінді бол 
Балалар ше
ңберде тұрады. Жүргізуші әр түрлі қимыл-қозғалысты көрсетеді. Балалар қайталап тұрады. Жүргізуші ескерткен қозғалысты, мысалы: қос аяқпен секіру қозғалысын қайталамайды. Қайталаған бала ойыннан шығарылып, жеңімпаз жүргізуші болады.

3 ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРҒА ФОНЕМАТИКАЛЫҚ ЕСТУ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ ҮШІН АРНАЛҒАН ОЙЫНДАР
«Кім солай сөйлейді?»
Мақсаты: жануарларды дауысынан айыра білуге және дауыстарын еліктеуге үйрету.
Құрал: Доп
Ойын барысы: ойынға 4-5 бала қатысады. Балалар жарты дөңгелекке турады, ортасында доппен тәрбиеші турады. Балаларға доп лақтырып бір жануарды атайды. Бала допты қағып ап сол жануардың дыбыстауын еске түсіру керек. Немесе допты лақтырып : «Ит қалай үреді көрсетші»

«Кім сені шақырды, тап»
Мақсаты: басқа адамды дауысынан танып үйрету.
Құрал: арнайы құрал керек емес.
Ойын барысы: 3 адамнан кем адам қатыспайды. Біреуі ортаға турып көзін жұмады. Тәрбиеші көрсеткен бала, ортада турған баланы шақырады. Бала шақырған адамды дауысынан танып табу қажет. Таныса шеңберге турады – шақырған бала ортаға турады.

«Бес санына шапалақта»
Мақсаты: Беске дейін санап және әрекетті тәрбиешінің ұсынысы бойынша орындап үйрету.
Ойын барысы: ойында екеулеп және топпен ойнауға болады. Тәрбиеші балаға қарама –қарсы отырып айтады «қазір мен 5 дейін санаймын «бес» деген кезде сен бір рет шапалақтайсын»

«Бұл не қылған дыбыс»
Мақсаты: Баланы бір дыбысты бір дыбыстан және сөздің басындағы дыбысты ажыратып үйрету.
Құрал: Бірдей дыбыстан басталатын суреттердің аттары.
Ойын барысы: Ойынға 3-5 балаға қатысуға болады. Ойыншылар үстел басына отырады, тәрбиеші балаларға суреттерді көрсетіп атайды. Балалар зейінді тыңдап сөздегі бірдей дыбыстарды танып білу қажет. Табылған дыбыс нақты айтылу қажет. Мысалы: ааапа, аана, ааайна, ааалма.

4 -5 ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРҒА ФОНЕМАТИКАЛЫҚ ЕСТУ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ ҮШІН АРНАЛҒАН ОЙЫНДАР
«Тында да айт»
Мақсаты: айналадағы заттардың дыбыстарын бір-бірінен ажырата білуге үйрету, фонематикалық есту қабілетін дамыту.
Құрал: ағаш, металл қасықтар, доп, қағаз, кітап,суы бар стақан, қоңырау, кілттер.
ІІ нұсқасы ретінде музыкалық аспаптарды пайдалануға болады.
Ойын барысы:
Жеке және топпен ойнауға болады. Ең алды балалар үстелдегі заттарды қарап алады. Сосын тәрбиешіге теріс қарап отырады, ал тәрбиеші заттардың дыбысын шығарады, балалар дыбысты танып толық жауап береді : «Бұл қоңыраудың сыңғыры» т.с.с.
ІІ-нұсқа.
Заттардың орнына музыкалық аспаптар пайдаланады. Балалар аспапты дыбысынан таниды.

«Зейінді дыңда»
Мақсаты: Фонематикалық есту қабілетін, есту өткірлігін дамыту.
Ойын барысы: Ойын 4-5 баламен өткізіледі. Доңгеленіп отырады. Тәрбиеші жай дауыспен балалардан тапсырманың орындауын сұрайды, содан кейін осы тапсырманы орындайтын баланың атын сыбырлап айтады. Егер бала өз атын естімесе, басқа баланың атын айтады.

«Шапалақта»
Мақсаты: Фонематикалық қабілетін дамыту, әрекетті ересектің ауызша инструкциясы бойынша орындап үйрету.
Ойын барысы: ойынды 1 баламен де, топпен де өткізуге болады.
Тәрбиеші онға дейін санайтынын айтады, ал балалар «он» дегенді естігенде шапалақтау қажет. Тәрбиеші 1-2 рет дұрыс санап, сосын шатастырып санайды, ба-р тек қане «он» сөзіне шапалақтау қажет. Қателескен б-р ойыннан шығады.

«Естігенде шапалақта»
Мақсаты: Дыбыстардың арасынан берілген дыбысты ажырата білуге үйрету, фонематикалық есту қабілетін дамыту.
Ойын барысы: Берілген дыбысты естігенде шапалақпен белгілеу. Тәрбиеші ең алды жеке дыбыстарды айтады, сосын буындардын арасынан берілген дыбысты белгілейді.
ІІ –нұсқа
Үйренгеннен кейін дыбыстарды сөздердін арасынан, сөзтіркестердің, сөйлемнің арасынан естіп шапалақпен білгілеу.

«Бірінші дыбысты ата»
Мақсаты: Сөздегі бірінші дауысты немесе дауыссыз дыбысты белгілеп үйрету, фонематикалық естуді дамыту.
Ойын барысы: Тәрбиеші сөздерді айтады бірінші дыбысты дауыспен белгілеп айтады. Дауысты болса: созып, дауыссыз болса: нақты, күшпен айтылады.
«Соңғы дыбысты тап» деген ойын дәл осылыай ойналады тек қана соңғы дыбысты белгілеп табады.

«Ұйқтама, сөзді тез ата»
Мақсаты: фонематикалық есту қабілетін дамыту, бастапқы дыбысты басқа дыбыстардан ажырата білуін және басқа сөздегі осы дыбыстармен сәйкестіруін дамыту. Баланың сөздік қорын молайту.
Құралдар: бір дыбыстан басталатын суреттердің атаулары: 2-3 нұсқасы
Ойын барысы: Бұл ойынды балалармен, олар бірінші дыбысты анықтап үйренгеннен кейін ойнауға болады. Cуретті көрсетіп қандай дыбыстан басталатынын сұрау. Сосын осы дыбыстан тағы басталатын сөздерді атаңдар.
«Қайтала»
Мақсаты: Есту зейінділігін , фонематикалық есту қабілетін дамыту.
Құралдар: даңғыра, дауылпаз.
Ойын барысы: Ойынды топпен де жеке де ойнауға болады. Балалар көздерін жұмады, тәрбиеші аспаппен ритмді соғады. Балалардан қайталауын сұрайды, балалар шапалақпен қайталауы қажет.

«Сөзді айқтап көмектес»
Мақсаты: Фонематикалық есту қабілетін дамыту, жетіспейтін дыбыстарды жалғастыру.
Құралдар: Заттық суреттер
Ойын барысы: Балалардың алдына бір-бірден суреттерді орналастырады, содан кейін сөздің соңғы дыбыстарын аяқтамай айтады. Бала суретке қарап сөзді аяқтау керек. Ойынды қиындатуға болады: сөзді суретсіз аяқтау, немесе берілген дыбыспен, буынмен аяқта. Қал-та, бал-та, мал-та, ба-та, қа-л, ма-л, ша-л, ба-л.

«Дыбыс қайда тығылды»
Мақсаты: Фонематикалық есту қабілетін дамыту, сөздегі дыбыстын орнын анықтау.
Ойын барысы: Ойынның алдында балаларға сөздің басы, ортасы, соңы бар екендігін түсіндіру қажет. Сосын тәрбиеші сөздерді айтады, ал балалар берілген дыбыстын орнын анықтау керек.

«Тізбек »
Мақсаты: Сөздің бірінші және соңғы дыбысын ажыратып үйрету.
Құралдар: Заттық суреттер
Ойын барысы: Бірінші суретті орналастырады, содан кейін сонын соңғы дыбысына басталатын суретті қояды т.с.с жалғастырады. Ара- алма- автобус-сабын- нан

«Суретті таңда»
Мақсаты: Берілген сөзге суретті тауып көрсету.
Құралдар: Берілген дыбыстан басталатын сөздері бар заттық суреттер, басқа дыбыстардан басталатын бір-неше суреттер.
Ойын барысы: Ойынның алдында заттық суреттерді үстелге орналастыру, балалар қарапалсын. Сосын тапсырма беріледі бір дыбысқа барлық суреттерді жинастыру. (қалта, ақша, аққала т.с. с)

«Суретті тіз»
Мақсаты: Сөздегі бірінші дыбысты анықтап үйрету.
Құралдар: Әр-түрлі дыбыстан басталатын заттық суреттер, әр дыбысқа бір неше суреттер.
Ойын барысы: Тәрбиеші баланың алдына суреттерді қояды да атайды, сосын оларды бірінші дыбысына қарай топтастыруын сұрайды.
(С) – сабын, сүлгі, сурет, сиыр, сарымсақ
(П) – пальто, піл, пияз, парақ, парта. Т.б

«Дыбысты ата»
Мақсаты: Сөздегі бірінші, соңғы дыбысты белгілеп үйрету.
Құралдар: Барлығында бір дыбыс бар заттық суреттер
Ойын барысы: Тәрбиеші суреттерді атап көрсетеді. Балалар тыңдап барлық сөздердегі дыбысты атайды. Және осы дыбысқа өзінің мысалдарын келтіріед

«Керікті сөзді көрсет және ата»
Мақсаты: Есту зейінділігін, фонематикалық қабылдауын дамыту; балаларды сөзде дыбыстарды естіп, дыбыс жұптарын ажыратуға үйрету (с – з, с – ц, ш – ж, ч – щ, с – ш, з – ж, ц – ч, с – щ, л – р), сөйлемдерде керекті сөздерді дұрыс белгілету
Ойын барысы:
Тек қана берілген дыбыстары бар сөздерді белгілеу
С Асқат пен Мақсат
Жамап – жасқап,
Жасапты он шақты аспап,
Соның ішіндегі
Ақ сапты аспабы
Жап – жақсы аспап

З Сыздық судан сүлік сүзді,
Сыздықтың сүлік салмасын үзді.
Салмадан сүлік сытылып шығып,
Суға түсіп, сумаңдап жүзді.

«Кім жақсы тыңдайды?»
Мақсаты: Есту зейінділігін, фонематикалық қабылдауын дамыту: балаларға сөздегі дыбыстарды естіп ажыратуға, сөйлемде керекті сөздерді дұрыс белгілеп үйрету.
Ойын барысы:

1 – нұсқа.
Екі баланы шақырту. Бір-біріне арқаларымен тұрғызу, топқа қырынмен, тапсырма беріледі: «Мен сөздерді айтам, ал Мақсат тек ш дыбысын естігенде қолын көтереді, ал Жансая ж дыбысын естігенде» балаларға тапсырманы қайталату. Балалар дұрыс жауаптарды санайды, қате жауаптарды белгілейді. Педагог сөздерді шағын интервалмен атайды (барлығы 15 сөз: 5 – ш дыбысымен, 5 – ж дыбысымен, 5 –керекті дыбыстар жоқ).
Сөздер: шапка, айна, жылқы, түлкі, шана,ожау, тышқан, қонжық, кітап, ешкі, жаңғақ, күшік,орындық, жұмыртқа, құлып.
Қалғандары балалардың жауаптарын қадағалайды, қателерін дұрыстайды. Соңында ең зейінді баланы белгілейді.

2 – нұсқа.
Екі баланы шақырту. Бір-біріне арқаларымен тұрғызу, ш-ж дыбыстарына қолдарын көтереді, ал балалар осы дыбыстарға сөздер ойлап табады. Ойынның соңында жеңімпазды атайды.

3 – нұсқа.
Екі балаға берілген дыбысқа сөздер жинақтату. Біреуіне ш дыбысымен, екіншіге ж дыбысымен. Сөздерді ең көп және дұрыс атаған бала жеңеді

«Сөздер дауыстап және ақырын айтылады»
Мақсаты: Дауыс аппаратын және сөйлеу тілінің есту қабілетін дамыту: сөздерді жылдамдығына дауыс жоғарылығына қарай естіп ажыратуға үйрету, әр жылдамдықпен дауыс жоғарылығымен айтып жаттықтыру.
Ойын барысы:
Балалар жаңылтпашты жаттайды (жаттықтырған дыбысына байланысты). Мысалы с-з дыбысына дифференциация жасағанда:
Сыздық судан сүлік сүзді
Сыздықтың сүлік салмасын үзді.
Жаңылтпашты ең алды сыбырлап, сосын ақырын дауыспен, сосын қатты дауыспен айтуын ұсынады.
Тағы да дауысты жаттықтыру үшін тақпақтарды, бұынұйқастарды, санамақтарды пайдалануға болады.

«Қандай дыбыс барлық сөздерде бар?»
Мақсаты: фонематикалық қабылдауын дамыту және дыбыстық талдаудың элементтерін: сөзде берілген дыбысты белгілеу, бірінші және соңғы дыбысты анықтау.
Ойын барысы:
Тәрбиеші үш – төрт, барлығында бірдей дыбыс бар, сөздерді айтады: шана, ағаш, күшік, қолшатыр – сұрақ қойылады, барлық сөздерде қандай бірдей дыбыс бар? Балалар ш дыбысын айтады.
Сосын басқа дыбыстарға сөздер беріледі: жаңғақ, ожау, тәж – ж; чемодан, чемпион – ч; асық, сағат, тас, сүлгі – с; аяз, қазық, зембіл – з; лалагүл, лақ, балық, қол – л; ара, арба, раушан, қар – р;
Тәрбиеші дыбыстын дұрыс айтылуын қадағалайды.

«Сөздегі бірінші дыбысты айт»
Мақсаты: фонематикалық қабылдауын дамыту.
Ойын барысы:
Тәрбиеші ойыншықты көрсетіп, оның аты қандай дыбыстан басталатынын сұрайды. Содан кейін басқадай сөздер беріледі: достарының аттары, жануарлар, заттар. Дыбыстардың нақты айтуын қадағалау (дыбысты созбай айтқызу б-бэ емес)

«Сөздегі соңғы дыбысты айт»
Мақсаты: фонематикалық қабылдауын дамыту.
Көрнекі құрал: суреттер (автобус, жаз, қаз, тас, тіс, күз, мұз, тұз, бас )
Ойын барысы:
Тәрбиеші суретті көрсетіп соңғы дыбысты атауын сұрайды. Барлық суреттерді атап өткесін, С дыбысына аяқталатын сөздерді бір жаққа, З дыбысына аяқталатын екінші жаққа бөлінеді.

«Асықпай ойлан»
Мақсаты: Балаларға тез ойлауына бір-неше тапсырмалар беріледі, және сөзде берілген дыбысты анықтаушылығын тексеру
Ойын барысы:
«Бал» сөзіндегі соңғы дыбысқа сөз ойлап табу.
Қар сөзіндегі соңғы дыбысы бар құстың атын есіңе түсір (торғай, тырна, қарға…)
Бірінші дыбысы қ – болғандай, соңғы дыбысы Ш болғандай сөздерді ойлап тап. (Қарандаш, Қәмәш, қамшы, қайшы…)
Егер ТО-ға бі дыбысты қосса қандай сөз болады? (тон, тор, ток, топ) Барлық сөздер бірдей дыбыстардан басталғандай сөйлем құрастыр: ж – Жазда Жанат және Жанар жылғаның жағасында жарысып жүгірді.
Бөлмеде екінші дыбысы а болғандай сөздерді ойлап табыңдар (тарақ, қалта, тарелка, тақта…)

Дауыссыз дыбыстармен жұмыс жүргізу кезіндегі ойын әдістері.

1) Дыбыстың артикуляциясы.
– тіл өз үйшігінде турыпты. Ол ұшақтың әнін үйренгісі келді. Ол күлімсіреп барлық тістерін көрсетті де, үйін кең ашты, дауысын қосты, құйыршығын тез жоғарғы есікке лақтырды суық желді жіберді. Тілі «р-р-р-р» деп ән айтты, құйыршықтың дірілдегенің сезді. Ұшақтың әнін бірге айтайық “ р-р-р”!
2) Дыбысты сөзде танып білу
Тәрбиеші суретті көрсетеді немесе сөздерді айтады. Ал балалар р дыбысы бар сөздерді танып біледі: шапалақтайды немесе қолдарын көтереді, сосын бірге айтып өтеді.
3) Буынұйқастар :
. ра-ра-ра – ұшып жүр ара; ар-ар-ар – дала толы қар; ыр-ыр-ыр – үйдың сыртында қыр; ры-ры-ры – жапырақтар сары; ір-ір-ір – үсті – басы кір;
4) Жаңылтпаштар:
Мұртты мұртын сүртті, мұрттыны біреу түртті. Торта қойдым, орта қойдым, орта қойдым, жорта қойдым.
л – р дыбыстарына дифференциация жұмысын жүргізү
1) л – р дыбыстарын белгілеу.
– Балалар естеріңе түсіріңдерші Тіл үндіктің жуан әнін қалай айтады. (“Л-л-л”.) Ал енді мотордың әнін еске түсірейік (“Р-р-р”.)
– Мен сендерге суреттерді көрсетемін, ал сендер л-р дыбыстарын нақты айтасындар.
2) Буынұйқастар:
Ло-ол-ор- торғайға жасадым тор; ло-ло-ро – Мальвинаның досы Пьеро; ал-ар-ал – көл жиегінде тал;
Балалардың дыбысты нақты дұрыс айтуын қадағалау.
3) Сөйлеммен жұмыс.
Сөйлемді тыңдап есіне сақтайды: Гүлге қонды ара. Менің киімім ала. Педагог сөйлемді бастайды, ал балалар аяқтайды. Педагогтың қолы кімге тиді сол бала жауап береді: Гүлге қонды.. . Менің киімім …
4) Жаңылтпаштар:
Қыста боран болар, қар болар, қыздар шәлі, орамал оранар. Қара ала лақ, қара ала лақ. Қара ала лағым қорада бірақ.
5) Мәтінде л – р дыбыстарына сөздерді белгілеу.
Мәтендерді тыңдап отырып керекті дыбысты естігенде қолдарын көтереді.

Аққала
Қыс келді. Дала аяз. Олжас пен Ләйлә жылы тон, колға колғап, мойынға ала бөкібай салып далаға шықты. Олжас пен Ләйлә аулада аққала жасады. Олжас пен Ләйлә көңілді.

Орманда
Жазда Рамазан ауылға барды. Онда Рамазанның Раушан әжесі Арлан атасы тұрады. Арлан атаның қорасы бар қорасында арбасы бар. Арбаға атты жегіп Рамазан мен Арлан-ата орманға барды. Орманда араның ұясын көрді. Раушан әжеге араның балын әкеп берді.

екет
(дамытушы ойын - жаттығулар)

Мақсаты: Көру арқылы қабылдауды дамыту (пішін, көлем). Санау дағдыларын жетілдіру. Жадында сақтауды және ойлауды дамыту. Көріп есте сақтауды дамыту, сөйлеуін дамыту. Ұсақ моториканы дамыту. Қарым - қатынас дағдыларын жетілдіру.
Әдіс - тәсілі:- психожаттығу
- сюжетті - рөлді және басқа да ойындар
- топтық жұмыс
Керекті құралдар: сары түсті қарындаштар, суреттер, тақта, пішіндер, ертегі кейіпкерлерінің суреттері, қорап, кірпі, шелектер.

Барысы: Амандасу Ортақ шеңбер
Жүргізуші: Бәріміз бір - бірімізді көріп отыратындай, дөңгелене отырайық. Енді бір - біріміздің көзімізге қарап, бәріміз амандасайық. Жүргізуші көзімен бәріне қарап, басын изеп, қолын көршісінің иығына тигізеді.
Жүргізуші: Балалар, бүгін бізге ертегі кейіпкерлері қонаққа келіпті. Ол қандай ертегі екенін білесіңдер ме?
Балалар: Жоқ
Жүргізуші: Ертегінің кейіпкерлері мына терезелердің ішіне жасырынып қалыпты. Плакат геометриялық пішіндердің суреттері салынған терезе сияқты ашылады.
Жүргізуші: Кімдер тығылды екен? Төртбұрышты көрсетіп. Мынау қандай пішін?
- Төртбұрыш
Жүргізуші: Неше төртбұрыш?
- Екеу
Жүргізуші: Өлшемдері бірдей ме?
- Біреуі үлкен, ал екіншісі кішкентай
Жүргізуші: Үлкен төртбұрышты ашып. Мынау кім?
- Ата
Жүргізуші: Кішкентай төртбұрышты ашып. Мынау кім?
- Әже
Жүргізуші: Ата мен әже туралы жақсы сөздер айтыңдаршы.
Балалардың жақсы жылы - жылы сөздері.
Жүргізуші: Мынау қандай пішін?
- Дөңгелек
Жүргізуші: Неше дөңгелек?
- Екеу. Біреуі үлкен, ал екіншісі кішкентай.
Жүргізуші: Үлкен дөңгелекті ашып. Мынау не?
- Терезе
Жүргізуші: Кішкентай дөңгелекті ашып. Мынау не?
- Бауырсақ
Жүргізуші: Бұл қандай ертегі екен?
- Бауырсақ
Жаттығу: Үлкен - кішкентай
Бауырсақтың домалап келе жатқанда жолында кездескен аңдарды сұрап, олардың қимыл - қозғалыстарын жасау.
Балалар, бауырсақты түлкі де жей алмады, себебі бауырсақ домалап қашып кетті. Бәріміз бауырсақты табайықшы.
Жаттығу: Көзге арналған.
Жоғары - төмен,
Оң - сол.
Көбелектің артынан,
Айнала қарайық.
Жүргізуші: Шаршадыңдар ма, балалар? Отырып дем алайық.
Жаттығу: "Қуыршақ"
Демалып болсақ, бауырсақты іздестіруді жалғастырайық. Жолда кірпіні кездестіру. Кірпі бізбен ойын ойнағысы келіп тұр.
Ойын: "Кірпіні тап"
Мақсаты: Қабылдауды дамыту.
Кірпінің жасырынған жерінде ойын - тапсырмалар бар екен. Соларды орындайық.
Ойын: Жұбын тап
Мақсаты: Ойлау қабілеттерін дамыту.
Ойын: Өз орнына қой
Мақсаты: Зейінді дамыту. Балаларға бауырсақтың суретін бояту. Балалар, кірпі бізге бауырсақты табуға көмектесті. Кірпіге рахмет айтайық. Енді кірпімен ертең ойнаймыз.
Сау болыңдар!



Баланың қол моторикасын дамытуға арналған ойындар 
1.Тамшуырмен тапсырма 
Бұл тапсырма үшін сізге тамшуыр мен орташа сұйық затты құюға арналған сыйымды ыдыс қажет. Өз жұмысында мен ваннаға арналған емізікті қолдандым. Егер оларды екінші жағына аударса, онда емізікке түрлі-түсті суды тамшуырмен тамызуға болады. 
2. Кішкентай қысқышпен тапсырма 
Сол ойыншықтарға кішкентай қысқышпен моншақтарды салуға болады. 
3. Кішкентай заттарды сұрыптау 
Сұрыптау пішініне, түріне, түсіне, көлеміне қарай ажыратылады. Мысалы, моншақтар. 
4. Помпон мен кішкентай қысқыш 
Помпондарды кішкентай қысқыш арқылы мұзға арналған пішіндеуішке салу. 
5. Помпон мен қысқыш 
Қысқыш арқылы шөлмекке помпондарды салу керек 
6. Кірқыстырғышқа ілінген қуыршақтың киімі 
Ұсақ моториканы дамыту үшін қуыршақтың киімін немесе мата кесектерін жіпке ілу. 
7. Бір қорап қыстырғыш 
Қыстырғышты жіпке ғана емес, сонымен қатар картон қорабына да қыстыруға болады. Оған сыйлықтан қалған қорап немесе аяқ-киім салуға арналған қораптар да жарайды. Бұл тапсырманы қызықтырақ ету үшін мен қорапқа әріптері жазылған дөңгелек стикерлерді жабыстырдым. Сондай әріптерді мен қысқышқа да жазып қойдым. Тапсырманың мақсаты қысқыштағы әріпті қорап ішіндегі әріпке сәйкестендіріп қыстыру. Әріптерді сонымен қатар сандармен немесе геометриялық фигуралармен ауыстыруға болады. 
8. Болт пен гайка 
Бұл тапсырма үшін үлкен пішінді болт пен гайка керек болады. Тапсырма: гайканы болтқа орап кигізу. 
9. Тескішпен тапсырма 
Картоннан кез келген фигура кесіп алу керек. Кесілген фигураның бойымен тескішпен тесік жасалады. Енді түсті бау немесе лента алып кигізу керек. 
10. Коктейлге арналған трубка 
Коктейлге арналған түрлі түсті трубканы кішкентай бөлшектерге бөлу керек. Тапсырма бойынша бұл бөлшектерді кері қарай жіпке тізу. 
11. Моншақ 
Моншақты жіпке тізу ұсақ моториканы жақсы дамытады. 
12. Үрме бұршақтан сурет 
Картон бетіне бала сурет салады, мысалы адам суреті. Одан кейін желімді қарындашпен бояған жерін желімдейді де үрме бұршақты жабыстырады. Үрме бұршақ сияқты кішкентай затпен жұмыс жасау қолдың білегі мен бұлшық етін дамытады. 
13. Тұқымды сұрыптау 
Кішкентай қысқыш арқылы әр түрлі өсімдіктердің тұқымдарын сұрыптау керек. 
14. Мозайка 
Мұғалім алдын ала түрлі түсті жұқа қағаздың кесіндісін дайындайды. Бала оны қолына ұсақ бөлшектерге жыртып мозайка құрып оларды желімге жаға отырып қайта мозайка құрайды. Бұл жаттығу әсірісе қайшымен қолдана алмайтын балаларға қолайлы. 
15. Скрепкалар 
Жұмыс істеу үшін сізге түрлі түсті қағаз керек болады. Бала бір түсті қағаздарды бір бумаға жинастырады. 
16. Түсті құм 
Бала кез келген кескін суретін қарапайым қағазға салып оны желіммен жағу. Осыдан кейін, саусақпен құмды алып, онымен суреттін өзін толтыру. Желімнің кебуіне уақыт беру. Сонында суреттен қалған құмдарды қағып жіберу. 
17. Жіпке тізу 
Алдын ала ұсақ ойыншақтарды және жәндіктерді дайындау. Сонымен қатар сізге ақ жіп қажет болады. Алдымен бала жәндіктердің фигураларын жіппен орап,кейін жіпті қайтадан орамаға орайды. Осы тапсырмада жіптер өрмекшінің торының орнына болады, соны пайдалана отырып балаға өрмекшінің қорегін қалай аулайтынын айтуға болады. 
18. Сұйықтықты құю ғана емес 
Баланы бір ыдыстан келесі ыдысқа сұйықтықты құюды үйрету. Бірақ тұқымдарды сұрыптаудан бастаған жөн. Мысалы бұршақ. Осыдан кейін құмды, содан кейін суды құюға үйрету. 
19. Конструктор және ермексаз 
Конструктормен және ермексазбен жұмыс істеу ұсақ моториканы дамытады деген барлығына мәлім. 
1.пирамида, мозайка жинау 
2.сақиналарды жіпке тізу 
3.түймені салу, сылдырма ілгекті ағыту оқу құралымен жұмыс 
4.тындарды сұрыптау 
5.бұршақтарды сұрыптау 
6.сіріңкемен жұмыс 
7.қағаздармен жұмыс 
8.илеу (балшық, ермексаз, нанды) 
9.аяқ киімнің бауын байлау 
10.түйіндерді жуан жіпке байлау 
11.құммен, сумен ойнау 
12.жіңішке жіпті өз саусағына орау(сақина шағады) 
13.гайканы ширату 
14.конструктормен, кубиктармен ойнау 
15.ауада сурет салу 
16.әр түрлі заттармен сурет салу (қарындашпен, қаламмен, бормен, бояғыштармен және т.б.) 
17.қолөнер 



«Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытудағы ойын технологиясының түрі-ұсақ моториканың маңызы».

 

      «Ойын баланың алдынан өмір есігін

  ашып,оның шығармашылық қабілетін дамытады

ойынсыз ақыл-ойдың қалыптасуы мүмкін емес».

 

                                                                                       В.А. Сухомлинский

 

 

   Балабақшадағы оқыту- тәрбиелеу жұмысында балалардың тілін дамыту,сөздік қорларын молайту,ауызша сөйлеуге үйрете отырып , үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, одан әрі күнделікті өмірде еркін қолдану, одан әрі күнделікті іс-әрекет кезіндегі тілдік қарым-қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген.

  Халық даналығында «Ойнай білмеген,ойлай да білмейді», «Ойында озған,өмірде де озады» деген аталы сөздер сырына жүгінсек , мектепке дейінгі жастағы баланың ойынға деген құлқы, қарым-қатынасы,мінез-құлық көріністері олар өсіп-есейгенде де жалғаса береді.

  Ойындардың негізгі мақсаты балаларың ықылас зейінін,сөздік қорын,байқампаздығын,есте сақтау,қабылдауын дамытуға,икемділікті арттыруға,өзінің жеке құрбыларының іс-әрекетін бағалай, құрметтей,өз ісінің дұрыстығын дәлелдей білуін анықтау,қалыптастыру.

  Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан,әрі үлкен мәні бар мәдени шығармашылық-саусақ ойыны.Саусақ ойынын ойнай отырып,балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды , жан-жануаларды, құрастырды,ағаштарды т.б көптеген бейнелерді бейнелей алады.

   Ал тіл кемістігі кездесетін балалардың жалпы қимылдары,соның ішінде бұлшық етінің қимылдары жеткілікті деңгейді дамымайды.

   Сөйлеу тілі мүшелері әрекетінің қозғалуларының дамуы қол саусақтарының нәзік қимылдарының дамуымен тығыз байланыста болғандықтан,бала қолының ептілігін толық жетілдіру, түзету- тәрбие жұмысын жүйелі жүргізуді қалайды.

  Ұсақ моториканы дамыту жұмыстарын ерте сәбилік шақтан бастаған дұрыс.Омыраудағы баланың өзіне саусақтағы бас миымен байланысқан активті нүктелеріне әсер ете отырып массаж жасау керек.Ерте жаста және мектепке дейінгі кіші жаста қарапайым жаттығуларды жасауда өлеңмен,тақпақпен ұйқастырылған жаттығуларды пайдалану ұсынылады.Сонымне қатар өзіне-өзі қызмет ету дағдысын қалыптастыру: тиегін өзі салып ,өзі ағыту,бауын байлау,т.б.Ал ересек топтағы балалар үшін ұсақ моториканы дамыту және қолдың икемділігін арттыруға арналған жаттығулар мектепке дайындықтың яғни, жазу, сызуға,үйренудің маңыздыс болып саналады.

   Сәбилерге арналған ойын-жаттығулар.

Көңілді қуыршақтар

Қазіргі кезде жасалған көңілді қуыршақтар жай ойыншық емес,жәдігер зат болып пайдаланып болды.Ал ойыншықтың бұл түрі бала саусағы басқаруы сен ойлауын шыңдайтын таптырмас ойыншық.

Алдымен екі жартыны құрастыру арқылы бір қуыршақты пайдаланыңыз.Содан соң ойынды күрделендіре түсіңіз:екі қуыршақ,үш қуыршақ.Балаға аздап қиындық келтірсе асықпаңыз.Баланың жетістікке өзі жетуіне мүмкіндік беріңіз.

Пирамидалар

Дүкеннен пирамида ойыншығын сатып аларда дөңгелектерінің әр-түрлі болғаның қадағалаңыз.Дөңгелек диаметрі бірінен соң бірі үлкейе түсуі керек.Мұндай ойыншық балаға саусақ қимылын ғана емес, логикалық ойлауына да жол ашады. Балаға пирамиданы жинауды ұсынасыз.Алдымен бірге жинап,содан соң  өз бетімен жинауға кіріседі.

Жиек бойымен жүргізіп шық.

Бұл ойынға мақпал жабыстырылған үй,машина,гүл кесе сияты суретті карточкалар пайдаланылады.Ересек адам бала саусағын мақпалға тигізе отырып суретте не бейнеленгенің сұрайды.Осы сурет бойымен моншақтарды немесе бұршақтарды жүргізіп шығу арқылы ойын жалғасады.

  Адамның он екі мүшесінің тіршілікте атқарар міндеті зор.Соның ішінде екі қолға бес-бестен біткен он саусақты күнделікті қажетті жұмыстарды атқаруға пайдаланатынымыз белгілі. Сонымен қатар ертеден бізге жеткен «Қуырмаш»ойынынан саусақ атауларын бала тәрбиелеуге ,оның тілін ұштауға әдемі пайдаланғанын білеміз.

  Көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын бұл ойын балаға саусақтардың атын, адамға нәр берер түрлі астың атауын да үйретеді.Сондай-ақ төрт түлік малды таныстырып,оны бағып еңбектенгенде ғана тамақтануға болатынын ескертіп, еңбекпен тапқан тамақ тәтті болатын уағыздайды.

    Саусақ ойындарының нәтижесінде:

-         Баланың сөйлеу тілі жетіледі;

-         Қимыл қозғалысы артады;

-         Икемділігі артады;

-         Логикалық ойлауы дамиды;

-         Танымдық деңгейі артады;

 

 

Сабақтың тақырыбы:  ЖЕМІС - ЖИДЕКТЕР БАҒЫ

Сабақтың мақсаты:

А) Білімділігі: Тақырыпқа байланысты сын есім, етістіктермен сөйлем құруға үйрету.  Сұрақтарға толық жауап беруді талап ету. Жақты, жайылма, толымды сөйлем құруға дағдыландыру.

Ә) Түзету: Сөздік қорларын  байыту.  Ұсақ моторикаларын дамыту. Көру және есту зейіндерін қалыптастыру. Қозғалу іс –әрекеттерін дамыту. Есту, зейін салу қабілеттерін дамыту. Ұжымда өздерін еркін ұстап, жұмыс істеулерін қалыптастыру. Бойларында ырғақ сезімдерін қалыптастыру. Дем  шығару, тыныс алу жолдарын қалыптастыру.

Б) Тәрбиелігі: Табиғатты аялай білуге тәрбиелеу. Жеміс пен көкөніс дастарқанға маңдай терімен келетінін түсіндіру. Жеміс-жидектердің суретін бояған кезде, эстетика ұстанымын  негізге алуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктері:  электрондық логопед құралы, »Жемістер» тақырыбына байланысты презентация. Галкинаның  көру гимнастикасы, 6 дана күзгі жапырақ, сиқырлы қап, жеміс-жидектердің муляждары, жемістерді бояуға арналған  карточкалар, ұсақ моториканы дамытуға арналған құралдар.

Сабақтың әдісі: дамыта оқыту технологиясы, жобалап оқыту технологиясы, СТО технологиясы, сұрақ-жауап.

Түрі: саяхат сабағы

Сабақтың барысы.

І Қызығушылықты ояту.

Ұйымдастыру бөлімі.

әлеметсіздер ме, балалар!

-Қалдерің қалай?

Психогимнастика    мимика жаттығуымен қоса.

- Балалар, бүгінгі біздің сабағымызға қонақтар келді, қонақтарға сәлем берейік.

-Жымиямыз! (Балар күліп, сәлемдеседі).

- Қонақтар бізге неге келген екен?

Қабағымызды көтеріп таңғаламыз.

- Күн де бүгін бұлтты болып, көңіл –күйімізді бұзып тұр ма?

әне, қабағымызды түйіміз.

- Жоқ. Біздің көңіл-күйімізді еш нәрсе бұзбайды. Себебі бізді, алда тамаша бір сабақ күтіп тұр.

Кәне, жымиямыз, күлеміз!

-Ал, енді тағы бір рет қайталаймыз.:

Біз таңғалуды білеміз!

Біз күлкіні жақсы көреміз!

Біз қабақ түйюді білеміз!

Біз күлкіні жақсы көреміз!

ІІ Қозғалу жаттығуын орындайық

- Ал, балалар сабағымызды бастамастан бұрын, қозғалу жаттығуын орындайық.

Міне, күз де келіп қалды,

Қолын былғап шақырды.

Бір кезде баяу  жел соқты,

Жапырақтар билей бастады.

Бір кезде қатты жел соқты,

Терезенің пердесі қозғала жөнелді.

Жел басылып қалды,

Енді өкшемізді көтеріп,  тез орнымызды табайық.

ІІІ Мағынаны тану. Жаңа сабақ.

-Балалар, мына үстелдің үстінде себет бар. Ал бұл себеттің ішінде не бар екен?

-Әрине. Жемістер бар.

-Сонымен балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Жеміс- жидек бағы

Презентация «Жеміс – жидектер» (Приложение № 1)

-Мынау не?

-алма, алмұрт, шие, алхоры, , жүзім, лимон, шабдалы, апельсин.

-Алма қандай?

-Жеміс – жидек бағындағы дәрігердің кеңесіне құлақ салайық, балалар.

- Бұл жемістердің құрамында А, В, С, Д, Е, Р – дәрумендері (витаминдер)  бар. Бұл витаминдер сендердің ағзаларынызға өте пайдалы. Жеміс- жидектерді көбірек жесеңдер, әрқашан көңілді болып жүресіңдер.   Тістерін ауырмай,  берік болып өседі. Денсаулықтарын мықты болады. Тез өсесіңдер. Тамаққа тәбеттерін жақсы болады.

А) Артикуляциялық жаттығулар (Электрондық логопед)

-Балалар, айнаға қарап, біз қандай жаттығуларды орындайтын едік?

-әрине әріптерді дұрыс айтып үйрену үшін, арналған жаттығулар.

1. «Тіс тазалау» жаттығуы. Қақпа езуімізді тартып, тістерімізді көрсетейік.  Енді тіліміздің ұшымен жоғары тістерімізді және төменгі тістерімізді тазалаймыз.

2. «Әткеншек» жаттығуы.  Аузымызды ашамыз, тіліміздің ұшымен алдымен, жоғары ерінге тигіземіз және төменгі ерінімізге тигіземіз.

3.«Сырлаушы» Аузымызды кеңейтіп ашамыз, тіліміздің ұшымен таңдайымызды алға-артқа жүріп қыттықтаймыз.

4.«Сағат» Аузымызды ашамыз, тілімізді алға шығарамыз және оңға-солға қозғалтамыз.

Ә) Бес жолды өлең жазу (Приложение № 2)

Б) Артық затты тап ойыны (Приложение № 3)

В)Жұмбақ жасыру (Приложение № 4)

IV  Галкинаның көзге арналған жаттығуы

V  Сергіту сәті

Жел соғады бетіме,

Теңселеді ағаштар.

Жел басылады, басылады,

Ағаш бойын жасады.

VІ  Ұсақ моториканы дамыту

А) Ас бұршақ үстінде дөңгелек, таяқшаларды жасау.

Ә) Бауды алмұрттан өткізу.

VІІ Айналадағы заттардың орны туралы түсінік беру  (Приложение № 5)

VІІІ   Дидактикалық ойын «Себетке жемістерді сал».

ІX Саусақ жаттығуы.

Ағаштағы бұтақта дөңгелек, сопақ жемістер өседі.

Жаңбыр жаумастан бұрын,

Жел құлатпастан бұрын,

Құстар жем қоймастан бұрын

Тәтті жемістерді теріп аламыз.

X Сиқырлы қоржыннан жемістерді қолымен ұстап, сезу түйсігі арқылы сезіп,  жемістің атауын атау.

XІ   Жеміс-жидектерді бояу.

XІІ Қорытындылау

-Балалар, бүгінгі біздің тақырыбымыз қалай аталады?

-Қандай жеміс- жидектерді білесіңдер?

-Алма қандай?

-Лимон қандай?

-Олар қайда өседі ?

-Оларды біз не істейміз?

Не үшін жейміз?

Бойымыз өсу үшін, тістеріміз қатты, берік болып  ауырмау үшін.

XІІІ Үй тапсырмасы.

1.Сырты тәтті, іші тәтті,

Ортасы- сүйек  қатты.

(алма)

2. Түрі шар сияқты,

Түсі қып-қызыл.

Дәмі бал сияқты.

(шие)



Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 22 ноября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Общая информация

Номер материала: ДВ-019604
Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>