Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Тренинг сабақ жоспары "Бала тәрбиесіндегі жанұяның рөлі"

Тренинг сабақ жоспары "Бала тәрбиесіндегі жанұяның рөлі"

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Бала тәрбиесіндегі жанұяның рөлі.
Мақсаты: Ата - ананың мектеппен тығыз байланысын артыру. Отбасының мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайрымдылық, достық қарым - қатынасты қалыптастыру, үлкенді сыйлауға, қамқорлық жасауға, сыпайы, ілтипатты болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Нақыл сөздер, плакаттар суреттер, ұлттық ою өрнек, номерлі асық, сұрақтар жазылған конверттер.


Жоспар:

1. Кіріспе сөз.

2. Бала өмірдің жалғасы.

3. Жеті атасын білмеген - жетесіз деп танылар.

4. Қарты бар үйдің қазынасы бар

5. «Ата - баба дәстүрі - асыл қазына.»

6. Аталар айтқан асыл сөз.

7. Сұрақ жауап


Кіріспе: сынып жетекші сабақтың тақырыбын мақсатын оқушыларға таныстырады.

Жүргізуші: Қош келдіңдер, құрметті қонақтар, ата - аналар ұстаздар. Сәлем ана алтын күн

Сәлем қартты халқымның

Бақытты болсын балалар
Ашық болсын күніңіз
Жайнай берсін жүзіңіз - дей келіп бүгінгі
«Бала тәрбиесі баршаға ортақ» атты
Тәрбие сағатымызды бастаймыз
1. Бала деген бал екен
Бал дегеніміз бала екен
Балалардың бойында
Бір тәттілік бар екен

2. Туған балаң жанға сән
Демесең де жат бөтен
Нағыз балаң ойласаң
Немере деген тәтті екен

3. Сұра жезде ападан
Қарсы шығар аз екен
Нағыз әке ата да
Нағыз ана әже екен

4. Ұстаз деген қасиетті адам бар

Біле білсең сенің екі анаң бар

Бірі сенің туған анаң бар егер
Екінші анаң ұстаз деген данаң бар

5. Туған анаң болмаса ойнамас ең күлмес ең
Жарық дүние нұр сәулесін көрмес ең
Ұстаз ана болмаса сен өмірдің
Мәні менен мағынасын білмесең

6. Ата анаға көз қуаныш
Алдына алған еркесі
Көкірегіне көп жұбаныш
Гүлденіп ой өлкесі

2. Жүргізуші Жақсы тәлім көрмеген
Әдепсіз деп саналар
Жеті атасын білмеген
Жетесіз деп танылар деп
жеті атасын білу бұл ата әжелерімізден алған тәрбиеміз
деп есептейміз

1 жүргізуші:«Қарты бар үйдің қазынасы бар» деп
Ендігі кезекті көрініске берейік
Қарт пен жігіт.
- Әй балам мұнда кел. Бүгін мектепке бардың ба?
- Ия, ата.
- Қандай сабақ болды?
- Қазақ тілі, әдебиет, математика, жаратылыстану.
- Ата, әдебиеттен ғалымдарды өттік.
- Ал ендеше мен сені сынап көрейін.
- Адамға ақыл беретін кімдер?
- Ата, адамға ақыл беретін ана - тілі ғой.
- Жоқ болам, ана тілі ойды өсіреді.
- Адамға ақыл беретін ата - ана, ұстаз, және досы екенін ұмытпа.
Ата - ана ақылын баласына қызына айтады.
Ұстаз шәкіртіне айтады. Жақсы ақыл адамды тез есейтеді.
Адамға ақыл беретін адал дос.
Адал дос ақылшың,
Ақылшы дос қақының
Досы көптің табысы көп
Табысы көптің жақыны көп.
Достың көзі ақылдан басталады.
- Балам үйдегі алтын қазық кім?
- Ата, үйдегі алтын қазық бала.
- Жоқ балам, үйдегі алтын қазық ана.
Ана ақылды болса, бала дана болады.
Ана тәрбиесі қызға үлгі
Әке тәрбиесі ұлға үлгі
Ана ақылшың, әке қамқоршың, ағаң қорғаушың, інің суйенішің, қарындасың қанатың екенін ұмытпа.
Ананы сыйламағанның ақылы кем
Әкені сыйламағанның жақыны кем
Ананың мейірімі көзінде, ықласы көңілінде, ақылы сөзінде ұқтың ба балам.
Ал ендеше өріске барып қайтайық.
2. жүргізуші: Қалатын болсын бір ізің
Мирас болып артыңа
Еш аянбай күн ұзын
Қызмет ет халқыңа
Болады ау әсте талай сын
Ата баба даңқына
Ал ата ана қалайсың -
Ұлттық дәстүр салтыңа дегендей
Келесі бөліміміздің тақырыбы Ата баба
Дәстүрі асыл қазына дегендей мына
Конверттегі сұрақтарға жауап беріп көрейікші
1. Адайдың пірі (Бекет)
2. Үш жұрт (өз жұтың қайын жұрт нағашы жұрт)
3. Үш би (Төле би Қазыбек би Әйтеке би)
4. Қазақтың киелі сандары(3 7 9)
5. Қазақтың музыкалық аспаптары (Домбыра, Қобыз, Жетіген)
6. Жеті күн(дүйсенбі сейсенбі сәрсенбі бейсенбі жұма сенбі
Жексенбі)
7. Үш арсыз (ұйқы күлкі тамақ)
8. Төрт құбыла(Оңтүстік, Солтүстік, Батыс, Шығыс.)
9. Екі ақынның өнер сайысы (Айтыс)
10. Бала өмірге келгенде болатын той(Шілдехана)
11. Ағаштан жасалған су тасуға арналған құрал (Иін ағаш)
12. Ұясы жоқ құс(Көкек)
1жүргізуші: Елді көркем көрсетер»
Төрелігі әділ данасы
Ерді көркем көрсетер
Білім мен өнер санасы
Өнерлі өрге жүзеді
Сөз маржаны халықта
Асыл сөздің түйіні
мақалды үйрен жалықпа - деп халқымыз айтқандай келесі бөлімімізді „Аталар айтқан
асыл сөз” мына конверттегі мақалдың ізін жалғастырайық.
1. Батаменен ел көгерер
2. Өнер білім бұлағы
3. Балапан ұяда не көрсе
4. Дәулетіңнің қадірін ұлың өскенде білерсің
5. Әдепті бала арлы бала
6. Әдепті бала ата анасын мақтатар
7. Атаңның баласы болма
8. Үлкенге құрмет
9. Әдептілік белгісі
10. Шешен сөз бастар
11. Күннің шуағы жылы
12. Сіз деген әдеп
13. Ащы мен тәттіні татқан білер
14. Ана сүтін ақтамағанда
15. Мектеп кеме
2 - жүргізуші: Біліммен өнер санасы
Болады ау әсте талай сын
Ал ата - ана қалайсың
Сұрақ жауап беріп көрейік
Жерден ауыр не бар?
Судан терең не бар?
Оттан ыстық не бар?
Көктен биік не бар?
Інкәр: Жерден ауыр дегенім - ақыл білім
Судан терең дегенім – оқу ғылым
Оттан ыстық дегенім - адамның өмірі
Көктен биік дегенім - тәкәппардың көңілі
1 - жүргізуші: Дүниеде не тәтті, не жұмсақ, не қатты?
Санжар: Ананың сүті тәтті, ананың қолы жұмсақ
әкенің жүрегі қатты
2 - жүргізуші: Дүниеде ең жақының кім?
Әділхан: Тату болса - ағайын жақын
Ақылшы болса - апайың жақын
Бауырмал болса - інің жақын
Инабатты болса - келінің жақын
Алдыңа тартқан адал асың
Қимас жақын қарындасың
1 - жүргізуші: Дүниеде не қымбат?
Азамат: Алтын ұяң - отан қымбат
Құт береке - атаң қымбат
Аймалайтын - анаң қымбат
Мейрімді - апаң қымбат
Асқар тауың - әкең қымбат
Бәрінен де ұят пенен ар қымбат
2 - жүргізуші:„Бала тәрбиесі
1 - жүргізуші: баршаға ортақ”
2 - жүргізуші: Құрметті ұстаздар ата - аналар міне 9 «В»сынып оқушыларының қатысуымен болған „Бала тәрбиесі баршаға ортақ”атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.
Қортынды:
Мұғалім: «Адамның бір қызығы бала деген.»
Әрбір ата - ана қажет етсін етпесін ол тәрбиеші.
Бала тәрбиесі бүгінгі күні бір ғана жанұяның немесе мектептің жеке ісі емес, ол бүкіл қоғам шұғылданатын істің бір тұтас бөлігіне айналып отыр.
Мектепте, ата - ана да, баланың ортасыда тәрбие тұтқасы.
Міне балалар сендер тәлім тәрбие аларлықтай атадан қалған асыл сөздер мен таныстыңдар. Сондықтанда үлкендердің әр сөзіне зер салып астарына мән беріп қарай білу керек. Әсіресе үйдегі ата әжелеріміздің ата - аналарымыздың әр сөзін ұғып, ақылын, өсиетін есте сақтан. Бүгінгі тәрбие сағатымыз осымен аяқталады. Қош сау болыңыз

Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 17.12.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров205
Номер материала ДВ-268016
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх