Инфоурок Школьному психологу Другие методич. материалыТренинг сабак "Сіздің балаңыз бірінші сынып оқушысы"

Тренинг сабак "Сіздің балаңыз бірінші сынып оқушысы"

Скачать материал

Сіздің балаңыз – бірінші сынып оқушысы (ата-аналарға арналған тренинг сабақ)

Сіздің балаңыз – бірінші сынып оқушысы
(ата-аналарға арналған тренинг сабақ)
Мақсаты: Ата-аналарға баланың мектепке бейімделуінің психологиялық ерекшеліктері, бала тәрбиесіндегі отбасы қарым-қатынасының ролі, ата- ана ескеруге тиісті жағдайлар жөнінде түсінік беру арқылы ата-аналардың психологиялық біліктілігін арттыру.
Түрі: тренинг сабақ
Қатысушылар: 1- сынып ата- аналары.
Қажетті заттар мен құралдар: А4 форматтағы қағаз, қалам, жаттығуларға арналған парақтар, жадынамалар, дәйексөздер.
Өту барысы: 1. Кіріспе. Психолог тренинг сабақтың мақсатын түсіндіреді.
2.
«Сіз қандайсыз?» жобалау тесті. Ата-аналарға таза парақтар үлестіріледі, қаламмен төрт бөлікке бөлу ұсынылады. Әр бөлікке жануардың, бунақденелінің, құстың, жабайы аңның атын жазады. 1-отбасында, 2-жұмыста, 3- баламен қарым-қатынаста, қоршаған ортада ата-ана өзін осылай ұстайтыны айтылады. Ал сызбаның көлемі өзін бағалау деңгейін көрсетеді. Психолог : «Орнымызды ауыстырайық» ойын тренингі.

Мақсаты : көңіл-күйді көтеру, бір –бірлерін жақынырақ танысу.

-Құрметті ата- аналар! Бүгінгі біздің тренинг сабағымыз баланың мектепке бейімделуі жөнінде болғандықтан, сіздер де мектептегі өміріңізді еске түсіріп көріңіздер. Мен сіздерге сұрақтар қоямын, егер «ия» болса, онд орнымызды ауыстырамыз
1) Кім тақтаға шығып жауап бергенді жақсы көретін еді?
2) Кім өзінің алғашқы ұстазын жақсы көретін?
3) Кім бір күнге бірінші сынып оқушысы болғысы келеді?
4) Кімге ән сабағы ұнайтын?
5)Кім мектепте өлеңді жатқа айтуды ұнататын?
6) Кімнің жазуы түзу болды?
7) Кім бір рет те болса дәптерін, оқулығын үйге тастап кеткен жоқ?
8) Кімнің бірінші сыныпта тәртібі үлгілі болды?
9) Кім бірінші сыныпта оқу білді?
10) Кімге оқу демалыстан артық ұнайтын еді?
11) Кім ешқашан екі алып көрген жоқ?
12) Кім балалық шағында мұғалім болғысы келді?
13) Кім осы уақытқа дейін өз сыныптастарымен қатынасып тұрады?

4.
Бірінші сынып оқушыларының мектепке бейімделу мәселесі(мини-дәріс) .
Мектеп бала дамуын жүйелі қалыптастырып отыратын негізгі орын. Жалпы білім беретін мектептің алғашқы сыныбына келген балалар оқу жүйесінде айтарлықтай қиындықтарды бастан өткереді. Бала мектепке бірден бейімделмейді. Көптеген балалар оқудың алғашқы екі айында бейімделеді.Олар ұжымға тез қосылып кетеді, жаңа достар табады, үнемі көтеріңкі көңіл-күйде жүреді, мұғалім талаптарын қиындықсыз орындайды. Әрине, олар тәртіптің барлық талаптарын орындай қоюы қиын, бірақ қазан айының соңына қарай мұндай балалар жаңа оқушы дәрежесіне , жаңа талаптарға, жаңа күн тәртібіне тез үйреніседі. Ал кейбір балалардың мектепке бейімделуіне біраз уақыт қажет. Бұл көбінесе отбасындағы жалғыз бала немесе балабақшада болмаған, ата-анамен қарым –қатынас жеткіліксіз балаларда кездеседі. Баланың мектепке бейімделу нышандарын мынадан байқауға болады:
-біріншіден- баланың оқу үдерісіне қанағаттануы. Оған мектепке барған ұнайды, ол өзіне сенімсіздік танытпайды және қорықпайды.
- екіншіден-баланың оқу тапсырмаларын өз бетімен орындау деңгейі, тапсырманы өзі орындай алмаса, үлкендерден көмек сұрауы.
- үшіншіден- баланың мектептегі ортаға толығымен қосылуының ең маңызды нышандарының бірі оның сыныптастарымен , мұғаліммен тұлғааралық қарым-қатынас жасаудағы қанағаттануы болып табылады. Осы кезеңде бірінші сынып оқушысы белсенді түрде қарым-қатынас жасайды, балалар ортасынан өз орнын іздейді, басқа балалармен серіктесуге үйренеді және өзіне көмектесуге қарсы болмайды. Сонымен, баланың оқуға табысты бейімделу мәселесі көбінесе мектеп пен отбасының өзара ынтымақтасуына байланысты.
5.
Э. Г. Эйдемиллердің «Отбасылық социограмма» телімелі тесті. Мақсаты : Отбасындағы тұлғааралық қарым - қатынасты анықтау. Диаметрі 110 мм шеңбер салынған парақ үлестіріледі. Жүргізуші: Шеңберге өзіңізді және отбасы мүшелерін дөңгелектер түрінде бейнелеңіз де, есімдерін жазып қойыңыз. Жұмыс нәтижесі бойынша талдау жасалады. Отбасы қарым- қатынасындағы ең маңыздысы- бала мен ананың жақындығы екендігі жөнінде ой салу қажет.

6. « Жұдырығыңды аш» жаттығуы
( баламен жағымды қарым - қатынас орната білуді түсіндіру). Қатысушылар жұпқа бөлінеді. Біреуі жұдырығын түйеді, екіншісі қандай жолмен болса да ашуға тиіс. Күш жұмсамай –ақ өтіну арқылы мәселені шешуге болатындығы жөнінде талдау жасалады.
8
. Ата-аналарға арналған жадынамалар таратылады.
1.Баланы жаймен оятыңыз, ол оянғанда сіздің жағымды жымиысыңызды көріп, дауысыңызды естісін.
2.Асықтырмаңыз, үлгіре алмаса-оған бала кінәлі емес, уақытты есептеу сіздің міндетіңізде.
3. Баланы таңертеңгі тамақ ішпестен мектепке жібермеңіз: мектепте тамақтанғанша ол біраз жұмыс атқаратынын ұмытпаңыз.
4. Сабаққа кетерде «тентек болма», «өзіңді дұрыс ұста», «нашар баға алушы болма» деген сөздерді айтпаңыз.Оған табыс тілеңіз, жағымды сөздер айтыңыз.
5. «Бүгін қандай баға алдың ?» деген сұрақты ұмытыңыз. Баланы мектептен кейін жағымды көңіл-күймен қарсы алыңыз, көп сұрақ қоймаңыз. Егер бала өз сезімдерімен бөліскісі келсе немесе ашулы болса, оны тыңдаңыз, кейінге қалдырмаңыз, ол үшін көп уақыт керек емес.
6. Егер бала көңілсіз келсе, бірақ үндемесе, мазасын алмаңыз.Қалпына келген соң өзі-ақ баяндап береді.
7. Мұғалімнің ескертуін тыңдаған соң, дауласуға асықпаңыз, мұғаліммен арадағы әңгіме баланың қатысуынсыз өткені дұрыс.
8. Мектептен кейін бірден сабаққа отыруға асықтырмаңыз, екі- үш сағат демалыс қажет.
9. Әр сабақты әзірлеген соң, 15-20 минут үзіліс жасаған жөн.
10. Балаға сабағын өзі әзірлеуге мүмкіндік беріңіз, көмек керек болса ғана көмектесіңіз. Қолдау көрсету, мадақтау қажет(«сенің қолыңнан келеді», «екеуміз бірігіп ойланайық», «мен саған көмектесемін»).Алған бағаларына аса мән бермеңіз.
11. Баламен қарым-қатынаста « Егер сен жақсы оқысаң, онда...» деген шарт қоюдан аулақ болыңыз.
12. Күніне бір рет жарты сағат болса да баламен бірге болуға уақыт табыңыз.
13.Баланың басы ауырса, шаршаса т.б. жағдайларға көңіл аударыңыз.
14. 7-8 жастағы балалар да кешкі ұйқының алдында ертегі тыңдағанды жақсы көретінін ұмытпаңыз.Бұл баланы тыныштандырады, жақсы ұйықтауына көмектеседі.
15. Ұйықтар алдында жағымсыз жағдайлар, ертеңгі бақылау сабақтары туралы айтпаңыз.
Қорытынды.

Қ.Кеменгеров атындағы орта мектебі

Сіздің балаңыз – бірінші сынып оқушысы

ата-аналарға арналған тренинг сабақ



Дайындаған: мектеп психологы А.Т.Шекебаева.





















2015-2016 оқу жылы.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тренинг сабак "Сіздің балаңыз бірінші сынып оқушысы""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по учету энергопотребления

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 654 824 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 14.03.2016 2071
    • DOCX 20.8 кбайт
    • 16 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Шекебаева Амина Турдубековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Шекебаева Амина Турдубековна
    Шекебаева Амина Турдубековна
    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 19717
    • Всего материалов: 8

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Основы психологической экспертизы детско-родительских отношений

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 63 человека

Курс повышения квалификации

Базальная стимуляция и развивающий уход - современные подходы в работе с детьми с тяжелыми множественными нарушениями развития (ТМНР)

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 64 человека

Курс повышения квалификации

Психодинамический подход в консультировании

72 ч. — 180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 151 человек

Мини-курс

Основы дизайна в Figma

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 84 человека из 28 регионов

Мини-курс

Индустриальный туризм

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Figma: продвинутый дизайн

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 61 человек из 24 регионов