Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Тренинг Тақырыбы: «Мұғалімнің өз эмоциясын басқара білу шеберлігі» (Жас оқытушыларға арналған)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Другое

Тренинг Тақырыбы: «Мұғалімнің өз эмоциясын басқара білу шеберлігі» (Жас оқытушыларға арналған)

библиотека
материалов

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Шығыс Қазақстан облысы білім әкімдігі басқармасы

«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» ҚКМК




hello_html_me956a6e.jpg







Тренинг

Тақырыбы: «Мұғалімнің өз эмоциясын басқара білу шеберлігі»

(Жас оқытушыларға арналған)


























2016-2017 ж

Тренинг тақырыбы: «Мұғалімнің өз эмоциясын басқара білу шеберлігі» (Жас оқытушыларға арналған)

Трениенгтің мақсаты:

- тренингтік топтың жұмыс жүргізуіне қолайлы жағдай жасау;

- тілектестік атмосферасын қалыптастыру;

- тренингке қатысушыларды жас мамандармен таныстыру;

- қарым-қатынас дағдысын қалыптастыру, өзара тиімді әрекеттестікке кедергі келтіретін ішкібарьерлерді, ширығуларды жою;

- жас мамандардың ашылуына, өз әріптестеріне өздерін көрсете білуіне көмектесу;

- жас мамандар өздерін педагогикалық ұжымның бір бөлшегі ретінде сезінуіне, бейімделуіне ықпал жасау;

- қатысушыларды тренингтік топтардың негізгі жұмыс принциптерімен таныстыру.

Көрнекі құралдар: интерактивтік тақта, таратпа материалдар, шарлар, маркерлер.

Ұйымдастыру формасы:

Тренинг мазмұны:

І. Кіріспе сөз - 3мин.

ІІ. Тренинг ережесімен таныстыру, тренинг принциптері - 2мин.

ІІІ. Бой сергіту: «Орын алмасамыз»-5мин.

ҮІ. «Кәсіптік герб» жаттығуы-10 мин.

Ү. Әуенді терапия -5мин.

ҮІ. «Бәрібір де сен жақсысың, өйткені...» жаттығуы - 5мин.

ҮІІ. Жаттығу «Жарнама ролигі» - 5мин.

ҮІІІ. Психодрамма жаттығуы- 5мин.

ІХ. Жаттығу «Кездескенше» -3мин.

Х. Рефлекция-2мин.

Кіріспе сөз: Құрметті ұстаздар!

Адамның өз қызметін аянбай, алаңсыз жүргізуіне ұшқыр ой, алғыр зейін, ашық көз, ояу көкірек керек екені даусыз. Бүгінгі мақсат, айналамыздағы адамдарымызбен қарым – қатынасымыз қандай, қарым-қатынас дағдысын қалыптастыру, өзара тиімді әрекеттестікке кедергі келтіретін ішкібарьерлерді, ширығуларды жою;

- жас мамандардың ашылуына, өз әріптестеріне өздерін көрсете білуіне көмектесу;

- жас мамандар өздерін педагогикалық ұжымның бір бөлшегі ретінде сезінуіне, бейімделуіне ықпал жасау; «Мұғалімнің өз эмоциясын басқара білу шеберлігін қалыптастыру.

Олай болса бүгінгі тренингіміз- ішкі барьерлерді алып тастауға, толқуларды сабырға түсіруге, оң зарядтар алуға тырысамыз. «Мұғалімнің өз эмоциясын басқара білу шеберлігі» деп аталады.

Тренингті бастамас бұрын алдымызда жатқан бейджиктерге өздеріңізді қалай атаған ұнайды, солай есімімізді жазайық. Егер өз есіміңізді өзгертіп жазсаңыз, не себепті олай еткеніңізді түсіндіріп көріңіз.

Жағымды әуен жәй дауыспен ойналып тұрады.

Ендеше сіздерге сәттілік тілей отырып, тренингімізді бастаймыз.

Жүру барысы:

Бой сергіту: «Орын алмасамыз»

Қатысушылар шеңбер жасай орындықта отырады. Жүргізуші ортаға шығып былай дейді: «Кәнеки, кімде-кімнің...(шашы ұзын болса, көзілдірігі болса)немесе кім...(ұнамағандарды қуып шыға алатын болса, тігін тіге алатын болса деген секілді жұрттың сыртқы белгілері немесе қабілеттері аталады)бір-біріңмен орын ауыстырыңдар». Мақсат аталған белгілері немесе қабілеттері бірдей кісілердің орындарын ауыстыру. Жүргізушінің мақсаты - кез келген босаған орынға жылдам отыра қою. Кім отырып үлгіре алмаса, енді сол жүргізуші болады.

«Кәнеки, кімде-кім... (шалбар киіп отырғандар, алмұртты жақсы көретіндер, гитара тарта алатындар, сағат тағып жүргендер және т.б. орындарын ауыстырсын)

Ойынның шарты түсінікті болғаннан кейін, орындарын ауыстыру жағдайы күрделене түседі. Енді сұрақтар қатысушылардың кәсіби қызметінің, білімінің ерекшеліктеріне және т/б. байланысты болуы керек. Мысалы, орындарын ауыстырады ...

- Өмір бойы бір мекемеде қызмет етіп келе жатырғандар;

- Қазіргі уақытта жаңа бағдарламамен жұмыс жасайтындар;

- Өз жұмыс жақсы көретіндер;

- Бала кезден мұғалім болуды армандағандар;

- Тренингке бірінші рет қатысып отырғандар; және т.б.

-         Бәріңізге де үлкен рахмет! Бәріңіз де бой сергіту жаттығуын ойдағыдай орындадыңыздар! Енді түгел орындарыңызға қайта отырыңыздар. Сабақты одан ары жалғастыру үшін топта жұмыс жүргізу ережесін келісіп алуымыз керек(ережені алдынала тақтаға жазып қоюға немесе оны топпен ақылдаса отырып жасап, ватман қағазға түсіргеннен кейін, көрнекті орынга іліп қоюға болады)

Тренинг ережесі:

  1. Кешікпеу

  2. Өз уақытында бастау

  3. Ұйымшыл болу

  4. Кезекпен жауап беру, өзгелерді тыңдау. 

  5. "Басынан" "Аяғына" дейін жұмыс жасау.

  6. Ұзақ уақыт сөйлемеу.

  7. Көңілді болу

«Кәсіптік герб» жаттығуы

-         Біз бәріміз де педагогтармыз. Мен сіздерге өз жеке кәсіби гербтеріңізді жасауды ұсынамын. Оның сипатын, формасын, қандай болуы керек екендігін әркім әр түрлі пайымдайды. Мен бәріңізге бір-бір ватман парағын, түрлі түсті қарындаштар үлестіремін. Сіздер соған кәсіптік герб контурын бейнелеп алып, сосын оның ішін мазмұнды бейнелермен толықтырасыздар. Бұл үшін кәсіби қызметтің бірқатар маңызды тұстарына көңіл аудару керек:

-         қатысушы өзінің кәсіби қызметінде неғұрлым маңызды деп есептейтін жетістік немесе оқиға;

-         сізді бақытты етуге оқушыларыңыз пайдалана аларлықтай нәрселер немесе білім аясы;

-         сіздің педагогикалық қызметте көмектесетін немесе көмектесе алатын жеке тұлғалық қасиеттеріңіз.

Бұл жаттығуды орындаудың басты шарты: қатысушылар сөзбен емес, сурет салу арқылы көрінеді. Гербтер салынып болғаннан кейін, олар тақтаға ілінеді. Нәтижесінде қатысушылардың өмірлік кәсіби позициялары туралы езіндік бір ерекше галерея пайда болады.

Талқылау

Қатысушылар барлық гербтерді қарай отырып, мынадай сұрақтарға жауап береді:

-         Гербтегі бейнелер оның иесі туралы не айта алады?

-         Суреттер неге осыншама әр келкі болып шыққан?

-         Қай гербтегі қандай бейнелерді өзгертіп, тузетер едіңіз, неге?

-         Ең жақсысы қайсысы және ол несімен жақсы?

Қорытынды жасау кезінде жаттығуды орындауға ненің қиындық тудырғанын және ненің көмектескенін бірлесіп айқындаган жөн.

-         Бәріңізге де атқарылған жұмыстар үшін алғыс айтамын!

-         Сіздер, шамасы, ептеп шаршаған шығарсыздар. Олай болса, бой сергіту жаттығуын жасайық.

 IV. Әуенді терапия

Мақсаты: Мұғалімнің кәсіби құлшынысын арттыру, жігерлендіріп көңіл – күйін көтеру.

Көрнекілігі: Музыка аппараты, жағымды, баяу әуенді диск. Табиғат бейнеленген суреттер.

Уақыты: 5 минут

Ұйымдастыру кезеңі:

а) Мұғалімді жайлы отырғызып, еркін ыңғайлы сезінуін қадағалау.

ә) Табиғат көріністерін мұқият қарауын өтіну.

б) Әуенді қосар алдында мұғалім көзін жұмуы тиіс.

Кіріспе:

- Көз алдыңызға жаңа көрген табиғат көріністерін елестетіңіз.

- Терең дем алып, әуеннің ырғағына зейін аударып, менің сөздеріме құлақ салыңыз.

- Ал, бастаймыз. (музыка қосылады)

- Соқпақ жолмен жүріп келесіз …

- Жол ұзақ, шаршадыңыз, шөлдедіңіз …

- Кенет алдыңыздан ғажайып бақ көрінді …

- Алма бағы …

- Қып – қызыл алмалар қол созым жерде …

- Сіз үзіп алып жей бастадыңыз …

- Дәмі керемет …

- Жеген сайын жегіңіз келеді …

- Қалтаңыздан дорба алып алмаларды жинай бастадыңыз …

- Күн кешкірді … Қайту керек … Бақтан шығып жолға түстіңіз … Иығыңызда дорба.

- Жүгіңіз ауыр. Жол бітер емес. «Тастап кетсем бе екен?» деген ой келді …

- Сіз дорбаны емес, жалқау ойыңызды тастап кетіңіз …

- Міне, қалашыққа да жеттіңіз … Алдыңыздан қуана секіріп балалар шықты

- Оларға өзіңіз терген алмалардан үлестіре бастадыңыз …

- Алма тергеніңіз мұншама абырой болар ма?

Сізге балалар да, олардың ата – аналары да дән риза …

- Балалардың бақытты күлкісі сіздің де көңіліңізді көкке көтерді! Музыка тоқтатылып, мұғалімдер көзін ашады. Өз әсерлерін бөліседі.

«Бәрібір де сен жақсысың, өйткені...» жаттығуы

-         Енді жұп-жұпқа бөлініңіздер. Алғашқы жұптың біреуі «Мені жақсы көрмейді, себебі...» деп әңгіме бастайды. Екіншісі тыңдап болып: «Бәрібір де сен жақсысың, өйткені...» деп жалғастырады. Сонан соң бір-бірімен рөл алмасады.

Қатысушылар әрекетке орай жауап әрекет етудің қандай жағдайда да серіктес беделін түсірмейтіндей тәсілін қолдануға мүмкіндік жасау керек.

Талқылау

-         Сіз серіктесіңіздің әңгімесіне түгелдей лайықты жауап әрекет жасай алдыңыз ба?

-         Жауап әрекет жасау қиын болған жоқ па, болса не нәрсеге байланысты еді?

-         Қолдау тапқан кезіңізде қандай сезімде болдыңыз?

. «Жарнама ролигі» ойыны (Ұстаздарға арналған тренинг)

1 топ – жиһаз жарнамалайды

2 топ – жемістерді жарнамалайды

3 топ – аяқ киімді жарнамалайды

Талқылау

-         Сізге қиын болған жоқ па?

-         Бұл жаттығудан қандай әсер алдыңыз, қандай сезімдер пайда болды?

-         Қанеки,бір-бірімізді арқадан қағып қояйық! Жарайсыңдар!

-         Біздің тренингіміз аяқталуға жақындап келеді. Енді сіздерге қорытынды жаттығу - психодраманы ұсынамыз!

Психодрамма жаттығуы

Бұл жаттығу творчестволық қабілетіміз қаншалықты деңгейде дамығандығын керсететін болады. Мен мәтінді(кез келген мәтін болуы мүмкін, мәселен, мысал, өлең, қандай да бір шығармадан үзінді)оқимын, ал сіздер жай ғана сол оқыған нәрсені ойнап көрсетесіздер. Қазіргі оқылатын шығарманың аты «Айна мен Маймыл». Крыловтың мысалынан алынған. Ахмет Байтұрсынов аудармасы. Үзінді. Алдымен басты кейіпкерлерді белгілеп алу керек. Бұлар: Мәтін оқушы, Маймыл, Маймылдың айнадағы бейнесі және т. б.

Тілек білдірушілер аудитория ортасына шығып, белгіленген рөлдерге сәйкес өз образдарын жасасын(кейілкерлердің мәтінге сәйкес әрекеттеріне байланысты костюм элементтерін алдынала даярлап қою қажет; олар әр түрлі орамалдар, гүлдер және т. б. болуы мүмкін). Сонымен, рөлдер бөлініп берілді, актерлер ойынға әзір, ал онда бастаймыз!

Айнаның қарсы алдына Маймыл барып

Айнада өз суретін көре салып,

Аюға жанындағы күліл айтты,

Ақырын аяғымен түртіп қалып:

«Бері қара!

Бұкім өзі мынау перің?

Білмеймін қайдан шыққан мұндай көрім?

Он екі мүшесінің бірі оңды емес,

Көз салып қарап тұрсам әрбір жерін.

Мен бұған титтей ғана ұқсас болсам,

Ішіме пышақ салып өлер едім.

Ол рас бесеу-алтау бар екені

Кейіпсіз нақ осындай бөлелерім».

«Маймылжан, біраз гана етсең төзім,

Менің бар жалғыз ауыз айтар сөзім:

Әуре бол бөлелерің санағанша,

Абайлап қарашы әуел өзіңе өзің!»

Аюдың бір ақылы айтқан досқа,

Бір журіп, бірге түрған көңіл қосқа,

«Алды жөн адасқанның» деген сөз ғой,

Тыңдаусыз, құр дал ада қалды босқа.

Талқылау

-         Өздеріңізді қалай сезіндіңіздер?

-         Не нәрсені ойнау жеңіл, не нәрсе ауыр болды?

-         Біздің актерлеріміз тапсырманы орындап шыға алды ма?

(Қажет болған жағдайда жаттығуды қайталауға болады, бірақ мүмкін болса, өзге мәтінмен өзге қатысушылар ойнағаны дұрыс).

Қанеки, актерлерімізге қол соғып қояйық! Рахмет!

Жаттығу «Кездескенше» (Барлық қатысушылар шеңбер жасап түрегеп тұрады).

-         Менің қолымда кішкентай ғана сиқырлы күн бар. Ол сіздерге жылу, қуаныш, табыс, бақыт, сүйіспеншілік сыйлайды. Сіздер оны бір-біріңізге бере отырып, тренинг туралы өз әсерлеріңізді, қалай болғандығы жайлы айтып, пікірлеріңізді білдіресіздер, әрине, осымен бірге әріптестеріңіздің атына өз тілектеріңізді жолдайсыздар.

-         Тренинг аяқталды. Бәріңізге көп-көп рахмет айтамыз. Өздеріңізбен бірге жұмыс жүргізу үлкен ғанибет. Біз бүгінгі сабақта алға қойған міндеттерімізді орындадық деп ойлаймын. Сіздерге кәсіби қызметтеріңізде табыс тілеймін! Кездескенше!
































«Айна мен Маймыл»

(Крыловтың мысалынан алынған. Ахмет Байтұрсынов аудармасы. Үзінді)



Айнаның қарсы алдына Маймыл барып

Айнада өз суретін көре салып,

Аюға жанындағы күліл айтты,

Ақырын аяғымен түртіп қалып:

«Бері қара!

Бұкім өзі мынау перің?

Білмеймін қайдан шыққан мұндай көрім?

Он екі мүшесінің бірі оңды емес,

Көз салып қарап тұрсам әрбір жерін.

Мен бұған титтей ғана ұқсас болсам,

Ішіме пышақ салып өлер едім.

Ол рас бесеу-алтау бар екені

Кейіпсіз нақ осындай бөлелерім».

«Маймылжан, біраз гана етсең төзім,

Менің бар жалғыз ауыз айтар сөзім:

Әуре бол бөлелерің санағанша,

Абайлап қарашы әуел өзіңе өзің!»

Аюдың бір ақылы айтқан досқа,

Бір журіп, бірге түрған көңіл қосқа,

«Алды жөн адасқанның» деген сөз ғой,

Тыңдаусыз, құр дал ада қалды босқа.











Әуенді терапия

Мақсаты: Мұғалімнің кәсіби құлшынысын арттыру, жігерлендіріп көңіл – күйін көтеру.

Көрнекілігі: Музыка аппараты, жағымды, баяу әуенді диск. Табиғат бейнеленген суреттер.

Уақыты: 5 минут

Ұйымдастыру кезеңі:

а) Мұғалімді жайлы отырғызып, еркін ыңғайлы сезінуін қадағалау.

ә) Табиғат көріністерін мұқият қарауын өтіну.

б) Әуенді қосар алдында мұғалім көзін жұмуы тиіс.

Кіріспе:

- Көз алдыңызға жаңа көрген табиғат көріністерін елестетіңіз.

- Терең дем алып, әуеннің ырғағына зейін аударып, менің сөздеріме құлақ салыңыз.

- Ал, бастаймыз. (музыка қосылады)

- Соқпақ жолмен жүріп келесіз …

- Жол ұзақ, шаршадыңыз, шөлдедіңіз …

- Кенет алдыңыздан ғажайып бақ көрінді …

- Алма бағы …

- Қып – қызыл алмалар қол созым жерде …

- Сіз үзіп алып жей бастадыңыз …

- Дәмі керемет …

- Жеген сайын жегіңіз келеді …

- Қалтаңыздан дорба алып алмаларды жинай бастадыңыз …

- Күн кешкірді … Қайту керек … Бақтан шығып жолға түстіңіз … Иығыңызда дорба.

- Жүгіңіз ауыр. Жол бітер емес. «Тастап кетсем бе екен?» деген ой келді …

- Сіз дорбаны емес, жалқау ойыңызды тастап кетіңіз …

- Міне, қалашыққа да жеттіңіз … Алдыңыздан қуана секіріп балалар шықты

- Оларға өзіңіз терген алмалардан үлестіре бастадыңыз …

- Алма тергеніңіз мұншама абырой болар ма?

Сізге балалар да, олардың ата – аналары да дән риза …

- Балалардың бақытты күлкісі сіздің де көңіліңізді көкке көтерді! Музыка тоқтатылып, мұғалімдер көзін ашады. Өз әсерлерін бөліседі.








Бой сергіту: «Орын алмасамыз»

Қатысушылар шеңбер жасай орындықта отырады. Жүргізуші ортаға шығып былай дейді:

«Кәнеки, кімде-кімнің...(шашы ұзын болса, көзілдірігі болса) немесе

кімде-кімнің...(ұнамағандарды қуып шыға алатын болса, тігін тіге алатын болса деген секілді жұрттың сыртқы белгілері немесе қабілеттері аталады) бір-біріңмен орын ауыстырыңдар».

«Кәнеки, кімде-кім... (костюм-шалбар киіп отырғандар, алмұртты жақсы көретіндер, гитара тарта алатындар, сағат тағып жүргендер және т.б. орындарын ауыстырсын)

Ойынның шарты түсінікті болғаннан кейін, орындарын ауыстыру жағдайы күрделене түседі.

Мысалы, орындарын ауыстырады ... кімде-кім...

- Өмір бойы бір мекемеде қызмет етіп келе жатырғандар;

- Қазіргі уақытта жаңа бағдарламамен жұмыс жасайтындар;

- Өз жұмыс жақсы көретіндер;

- Бала кезден мұғалім болуды армандағандар;

- Тренингке бірінші рет қатысып отырғандар; және т.б.




Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 27.11.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров91
Номер материала ДБ-395131
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх