Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Школьному психологу / Презентации / "Тренинг" тренинг туралы слайд

"Тренинг" тренинг туралы слайд


  • Школьному психологу

Поделитесь материалом с коллегами:

МЕКТЕПТЕГІ ӘЛЕУМЕТТІК-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ-ӘДІСТ...
Психологиялық қызметтің басты мақсаты - даму мен оқу-тәрбиелеу процесін пс...
Әлеуметтік педагогтың басты мақсаты- әр тұлғаның психо-медико-педагогикалық ж...
Психологтың құқықтары: 1. Оқу-тәрбиелеу процесіндегі барлық субьектілермен жұ...
Әлеуметтік педагогтің құқығы - Сабақтарға қатысып отыруға; - Мектеп әкімшіліг...
Психологтың міндеттері: 1. Жұмыс барысында Қазақстан Республикасы Білім және...
Мектеп психологының жауапкершілігі: 1. Психолог психологиялық диагноздың дұры...
Әлеуметтік педагогтың жауапкершілігі: Әлеуметтік педагог мектеп директорының...
психолог тұлғасы Мақсатқа жету құпиясын ашуға көмектесетін жетекші Жағымды а...
Психологтың этикалық кодексі: 1. Қауіп келтірме! Өз білімдеріңді дұрыс қолдан...
Әлеуметтік педагогтің іс-әрекетіндегі негізгі қағидалары Өзара іс-әрекет - бе...
Оқушыны мектепішілік есепке қоюға арналған есеп картасы Оқушының аты-жөні, сы...
Жүргізілген психодиагностикалық зерттеулердің нәтижесі бойынша қорытынды 1. З...
Тестілеудің нәтижесі бойынша нұсқаулар Тестілеудің нәтижесін есептеу кестесі...
Психологтың кеңес журналының үлгісі № Күні Жүргізу уақыты Кеңес алушы Келген...
Топтық жұмысты есепке алу журналының үлгісі № Қатысушының аты-жөні Тренинг не...
Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, кәмелеттік жасқа толмаған бала...
Қамқоршы алған жәрдемақының 2015 жылдың есебі (үлгі) 1. Қамқоршының аты-жөні:...
Үлгі №---- орта мектеп «___» _________200 __ жыл АКТ Тұрғын үй тұрмыстық жағд...
 Назарларыңызға рахмет!
1 из 22

Описание презентации по отдельным слайдам:

№ слайда 1 МЕКТЕПТЕГІ ӘЛЕУМЕТТІК-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ-ӘДІСТ
Описание слайда:

МЕКТЕПТЕГІ ӘЛЕУМЕТТІК-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК МӘСЕЛЕЛЕРІ

№ слайда 2 Психологиялық қызметтің басты мақсаты - даму мен оқу-тәрбиелеу процесін пс
Описание слайда:

Психологиялық қызметтің басты мақсаты - даму мен оқу-тәрбиелеу процесін психологиялық қамтамасыз ету, яғни білім беру процесіне қатысушылардың денсаулығын қорғау мақсатында, оқыту мен тәрбиелеу процесін ұйымдастыру және жүргізу. Психологиялық қызметтің міндеттері: 1. Білім беру жүйесінің барлық субьектілеріне қажетті психологиялық көмек беру (мұғалімдер, ата-аналар, оқушылар). 2. Баланың жас ерекшелігіне байланысты, әрбір даму сатысында тұлғалық, интеллектуалдық және кәсіби дамуын қамтамасыз ету. 3. Интеллектуалдық және тұлғалық дамудағы ауытқушылықтардың алдын алу және түзету. 4. Оқушылар мен мұғалімдердің шығармашылық мүмкіндіктерін анықтау.

№ слайда 3 Әлеуметтік педагогтың басты мақсаты- әр тұлғаның психо-медико-педагогикалық ж
Описание слайда:

Әлеуметтік педагогтың басты мақсаты- әр тұлғаның психо-медико-педагогикалық жағдайының ерекшелігін, микро ортасын, өмір сүру жағдайын, өмірге қызығушылығын, жеке әлеуметтік жағдайларын зерттеу, анықтау және оқушының тәртібіндегі кездесетін қиыншылықтарын қадағалай отырып, өз уақытысында әлеуметтік көмек көрсету, мүддесін қолдау, құқығын қорғау. Әлеуметтік педагог өз қызметтік мақсатын жүзеге асыру барысында мына міндеттерді атқарады: - Мектепте, отбасында, өмір сүру ортасында, жастар мен балалар қоғамдарында және ұйымдарында баланың тұлғалану үдерісінің дамуына тікелей әсер ету. - Баланың құқықтары мен қызығушылықтарын, түрлі инстанцияларда және мектепте баланың қорғанышы ретінде өзі немесе басқа да мамандарды қатыстыра отырып қорғайды. - Бала тәрбиесінде отбасына әлеуметтік-педагогикалық көмек көрсету. Тұлғалану үдерісіне кері әсерін тигізетін әлеуметтік қатерлі отбасыларын анықтайды. - Қорғаншы мен қамқоршыларды қажет ететін балалар мен жастарды анықтау және есепке алу жұмыстарын жүргізеді. - Мінез-құлқында ауытқу байқалатын балалар мен жастарды дер кезінде анықтау, ассоциалдық мінез-құлықтың алдын алу жұмыстарын (қылмыстың, құқық бұзушылықтың, маскүнемділіктің, таксикоманияның, наркоманияның және т.б. алдын алу). - Салауатты өмір салтын ұйымдастыру мәселелерімен айналысады, оқушылардың ақыл-ой және физикалық дамуына байланысты түзету-оңалдыру әрекетін ұйымдастырады. - Түрлі әлеуметтік топтарда сенімді қарым-қатынасқа түсе алуына көмек көрсету, әлеуметтену үдерісіне (кәсіп таңдауда, жұмысқа тұруда, денсаулығын нығайтуда, бос уақыттарын ұйымдастыруда және т.б.) ықпал ету - Ата-аналарға, педагогтарға, басқа да ұйымдардың қызметкерлеріне әлеуметтік-педагогикалық кеңес берумен айналысады.

№ слайда 4 Психологтың құқықтары: 1. Оқу-тәрбиелеу процесіндегі барлық субьектілермен жұ
Описание слайда:

Психологтың құқықтары: 1. Оқу-тәрбиелеу процесіндегі барлық субьектілермен жұмыстың формасы мен әдісін және белгілі бір кезеңде маңызды деген бағыттарды таңдай алады. 2. Әкімшілікке психологиялық қызметтің іс-әрекетінің нәтижелі, әрі өнімді іс-әрекетіне мүмкіндік беретін ұсыныстарды айта алады. 3. Оқыту - тәрбиелеу процесін ұйымдастыруға байланысты мектеп құжаттарын қарастыра алады. 4. Оқыту-тәрбиелеу процесіне байланысты кеңестерге, жиналыстарға белсенді қатыса алады. 5. Мектепте психологиялық зерттеуді және әдістерді жүргізеді, түзетеді. 6. Психолог өзінің біліктілігін арттыру және тәжірибе алмасу мақсатында әртүрлі конференцияларға, семинарларға қатыса алады; психологиялық орталықтармен ассоциациялармен, практик-психологтармен, сонымен қатар оқу орындарындағы психология кафедраларымен іскер байланыс жасай алады. 7. Арнайы дайындығы жоқ адамдарға, психодиагностикалық және психокоррекциялық жұмыстарды жүргізуіне тыйым сала алады. 8. Әкімшіліктің тапсырысы этикалық принциптерге, жұмыстың мақсаты мен міндеттеріне сәйкес келмеген жағдайда, орындаудан бас тарта алады.

№ слайда 5 Әлеуметтік педагогтің құқығы - Сабақтарға қатысып отыруға; - Мектеп әкімшіліг
Описание слайда:

Әлеуметтік педагогтің құқығы - Сабақтарға қатысып отыруға; - Мектеп әкімшілігінің, медициналық, педагогикалық қызметкерлерінің, балалар құқығымен денсаулығын қорғау қоғамдық ұйымдарының алдына көкейкесті мәселелерді қоюға; - Медициналық әлеуметтік мәселелер бойынша білім мекемелерінің эксперттік шешімдеріне араласуына; - Отбасы мүшелерінің мектеп пен отбасындағы кепілдігін анықтау мәселесін (даулы жағдайда) қоюға; - Қажетті кезде тиісті органдарға ата-ана құқынан айыру мәселесін ұсынуға, балалар мүддесін сотта қорғауға; - Өз еркімен мектеп тарапынан басқа да білім беру, спорт, денсаулық сақтау, мәдениет, құқық, тәртіп сақтау, әлеуметтік қорғаныш, психологиялық қызмет көрсету ұйымдарымен, балалар мен жастар қоғамдарымен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, жергілікті басқару органдарымен бірлестікте жұмыс атқаруға; - Өз кәсіби деңгейін жетілдіруге; - Әлеуметтік тәрбиеге қатысты жергілікті бағдарламаларды жоспарлауға, құруға және жүзеге асыруға, басшылық жасау үшін қатысуға; - Өз әрекетін жүзеге асыруда әдіс-тәсілдерді, құралдарды өз еркімен таңдауға; - Өз әрекетіне қатысты негізсіз араласулардан қорғануға; - Мектептің өзін-өзі басқару ұйымдарын сайлауға және сайлануға; - Өз міндетін атқаруда мектеп педагогтары мен оқушыларына шектен шықпайтын нұсқаулар беруге; - Кәсіпұйым мүшелерімен бірлестікте мектеп әкімшілігі қабылдаған білім беру ұйымының субъектілерінің құқықтары, денсаулықтары, әрекет жағдайлары мен оларды қорғауға қатысты локальді құқықтық актілердің дұрыс құрылуын анықтауға қатысуға құқылы.

№ слайда 6 Психологтың міндеттері: 1. Жұмыс барысында Қазақстан Республикасы Білім және
Описание слайда:

Психологтың міндеттері: 1. Жұмыс барысында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен нормативтік актілерге, құжаттарға, бұйрықтарға негізделуі керек. 2. Психология ғылымының кейінгі жетістіктерімен таныс болып, өз іс-әрекетінде тек ғылыми негізделген әдістерді қолдануы керек. 3.  Психологтың этикалық кодексін білуі керек және жұмыс барысында негізге алуы керек. 4. Мектептегі құжаттарға психологиялық талдау жасауы керек (тәрбиелеу жоспарлары, оқыту бағдарламалары, педагогикалық кеңестің шешімдері және т.б.). 5. Әртүрлі деңгейдегі мектеп ұжымындағы тұлғааралық  қатынастарға өз бақылауында ұстап, талдап, қажетті кезде түзету керек (мұғалім-әкімшілік, мұғалім-мұғалім, мұғалім-оқушы, оқушы-оқушы). 6. Психологиялық құжаттарды ерікті формада жүйелі түрде жүргізіп сақтауы керек (диск, магнитофондық жазбалар және т.б.). 7. Диагностикалық жұмыстың негізінде алынған мәліметтерді ешкімге жарияламауы керек. 8. Білім алушыларға ақпараттық қоғамның жылдам дамуында олардың табысты әлеуметтенуіне психологиялық тұрғыдан жәрдем көрсету 9. Білім алушылардың тұлғалық және зияткерлік дамуына ықпал ету, өзін-өзі тәрбиелеу және өзін-өзі дамыту қабілетін қалыптастыру; 10. Психологиялық қиыншылықтар мен білім алушылардың проблемаларын шешу бойынша психологиялық түзету жұмыстарын жүзеге асыру; 11. Білім беру үдерісі субъектілерінің психологиялық-педагогикалық құзыреттілігін көтеру.

№ слайда 7 Мектеп психологының жауапкершілігі: 1. Психолог психологиялық диагноздың дұры
Описание слайда:

Мектеп психологының жауапкершілігі: 1. Психолог психологиялық диагноздың дұрыс қойылуына, қолданылатын диагностикалық және коррекциялық әдістердің нақтылығына және берілетін ұсыныстардың ғылыми негізділігіне жауапты. 2. Психолог жүргізілген психологиялық зерттеу және тексеру жұмыстарының хаттамаларының сақталуына және құжаттарды жүргізуге жауапты.

№ слайда 8 Әлеуметтік педагогтың жауапкершілігі: Әлеуметтік педагог мектеп директорының
Описание слайда:

Әлеуметтік педагогтың жауапкершілігі: Әлеуметтік педагог мектеп директорының алдында тәртіптік жауапкершілікке тартылады: жоғарыдағы көрсетілген міндеттерді дұрыс атқармаған жағдайда; мектеп Жарғысын және еңбек тәртібін бұзған жағдайда; қолданысқа берілген мектеп мүліктерін, құралдарын, жабдықтарын және тағы басқа материалдар мен құнды заттарды дұрыс сақтай білуі.

№ слайда 9 психолог тұлғасы Мақсатқа жету құпиясын ашуға көмектесетін жетекші Жағымды а
Описание слайда:

психолог тұлғасы Мақсатқа жету құпиясын ашуға көмектесетін жетекші Жағымды ахуал орнатар іскер Сезімтал төзімді байыпты тыңдай білетін Баланың қабілетін ашып, дамытуға қамқор Болашағына сеніп мүмкіндігіне арттыру жолын білетін қолдаушы Алға ұмтылдыратын жатықтыру Жанашыр үлгі өнеге болар тұлға Балаларға ата-аналарға мәселені бірлесіп шешуге көмектесетін серіктес Орта және кәсіп

№ слайда 10
Описание слайда:

№ слайда 11
Описание слайда:

№ слайда 12 Психологтың этикалық кодексі: 1. Қауіп келтірме! Өз білімдеріңді дұрыс қолдан
Описание слайда:

Психологтың этикалық кодексі: 1. Қауіп келтірме! Өз білімдеріңді дұрыс қолдана біл. 2. Бағалама! Жағымсыз бағалауларыңды дауыстап айтпа. 3. Адамды сол қалпында қабылдай біл. Психолог алдына келген клиентті түсіне білуге міндетті. 4. Кәсіби құпияны сақтау. Оқушылар, мұғалімдер және ата-аналар жайлы ақпараттарды жариялауға қатаң түрде тыйым салынады. 5. Оқушылар мен қызметкерлер бар жерде, жұмыстағы әріптестеріңмен араларыңдағы түсініксіз мәселелерді шешпе. 6. Компетентті бол! Техникалар мен әдістерді жетік білмесең, қолданба. 7. Клиентпен қарым-қатынаста дистанцияны ұстана біл. 8. Клиенттің өз іс-әрекеті мен өміріне деген жауапкершілік құқығынан айырма. 9. Клиентті қате ақпараттандырма! Себебі клиент дұрыс емес шешім қабылдауы мүмкін. 10. Клиенттің әртүрлі психологиялық шараларға қатысуындағы еріктілік принципін ұстан! 11. Өзіңді тұлға және маман ретінде сыйлай біл!

№ слайда 13 Әлеуметтік педагогтің іс-әрекетіндегі негізгі қағидалары Өзара іс-әрекет - бе
Описание слайда:

Әлеуметтік педагогтің іс-әрекетіндегі негізгі қағидалары Өзара іс-әрекет - бекітілген қағидасы: - шиеленісті оқиғалар мен туындаған мәселелер кезінде оны әріптестердің арасында бағытталған мақсат бойынша шешуге ықпал етеді; - білім мекемелерінде педагогикалық ортаны қалыптастырады; - барлық әлеуметтік институттарды өзара «іс-әрекетте байланысты орнатады, оқушылардың әлеуметтенуіндегі бірқатар сұрақтар шешуге көмектеседі. Жеке тұлғаға ықпал етуге арналған – негізделген қағидасы: - жеке тұлғаға гуманистік тұрғыдан қатынас жасау; - мұғалім секілді, оқушының да бостандығы мен құқығына құрметпен қарау; - тұлғаның әлеуметтенуі мен өзін-өзі дамытуына нұсқау беру, әсер ету; - оның шығармашылығының кеңеюіне көмектесу. Жеке тұлғаны қабылдау және оң түйсікті - сезінуші қағидасы: - баланы да үлкенді де сол қалпында қабылдау; - әрбір тұлғаның қасиеттерінің жоғарылығын бақылау; - тұлғаның мүмкіндіктері мен қабілетіне оптимистік тұрғыдан сенім білдіру; Ұқыптылық - сақтық қағидасы: - қарым-қатынаста ашық қатынас орнату; - алған ақпаратқа үмітпен және сенімді болу; - ата-ананың мұғалімдердің, оқушылар мен әлеуметтік педагог арасындағы кәсіпшілік құпияларды сақтау.

№ слайда 14 Оқушыны мектепішілік есепке қоюға арналған есеп картасы Оқушының аты-жөні, сы
Описание слайда:

Оқушыны мектепішілік есепке қоюға арналған есеп картасы Оқушының аты-жөні, сыныбы ______________________________________ Туған жылы, айы, күні _____________________________________________ Мекен-жайы, телефоны __________________________________________ Ата- аналары туралы мәлімет   Деректер Анасы Әкесі Ата–анасының аты–жөні     Жұмыс орны     Қызметі     Байланыстелефоны    

№ слайда 15 Жүргізілген психодиагностикалық зерттеулердің нәтижесі бойынша қорытынды 1. З
Описание слайда:

Жүргізілген психодиагностикалық зерттеулердің нәтижесі бойынша қорытынды 1. Зерттеу жүргізудің себебі; 2. Зерттеуге жоспар құру, болжам жасау, психологиялық зерттеудің әдістемелерін таңдауға негіздеу (әдістемелерді жасағандардың аты көрсетіледі); 3. Диагносттың аты-жөні, лауазымы, жұмыс орны, жұмыс телефоны; 4. Зерттеуді жүргізу уақыты; 5. Кесте бойынша әдістемені сипаттау: -  мектептің аты; -  тесттің авторы, атауы; -  зерттелетін жұмыс; -  нәтижеге әсер ететін факторлар. 6.  Бағалау шкалаларының аттары: мысалы, вербальды емес интеллект, мағлұматтылығы, жалпы баға, есте сақтаудың көлемі және т.с.с. 7.  Зерттеудің нәтижелері: -  сандық мәліметтер, жеке немесе барлық оқушыларға кесте ретінде; -   мәліметтердің жалпылама интерпретациясы, сандық талдау мен қорытынды сөзбен толықтырып жазу.

№ слайда 16 Тестілеудің нәтижесі бойынша нұсқаулар Тестілеудің нәтижесін есептеу кестесі
Описание слайда:

Тестілеудің нәтижесі бойынша нұсқаулар Тестілеудің нәтижесін есептеу кестесі Күні Жүргізушінің аты-жөні Қорытынды пікір Қолы   № Тестіденөтушінің аты-жөні Диагностикалық тапсырманыорындаунәтижесі Қорытынды        

№ слайда 17 Психологтың кеңес журналының үлгісі № Күні Жүргізу уақыты Кеңес алушы Келген
Описание слайда:

Психологтың кеңес журналының үлгісі № Күні Жүргізу уақыты Кеңес алушы Келген себебі Мәселесі Кеңестің нәтижесі Кеңесші   жасы жынысы аты   1 2 3а 3ә 3б 4 5 6 7                    

№ слайда 18 Топтық жұмысты есепке алу журналының үлгісі № Қатысушының аты-жөні Тренинг не
Описание слайда:

Топтық жұмысты есепке алу журналының үлгісі № Қатысушының аты-жөні Тренинг не сабақ тақырыбы Кездесу күні Қатысқанын белгілеу   Жүргізуші   Ескерту 1              

№ слайда 19 Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, кәмелеттік жасқа толмаған бала
Описание слайда:

Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, кәмелеттік жасқа толмаған балаларды есепке алу журналы № Оқушы-ның аты-жөні Туған күні, айы, жылы Сы- ны- бы Мәр-тебесі Бекі-тілген үйі Ата-анасы туралы мәлімет Қамқор-шысы туралы мәлімет Қамқор-шысының жеке куәлік, РНН, халық банкінен есеп шоты, қаулы № Мекен жайы Мектепке қашан келді, бұйрық № Мек-тептен қашан кетті? бұйрық №

№ слайда 20 Қамқоршы алған жәрдемақының 2015 жылдың есебі (үлгі) 1. Қамқоршының аты-жөні:
Описание слайда:

Қамқоршы алған жәрдемақының 2015 жылдың есебі (үлгі) 1. Қамқоршының аты-жөні:__________________________________________ 2. Оқушының аты-жөні: _____________________________________________ 3. Сыныбы: __________________ 4. Жәрдемақы мөлшері: _____________________________________________ Жәрдемақының жұмсалуы 5. Мүлкінің бар немесе жоқ болуы_________________________________ 6. Мүлкінің сақталуы_____________________________________________ Алыған күні: ____________________ Әлеуметтік педагог қолы (аты - жөні) Айы Жәрдем-ақының мөлшері Киім-кешек Азық-түлік Жол қара-жаты Қолы Қамқоршы Оқушы Қаңтар Ақпан Наурыз Сәуір Мамыр Маусым Шілде Тамыз Қыркүйек Қазан Қараша Желтоқсан

№ слайда 21 Үлгі №---- орта мектеп «___» _________200 __ жыл АКТ Тұрғын үй тұрмыстық жағд
Описание слайда:

Үлгі №---- орта мектеп «___» _________200 __ жыл АКТ Тұрғын үй тұрмыстық жағдайын тексеру_______ ____________ 200 __ жыл________ сынып оқушысы ________________тұрғылықты мекен жайы: _________________________________________________ Біз төмендегі комиссия мүшелері: Сынып жетекшісі: ________________________________________________ Әлеуметтік педагог: ______________________________________________ Педагог-психолог: ____________________________________________ Оқушы _________________ пәтерінде куә болған жағдай __________________________________________________________________________________________________________________________ Қол қоюшылар: Комиссия мүшелерінің аты-жөні, қол қойылады.

№ слайда 22  Назарларыңызға рахмет!
Описание слайда:

Назарларыңызға рахмет!


Автор
Дата добавления 04.03.2016
Раздел Школьному психологу
Подраздел Презентации
Просмотров719
Номер материала ДВ-503392
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх