Инфоурок Школьному психологу Другие методич. материалыТренинг "Жылы жүрек-жақсы қасиет"

Тренинг "Жылы жүрек-жақсы қасиет"

Скачать материал

Тақырыбы: Жылы жүрек – жақсы қасиет

Мақсаты: Оқушыларды қайырымдылыққа, адамгершілікке, мейірімділікке, достыққа, 

                  адалдыққа, бауырмалдыққа тәрбиелеу.

Міндеттері: Оқушыларға жақсылық туралы ұғым беру; мейірімді, ықыласты, болуға

                     тәрбиелеу.

Көрнекілігі: дәйексөз жазылған плакат, жағдаятты үлестірмелер, музыка.

Барысы:

     Оқушыларды шеңбер бойымен жинап, оқушыларда жағымды көңіл-күй, жақсы ниет қалыптастыру үшін барлығы бір-біріне жақсы ниет тілеп, жылы сөздер айтады. Сәлеметсің бе? Мен сені көргеніме қуаныштымын. Мен саған тілеймін.

І.Топқа бөлу.

Балалар қазір мен әртүрлі, қызыл, сары, түсті гүлдерді сіздердің орталарыңызға қоямын. Әркім өз қалауымен ұнатқан гүлдерін алып, сол түстер бойынша топқа бөлінесіздер. Яғни қызыл гүлдер бір топ, сары гүлдер келесі топ.

(Түстерге анықтама беру)

Таңдаған түстеріңіз бойынша өздеріңіздің қандай екендеріңізді анықтай аласыздар.

Қызыл гүлдер: Бұл түс батырлардың, жеңімпаздардың түсі. Сіз өмір бойы елдің алды болуға, ұмтылып келесіз. Сондықтан да болар өте батыл, ойыңызды ашық айтуға талпынасыз.

Сары гүлдер: Бұл гүлді таңдағандар қиялшыл. Көңілді, өмірді сүйетін адамдардың түсі. Сіз сары түсті жақсы көрсеңіз, онда ешкімге қарсы келе бермейтін, көнбіс адамсыз. Сары түс парасаттылықты, тәртіптілікті білдіреді.

ІІ.Кіріспе сөз.

Жақсы адам өзінен бұрын басқа адамдардың жанын түсініп, оларға қол ұшын беруге, қамқор болуға, өзінің жылы жүрегімен көмек беруге әзір тұрады. Ізеттілік өзгелерді сыйлай білу, кішіпейілділік болып табылады. Әр уақытта сыпайы, мәдениетті болу да – ізеттілік болып табылады. Жақсы қасиетімен, ізеттілігімен өзгелерге де сыйлы болады.

ІІІ.Рухани құндылықтар.

  Психолог: Мен сіздерге «Рухани құндылықтар сандықшасы» ойынын ойнауды ұсынамын. Мен сандықшада жасырынып тұрған сөздерді көрсетемін. Сіздер олардың ішінен «Рухани құндылықтарды» бейнелейтін сөздерді таңдап аласыздар.

Мысалы: достық, терезе, махаббат, сыйластық, адалдық т.б. 

    Бала жаны жайқалған гүлге ұқсайды. Сіздер өскен сайын, сіздің жаныңыз да ер жетеді. Жан дүниелеріңіз махаббат пен мейірімділікке, қайырымдылық пен ілтипатқа толады. Мұның бәрі рухани құндылықтар.  Яғни адамгершілік, қайырымдылық, сыйластық, адалдық т.б барлық жақсы қасиеттер осы жүрек жылуынан туындайды.

    

Көрініс: «Адал дос»

Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні келтеде, бір сұлу қыз болыпты. Өзі сымбатты, мықты екен, аты – Батыр. Бір күні алай-дүлей жел тұрып, жаңбыр жауыпты. Елдің есі шығып жатқан мезгілде, ауыл ішіне адасып жалмауыз кемпір келіпті. Жалғыз отырған айдай сұлу Айсұлуды әрі іздеп, бері іздеп таба алмайды. Сұрастыра келе Айсұлуды жалмауыз кемпір ұрлап алып кеткенін біліпті.

   Балалар, Батырды сонау алыс орманға қалай өзін жібермекпіз? Біз де оған көмектесіп, достығымызды көрсетіп жолға бірге шықсақ қалай қарайсыңдар? Қане, кім Батырға қол ұшын беріп, достықтарының берік екенін көрсетіп бірге бармақшы.

Психолог: Жолда ұзақ жүреміз. Сондықтан жолға шығар алдында денемізді сергітіп алайық.

Жүргізу шарты:

Балалар бір-бірінің арқасына қарап, бұрылып отырып дайындалады.

Аспанға жарқырап күн шықты. (балалар саусағымен бір-бірінің арқасына салады. Біраздан соң бұлт торлап, күннің бетін жапты. Арқаларына бұлтты саусақ қимылымен салады.)

Алай-дүлей жел соқты. (Бес саусақты бері жылжыту арқылы жасайды.)

Енді жаңбыр басталды. (Саусақ ұшымен жаңбырша қимылдатады.)

Жарайсыңдар балалар, денеміз қуат алып, бойымызға күш тарап, жолға дайын болдық.

Балалар енді жолға шығайық. (Судың дыбысы қосылады)

Балалар, бұл ненің дыбысы?

-          Өзен

-          Жарайсыңдар балалар, жолымызда ағып жатқан өзен бар екен. Кәне өзенмен амандасып, жол көрсетуді сұрайық.

Өзен: Сәлем балалар, сендер жақсы жолдас екенсіңдер. Қорықпай достарыңды іздеуге жолға шығыпсыздар. Олай болса маған да көмек көрсетіңдерші. Мен осы жерде ағып жатып әдептілік дегенді ұмытып қалыппын. Менің есіме түсіріңдерші.

1.      Сыйлап үлкен кісіні, қамқорлыққа ал кішіні.

2.      Иманды болу, әдептіліктен басталады.

3.      Ақылды бала күнің, ақылсыз бала сорың.

Өзен: Жарайсыңдар балалар, сендерге рахмет. Сендер кішіпейіл, адамгершілігі мол достар екенсіңдер, - деп жолды көрсетіп жібереді.

Келе жатып тағы бір дыбысқа көңілдері ауады. (Күннің күркіреуі)

Балалар бұл ненің дыбысы?

«Жаңбырдың дыбысы» - деп оны табады. Келесі суретті оң қаратып, жаңбырдың суретін көреміз. Балалар жаңбырмен амандасады, келген жайды айтып, жол сұрайды.

Жаңбыр: Балалар сендер ержүрек екенсіңдер, қорықпай келіпсіңдер. Олай болса, маған қайырымдылық, кішіпейілділік, имандылық туралы мақал-мәтел айтып беріңдерші.

 

Балалар мақал-мәтел айтып береді.

Балалар жаңбырмен де қоштасады да, әрі қарай жүретін жолын таңдап алады.

Жолда тағы да дыбыс естіледі. ( Ормандағы құстардың дауысы, ағаштардың сыбдыры) «Орман» деп жауаптарын айтады. Келесі суретті оңға қаратып орман екенін көреді.

Орманмен амандасып, одан жалмауыз кемпірдің үйіне жол көрсетуін сұрайды.

Орман: Ондай болса, сендер маған «жақсылық,рухани» - дегеніміз не екенін түсіндіріңдерші.

Балалар «жақсылық, руханилылық» туралы айтып беріп, орманнан әрі қарай жолды сұрап, әрі қарай жүре түседі.

Жолда келе жатып балалар Айсұлудың өлең айтқан дауысын естиді.

Мұғалім: -«Балалар, бұл кімнің дауысы» - дейді. Соңғы кедергі суретті ашып, онда орман ішіндегі жалмауыз кемпірдің үйін көрсетеді. Балалар үйге жақындағанда, үйден жалмауыз кемпір шығып:

Кемпір: Балалар, сендер адал достар екенсіңдер, сонша жол жүріп, адаспай кездескен кейіпкерлерге де көмектесіп, білім үйретіпсіңдер, достарыңа көмек ұшын бергелі отырсыңдар. Енді менің көңілімді көтеріп маған ән айтып беріп достарынды құтқарып алыңдар.

Айсұлуды ертіп, жалмауызбен қош айтысады.

Мұғалім: Рақмет сендерге балалар, сендер Батырға және Айсұлуға көп көмек көрсеттіңдер. Достықтарыңның адал екенін дәлелдеп бердіңдер.

Психолог: Жағдаятты талдау:

Балалар, мына  жағдаятты қалай түсінеді екенсіңдер, маған жауап беріңдерші.

1-жағдаят: «Сен мысықтың бейшара баласын тауып алдың. Бірақ ата-анаң оны үйге әкелеуге қарсы. Бұл мәселені қалай шешесің?»

2-жағдаят: «Кезінде сені қатты ренжітіп, өкпелеткен адам саған мейірімділік көрсетті. Оның бұл қылығына қалай жауап қайтарасың?»

3-жағдаят: «Үйге қонақ келіп қалды. Анаң «тез барып кел», деп дүкенге жұмсады.

Кезекті ұзақ күттің. Сенің алдыңдағы қарт адам қолдары дірілдеп, алақанындағы тиынын санап бола алмай жатыр. Сенің әрекетің қандай болмақ?»

Ән: «Бақытты балалық шақ»

Қорытынды:

«Кешірім» жаттығуы.

Жүргізілуі: Ортаға қағаздан қиылған екі парақ қойылады. Біреуі ақ және біреуі қызыл. Қызыл параққа оқушы тұрып, өзінің отбасын немесе жақын адамын ренжіткен кезін есіне түсіріп айтады да, ақ параққа тұрып кешірім сұрайды.

«Жақсы адам көңілі - күн»

Жақсы адам көңілі – күн,

Жанға сәуле түсірген.

Нашар адам көңілі – түн,

Кеудеден отты өшірген.  

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тренинг "Жылы жүрек-жақсы қасиет""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель клубного филиала

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 772 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 23.01.2016 1844
    • DOCX 19.1 кбайт
    • 14 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сапарова Гаухар Багитовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Сапарова Гаухар Багитовна
    Сапарова Гаухар Багитовна
    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 15009
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Когнитивно-поведенческая терапия детей и подростков

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 316 человек из 63 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 199 человек

Курс повышения квалификации

Школьные проблемы и способы их преодоления на разных возрастных этапах

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 226 человек

Курс профессиональной переподготовки

Кризисная психология: актуальные вопросы и новые методы работы

Кризисный психолог

300/600 ч.

от 6500 руб. от 3900 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 289 человек из 63 регионов
  • Этот курс уже прошли 401 человек

Мини-курс

Нейропсихология в школе: путь к успеху и благополучию детей

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 78 человек из 32 регионов
  • Этот курс уже прошли 54 человека

Мини-курс

Основы политической науки

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Методика образовательных игр с детьми раннего возраста

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 35 человек